Іі халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференциясы ғылыми баяндамалар



Pdf көрінісі
бет78/82
Дата09.03.2017
өлшемі13,88 Mb.
#8634
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82

References

1. Adapted from website - http://www.infed.org/groupwork/what_is_groupwork.htm 

2. Benefi 

ts of group work, adapted from http://www.cmu.edu /teaching/designteach/design/

instructionalstrategies/ groupprojects/ benefi ts.html

3. M. Spratt, A. Pulverness, M. Williams, Cambridge Teaching Knowledge Test, Cambridge University Press, 

2007

 4. Meyers C and Jones TB. Promoting Active Learning: Strategies for the College Classroom.    1993: Jossey 



Bass Pub; San Francisco. Adapted from  http://cbe.uchc.edu/education/selectives/pdfs/paper_examples/sel-

schoonmaker.pdf

5. Effandi and Zanaton (2007), Promoting cooperative learning in science and mathematics education: a 

Malaysian perspective. (Adapted from Children learning English by Jayne Moon, Macmillan 2000)

 6. J. Harmer, Practice of English Language Teaching, 2007

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ

Сарбасова Ж. К.

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қаласының мектеп гимназиясы

Аңдатпа

Бұл  баяндамада  білім  берудегі  жаңаша  оқытудың  практикаға  енгізіліп  жатқан  жеті  модульден 

құралған бағдарламаның тиімділігі мен ерекшелігі туралы айтылған.

Аннотация

В  статье  рассматривается  преподавание,  согласно  новым  подходам,  вводимым  Кембриждским 

университетом,  и обосновываются особенность и значимость программы, состоящей из семи модулей.

Abstract

This article was written about peculiarities and effectiveness of the program which can help to provide the new 

educational technologies in practice with 7 modules.

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге 

бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру 

парадигмасы  өзгерді,  білім  берудің  мазмұны  жаңарып,  жаңа  көзқарас,  жаңаша  қарым-қатынас  пайда 

болуда. 


558

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Назарбаев  Нұрсұлтан  Әбішұлы [1, 2011] «Болашақтың 

іргесін бірге қалаймыз» деп аталған халқына Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың 

жеке  кредосына  айналуы  тиіс.  Біз  кәсіптік  және  техникалық  білім  берудің  мазмұнын  толық  жаңартпақ 

ниеттеміз» - деп атап көрсеткені белгілі.  XXI ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау тақырыбы 

–  Жолдаудың  басты  бөлімдерінің  бірі  “Қазір  бой  жарыстыратын  емес,  ой  жарыстыратын  заман”  деп 

Елбасымыз айтқандай, дарынды, білімді ұрпақ еліміздің ертеңі екені даусыз. Келер ұрпаққа қоғам талабына 

сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін 

меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Сондықтан  да  әрбір  оқушының  қабілетіне  қарай  білім  беруді,  оны  дербестікке,  ізденімпаздыққа, 

шығармашылыққа  тәрбиелеуді  жүзеге  асыратын  жаңартылған  педагогикалық  технологияны  меңгеруге 

үлкен бетбұрыс жасалуда. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа 

педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Әрбір мемлекеттің интеллектуалдық, экономикалық, парасаттық және мәдени қарымы білім сапасының 

күйін, оның прогрессивтік даму тарихын айқындайды. Осы тұрғыдан алғанда, егемен қазақ елінің білімі 

мен ғылымының стратегиясы, білім беру жүйесінің ұлттық білім мен тәрбие идеяларын сақтай отырып, 

әлемдік  білім  кеңістігіне  кірігуімен  анықталады.  Қазіргі  мектептердегі  оқушылардың  бойындағы 

функционалды  сауаттылық  пен  өмірге  қажетті  құзырлылықтар  жиынтығын  дамытуға  басты  назар 

аударылып отыр. Сондықтан әрбір ұстаз жаңа кезең мұғалімінің қызметіне сай болу үшін педагогикалық 

үрдістің  бірізділігін  және  оқу  мен  тәрбиенің  бір  тұтастығын  сақтай  отырып,  оқушының  рухани  өсуіне 

жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға әзір, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге 

оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс. 

Қазіргі  талаптың  басты  міндеті – педагог  мамандардың  кәсіби  құзырлығын  қалыптастыру  мен 

біліктілігін  үздіксіз  арттыруды,  ғылыми-әдістемелік  қызметтің  жаңашылдығын,  түрлері  мен  әдістерін 

іздестіруді қамтамасыз ету, оны үйлестіре білу болып отыр. Осы мақсатта республикамызда бұрын-соңды 

болмаған мектеп мұғалімдері біліктілігін арттырудың 3-ші деңгейі бойынша 3 айлық курс іске асырылды.

Бағдарламаның  мақсаты – оқушылар  өздерінің  қалай  оқу  керектігіне  назар  аудара  отырып,  олардың 

өз ойлары мен дәлелдемелерін нақты жеткізе алатын, яғни ойға жүйрік, тілге шешен, әрі жазбаша түрде 

еркін,  көркем  бейнелеп  жазуға  төселген,  бірнеше  тілді  қатар  меңгерген  бәсекеге  қабілетті  жан-жақты 

жетілген  жеке  тұлға  қалыптастыру  болып  табылады.  Ондай  «тұлға»  болашаққа  сенімді,  ынталы,  сыни 

пікір  көзқарастары  жүйелі  дамыған,  қазіргі  сандық  технологияларды,  өмірде  өз  білімін  қалыптан  тыс 

жағдайда да еркін әрі терең пайдалана білетін жан болуы тиіс

Оқытудағы «Кембридж бағдарламасының» теориялық негіздерінде түрлі тәсілдер қарастырылғанына 

қарамастан,  орта  білім  беру  жүйелерінде  әлемдік  жоғары  деңгейге  қол  жеткізген  анағұрлым  танымал 

оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқыту тәсіліне басымдылық берілген. 

Бұл оқытудың басты бағыты – ойлауды дамыту болып табылады. Яғни, оқушы өзінде бар білімді түрлі 

дереккөздері  арқылы,  мұғалімнен,  оқулықтан,  достарынан  алған  білімдермен  біріктіре  отырып  іске 

асырады.  Осыған  дейін  біз  дәстүрлі  оқыту  үрдісін  іске  асырып  келгенбіз.  Өткен  ғасырдың  басында-ақ 

американ  педагог-психологі  Джон  Дьюи  жоғарыдағы  «дәстүрлі»  білім  беруді  енжарлықпен  білім  алу 

үдерісі ретінде сипаттады және өзара әрекеттің немесе сыни қатысудың төмен деңгейін ғана қажет ететін 

жаттап алу әдісі деп сынаған. 

Ал  осыған  дейін  біздер  қолданып  келген  «дәстүрлі  оқыту»  қандай  оқыту?  Ол – қазіргі  мұғалімнің 

45  минуттағы  іс-әрекеті.  Мұғалім  кіреді,  сабақ  сұрайды,  сабақ  түсіндіреді. 4-5 оқушыны  бағалайды, 

қалғандары  сол  қалпында  қалады.  Бұл  жердегі  мұғалім  тарапынан  берілген  дайын  білімге  оқушылар 

өздігінен ары қарай дамыту, іздену, ойласу, атсалысу, салыстыру, пікір алмасу, пікір таластыру т.б. жайлар 

қолға  алынбайды.  Мұндай  білімнің  аясы  тар,  көбіне  жаттанды  есте  сақтауға  алып  келеді.  Сондықтан 

көбіне санада механикалық есте сақтау арқылы алынған білім ойлаудың төменгі деңгейінде ғана жүзеге 

асырылады. Ары қарай терең ойлану үрдісі іске асырылмайды. Ал сындарлы («конструктивті») оқытуда 

керісінше, мұнда басты басымдылық оқушыға беріледі. Мұғалімнен гөрі оқушы көп ойланып, көп талқылап, 


559

достарымен  көп  сөйлесіп,  әрекеттенуі  керек.  Ал  мұғалімнен  өз  сабақтарын  оқушының  идеясын,  білім-

біліктілігін  дамытуға  ықпал  ететін  міндеттерге  сай  етіп  ұйымдастыру  талап  етіледі.  Мұндай  міндеттер 

оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша 

күмәнды  ойларын  білдіре  алатындай  пікір-көзқарастарын  нақтылап,  жаңа  ұғым-түсініктерін  өрістетуге 

орайластырылып құрылады. Бұл жерде «Маған айт, мен оны ұмытамын, көрсет, мүмкін, есімде сақтармын, 

мені  қызықтыр,  мен  сонда  түсінемін»  деген  қытай  мақалының  түпкі  мағынасына  терең  бойлауға  тура 

келеді. Ғалымдар оқыған, естіген, көрген т.б. әрекеттерден гөрі адамның өзі өзгелерге түсіндірген білім 

көп есте сақталатынын айтады.

Бағдарламаның басты жаңа бағыты – іс-әрекет арқылы зерттеу болып табылады.

Жаңаша оқытудың «Кембридждік» жүйесі бойынша бұл тәсіл біршама өзгерді. Мұнда балаларға білім 

дайын күйінде берілмейді, керісінше оқушылардың өздерін еркін ұстауға,ойлануға мүмкіндік жасалады. 

Олар өз беттерімен және өзара әрекеттесе оқып-үйреніп, ортақ бір шешімге келуге бағытталады.

Бүгінгі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой-өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап 

етуде. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала – балқытылған алтын» деген қанатты сөзі еске түседі. 

Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі.

Стронг    «Мектеп  жұмысы  мен  оқушы  жетістіктерін  өрістетудегі  негізгі  тұлға  –мұғалім»  деп  атап 

көрсеткендей,  егеменді  еліміздің  алғышарттары  өркениетті  елдер  қатарына  көтерілуді  міндет  етсе, 

өркениетке жету үшін жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіруде ұстаздар қауымының алдына 

жаңа міндеттер қойылып отыр.

Осындай жаңа педагогикалық технологиялардың жиынтығы болып табылатын, өзіміз биылғы жылы 

тамамдаған  білім  берудегі  жаңа  формат  тәсілінің  теориялық  негіздеріне  сүйене  отырып  практикаға 

енгізіліп жатқан жеті модульден құралған бағдарламаның менің өмірімде алатын орны ерекше болмақ. 

Қазақта  жетіні  қасиетті  санға  теңесе,  мен  үшін  де  осы  бағдарлама  мазмұнындағы  жеті  модульдің 

қасиеті ерекше болды

Сабақтарымда  жеті  модульді  түгелімен  тоғыстыра  отырып,  негізгі  басшылыққа  алған  модулім – 

сыни тұрғыдан ойлауды оқыту. Осы әдістеме бойынша курстан алған теориялық білімімді практикамен 

ұштастыру    мақсатында  жасөспірімдерге  қазақ  тілі  мен  әдебиетінен  терең  де  тиянақты  білім  беруді  өз 

тәжірибемде  қолданып жүрмін. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың 

өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал 

мұғалім  осы  әрекетке  бағыттаушы,  ұйымдастырушы.Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  бағдарламасы 

–  әлемнің  түпкір-  түпкірінен  жиылған  білім  берушілердің  бірлескен  еңбегі,  ал  бағдарламаның  негізі 

Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Сын  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасы  оқушының  еркін  сөйлеуіне,  пікір  таластыруына,  достарының 

ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни 

қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, 

тұжырым  жасауға  бағыттау  өз  бетімен  және  бірлесіп  шығармашылық  жұмыс  жасау.  Басты  мақсаты  

оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы 

шешім қабылдауға үйрету.

Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін 

көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға 

атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.

Оқушылардың  да  бұл  жұмысты  дұрыс  ұйымдастырған  жағдайда  өз  даму  деңгейіне  сәйкес  ойы 

шыңдалып,  белгілі  бір  жетістіктерге  жетері  сөзсіз.  Көп  ақпаратты  талдай,  жинақтай  отырып,  ішінен 

қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой 

толғаныс кезеңдерінен түзіледі [2, 13- б].

«Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту»  технологиясымен  жұмыс  жасау  кезінде 

бұл  сабақтар  баланың  танымдық  белсенділігін  арттыруға,  өз  бетінше  білім  aлyғa,  шығармашылығын 


560

қалыптастыруға ықпал етеді [3, 6-б].  Сабақта сын тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын 

пайдалана  отырып,  балалардың  ұсыныс-пікірлерін  еркін  айтқызып,  ойларын  ұштауға  және  өздеріне 

деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына 

негізделіп келеді. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді.  

Сыни тұрғыдан ойлау әдісі бойынша  жоспарланған сабаққа қалған модульдерді еркін енгізуге болады  

деп  есептеймін.  Оқушылар  сабаққта  қалай  оқу  керектігін  меңгерді  және  дағдыланды.  Яғни  метатаным 

пайда болды. Өздері ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады.   Мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін 

үйретеді.  Дәстүрлі    оқыту  әдісінде  мұғалім  білімді  беруші  болған  болса,  жаңа  оқыту  әдісінде  мұғалім 

бағыттаушы  болып  табылады.  Сабақтағы  басты  тұлға,  басты  кейіпкер-  оқушы.  Оқушыны  өз  бетімен 

білім  алуға,  ол  үшін  ізденуге,  терең  ойлауға,  зерттеуге  дағдыларын  қалыптастыру  қажет.  Жаңа  білімді  

меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ-жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады. Менің әр сабағым диалогқа 

құрылды.  Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамытуға болатынына көзім 

жетті.  Қызығушылықты  ояту,  мағынаны  тану,  ой  тастау    тағы  басқа  да  әртүрлі  тапсырманы  орындату 

барысында  оқушыға  түрткі  тастап,  оның  нені  түсінгенін,  ойлау  қабілетін    байқап  отырдым.  Қажет 

жерінде жетелеп, дұрыс жауапқа жетуге мүмкіндік беріп, итермелеп отырдым. Диалогтік оқыту арқылы 

көп  нәтижеге  жеттім.  Оқушылар  ойланды,  ізденді,  бірін-бірі  түсінуіне  мүмкіндік  туды,  жұппен  жұмыс 

істеуге  үйренді.  Ой  түю  арқылы,  керекті    дәйектемені  іздеп  таба  білді,  оны  пайдалана  білуге  үйренді.   

Топтық  жұмыс  арқылы  оқушы  мен  оқушы  арасында,  оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  диалогты  тиімді 

ұйымдастыру  арқылы  мақсатқа  қол  жеткізе  алдым.  Нәтижесі  таңғаларлық!  Осы  сабақтар  барысында 

оқушылардың  шығармашылық  деңгейі  қалыптасты.  Топпен,  жұппен  жұмыс  істеуге  төселді.  Үлгерімі 

төмен  оқушылардың  өзі  ерекше  белсенділік  танытып,  өз-өздеріне  сенім  пайда  болғандығын  аңғартты.  

Сабаққа қатысты оқушылардың бірнеше пікірлерін айта кетуге болады. Башенова Ғалия:

   - Бүгін біз бірініші рет апайдың түсіндіруінсіз сабақты өзіміз түсіндік. Біз өз тобымызбен ақылдасып, 

бір-біріміздің  пікірімізді  тыңдап,  бір  шешімге  келдік.  Топпен  жұмыс  істеуді,  өз  ойыңды  еркін  айтып, 

өнерімді паш етуді үйрендім. Ерекше сезімде болдым - десе, Қазиева Гүлнұр:

  - Менің сабақтан алған әсерім өте жақсы. Өйткені мен сол сабақтан түсінбеген нәрсені түсіндім. Мен 

қанша қиналсам да,  жанымда жақын достарым бар екенін түсіндім.Мен үшін олар өте қымбат. Олар маған 

әрдайым көмектесетінін білдім. Топпен бірігіп жұмыс істеуді үйрендім, – деп пікірін білдірген екен.

Бұл  пікірден  оқушылардың  серіктестермен  әңгіме  жүргізу,  диалогтік  оқыту  үдерісінің  қаншалықты 

дәрежеде екендігін көруге болады. Топтық жұмыстан оқушылар бойындағы сенімділік пен бір-біріне деген 

қолдаудың көрінісін аңғара аламыз. Сонымен қатар ортақ идеялар негізінде бала өзіне серік тапты және 

де жаңа көзкарас пайда болды. Өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас тудыра алды.  Жаңа сабақты  

өз беттерімен тез меңгере алды. Сабақта  «үнсіз» оқушылар  «сөйлеп кетті».Сабақ соңында бағалаудың 

формативті    бағалау  түрін  негізге  ала  отырып  бағалаймын.  Бағалауға  оқушыларды  да  қатыстырамын. 

Топтық жұмыс барысында оқушыларға бағалау парағы беріледі де, олар бірінші өзіне, содан кейін топтағы 

басқа  мүшелерге  баға  береді.  Баға  қойған  уақытта  олардың  топтағы  жұмысқа  қаншалықты  белсенді 

қатысқанын,  ортаға  салған  жаңа  идеяларын  ескереді.  Сондықтан  да  оқушылар  бағалағанда  бір-біріне 

кемшіліктерін  айтып,  әділ  баға  қояды.  Ол  бағаға  менің  қойған  бағам  қосылады  да  ортақ  бір  шешімге 

келеміз.


Әрбір  сабаққа    жоспар  құрар  алдында  алдымен  ойланып  аламын: « Менің  оқушыларым  не  істей 

алады?»-деп. Сабақ жоспарын оқушылардың өз беттерімен меңгеруіне ыңғайлы  етіп және олардың жас 

ерекшеліктерін ескере отырып құрамын.

Оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген сабақтың дамытушылық, тәрбиелік мүмкіндіктерін 

пайдаланып  және  осы  жүйені  қолдану  барысында  қазақ  тілі  мен  әдебиет  сабағында  оқушының 

шығармашылық қабілеттерін дамыту ойдағыдай жүзеге асырылды.

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын «Сыни тұрғысынан ойлау» технологиясы стратегиялары негізінде 

құрып  оқыту,  яғни  сыни  тұрғыдан  ойлау  тәсілін  іс-тәжірибеме  енгізу  нәтижесі  жеткіншектер  бойында 

мынадай іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға болатынын байқатты.


561

• Әрбір оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен және ойлау қабілетімен ерекшеленді;

• Жеке дауысты (кейіпкер, жазушы, бірге оқитын оқушы) қабылдауға үйренді;

• Ойын жаңа ақпараттар арқылы білдірді /мағынаны тану кезеңінде/;

• Өз ойларын толық, дұрыс тұжырымдады;

•  Өз  біліміне  сүйеніп,  мәселенің  шешімін  дұрыс  тауып,  ойын  жеткізе  білді,  яғни  «Мен»  деген  сөзді 

ұқты.

  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабақтарында  проблемалық  сабақтарды  бөліп  алу,  әзірлеу,  соны  талқылау, 



өзіндік  қорытынды  жасау,  өз  беттерімен  анализ,  синтезге,  бағаға  жету,  өзін-өзі  бақылау,  жұмыстары 

балаларды шығармашылыққа, жүйелі білімге жетелейді.

Сонымен,  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабағында  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясы  бойынша  үйрету 

барысында мынадай қорытыныдыға келдім:

1. Оқушы өмірге деген өз ойын білдіретін жазу стилін тапты.

2. Жаңа білім бойынша өз жобалары, модельдері, болжамдарын тыңдап, талқылайды (өздері талдайды, 

бір-бірін тыңдайды)

3. Өзіндік қорытындылары, оның қаншалықты ғылыми, шындыққа жақын екенін саралады.

4.  Білімді  өз  бетімен  алуға  деген  ынтасын,  шығармашылық  жұмыстарға  қабілетін,  танымпаздық 

белсенділіктерін арттырамыз.

5. Білім дәрежесі деңгейін саралау /өзіндік анализ, синтез, бағалауының деңгейі қалыптасты.

6. Бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуі, қорғай білуі, айтыса білуге дағдыланды.

7. Оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда болады, онымен қатар өзінің және өзгеледің пікірі 

мен тәжірибесіне құрметпен қарауға үйренді.

8. Оқушы әрекеті адамның ойлау қабілетін дамытады және ол кітап оқыған кезде өз ойын тұжырымдады.

9.  Оқушылар  өз  ойымен,  іс-тәжірибесімен,  пікірлерімен  бөлісуге  үйренді,  бұл  бағыт  топпен  жұмыс 

істеуге мүмкіндік берді.

10. Жұмыс барыстарын алмасу арқылы оқушының өз ойын ашық, жасқанбай айтуға, басқа адамның 

ойын дұрыс қабылдауға үйренді.

Оқушылардың  дүниетанымын,  ой-өрісін  кеңейту,  өмірге  деген  көзқарасын  жан-жақты  дамытып, 

шығармашылық қабілетіне жол ашуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану –заман 

талабы. Мектептегі технологияларға теледидар бағдарламалары, электрондық оқулықтар, интернет, ұялы 

телефон,  компьютер,  т.б  жатқызсақ,  сабақтарымызда  оқушылардың  қызығушылығын  ояту,  ынтасын 

арттыруда  бұл  құралдарды  пайдаланып  жүрміз.  Өз  сабақтарымда  электрондық  оқулықпен  жұмыс, 

бейнефильмдер көрсету арқылы оқушылардың естерінде ұзақ сақтау дағдыларын жетілдірумен қатар, үйге 

тапсырма берген уақытта көбіне интернет беттерінен іздеуді ұсынып, кейде нақты интернет сайттарына 

сілтеме беріп отырдым. 

Әрине қазіргі оқушылар кітапханаға барғаннан гөрі интернетпен жұмыстануға көбірек қызығушылық 

танытады,  заман  талабына  сай  жеткілікті  дәрежеде  сандық  сауаты  бар,  өмір  жағдайларының  барлық 

аспектілерінде  жаңа  технологиялардың  бар  мүмкіндіктерін  пайдаланып,  оны  өмірлік  қажеттіліктеріне 

қарай пайдаланатын ұрпақ тәрбиелеуде АКТ таптырмайтын тәсіл болып қала бермек. Қажетті білім мен 

дағдыларын пысықтау үшін олар интерактивті тапсырмалар, үйде немесе сыныпта таңдаған тақырыбына 

шығарма немесе эссе түріндегі шығармалық жұмыстар, тест жұмыстарын орындайды.

Оқу  жүйесінде  ақпараттық-коммуникативтік  технологияларды  қолдануда  мынадай  нәтижеге  қол 

жеткіздім:

• Оқушылар электронды оқулықтармен және интернет желісімен жұмыс істей алды;

• Оқушының білімі қысқа мерзімде және кез келген уақытта бағаланды;

• Сабақта уақыт та үнемделді;

• Оқушының зерттеу дағдылары дамыды;

• Оқушының пәнге деген қызығушылығы артты;

• Әрбір оқушының шығармашылық деңгейі ашылды;


562

• Оқушының коммуникативтік қабілеттері дамыды;

• Ақпараттық мәдениеті дамыды.

Жоғарыда  аталған  оқытудың  түрлі  әдіс-тәсілдерін  сабақта  қолдану  барысында,  яғни  берілген 

шығармашылық жұмыстар арқылы балалардың бойындағы дарындылық қасиеттерін де анықтауға болады. 

Жеті  модулді  қолдана  отырып,  өзімнің  де  көптеген  қызықты  идеяларымды  жүзеге  асыру  жөнінде 

белсенділігім  арта  түсті.  Әріптестерім  де  менің  жаңалығыма  қызығушылық  танытты.  Мұғалімдік 

тәжірибемдегі ендігі мақсат – заман талабына сай құзіретті тұлға қалыптастыруда осы жеті тәсілді жүйелі 

қолдана отырып, өз тәжірибемді толықтыру, жетілдіру болмақ.

Әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев //Қазақстан халқына 

Жолдауы/, 2011

2. С. Мирсеитова Oқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде. Қарағанды, 2011 

3. Г. Байтілешова инновациялық технологияларды қазақ тілі сабағында қолданудың тиімді жолдары// 

қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте, №4 2012 б 5-6 



ОРГАНИЗАЦИЯ И УПРАВЛЕНИЕ  ПРОЦЕССОМ ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ 

ПЕДАГОГИЧЕСКИХ КАДРОВ ЧЕРЕЗ СОЗДАНИЕ СЕТЕВОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЫ

Серёменко Н. П.

 НЦПК «Өрлеу» Института повышения квалификации педагогических работников по Павлодарской 

области

Республика Казахстан

Аңдатпа

Мақалада  педагогикалық  кадрлардың  курстық  дайындығында  үздіксіз  білім  беру  желілік 

университетінің  жаңа  пішінінде  желілік  әрекеттестікті  жүзеге  асыру    жолдары  мен  мәселелері 

көтеріледі. Тыңдаушылардың жеке білімдену бағдарламаларын жобалау арқылы оқу үрдісін ұйымдастыру 

және басқару үдерісі негізделеді.

Аннотация

В статье поднимаются проблемы и пути реализации сетевого взаимодействия в новой форме сетевого 

сообщества непрерывного образования в курсовой подготовке  педагогических кадров. Обосновывается 

процесс    организации  и  управления  учебным  процессом  через  проектирование  индивидуальных 

образовательных программ слушателей. 

Abstract

The article raises the problem and ways to implement network communication in the form of a new network 

of the University Continuing Education course in teacher training. Substantiates the process of organization and 

management educational process through the design of individual educational programs listeners.

В  конце  ХХ  века  изменились  приоритетные  ценности  образования:  от  абсолютного  формирования 

знаний и умений начинается переориентировка на развитие способностей (способов деятельности), что 

невозможно без реализации  компетентностного и деятельностного подхода в образовании.                                                

Непрерывное образование (образование через всю жизнь) кадров есть условие эффективности отрасли, 

успешности ее постоянного обновления и жизнеспособности людей. 



563

Стратегические принципы предстоящего периода:

• содержание и формы образования кадров должны быть направлены на преодоление реальных проблем 

конкретной деятельности;

• ведущая форма образования – самообразование.

Система    нынешнего  непрерывного  образования  педагогических  кадров    имеет  глобальный,  не 

дифференцированный характер, не учитываются особенности социального статуса различных категорий 

педагогических  кадров  (городской,  сельской,  инновационной  школы  и  т.д.),  условия  их  работы  и  др. 

Система образования педагогов стала замыкаться на школе и терять внешние связи. Нарушаются такие 

системные принципы, как целостность и преемственность, вариативность и адаптация, прогностическая 

целеустремленность.

Анализ становления и развития педагогической науки в системе повышения квалификации показывает, 

что,  наряду с изменением  её теоретико – практических проблем и задач, трансформируются способы, 

методы  их  решения.  Ряд  исследователей  как  ведущую    определяют  педагогику  андрагогики,  которая 

владеет концепцией развития взрослого человека на разных возрастных этапах. Она позволяет выявить 

условия саморазвития как цели и ценности образования,  однако её участие не даёт достаточных оснований 

для  разработки  образовательных  программ  и  технологий  профессионального  развития    педагогических 

кадров.


Организацию      процессов    повышения  квалификации  педагогических  кадров,  решая  проблему  

компетентностного и деятельностного подхода, необходимо строить на другой системе методологических 

подходов,  отличительной  чертой  которой  является  новое  (деятельностное)  содержание  и  новые 

дидактические  принципы  профессионального  развития  и  саморазвития  педагога:  добровольности  и 

осмысленности; единства предметности и деятельности; преемственности; деятельностного содержания; 

прогнозируемости и др. [1].   Данные принципы являются основанием для построения ситуаций развития 

в  соответствии  с  возрастными  нормами.  Методологические  исследования    позволили    разработать  и 

описать новые  способы общественного познания и типы теоретической деятельности: проектирование, 

конструирование,  программирование,  планирование.  Все  эти  типы  деятельности  отличаются 

направленностью не на познание того, что есть, а на создание новых продуктов и даже – новых прецедентов. 

В процессе создания нового познаётся то, что не существует, но что может возникнуть. Посредством этих 

способов познавательной деятельности происходит «создание, творение будущего» [2]

Сегодня  усилиями  методологического  сообщества,  представителей  деятельностного  подхода 

в  психолого-педагогической  науке,  образовательной  общественности  практика  деятельностного 

обучения – качественно  новая  сетевая  педагогика,  возникшая  в  контексте  концепции  компетенций,  

мыследеятельностной педагогики,  стала реальностью.

Построение  новой  образовательной  практики    в  организации  и  управлении    процессом    повышения 

квалификации на деятельностной основе связано с принципиальной способностью совершать системные 

преобразования: от теоретического знания – к проектному, от проектного – к инструментальному, а затем 

–  к  новому  образу,  новой  образовательной  практике.   Системные  преобразования  предполагают  выход 

за  пределы    предметности  (специализации),  педагогической  практики,  проектирование  новой  модели  

сетевой    организованности.  Базовыми  процессами  в  новой  образовательной  практике  будут  являться 

проектирование,  конструирование,  программирование,  планирование  индивидуальных  образовательных 

программ    как  процессы  «выращивания»  новых  форм  коллективной  общности  педагогических  кадров, 

вообще    -  педагогической  общественности,  новых  содержаний  и  технологий  образования, «способов  и 

формул педагогической деятельности и мышления»  [3].

Проектирование новой модели повышения квалификации на основе деятельностного подхода и новой  

технологии сетевого взаимодействия требует  перестройки  и конструирования оптимальной структуры 

организационно – управленческих связей.  Проектирование новой модели  непрерывного образования в 

сетевой организованности, которая имеет целостный характер,  предполагается на нескольких уровнях:  

образовательное  пространство  в  институте  повышения  квалификации,  образовательное  пространство 


564

в  организации    областной  методической  работы,  образовательное  пространство    в  образовательных  

учреждениях. На данный момент в экспериментальной деятельности  в Павлодарской области апробируются  

модели  сетевого  образовательного  пространства  в  организации  методической  работы  в  двух  районах 

области и в предпрофильной подготовке учащихся в этих же районах.

Сетевое  взаимодействие  направлено  на  создание  единого  образовательного  пространства, 

гарантирующего вариативность, многообразие содержания и форм образования, получение качественных 

образовательных  услуг,  обеспечения    свободы  выбора  образовательной  траектории,  формирования 

способности к самоуправлению своей деятельностью. Личность   в сетевой организованности означает 

теперь не способ локальной центрации, а непрерывный структурный поток. По мнению ученых, личность в 

сети начинает представлять собой «некоторый своеобразный организм, который сложно эволюционирует и 

движется, втягивая [пространство] внутрь  через рефлексию и перерабатывая результаты предшествующего 

этапа»[2]. Личность  «последовательно конденсируется, уплотняется, накапливается в сетевых структурах 

коммуникативного общения – понимания».  Она  одновременно включена в сложный многопозиционный 

процесс коммуникации и процесс самоозначивания, самопостроения.  Образование  в сетевом пространстве 

становится  социальным  полигоном,  на  котором  отрабатываются  новые  социальные  модели  и  практики, 

новые способы и стратегии взаимодействия

Для принципиального сдвига в образовательной ситуации от модели конвейера к сетевому и проектному 

образованию  необходимо  осознать,  что    сеть – свободное,  открытое  пространство.  Главный  принцип 

организации сети заключается в том, что она принципиально открыта. В сети нет доминант. Сеть – это 

встреча равнозначных субъектностей, каждая из которых открывается настолько, насколько она способна 

это сделать и воспринимает другого настолько, насколько она способна его воспринимать.  

 В сетевой программе индивидуальный образовательный процесс принципиально автономизируется. Он 

строится так, что автором своей образовательной траектории становится  сам участник образовательного 

пространства. Не повысивших квалификацию учителей, директоров школ и других кадров  будет выпускать  

институт.  Его  задача – способствовать  включению  каждого  участника  в  инновационные  процессы,  в 

конкретное сетевое сообщество или  заложить основы нового объединения в интересах образования (даже 

на основе единичной инициативы участника). Влиять на развитие образования, стать субъектом управления  

можно только в составе общности людей. И Сетевой институт  должен создавать каждому условия для  его 

соразмерности происходящему в образовании. Институт будет выращивать педагогические кадры новой 

профессиональной позиции: проектировщиков, конструкторов, технологов   образовательных процессов; 

исследователей; абилитаторов, тьюторов.

Складывание  практики    сетевого  образовательного  пространства - содержательно  сложный  процесс. 

Основные его трудности:  незаконченный характер научно-методологических разработок, необходимость 

работникам    осваивать  новый  педагогический  профессионализм,  принципиальная  значимость  внешне-

социализационных  образовательных  форм,  в  которых  слушатели  могли  бы  в  полной  мере  реализовать 

свои  деятельностные  способности  и  т.д.  Содержание  образования  должно  носить  интегрированный, 

междисциплинарный  виды  организации  деятельности  слушателей  (исследовательские  проекты, 

педагогические  мастерские,  ОДИ – образные  семинары  и  т.д.).  Содержание  образования  должно  быть 

построено  в модульном подходе.

Этапы проектирования сетевого взаимодействия определяются структурно-функциональной моделью 

разработки  организационно-управленческих схем и вариантов планирования организации образовательного 

процесса  обучающихся,  которые  осуществляются  через  образовательные  и  производственные  сектора.  

Производственные сектора задаются через специальные службы:  информационно – аналитический  центр, 

служба  составления  индивидуальных  образовательных    программ,  ресурсный  центр,  центр  аттестации. 

Эти службы организуют жизнь базового образовательного пространства, состоящего из образовательных 

секторов  различного  содержания.  При  переходе  на  деятельностное  содержание  на  первый  план 

выдвигаются  технологии  организации  коллективной  мыследеятельности  и  конструирование  ситуации. 

В сетевом образовании деятельностного содержания главными средствами становятся  образовательные 


565

ситуации. В «деятельностном образовании содержание осваивается за счет действенной включенности и 

рефлексии в  образовательной ситуации» [3].

Службы обеспечивают существование базового пространства, т.е.  нахождение и движение людей по 

разным  образовательным  секторам.  Для  организации  и    управления  этим  образовательным  процессом 

необходимо построение моделей: 

- управления образовательной сетью;

- структуры, состава и квалификации преподавательского состава и учебно-вспомогательного персонала;

- требований к компетентностям обучающихся.

Опираясь на методологию управления сетевой организацией, механизм согласования управленческих 

решений правомерно рассматривать как центральный элемент управления, состоящий в определении цели 

и средств ее реализации. Управленческое решение – это и способ реализации интересов участников сети, 

способ согласования целей и средств их достижения  каждым  субъектом  взаимодействия.

Участники  организации   и управления образовательного пространства формируют все ее структурные 

единицы;  именно  их  усилиями  реализуются  цели  организации,  создаются  ее  продукты.  В  то  же  время 

структура предъявляет определенные требования к персоналу в соответствии с целями организации.

Результатом целеустремленной  сетевой образовательной системы непрерывного образования педагогов 

должен    стать  думающий  учитель,  не  копирующий,  а  способный  к  преобразованию  педагогической 

реальности; учитель, устремленный к нравственному и духовному совершенству, чуткий ко всему новому 

и прогрессивному; учитель, занимающийся постоянным самообразованием и творчеством.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет