Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ЕҢбектері


XX- ғасырдың   20- жылдарындағы ауылшаруашылығын зерттеудегі Тҥркістан



Pdf көрінісі
бет38/77
Дата22.01.2017
өлшемі4,12 Mb.
#2420
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   77

XX- ғасырдың   20- жылдарындағы ауылшаруашылығын зерттеудегі Тҥркістан 

зиялыларының еңбектері дерек кӛзі ретінде. 

Айкҿзов С.И., ШУ, Шымкент қ. 

 

    ХХ-ғасырдың  бас  кезіндегі  Қазақстанның  саяси  ҿмірінде  орын  алып  жатқан 



кеңестендіру  жҽне  саясаттандыру  мҽселелері  Ресейдің  саяси  ҿмірімен  тығыз  байланыста 

болды.  Олай  болуының  себептері;  біріншіден  –  Қазақстан  патшалық  Ресейдің  отары 

болған жҽне алдағы уақытта да солай болып қала беруінен большевиктер бас тарта қойған 

жоқ.  Екіншіден  -  Қазан  тҿңкерісінің  жеңісімен  сусындаған  Кеңес  ҿкіметінің  табиғи 

болмысы да осыны яғни тұтастықты меңзеді.     

    Осы  тұрғыда  қазақ  зиялыларын  еңбектерін  зерттеу  Түркістан  халқының  азаттық 

жолындағы  күрестеріне  қатысты  бай  мағлұматтар  береді.  Бұл  мағлұматтарды 

деректанулық тұрғыдан талдау қазіргі таңда ҿте маңызды. 

    Себебі  бұл  еңбектер  ҿзінің  айтарлықтай  обьективтілігімен    маңызды,  ҿйткені  бұл 

обьективті кҿзқарас кҿп ұзамай таптық кҿзқарас пен ауыстырыла бастады. 20- жылдардың 

басынан,  ҽсіресе  екінші  жартысынан  бастап  тарихи  фактілерге  обьективті  қарауды 

ауытқып,  ғылымды  саясаттандыру,  тікелей  қуғындау  ҽрекеттері  белең  алды.  Саясаттағы 

осындай  бетбұрыс  нысанасына  алдымен  алаш  кҿсемдерінің  еңбектері  мен  баспасҿз  

беттеріндегі жарияланымдары ұшырады. 

    Шындықты  дҽл  зерттеуді  Мұстафа  Шоқай  мынадай  екі  қарапайым  жолын  кҿрсеткен. 

Бірінші  жолы-зерттеуші  ҿмірде  болып  ҿткен  оқиғаларды  кҿңіл  қойып  жинастырады, 

жиналған  мҽліметтерді  ҿзінің  ғылыми  зердесінен  ҿткізіледі,    орнына  салады  жҽне  ол 

мҽліметтерден  ҿзін  бейтарап  ұстай  отырып,  талдау  жүргізеді.  Шын  мҽніндегі  ғылыми 

тарих, міне осындай тҽсілмен жазылды. [1] 

      Екінші жол, зерттеуші кҿздеген мақсатарын күні бұрын белгілеп алады да, соған жету 

үшін  оқиғалар  құрастырылады.  Тіпті  мақсаты  қажет  етіп  жатса,  оқиғаларды  ойдан 

шығарады.  Мақсатқа  қайшы  келетін  бұлақ  кҿздеріне    жуымайды…  кеңес  тепкісіндегі 

халықтардың  ұлттық  қозғалыстары  туралы  жазып  жүрген  большевик  тарихшылар  осы 

түрге жатқызылады. 



 

275 


        Қазақстанның  саяси  ҿмірінде    орын  алып  жатқан  кеңестендіру  жҽне  саясаттандыру 

мҽселелері Ресейдің саяси ҿмірімен тығыз байланыста болды. Олай болуының себептері: 

біріншіден  Қазақстан  патшалық  Ресейдің  отары  болған  жҽне  алдағы  уақытта  да  солай 

болып қала беруіне большевиктер бас тарта қойған жоқ. Екіншіден  – Қазан тҿңкерісінің 

жеңісімен  сусындаған  кеңес  ҿкіметінің  табиғи  болмысы  да  осыны  яғни  тұтастықты 

меңзеді.  

      Ҽйтседе  түркістандық  демократиялық  күштердің  ҿкілдері  жас  мемлекеттің  жарқын 

болашағы үшін еңбек етіп ҿшпес мұра қалдырды. Оның бір айғағы сауатсыздықпен күрес. 

Бұл  салада  мемлекет  қайраткері  ретінде  Сұлтанбек  Қожановтың  1920-1924  жылдардағы 

қызметінің  бірі-  елдегі  сауатсыздықты  жою,  мектепке  мұғалім  даярлау  мҽселесі  болды. 

Бұл  жҿнінде  Түркістан  Республикасының  халық  ағарту  комиссиариаты  мен  оның 

Мемлекеттік ғылыми Кеңес басқармасы қарамағында Қазақ ғылыми  комиссиясы жұмыс 

атқарды.  

     Осы  мақсатта  Ахмет  Байтұрсыновтың  ана  тіліне  арналған    ҽдістемелік  жазбалары, 

М.Дулатовтың  І-ші  сатыдағы  мектепке  арналған  есептер  жинағы,  Иса  Тоқтыбаевтың 

«Бастауыш географиясы», Халел Досмахамбетовтың «Анатомия жҽне физиологиясы» мен 

«Зоология»  кітабының  І  жҽне  ІІ  бҿлімі,  «Ҿлі  табиғат»  атты  кітабы,  Сұлтандек  Қожанов 

жазған «Арифметиканың» І бҿлімі баспадан жарық кҿрді. [2] 

      Ахмет Байтұрсыновтың тарих ғылымы, тарихи деректану туралы негізгі ойларға, оның 

1926 жылы жазыл,ан «Ҽдебиет танытқыш» деп аталатын ғылыми зерттеу еңбегінің «Ҽуезе 

туралы» деп аталатын бҿлімінде тоқталды.  

      Қазіргі  Қазақстанның  тҿл  тарихының  кҿлеңкелі  жақтарын  қайта  зерттеп,  зерделеп 

жатқан таңда Ахмет Байтұрсыновтың тарих туралы, ҽсіресе тарих ғылымының аса күрделі 

саласы  тарихи  деректану  ғылымы  туралы  айтқан  ойлары,  пікірлер  ҿз  құндылығымен 

ерекшеленіп  отыр.  Оның:  «Тарихтың  қызметі  бүтін  Адам  баласының,  яки  бүтін  бір 

жұрттың,  я  бір  таптың  ҿткен  ҿмірін  болған  күйінде  айнытпай  айту»[3],  -  деуі  тарих 

ғылымның  белгілі  бір  табиғи  заңдылықтарға  негізделгені,  оның  жалпы  адамзаттық 

құндылықты  басшылыққа  алған  методологиялық  бағдары  туралы  ҿте  дұрыс,  ғылыми 

негізделген  пікір  айтса,  тарихи  деректану    ғылымының  негізгі  принциптері 

қағидаларының  бірі  кез  келген  деректің  деректанулық  талдау  қажет  екендігін  білдіреді, 

«Тарихшылар  халық  басынан  кешкен  түрлі  уақиғаларының  мағлұматын  сымға 

тартқандай,  сынға  салып,  мінсіз  етіп,  дұрыстап  ҿткізеді»  [4]  деп,  тарихшылырдың 

ҿздеріне  жеткен  мағлұматтарды,  яғни  деректерді  «сынға  салып»,  демек,  деректанулық 

талдаудан ҿткізіп, «мінсіз етіп», яғни ғылыми құндылығын анықтай алатынын меңзейді. 

         Дегенмен,  ХХ  ғасырдың  20-30  жылдардағы  қоғам  қайраткерлерінің  еңбектерінің 

деректанулық тұрғыдан талдау сұрыптау барысында Түркістан ҿңірінің тарихына қатысты 

күңгірт болып келген мҽселелердің шешуін табу. Себебі  тарихи қандай формада, қандай 

мазмұнда дүниеге келсін ол ең алдымен ҿз уақытының жемісі болғандықтан, онда уақыт 

талабының ізі сақталуы заңды құбылыс. 

       Себебі  Түркістан  зиялылары  большевиктердің  халыққа  Берген  уҽделерін  орындамай 

отырғандығын  жҽне  оны  орындау  мүмкін  еместігін  нақты  мысалдармен  дҽлелдеуге 

тырысты. Мысалға, түркістандық Алаш жастарының бірі Сұлтанбек Қожанов «Ҽзірге бар 

халге қарап Айтсақ Руссияның большевик хүкіметі соғыс тоқтатылып бітім сҿйлеспекпіз 

деген жарлығы мен бұқараның кҿңілін аулағаны болмаса, хҽм патшалықтардан я досы, я 

дұшпанынан  жылы  жауап  ести  алмай  сҿзі  ескерусіз  қалып  тұрса  керек,»  -  десе  жер 

туралы:  «Екінші  бұқараға  жағымды  бір  сҿз  жер  үлестіру  болса,  уҽдесін  орындау 

большевиктердің  қолынан  келмесе  керек,  бұл  іс  айтқаны  мен  бола  салатын  іс  емес. 

Жұрттың  пайдасы  болатын  қылып,  кҿпке  бірдей  қылып  бҿлуге  қанша  уақыт  даярлап 

жүріп істегенде де болуы мүмкін емес. Бұл бір үлкен іс»,-деп жазды. 

   Тарихтың ҿзі куҽ болғандай большевиктер ҿзі де аяқталуға жақын қалған бірінші дүние 

жүзілік  соғысты  азамат  соғысына  айналдырып,  жойқын  қырғынды  тағы  бірнеше  жылға 


 

276 


созды.  Жерді  мемлекет  меншігі  деп  жариялап,  жер  аламыз  деп  үміттенген  шаруаларды 

тағы алдады. 

    Белгілі қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай бұл жҿнінде айта келе: «Түркістандағы кеңес 

үкіметі ҽуел бастан осындай. Түркістан кедейлерінің қанына бҿккен большевиктік ҿтірік 

батпағы-біздің елімізде орныққан ҿкіметтің негізінде, міне не  жатыр»- деп атап кҿрсетті 

[4]. 


    Түркістан  сияқты  үлкен  де  бай  ҿлкеде  ҿкімет  билігінің  жергілікті  халыққа  жат  солдат 

жҽне  жұмысшы  депуттатары  атынан  большевиктер партиясының  қолына  ҿтуі  сияқты  ірі 

қоғамдық тарихының деректерін қазақ зиялыларының еңбектерінен алуға болады. 

   Ҽрине  Кеңес  ҿкіметі  Түркістанда  бір  күнде  кездейсоқ  орнамағандығы,оның  ҿлке 

ҿмірінің  даму  барысындағы  ҽр  түрлі  обьективті  жҽне  субьективті  факторлардың 

шиеленісуі  нҽтижесінде  қалыптасқан  қоғамдық  ахуалдан  туындағаны  түсінікті. 

Сондықтан  қазақ  зиялыларының  еңбектерінен  1917    жылғы  Қазан  тҿңкерісінің 

барысындағы  Қазақстанның  ауылшаруашылығын  кеңестендіру    жҿніндегі  жазба 

деректердің бірі ретінде құнды мҽліметтер алуға болады. 

   Елдегі  күштердің  ара  салмағы  түбірімен  ҿзгеруі  большевиктер  кҿпшілігін  басқарып 

отырған Кеңестердің қолына ҿтуіне ықпал етті. 

    Петроград  гарнизоны  мен  ел  астанасы  жұмысшылары  А.Ф.Керенский  басқарған 

ҿкіметті  құлату  мақсатында  қарулы  кҿтерілісті  қызу  жүргізіп  жатқан  кезде    1917  жылы 

қазанның  26  жұлдызында  Кеңестердің  бүкіл  ресейлік  екінші  съезі  ашылды.  Съезге 

қатысқан  690  мүшенің  тҿрттен  үшке  жуығы  елдегі  ҿкімет  билігінің  Кеңестерге  берілуін 

қолдады. Сондықтан да съездің атынан  «Жұмысшыларға,  солдаттарға жҽне шаруаларға» 

арнап В.И.Ленин жазған үндеуінде: «Жұмысшылардың, солдаттардың жҽне шаруалардың 

орасан  басым  кҿпшілігінің  еркіне  сүйене  отырып,  съезд  ҿкіметті  ҿз  қолына  алады», 

делінді. [6] 

     Съезде  қабылданған  Бітім  жҽне  Жер  туралы  декреттер  жаңа  ҿкіметтің  орнығуы  үшін 

үлкен маңызға ие болды, ҿйткені олар Кеңестерге деген халықтың басым кҿпшілігі болған 

шаруалардың сенімін күрт арттырды. 

    Жалпы  социалистік  идеяларды,оның  ішінде  большевизмді,  қабылдамаған    қазақтың 

либералды  демократиялық  қозғалысының  жетекшілері  Қазан  тҿңкерісінен  кҿп  бұрын, 

ҽсіресе  алаш  партиясы  дүниеге  келгеннен  кейін  Қазақстанның  ҽлеуметтік  экономикалық 

қағидаларын кеңінен насихаттаған болатын. 

  Петроградта  тҿңкерістік  жолмен  жеңіске  жетіп,  Қазақстанда  Кеңес  ҿкіметі  орнату 

процесі жүріп жатқан кезде, «Қазақ» газетінің 1917 жылы 21 қарашада 251 санында Алаш 

партиясының  бағдарламасының  жобасы  жарияланған  болатын.  Бірінші  жалпы  қазақ 

сьезінің  шешімдеріне  сҽйкес  Ҽлихан  Бҿкейханов,  Ахмет  Байтұрсынов,Елдос  Ғұмаров, 

Есенғали  Дінмұханметов,  Ғабдулхамит  Жүндібаев,  Ғазынбек  Бірімжанов  дайындаған 

партия бағдарламасының жобасы он баптан тұрады. Олардың ең маңыздылары: 

І.Мемлекет  қалпы.  ІІ.  Жергілікті  бостандық.  ІІІ.  Негізгі  құқық.  ІV.Дін  ісі.V.  Билік  жҽне 

сот.VI.  Ел  қорғау.  VII.  Салық.  VIII.  Жұмысшылар.  IХ.  Ғылым  білім  үйрету.  Х.  Жер 

мҽселесі. 

  Мҽселен,  17  Мемлекет  қалпы.  Ресей  демократиялық  федеративтік  республика  ҽр 

мемлекет  федеративтік  республика  болып  енеді  жҽне  тҽуелсіз  федерацияның  басқа 

мүшелерімен тҽуелсіз ҿзіндік байланыс жасай алды. 

   Алаш  бағдарламасының  жобасында  екі  түрлі  мақсат  айқындалған:  бірінші  –  Ресей 

федеративтік  мемлекетінің  құрамдас  бҿлігі  тиіс  қазақ  анатомиясы  бүкіл  қазақ  халқы 

мекендеген жерлерге иелік етеді жҽне тең құқықты федерация мүшесі ретінде оған нұсқан 

келген  жағдайда  Қазақстан  ҿз  алдына  тҽуелсіз  мемлекет  болып  шығады:  екінші-ҿзінің 

нақты саяси қызметінде алаш партиясы жалпы адамзаттық игіліктерді басшылыққа алып, 

ҽділетке жақ, зорлыққа қас болады. 

  Алаш зиялыларының аса маңызды деп санаған жер мҽселесі Семей облысында да ресми 

тұрғыдан  қарала  бастады.  Жұмысшы  жҽне  солдат  депутаттары  шаруалар  мен  қазақ 



 

277 


депутаттары жҽне қазақ облыстық делегаттар комитетінің делегаттар жиналысының 1917 

жылдың 22 маусымындағы мҽселесінде жер комитеттерінің құру мҽселесі қаралып, ал 22 

Р.Мҽрсековтың  тҿрағалығы  мен  болған  мҽжілісте  алаш  қаласының  статусы  қаралады. 

Онда  Заречная  Слободка  тұрғындары  арызданған  ҿтініші  оқылып,  сҿзжарыстың 

қорытындысында  Алаш    қаласы  статусы  мҽселесінің  мемлекеттік  маңызы  бар  шаруа 

екендігі  айтылып,  оны  делегаттар  жиналысында  қарауға  болмайды  деп  шешім 

қабылдайды. Алаш қаласы  мҽселесі кейінде күн тҽртібіне түскен жоқ. 

 

Пайдаланылған деректер 



1.

 

Нүрпейіс К. Алаш Һҽм Алашорда. Алматы;-Ататек,1995, Б. 253 (117 б). 



2.

 

Үндеу. // Туркестанский вестник. 1917. N15. 1 декабрь. 



3.

 

Түркістан Автономиясы. // Бірлік туы:, 1917. N16. 



4.

 

М. Шоқай. Таңдамалы. Құрастырған Айтан Нүсіпхан.  1, том, А., 1998 232 б, (226 



б). 

5.

 



Байтұрсынов А. Шығармалары. Алматы. 1989. Б 215. 

6.

 



Ленин В.И. Шығармалар толық жинағы. 35 том. Алматы: Қазақстан. 1982  – 409 б 

(11б).                           



Резюме 

     В данной статье рассматрываются  труды интеллигенции Туркестана  как источник  

по изучению развития сельского хозяйства Казахстана в 20-е годы ХХ в. 

 

Summaru 

      The  workinq  intelliqentia    of    Тurkestan  how  sourse  study  of  agricultural  in  the  midlle 

ages 20 y. XX c.                    



 

ҼОЖ 


94(574) «1697/1748» 

Әбілхайыр  ханның  қызметіне  байланысты кейбір пайымдаулар 

Аймағамбетұлы Р., Сейдалықызы Д., АрқМПИ, Арқалық қ. 



 

Белгілі бір  халықтың  толыққанды  ұлт  ретінде  ҿмір  сүруі  үшін,  оның  рухани  

байлығы  болу  керек.  Осы  байлықтан  біз,  қазақ  халқы,  басқа  халықтар  сияқты  жұрт  

тыныш,  ел  аман  кезде  айырылып  қала  жаздадық. Оның  бірі  салт  дҽстүр,  ҽдет-ғұрып  

болатын  болса,  екіншісі  ұлттық  тарих.  Ал  ұмытуымыздың  басты  себебі – кеңестік  

идеология  болатын.



 

             Ал    қазір    заман    лебінің    ҿзгеруіне    байланысты    ұлттық    тарихымызды    қайта  

қарап,    батырларымызды    еске    алып,   ел    алдындағы    қызметіне    байланысты    басқаша  

баға  бере  бастадық.  Сондай  ардақты  ұлдарымыздың  бірі,  отыз  жыл  бойы  ат  үстінен  

түспеген,  Кіші  жүздің  ханы  Ҽбілхайыр. 

            Ҽбілхайырдың  атағы  жоңғарларға  қарсы  күрес  кезінде  бір  шықса,  оның  ҿсімін  

екінші  қайтара  шығарған  оқиға – 1731  жылғы  Ресейге  бодандық  жҿніндегі  ант. Міне,  

соңғы  мҽселеге  байланысты   «бізді  орыстарға  қосқан   опасыз ,  сатқын  Ҽбілхайыр»  

деп  даттаған  пікірлер  жазылса,  ― Ҽбілхайырдың  ісі  амалсыздан  болған  ‖  деп  баға  

бергендер  де    шықты.  Сондықтан  да    осы    материалдарды    оқу    барысында    бірнеше  

мынадай  тұжырымдар  жасауға  тура  келеді. 

             Алдымен    Ҽбілхайыр    ханның    шыққан    тегі    туралы.    Бұл    Ҽбілхайыр    тарихи  

ҽдебиеттерде        Қазақ    хандығының    негізін    салған    Ҽз  –  Жҽнібектен    тарайтын    Ҿсек  

сұлтанның    ұрпағы    Ҽжі    сұлтанның    баласы    деп    жазылып    жүр.    Қазақ    хандығының  

дҽстүрлі    талабы    бойынша    Ҿсектің    ұрпағы    қазақ    сұлтандарының    кіші    буыны    деп  

есептелініп,  оларға  хан  тағына  мұрагер  болу  құқы   берілмеген.  Ал енді  сол  кездегі  

тҿре    тұқымын    бір    адамдай    білетін    Шоқан  Уҽлиханов  Ҽбілхайырдың  шыққан  тегін 

мүлде басқаша таратады.Шоқан  бойынша: « Барақ  хан,  одан  Жҽнібек,  одан  Сүйін, одан  

Бҿлекей  –  Қоян,    одан    Батыр    хан,    одан    Айшуақ    сұлтан,  одан    Ырыс,    одан  Қажы  



 

278 


сұлтан,    одан    Ҽбілхайыр    хан.»  Мүмкін,  Шоқан    басқа    Ҽбілхайырды    айтып    отырған  

шығар    деп    ойлауға    тағы    болмайды,    себебі    Ш.Уҽлиханов    Ҽбілхайырдың    тұсына:  

«1730   жылдың  тұсында  ол  Русияға  табыс  болған,  1748  жылдың  тұсында  ҿлген.  ‖  

деп  жазған.  Бұдан  қандай  қорытында  жасауға  болады ?  Болат  хан  қайтыс  болғаннан  

кейін    болған    1730    жылғы    хан    сайлауында    Ҽбілхайырдың    ҿзінің    кандидатурасын  

ұсынуы  заңды  құбылыс. 

         Екінші бір мҽселе, неге Ҽбілхайыр Ресей бодандығын қабылдады. 

         Ҿзімізге тарихтан  белгілі  ХҮІІІ ғасырдың алғашқы жартысы қазақ халқы үшін ҿте 

ауыр  кезең  болды.  Бұл  ауыртпалықтың  басты  себебі—шығыстан  келген  жоңғар 

шапқыншылығы болатын. Тұтқиылдан келген жауға қалай қарсы тұрарын білмеген халық 

жан-жаққа  бытырай  қашты:бірі  батысқа,  екіншілері  солтүстікке,  енді  біреулері 

оңтүстікке.Қазақ  халқының  басына  түскен  ауыртпалықты  кҿрші  тайпалар  мен 

мемлекеттер  ҿз  мүддесі  үшін  пайдаланды.  Батыстан  түркмендер,  оңтүстіктен 

қарақалпақтар  мен  Хиуа,Қоқан  мемлекеттері,  солтүстік-батыстан  Еділ  қалмақтары  мен 

башқұрттар,  солтүстіктен  орыс-казактар  жан-жақтан  қыспаққа  алды.  Сол  кездегі  қазақ 

халқының  ауыр  жағдайына  байланысты  Ш.  Уҽлиханов  «ХҮІІІ  ғасырдың  алғашқы  он 

жылдығы  қазақ  халқының  ҿміріндегі  жантүршігерлік  қасіретті  кезең  болды.  Жоңғарлар, 

Еділ  қалмақтары,  жайық  казактары  мен  башқұрттар  жан-жақтан  қазақ  ұлыстарын 

ойрандатты, кіріптарлыққа салды,--деп жазды. 

           Кезінде  ешкімді  мойындамаған  тҽкаппар  Жоңғар  мемлекетінің  тағдыры  не 

болғанын  бҽріміз  білеміз.  Айнала  қоршаған  жаудың  шеңберінде  қалған  қазақ  халқына 

жойылып  кету  қаупі  тҿнді.  Ірі  мемлекеттің  қарамағына  ҿтіп  алған  қалмақтар  мен 

башқұрттар  алаңсыз  ҿмір  сүріп  жатты.  Жоңғарлар  оларға  тиіскен  жоқ.Себебі  олардың 

артында  алып  Ресей  империясы  тұрды.  Ҽбілхайырдың  ойы—башқұрттар  мен  қалмақтар 

сияқты  үлкен  күшке  сүйене  отырып,  елін  жаудан  қорғау.  Сондықтан  да  Ҽбілхайырды 

Ресейге  бодан  болуға  итермелеген  алдымен  айнала  қаптаған  жаулардың  тарапынан 

болған қауіп болатын. 

           Ҽбілхайырды  осындай  шешім  қабылдауға  итермелеген  екінші  себеп—Орыс 

мемлекетінің  сыртқы  саясаты.  Бұл  уақытта  Батыс  Европа  мемлекеттері  мұхит  жолы 

арқылы отарларға ие болып, Азия материгіне ауыз салған болатын.Ресей империясының 

теңізге  шығатын  жолы  болмағандықтан,  құрлық  арқылы  жаңа  жерлерді  басып  ала 

бастады.  ХҮІІІ  ғасырдың  басына  дейін  Ресей  империясының  қарамағына  байтақ  Сібір 

ҿлкесі,  Еділ  бойы  ҿткен  болатын.  ХҮІІІ  ғасырдың  20-30  жылдарында  патшалық  Ресей 

ҿзінің  сыртқы  саясатына  Орта  Азия,  Үндістан  елдерімен  тұрақты  қатынас  орнату  үшін 

күреске кіріскен кезі-тін. 

           Ал,  Қазақстан  болса,  оның  жолында  жатты.  Ерте  ме,  кеш  пе  бҽрі  бір  бұл  саясат 

қарудың  күшімен  болсын  іске  асатын  еді.  Осы  мҽселе  бойынша  ҽкелі-балалы 

Рычковтардың  «Капитан  жазбалары»  деп  аталатын  еңбегінде  мынадай  жолдар  бар: 

«Маусымның  7-сі  күні  патшаның  осы  мҽселелер  туралы  шыққан  жарлығында  былай 

делінген:«Бастаған  істеріміз  құдайдың  жҽрдемімен  ілгері  басуда.Азияда  1731  жылы 

жауынгер қазақ халқының ішіндегі ең бастысы—Кіші жүзді билеп тұрған Ҽбілхайыр хан, 

одан  соң  былайғы  екі  орданың хандары  мен білікті  рубасылары  сан  мың  қолымен  жҽне 

ҽсіресе,  бүкіл  қазақ  халқымен,  біздің  ҽскерлеріміздің  ешқандай  ҽрекетінсіз,  ҿз 

ықтиярымен бізге мҽңгілік бодан болды.»  Бұдан шығатын қорытынды Ресей империясы 

Қазақстанды  жаулап  алуға  дайындықта  болатын.Демек,  Ҽбілхайыр  ҿз  еркімен 

бодандыққа  ҿту  арқылы  Ресейдің  жаулап  алушылық  саясатын  болдырмады. 

Ҽбілхайырдың ҿтініші Ресей үшін де тиімді болды. 

          Ҽбілхайыр  хан  орыс  бодандығын  қабылдағанымен,  бұл  мҽселеге  немқұрайлылау 

қараған сияқты. «Іс жүзінде Ҽбілхайыр император ҽйелдің бірден-бір берілген қызметшісі 

болған  жоқ;  ол  кей  кездерде  Жоңғар  билеушілерінің  де  кҿңілін  жыққысы  келмеді.»,-- 

дейтін  Колгейт  университетінің  профессор  М.Б.Олкоттың  кҿзқарасының  жаны 


 

279 


бар.Шамасы  Ҽбілхайыр  Абылай  хан  сияқты  екі  жақты  сыртқы  алдамшы  саясат  ұстауы 

мүмкін. 


        Ҽбілхайыр  ханның  ҽрбір  қимылына  абайлап  қарайтын  болсақ,  оның  бұл  қадамы 

уақытша  жасалған  сияқты.Суонси  университетінің  ғалымы  А.Боджер  1980  жылдары 

жүргізген  еңбегінде  мынадай  қорытынды  жасады:  «1731  жылғы  Ҽбілхайыр  ханның 

қазақтарды  Ресей  бодандығына  енгізу  туралы  нақты  байламы  жоқ,  сҿз  жүзінде  ғана 

жасалған,  кез-келген  тиімді  уақытта  бас  тарта  салатын  бір  жақты,  еркімен  біреудің 

патронаждық  статусын  қабылдау  жҿніндегі  қадам  болды.  Ресей  билігін  мойындай 

отырып,  қазақтар  орыстардан  сыртқы  жауларына  қарсы  кҿмек  сұрауға,  шекаралы 

жерлердегі  жайылымдарды  пайдалану  мүмкіндігіне  ие  болуға  тырысты.Бірақ  патша 

үкіметі қазақтар ҿтінішіне тым ынта қоя қарады жҽне олар шын мҽнінде ҿз еркімен Ресей 

бодандары  болды  деп  есептеді.»  Тағы  бір  жерде:  «Қазақ  халқы  орыс  боданы  болуды 

қалады деген жормал шындыққа жатпайды. Ҽбілхайыр ҿзінің іс-ҽрекетінде жеке басының 

мүддесінде  саяси  мақсатты  кҿздеді,  бір  сҿзбен  айтқанда,  ол  да  орыстан  кҿмек  алуға 

тырысты,  бірақ  орыспен  қосылғысы  келмеді.»  Шынымен,  егер  1731  жылдан,  яғни  акт 

берген  уақыттан  кейінгі  Ҽбілхайыр  ханның  іс-ҽрекетіне  талдау  жасайтын  болсақ,  онда 

бодандық туралы шарттың негізсіз екендігін байқауымызға болады.     

            Басы ашылмаған тағы бір мҽселе--Ҽбілхайыр ханның ҿліміне байланысты. 

            Ҿзімізге белгілі нҽрсе Ҽбілхайыр ханның Ресейге ант беруіне қазақ сұлтандарының 

бір  бҿлігі  қарсы  болды.Осының  салдарынан  1748  жылдың  тамыз  айында  Ҽбілхайыр хан 

шекті тайпасының сұлтаны Барақтың қолынан қаза табады.Бірақ қай Барақ жҽне неге оны 

билер соты ақтап жіберді? 

             Қазақ  тарихында  Барақ  есімді  сұлтандар  да,батырлар  да  кҿп.Ҿзіміз  ҽңгіме  етіп 

отырған ХҮІІІ ғасырда екі Барақ  есімді қоғам қайраткерлері болған.Оның бірі—халқына 

еңбегі  сіңген,аты  аңызға  айналған,ҿжет  мінезіне  қарай  «Кҿкжал»  атанған  сұлтан 

Барақ.Екіншісі—аты онша елене қоймайтын,Ҽбілхайыр ҿліміне байланысты халық есінде 

қалған  Барақ  сұлтан.Біздің  тақырыбымызға  тікелей  қатысы  бары—екінші  Барақ.Билер 

соты неге адам ҿлтіруге қатысы бар  Барақ  сұлтанды ақтап шығарды? Енді  осы мҽселеге 

тоқталайық. 

             Билер  сотынан  ақталып  шығуының  бірінші  себебі—Барақ  сұлтан  Ҽбілхайырдың 

қазақ халқын Ресей боданына қарсы болған «халықтық» пікірді іске асырушы.Бұған қарсы 

мынадай  аргумент  келтіруге  болады.Барақ  сұлтанның  кҿздегені  халықтық  мүдде 

емес,жеке  бастың  мүддесі  болатын.Ол  Ҽбілхайыр  ханға  қарсы  болғанымен,орыс 

ҽкімшілігімен  байланыс  жасап,олардың  қазақ  даласына  қорған-қамалдарын  салуына  қол 

ұшын  берген  адам.Сондай-ақ,Хиуа  ханы  Қайыппен  де  астыртын  байланысы 

үзілмеген.Сондай қызметі  үшін Қайып оған сый керуенін жібереді.Ҽбілхайыр мен Барақ 

сұлтанның  арасындағы  қайшылықты  білетін  ҽлде  біреулер  жолда  керуенді  тонап,мұны 

істеген  Ҽділхайырдың  адамдары  деп  жеткізеді.Барақ  жедел  түрде  500  адамдық  жасақ 

құрып,Ҽбілхайырды  ҿлтіруге  аттанады.Бұл  кезде  Ҽбілхайыр  Орынбор  губернаторы 

Неплюевпен  қайта  келіскендей  болып,оралып  келе  жатады.Барақтың  ҿзіне  қарсы  қалың 

қолмен 

аттанғанын 



күні 

бұрын 


білсе 

де,қарсы 

жүреді.Барақ 

ештемеге 

қарамастан,Ҽбілхайырды ҿлтіріп кетеді. 

              Ақталуының  екінші  себебі  мына  дерекке  байланысты:«1748  жылы  Барақ  сұлтан 

Кіші  жүздің  Ҽбілхайыр  ханын  ҿлтіріп,ҿзін  жазалайтын  тҿрт  тҿбе  биді  қазақ  билерінің 

ішінен ҿзі таңдайды.Олардың арасында Ұлы жүздің Тҿле биі мен Кіші жүздің Ҽйтеке биі 

бар  еді.»--дейді  Шоқан  Уҽлиханов  ҿзінің  еңбегінде.Барақты  «сүттен  ақ,судан  таза 

қылып,ақтап  жіберген  «жеті  би»  бабамыздың  тҿрелігіне  таңырқағаннан  басқа,мақтау 

да,даттау  да  айту  орынсыз.Ал,  сҿйтіп  ақтап  жіберген  Барақ  сұлтан  арада  кҿп  ұзамай 

жоңғарлардың  арасына  қашады.Ҿз  ханын  ҿлтіріп,ҿз  халқынан  безген  жан  жат  жерден 

қандай опа таппақ.Айналасы үш жылдан кейін 1751 жылы ҿзі де опат болды. 

            Сҿз  соңында  айтарымыз,қоғамдағы  ҽрбір  құбылыстың  ҿз  орны,ҿз  уақытысы  

бар.Ҽділхайыр  хан  тарапынан  болған  құбылысты  да  ҿз  заман  биігінен  қарау  керек.Сол 


 

280 


заман тұрғысынан бағалау керек.Ҽйтпесе,қазіргі уақытта екі жарым ғасыр ҿткен соң,«сол 

кезде  ана  хан  ҿйтпеді,мына  хан  бүйтпеді,ана  батыр  сҿйткенде,біз  майданда  жеңілмейтін 

едік»  деп  тҿрелік  айтып,кҿсемсу  аса  қиын  шаруа  бола  қоймас.Ал,жан-жағынан  жау 

анталап,«шұбырынды  ақтабанға»  ұшыраған  халыққа  хан  болып  ел  басқару,батыр  болып 

қол  бастау  екінің  қолынан  келе  бермейтіні  ежіктемесе  де  барлығымызға 

түсінікті.Сондықтан  да,Ҽбілхайыр  хан  туралы  ҽлі  талай  мақалалар  жазылар,ҽр  түрлі 

пайымдаулар  жасалар,бірақ  сол  жасаған  тұжырымдарға  сын  кҿзбен  қарап,ҽділ  бағасын 

беруге тырысқан жҿн. 

   

Ҽдебиеттер тізімі 



1. Джон Кэстль. « 1736 жылы Кіші жүз ханы Ҽбілқайырға барып қайтқан  

    сапары туралы» Алматы. 1996 ж. 

2. Қазақстан тарихы. Ҽдістемелік журнал 1. 2005. Г. Ҿзбасарова: 

    «Қазақстанның Ресейге қосылуыныњ аяқталуы». 

3. М.Есламғалиев.Ҽбілхайыр. «Қазақ ҽдебиеті» 14.ҮІІІ. 1992 ж. 

4.Ш.Уҽлиханов.Шығармалар жинағы. Том № 1. Алматы. 1985 . 

5.Алан Боджер. Қазақ халқын орысқа бодан еткен хан Ҽбілхай 

      ыр туралы ағылшын тарихшысының пайымы. 12.ҮІ.1994 ж. 

6.Т.Ҽбдіразақов. Жоңғар шапқыншылығы жҽне оның ҽлеуметті 

       экономикалық зардаптары. «Егемен Қаз.» 12.ҮІ. 1995 ж. 

7.Х. Лұқпанов.Тарих шеңберін тарылпайық.«Егемен Қазақстан» 

     22. ҮІІІ. 1991 ж. 

8. Джон Кэстль. « 1736 жылы Кіші жүз ханы Ҽбілқайырға барып қайтқан сапар туралы»   

Атамұра. Алматы 1996. 

   

ҼОЖ 94(574) «1850/1917» 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет