Оқу-тәрбие жҧмысының мәдени-ағартушылық мәселелері
Алтынбеков Б.М., «Сырдария» университеті, Жетісай қ.
―Тҽуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық
қажыр-жігерімізді жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық
сеніммен алға басып келеді. Дамудың ҿзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы
шартарапқа таралып, ҽлемдік қоғамдастықтың алдындағы абройы да жылдан жылға артып
отыр‖
1
. Халқымыздың ҽл-ахуалы күннен күнге жақсарып ҽлеуметтік тұрмыс деңгейінде
алға басушылық айқын байқалуда.
ХХ ғасырды Ресейдің боданы болып қарсы алған қазақ елі, ҿткен ғасырдың соңына
дейін ҿзгенің саясаты мен ықпалында ҿмір сүрді.
Бұл дербессіздік елдігімізді дҽріптеуге, ұрпағымызды ұлттық рухта тҽрбиелеуге,
ҿткенімізді зерделеп, болашағымызды бағамдауға айтарлықтай кері ҽсерін тигізді.
289
Тарихымыздың екі жарым ғасырдан астам дҽуірін қамтыған, алғашында Ресей
самодержавиесінің шылауында, соңында социализмнің туы астында тіршілік еткен аға
ұрпақтың табыстары да аз болмады. Ҽйткенмен дербессіздік жағдай еркін кҿсілуге
мүмкіндік бермеді.
Міне тҽуелсіздіктің алғашқы жалдарынан бастап-ақ еліміз тарихында дүбірлі
оқиғаларға толы ерекше дҽуір басталғандығына сіздер мен біздер куҽ болып отырмыз.
Еліміздің егемендігін жариялап, тҽуелсіздік алуы, жер бетіндегі іргелі елдер сияқты
Біріккен Ұлттар ұйымына мүше болып дүние жүзінің саяси картасында елдігін
айқындауы, бүгінгі ұрпаққа үлкен жауапкершілік жүктейді.
Жер бетіндегі үлкенді-кішілі бес мыңға жуық ұлттар мен ұлыстардың бар жоғы екі
жүзден астамына ғана нҽсіп болған тҽуелсіздік қазақ халқы үшін теңдесі жоқ бақыт,
бағасы жоқ табыс екенін ұмытпауымыз керек.
Ғылым мен техниканың бұрын-соңды болып кҿрмеген жетістіктерін пайдаланып
отырған бүгінгі таңда тҽуелсіздікті сақтау, тҽуелсіздікке қол жеткізуден ҽлдеқайда қиын
екендігі жасырын емес.
ХХІ ғасыр қазақ халқының шаңырағын қайта тіктеп, тарих сахынасына шыққан
ғасыры болмақ. Біз қазір ―жеріміздің кҿлемі жағынан жер бетіндегі екі жүзден астам
мемлекеттердің ішінде тоғызыншы орында, қазба байлықтары жҿнінен ең дҽулетті елдер
қатарында тұрмыз: вольфрам, қорғасын, барий, күміс, мырыш, хромит, марганец,
молибден, мыс, уран, алтын, темір, қалайы, кҿмір, газ қоры бойынша жетекші елдердің
алғашқы ондығында болсақ, мұнай қоры бойынша ҽлемде он үшінші орынды‖ иеленеді
екенбіз
2
.
Ғалымдардың айтуынша ―батыстан шығысқа дейін 3000 шақырым, солтүстіктен
оңтүстікке дейін 1600 шақырым‖ жерді алып жатқан Қазақстан жері бір миллиардтан
астам адамды асырай алады екен
3
.
Бұл дегеніміз дүниенің тҿрт бұрышындағы құдіреттімін деген кез-келген елмен
терезесі тең келетін 2300 жылдық мемлекеттік тарихы бар аңыз ертегілерде ғана
айтылатын асыл қазынаға толы қасиетті Еуразия даласын мекен етіп, мал бағып бейбіт
мамыржай ҿмір сүрген дұшпанына қатал,досына адал киелі қазақ халқының бүгінгі
ұрпағы ата-бабаларымыздан мұра осы байлықты Қазақстан Халқына, ел игілігіне
пайдалануы керек. Ол үшін білімді де білікті мамандар қажет.
Тҽуелсіздіке дейін ұлттық интелегенциямыз материалды ҿндірістен тыс, негізінен
гуманиатрлық, педагогикалық тағы басқа салаларда ғана еңбек етті. Қазақ
интелегенциясының осындай олқылығы тҽуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында ҿндіріске
еркін араласуға, оны дамытуға кедергі келтірді. Бұл жағдай қазақ халқының ұлттық
мүддесіне де нұқсан келтіргені жасырын емес.
Тҽуелсіздігіміздің алғашқы жалдарынан бастап қолға алынған оң ҿзгерістердің
қатарында Қазақстанның бүкіл білім жүйесінде болып жатқан ірі ҿзгерістер осы
келеңсіздіктерді жоюдың басты тетігі болды.
Республикамызда жоғары кҽсіптік жҽне орта арнаулы оқу орындарының
қатарының ҿсуі, оларда жаңа мамандықтардың ашылуы еліміз экономикасының түрлі
саласында қызмет жасайтын заман талабына сай білімді де білікті мамандар дайындауға
мүмкіндік беріп отыр.
Адамзатты басқа бүкіл тіршілік иелерінен ажыратып тұратын білім мен тҽрбие
екендігі ақиқат. Олай болса оқу орындарының алдына қояр бүгінгі күн талабы ҿнерге,
білімге құштар, ата-ана мен Отан алдындағы ҿзінің азаматтық парызын түсінетін, еңбек-
сүйгіш, ана тілін пір тұтатын, тҿл мҽдениетін, тарихын қастерлейтін, рухани жетілген,
елін жан-тҽнімен сүйетін азаматтарды тҽрбиелеу. Нақтырақ айтсақ ұлтының қадір-
қасиетін бойына терең сіңірген, ҿзінің білімімен де, сҿзімен де, ісімен де халқының
мүддесін қорғай алатын, қажет болса елі үшін жанын бере алатын елжанды азаматтар
тҽрбиелеу.
290
Бұл міндеттерді орындауда тҽлім-тҽрбие тізгінін ұстап отырған ұстаздар қауымына
жаңа міндеттер жүктейді. Ҿйткені ұстаздың ҿз басында жаңа кҿзқарас қалыптаспайынша
жаңа міндеттерді шешу мүмкін емес. Қытай халқының ұлы философы Конфуций ―Ескіден
озған, жаңаға қол жеткізгендер ғана жақсы ұстаз бола алады‖-дейді.
Бұл дегеніміз ҽрбір ұстаз қазіргі заман талабына сай блімді, жоғары дҽрежеде
дамыған,адамгершілігі мол, мейірімді, ҿз пҽнін оқытудың ҽдістерін жақсы меңгерген,
адам жанын түсінетін, мҽдениетті тұлға болу керек. Ҽрбір ұстаз жаңалықтан үнемі
хабардар болуымен бірге ғылым мен техниканың жетістіктерін біліп отыруы, ҽсіресе, ҿз
саласының жаңалықтарын оқу процесінде қолдана білуі керек.
Орыс халқының озық кҿзқарасты демократ жазушысы В.Г.Белинский: ―Ҿмірде алға
басу бар, бір жерде тоқтап қалу, кері кету‖-дейді.
Ұстаздық ҽркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, қиялы
бай адамға ғана жарасатын мамандық. Жақсы ұстаз болу тек ерен еңбектің арқасында ғана
қол жететін табыс.
Чех халқының ұлы педагогы Я.А.Коменский: ―Мұғалім ең жоғары құрметті
орында, күн астында мұғалімдкке тең келетін мамандық жоқ‖-дейді.
Жастарды оқыту мен тҽрбиелеу ісін ҽлемдік деңгейге сай жетілдіруге бүгінгі таңда
мемлекетіміз ерекше мҽн беріп отыр. Жастарға жүйелі білім, саналы тҽрбие беру ісіне
жаңа талап тұрғысынан қарау қажет.
Ол үшін мектеп мұғалімдерінің педагогикалық тҽжірибесімен бірге теориялық
білім, ҽдістемелік шеберлігін түбегейлі жақсарту, жетілдіру керек.
Нақтырақ айтқанда, оқу-тҽрбие жұмысының сапасын жақсарту үшін мұғалімдер
сабақтың теориясы мен тҽжірибесін іштей бірлестіріп, оқыту тҽсілдерін үнемі жетілдіріп,
соның бҽрін ҽдістемелік тұрғыдан игеру арқылы дидактика мен ҽдістемені, оқу-талдау-
жиақтаудың, жаттығу мен машықтандырудың, айту мен үйренудің, ой мен тілдің, сезім
мен ақыл қабілеттерін ішкі қатынасына, ҿзара тұтастығына тереңірек үңілуге тиіс.
Чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский: ―оқымай-тоқымай білікті ҿнерпаз, шешен,
ақын болған адамдар жоқ‖-дейді. Олай болса, баланың дұрыс білім алуы ең алдымен
мұғалімге байланысты. Ҽрбір мұғалім ҿз ісінде ізденгіш, теориялық білімдермен жақсы
қаруланған болса ғана балаларға жақсы ҿнеге, терең білім бере алады.
Білім ғана баланың дүниетаным кҿкжиегін кеңейтіп, ақыл-ойын жетілдіре түседі.
Ал таным дегеніміз шексіз ҽлем.
Ескі мектептерде риторикалық оқу нақты текстен қол үзіп, мазмұнды формамен
айырбастап қана қоймай баланың сезім қабілетін аттап ҿтіп, оның ақылын дамытуды ғана
кҿздеген.
Оқыту мен тҽрбиелеудің бұл тҽсіліне кезінде Я.А.Коменский қарсы болды. Бала ҿз
тамырында ҿзі ҿсіп жетілетін жеміс ағаш сияқты. Оған керегі-сҿз, ереже емес, кҿркем
сҿздің ҿзін тҿтелеп оқып, содан білім, ҽсер, қоғамдық таным алады. Соның кҿбін бала
текстің ҿзінен ғана ұғады.
Ҽсерді адамның қабылдауын Я.А.Коменский сезімнен бастайды. Бала қай затты
болса да ҽуелі бес сезім (кҿру, есту, қол, тіл, сипау) арқылы танып біледі. Сол түсініктің
нҽтижесін ақыл топшалау арқылы жинақтайды. Схоластикалық (риторикалық) оқу
баланың бойына білім дарытуды бірден ақыл сатысынан бастаған. Дҽлірек айтқанда, олар
сҿз нҽрін, образ ерекшеліктерін талдап түсіндіру кезінде тарихи адамдардың ҿмірбаяны
мен терминдерді жаттауға ҽуес болған. Бұл 4х4
16 дегенді бір ғана 16 деп түсінумен
бірдей. Ал бізге 4х4 дегеннің қалай кҿбейтілетінін білу маңызды. Нақтырақ айтатын
болсақ, бір ғана тезис жҽне қорытынды сҿзбен жұмыс істеуші мұғалімдер жинақтау-
талдау-жинақтау деген бір тұтас қағиданы бұзады.
Алғашқы жинақтау-кіріспе сҿз емес, тексті оқытып, соның нақты мазмұнын игерту.
Оқудан соң текстің тақырыбын тапқызсақ, бұл тексті оқудан туатын алғашқы жинақтау
болады. Екінші саты-сол текстің формасын таныту. Бұл-ақыл категориясына құрылған
жұмыс, танымның ғылыми сатысы.
291
Оны текст идеасын тапқызу арқылы жинақтаймыз. Соңғы жинақтау тұсында бала сол
екі оқудан алған білім мен ҽсерін ҿздігінше игеріп байытады.
Бұл үш сатының үшеуі де жүйелі түрде жаттығу арқылы іске асады. Ол тез, саналы
оқуға (кҿз), оқығанын ауызша айтуға (тіл), ҽдемі, дұрыс жазып үйренуге (қол), білгенін
есте қалдыруға негізделеді. Осы тҿрт түрлі машықтанудан ҿтпеген білім тиянақты білім
емес. Себебі белгілі бір мақсаттағы жаттығулар ғана білімді дағдыға айналдырады. Дағды
арқылы қалыптасқан білім ғана адам жадында тұрақы сақталады. Бізде нақты тексті
сабақтан алшақтатып кіріспе сҿзге кҿп орын беріп, оқушының саналы оқуына, сабақтың
нақты мазмұнын игеруіне нақты мҽн берілмей кететін жағдайлар жиі кездеседі. Нҽтижеде
бос сҿзге ҽуес мұғалімдер текстің ҿзін оқудан туатын алғашқы сезімдік қабылдауды
жүзеге асыра алмайды.
Ҽрбір текстің ҿзінен ұғым, нҽр, лҽззат ала білмеген оқушының жан дүниесі
ойдағыдай дамуы мүмкін емес.
Оқу – тҽрбие жұмысының негізгі ҽдісі – баяндау мен сҿзге құрылған бақылау емес,
дидактика заңдарын терең қолданып, жаттықтыру, яғни білімді мазмұннан туғызып,
дағдыға айналдыру. Я.А.Коменский жайдан-жай мектепті жаттығу орны деп атамаған.
Бірақ жаттығулар оқушыны шектен тыс талықтырып шаршататын, түк пайдасы жоқ
формальдық мағынасыз жұмыстар болмауы керек, тек саналы білімділікке ғана
жетелейтін жаттығулар болуы керек.
Кейбіреулер білім сыныпта, тҽрбие сыныптан тыс жұмыстар арқылы беріледі деп
ойлайды. Сабақ кезінде материалды (тексті) талдауға үйретеді. Тҽрбие ең алдымен пҽннен
(білімнен) нҽр алады.
Сабақ барысында талданған ҽрбір материалдың (текстің) тҽрбиеге қосатын ҿзіндік
үлесі бар.
Мұғалім мектептегі басты тұлға. Ҽрбір мұғалім сабақты пҽнге (текстке) негіздеп
жүргізуі үшін ҽдістемелік табыстарды терең игеруі теоритик-ҽдіскер болу керек. Сабақ
білімді жаттығуға негіздеп, жүйелеп беруді қажет етеді. Ал сабақ дегеніміз-бірлескен
сынып жұмысының ерекше формасы.
Мұғалім – баланың қамқоршысы, ұстазы, екінші ата-анасы. Мұғалім ҿзінің
шҽкірттерінің білімге құштарлығын, оларды жақсы ҽдеттерге ықыласын арттыра білуі
керек. Сабағына қызықтыра алмаған мұғалім оқушыларына дұрыс білім бере алмайды.
Мұғалімнің ҽрбір ісі, сҿзі шҽкіртке үлкен ҿнеге болуға тиіс. Сонда ғана оны балалар
жақсы қадірлейді, оның ҽрбір сҿзін байыппен тыңдап, бұлжытпай орындайды. Ҽрбір
мұғалім бала үшін білім мен моральдың үлгісі болуға тиіс.
Оқу-тҽрбие жұмысын жүйелі жүргізу үшін мектепте қалыптасқан жақсы тҽртіп
болу керек. Ҿйткені мектеп-қоғамдық орын, білім мен тағлым, тҽрбиенің ордасы. Ол
балаларға білім мен тҽрбие беруге тиіс. Тҽртіптіліктің басты мақсаты-осы. Ҽрбір
мектептің ҿз дҽстүрі, салты болу керек. Мектепте оқу-тҽрбие жұмысында жақсы нҽтижеге
қол жеткізу айқайлау, жазалау түрінде болуы мүмкін емес, оны балаларға түсіндіріп
ұйымшылдыққа үйрете отырып жүзеге асыру керек. Сонда ғана жұғымсыз балалар
сыныптағы жолдастарынан ҿнеге алып, соларға ұқсауға тырысады. Жек кҿру, ызғар
кҿрсету, баланы шеттету, бағаны ҽдейі тҿмен қою мүлдем дұрыс емес. Тҽжірибесіз
мұғалім ғана баланы айқайлап, қорқытумен тҽртіпті етемін деп ойлайды.
Ал тҽртіптің мақсаты – баланы оқуға қызықтыра білу. Сабаққа ықылассыз отырған
оқушыны орнынан тұрғызып, жылы пішінде сұрақ берсең, айта алмай қалса, ақыл берсең,
оның сабаққа ынтасы артады. Оқушымен ҽзілдесу немесе оқушының кемшілігін
мысқылдау қате тірлік. Оқушыларға қарым-қатынас бірдей болу керек. Оқушыларды
алалу дұрыс емес. Ол біреулерді масаттандырады, біреулерді түңілдіреді. Оқытудың
басты құралы – мадақтау, кҿмектесу, үйрету, дағдыландыру білімге қызықтыру,
жаттықтыру.
Сонымен сабақты сапалы етіп ҿту үшін ҽрбір мұғалімнің ең алдымен оқыту
теориясына (ҽдістемесіне), сҿз оқу мен зат оқуының айырмашылығына жетік болуы керек.
292
Сонда ғана мұғалімге сабақтың теориясы мен практикасы айқын болады. Мұғалім
ҽдістеме, педагогика, психология ғылымдарына үнемі сүйенуі керек. Дидактика дегеннің
мағынасы - тек ғана тҽжірибешілдік емес, оқудың тұтас теориясы мен жүйесі. Бұл жүйені
қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин біртұтас ҽдіс деп атаған.
Қорыта айтқанда кез-келген оқу орнының басты мақсаты білімді де білікті қоғам
мүшесін тҽрбиелеу. ―Білімділік дегеніміз адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының,
деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы‖. Ал ―біліктілік дегеніміз адамның
белгілі бір білім жүйесін тҽжірибеде пайдалана алу қабілеті‖. Сонымен бірге адам
бойындағы осы екі қасиетті толықтыра түсетін тағы бір қасиет адам бойындағы білік.
―Біліктің біліктіліктен айырмашылығы сол, ол адамның белгілі бір құбылыс не күрделі
мҽселе жҿнінде ой жүгіртіп, ҿзінше пайымдай білу қасиеті‖
4
.
Білік адам бойында оқудан гҿрі, кҿрген-білгенін кҿкірекке тоқи білу арқылы
қалыптасады. Бүгінгі таңдағы ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері адам
бойындағы білімділік, біліктілік жҽне білік сынды қасиеттердің қатар қалыптасуына кҿңіл
бҿлу керектігін қажет етеді.
Пайдаланылған ҽдебиеттер тізімі
1 ―Жаңа ҽлемдегі жаңа Қазақстан‖ Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. - Астана,
2007, 28 ақпан. 5-бет.
2 Қазақстан пайдалы қазбалары. - Алматы. 2003, 125.
3 Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. – Алматы, 2003, 5 Т 253-б.
4 Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. - Алматы 1999, 2 Т 495-б.
Резюме
Учитель-ключевая фигура в школе. Он должен знать не только свой предмет, но и
хорошо разбираться в педагогике, психологии и методике преподавания своего предмета.
Учитель должен уметь привить учащимся любовь к своему предмету. Нельзя отставать от
жизни. Хороший учитель-это тот, который постоянно работает над собой, старается
понять суть инновационных педагогических технологий и умело внедрять их в учебно-
воспитательный процесс.
Resume
A teacher is the key figure in a school. He must know not only his subject, but know the
Pedagogics, Psychology and methodology of teaching his subject. He must be able to raise, in
his pupils, a sense of love for knowledge. One can not stay apart from life. A good teacher
always works on improving himself, tries to understand the meaning of new pedogogical
technologies and integrates them into the learning-educational process with great skill.
ҼОЖ 81.272.
А-46
Ҧлттың қадір қасиеті - тіл
Алтынбеков Б.М., «Сырдария» университеті, Жетісай қ.
Тілсіз ұлт жоқ. Тіл ұлттың тірегі. Ҿз ұлтының ана тілін білмей сол ұлттың ҿкілімін
деу күлкілі емес пе? Тілін жоғалтқан адам ұлттық қадір қасиетін де бірге жоғалтады.
Ұлттық қадір қасиет тек ұлттық ана тілмен бірге ҿмір сүреді. Тіл жоғалған жерде ұлт та
жоғалады. Ананың ақ сүтімен бұғанасы қатқан, бойында ҽкенің қаны тулаған адам ғана
тілін қастерлей алады. Тек сондай адам ғана ҿз ұлтының шын мҽніндегі патриоты бола
алады.
Еліміз тҽуелсіздік алғалы бері 17 жылдың жүзі болды. Бұл ұлттық қадір
қасиетіміздің олқы тұстарын реттеуге толық жететін уақыт. Ағылшын тілін бір-екі жылда
үйренген адам ҿз ана тілін он жеті жылда үйрене алмады дегенге қалай түсінуге болады.
293
Қазақстан ҿз тҽуелсіздігін жариялаған алғашқы күннен бастап елімізді барынша
демократиялық мазмұнда дамытатын заңдар қабылдады.
Еліміздің Ата заңының 7-бабында: ―Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
тіл-қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда жҽне жергілікті ҿзін-ҿзі басқару органдарында
орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Мемлекет Қазақстан халқының
тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды‖-деп кҿрсетілген
1
.
Бұл бап Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңының 7-бабында: ―Қазақстан
Републикасында тілдік белгісі бойынша азаматтардың құқықтарын кемістуге жол
берілмейді. Қазақстанда мемлекеттік тілдің жҽне басқа да тілдердің қолданылуына жҽне
оларды үйренуге кедергі келтіретін лауазымды адамдардың іс-ҽрекеттері Қазақстан
Республикасының заңдарына сҽйкес жауаптылыққа ҽкеп соқтырады‖-деп тиянақталған
2
.
Елімізде мұндай заңдардың қабылдануы Қазақстанда ҿмір сүріп жатқан ҿзге ұлт
ҿкілдерін қазақ халқының еш ҿгейсімей ҿз бауырындай қамқорлыққа алуы емес пе?
Тарихқа кҿз жүгіртер болсақ ―Қайта ҿрлеу дҽуіріне дейін жер бетінде 10 000 тіл
болған. ХХІ ғасырға дейін соның 3500 ҿмір сүруін тоқтатқан. Ғалымдардың болжамы
бойынша алдағы жүз жылда дүние жүзінде бүгінгі таңда ҿмір сүріп жатқан 6500 тілдің
тағы жартысы ҿз ҿмір сүруін тоқтатады‖, яғни қолданыс аясынан тыс қалады
3
.
Мұның басты себебі бір қатар тілдердің күнделікті тұрмыс тіршілік деңгейінен
кҿтеріле алмауына байланысты қолданыс аясы кең күшті тілдермен бҽсекелесе
алмауында. Қоғамда ҽсіресе жастар жағының қолданыс аясы кең телекомуникациялық
басым тілдерді кең қолдануы, тіптен отбасылық тілге айналдыру олардың ұрпақтарының
ата-бабадан мирас ана тілдерін ұмытуға алып келуде. Ҽрине жер бетіндегі барлық
ұлттардың ҿз мемлекеттігінің жоқтығының да кері ықпалын жоққа шығаруға болмайды.
Ҽйткенмен негізгі жағдай оған байлансты емес. Ол негізінен ұлттық рухқа толы
отбасылық тҽрбиеге байланысты. Ұлттық рухтың уызынан нҽр алып тҽрбиеленген кез
келген адамның рухани байлығының негізі болған ана тілінен айыру мүмкін емес. Ұлттық
рух дегеніміз ҿз ұлтына деген ұлы сезімнің тҽрбие негізінде адам жанымен үндесуі. Рух
деген ұлы сезім адам бойында ҿзгермейтін ұлы сенім ұялтады. Ал ұлы сенім дегеніміз
сарқылмайтын ұлы күш. Ата-анасынан айрылған тұл жетім емес, себебі оның елі, Отаны
бар. Шын мҽніндегі тұл жетім деп ана тілінен айырылған аянышты адамдарды айтуға
болады.
Қазіргі тҽрбиенің негізгі қайнар кҿздерінің бірі ол-теледидар. Теледидар ұлттық
теледидар деңгейіне жетпейінше ұлттық тіл, ұлттық діл ҿркендей алмайды.
Тарихта ҿліп қайта тірілген де тілдер бар. Мысалы үшін иврит тілін алайық. Бұл тіл
соңғы 2500 жыл бойы қолданыс аясынан мүлдем шығып қалған болатын. ―ХХ ғасырдың
ортасында еврей ойшылы идеалист Бен Иегуданың арқасында қайта тіріліп
израйлдықтардың ана тіліне айналды‖
3.стр.351
.
Адамзат баласы бұрын-соңды болып кҿрмеген бүгінгідей жоғары деңгейдегі ғылым
мен техниканың қарқынды дамуын басынан кешіріп отырған мүлдем жаңа дҽуірде ҿмір
сүріп отырған кезде жаһандану процесінің ҽсер-ықпалынан тыс қалушы ұлт, ұлттық тіл
жоқ.
Қазір дүние жүзінде кең таралған тілдер жағдайына кҿз жүгіртер болсақ ―1,3
миллиард адам қытай тілін, 950 миллион адам хинди тілін, 950 милион адам испан тілін,
450 миллион адам ағылшын тілін, 200 миллион адам араб тілін, 165 миллион адам
португал тілін, 150 миллион адам бенгал тілін, 150 миллон адам орыс тілін, 120 миллион
адам жапон тілін, 100 миллион адам неміс тілін, 70 миллион адам француз тілін ана тілім
деп есептейді‖ екен
3.стр.350
.
Ал қазақ тілін ҿзін қазақпын деп есептейтін Қазақстанда жҽне шетелдерде тұратын
13 милионнан астам қандастарымыз ҿз ана тілім деп есептейді. Қазақ тілінің кҿп тепреш
294
кҿргенін, кҿп қысым кҿргенін, қазақ ұлтының бір бҿлігінің қолданыс аясынан жартылай
немесе тіптен толықтай шығып қалған жағдайын жасыруға болмайды.
Халқымыз айтатын ―ауруын жасырған ҿледі‖-деген сҿз бекер айтылмаған. Ҿліп
қайта тірілген иврит тілі мен қазақ тілінің тағдырларын бірдей деуге болмайды. Ҽйтсе де
тіл тағдыры туралы сҿз қозғағанда бұл тілдердің мемлекеттік тіл ретінде қайта
жаңғыруында бірқатар ұқсастықтардың барлығын жоққа шығаруға болмайды. Дүние
жүзіндегі тілдік қоры бай, терең тарихы мен мол рухани мұрасы бар тілдердің қатарына
жататын қазақ тілінің ұлтымыз тҽуелсіздік алған 16-17 жылда тарих сахынасына қайта
шығуы, оның шын мҽніндегі қуатты ұлттық, мемлекеттік тілге айналуына толық заңды
жҽне моральдық құқы бар. Қазақ тілі сҿзсіз Қазақстанда мекендейтін барлық 15 миллион
халықтың мемлекеттік тілі болуы керек. Түрлі саясаттың дауылымен Қазақстанға ерікті
жҽне еріксіз жағдайда қоныс аударып, оны шын мҽнінде ҿзінің отаны, туған жері деп
есептейтін ҿзге ұлт ҿкілдерінің ҿз ара қатынас тілі ретінде қазақ халқының, қазақ тілінің
айналасына топтасуы ешқандай талас тудырмайтын бүгінгі күн талабы екендігін түсінетін
уақыт жетті.
Пайдаланылған ҽдебиеттер тізімі
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. Астана, 2007. 7-б.
2 Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заң актілері. Алматы, 2005, 5-б.
3 Неразгаданные тайны человечества. Антология загадочных явлений. Москва,
2004, стр 351.
Резюме
Без языка нет нации. Язык-опора нации. Только тот, кто любит и ценит свой
родной язык, может стать настоящим патриотом. 17 лет независимости достаточны для
того, чтобы в полной мере освоить государственный язык нашей страны. Казахский язык
должен быть государственным языком всего 15-миллионного населения республики. Это -
закон, который должны соблюдать все.
Resume
No nation can exist without a language. Language is the power of a nation. Only people
who love and value their native language can become a real patriots. Seventeen years of
independence is quite enough to learn the official language of our country. The Kazakh language
must be the official language of the 15 million person population of our republic. It is a law that
should be followed by everyone.
УДК 303.448
А-46
Достарыңызбен бөлісу: |