Фунциональдық фитоценология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері, фитоценоздардың қалыптасуы, құрылымы. Фитоценология пәнінің мақсаты және ғылымдар жүйесіндегі орны


ФИТОЦЕНОЗДАРДЫҢ ФЛОРАЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ



бет42/43
Дата14.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#107233
түріҚұрамы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
. ФИТОЦЕНОЗДАРДЫҢ ФЛОРАЛЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Бұл бағыттың негізін салған Браун-Бланке, мұнда негізгі диагностикалық белгілер / критериялар/ ретінде барлық дәрежеде ең төменгі дәрежеден басқасында /флоралық белгіле алнады. Қазіргі кезде фитоценоздардың флоралық классификациясы дүние жүзінде ең көп тараған. Оның прнциптері Европада, Африкада, Австралияда, Жапонияда, АҚШ-та және басқа елдерде, соңғы жылдары ТМД елдерінде де кеңінен таралып келеді. 1981 жылы /Уфа қаласында/ фитоценоздарды флоралық классификациялаудың әдістеріне арналған өсімдік жабындарын классификациялаудың Бүкілодақтық VI кеңесі болып өтті.
Фитоценоздардың флоралық классификациялау бағыты оның негізін салып, құрушы Браун-Бланке атымен немесе Браун-Бланке жұмыс істеген институтының бірінші әріптерінен құрылған сөз сигнатизм.
/Station international de Mediterranee of Alpin S.L.G.M.A/ халықаралық геоботаникалық жерортатеңізі және Альпі станциясы/ атымен аталады. Бұл бағыттың негізгі сенімі – ортаның жағдайын бейнелеу үшін флоралық композиция пайдалану мүмкіншілілгі . Өсімдік жабындарының таксономиялық бірліктерін /бірлік өлшемдерін/ бөлгенде негізгі критерий ретінде флоралық құрамы қабылданады./ Браун-Бланке 1964/ бойынша флоралық құрамы негізінде фитоценоздарды географиялық тұрғыдан сипаттауға болады. Сондықтан әртүрлі аймақтарда өсімдіктер жабындарын жазғанда олардың флорасының жақсы, толық зерттеліп өсімдіктер түрінің тізімін жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Браун-Бланке характерлі /ерекше тән/ түрлерді табу әдістерін жете зерттеді. Үлкен аймақта негізгі фитоценоздар типтерінің көп санын сипаттап жазып оларды таблицаларға жинақтап, сосын ол мәліметтерді салыстыру негізінде ғана тән түрлерді бөлуге болады.
Брау-Бланке “сенімді” түрлер деген түсінік енгізді. “Сенімді” түрлер- түрлердің көп жағдайда бір синтаксонда кездесетін қасиеті. Браун-Бланке түрлердің “сенімділігінің” шкаласын ұсынды: “сенімді” –5 балл/тек бір синтаксонмен байланысты түрлер/; “орнықты”, “тұрақты”- 4 балл/әдетте бір синтаксондарда кездесіп тұратын түрлер/; “тілектес”, игі ниетті”, -3 балл әртүрлі синтаксонтарда тұрақты кездесетін, бірақ біреуін жақсырақ көретін түрлер/; “енжар”, “пейілсіз”- 2 баллл /синтаксондардың біреуімен де көрініп, бөлініп тұрған байланысы жоқ түрлер /; “бөтен”, “бөгде”- 1 балл /сирек кездесетін, көп жағдайда кездейсоқ сырттан келген немесе бұрын осы жерде болған ценоздардың реликті түрлері/.
Бұл шкаланың алғашқы үшеуіне жататын түрлер, яғни “сенімді” және “тілектес” түрлер деп аталады. Браун-Бланкенің таксономиялық бірліктер жүйесінің негізі болып ассоциация саналады. Ассоциация соның өзіне тән түрлер тобына байланысты бөлінеді. VI-шы Халықаралық ботаникалық конгрестің /Амстердам қаласы, 1935/ шешімі бойынша флоралық құрамына /Браун-Бланке бойынша/ қарап бөлінетін негізгі таксономиялық бірлікті ассоциация деп атауға, ал доминанттарды негізге алып бөлінетін таксономиялық бірлікті- соция деп атамай ассоциация деп атап келеді.
Браун-Бланке мектебінде ассоциацияны негізгі , бірақ ең төменгі таксономиялық бірлік емес. Ол субассоциацияға, варианттарға және фацияларға бөлінеді. Ассоциациялар одаөқтарға, сосын қатарларға және кластарға біріктіріледі. Браун-Бланке тағы бір бірлік енгізді ол кластар тобы және креистер. Олардың құрамына викариат /латын vicarius –орын басатын/ түрлерімен, туыстарымен және тұқымдастарымен көбінесе ұқсас кластар кіреді. Креистердің мысалы ретінде Браун-Бланке Солтүстік Скандинавияның, Солтүстік Канаданың солтүстік Сібірдің және Греландияның тундралық өсімдіктерін келтіреді.
Браун-Бланке жүйесін бұрынғы ССРО геоботаниктері тек қана 1965 жылдан бастап игере бастады. Браун-Бланке әдісін ССРО-да насихат жасауда О.С. Гребенщиков, В.Д. Александрова, З.В. Карамышева, Э.Х.
Ребассоо/Rebasso6 1975/ әсіресе Б.М. Миркин көп еңбек жасады. Бұрынғы ССРО территориясында Браун-Бланкенің бірінші монографияның авторы эстон ғалымы Э.Х. Ребассо болды. Ол монография эстонияның теңіз жағалаулары өсімдіктер жабыны туралы. Ал соңғы монографиялардан Б.М. Миркиннің /1986/ редакциялауымен шыққан “ССРО өсімдіктерін классификациясы” деген еңбекті атауға болады. Қазақстан Республикасында З.В. Карамышева /1967/ Солтүстік Қазақстан даласында Браун-Бланке әдісін эксперименттік бағалау үшін жүргізілген бірінші тәжрибе жұмыстарының нәтижесін жариялады. Соңғы жылдары Браун-Бланке әдісін белсенді игеруде Б.М. Миркин бастаған Уфа фитоценологтары көп еңбек етуде. Сол жұмыстардың нәтижесінде Браун-Бланке әдісін біздің елімізде /бұрынғы ССРО/ кең мойындауда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет