Іі хАлыҚАрАлыҚ ғылыми-тәжірибелік конференЦиясы ғылыми баяндамалар


биология сабаҚтарында оҚуШылардың функционалдыҚ сауаттылығын



Pdf көрінісі
бет70/74
Дата12.03.2017
өлшемі4,54 Mb.
#9206
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74

биология сабаҚтарында оҚуШылардың функционалдыҚ сауаттылығын 
даМыту Жолдары
Қыдырпатшаева к. о.
«Жезқазған қаласындағы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 
№8 қазақ гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
биология пәнінің мұғалімі
Қазақстан Республикасы
аңдатпа 
еліміз үшін маңызды болып табылатын мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын да-
мыту негізгі құзыреттіліктер жүйесі арқылы жүзеге асыру жолдары қарастырылған.
аннотация 
рассмотрены пути развития функциональной грамотности учащихся через систему основных  ком-
петентностей.
Abstract 
this  article  proposed  about  the  ways  of  functional  knowledge    of  pupuls  through  the  main  systems 
competencies. 
елбасы н. назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан 
дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық 
сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты  міндет қойды 1.
Аталған  міндет  Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарына  кіруі  процесінде  де 
маңызды болып табылады. еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу 
жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және 
шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып 
табылады. бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан республикасында білім беруді 
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген . ондағы басты 
мақсат  жалпы  білім  беретін  мектептерде  Қазақстан  республикасының  зияткерлік,  дене  және  рухани 
тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін 
қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

538
539
функционалдық  сауаттылықты  дамыту  нәтижесі  оқушылардың  алған  білімдерін  практикалық 
жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі 
құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады. негізгі құзыреттілік - бұл мемлекеттің орта мектепті 
бітіруші  тұлғаның  сапасына  мемлекеттік  жалпы  білім  стандартында  және  оқу  бағдарламаларында 
көрсетілген білім беру нәтижелері түрінде қоятын талаптары.
орта мектепті бітірушінің мынадай негізгі құзыреттіліктері белгіленген; 
басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);
Ақпараттық (өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім ала білуі);
коммуникативтік (қазақ, орыс және ағылшын (шет) тілдерінде ауызша, жазбаша және нәтижелі 
қарым-қатынас жасауға қабілеті);
әлеуметтік (әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеті);
тұлғалық (өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтау, төзімді болу 
қабілеті);
Азаматтық (қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық негізінде өзінің отаны үшін жауапкершілікті 
сезіну қабілеті);
технологиялық  (тиімді  пайдалану  деңгейінде  технологияларды,  оның  ішінде  ғылыми,  сандық 
технологияларды пайдалану қабілеті).
негізгі  құзыреттіліктен  басқа  жекелеген  пәндік  салалар  шеңберінде  пәндік  құзыреттілік:  оқу  пәні 
шеңберінде меңгерілген ерекше білім, іскерлік, дағды ерекшеленеді.
биология ғылымы – қазіргі таңда ғылым мен қоғам үшін басты назарда болып отыр. биология ғылымына 
деген ізденістер мен сұраныстар жылдан-жылға артуда. бұлай дейтін себебіміз, биология ғылымынсыз бүкіл 
тіршілік әлеміне қауіп төндіріп отырған экологиялық зардаптардың алдын алу, табиғатты қорғау, халық 
қажеттілігін қамтамасыз ету, соның ішінде денсаулық сақтау, өндірістік орындар мен ауыл шаруашылығы 
саласын  көтеру,  мүмкін  емес.  осы  салаларға  керекті  білікті  мамандарды  дайындау  үшін  мектептерде 
биология пәнін тереңдетіп, кеңейтілген бағдарлама бойынша оқытуымыз қажет. бұл үшін мұғалімдерге 
қазіргі  білім  берудің  жаңа  ақпараттық  технологияларын  игермейінше,  сауатты,  жан-жақты,  білім  беру 
мүмкін емес.білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқушылардың пәнге деген 
қызығушылығын әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белсенділігін арттыру мақсатында интерактивті 
тақтаны пайдаланып, сабақ өткізудің де көптеген мүмкіншіліктері бар. Қазіргі уақытта жаратылыстану 
ғылымынан  білім  беруде  интерактивті  құралдарды  қолдану  өте  тиімді.  интерактивті  құралдардың 
көмегімен  мұғалімнің,  оқушының  шығармашылықпен  жұмыс  істеуіне  жол  ашылып  отыр.мен  жаңа 
сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеуге тырысамын. оқушылардың 
өздігінен танып-білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді 
өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жетелеймін. ол үшін оқытудың интерактивті формаларын сабақта 
қолданамын. мысалы, жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар, блок-схема, графиктер, диаграмма, 
тірек-схема, көрнекіліктер және анықтама құралдары, ойын арқылы оқыту, сөзжұмбақ, ребустар, тестілеу.
оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. интерактивті 
тақта арқылы  электронды оқулықтарды қолданып,  көшіріп  алуға, қосымша материалдарды да көшіріп 
енгізіп,  белсенді  жұмыс  істеуге,  тақта  ретінде  жазуға,  сызуға,  өшіруге,  дайын  сызбаны  жасап  қоюға, 
жартылай  жауап  кезінде  қолдануға  т.с.с.  көптеген  іс-әрекеттерді  жасауда  уақытты  үнемді  пайдалануға 
болады. интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты 
сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек.  
Қашанда, жас ұрпаққа бүгінгі заманға сай білім беру үшін Қазақстанның индустриялық-инновациялық 
даму жоспары аясындағы жаратылыстану ғылымдарын оқытуды модернизациялап, оқу үрдісінде білім 
берудің  жаңа  технологияларын  енгізудің,  оқушылардың  функционалды  сауатын  арттырумен  қатар, 
оларды кәсіби өмірге дайындап, оқушылардың тәрбие ісіне көңіл бөлудің маңызы зор.
 Өмір бір орында тұрып қалмай, әрдайым жаңалықтармен толықтырылып отырады. сондықтан өмірдің 
жаңалықтарына бет бұрып, жаңаша білім беру тәсілдерін ойлап табу – әр пән мұғалімінің негізгі мақсаты. 
білім    беру  саласының  дербестігін  кеңейту,  білім  беру  ісін  басқаруды  демократияландыру  еліміздің 
мектептерінде  оқытудың  белсенді  және  инновациялық  әдістері  мен  педагогикалық  технологияларды 
тиімді пайдалануды қажет етеді.
  жаңа  педагогикалық    технологиялардың  ерекшеліктері  –  оқушының  танымдық  белсенділігін, 
ізденімпаздығын қалыптастыра білу. оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру мұғалімнің оқушының өзін-өзі  
дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылығының өздігінен іс-әрекет ету даралық 
қабілеттерінің  артуына  себін  тигізеді.  мұндай  жаңа  технологияларды  пайдаланып  оқыту  барысында 
оқытушыға қойылатын негізгі талап оқушының берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау 
жолдарын  көрсету,  оқушыға  өз  ойын  рет-ретімен  толық  жеткізуді  үйрету  болып  табылады.  балаға  өз 
ойын  қысылмастан  айтуға  мүмкіндік  беру,  оған  пікір  еркіндігін  сездіру  оқушының  сол  сабаққа  деген 
қызығушылығын арттырады. сонымен қатар сабақ барысында техникалық жабдықтарға, көрнекіліктерге 
жүгіну  оқытушыға  уақытты  үнемдеуге,  аз  уақыттың  ішінде  бірнеше  оқушының  білімін  бағалауға, 
бағдарламадағы  материалды  қай  дәрежеде  меңгергенін  айқындауға  мүмкіндік  береді,  бұл  оқушының 
білім деңгейін қадағалаудың ең тиімді тәсілі. себебі, оқушының білімін тексеру, оның мүмкіндіктерін 
айқындау – оқыту кезеңінің ең маңызды бөлігі. 
жаңа ғасыр табалдырығын аттап тұрып ел президенті н.назарбаев Қазақстан халқына жолдауында 
«…біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп,кемелденеді біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге 
ер жетеді.олардың өз ішінде жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері бар.
олар  бабаларының  игі  дәстүрін  сақтай  отырып,  қазіргі  заманғы  нарықтық  экономика  жағдайында 
жұмыс істеуге даяр болады.олар бейбіт,абат, жылдам өркендеу үстіндегі бүкіл әлемге әйгілі әрі сыйлы 
өз елінің патриоттары болады,»- деген болатын.олай болса бүгінгі мұғалімнің алдында шығармашылыққа 
бейім жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр.
«баланың шығарма.шылық қабілетін ашу,оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдай жасау 
қажет’’. оқушының дарындылығының даму,қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, 
және  оның  тұлғалық  қасиетіне  байланысты  екені  айдан  анық.Ұстаздың  алдында  қолын  созған,өмірге 
ерекше  талпынған  жас  ұрпақ  тұр.  білім  берудегі  шынайы  мақсат  –  адамға  белгілі  бір  білімді  зерттеу 
ғана  емес,  сондай-ақ  оның  рухани,  адамгершілік  тұрғыдағы  мәнін  дамыту.  бүгінгі  таңда  балалардың 
өмірден орын табуы үшін өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсінуіне де көмектесудің 
қажеттілігі арта түсуде.
оқушының  шығармашылығын  арттыру  үшін  жеке  тапсырма  қосымша  сабақтар  өткізу,  сабақта 
қызығушылығын  арттыру,  кесте  толтыру,  бақылау  жұмыстарын  әр  тақырып  бойынша  өткізу,  тест 
дайындығын үйрету. Өзін-өзі тану баланы жолдастары арасында өзін сыйлата білуге, өзін-өзі жетілдіріп 
басқадан үлгі алуға , қоршаған орта жағдайында өзін-өзі бағып алуына , өз бетінше бір шешім айта алуына, 
әр  іске  жауапкершілікпен  қарауға  тәрбиелейді.бірақ  бұл  жолда  мұғалімге  үлкен  шығармашылықпен 
ізденіс  керек.онсыз  ұстаздың  бала  жүрегіне  жол  табылуы  мүмкін  емес.  биология  пәні  сабақтарының 
ерекшелігі- оқушылардың үнемі қарым-қатынаста болатындығы. балалар өзі туралы, өзінің ішкі ойлары, 
көзқарасы, кез-келген іс-әрекетіне қарсы ойын немесе пікірін білдіре алады. сабақтың өзіне тән ерекшелігі- 
сабақтың стандартты емес түрлері ұсынылады: талдау сабақтары, сайыс сабақтары, экскурсия сабақтары, 
ойын сабақтары, топсеруен сабақтары т.б. биология пәнінің сабақтан тыс жұмыстары сабақта меңгерген 
білімдерін іс-жүзінде қолдана білуді және қоғамға қызмет етуді қарастырады.
халқымыз  табиғат  аялауға,  қорғауға  ерекше  көңіл  бөлген.  тіпті  адам  бойындағы  адамгершілік 
қасиеттерді де өзінің туып-өскен табиғатымен сабақтастырып жазады.
мысалы, халық арасында жаны жаздай, көңілі көлдей, пейілі кең даладай деген сөз тіркестерін жиі 
кездестіруге болады.
«Шығармашылық  жұмыс»  -  биология  пәнінің  ең  маңызды  бөлігі  дегеніміз  дұрыс  болар,  балалар 
үнемі шығармашылық жұмыста болады., мысалы, табиғатпен ұштастыра отырып сурет салу, кеппешөптер 
жасау, өлең жазу, тілек құрап айту, кітапшалар жасау сияқты жұмыстарымен балалардың шығармашылық 
шабыты оянады, өз ісіне сын көзбен қарап, басқаның еңбегін бағалауды қалыптастырады.

540
541
бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне республика мектептерін көтерудің тиімді 
жолы-білім беру саласын толықтай ақпараттандыру .
елбасы  н.назарбаев  «болашақта  еңбек  етіп,  өмір  сүретіндер-бүгінгі    мектеп  оқушылары,  мұғалім 
оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» 
деген  болатын.Қазіргі  заман  мұғалімінен  тек  өз  пәнінің  терең    білгірі    болу  емес,  тарихи  танымдық, 
педагогикалық –психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық 
талап етілуде. ол заман  талабына сай білім беруде жаңалыққа  жаны  құмар, шығармашылықпен жұмыс 
істеп, оқу мен  тәрбие  ісіне  еніп,  оқытудың жаңа  технологиясын  шебер  меңгерген жан болғанда  ғана  
білігі  мен  білімі  жоғары  жетекші тұлға  ретінде, ұлағатты саналады.
ххі    ғасыр    ақпарат    ғасыры  болғандықтан,  адамзатқа  компьютерлік  сауаттылық  қажет.Ал    бұл  
сауаттылықтың  алғашқы    баспалдағы    мектептен  басталады.  мектеп  қабырғасынан    теориялық  
біліммен      қатар,    практикалық      білімнің  алғы    шарттарын      меңгеруі    тиіс.  Ал,  теориялық  білімді 
практикамен ұштастыру үшін  компьютердің қажет екені даусыз.
Ақпараттандырудың    негізгі    бағыты    ххі    ғасырдың  талаптарына  сәйкес    қоғамды  дамытудың 
жоғары  тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа   білім стратегиясына көшу болып саналады.
осыған  сәйкес  қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне-оның  іргелілігі,  алдын-алу  сипаты  және  
осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері  жатады.
бұл    өскелең  ұрпақты  ақпараттық  қоғаммен  зиялы  қарым-қатынасқа    оқытып,  тәрбиелеуге  және 
ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.
ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу ағарту саласының оқыту  үрдісінде жаңа технологиялық 
әдістер мен қондырғыларды кең көлемде  қолдануды  қажет  етеді.
 бүгінгі таңда ақпараттық технологияның өмірімізге терең енуіне  байланысты  жеке  пән  сабақтарында 
компьютерлік  техниканың  мүмкіндіктерін  толық  пайдаланып,   оқушыларға  терең  де  тиянақты   білім  
беруге  жағдай  жасалды.  компьютер  арқылы  оқушылар  биология  сабағында  арнайы компьютерлік  
бағдарламалар  мен  электрондық  оқулықтар    арқылы    зерттеп,  кез-келген  тақырыпты  оқушылар  
өздері  меңгереді.  бұл оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыруға, олардың ой-танымын 
кеңейтуге, өз бетінше шығармашылықпен,  ізденімпаздықпен  жұмыс  жасауына  көп көмегін тигізеді.
биология  сабағында   компьютерді  пайдалану оқу үрдісінде мұғалімі мен оқушының  оқудың  жеке 
дара  шығармашылықпен  жұмыс  жасауына  мүмкіндік  береді. биология- оқушылардың  ойлау  қабілетін  
қалыптастыратын және  дамытатын негізгі  буын. ол оқушылардың  интеллектін, логикалық  ойлауын 
және  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға,тірі  табиғатты,    ағзаларды    толығымен    түсінуге    ықпал  
жасайды.
биология пәнінің  кейбір  тараулары  ойлануды,  талдай  білуді,   салыстыруды  қажет  етеді.  оған 
биология  пән зертханасының жағдайы толық қанағаттандыра алады.  Айталық,  адам  қаңқасы,  микроскоп,  
ұлғайтқыш  әйнек, дайын микропрепараттар, нақпішіндер,өсімдік топтарының жинақтары т.б.  тәжірибе  
жасайтын  құралдардың жеткілікті мөлшерде болуы.
нәтижесінде    оқушыларда  лабораториялық  жұмыстарды  жүргізе  отырып  ,  тақырыпты    меңгеру 
қиындық туғызбайды.
мен  жаңа  сабақты  түсіндіру  барысында  сабақтың  мазмұнын  дайын  күйінде  бермеуге  тырысамын.  
оқушылардың  өздігінен  танып-білу   дағдыларын  қалыптастыра  отырып, жаңа  тақырып  бойынша  
анықтама,    ережелерді    өздері    құрастырып  тұжырымдай  білуіне  жетелеймін.    ол  үшін    оқытудың  
интерактивті  формаларын сабақта  қолданамын. жаңа ақпараттық технологияларды білім беру  жүйесінде   
қолданудың  ең  маңызды факторы   негізгі  қозғаушы  күші адам,  сол  себепті  білімнің негізгі принциптері  
іске  асырылады.осыған  байланысты адамның  шығармашылық  потенциалын  дамыту  үшін қажетті  
жағдай  жасалу  керек.
жоғарыда  айтылған    ой-пікірлерімді  тұжырымдай  келе,  компьютерді    қолдану    негізінде    мектеп  
пәндерін оқыту  сапасын   арттырып,  білім  беруді  ақпараттандыру  жүйелі  түрде  іске  асады.
мектептегі  ақпараттандыруға   осылай  мемлекет   тарапынан  қолдау  көрсетіліп,  оны  оқыту,  үйрету  
мәселесі бүкіл  халықтық  деңгейге   көтерілсе ғана  біздің  еліміз  дүниежүзілік  бәсекеге  төтеп  беретін,  
алдыңғы  қатарлы  мемлекетке  айналады. ол  дәрежеге  жетуге  қажетті  білім  алуына    біздің  жас  
ұрпақтың  қабілетінің   жететініне  сенімім  мол.
әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан президенті н.ә.назарбаев жолдаулары 
2.  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012  -  2016  жылдарға 
арналған ұлттық іс-қимыл жоспары
3. Қр-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
4. Қр-ның  2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы
5. Қазіргі педагогикалық технологиялар: оқу - әдістемелік  құрал Алматы. 2008.
6. е.с. сарманов, с.к. сапаров. сабақта жаңа технологияларды қолдану. шымкент. 2006.
география сабағында сыни тұрғыдан оЙлау теХнологиясы арҚылы 
оҚуШылардың коММуникативті Құзыреттілігін ҚалыПтастыру
Қырықбаева в. к.
Павлодар қаласы № 25жалпы орта білім беру мектебі,
 Қазақстан Республикасы
аңдатпа
тұлға  құзырылылығын  қалыптастыруға  тиісті  құзыреттіліктерді  жүзеге  асыруда  оқушының  жеке 
даралық  ерекшеліктеріне  айрықша  мән  бере  отырып,  білімді  баланың  еркін  игеруді  жүзеге  асыру 
мұғалімдерден  тиімді  әдіс-тәсілдерді  жетілдіре  отырып,  тың  әдістемелік  негіздерді  қалыптастыруды 
қажет етеді. бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлға тәрбиелеу ізденіске толы шығармашылық 
жұмыстардың нәтижесінде ғана мүмкіндік береді.
аннотация
в данной статье рассмотрена проблема формирования компетентной личности, способной творчески 
мыслить, ориентироваться в создаваемых дискуссионных ситуациях, находить собственное решение и сво-
бодно, доказательно излагать его.
Abstract
in this article was msearcheol the problem of forming of compotent personality capable to think creative, to 
understand  of discussion situations, to find the ways of decision and to prove it.
Қазақстан  республикасының  президенті  н.ә.  назарбаевтың  «жастардың  және  еліміздің  басты 
капиталы  –  сапалы  білім»  деген  пікірі  оның  салиқалы  саясатының  бірі  деуге  болады.  сол  себептен  де 
тәуелсіз Қазақстанның білімді ұрпағын тәрбиелеу бүгінгі көкейкесті мәселелердің бірі. 
Қазіргі  заман  ағымына  байланысты  оқушылардың  білімге  қызығуын  арттыру  үшін  мұғалімдерге 
жаңа талаптар қойылуда. сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне 
енгізілуде. педагогикалық технология бойынша оқушылардың тіл мәдениетін білім, білік, дағды арқылы 
дамыту керек. әр оқушының деңгейіне қарай бағдарлама дайындау қажет. ол үшін әртүрлі бағыттағы 
бағдарлама  құру,  әр  оқушының  жеке  жұмыс  қабілетін  ескеру,  сынып  тапсырмаларын,  үй  жұмысын 
баланың ерекшеліктерін ескере отырып беру керек – жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенді 
болуы керек.
«сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы бұл технология жұмыс істеу барысында мол тәжірибе жинауға 
болады. әртүрлі әдіс – тәсілдерді тиімді қолдану балалардың тілін дамытып, тілді меңгеруге мүмкіндік 

542
543
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
технологиялар 
 
 
модульдік 
сто 
 
тірек сигналдар 
 
 
компьютерлік 
технологиясы 
«Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай, мүдделі 
жаңа білім беру өте қажет», - деп елбасы атап көрсеткендей, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді мектеп 
өміріне енгізу, оны әр пән мұғалімінің тиімді пайдалана білуі бүгінгі таңда білім сапасын арттырудың 
бірден-бір жолы. 
әдіс дегеніміз – мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс-әрекеті, тәсілі, ал технология дегеніміз 
– көптеген әдістердің жиынтығы.
береді. жаңа әдіс – тәсілдер арқылы оқушының нені білетінін, нені меңгеретін, нені меңгергенін білуге 
болады. соның нәтижесінде оларда намыс пайда болып, жанындағы оқушыдан қалып қалмау үшін сабаққа 
дайындалу ынтасы арта түседі. [1, 25 бет]
Құзырлылық – адам болмысының сапалық белгісі. әр адамның сапалылық белгісі мен қоғамның әл 
ауқаты қалыптасады.
мектеп түлегінің негізгі құзырылылығы құндылықты-бағдарлы, мәдениеттанымдық, оқу-танымдық, 
комуникативтік  ақпараттық-технологиялық,  әлеуметтік-еңбек  және  тұлғаның  өзін-өзі  дамыту 
құзыреттіліктері бойынша анықталатындығы да белгіленген.
тұлға  құзырылылығын  қалыптастыруға  тиісті  құзыреттіліктерді  жүзеге  асыруда  оқушының  жеке 
даралық  ерекшеліктеріне  айрықша  мән  бере  отырып,  білімді  баланың  еркін  игеруді  жүзеге  асыру 
мұғалімдерден  тиімді  әдіс-тәсілдерді  жетілдіре  отырып,  тың  әдістемелік  негіздерді  қалыптастыруды 
қажет етеді. бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлға тәрбиелеу ізденіске толы шығармашылық 
жұмыстардың нәтижесінде ғана мүмкін екендігі белгілі.
елбасы  нұрсұлтан  әбішұлы  назарбаевтың  «Қазақстан  -  2030»  республика  халқына  жолдауында 
айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар 
оқытудың өзіндік жаңа жолын, жаңа технологиясын қалыптастыру – өмірдің талабы болып отыр, осыған 
сәйкес өз сабағымда Д.б. Эльконин, в.в. Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы», в.ф. шаталовтың 
«тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы», ж. Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясы», м.м. 
жанпейісованың «модульдік оқыту технологиясы» т.б. технологияларды қолданамын.
сызба – 1. педагогикалық технологиялардың қолдануы
 
 
 
жана технология 
 
 
 
ой-
 
жасау 
пайдалану 
 
-
 
 
 
 
теория 
практика 
технология 
сызба – 2. жаңа технологияның құрылымы
Қазіргі  оқыту  барысында  қолданылып  жүрген  көптеген  технологиялар  жеке  тұлғаның  жетілуіне 
оқыту тиімділігінің негізін құруға бағытталған. соның ішінде соңғы жылдары өз сабақтарымда қолданып 
жүрген «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының түрлі стратегиялары оқушының жеке тұлға 
ретінде қалыптасуына өз ықпалын тигізеді. оның мақсаты - оқушыларды ойын ашық айта алуға, пікір 
алмаса білуге үйрету, мәселені сын тұрғысынан шешуге дағдыландырады. Ұжымда өз ойын ашық айтып 
қана қоймай, оны дәлелдей білуге, бір-біріне сыйластықпен қарап, пікірін құрметтеуге баулу. мұғалімнің 
сабақтарда бұл жобаның әдістерін орынды, тиімді қолдана білуі, сол әріптестеріне үйретуі қажет. сыни 
тұрғыдан ойлау дегеніміз не? «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы 
бойынша ол - шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;
-  
күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;

үйрету  мен  үйрену  бірлігінен,  үйренудің  қызығушыллығынан  тұратын,  үйренушінің  сеніміне 
негізделген құрылым;
«оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы бойынша біраз уақыт жұмыс жасағаннан 
кейін мен қандай да болмасын жетістіктерге, қомақты нәтижелерге қол жеткіздім деп айта аламын. Ал 
төменгі кестеде өз оқушыларымның қолдары жеткен жетістіктерін келтірдім:
кесте – 1. Өз оқушыларымның қолдары жеткен жетістіктері
Қызығушылықты ояту
Мағынаны ажырату
ой-толғаныс
оқушыларым енді
сабақта өзін еркін сезінеді
сабаққа қызығады, тез 
бейімделеді
ынталы болды
танымдық белсенділігі артты
оқуышыларым енді
кез-келген тақырыптың 
мазмұнын ашады
Өз бетінше ізденеді
ойын жеткізуге дағдыланады
талдау жасай алады
ғылыми түсініктер 
қалыптасады.
сөйлеу дағдысы жетіледі
оқушыларым енді
ойын өз сөзімен жеткізе алады
қорытынды жасай алады
Ақпарат қорларын ұлғайтады
білімі берік болады
білім сапасы көтеріледі
нәтижеге қол жеткізеді

544
545
Өз  сабақтарымда  көбінесе  оқушылардың  бірлесіп,  ұйымдасып,  топтасып  жұмыс  істеуіне  көп  көңіл 
бөлемін.  оқушылар  бірлесіп  ортақ  мәселелерді  талқылағанда  жаңа  пікірге  шығармашылық  пен  қарау 
тұрғысында, жаңалықтар ашу барысында жұмыс жасайды. бұл оқушының коммуникативті–құзырлығының 
дамуына әсер етері сөзсіз. топ мүшелері өз ойларын ортаға салып, оларды кесте арқылы көрсетеді. бірлесіп 
жұмыс жасағанда мына жайттарды есте ұстаймын:

 сыйластық қарым-қатынас;

жауапкершілік;

топтың барлық мүшелерінің кезекпен сөйлеу дағдысын үйрету;

топта ұтымды жұмыс жасау;
осындай  топта  жұмыс  жасап  үйренген  оқушылардың  іс  –әрекеті  нәтижелі  болады,  білімдері 
шыңдалады. [3, 139 бет]
сыни тұрғыдан ойлауын шыңдау жеңіл міндет емес. Дегенмен сын тұрғысынан ойлауды дамытатын 
оқыту жағдайлары мен әдістері бар. сын тұрғысынан ойлау тәжірибесі болу үшін мүмкіндік мен уақыттың 
қажеттілігі, оқушылардың ойлауына рұқсат ету, оқу үрдісіне белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, 
пікірлерін дұрыс қалыптастыруға көмектесу, сын тұрғысынан қарастырылған мәселелердің құндылығын 
білдіреді. оқушыларды біртіндеп сыни пікірлерін дұрыс айтуға, мәселені нақтылы шешуге үйрету. сын 
тұрғысынан  ойлауды  дамыту  бағдарламасы  бойынша  стратегиялардың  құрылымы  сабаққа  дайындық, 
оқыту барысында қолданылатын, үй жұмысы ретінде берілетін стратегияларға бөлінеді. 
«оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын қолдану арқылы оқушылар 
тыңдаушылардан  белсенді,  ізденуші,  ойланушы  дәрежесіне  дейін  көтеріледі.  мұғалім  осы  әрекетті 
ұйымдастырушы, бағыттаушы.  ой салу- ұстаз тарапынан, ойлану- шәкірт тарапынан, ойланту-  (ойла-
уы жетіспей жатқан оқушыға түрткі жасап, ойлантуға, ізденіс жолына алып келу) ұстаз тарапынан, бір 
шешімге  келу-  оқушы  тарапынан  жүзеге  асады.  география  сабағында  оқушылардың  коммуникативтік 
құзыреттілігін қалыптастыруда сто технологиясының маңызы зор. себебі, оқушылар әр түрлі ақпарат 
көздерімен сусындап,  өз түйінін айта білуі керек. кез келген тақырыпты талдау барысында өз тобымен 
ұйымдасып, пікірлесіп, ең ұтымды жауапты іздеуі қажет. сто технологиясының стратегияларын пайдала-
на отырып, өткізген сабақтардың берер әсері мол. оқушылардың белсенділігі артып, келесі сабақты асыға 
күтеді. олардың тарихты оқуға дегекн қызығушылығы мен қажеттілігі қалыптасады. Өз пікірін айта ала-
тын, өз көзқарасын дәлелдей алатын, ұлтын сүйетін оқушы ертеңгі өмірдің ағымына да төтеп бере алатын 
азамат бола алатынына мен кәміл сенемін. [2, 19 бет]
сондықтан да болашақ мамандарға бұл жобаның жеке тұлға ретінде дамуына тигізетін әсері мол.
кесте – 2. оқушылардың ғылымға деген қызығушылықтарын арттыруда 
қолданылатын әдіс – тәсілдер
Ақпараттық құзіреттілік
Деректік, құжаттық, түпдеректік материалдармен жұмыс істей 
отырып, география пәнінде электронды оқулықтарды кеңінен 
пайдалану;
коммуникативті құзіреттілік
Дөңгелек стол, дебат, конференция түрлерін ұйымдастыру;
Зерттеушілік құзіреттілік
ғылыми- жоба жұмыстарына қызығушылықты ояту;
пікір  сайыста  оқушыға  өз  ойын  қысылмай,  еркін  жеткізе  білуіне,  коммуникативтік  құзыреттіліктің 
көпшілік алдында сөз сөйлеу аспектісін қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
ендеше оқушының оқу-танымдық коммуникативтік, ақпаратты технологиялық және өзін-өзі дамыту 
құзырылылықтарын қалыптастыруда география сабақтарында іске асырылатын оқу әрекетінің түрлерін 
ары қарай дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. бұл – қоғам талабынан туындайтын қажеттілік. [4, 10 бет]
Қорыта келе айтарым, мұғалім жаңалықтан қашпауы тиіс, қайта әдісті көп білуге тырысқаны жөн, одан 
ұтпаса, ұтылмайды. 
А.  байтұрсыновтың  «мектептің  жаны  –  мұғалім.  мұғалім  қандай  болса,  мектебі  де  hәм  сондай 
болмақшы», «баланы ұлша тәрбиелесең, ұл болмақшы, құлша тәрбиелесең құл болмақшы», - деген сөздері 
бар. Демек жаңа технологиямен қаруланған мұғалім ғана, өркениетті ел болашағын тәрбиелей алады. 
Қазаққа құлдық қажеті жоқ, керісінше, құлдық санадан құтқару үшін мұғалімдер қолдан келген бар 
өнерін, әдісін жұмсауы керек, ешкімнен кем еместігін дәлелдей алатын білім ғана одан құтқара алады.
ххі ғасыр - білімділер ғасыры. ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, 
парасатты ұрпақ керек  екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. 
әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан - 2030 // егеменді Қазақстан. – 1997, қазан – 11.
2. послание президента республики казахстан народу казахстана  
 «новое десятилетие - новый экономический подъем новые - возможности казахстана». www. akorda,kz.
3. Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы. – Алматы: сөздік-словарь баспасы, 
2009. – 6 т. – 400 б.
4. Қ.р. «2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік  
бағдарламасы»,-Алматы,2004ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет