былай деп жазды:
«Ешқашан қазақтардың шыққан тегі жайлы қазақ тілінде кітап болып шыққан емес. Шәкәрімнің
бұл кітабының пайдасы –
қазақтардың шығу тегі бойынша ӛз аталарын білгісі келгендер осы
кітаптан табады. Егер кімде
-
кім ата
-
бабаларының шежіресі жайлы жазғысы келсе алдымен
Шәкәрімнің еңбегін оқып алуы қажет.
Жақсы кітаптар жинақтау –
қиын кӛшпелі далада Шәкәрімдей
«Түрік, қырғыз
-
қазақ һәм хандар шежіресін»
сияқты еңбекті жазу қарапайым жұмыс емес.
Кемшіліктер жайлы жиі айтатын автор «Түрік, қырғыз
-
қазақ һәм хандар шежіресі» балаларды
оқытатын молдалардың қолында
болуы керек дейді»
[2]
.
Кейінірек жазушы Жүсіпбек Аймауытұлы (1889
-
1931) «Желкек» деген лақап атпен еңбекке ерекше
ілтипатпен сипаттама берді.
«Шәкәрім ақсақалға» деген мақаласында:
«Қадірлі Шәкәрім «Түрік, қырғыз
-
қазақ һәм хандар шежіресін» терең
оқып, ойлап және
салыстырып барып, жазғанда ӛте жауапкершілікпен қарады. Осыған байланысты оны қазақтың
«Карамзині» десем, артық айтпаған болармын. Түркілердің тарихымен танысқысы келгендер бұл
кітапты оқымай кете алмайды»
[3].
Шәкәрімнің шежіре жазуы заңды құбылыс. «Біраз сӛз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы»
атты
ұлы Абайдың шежірелік шығармасы оған да қатты ықпал етті. Қазақтың түбі қайдан шыққанын ғылыми
дәлелді, тарихи деректі етіп қазақ шежіресін жазу жолын Абай ӛзі бастап кӛрсетіп берген. «Абай қазақ
шежіресін жаз деп 19 жасымда қазақ шежіресін жинай бастадым. Сол кісінің ұқтыруымен ел
-
елге кісі
жіберіп, хат жазып жинақтаған мағлұматтары да шежіреде бар»
[1] -
дейді Шәкәрім.
Әдеби процесті зерттеуде кейінгі ғылымдарға үлгі болған Ахмет Байтұрсыновтың Абай
шығармашылығы жӛнінде жазылған «Қазақтың бас ақыны» мақаласындағы:
«Абай сӛздері дүниеде
қалғаны қазаққа зор бақ. Бетін түзеп, жӛн сілтеген кісілерге де, сілтеген жолды ылақпай тұп
-
тура
тапқан адамға да қазақ балалары талай алғыс берер»
[4, 301], -
деген пікірінің шәкәрімтанушыларға да
тікелей қатысты екендігі ақиқат. Себебі, Шәкәрім ақын Абай дәстүрін бірден
-
бір жалғастырушы әрі
жалғастырып қана қоймай, оны түрлентіп түлету арқылы жаңа сапаға кӛтерген ұлы тұлға. Белгілі
абайтанушы Қайым Мұхаметқанов бұл жӛнінде: «Қазір әдебиетіміздің тарихында орны ойсырап тұрған,
елге ежелден белгілі болған ақын, жазушыларымызды еске алғанда, ең алдымен Шәкәрімді атауымыз
орынды деп білемін. Ӛйткені, ол Абайдың нағыз мұрагерлерінің бірі, бірі болғанда бірегейі»
, -
деп ой
түйіндеген [5, 5].
«Түрік, қырғыз
-
қазақ һәм хандар шежіресін» жазумен кӛп жыл бойы шұғылданып, зор еңбек еткен
(1877 жылдан 1911 жылға дейін, 34 жыл). Мазмұны терең, ой нысанасы айқын, композициялық жағынан
біртұтас, жүйелі жазылған еңбекте Адам ата мен Хауа анадан бергі шежіре жолына барлау жасалынған.
Кітап «Шежіреден бұрын», «Шежіре басы», «Қазақтың қайдан шыққаны», «Хан шежіресі», «Шыңғысхан
шежіресі», «Стамбулдағы түрік нәсілі», «Сарт», «Ӛзбек», «Ноғай», «Башқұрт», «Қалмақ һәм телеуіт»,
«Түрікмен», «Яқұт», «Оранхай», «Енисейдегі түрік», «Күншығыс Түркістандағы түрік»
деп аталатын
ірілі
-
ұсақты бірнеше тараудан тұрады. Кітап соңында оның «Мақсұт» «Қазақ», «Насихат», «Тағы сорлы
қазақ», «Қош»
деп аталатын ӛлеңдері берілген. Шәкәрім шежіресінің қара сӛзбен жазылған бӛлігіндегі
аталынған тақырыптар тарихи деректерді жүйелі баяндаумен берілген. Қазақ халқының ежелгі түркі ру
-
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
92
тайпалары жүйесіндегі ең негізгі құрамды танытатыны барлық тарауларда да
анық байқалады. Шежіреден
байқалатын ең басты ерекшелік
–
Шәкәрім ӛзі сӛз етіп отырған мәліметтерді тек ӛзіне ғана арнамайды,
әрбір деректерді қай еңбектен оқығанын қайдан алғанын үнемі баяндап отырады. Шежірелік дерек
тӛңірегінде әртүрлі тарихшылардың пікірлерін салыстыра кӛрсетеді.
Шежіре еңбегінің ең басты құндылығы
–
ӛткен замандағы түрлі жазбалар мен кітаптардың
мәліметтерін салыстыра топтап
-
жинап, әден талдап барып ұсынуында. Шәкәрім кітаптардың кӛбін
түпнұсқа күйінде оқып танысқан. Шәкәрімнің Меккеге бару сапары да таза діншілдік ниеттен, тек қана қажы
атану ойынан тумаған. Оның бұл сапарында ӛзге де мақсатының болғандығы анық. Ол жӛнінде ақынның
ӛзі былай деген: «Меккеге бара жатқан сапарымда Стамбулда 13 күн, бері келе жатқанда тағы 13 күн
болып тарихты ақтардым, керек кітаптарды почтамен үйге жіберіп отырдым. Меккенің де, Мединенің
да тарихтарын ақтардым, жол қатынасы жайсыз болып Мысырға (Египетке) баруға рұқсат ала
алмадым. Сол сапарда Шығыс, Батыс ғалымдарымен сӛйлесіп пікірлестім, ерте кезеңде шыққан
ғалымдар шығармаларын жаздырып алдым».
Ақынның: Жасымнан жетік білдім түрік тілін,
Сол тілге аударылған барлық білім.
Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды,
Жарқырап қараңғыдан туып күнім.
Оятқан мені ерте –
Шығыс жыры,
Айнадай айқын болды әлем сыры
-
деп жырлауы сондықтан, қандай еңбекке болса да зерделей
үңіліп, оның дәнін алып, кӛпшілікке мәлімдей білу оның қаламгерлік болмысына тән.
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз
-
қазақ һәм хандар шежіресі» қазақ халқының тарихи және
әдеби мұрасы. Қазақ халқының түп
-
тамырын, шыққан тегін кӛрсететін асыл мұра екндігі даусыз.
Әдебиеттер
:
1.
Құдайбердіұлы
Ш. Шығармалары: Роман, қара сӛздер, мақалалар, аудармалар. ІІ том.
-
Алматы:
Жібек жолы, 2007.
-
624 б.
2.
Бӛкейхан Ә. «Ерекше сӛз» // «Қазақ» газеті, №12, 28 сәуір.
3.
Аймауытұлы Ж. «Шәкәрім ақсақалға» // «Қазақ» газеті, 1916. 9 ақпан. №
168.
4.
Байтұрсынов А. Ақ жол: Ӛлеңдер мен тезистер, публистикалық мақалалар және әдеби
зерттеулер (Құрастырушы Нұрғалиев Р.).
-
Алматы: Жалын, 1991.
-
464 б.
5.
Мұхаметханов Қ. Шәкәрім
(ӛмірі мен творчествосы жайында) // Қазақ әдебиеті, 1988. 15 сәуір.