Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры ұЛЫҚ имам – имам ағзам әбу ханифа алматы, 2011


«Сахабаларым аспандағы жолшы жұлдыздар



Pdf көрінісі
бет3/21
Дата16.09.2023
өлшемі0,61 Mb.
#108213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
«Сахабаларым аспандағы жолшы жұлдыздар 
іспетті. Олардың қайбіріне ілессеңдер, хақ жолын 
табасыңдар»,
–деп сипат берген. 
Имам Мәліктің (713–795) 
«Муатта»
атты кітабын 
оқып шыққан халифа Жағфар Мансур (754–775) 
оның біліміне ризашылық білдіріп: 
«Өте құнды 
еңбек жазыпсыз. Келіңіз, мұсылмандарға ислам дінін 
тек осы кітап бойынша амал еткізейік»
, – дегеніне, 
имам:
 
«Жоқ, олай етуге болмайды. Расулулланың 
сахабалары жан-жаққа тарады, олардың барлығы 
да өздерімен жақсылықты ала барды»,
деген 
екен.
Сахабалардың кезінде түрлі діни көзқарастар 
пайда болды. Соның салдарынан исламды әртүрлі 
талдайтын, түрлі-түрлі мәзһабтар (діни құқықтық 
мектеп, жол) көбейді. 
Уақыт өте фиқһ (мұсылман заңы) саласы бойынша 
Құран аяттарын дұрыс талдау және хадистерді зерттеу 
арқылы шариғатты дамытып, жалған мектептерге 
қарсы күресуші, олардың қателіктерін паш етуші 
Әбу 
Ханифа (699–767), имам Малик (717–795), имам 
Шафиғи (767–820), Ахмад ибн Ханбал (780–855)


q
q
8
Имам Ағзам Әбу Ханифа
секілді ислам ғұламаларының мәзһабтары дүниеге 
келді.
Бұлар ислам әлемінде ресми мәзһаб саналып, 1300 
жылдан бері өз ұстанымдары бойынша амалдарын 
жүргізуде. Ол мәзһаб иелерінің әрқайсысы мүжтаһид 
(білгір) ғалымдар еді. Солардың біріне мойынсұну 
арқылы осы заманға дейінгі әртүрлі қайшылықтардың 
жолы кесіліп, алды алынып келеді. Сондықтан бұл 
төрт мәзһабтың бірін ұстану қазіргі заман талабы 
да. Өйткені, олар Құран кәрім мен сүннет жолына 
лайық болғандықтан 
«әһлус-сүннә уәл-жамаға»

яғни хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың 
сүннет жолын ұстанып, көпшіліктен бөлінбей, бірлік-
ынтымақты жақтаушы қауым мәзһабтары атанды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет