Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011



Pdf көрінісі
бет24/44
Дата08.01.2017
өлшемі3,67 Mb.
#1421
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Кенжетаев Д.Т., Назбекова С.Т. Фараби дүниетанымында дін және тәңір мәселесі 
 
 
уахи  жолымен  нәсібін  алады.  Адам  ахлақи  тұрғыдан  жетілу  арқылы,  Аллаға 
жақындайды,  жоғарылайды.  Осылайша  ең  жоғарғы  рухани  шаттыққа  кенеледі. 
Ең жоғарғы рухани шаттыққа тек «қасиетті рух» қана жетеді.  
Адам  рухы  тәннен  айрылғаннан  кейін,  яғни  өлімнен  кейін,  абстрактілі 
болмыстарға тән бақытқа кенеледі және мұндай бақыт ең кемелді әрі парасатты 
рухқа  тән  болады.  Рух  метафизикалық  әлемге  тән  болғандықтан  ол  формадан 
жаратылмаған.  Ол  тәнмен  бірге  жаратылып,  тән  өлген  соң  да  тіршілігін 
жалғастырады. Әл-Фараби «физикалық өлімнен кейін жан бақыт пен азап сияқты 
халдерге ие болады дейді. Бұл жерде әрбір жанның халі әртүрлі болады. Яғни әр 
жан өзіне лайықты халіне қауышады [1.22]. Фарабидің рух туралы көзқарасы ой 
еңбек  құлшылықтарына  қарай  әртүрлі  деп  түсіндіріледі.  Аллаһ  барлық  нәрсені 
қамтиды.  Оның  бүкіл  болмыспен  байланысы  бар.  Бар  нәрсе  оның  үкімі  мен 
қалауы арқылы болады. Жақсы мен жаман одан келеді. Мұнымен қоса ол рухтың 
бір  тәннен  екінші  бір  тәнге  ауыса  алмайтындығын  айтады.  Тәннен  кейін  де 
жанның болатындығына қосылады. 
Кейбір  кәламшылар  бойынша,  адамдық  рух  абстрактілі  түрге  жатады. 
Философтардың  айтқанындай  сурет  түрінде  болады.  Ол  тәнмен  және  жанмен 
байланысты  нәрсе  емес.  Тәнде  болмағандай  анық  бір  жерде  көрінбейді.  Ал 
ишракилер рухты не тәнге біріккен, не болмаса одан бөлек деп түсіндіреді.  
Ал  кейбір  кәламшылар  рухты  алғашқы  және  материалдық  тұрғыдан 
түсіндірген. Бұлардың  ойынша,  адам  рухы  гүл  иісінің  гүлге  жайылғаны  сияқты 
денеге жайылып, керемет бір түрдің бейнесін береді дейді. Жалпы рухты денеден 
бөлек жауһар деп қабылдаған кәламшылар бойынша рух өлмейді. Дененің өлімі 
тек рухтың функциясын ғана өзгертеді деп көрсеткен. 
Әл-Фараби негізінен дін мен философияны байланыстырушы ойшыл болып 
саналады.  Ол  философтар  мен  пайғамбарлардың  мақсаттарының  бір  екендігін 
айтады.  Пайғамбарлар  уахимен  байланысады.  Яғни  Алланың  ақылымен 
байланыс  құрады.  Ұлы  Алла  белсенді  санамен  уахиді  жібереді.  Хакимдер  мен 
философтар  әдебиеттер  арқылы  білім  үйренетін  болса,  ал  пайғамбарларға  қиял 
күші арқылы (уахи Алладан) бұйрық алу мүмкіндігі берілген. Екеуінің де негізгі 
құралы  –  белсенді  сана.  Әл-Фараби,  Ибн  Сина,  ал-Кинди,  ал-Матуриди,  Ибн 
Араби сияқты ислам философтары хикметке Тәңірді, әлемді, адамды, болмысты, 
жаратылысты,  заттың  мәнін,  пайғамбарлықтың  (нубууат)  сырын  білу,  Тәңір 
туралы ойлау (мағрифатуллах), терең ойлану (тафаккур) деген анықтама береді. 
Өйткені  оның  негізгі  әдісі,  жалпы  болмысты  тұтастық  тұрғысынан  қарастыру 
болғандықтан, негізгі исламдық платформаға басқа дүниетанымдық пікірлер мен 
жүйелерді  үйлестіру  үшін  көбінесе  еркін  комментарий  әдісін,  яғни  бүгінгі 
герменевтикалық  әдістен  де  терең  әрі  кең  “тауил”  әдісін  қолданады.  Фараби 
адамдардың  шындыққа  жетуі  әртүрлі  жолмен  жүзеге  асады  дейді. 
Пайғамбарларға  Алла  Тағала  тарапынан  баяндау  жолымен  періштелер  жетеді. 
Пайғамбарлар  ең  жоғарғы  бақытқа жеткен  адамдар,  ал  философтар  болса,  ақыл 
мен білімі арқылы даналыққа ұмтылады.
 
Пайғамбарлар ең жақсы, дұрыс етіп
  
 

190 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Кенжетаев Д.Т., Назбекова С.Т. Фараби дүниетанымында дін және тәңір мәселесі 
 
 
қалай түсіндірсе, философтар ақыл және мінез-құлықпен мұны зерттеп, анықтап 
солай түсіндіре алады. 
Әл-Фараби  іліміндегі  “сана”  (ақыл),  “планета”  (фалак)  және  сол  сияқты 
терминдер  көне  Грек  философиясынан  алынғанымен,  оларды  ислам 
терминологиясындағы  “сама”  (көк),  “рух”  (жан),  “малак”  (періште)  және  т.б. 
сияқты 
ұғымдарды 
білдіруде 
қолданған. 
Әл-Фараби 
болмыстардың 
онтологиялық  қатарында  Тәңірден  кейін  орын  алған  “ақылдарды”,  яғни  рухани 
болмыс  болып  табылатын  саналық  дәрежелерді  періштелер  (малак)  ретінде 
ұсынып отыр. Мысалы “фаал ақыл” (белсенді сана), “рух-ул-амин” (сенімді жан), 
“рух-ул-қудс” (қасиетті жан немесе рух) немесе “жәбірейіл” (періште) ұғымдары 
секілді толығымен исламдық діни терминдерді қолданады. Бұл жерде әл-Фараби 
өзінің философиялық жүйесін қалыптастыруда ислам дүниетанымынан басқа да 
ойлау жүйелерін пайдаланса да, ақырғы нәтижеде оның көзқарасында исламдық 
діни  центризмнің  басым  болғандығын  көруге  болады.  Мысалы,  әл-Фараби 
философияны оқымай тұрып, діннің бүкіл қыр-сырын меңгеруді шарт деп біледі. 
Осы тұрғыдан алғанда Ясауи де өзінің “Мират-ул қулуб”(Көңілдің айнасы) атты 
рисаласында: “кім де кім шариғатты, яғни, діни қағидалар жүйесін білмей тұрып, 
тариқатқа  қадам  басса,  жаңылыс  жол  таңдағаны”  деп,  Фарабимен  үндес  пікір 
айтады.  Бұл  жерде  екі  түрік  данасының  дүниетанымдық  тұғырларының  Құран 
мен исламдық мәдениет екендігін көруімізге болады.  
872-950  жылдар  аралығында  өмір  сүрген  әл-Фарабидің  этикалық 
көзқарастарына үңілсек, оның Орта Азия мен Таяу Шығысқа рухани мәдениетіне 
үлесі мол болды. Фарабидің өзінен тек қана Орта Азия ғана емес, Батыс елдері де 
әсер  алған.  Еңбектері  шет  тілдерінде  жарияланған.  Фараби  қоғамтануды, 
жаратылыстануды,  яғни  математика,  философия,  медицина,  поэзия,  саясат, 
филология  және  этика  ілімдерін  кеңінен  меңгерген.  Шығыста  муаллим  сани 
деген  атаққа  ие  болған  [2.5-44].  Фарабидің  көзқарасы  бойынша  адамдар  үнемі 
қарым-қатынаста болуы керек. Сонда ғана қоғамда бірлік, тірлік болатындығын 
айтқан. Адамдардың ынталылығын, құштарлылығын тек қоғам ғана шеше алады. 
Адам  қоғамнан  керектісін  алады.  Сол  үшін  адамдар  бір  жерге  шоғырланған. 
Жақсы  мінез-құлық  пен  ақыл  күші  болып,  екеуі  біріккенде  бұлар  адами 
қасиеттер болып табылады.  
Қазақтың  «кемел  адам»,  «шынайы  адам»  ұғымдары  сонау  әл-Фарабидің 
«Қайырымды  қала  тұрғындары»  трактатынан,  Жүсіп  Баласағұнның  «Құтты 
білік»  еңбектерінен  бастау  алды.  Онда  да  ел  билеушінің,  рухани  көсемнің 
бойынан  табылуы  керек  болған  жақсы  мінездер  мен  қасиеттер  насихатталады. 
Бұл  шығармалардағы  үгіт-насихат  ел  билеушілерінің  дінге  жақын  болуына, 
ислам  құндылықтарын  терең  ұғынуына  септігін  тигізгені  анық.  Өйткені  бұндай 
шығармалар  тек  түріктерде  ғана  емес,  жалпы  шығыс  әлемінде  хандар  мен 
сұлтандарға, билер мен уәзірлерге әдейі арнап жазылатын. 
Әл-Фараби  ислам  дінінің  философиясын  терең  меңгерген  ғалым 
болғандықтан,  Құранға  және  діни  жазбаларға  сүйене  отырып,  он  сегіз  мың 
ғаламның бір  ғана  нұрдың  жарылуынан
 
пайда болғанын дәлелдейді. Қазіргі
  

191 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Кенжетаев Д.Т., Назбекова С.Т. Фараби дүниетанымында дін және тәңір мәселесі 
 
 
жаратылыстану ғылымдарында да дәлелденгені: «Бүкіл дүние ғаламы алғашқыда 
бір  ғана  кішкене  орында  болған  тығыз  қызу  заттың  атылысынан,  кеңеюінен 
тараған» [3.14].  
Әл-Фараби  шығармашылығын  ислам  дінінде  әлемдік  көзқарас  призмасы 
арқылы  жаңаша  оқу  мүмкіндігі  туып  отыр.  Оны  материалистік  және  атеистік 
тұрғыдан  таныстыру  керек  емес  және  де  оны  ақыл,  ғылым  және  философия  –
жаратушыға  жеткізетін  бірден  бір  жол  екенін  жариялауға  болады.  Әл-Фараби 
шығармашылығынан толерантты және демократиялық Ислам діні философияның 
дамуы мен өркендеуіне жан-жақты қолдау көрсеткенін көруге болады. Көптеген 
евроцентристік  бағыттағы  еңбектер  мен  мәліметтерден  ортағасырдағы  ислам 
философтарының  грек  мұрасын  ортағасырлық  еуропалықтарға  басымдылықпен 
бергендігін көруге болады.  
Фараби  философиясының  ең  маңызды  бөлігін  оның  метафизикаға  қатысты 
көзқарастары  құрайды.  Өйткені  бұл  көзқарастары  кәламға  және  сопылыққа 
қатысты  көзқарастар  болып  табылады. Шындықтың ең  ұшар  төбесінде  міндетті 
болмыс (уажибул ужуд) болып табылатын Алла Тағала бар. Алла - Бір және Ол 
барлық нәрсе, барлық болмыстың негізі де Өзі. Ол басқа болмыстан пайда болған 
жоқ.  Сол  себепті  Фарабидің  пікірінше,  бір  болмыс  я  мүмкін,  яки  міндетті...  Ол 
ежелден бері бар және ең ұлы кемел болмыс. Бір хәлден екінші хәлге өзгермейді. 
Ол  –  таза  ақыл,  толықтай  игілік.  Оның  бар  екендігіне  ешбір  дәлел  қажет  емес, 
өйткені  оның  өзі  –  барлық  нәрсенің  дәлелі  және  алғашқы  себебі.  Ол  шексіз 
кемел. Бір және жалғыз... Оны сипаттау мүмкін болмағаны секілді Оның мәнін де 
түсіну мүмкін емес. Оны сипаттары арқылы тану мүмкін болғанымен, нәтижеде 
тану  мүмкін  емес. Ол  уақыт  пен кеңістікке  тәуелді емес. Ол Тірі  (Хай), Хаким, 
Білуші  (Амин),  барлық  нәрсеге  күші  жетуші  (Қадир)...  Өз  мәнін  біледі,  өзінен 
басқа  барлық  нәрсені  де  біледі. Бұл білімі Оның  мәніне  тән  сипат.  Оның кемел 
болғаны  соншалықты,  бұл  кемелдік  бізді  қайран  қалдырып,  оны  толықтай 
ойлауымызға  кедергі  келтіреді.  Біздің  оны  қате  тануымыз  ақыл  қуатымыздың 
әлсіздігінен және қиялымыздың жеткіліксіздігінен туындайды. Ал Оның мәнінде 
кемшілік жоқ және болуы да мүмкін емес. Біз материядан алыстаған сайын Оны 
ұғына аламыз. Ләззаттардың ең жоғарғысы ақыл ләззаты болып табылады. Ақыл 
ләззатының ең жоғарғысы да ақылдың Алланы, Раббысын білуі болып табылады 
[4.3-16]. 
Оған «уажиб-ул  ужуд» секілді ең жоғарғы және ең атақты мағыналары бар 
есімдер  беріледі.  Оған  берілген  сипаттарды  тек  қана  салыстырумен  және 
ауыспалы  мағынамен  түсіндіру  мүмкін.  Фарабидің  құдай  туралы  түсінігі  Грек 
философияларына  керісінше  абсолютті,  ұлы  және  барша  әлем  туралы 
түсініктерден тыс құдай болып табылады. Фараби космологиялық көзқарасын өз 
ойындағы  Алладан  туындатады  және  сезімдер  әлемін  де  осы  космологиямен 
байланыстырады. 
Фарабидің  эманациялық  (судур)  теориясы  Аристотель  философиясымен 
байланысты.  Аристотельдің  пікірінше,  алғашқы  материя  мәңгі  (азали),  оның 
бастауы  мен  жаратушысы  жоқ. Ислам сенімі  бойынша,  ол  Алланың  еркін
  

192 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Кенжетаев Д.Т., Назбекова С.Т. Фараби дүниетанымында дін және тәңір мәселесі 
 
 
қалауымен  жаратылған,  басы  мен  соңы  бар,  мәңгі-бақилық  емес.Фараби  бұл 
жерде  алға  тартқан  судур  теориясында  Алла  мен  қалған  болмыс  арасында 
байланыс  орнатады,  яғни  Аристотельдің  идеясы  мен  ислам  сенімін  синтезден 
дінді  философияға  жақындатуға  тырысқан  [5.86;  6.103].  Фарабидің  пікірінше 
Алла  білмей  тұрып  жарата  салған  табиғат  та  емес,  немесе  затты  қалай  болса 
солай, ойланбай, ретсіз-жүйесіз жаратқан ерік те емес. Алла өз өзін білу арқылы 
шексізді  жаратады.  Шексіздікте  шексіз  бір  болмыс  жаратады.  Бұл  алғашқы 
болмыс  та  алғашқы  ақыл  болып  табылады.  Ол  да  бұл  жерде  Аристотель 
логикасының  «бірден  тек  бір  шығады»  қағидасына  сүйенеді  [7.149].  Фараби 
көптеген  мәселелер  бойынша  Аристотельдің  ізімен  жүрген.  Ол  метафизикаға 
қатысты түсіндірмелерінде де грек ойшылының көзқарастары мен ислам сенімін 
біріктіруге  тырысқан.  Адамның  рухы  өзінен  жоғары  тұрған  рухқа  бет  түзеген 
кезде ғана жақсылыққа бет түзейді. Мұны да бақыт деп атайды. Ең үлкен бақыт 
жақсыға тек қана жақсы болғандығы үшін бет түзеу болып табылады [8.184]. 
Фараби  сопылық  түсіндірмелеріне  психологиялық  көзқарастары  арқылы 
жетті.  Метафизикалық  түсіндірмелер  сопылық  өмірді  түсіндіріп  бере  алмайды. 
Фараби өз жүйесінде сопылыққа орын берген алғашқы философ ретінде белгілі. 
Оның  пікірінше,  Алла  сипаттары  арқылы  көрінбейді,  Алланы  сезімдеріміз  де 
қабылдай  алмайды.  Әл-Фараби  іліміндегі  адамның  мақсаты  –  бақыт.  Ол: 
“Игілікке ұмтылу – тек игілік үшін болғанда ғана ең ұлы бақыт болып саналады”, 
–  дейді.  Бұл  мәртебеге  жетудің  жолы  –  дүниелік,  материалдық  тәуелділіктен 
арылу. 
Екіншіден, 
“адамның 
бақыты, 
оның 
кемелділігі 
моральдік 
құндылықтармен  өлшенеді”.  Әл-Фарабиде  адамның  асыл  мұраты  Тәңірді  тану, 
құдайлық  әлемге,  яғни  белсенді  сана  әлемімен  қауышу  болып  табылады.  Осы 
әлемге  жеткен  адам  –  шынайы  бақытқа  жеткен  адам.  Осы  мақсатқа  жету,  оны 
жүзеге  асыру  жолында  іс-әрекет  жұмсайтын  адамдар  –  “парасатты  адам”.  Бұл 
ұлы  мақсат  адамға,  қоғамға  о  дүниенің  де,  бұл  дүниенің  де  бақытын  ұсынады. 
Өйткені шынайы бақытқа ұласуды мұрат еткендер ұлы мұратқа тек игі істермен, 
парасатты  жолмен  ғана  ұласа  алады.  Бұл  қай  жағынан  алып  қарасаңыз  да  осы 
дүниенің бақыты мен тыныштығы деген сөз.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Фараби. Китаб әл-фусус әл-хикма. «Фарабинин ики япыты» ичинде. (ауд. Мехмет Дағ). Ондокуз 
майыс университети илахият факультеси дергиси (OMÜİFD). № 14-15. 
2.
 
Әбу Насыр әл-Фараби. 10 томдық шығармалар жинағы. 1-том. Метафизика. Астана: ТОО «Лотос-
Астана». 2007. 
3.
 
Әл-Фараби. Таңдамалы. – Алматы: Ғылым. 1978. 
4.
 
Фараби. ел-Мединетүл-фазила. (Ауд. Нафиз Данышман). Стамбул. 1956. 
5.
 
Түркер-Күйел, Мубахат. Аристотелес ве Фарабинин варлык ве дүшүнже өгретилери. Анкара. 1969. 
6.
 
Атай, Хүсейн. Фараби ве Ибн Синая гөре яратма. Анкара. 1974. 
7.
 
Үлкен, Хилми Зия. Ислам фелсефеси тарихи. Стамбул. 1957. 
8.
 
Тайлан, Нежип. Анахатларыйла ислам фелсефеси. Стамбул. 1997. 
 
 
 

193 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
 
С.Н.ҚҰРБАНҚОЖА  
педагогика ғылымдарының кандидаты,  
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессоры  
 
ИСЛАМ ДІНІ – ТӘРБИЕНІҢ КӨЗІ 
 
В  статье  рассматривается  роль  Ислама,  вернувшегося  к  нам  вместе  с  обретением 
независимости, в воспитании подрастающего поколения
 
The article deals with the role of Islam, recovered together with our country’s independence, in the 
education of the rising generation. 
 
Адам  баласының  дүниені,  қоғамды,  өзін  және  қоршаған  ортадағы 
құбылыстар  мен  ‰дерістерді  танып  білуге  талпынысы  үздіксіз  жалғасуда 
және  жалғаса  да  бермек.  Дүние  туралы  ғылыми  мағлұматтар  қоры  тез 
көбеюде,  ғылымның  жаратылыстану  және  қоғамдық  салаларының  саны 
артуда,  ал  таным  ‰дерісі  үздіксіз  жалғасуда.  Адамзаттың  жинақтаған 
білімінің  барлығын  игеру  мүмкін  емес,  бірақ  адам  ғылымның  белгілі  бір 
саласының  негізгі  қағидаларын,  ұстанымдарын,  ұғымдары  мен  фактілерін 
игере  отырып  сол  ғылымның  негізін  түсініп,  өзіне  бағыт  бағдар  табады, 
сөйтіп қол жеткізген білімін іс-тәжірибеде, яғни өмірде пайдаланады. Адамға 
кәсіби саласында жемісті қызмет істеуі үшін қажетті білімдермен қатар, оның 
тұлға ретінде өз рухани мәдениетініњ қалыптасуына керек ұғымдар, идеялар, 
теориялар мен фактілер де бар.  
Б±л  ќызметті  ќоѓамдыќ  ортада  дін  толыѓымен  атќара  алады.  Соныњ 
ішінде аќиќи дін – Ислам ѓана б‰гінгі к‰н талаптарына жауап бере алар еді.  
Ќоѓамда  µз  орнын,  жаратылу  сырын  ±ќпаѓан  жастар  т‰рлі  аѓымдарѓа 
бой ±руда. Соныњ ішінде тіпті шайтанѓа табыну секталарыныњ пайда болуы 
адам азѓындауыныњ ењ бір шегі болса керек.  
Дәстүрлі  емес  діни  қозғалыстардың  пайда  болуының  себептеріне 
ғалымдар  батыс  қоғамындағы  өзгерістерді  жатқызады.  Осы  факторларды 
бөліп қарастырар болсаќ: 
-  дәстүрлі  діндердің  қазіргі  заманның  өткір  мәселелеріне  айқын  т‰рде 
жауап бере алмауынан, олардың қоғамдағы беделінің түсуі; 
- ғылым мен техниканың дамуы, адамның жаңа мүмкіндіктерінің ашылуы 
және ғылым алдында жаңа µзектіліктердіњ тұруы; 
-  адамзаттың  мәңгілік  сұрақтарының  шешілмеуі  (өмірдің  мән-мағынасы, 
өлім  және  т.б).  Бұл  жерде  қазіргі  материалистік  дүниетанымның  салдары 
айтылуда; 
-  қарқынды  дамудағы  халықтар  мен  елдер  арасындағы,  саяси-мәдени 
байланыстар,  ақпараттар  алмасу  мен  оның  жылдам  жетуі,  БАҚ,  интернет 
жүйесі.  Адамның  осы  ақпаратты,  түсінікті  жүйелі  қабылдап  қорыта  алмауы, 
оған уақытының жетіспеуі; 
 

194 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Құрбанқожа С.Н. Ислам діні – тәрбиенің көзі 
 
 
-  өмірдің  барлық  саласының  коммерцияға  айналуы,  барлық  нәрсе 
сатылады және сатып алуға болады деген түсініктің белең алуы; 
- қоғамдағы әлеуметтік, саяси, демографиялық және т.б проблемалардың 
дер кезінде шешілмеуі
- мемлекет пен қоғамдағы парақорлық пен бюрократия; 
-  білім  беру  саласында  дін  туралы  ғылыми  білімнің  дұрыс  жолға 
қойылмауы; 
-рухани жұтаңдық, адамның өміріне рухани тірек таппауы. 
Осындай  факторлар  –  дәстүрлі  емес  діни  қозғалыстардың  пайда 
болуының негізгі себептері. 
Діни секталардың мүшелері көбіне қалыпты әлеуметтік тіршілігін бұзған 
адамдар, яғни мығым рухани бағдар таба алмауы немесе оны жоғалтуы. 
Сонымен  діни  секталар  дәстүрлі  діндерден  бөлінуден  және 
дүниетанымдық  ізденістерден  пайда  болады.  Ал,  біздіњ  жастарымыз 
Исламмен  терењ  таныс  болса,  атап  кµрсетілген  себептердіњ  бірде-біріне 
±рынбасы  айќын.  Сондыќтан  да  жоѓарыда  аталѓан  себептердіњ  біздіњ  де 
ќоѓамда  орын  алуы  туындамас  ‰шін  де  µркениетті,  ±лтќа  т‰сінікті  ислам 
негіздерін оќыту б‰гінгі к‰нніњ µзекті мєселесіне айналып отыр.  
Адамзат  баласыныњ  ењ  алдыњѓы  озыќ  ойлы  кісілері  Исламѓа  ‰лкен 
‰мітпен  ќарайды.  Соныњ  айѓаѓы  ретінде  µркениет  дамуыныњ  ќарќыны 
артќан,  µмірдіњ  мєнін  т‰сіну  ауырлаѓан  шаќта,  єлемге  єйгілі  т±лѓалардыњ 
исламѓа µтуін айтуѓа болады.  
Ешбір  адамныњ  к‰штеуінсіз,  µздерініњ  µмір  мєнін  іздеуге  деген 
ѓылыми,  адами  ізденістерімен  Исламды  танып,  м±сылман  болѓан  т‰рлі 
халыќтыњ µкілдері бар. Олардыњ кµбісі кµзі ашыќ, µз тумысынан ата-анасы, 
елі ±станѓан дінді біршама терењ білуге к‰ш салып, оны Исламмен ѓылыми 
саралап  салыстыра  алу  дєрежесіне  жеткен  адамдар.  Осыныњ  нєтижесінде 
олар М±сылмандыќтыњ ±лылыѓына кµз жеткізіп, б‰кіл болмыс санасымен, 
аќыл-ойымен,  ж‰регімен  ќабыл  еткен  жандар  десе  боларлыќ.  Міне, 
солардыњ бірініњ пікіріне ж‰гініп кµрелік.  
Мұсылман  болғандығы  жөніндегі  баспасөз  мәслихатын  µткізген, 
Францияныњ єйгілі философы, кезінде сол елдіњ коммунистік партиясыныњ 
бас ойшылы атанып, атеистік кµзќарасымен танылѓан Роже Гарди 1983 жылы 
жетпіс  жасында  µзініњ  жања  тањдауы  туралы  былай  дейді:  «Ислам  – 
ғасырлардың  алдында  жүретін  дін.  Өзге  діндер  болса,  уақыттың  артында 
жүрді.  Исламнан  басқа  діндердің  барлығы  да  уақытқа  сєйкестендірілді, 
реформаланды.  Киелі  кітаптар  уақыт  талабына  сай  өзгертілді.  Құран  Кәрім 
болса  жіберілген  сєттен  бастап,  уақытты  биледі.  Ол,  уақыттың  емес,  уақыт 
оның  ізімен  жүрді.  Уақыт  ќартайған  сайын  Қ±ран  жасара  берді.  Б±л  –
уақыттан  тыс  керемет  оқиға.  Бүгінге  дейінгі  жойқын  соғыстар  мен 
әлеуметтік, саяси 
һєм   экономикалық  дағдарыстардың  бәрінен де  үлкен   

195 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Құрбанқожа С.Н. Ислам діні – тәрбиенің көзі 
 
 
оқиға,    Ислам    – 
материализмге,  позитивистердің  пікірлеріне  һәм 
экзистенциалистердің пікірлеріне билік етеді. Бірақ б±лардың ешқайсысы да 
исламға билік ете алмайды!».  
Содан  бастап,  философтың  қаламы  ислам  үшін  ж±мыс  істейді.  Кейбір 
туындылары:  «Исламның  уєделері»  (1983),  «Тірілерге  жолдауым»  (1986), 
«Ислам  жєне  адамзаттың  болашағы»  (1990),  «Энтегризм  -  мәдени  суицид» 
(1992). 
Исламды қабылдаған жеке т±лғалардың мысалдарын көбейтуге болады. 
Қазірше,  осымен  шектеліп,  енді  олардың  м±сылмандықты  қабылдауындағы 
басты себептерді ќысқаша тізбектейік. Исламды қабылдау себептері жµнінде 
с±рау  жүргізілген  алпыстай  зиялы  Батыс  елдерінің  азаматтары  берген 
жауаптардан мынадай нәтижелерді шығаруға болады: 
1.  Исламда  бір-ақ  жаратушы  және  бір-ақ  табынатын  Аллаһ  ұғымы  бар. 
Адамның  ақылы  бір  Қ±дайға  сенуді  қалайды.  Бірден  көп  тәңірлерге  сенуді 
адамның ақылы ќабылдай алмайды. 
2.  Ислам  діні  адамдарға  тек  руханият  жағынан  ғана  емес,  дүнияуият 
жағынан  да  мєліметтер  береді,  мына  дүниедегі  µмірдіњ  ізгі  жаќтарын 
түсіндіреді. 
3.  Кейбір  діндерде  адам  баласы  тумысынан  күнәкєр  болып  туады  да, 
мына  дүниеге  тек  азап  шегуге  ғана  келеді.  Ал,  ислам  болса,  әр  сәбидің 
күнєдан  ада,  тап-таза  періштедей  болатынын  және  єр  адамның  дүниеде 
істеген  амалдарына  жауапты  екенін  айтады.  Жақсылық  істегендерге  әжір-
сыйлық, жамандық істегендерге тиесілі жаза беріледі. 
4.  Ислам  дінінде  ғибадат,  д±ға  жєне  тєуба  с±рау  кезінде  пенде  мен 
Жаратушысы  арасында  ешбір  дәнекерші,  делдал  болмайды.  Әр  адам 
Жаратушысына  м±ң-мұқтажын  өзі  айта  алады.  Қайта,  Аллаһ  Тағала  ує 
қ±лдарының арасына делдал қосу д±рыс саналмайды. 
5.  Исламда  ақсүйектік,  рұһбандық  (жрецтво,  духовенство)  деген 
түсініктер  жоқ.  Аллаһ  Тағала  барлық  пенделерін  тең  жаратқан.  Үстемдік 
имандылыќта,  ахлақи  байлықта,  тақуалықта,  ізгі  амалдардың  көптігінде. 
Дүнияуи  байлықтар  мен  атақтарға,  шыққан  тегі  мен  жеріне  байланысты 
ешкім артық саналмайды. Барлық м±сылмандар ағайын, тењ. 
6.  Ислам  нанымы  бойынша  барлық  пайғамбар  бір  ғана  дінді,  Аллаһ 
Тағалаға 
иман 
етуді 
б±йыратын 
«тәухид» 
сенімін 
уағыздаған. 
Пайғамбарлардың  арасын  бµлуге,  бірін-бірінен  үстем  етуге  болмайды. 
Пайғамбарлардың  бәрі  де  фәни  пенделер.  Олар  Аллаһтың  қ±лы  ғана,  ±лы 
емес. 
7.  Ислам  қағидаларының  бәрі  де  аќылы  бар  адамға  түсінікті  һәм 
ќисындық  үндестігі  сақталған.  Исламда  түсініксіз,  зиянды,  керітартпа 
қағидалар мен б±йрыќтар жоқ. 
 

196 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет