Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет25/44
Дата08.01.2017
өлшемі3,67 Mb.
#1421
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44

 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Құрбанқожа С.Н. Ислам діні – тәрбиенің көзі 
 
 
8.  Ислам  діні  ғаламдық  (универсалды)  дін.  Ол  белгілі  бір  аймақ  пен 
халықќа яки заманаға ғана жіберілген дін емес. Ислам дінін күллі ғаламдағы 
адамдар жєне саналы махл±ќтар (жаратылыстар) түсіне алады єрі исламның 
талаптары  мен  үгіттерін  барлық  уақыттарда  ұстануға  болады.  Өйткені, 
мұсылманшылық µте қарапайым һәм оңай жол. 
9.  Кейбір  діндер  тек  Құдайдан  қорқуды  ғана  бұйырады.  Ал,  ислам  діні 
болса, Аллаһ Тағаланы сүюді және Оның рахметінен үміт үзбеуді бұйырады. 
10.  Ислам  дінінде  зорлыќ,  зомбылыќ  жоќ.  Баќара  с‰ресініњ  256-
аятында: «Дінде зорлыќ жоќ!»--делінген.  
11.  Исламдағы  ғибадаттардың  ішінде  тағат  жетпес,  жиіркенішті 
қ±лшылықтар  жоқ.  Бәрі  де  адамды  тєртіпке  келтіруші,  денсаулыққа  һәм 
ақыл-ұжданға пайдалы ғибадаттар. Исламдағы ғибадаттар адамдар үшін яки 
көрсету  үшін  жасалмайды.  Олар  тек  Аллаһ  Тағаланың  ризалығына  ие  болу 
мақсатымен жасалады. 
12.  Исламият  тазалықты  иманның  белгісі  ретінде  қабылдаған  дін. 
Тазалық  -  ғибадаттың  басты  шарты.  Бұл  –  һәм  дене  тазалығы  һәм  рух 
тазалығы.  Күнделікті  тұрмыстың  өзінде  тазалықтың  сақталуы  маңызды 
міндет болып табылады. 
13.  Ислам  –  кедейді  қорламайтын,  байды  айыптамайтын  дін.  Байларға 
жомарт һәм рахымды болуды, ал кедейлерге сабырлы һєм еңбекқор болуды, 
адал ризық тауып, баюды үгіттейтін дін. 
14.  Ислам  діні  –  әлеуметтік  әділеттілікті  кµздейтін  дін.  Зекет,  пітір 
садақалары  мен  Ќ±рбан  айт  кезінде  қ±рбандық  шалу  сияқты  ғибадаттар 
арќылы  ылғи  да  жарлы-міскіндерге,  мұќтаж  адамдарға  көмектесуді 
бұйырады. 
15.  Ислам  діні  –  мас  қылатын  ішімдіктер  мен  улы  шегімдіктерді,  қ±мар 
ойындары  мен  ±ятсыздықты  харам  еткен  бірегей  дін.  Бұл  –  дініміздің  ақылды, 
жанды, мүлікті, иманды һәм жанұяны қорғау мақсатының айқын көрінісі. 
16.  Өлімнен  кейінгі  өмір  туралы  ең  қанағаттанарлық  мәліметті 
м±сылмандық ғана береді. Кейбір діндерде ахирет деген ±ѓымның өзі жоқ. 
17.  Исламият  –  адами  көмектесу,  араласу  жағынан  адамдардың  діні  мен
 
нәсіліне  қарап  шек  ќоймайтын  бірегей  дін.  Жәрдемге  мұқтаж  адамдардыњ 
барлығына да қол ұшын беру – мұсылмандардың міндеті. 
18. Исламда белгілі бір топтың меншігіндегі «діни сырлар», «діни иерархия» 
деген  ұғымдар  атымен  жоқ.  Аллаһ  Тағаланың  діні  барлық  адамдарға  ашық. 
Құран  Кәрімді  кез-келген  адам  оқып,  түсіне  алады.  Ислам  –  белгілі  бір  топтың 
яки  тариќаттың  діннің  атын  жамылып,  адамдардың  санасын  өз  мүддесі  үшін 
монополияға алуына қарсы дін. 
19.  Құрани  Кєрім  М±хаммад  (с.ѓ.с)  Пайғамбарымызға  жіберілген  халде 
сақталған.  Түпнұсқасы  саќталған  бірегей  кітап  –  Қ±рани-Кєрім.  Б±л  исламның 
хақтығын  жєне  Құрани  Кєрімнің  мұғжизасын  паш  етеді.  Сонымен  қатар, 
исламнан кейін басқа діннің жіберілмейтінін дєлелдейді.
 

197 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Құрбанқожа С.Н. Ислам діні – тәрбиенің көзі 
 
 
20.  Исламда  құлшылық  кез-келген  таза  жерде  жасалады.  Ол  үшін  міндетті 
түрде  белгілі  бір  орынға  бару  шарт  емес.  Ислам  қ±лшылықты  белгілі  бір 
орынмен  шектемеген,  күллі  жер  шарын  ғибадатхана  (сәждехана,  мешіт)  еткен 
бірегей дін. 
21.  Ислам  діні  әйелдердің  құқықтарын  орнатып,  оларды  ғибадат,  ќарым-
ќатынас,  әлеуметтік  мәртебе,  экономикалық  іс-әрекеттер  жағынан  еркектермен 
тең  дәрежеге  қойған  дін.  Исламда  «Адамды  адастырған Хауа»  деген  ұғым  жоқ. 
Қ±ран Кәрімдегі 2/36 және 7/20-24 аяттары бойынша Адам мен Хауа бірдей қате 
істеген  жєне  Аллаһ  Тағала  олардың  екеуін  бірдей  ғафу  еткен.  Сондыќтан, 
мұсылмандар  әйелдерге  еркектерді  тура  жолдан  адастырушы  шайтан  ретінде 
қарамайды. Ал, µзге діндерде Адамның қателігінің басты себепкері ретінде тек-
єйел  көрсетіледі. Б±л  әйелдердің  Еуропада  ғасырлар  бойы  азапталуына,  єшкере 
өртелуіне  апарып  соқтырған.  Францияда  1938  жылға  дейін  әйелдер  күйеуінің 
р±қсатынсыз  келісім-шартқа  қол  қоя  алмаушы  еді.  Ең  дамыған мемлекеттерден 
Швейцарияда  әйелдерге  дауыс  беру  қ±қығы  осыдан  ширек  ғасыр  бұрын  ғана 
берілгендігін  ескерелік.  Батыстың  әйелдерге  ХХ  ғасырда  берген  құқықтарын 
ислам діні осыдан 1400 жыл бұрын берген. 
Қорыта  айтқанда,  адамзаттың  мәдениет,  өркениет  және  ғылым  деңгейі 
артќан  сайын,  исламды  қабылдаушылар  жєне  іздеушілердің  саны  кµбеймек. 
Өйткені,  ақылдың,  ±жданның,  сананың  жолы  бір.  Басқа  жұрттар  хақиқатты 
соншалықты  іждиһаттылыќпен  іздегенде,  м±сылман  елінде,  м±сылман 
отбасында дүниеге келген біздердің одан да жігерлі ізденіске түсуіміз керек емес 
пе? Дінімізді құлақтан емес, басты бұлақтан үйренетін кез келген жоќ па? 
Ислам  діні  әрбір  адамның  жеке  және  қоғамдық  өмірінің  барлық  жағын 
қамтитын  қағида  ережелерді  белгілеп  анықтаған.  Оларды  адамның  моралдық 
міндеттері деп атайды. Діннің әрбір қағидасы міндет болып табылады. 
Ислам  моралы  бойынша  адам  міндеттері  жан-жақты,  оны  төменгідей 
көрсетуге болады: 
1. Мұсылманның жеке моралдық міндеттері
2. Алла мен пайғамбар алдындағы моралдық міндеттер
3. Отбасы алдындағы моралдық міндеттер; 
4. Қоғам алдындағы моралдық міндеттер; 
5. Азаматтық моралдық міндеттер; 
6. Қоршаѓан ортаға байланысты моралдық міндеттер; 
7. Жақын және алыс адамдар алдындағы моралдық міндеттер. 
1. Жеке міндеттер. Рухы мен тәнін тең азықтандыру; денсаулығын күту; 
тәлім-тәрбие  алу;  жақсылық  жасау;  жаманшылықтан  сақтану;  өзіне  және 
ортаға пайдалы болу; білім іздену және т.б. - адамның ең басты міндеттері. 
2. Алла мен пайғамбар алдындағы моралдық міндеттер.   
Алланың  бар  және  бір  екеніне  иман  келтіріп,  оған  бағынып,  айтқандарын 
орындау  мен  тыйымдарынан  сақтану.  Бір  Алладан  ғана  көмек  сұрау. 
Пайғамбар  дінінің 
тура  екеніне  сену,  оның  пайғамбарлығына  иман  ету.
 
Хз.Мұхаммад (с.ѓ.с) пайғамбардың сүннетін орындау. 

198 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Құрбанқожа С.Н. Ислам діні – тәрбиенің көзі 
 
 
3. Отбасы алдындағы моралдық міндеттер. 
Ата-ананың  балаларын  дұрыс  тәрбиелеп  өсіруі,  балаларының  да  әке-
шеше  алдындағы  міндеттері  бар,  оларды  тыңдау,  құрметтеу,  қартайғанда 
бағып қағу. Ерлі-зайыптылардың бір бірін сыйлауы. 
4. Қоғам алдындағы моралдық міндеттер. 
Адам  түрлі  қажеттіліктерін  әлеуметтік  ортада  қамтамасыз  етеді,  өмір 
сүру үшін қоғамдық орта керек, ол жалғыз өмір сүре алмайды. Басқалармен 
бірге  өмір  сүру-  тиісті  міндеттер  мен  жауапкершілікті  бөлісу.  Сол  қоғамда 
ізгілікті арттыру жамандықты жою әрбір саналы адамның міндеті. 
5. Азаматтық моралдық міндеттер. 
Еліне және ұлтына деген міндеттер. Отанына сүйіспеншілік, ұлтын және 
оның  єдет-ѓ±рпы,  салт-дәстүрін  қастерлеу.  Хз.Мұхаммад  (с.ѓ.с)  пайғамбар 
хадисінде “Отанды сүю иманнан ” деп айтылады. Мұсылман баласы өзі өмір 
сүріп отырған мемлекеттің заңдарына бағынуға міндетті. 
6. Қоршаѓан ортаға байланысты моралдық міндеттер. 
Табиғатты  бет  алды  ластамау,  ондағы  тепе–теңдік  пен  үйлесімділікті 
бұзбау,  өсімдіктер  мен  жануарлардың  хақын  ескеру.  Экологиялыќ  тепе-
тењдікті саќтау, ќорѓау. 
7. Жақын және алыс адамдар алдындағы моралдық міндеттер. 
Адамның  жақындары,  туысқандары,  көршілері,  достары,  қызметтестері 
мен танымайтын адамдарға құрмет, олардың сенімін, көзқарастарын сыйлау. 
Осындай  ізгілікті  насихаттаушы  Исламныњ  ќандай  болса  да  дін 
атаулылардан  ењсесі  биік  кµрініп,  µзініњ  аќиќи  дін  екендігін  дєлелдей 
т‰седі.  
 Ал,  жаћандану  есігімізді  ќаѓып,  т‰рлі  аярлыќ  пен  с±м  єрекеттер  жер 
бетін  жайлаѓан  осынау  заманда  ќазаќ  ±лтыныњ  ±станымын  бекемдеу  ќалай 
ж‰зеге аспаќ деген сауал єрбір саналы кісіні мазалары аныќ. Б±л жолда ±лт 
тарихы  мен  ±лттыњ  µзіндік  болмысы  жол  сілтер  баѓдар  бола  алмаќ  және 
ислам діні арқылы адамды тәрбиелеу де өз жемісін берері хақ. Сондықтан да 
мектеп бағдарламасына дінтану нәнінің енгізілуі құптарлық іс болды. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Ќ±ран Кєрім (ќазаќша маѓына жєне т‰сінігі). Аударѓан Халифа Алтай. Сауд Арабия, 1991. 
2.
 
Хадис  (Ал-жомиѓ  Ас-сахих)  Абу  Абдуллах  М±хаммад  ибн  Ислам  Ал-Бухорий.  Ташкент,  1991. 
(Закиржон Исмаил таржимаси (µзбек тілінде) 
3.
 
Ќожа  Ахмет  Йассауи  «Диуани  Хикмет»(аќыл  кітабы) М.  Жарм±хамед±лы  т.б.  Алматы,  1993.  (т‰п 
н±сќа,  ќолжазба  араб  графигімен,  ќасында  транскрипциясы  шаѓатай  тілінде  жєне  ќазаќша 
аудармасы). 
 
 
 
 
 
 
 

199 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
 
З.ЖАНДАРБЕК 
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ  
 
М.КЕРІМБАЕВА 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 
    
ТҮРКІЛІК ДІНИ ДҮНИЕТАНЫМДАҒЫ МАХАББАТ ҰҒЫМЫ 
 
В статье рассматривается понятие категории любви в тюркском религиозном мировоззрении. 
 
The article deals with the notion of love in the Turkic religious world outlook. 
 
Бүгінде  мәдени  және  әдеби  мұраларымыздағы  ғасырлар  бойы  үзілмей 
келе  жатқан  діни-рухани  дүниетанымдарды  пайымдап,  тереңдей  зерттеп, 
танудың  мүмкіндігі  туып  отыр.  Тәуелсіздікпен  бірге  туындаған  осы 
мүмкіндік  төл  мәдениетіміздегі  рухани  сабақтастықтың  алтын  өзегін 
зерделеуге  жол  ашады.  Қол  жеткен  нәтижелердің  еліміздің  егемендігінің 
бауы берік, баянды болуы үшін де маңызы зор. 
Ислам дінінің бүгінгі Қазақстан және Орта Азия аймағына енуі түркілік 
дүниетанымды  түбегейлі  қайта  түлеткені  белгілі.  Ислам  дінінің  дәстүрлі 
түркі  дүниетанымына  тигізген  игілікті  ықпалы,  оның  мифологиясын,  аңыз 
әңгімелерін,  жыр-дастандарын  мазмұндық  тұрғыдан  байытып,  олардың 
ақиқат  мәнін  қайта  жаңғыртуымен  сипатталады.  Исламдық  аксиологиялық 
құндылықтар  мен  мұсылмандық  қағидалар  жергілікті  салт-дәстүрлермен 
үйлесіп, жергілікті халықтың жүрегіне жол тапты. 
Жалпы дүниетаным туралы қағидалар оның ішіндегі діни дүниетанымды 
бөлек  алып  қарастыруға  мүмкіндік  береді.  Дүниетаным  -  қоршаған  ортаға 
қатынастар  мен  осы  әлемдегі  адамның  орны  мен  мақсатына  сипаттама 
беретін  тұрақты  көзқарастар,  принциптер  мен  түсініктер  жүйесінің 
жиынтығын құрайтын  негізгі философиялық ұғымдардың бірі. Ол қоғамдық 
болмыс пен әлеуметтік шарттар ерекшеліктерімен айқындалады [1]. 
Тұлғаның  дүниетанымы  оның  ой-пікірін  айшықтайды.  Адамның  мінез-
құлқы  мен  іс-әрекетін  оның  білім  деңгейі  емес,  дүниетанымын  көрсетеді. 
Сонымен  қатар,  ол  таным,  адам,  дін  және  өмір  салты  философиясының 
негізгі  категорияларының  бірі  болып  табылады  және  зерттейтін  мәселесі 
болып табылады. Әлем, тұрмыс, әлеумет пен индивид туралы, оның этикалық 
және  эстетикалық  жағдайы,  адамның  объективті  әлемдегі  рөліне  сипаттама 
береді. 
Жалпы  дүниетаным  адамзат  пен  қоғамның  рухани  өміріндегі  күрделі 
құбылыс.  Оның  қолдауымен  адамзат  қызметі  ұйымдастырылған  және 
реттелген  сипатқа  ие.  Ол  көзқарастар,  ойлар,  идеялар,  құндылықтар  мен 
принциптер жиынтығы болып табылады. Сонымен бірге, адамзаттың өмірлік 
позициялары айқындалып, қызметі мақсатты түрде ұйымдастырылады. 
 

200 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Жандарбек З., Керімбаева М.
 
Түркілік діни дүниетанымдағы махаббат ұғымы
 
 
 
Ғылымда  дүниетанымның  төмендегідей  үш  тарихи  түрі  көрсетіледі: 
мифологиялық, діни және философиялық. 
Дүниетанымның  мифологиялық  түрі  әлемді  танудағы  алғашқы  қоғам 
шарттарында  қалыптасқан  түсініктердің  жиынтығын  құрайды.  Мифология 
мифтер  жиынтығы  болғандықтан,  ол  діни  жүйелерден  тыс,  демек,  діни 
дүниетанымнан бөлек пікірлер қалыптастыра алмайды. 
Дүниетанымның  діни  түрінің  мәні  дін  тұжырымдары  негізінде 
қалыптасып,  Құдайға  сеніммен  байланыстырылады.  Мифологиялық  және 
діни дүниетаным бір-бірімен өзара байланысты және оның бірнеше белгілері 
сәйкес  келеді:  діни  дүниетанымда  мифологиялық  жүйе  жиі  орын  алады; 
мифологиялық дүниетаным діни сенімге негізделеді. 
Ғалым  Досай  Кенжетай  Исламдық  дүниетанымның  маңызын  өз 
еңбегінде  былай  деп  атап  көрсетеді.  «Ислам  діні  дәстүрлі  түркілік 
дүниетанымдық  кеңістікке  ендеп  кірді.  Нәтижеде  түркілік  дүниетанымдық 
негізде  қалыптасқан  мифология,  аңыз-әңгімелер  желісі,  жыр-дастандар, 
қандық-туыстық шежірелер, жалпы мәдени құндылықтар жаңа рухани түске 
ене  бастады.  Жаңа  рух,  жаңа  сана  —  бұл  жаңа  сөз.  Жаңа  исламдық 
дүниетанымдық  тұғыр  негізінде  түркілік  кеңістіктің  тіршілік  қағидалары 
жаңа  еңбектер,  рисалалар,  шежірелер,  насабнамалар  арқылы  қайта  өмірге 
келе  бастады.  Құран  түркі  тіліне  тәржімәланды.  Махмут  Қашқаридың 
«Диуани Лүғат-ат-Түрік" атты сөздігі, Жүсіп Баласағұнның "Қут-адғу-Білік", 
Ахмет  Йүгнекидің  "Атибату-л  Хақаийқ",  Иасауидың  Хикметтері  мен 
рисалалары,  Сүлеймен  Бақырғани  Хикметтерінің  қасында,  түркілік 
көшпенділік  негіздегі  ауыз  әдебиетіндегі  жырлар  мен  "Манас  дастаны", 
Алпамыс т.с.с. Қорқыт Ата аңыздары исламдық желілермен қайта жырланды. 
Бұл  құбылыс  -  түркілік  дүниетанымдық  құндылықтар  мен  тұғырлардың 
мазмұндық жағынан түлеуіне әкеліп соқты» [2]. 
Әр нәрсенің күнгейі мен көлеңкесі болатыны тәрізді, Құдайды бар және 
бір  деп  танудың  жалпы  негізі  Тәңірінің  транцендентті,  мекенсіз,  жоғары 
абсолюттік  билік  иесі,  жаратушы  сияқты  сипаттарын  беретін  -  Көк  тәңірі 
деген  ұғымнан  туғанымен,  ислам  діні  енгенге  дейін  түркі  халықтарының 
Тәңірі туралы ұғымы бұрмаланбай қалған жоқ. Сондықтан да «жер тәңірісі», 
«су  тәңірісі»,  «тау  тәңірісі»,  т.б.  тәрізді  натурпантеистік  түсініктер  орын 
алды.  Ал  бұны  түркі  мәдениетінің  ерекше  құбылысы,  елде  жоқ  табысы 
қылып көрсету мақсат пе екен? Алланың сүйген құлдары сол замандарда-ақ 
мұндай  бұрмалаулар  мен  теріс  пиғылдарға  қарсы күресіп, адамдарды дұрыс 
жолға салды. «Өлі десе өлі емес, тірі десе, тірі емес - Қорқыт Ата әулие» деп, 
данагөй  бабамыздың  құдіретіне  бас  иген  халық  ғасырлар  бойы  Қорқыт  Ата 
жайындағы  аңыздарды  жадында  сақтады.  «Аңыз  түбі  -  ақиқат»  дегендей, 
аңыздардың  өміршеңдігі  -  Қорқыт  бабамыздың  әулиелігінің  бір  белгісі. 
Ондай адамдар дүниеге халық күйзеліп, 
рухани мұқтаждықтарға ұшыраған
  

201 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Жандарбек З., Керімбаева М.
 
Түркілік діни дүниетанымдағы махаббат ұғымы
 
 
 
уақытта келетін болған. Олар хақиқи білім әкелетін себепті де ел санасында, 
қоғам өмірінде тың серпіліс тудырып, елді имандылыққа үндейтін. Ал, елдің 
иманға ұюы игілікті, бақытты тұрмысқа ұласады. 
«Пұтқа,  отқа,  жеке  адам  басына,  тауға,  тасқа,  т.б.  көзбен  көріп,  қолмен 
ұстайтын  нәрсеге  табынған  соқыр  сенім  —  ақылды  бұғаулап,  рухты  басып-
жаншып өсірмеудің және қоғамның әлеуметтік күйзелуінің бірден-бір себебі. 
Соқыр  сенімнің  халықты  тобырлық  тасқын  күшке  айналдырып,  арандатар 
тұстары  да  белгілі.  Иман  болса  рухтың  серпіліп,  ақылдың  биікке  құлаш 
жаюының  кепілі.  Адам  өскелең  рухтың,  ұлы  аманаттың  иесі  болғандықтан 
да, бүкіл ғалам жаратылысының түп негізі [3]. 
Құран  Кәрім  мен  Хазіреті  Мұхаммед  (с.ғ.с.)  Пайғамбардың  дінді 
таратудағы  басты  ұстанымы  зорлық-зомбылықсыз  жүректерге  жол  табу 
арқылы  дінге  шақыру  болса,  осы  үдерістің  жүздеген  асуы,  адам  жанын 
ізгілендіріп, таным көкжиегін кеңейтуді мақсат еткен Ясауи ілімімен жүзеге 
асты.  Құран  үндеуі  адамның  жүрегін  тірілтуге,  ақылын  оятуға,  рухын 
серпілтуге  бағытталуымен  қатар  адамның  алынуы  қиын  қамал  екендігін  де 
ескеріп,  оны  еркін  сұхбат  жолымен  тәрбиелеу  мүмкіндігін  айтқан.  Қожа 
Ахмет  Ясауи  негізін  салған  түркілік  сопылық  мектеп  Құран  Кәрім  мен 
Пайғамбар хадисін ақиқат ілімнің негізгі қайнары және танымдық өлшемі деп 
білгендіктен,  осы  ақиқи  ілімді  игерудің  негізгі  методы  ретінде  тәуил  әдісін 
қолданды.  «Менің  хикметтерім  -  Алладан  пәрман,  Оқып  ұққанға  бар 
мағынасы  -  Құран»,  «Құдайдың  сөзінен  шыққан  бұл  бір  хикмет,  Естігенге 
нұрдай жауар рақмет» деген Әзірет Сұлтанның сөздері осының дәлелі болса, 
осы дәстүр аясындағы Абайдың «Құран рас, Алланың сөзі дүр ол, Тәуиліне 
жетерлік  ғылымың  шақ»  деген  сөздері  осы  дүниетанымның  өміршеңдігінің 
дәлелі.  Тәуил  әдісімен  қатар  рационалды  ақылға  жүгіне  отырып,  нақтылы 
логикалық  дәлелдермен,  Құдайлық  аянға  деген  сеніммен  Құранның 
мағынасын түсіндіретін тәфсір әдісі де бар. 
Ал  тәуил  әдісі  болса,  сөздің  көп  қырлы,  астарлы  мағыналары  арқылы  -
және  бейнелі  көркем  тілдің  сан  алуан  бояуымен  Құранның  тылсым  сырлы 
әлеміне жетелейді. Демек, тәуил – тәфсір әдісінің мүмкіндігі жеткен жерден 
де  әрі  тереңдеп,  Құран  Кәрімнің  ішкі  мәнін,  қадір-қасиетін  паш  етеді.  Бұл 
әдісті  қолданатын  адамдар  рухани  кәмәләттікті  мақсат  еткен,  ықылас-
ихсанмен Құдайға құлшылығын атқаратын, Хаққа деген махаббатымен, яғни 
дидар  талабымен  ерекшеленетін  сопылық  ілім  иелері  болды.  Себебі  олар 
игерген  хал  ілімін,  жүрек  танымын  рухани-спиритуалистік  тәжірибе 
барысында  иеленетіндіктен,  бұл  ілкі  ілімге  жету  сәті  -  әрбір  адамның  осы 
халге  енген  кезде  ғана  дәмін  тататын  қайталанбас  ерекше  күйі  болып 
саналады.  Сондықтан  осы  ахуалды  жеткізудің  де  өзіндік  әдіснамасымен 
ерекшелігі бар. 
 

202 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Жандарбек З., Керімбаева М.
 
Түркілік діни дүниетанымдағы махаббат ұғымы
 
 
 
Бұл  хал  ілімін  жеткізудің  хикмет  дәстүрі,  сыршылдық  әуені  ғасырлар 
бойы жалғастық тауып, бүгінге жетті. Осы дәстүрдің мейлінше дамып, бастау 
алар  кезеңі  -  орта  ғасыр  әдебиеті.  Осы  сопылық  әдебиеттен  бері  жалғастық 
тауып  келе  жатқан  негізгі  тақырыптарға  тоқталсақ.  Орта  ғасырларда,  одан 
кейінгі шығыс мұсылман әдебиетінде махаббат басты тақырып болды. Себебі 
көптеген  онтологиялық,  аксиологиялық,  гносеологиялық  мәселелердің 
толғауы  тоғысар,  шешуін  табар  түйіні  осы  махаббат  категориясы  еді. 
Махаббат ұғымының сырлы  әлемін шығармалардың көркемдік,  эстетикалық 
танымымен  пайымдайтын  жүрек,  діл,  көкейкөздің  үлесіне  қалдырып, 
тылсым, 
бейсаналық 
табиғатын 
мойындағанның 
өзінде, 
ғалам 
жаратылысының  мәні,  Хақты  тану  мүмкіндігі,  адамның  рухани  ізденісінің 
түп  мақсаты  турасындағы  ақыл-ой  деңгейіндегі  толғаныстарды  шешуге  де 
махаббат философиялық категория қызметін атқарды. 
Махаббат  -  адамзат  жаралуының,  оның  рухани  жетілуінің,  эстетикалық 
ләззаттануының,  этикалық  ғибраттануының  негізі.  Тіптен  діни-мистикалық 
рухани кемелденудің шыңы болып табылар - «дидар талапқа» жеткізер басты 
күш-қуат.  Бұл  үрдіс  Хазіреті  Пайғамбардың  хадисінен  бастау  алған  бүкіл 
ғалам  жаратылысының  телеологиялық  қағидасы,  яки  себепті  мақсаты 
Жаратушының  махаббаты  екендігіне  сүйенеді.  Хазіреті  Мұхаммед  (с.ғ.с.) 
Пайғамбар  айтты:  «Хазірет  Хақ  субхана  уа  тағала:  Мен  жасырулы  тұрған 
кен-қазына  едім.  Менің  тәңірі  екендігімді  ешкім  білмейтін,  өз  құдіретімді 
білдіруге махаббатым ауып, барша ғаламды жараттым». 
«Махаббаттың бақшасының бұлбұлы боп, 
Таң сахарда зар илеумен қонғым келер, 
Сол уақытта тәңірімнің жамалын 
Көңіл көзімен анықтап көргім келер». 
«Махаббаттың асасын қолға алып, 
Бақыт тонын иыққа іліп алып, 
Махаббаттың түгімен қанаттанып, 
Мағрипаттың бұтағына қонғым келер» [4], - 
дейді  «Диуани  хикмет»  кітабында  Қожа  Ахмет  Ясауи.  Ғұламаның  бүкіл 
шығармашылығын  Хаққа  деген  махаббат  жыры  деп  қарастырсақ  та 
қателеспейміз.  Себебі  «арифтердің  сұлтаны»  «Диуани  хикметте»  бастан-аяқ 
өзінің ғашықтық күйін, ғаріптік халін жырлайды. 
Осы  жолдардан  аңғарғанымыздай,  ғұлама  үшін  махаббат  Хаққа  бастар, 
тариқат  жолына  түсушінің  жол  бастаушы,  таянышы  болар  асасы,  жоғарғы 
ақиқатқа шарықтатар қанаты, мағрипат ілімінің бағына жеткізер күш-қуаты. 
Бүкіл  ғалам  Алланың  рахмет  шуағына  бөленген  махаббат  бағы,  ал,  таң 
сәріден  махаббат  жырын  жырлаушы  Хақ  дидарын  талап  еткен  ғашық  -
«Ғашық  бұлбұл».  «Ариф  ғашық  -  тариқаттың  дүр  данасы»  дейді  Әзірет 
Сұлтан.  «Ариф» - мағрифат  іліміне  жеткен  ақиқатты танушы. Ол бұл ілімді  

203 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Жандарбек З., Керімбаева М.
 
Түркілік діни дүниетанымдағы махаббат ұғымы
 
 
 
ішкі  тәжірибе,  өзін-өзі  тану,  өз  тереңіне  үңілу  арқылы  иеленеді.  Ғұлама 
шығармаларындағы  ғашық  күйінің  суреттелуіне,  рухани  даму  жетілу, 
ақиқатқа жақындау сатысындағы халдерінен хабар аламыз, яғни ғашық халі -
арифтің - ақиқат ілімге ұмтылушының танымдық сатыларына сай келеді. 
Ғашықтың істеген әрекет, амалдарынан, қауым ішіндегі топырақ сипатты 
көркем  кішік  мінезінен  және  ғалам,  жаратылыс  сұлулығына  ғажаптанып, 
одан ләззаттануынан, дидар талап етуінен эстетикалық ізденісін көреміз. 
Ал,  ғашықтың  имандылық,  адамгершілік,  ізгілік, хауф-рижа,  яғни  қауіп 
пен  үміт  жайлы  ойларынан  -  аксиологиялық  құндылықтық  мәселелерді 
бағамдаймыз.  Ғашықтық  отының  нәпсі  -  Һәуәсті  өрттей  тиер  жалынымен 
тазартар  күшін  еске  алсақ,  махаббатты  моральдық-этикалық  категория 
ретінде пайымдаймыз. 
Махаббат  тақырыбын  жүйелі  жырлаған  орта  ғасырлық  рухани 
жәдігерліктің бірі - Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасындағы ой 
пікірлер де «Диуани хикметпен» үндесіп жатыр. Мәселен: 
«Бұл иемді қалай ғана сүймеймін, 
Тілеуі үшін қалай ғана күймеймін». 
«Жұбанышым, сүйенішім, ақтаушым, 
Аштықта да, тоқтықта да сақтаушым!» 
«Иемді іздеп өзіме ұйқы бермедім 
Нышаны бар - көрінбеді, көрмедім». 
«Ием сүйсе қайтем өзге сүйгенді, 
Жауым  -  шайтан,  әу  бастан-ақ  түйгем-ді»  [5],  -деген  жолдардан  ғалам 
жаратылысының сырын махаббаттан іздейтін сопылық сарынды көреміз. 
Негізгі махаббаттың бастауы Алланы сүюді жан-жақты жырлаған Ясауи 
адамзатқа  сүйіспеншілігін  осы  махаббаттың  құрамдас  бөлігі  ретінде 
қарастырып,  өзінің  адам  баласына  риясыз  қызметтің  «дәнекер  болуымен», 
«топырақ  сипат  алуымен»,  тіптен  «жол  үстінің  шаңы»  болып,  жолаушысы 
(Хақты қалаған  тариқат) «бетіне  қонсам»  дейді. Ықылас  -  Хақ  әмірін  бекем 
тұту,  шариғатқа  адалдықтың  негізі  болса,  ихсан  -  бүкіл  амалдарын 
іждаһатпен,  бұлжытпай  орындау  Ясауидің  басты  мақсаты.  Ол  адамдарды 
имандылыққа  шақырса  сөз  жүзінде  емес,  іс  жүзінде  бүкіл  құлшылық, 
ғибадатты  ықыласпен  орындайды.  Өзгеден  күтер  ізгілікті  бірінші  өз 
бойыңнан  табу,  өзіңе  қаламайтын  жамандыққа  өзгені  душар  етпеу,  өзгеге 
тілемеу деген - әділет қағидасы оның басты ұстанымы. Ясауидің жалпы орта 
ғасыр  әдебиетінің  адамзатқа  деген  сүйіспеншілікте  үлгі  тұтар  тұлғасы 
Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) Оның үмбеттерін сүюі мен ғаріп, жетімдер үшін 
қиыншылық тартуын жүйелі жырлайды. 
Махаббат  —  қозғалыс  бастауы,  өмір  бұлағы,  хауф  пен  рижаның,  яки 
қорқыныш пен үміттің бірлігінен қанаттанған  қос қанатты  құс іспетті. Олай  

204 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет