Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ЕҢбектері


Патшалық Ресей тҧсындағы зерттеушілердің ғылыми ізденістері Қазақстан қола



Pdf көрінісі
бет44/77
Дата22.01.2017
өлшемі4,12 Mb.
#2420
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   77

Патшалық Ресей тҧсындағы зерттеушілердің ғылыми ізденістері Қазақстан қола 

дәуірінің дерек кӛздері ретінде  

Байгунаков Д.С., ҚазҰПУ, Алматы қ. 

 

      Кең  байтақ  Қазақстан  жерінде  адамзат  тарихының  түрлі  кезеңдерін  қамтитын  сан 



алуан  археологиялық  нысандар  арасынан  қола  дҽуірінің  ескерткіштері  ерекше  орын 

алады. Жазбаша деректемелер жоқ байырғы кездегі  мұнда тіршілік еткен түрлі  тайпалар 

мен  халықтардың  тоғысқан  тағдырынан  бірден-бір  ақпарат  беретін  дерек  кҿзін  жүйелеу 

қажеттілігі күн санап артып келеді. Ҽсіресе, патшалық Ресей тұсындағы зерттеушілердің 

қалдырған бірлі-жарымды мағлұматтарды дерек кҿзінде ретінде пайдалану арқылы Отан 

тарихының ежелгі кезеңдерін, байырғы халықтардың мҽдени-экономикалық байланысын, 

миграциялық  жолдары  мен  этникалық  үрдістерін,  ілкідегі  адамдардың  антропологиясы 

мен этногенез мҽселесін, археологиялық мҽдениеттердің дамуын анықтауға болатындығы 

белгілі. 

      Мұның  Қазақстанмен  іргелес  ірі-ірі  мҽдени-тарихи  аймақтардың  ҿткені  үшін  де 

маңызды  екендігі  анық.  Осындай  игі  іс-ҽрекеттердің  барлығы  ең  алдымен  мҽселенің 

зерттелу  тарихына  келіп  тіреледі.  Қолдағы  материалдарды  толымды  түрде  ғылыми 

талдаудан  ҿткізу  бірінші  кезекте  қола  дҽуірі  туралы  патшалық  Ресейдің  түрлі 

шекпенділері,  зерттеушілері  қалдырған  үзік-үзік  ақпараттарды  бір  ізге  түсіруді  қажет 

етеді. Мұны қазақтың белді археологтары Ҽ.Х. Марғұлан, К.А. Ақышев, М.Қ. Қадырбаев, 

Ҽ.М. 


Оразбаевтар 

«Древняя 

культура 

Центрального 

Казахстана» 

атты 


монографияларында  (1966),  «Археологическая  карта  Казахстана»  жинағының  очеркін 

жазған авторлар (Е.И. Агеева, А.Г. Максимова) біршама жазып кеткендігін айта отырып, 

олардың  ізденісі  негізгі  дерек  кҿзі  екендігін  ескерткен  жҿн.  Бірақ  бұл  еңбектердегі  қола 

дҽуірінің  зерттелуі  басқа  тарихи-мҽдени  кезеңдердің  ескерткіштерімен  бірге  ҿрбиді  де, 

аталған дҽуірдің тарихи-археологиялық дерек кҿздері жеке кҿрсетіле қоймайды, яғни есімі 

аталған ғалымдар қола дҽуірін Қазақстан археологиясының дамуымен бірге қарастырып, 

оны  бҿліп  кҿрсетпеген.  Соған  байланысты  республика  қола  ғасыры  ескерткіштерінің 

зерттелу  тарихы  шеңберінде  патшалық  Ресей  зерттеушілерінің  еңбектерінің  маңызын 

кҿрсету,  кейінгі  далалық  ізденістерге  тигізген  ықпалын  анықтау,  олар  қалдырған 

мҽліметтерге деректанулық талдау жасау керектігі уақыт ҿткен сайын байқалып келеді.    

        Республика жеріндегі қола дҽуіріне қатысты ақпараттар Қазақстан Ресейге қосылмай 

тұрып-ақ  патша  шенеуніктері  тарапынан  ұшыраса  бастаған  болатын.  Патшалық  Ресей 

Сібірді  жаулап  алғаннан  кейін  орасан  зор  аймақты  алып  жатқан  қазақ  сахарасына  кҿз 

тікті.  ХҮІІІ  ғасырдың  бас  кезіндегі  саяси  ауыртпалықтарға  ұшыраған  қазақтардың  бір 

бҿлігін  ҿзіне  қосып  алады.  Бұдан  кейін  біртіндеп  түрлі  мақсаттармен  қазақ  даласына 

экспедициялар  ұйымдастырып,  оның  қазба  байлықтары  туралы  ақпараттар  жинастыра 

бастады.  Сол  уақыттарда  Қазақстанның  археологиялық  ескерткіштері,  сҽулет  ҿнері  мен 

кездейсоқ  табылған  жҽдігерлері  жайлы  сҿз  қозғала  бастады.  Шындығына  келгенде, 

қарастырылып отырылған кезеңдегі ғылыми ізденістерді алғаш рет В.В.  Радлов жүйелеп 

берген  болатын.  Ғалымның  бірнеше  томдық  еңбектерінде  Қазақстан  археологиясының 

ерте кезеңдері бір ізге түсірілген.       

       Негізінен  алғанда,  қазақ  жеріндегі  қола  дҽуірі  ескерткіштеріне  (басқа  тарихи-мҽдени 

кезеңдердің  де)  деген  қызығушылықты  туғызған  Ресей  патшасы  І  Петр  указдары  десе 

болады.  1716,  1718  жылдардағы  указдарында  ол  кҿне  заман  жҽдігерлерін  жинастыруға 



 

316 


бұйрық берді. Указдарда тіпті обалардан алынған ежелгі адам қаңқасына мың рубль, бас 

сүйегі үшін бес жүз рубль кҿлемінде сый-ақы берілетіндігі де кҿрсетілді /1/. Сҿйтіп, осы 

уақыттан  кейін  Қазақстан  мен  Сібірдің  мҽдени  ескерткіштерінің  талан-таражға  түсуі 

басталды. Үкімет тіпті обаларды қазатын адамдарды тағайындап та отырды. Патшаның ҿзі 

Мессершмидтті  Сібірге  жіберіп,  түрлі  жҽдігерлерді  жинастыруға  тапсырма  берді. 

Мессершмидт 1719 ж. Сібірге жетеді де, мұнда бірнеше жыл тұрады. Ол Сібірде, Есіл мен 

Ертіс аралығында зерттеулер жүргізіп, орталыққа үнемі есеп беріп отырды. Оның есебінде 

Есілде  тұратын  орыстар  молалардан  алтын  мен  күміс  іздеуді  кҽсіп  еткендігі,  олар  тіпті 

Обь  ҿзеніне  дейін  жеткендігі  айтылады  /2/.  Мессершмидт  кҿне  обалардан  темір,  мыс 

бұйымдар,  жылқы  ҽбзелдерін,  сауыт-сайман  бҿліктерін,  идолдар,  т.б.  заттар  тауып 

жататындығын,  кейде  алтын  мен  күміс  бұйымдар  табылатындығын  жазып  қалдырған. 

Мессершмидт пен Геннин елеулі олжалар Павлодардан оңтүстікке қарай жатқан аймақтан 

табылып  жатқандығын  жазады.  1711-1721  жылдары  Тобылда  тұрған,  Мессершмидттің 

қасында ұзақ уақыт бірге жүрген Ф. Страленберг кейіннен ҿз отаны Швецияда экспедиция 

кезінде  табылған  бірқатар  материалдарды  ҿз  кітабында  жариялап  жарыққа  шығарды  /3/. 

Кітапта берілген жҽдігерлер арасындағы Павлодарлық Ертіс маңында орналасқан обадан 

қазып алынған алтын медаль (медальон) ерте замандағы жарқын коллекцияны құрайды.      

       Қазақстанның  жеріндегі  археологиялық  нысандарды  зерттеуге  Г.Ф.  Миллер  сынды 

ғалым  да  зор  үлес  қосқандығы  белгілі.  Оның  «Изъяснения  о  некоторых  древностях,  в 

могилах  найденных»  атты  шығармасы  біз  қарастырып  отырған  тақырып  үшін 

басқаларына  қарағанда  құндырақ,  ҿйткені  мұнда  автор  обалардан  аршып  алынған 

кҿптеген материалдарға сипаттамалық ақпарат береді. Ғалым бұл еңбегінде Еділ, Тобыл, 

Ертіс,  Обь  ҿзендері  алабындағы  обалардан  асыл  заттар  кҿптеп  шығатындығын  жазып 

қалдырған /4/.  

       Кҿлемді де ауқымды обалар туралы мҽліметтерді капитан Н.П. Рычков та қалдырған. 

Н.П.  Рычков  1771  жылы  Есіл,  Торғай,  Ұлытау  мен  Атбасар  далаларына  саяхат  жасап, 

ҿзінің  есептік  шығармасында  бірқатар  археологиялық  нысандарды  сипаттап  ҿтеді. 

Материалдарының арасында Сарыарқадағы Қараторғай ҿзені алқабындағы үлкен обаларға 

орын  берілген.  Капитан  обалардың  кҿлемін  жаза  отырып,  оларды  скифтер  уақытымен 

белгіледі  /5/.  Біздіңше,  бұл  сол  кездері  жасалған  ең  ерте  кезбен  мерзімделген 

ескерткіштердің бірі болып табылады. Обалардың қола дҽуіріне де жатуы ғажап емес. 

        Қола дҽуіріне тҽн обаларды немесе тас қоршауларды белгілі зерттеуші Н.И. Потанин 

1829  ж.  Семейден  Созаққа  дейін  жүріп  ҿткен  жолында  Орталық  Қазақстан  ҿңірінен 

кездестіреді.  Ҽлбетте,  Н.И.  Потанин  бұл  ескерткіштердің  палеометалл  дҽуірінен 

жататындығын ол кезде білген жоқ еді. Бұл құрылысты кейіннен «Древности Киргизской 

степи  и  Оренбургского  края»  атты  еңбегінде  И.А.  Кастанье  былай  деп  сипаттайды:  «В 

Токраунской  волости,  у  подошвы  гор  Бегазы  есть  4  замечательные  могилы,  кругом 

которых установлены каменные столбы, числом у каждого могилы 18 и более...» /6, 126/. 

Кейіннен  аталмыш  мҽдениеттің  отандық  тарихнамада  орнығуына  бұдан  кейін  жарты 

ғасырдай уақыт ҿтті.  

        ХІХ  ғасырда  басталған  ҽкімшілік  бҿліністерден  соң  Қазақстанның  қазба  байлығын 

игеру  мақсатында  мұнда  барлауға  келген  орыс  шенеуніктері  мен  ғалымдары  ежелгі  кен 

орындарын  іздестірумен  болды.  Нҽтижесінде  бірқатар  кҿне  кен  орындары  анықталды. 

Телятников, Безносиков, Поспелов, Бурнашев, Б. Герман, И. Шангин, Г. Розе, В. Ледебур, 

А.  Гумбольдт,  Татаринов,  А.Габриели,  Д.Богословский,  К.Григорович,  Г.Романовский, 

т.б. тау кен инженерлері мен геологтардың еңбектерінде Орталық Қазақстандағы байырғы 

кеннің  орындары,  шахталары  жайлы  мҽліметтер  жинастырылды  /7,  21-24/.  Бұл 

ғалымдардың  геологиялық  ізденістерінде  түрлі  кезеңдерді  қамтитын  археологиялық 

нысандар  да  аталады.  Кҿне  қорымдарды  немесе  тас  плиталардан  тұратын  обалар  мен 

қоршауларды  кҿбіне  осы  геологтардың  ғылыми  зерттеулер  жүргізген  аймақтарынан 

кҿптеп кездестіруге болады. Мұның ҿзі сол кезде-ақ табиғи жағдайы ҿмір сүруге қолайлы, 


 

317 


кен байлықтары мол жерлерді қола дҽуірі тайпалары қоныстанғандығын кҿрсетіп берген 

еді. 


       Табылған ескерткіштерді жүйелеу, кезеңдестіру жұмыстары да қолға алына бастайды. 

Бұл  бағытта  Сібір  мен  Қазақстанды  зерттеген  Г.И.  Спасский  еңбектерінің  маңызы  зор. 

Алғашқылардың  бірі  болып  бұл  ғалым  табылған  ескерткіштерді  түрге  (типке)  бҿлуге, 

классификациясын  жасауға  талпынды.  «Древности  Сибири»  атты  мақаласында  Г.И. 

Спасский  үлкен  обалар  мен  тас  қоршаулардың  тарихи-мҽдени  мҽніне  талдау  жасады  /7, 

25/.  


       Түпкі  мақсаттары  жаңа  кен  кҿздерін  анықтау  болған  кҿптеген  геологтар  ежелгі  кен 

орындары  іздестіріп  жүрген  кезде  біршама  археологиялық  нысандарды  ұшырастырып 

отырған  болатын.  Мұндай  нҽтижелі  іс-ҽрекеттерді  Қазақстанда  ұзақ  уақыт  тұрған 

А.Вланги,  С.Б.  Броневский,  М.Красовский,  Л.Мейер  тарапынан  кҿреміз.  Алғашқы 

зерттеуші  бұрынғы  кен  қазу  ісі  қазақтарда  сақталғанын  жазса,  одан  кейін  аталған  автор 

Қарқаралы  маңындағы  Кент  жанында  орналасқан  обаларда  қазба  жұмыстарын  жүргізеді 

де,  алтын  сырға,  мыстан  жасалған  ҽбзел  бҿліктері  мен  қару-жарақтар,  құмыра 

бҿлшектерін  қазып  алады.  Мамандардың  есептеуінше,  С.Б.  Броневский кейінгі  қола  мен 

ерте темір дҽуірінің обаларын қазған /7,30/.  

       Мұндай ақпараттар ХІХ ғасырдың екінші жартысында молая түсті. Бұл кездері Ш.Ш. 

Уҽлиханов,  А.С.  Уваров,  В.В.  Радлов,  т.б.  зерттеушілер  біршама  нҽтижелерге  қол 

жеткізді. Қазақтың танымал ғалымы Ш.Уҽлиханов та Орталық Қазақстандағы қола дҽуірі 

ескерткіштерін  сипаттап  кетті.  Ол:  «На  пути  из  Каркаралов  в  Актав  встречается 

множество гробниц, составленных из плит, вертикально и плотно сжатых между собой, с 

одной стороны находятся двери. Подобные галереи есть в Большой Орде» -деп жазады /8, 

36/.  Бұған  қарағанда,  Ш.Уҽлихановқа  тек  орталық  ҿңірлердің  ғана  емес,  Оңтүстік 

Қазақстан мен Жетісу жеріндегі қола дҽуірлерінің ескерткіштері мҽлім болғанға ұқсайды.  

       Ал,  А.С.  Уваров  ҽсіресе  кҿне  замандағы  тас  мүсіндер  мен  мегалиттік  құрылыстарға 

қызығушылық  танытты.  Ол  «Мегалитические  памятники  в  России»  деп  аталатын 

мақаласында дольмендер Ресейдің азиялық бҿлігінде кҿптеп ұшырасатындығын айта келе, 

біздің  ел  қола  дҽуіріндегі  дольменді  қалдырған  халықтардың  орталығы  болды  немесе 

оның бесігі іспеттес деген еді /9/. 

       Қазақстан  патшалық  Ресейдің  құрамында  болған  кезде  В.В.  Радлов  қола  дҽуірі 

ескерткіштерін  біршама  зерттеді.  Ол  1862  ж.  Аягҿзге  жақын  маңнан  Қарқаралы 

округынан,  Семей  тҿңірегінен  бірнеше  қола  дҽуірі  нысандарында  қазба  жұмыстарын 

жүргізеді  де,  сол  уақыттарға  жататын  бұйымдарды  (мыс  пышақ,  т.б.)  аршып  алады. 

Мұндай  заттарды  В.В.  Радлов  Құланды,  Ақмола  ҿңірлерінен  де  тапқан  болатын.  Табиғи 

жағдайларға, археологиялық артефактіге қарап В.В. Радлов кҿршілес ҿңірлермен (Алтай, 

т.б.) бірге қазақ сахарасы да мыс, қалайы, алтын ҿндірген аймақтарға кірді деп есептейді. 

Алғашқылардың  бірі  болып  ҿз  заманында  бұл  ғалым  Оңтүстік  Сібір  мен  Қазақстанның 

солтүстік-шығыс  аудандарынының  мҽдениетінің  тарихын  мыс  немесе  қола,  ежелгі  темір 

жҽне жаңа темір, ерте орта ғасырлар секілді кезеңдерге бҿлді  /10/. 

       В.В.  Радлов  секілді  ескерткіштерді  бҿлу,  жүйелеу  сынды  жұмыстарға  тау  кен 

инженері  М.  Копалов  та  ҿзіндік  үлесін  қосты.  М.Копалов  Орталық  Қазақстандағы 

ескерткіштерді  алты  топқа  бҿлді.  Зерттеушінің  ойынша  олар  -    кҽдуілгі  мола, 

қабырғасынан қойылған тастар (андроновтық қоршаулар), қисық сызықтылар (кҿне бҿген 

қалдықтары), тҿбелер (обалар), кен орындары мен бекіністер еді /11, 20/.  

      Бір айта кететін жайт, қола дҽуірінің ескерткіштері І Петр патша заманынан бастап жиі 

тоналып келді. Ескерткіштерді сақтау, бүлдірмеу сынды жұмыстарды сол замандағы озық 

ойлы азаматтар (Г.И.Спасский, т.б.) үнемі айтып отырды. Сонда да болса жеке мүдделерін 

кҿздеген  ауқатты  адамдар  ескерткіштерді  тонаумен  айналысып,  «тҿбешік  қазушылар» 

(бугровщик) экспедициясын ұйымдастыра берді. Айталық, Семейде саяси айдауда болып 

кҿп жыл осында тұрған Н.Я. Коншин ХХ ғ. Бас кезіндегі ҿз жазбаларында А.Ф. Сорокин 

деген  кҿпестің  ұйымдастыруымен  жүргізілген  қазба  жұмыстарының  нҽтижелерін 



 

318 


келтіреді.  Н.Я.  Коншин  жазбаларына  қарағанда,  А.Ф.  Сорокин  кҿбіне  тас  мүсіні  бар 

обалар  мен  беғазы  типіндегі  үлкен  тас  плиталы  қоршауларды  қазған.  Бұл  ескерткіштер 

Күркелі,  Ермектас  шатқалдарында  орналасқан.  Н.Я.  Коншин  Күркелі  шатқалынан 

дҿңгелек  келген  оншақты  обаны  есептеген.  Олар  тас  плиталарынан  тұрғызылған.  Оба 

ішіндегі  тас  жҽшіктерден  қыш  құмыраларын,  алтын  бұйымдар  (сырға,  т.б.)  тапқан. 

Мамандар  А.Ф.  Сорокин  кейінгі  андроновтық  қоршауларды  қазған  деп  пайымдайды  /7, 

37-38/.  

       ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  Шығыс  Қазақстаннан  Ф.Н.  Педащенко,  А.Н.  жҽне  Б.Н. 

Белослюдов  секілді  зерттеушілер  андронов  мҽдени-тарихи  қауымдастығына  жататын 

ескерткіштерді  тауып  зерттеді  /12/.  Бұдан  ҿзге  аймақтардан  да  қола  дҽуіріне  жататын 

материалдар табылып жатты. 1910 ж. В.И. Каменский Ертіс алқабында қазба жұмыстарын 

жүргізеді.  Ол  Ҿскеменнен  солтүстік-батысқа  қарай  ҿңірден  бірнеше  ескерткіштерді 

зерттеп,  сан  алуан  материалдар  (ҿрнекті  қыш  ыдыстары,  кҿбі  алтынмен  кҿмкерілген 

сырға, сақина, тоға мен қапсырма, т.б. заттар) жинастырады /13/. Экспедиция жұмысына 

Бобков, Бокий, Пилетич секілді зерттеушілер қатысты /14/.    

       1911  ж.  Солтүстік  Қазақстанда,  Петропавл  тҿңірегінен  Ю.В.  Аргентовский 

қоршауларды  аршып,  қызықты  материалдар  жинастырады  /7,42/.  Мұндай  материалдар 

ХІХ  ғасыр  аяғы  мен  ХХ  ғасыр  бас  кезінде  кҿптеп  жинала  бастайды.  Жылма-жыл 

археологияға деген қызығушылық ұлғайып, оның қалыптасуы жүріп жатты. Бұған ҽсіресе 

Ресей  Географиялық  қоғамының,  Орынбор  мұрағат  комиссиясының,  Археология  

ҽуесқойларының  Түркістан  үйірмесі  сынды  ғылыми  орталықтардың  мүшелері  мол  үлес 

қосты.  Түрлі  жұмыстармен  айналысып  жүрген  патша  ҽкімшілік  мекемелерінің 

қызметкерлері,  ҽскерилер  мен  арнайы  мамандар  (геолог,  тау-кеншілер,  картограф, 

топограф, т.б.), ҽуесқой ҿлкетанушылар қазақ сахарасының түкпір-түкпірінен археология, 

оның ішінде қола дҽуірі жайлы азды-кемді мҽліметтер жинастырумен ішінара айналысты.  

       Қорыта  айтқанда,  кез  келген  ғылыми  ақпараттың  ҿзіндік  рҿлі  бар  десек,  Қазақстан 

патшалық Ресей құрамында болған кезде ҿлке табиғи байлықтарын зерттеуге келген түрлі 

мамандардың  да  еңбектері  де  бүгінгі  күні  отандық  тарихнама  үшін  деректік  қорды 

құрайды.  Жинастырылған  қола  дҽуірі  жайлы  мҽліметтердің  барлығының  деректік  құны 

ҽрдайым  жоғары  болып  қала  береді.  Себебі  бұл  ізденістер  кеңестік заманда  жҽне  қазіргі 

уақытта  археологиялық  жұмыстардың  белгілі  бір  тарихи-мҽдени  ҿңірде  жүргізілуіне, 

ескерткіштерді  іздестіріп  табуға  бағыт-бағдар  беріп  келеді.  Қарастырылған  уақыттағы 

зерттеушілердің  еңбектерін  дерек  кҿзі  ретінде  қарастыру  отандық  тарих  пен 

археологияның дамуына мол мүмкіндіктер беріп отыр.  

       Біз  қарастырған  кезеңдегі  ізденістердің  ҿзіндік  ерекшеліктері  бар.  Арнайы 

археологиялық  далалық  жұмыстар  кҿп  жағдайда  жүргізілген  жоқ.  Тек  бірен-саран 

ескерткіштерде ғана қазба жұмыстары жүргізілді. Оның ҿзінде жаңадан қалыптасып келе 

жатқан  археологияның  ҽдістемесін  меңгерген  мамандар  жоқ  еді.  Кҿпшілік  ғалымдардың 

бір-бірімен  ғылыми  байланысы  ҽлсіз  болып,  нендей  дүниелердің  қай  уақытқа 

жататындығы жайлы хабарлары болмады. Ескерткіштердің кезеңдестірілуі, хронологиясы 

мен  корреляциясы  жайында  қозғалған  сҿз  некен-саяқ  еді.  Қола  дҽуіріне  жататын 

археологиялық нысандардың кҿбіне суреттемесі ғана жасалынып, олар басқа дҽуірлермен 

мерзімделіп отырған кездері жиі ұшырасады.  

       Қола  дҽуірі  ескерткіштері  зерттелуінің  осы  кезеңіне  тҽн  нҽрсе  –  ежелгі  кен 

орындарына  мамандар  тарапынан  басқа  ескерткіштерге  қарағанда  жиі  назар  аударылды. 

Қазақстан шикізат кҿздері сол кезден бастап талан-таражға ұшырай бастады. Бұл жағдай 

тарихи  ескерткіштердің  бүлінуіне,  қирауына  алып  келді.  Дегенмен,  осы  кездері  ҽлі  де 

кҽсіби білімі жоқ мамандар тарапынан жасалынған біршама материалдардың суреттемесі 

қазір жоғалып кеткен ескерткіштер жайлы дерек кҿзі ретінде қарастырылады.     

 

1.



 

Сборник исторического общества. Т.ХІ, СПб., 1873. С. 372. 

2.

 

Радлов В.В. Сибирские древности, Т. І. СПб., 1888. С.10.  



 

319 


3.

 

Stralenberg. Nord und Ostliche Theil fon Europa und Asia. Stokholm, 1730. 



4.

 

Миллер  Г.Ф.  Изъяснения  о  некоторых  древностях,  в  могилах  найденных  / 



Ежемесячные сочинения и известия об ученых делах. СПб., 1764. т.ХХ. С. 483-515. 

5.

 



Рычков Н.П. Дневные записки путешествия капитана Николая Рычкова в Киргиз-

Кайсацкой степи в 1771 году. СПб., 1772. С. 44-81 

6.

 

Кызласов Л.Р. и Маргулан А.Х. Плиточные ограды могильника Бегазы / КСИИМК. 



Вып. ХХХІІ. 1950. С.126-136 

7.

 



Маргулан  А.Х.,  Акишев  К.А.,  Кадырбаев  М.К.,  Оразбаев  А.М.  Древняя  культура 

Центрального Казахстана. А.-А., 1966. – 435 с.  

8.

 

Валиханов Ч.Ч. Собр. Соч. Т.І, А.-А., 1961, -400 с. 



9.

 

Уваров  А.С.  Мегалитические  памятники  в  России.  Древности.  /  Тр.  Московского 



археол. Общества. 1876, Т.ҮІ. Вып. 3.  

10.


 

 Радлов  В.В.  Сибирские  древности.  Из  путевых  записок  по  Сибири.  Перевод  с 

немецкого А.А. Бобринского. СПб., 1896  

11.


 

 Копалов  М.  Памятники  старины  киргизской  степи  /Записки  Уральского  общ. 

Любит. Естествозн. Екатеринбург, 1891-92. Т.ХІІІ. вып. 1. С. 19-22. 

12.


 

Грязнов М.П. Казахстанский очаг бронзовой культуры / Сб. Ст. Антропол. Отряда 

Казахстанской экспед. Академии наук СССР. Л., 1930, вып. 15.С.149-162 

13.


 

Теплоухов  С.А.  Древние  погребения  в  Минусинском  крае  /  Материалы  по 

этнографии, 1927. т.ІІІ. вып.2. С. 57-112  

14.


 

 Черников  С.С.  Восточный  Казахстан  в  эпоху  бронзы  /МИА,  №88.  М.:-Л.,  1960.  -

271 с.    

  

 Автор в статье рассматривая труды исследователей в качестве источника подводить итоги 



археологических  работ  и  полевых  изысканий  эпохи  бронзы  на  территории  Казахстана 

проведенными учеными разных профессий при царской России. В ней широко освещены 

вопросы бронзового века того периода. Определена роль каждого ученого и подводиться 

итоги  многолетних  работ.  Анализируется  публикации  ученых.  Наиболее  важной  частью 

оригинальных  исследований  автора  является  попытка  установления  хронологических 

этапов  развития  полевых  изысканий,  также  указаны  основные  причины  изучения 

бронзового века при царизме.  

    


The Author is in article to take stock of archeological work and field prospecting the 

epoch of bronze on territory Kazakhstan called on scientist of the miscellaneous profession under 

tsarist Russia. In her broadly lit questions of the bronze age of that period. The Certain role each 

scientist and be totals of the perennial work. The publications scientist is Analyzed. The most 

important part of original studies of the author is an attempt of the determination 

хронологических stage of the development of the field prospecting, is also specified main 

reasons of the study of the Bronze Age at tsarist.  

 

УДК 377.031 



Из опыта работы по созданию  и применению УМК  по дисциплине  «Основы 

философских знаний» 

Башмачникова О.В., УКГНиОТ, г. Уральск 

                                                         

       Современное 

общество 

предъявляет 

высокие 

требования 

к 

подготовке 



конкурентоспособного  специалиста:  профессионализм,  компетентность,  чувство  нового, 

повышение интеллектуального уровня будущего специалиста, расширение его кругозора.  

       Важнейшей 

задачей  повышения  качества  обучения  в  системе  среднего 

профессионального  образования  является  поиск  таких  форм  и  методов  организации 

учебного процесса, которые позволяют обеспечить его максимальную эффективность.  



 

320 


 Один  из  путей  решения  этой  проблемы  это  создание  УМК  адекватных  быстро 

трансформирующейся социально – экономической жизни нашего общества. 

       Отправной  точкой  для  моей  работы  стал  семинар    «УМК  как  средство  обеспечения 

урока  методическим  и  дидактическим  материалами»  проведенный  в  «УКГНиОТ»  18 

ноября 2005 года, где нас ознакомили со структурой и спецификой создания УМК.  

          Я  поставила  себе  задачу  разработать  УМК,  который  бы    соответствовал 

государственным  требованиям  к  уровню  подготовки  и  обязательному  содержанию  по 

дисциплине.  Не  предлагал  бы  готовых  рецептов,  а  организовал  возможность  выбора, 

представлял интеллектуальные основания самопознания.  

 Цели создания УМК с учетом  специфики дисциплины: 

- систематизация нормативных, методических, дидактических материалов; 

- оптимизация подготовки и проведения занятий; 

-  развитие  познавательной  активности  через  дифференцирование  заданий  с  учетом 

индивидуальных способностей учащихся

- совершенствование педагогического мастерства; 

       - обеспечение единства условий развития познавательной творческой деятельности. 

             При подготовке УМК был обобщен весь накопленный за годы работы материал, с 

целью  создать  лаконичный  по  изложению,  компактный  по  объѐму  комплекс  курса.  Он 

задуман,  в  качестве  методической  помощи  преподавателям  социально-гуманитарных 

дисциплин  в  обучении  учащихся  началам  философствования  и  ориентирующий  в 

направлениях углубленного изучения философии. 

              В  процессе  работы  главное  было  изложить  содержание  курса  без  навязывания 

своих  пристрастий,  без  идеологизированного  или  политизированного  налѐта,  т.е.  нужно 

было  отказаться    от  традиции  советской  учебной  литературы  рассматривать  философию 

по принципу «лучших» и «худших».  

             Данный  УМК  решает  проблему  теоретико-методологического  обеспечения 

процесса  обучения  философии  и  выполняет  следующие  функции:  информационную, 

систематизирующую, 

развивающую, 

координирующую, 

мотивационную, 

контролирующую, ориентационную, воспитательную.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет