ЖАЗУШЫ Ә. ҚОҢЫРАТБАЕВ ПРОЗАСЫНЫҢ ТІЛІ
Ж. СӘДУАҚАСҰЛЫ,
филология ғылымдарының докторы, профессор,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
Қазақстан Республикасы
Біз кейінгі кезге дейін Әуелбек ағайдың ұстаздық қызметіне байланысты әдістемелік еңбектерімен,
түркітану, соның ішінде қазақ әдебиетіне байланысты ғылыми еңбектерімен бірге Я.А. Коменский
дің «Ұлы дидактика» және «Қорқыт ата кітабына» байланысты аудармашылық қызметін ғана танып
келген едік. Ал ол кісінің жазушылық, ақындық қырын, тіпті драматургиядан да хабары бар екенін жүз
жылдығына қарсы шығарылған он томдық жинағынан білдік.
Сонау Кеңес дәуірінің алғашқы жылдарында жазылған әңгімелерінен бастап, кейінгі жылдарда
жазылған аудармалары мен естеліктерінің қайсысы да Әуелбек ағамыздың өзі кезінде аралас, пікір
лес болған қазақ зиялылары тәрізді жанжақты болғандығын айқын көрсетеді. Бұл тұрғыдан алғанда,
ғалымның зерттеуге тұрарлық қырлары баршылық екен. Соның бірі оның шығармаларын тілдік
тұрғыдан зерттеу деп білеміз. Біз бұл қысқа мақаламызда ғалымның бірсыпыра әңгімелері мен «Қор
қыт ата кітабының» аудармасы бойынша алдағы уақытта істелер үлкен істің алғышартын ғана жасап
көрмекпіз.
Ә. Қоңыратбаевтың он томдығының сегізінші томына біршама әңгімелері топтастырылған. Олар
дың негізгі тақырыбына сол тұстағы қазақ кедейжатақтарының өмірі мен олардың тұрмыстіршілігі,
сүйгендеріне қосыла алмай малға сатылған қыздардың аянышты өмірі, кейбір қазақ зиялыларының
ағартушылық қызметі, т.б. өзекті мәселелер арқау болған.
Әдетте, көркем шығарманың тілі дегенде, алдымен лексикалық байлықтың қолданылуы ескеріледі.
Осы тұрғыдан алғанда, жазушының қай шығармасы да, қазақ тілінің терең тұнығынан сүзіліп алын ған
сөз маржанымен көмкеріле берілген.
Сөзіміз дәлеледі болу үшін «Жалшы күні» әңгімесінің бас жағынан Сыр бойның табиғатын сурет
теген бір үзінді келтірейік: «Әдеттегідей биыл да Сыр бойына қар түспеді. Андасанда сіркіреп өткен
жаңбырдың жерді жібітуге шамасы да келмеген. Сондықтан жер бетіне тоң тұрмай, шаңтопырақпен
айғыздалып қана қойған. Балкөгендегі құмды өзектің жағдайы да осы тектес. Жел үйірген құмдар ба
лалар жасырынбақ ойнайтын жердей үйдімүйдім боп төмпешік құрса, олардың араарасы асық ой
найтындай таптақыр. Батыс жақтағы Доңғал жары да биік көрінеді. Қызылқұмға кіреберіс есік бо
лып саналатын бұл Доңғалдың ойдымойдым қамысы, ажырығы, орталығында қарабарқын, жыңғыл
өскен кебірі, теріскейде шабыры, түстігінде құм шырпысы бар. Шөп жоқта бұлар ірі қара мен түйеге
азық». Бұл шағын үзіндіні оқыған осы өңірдің тумасы болып саналатын кез келген азамат қай өңірде
жүрсе де, туған жердің табиғатын бар шындығымен көз алдына келтірер еді. Өйткені бұл шындық сол
азаматтың шыр етіп жерге түскеннен бергі естіп, құлағына сіңісті болған – атабаба қалыптастырып,
ұрпақтанұрпаққа жеткізген сөздері арқылы берілген. Жазушының басты шеберлігі осы сөздерді орын
ды қиюластырып, ойын оқырманға дәл жеткізуінде.
Жазушы Ә. Қоңыратбаев прозасында тілдің лексикалық байлығының қай түрі кездеседі және оны
қалай қолданған деген мәселеге келсек, оның барлығын бажайлап баяндау бір баяндаманың жүгінен
әлдеқайда ауыр болады. Сондықтан кейбір мәселеге ғана тоқталамыз.
Жазушы шығармаларында біз үшін көне болып есептелетін архаизм және историзм сөздер молынан
кездеседі. Бірсыпырасына ғана талдау жасап көрейік. Мысалы: «Өткен жазда көк шықпағандықтан,
жерде іскекке ілінер шөп тұқымы жоқ» деген сөйлемде іскек сөзі берілген. Қазіргі тілімізде бұл сөз
157
қолданылмайды. Брақ осыған ұқсас (түбірлес десе де болады) істік сөзі бар. Істік – ұшы үшкір те
мір не ағаш, оған ет, балық, т.б. шаншып, отқа пісіріп жеуге болады. Ал іскек сөзі, сөйлем мазмұнына
қарағанда, шөпке қатысты айтылып тұрғандықтан, сол тұста шөп жинау үшін айыр орнына қолданыл
ған, мүмкін ағаштан жасалған айыр тәрізді құрал болуға тиіс.
Шығармаларда осыған ұқсас қазіргі кезде қолданыста жоқ немесе сирек қолданылатын талай сөз дер
молынан кездеседі. Мысалы: жұт, шидем шекпен, дамбал, құрт тортасы, шом, малақай, сырмалы
шекпен, сөлкебай, бақыр, мір (соңғы үш сөз ақша атаулары), шәйі, пүліш, мақпал (мата атаулары),
қанталапай, қақшақұл, жүзік жасырмақ (ойын түрлері), жатақ, ояз, пәуеске, ұлық, итаршы, қалың
мал, түтін пұл, бодау (жасалған қиянаттың ақысы мағынасында), тулақ, айылғыр (түйенің тарт-
пасы), бесік құда, бел құда, төтен құда, т.б. Осы сөздердің қайқайсысы да халқымыздың тарихи
дамуындағы белгілі бір тілдік қолданыстардың көрінісі, тіл тарихының жемісі. Осындай сөздердің
талайы белгілі бір кезеңде қайта тіріліп, жаңа бір қолданыста өмірге қайта келуі әбден мүмкін. Оны
егемендік алғаннан кейінгі кезде пайда болған жаңа сөздер дәлелдей алады. Сондықтан осындай
сөздерді білу ұлтын, оның тілін сүйетін жас ұрпақтың парызы болуға тиіс.
Әуелбек ағаның шығармаларынан тағы бір үлгі аларлық тілдік ерекшелік – шешендік сөздердің,
мақалмәтелдердің қолданысы. «Түнгі оқ» әңгімесінде осы Сыр бойындағы болыстар мен бише
шендердің аттары аталып, солардың аузынан айтылды делінетін талай сөздер берілген. Соның бірі
Әуекеңнің аузынан былай беріледі: «Ескінің көзі болған Досбол өзінің шешендігімен бүкіл Сыр бо
йына аты жайылған адам болатын. Тоқсанға келген шағында төсек тартып ұзақ жатты. Бір жолы оған
Байсын, Нұржан, Саудағұл бастаған бір топ адам көңіл сұрай барады. Ас желініп, адамдар тарқауға
қарағанда, Байсын:
– Уа, Досбол аға, ат жалын тартып мінгелі екі аяқтыға қызыл тілдің бәйгесін бермей, ұшқан құсты
ауызбен ілдіңіз. Атағыңыз Қыр мен Сырға бірдей жетті. Енді, міне, сіз де кәрілік торына түсіп отырсыз.
Қой жасындай ғана өміріңіз қалыпты. Сонда о дүниеге не деп бармақшысыз? – деп сауал қояды.
Өзінің жолы мен орнын білетін Досболға мына сөздер жақпай қалады. Байсын кім? Ал оның соңы
на ерген жарандары кім? Ауыздарын буған өгіздей тіл білмейтін жарамсақтар сол жарамсақтықпен
кісі болғандар. Оның үстіне Байсын соқыр, Саудағұл таз, Нұржан пұшық болатын. Сөзге дархан, тап
қыр Досбол мысқылға басып:
– Уа, Байсын шырақ, келгендеріңе Алла разы болсын! «Қаз жұлғанда семіреді» деген емес пе, өте
қуанып қалдым. Шүкір, артым бар екен. «Қылышқа бергісіз ара бар, алаяққа шара бар» дейді қазақ.
О дүниеге мені не деп барады дейсің? Баяғы әруақты ерлердің басына қонатын бақ құсы бұл күнде қара
шыбынға айналды. Ол ұшып соқырдың көзіне, таздың басына, пұшықтың мұрнына қонды деп барсам
керек, – дейді».
Осы бір үзіндіде жас ұрпақ үшін үлгі боларлық бірнеше тілдік ерекшеліктер бар. Бірі – би мен
шешеннің ауызынан шықты деп есептелетін, жазушы қолданған тұрақты тіркес тер. Мәселен, ескінің
көзі, ат жалын тартып міну, екі аяқтыға қызыл тілдің бәйгесін бермеу, ұшқан құсты ауызбен ілу,
кәрілік торына түсу, қой жасындай өмірі қалу, ауызын буған өгіздей, т.б. тіркес тер – қазақтың би
шешендеріне тән ауыстырып, тұспалдап айтудың көрінісі. Екінші – шешеннің аузынан шыққан жа
уап сөз, көрегендік сөз, өйткені бақ пен тақтың нағыз иесін таппай адасып жү руі кез келген қоғамда
болған, қазіргі біздің қоғамда да кездеседі десек, артық айтқандық емес. Үшінші сі – шешеннің аузынан
айтылған екі мақал. «Қаз жұлғанда семіреді» ризашылығын, қанағатшылдығын білдірсе, «Қылышқа
бергісіз ара бар, алаяққа шара бар» дегені – сендердей алаяқтарды тезге салатын қылыштан кем
түспейтін тілім бар дегені болар. Шынында, арұяты, намысы бар ер азамат жаңағыдай сөзден кейін
тірі өлік болып, ел бетіне қарай алмаса керек.
Енді осылай талдап көрсетпесек те, шығармада кездесетін мақалмәтелдердің біразын тізіп көр
сетейік: «Жақсыдан ат қалар, молдалардан хат қалар», «Жаңа байығаннан, жаңа кісі болғаннан
сақтан», «Үлкен бақ – біреуге құт, біреуге жұт», «Ел – жұртымен түгел», «Кеден кеден болды, кер
неден болды», «Кісілік ақылдыны адам етеді, ақылсызды надан етеді», «Атаң өлсе де, атаңның көзін
көрген өлмесін», «Ен дәулет шала естіні жынды қылады», «Сынса, байдың көзесі, төгілсе, байдың
158
көжесі», «Аяр есек таяқпен ақылды болады», «Жаманның төрінен жақсының есігі», «Елді қортық,
қойды шартық бұзады», «Жалғыз қаз келгенмен, жаз болмайды», т.б. Байқап отырғанымыздай, бұл
мақалдардың бірсыпырасы бұрыннан тілімізде бар жиі қолданылатын мақалдар болса, кейбіреуі өте
мөте жиі айтыла бермейтін, тіпті жазушының өзі өмірден алып құрастырғандай, бірақ мағыналы да,
мәнді, өміршең мақалмәтелдер болып табылады. Өміршеңдігі – осы мақалдардың қайқайсысы да
«болашағымыз» деп отырған қазіргі жас ұрпақтан бастап ел басқарған азаматтарға дейін үлгі болар
лық, жол көрсетерлік сөздер.
Шығармаларда, сондайақ, орыс тілінен енген вагон, паравоз, инженер, пойыз, губернатор, гене-
рал, пәуеске, поселке, цивилизация, ауылнай, мұжық, пристав, помещик, романтика, желеткі, атбе-
кет, т.б. тәрізді сөздер қолданылған. Бұлардың бірсыпырасы орыс шенеуніктерінің аузынан шықса,
бірсыпырасы орысша сауатты тілмәштардың, автордың өз аузынан, тіпті кейбірі қарапайым шаруа,
жұмысшылардың аузынан шыққан сөздер. Мұндай сөздердің қолданылуы темір жол құрылысының
салынуы мен тығыз байланысты болып, Сыр бойында да жұмысшы табының қалыптасып келе жатқа
нын да білдіреді.
Сонымен бірге шығармаларда аракідік жазушы туып өскен Ақмешіт, Шиелі аймағына тән жергілік
ті ерекшеліктер де байқалып қалады. Мысалы: дембіл-дембіл, шөжік (қамыстың шөжігі), ойсаң болу
(олқы болу), дәп қылу, сота, кепкір, шымшуыр, т.б. Әдетте мұндай жергілікті ерекшелігі бар сөздерді
жазушы кейіпкер аузына салады. Ал Әуекең шығармаларында бұл сөздер автор сөзінде кездесіп оты
рады. Мұның, біздіңше, екі себебі бар: біріншіден, туғаннан үлкендерден естіп, көкірегінде жатта
лып қалған бұл сөздердің автор үшін басқаша варианты жоқ, екіншіден, жазушының бұл әңгімелері
әрі көркем, әрі деректі шығармалар. Уақиғалардың бел ортасында соларды көзімен көріп, куә болған,
көргенін кейінгі ұрпаққа жеткізгісі келген автор әрі басты кейіпкер де. Сондықтан диалект сөздердің
автор сөзінде кездесуін заңды деп есептеуге әбден болады.
Ендігі азғантай сөз Ә. Қоңыратбаевтың аудармасы арқылы жұртқа танымал болған «Қорқыт ата
кітабының» тілдік ерекшеліктері жайында.
«Қорқыт ата кітабының» алғысөзінде Әуекең былай дейді: «Қорқыт ата кітабын» аудару мәселесі
нің төңірегінде оны түпнұсқадан дәл аударып, логикалық тілмен берген жөн дейтін пікірлер болды.
Асылында журналистика мен ежелгі фольклор стилі бір емес. Осыны ескеріп, бұл жырды фольклор
(эпос) тілінде аударған едік, өйткені жыр тілінде мақалмәтел, афоризм, метафора, диалог, монолог
тар өте көп. Немістер бастырғанда Қорқыттың «Аталар сөзінде» 400 мақалмәтелдер болса, солардың
көпші лігі жыр тіліне енген. Сол стильді сақтау мақсатымен «Турап жеген ет жақсы, шөлдеп ішкен
су жақсы», «Сайдың шөбін жекен білер, қырдың шөбін бөкен білер» десек, бұл тіл өлеңге бергісіз,
мақалға жақын. Соның бәрін В. Бартольд балама сөйлеммен берген. Бұл тұста оның стилін алғаным
жоқ, мендегі тіл шешендік сөз, эпос тіліне өте жақын. Сондықтан ол оқырманға әрі жақын, әрі тартым
ды болар деп ойлай мыз». Ғалымның өзі айтқан осы пікірі айнақатесіз екеніне шығарманы оқи отырып
көз жеткіздік.
Ең алдымен, шығармадағы сюжеттердің қайқайсысы да оқырманға белгісіз бір баяндаушы су
бъ екті жақ аузынан белгісіз бір ханға (тыңдаушы жаққа) бағытталып айтылған. Бұл – фольклордағы
ең негізгі стиль – ауызша баяндау стилі, ертегі, аңыз, жырларды жеткізу стилі. Осыған байланысты
жырлардың басталар, аяқталар тұсындағы сөйлемдер оқиғаның бұрын өткендігін білдіретін шақтық
тұлғалармен (көсемшенің -ып, есімшенің -ған) беріледі. Мысалы, «Баят руында Қорқыт ата дей-
тін білікті, сәуегей адам болыпты... Ел оның барлық өсиетін (билігін) бұлжытпай орындаған», т.б.
ал жырлардың ішіндегі жеке оқиғаларды, ісәрекеттерді баяндар тұста жедел өткен шақ формасымен
(-ды) береді. Бұл оқырманға оқиғаны көзімен көргендей, жаңа ғана болып өткендей, соған қалтқысыз
сенетіндей етіп беру үшін қажет болған деп ойлаймыз (Оғыздардың Дерсехан атты бегі бар еді. Бұлар
Шөкли патша еліне келіп жетті, т.б.).
Кітаптың беташары, кіріспесі ретінде алынған Қорқыттың нақыл сөздері түгелімен келер шақ
тық, ішінара осы шақтық мағына туғызатын тұлғалар арқылы берілген. Сол арқылы біз, дана қарттың
ұрпақтары, оның өсиеттерін өз аузынан естігендей боламыз, көргендері мен түйгендерін болашағына,
159
кейінгі ұрпағына арнағанын айқын байқаймыз. Бұл да ауыз әдебиетіндегі мақалмәтел, шешендік
жыраңыз дарға тән стиль. Сондықтан болар, Қорқыттың көп өсиет сөздері немесе соның бір тіркестері
халық аузында мақалмәтелге айналып, қазірге дейін қолданылып келеді. Мысалы, «тозған мақта
бөз болмас, ежелгі жау ел болмас», «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл
жаман», «Ұлдың кімнен туғанын ана білер», «Иесінің иісін ат білер, жүктің ауыр-жеңілін есек білер»,
т.б.
Кітапта айқын сақталған ауыз әдебиеті стиліне тән тағы бір ерекшелік – қайталаулардың мол
кездесетіндігі. Олар жеке сөздер мен сөз тіркестерін былай қоғанда, тұтас сөйлем, тіпті тұтас аб
зац күйінде де кездеседі. Сондайақ, ертегі, аңыздарға тән ұлғайту (гипербола), кішірейту (литота)
тәсілдерін де автор жиі пайдаланады.
Көркем шығарманың, әсіресе фольклорға тән шығармалардың мағыналық, стильдік құрылымында
сөздердің ауыспалы қолданыстарының, яғни троп түрлерінің мәні зор. Бұлар кітаптағы жырлардың
бәрінде де кездеседі және жекелей де, бірбірімен қабаттаса, астаса да қолданылып жатады. Жырдан
бір мысал келтіре кетейік: «...Бәну-Шешек өзінің ақ көйлегін тастап, қара көйлек киді, күздің піскен
алмасындай беттерін жұлды. «О, менің қызыл ернімнен сүйген жарым! О, менің ақ жүзімнің сәні,
басымның бағы! О, менің патшам, ер туған жігітім! Сұңқар болып туған сүйген жар! О, хан сүйекті
жігітім, жүзің қарап, тоймай қалған жігітім! О, жан жарым, ерім, мені жалғыз тастап қайда
кеттің? Көзімді ашқалы өзіңнен басқаны көрмедім, жүрегімнің жалғыз сүйгені сен едің. Тар төсекте
басымыз қосылмаған жан-жарым, мақсатына жете алмай кеткен жан-жарым! Қазан бектің орнын
басады деген жан-жарым! О, бүкіл оғыз елінің бәйтерегі болған жан-жарым» деп жылады Бәну-
Шешек».
Осы үзіндідегі «ақ көйлекті қара көйлекке ауыстыру» (қаралы кісінің әрекеті), «бетті күздің қызыл
алмасына» теңеу, бетті «жүзге» ауыстыру (метафора), «жүзіне қарап, тоймай қалу» (эпитет), жігітін
«жүзінің сәніне, басының бағына» теңеу, «туғалы» дегенді «көзімді ашқалы» деген тұрақты тіркеспен
ауыстыру, т.б. толып жатқан бейнелі сөздерді қолдану шығарманың ажарын кіргізіп тұрғаны анық.
Шығарманың мазмұнын айқын жеткізуде жоғарыда аталған лексикалық ерекшеліктердің айрық
ша орны бар десек, бұл, екінші жағынан, сөйлемнің құрылымдық ерекшеліктерімен де, түрлерімен
де тығыз байланысты. Осы тұрғыдан алғанда да аталған еңбектің өзіндік ерекшеліктері жетерлік.
Шығармада қазіргі тілімізде бар сөйлем түрлерінің бәрі де кездеседі және олар фальклордың тіл дік
ерекшеліктеріне, стиліне бағындырылған. Мәселен, Қорқыттың нақыл сөздеріндегі сөйлемдердің
басым көпшілігі жай, хабарлы сөйлемдер болып келеді. Құрмаластың ішінде салалас түрі басым да,
сабақтас түрі өте аз және оның өзі де күрделі емес. Сондайақ, сөйлемдердің бәрі дерлік бастауыш
баяндауыштық қатынасқа негізделген белгілі жақты, толымды сөйлемдер. Толымсыз, жақсыз сөй
лемдер кездеспейді немесе өте аз, ал мүшеленбейтін сөйлемдер мүлдем қолданылмаған. Мұның
өзі шығарма мазмұнын құ райтын мәтіндердің көнелігін, о баста ауыз әдебиетіне тән болғанды
ғын байқатады. Мысалы, «Тәңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірісі құрамаса,
ешкімнің бірі екеу болмайды. Тәңірі маңдайына не жазса, сол болады. Оның жазуынсыз адам жа-
мандық көрмейді, ажал келіп, өлмейді... Менмен, тәкәппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан
өзін жоғары ұстаған адамдарға тәңірі бақ бермейді...», т.б.
Кітаптағы жырлардың сөйлемдік құрылымы осындай шағын болып келуі көбіне нақыл сөздерге
тән. Басқа сөйлемдер де өтемөте күрделі күйде беріле бермейді, алайда ойды еркін әрі толық жет
кізу мақсатында оқшау сөздер, айқындауыштар, қайталаулар қолданылған. Әсіресе, монологтар мен
диалогтар қатысқан күрделірек сөйлемдер мол және олар төл сөз ретінде беріліп, жоғарыда аталған
лексикалық бірліктер осындай сөйлемдерде жиі кездеседі. Мысалы, Қазан мен қойшының арасында
ғы диалог сөйлемдердің әрқайсысы «қойшы ұлым» және «Қазан әке» деген қаратпалардан басталып
отырса, «Уа, бектерім», «О, ұлым, балам», «О, анам», «О, гәуірлер» дегендей қаратпалар әр жырда жиі
қайталанып отырады.
160
Сондайақ, жеке сөздердің де әр сөйлем сайын қайталанып келуі бар. Мысалы, гәуірлер Ораздың
аяққолын байлап дар түбіне әкелгенде, ол ағашпен сөйлеседі. 13 жай сөйлемнен тұратын осы моно
логта «ағаш» сөзі 13 рет қайталанады. Осының бәрі – ауызша сөйлеу тіліне, әсіресе ауыз әдебиетіне
тән қолданыстар.
Кітаптағы жырлардың көбісіне тән тағы бір ерекшелік – әр жыр «Хан ием» деп басталады да, жыр
дың оқиғалары жақсылықпен аяқталып, арты тойға ұласады. Осыған байланысты уақиғаны баяндау
шы сөз қорытындысын «Сол тойға Қорқыт атам келіп күй шертіп, жыр айтты» деген сөзбен ба
стап, ханға бағышталған Қорқыт атаның батасымен аяқтап отырады. Бұдан Қорқыттай ұлы дананың
сөзін ауызша жаттап, кейінгі ұрпаққа жеткізуші шәкірттерінің болғандығын, олардың терең ойлы,
құйма құлақ, шебер тілді жыршылар екендігін байқасақ, ал осы жырды пәлен ғасырдан кейін жаз
ба түрде қазақша сөйлеткен Ә. Қоңыратбаевтың да халық тілінің тұнбасынан терең сусындап, оны
осы кітапта еркін қолдана білген нағыз жазушы болғандығын аңғарамыз. Яғни, шығарманың барлық
ерекшелігін сақтау, сол арқылы мазмұнды оқырманға дәл жеткізу ауыз әдебиеті стиліне тән лексика
грамматикалық байлықты терең игерумен тығыз байланысты екенін ғалым о бастанақ түсінді, сол
мақсатын шебер жазушы ретінде орындап та шықты.
Резюме
В статье впервые подвергается анализу язык художественных произведении доктора филологичес
ких наук, профессора А. Конратбаева.
Summary
The imaqary lanquaqe of A.Konyratbayev has been analyzed for the first time in the article.
ӘОЖ 06.063.001.81 : 37.022
БЛИЦ-ТУРНИР – ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУДІҢ ТИІМДІ ТҮРІ
К. СӘДУАҚАСҚЫЗЫ,
педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор
Н. ТӨЛЕГЕНОВА,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
Қазақстан Республикасы
Педагогикалық ізденіс оқушылардың ойлануын белсенді ететін, олардың пәнге қызығушылығын
арттыратын, олардың шығармашылық қиялын дамытуға ықпал ететін оқыту әдістемесінің жаңа жә
не бұрын сынақтан өткізілген тиімді әдістемелік амалдарын анықтауға ұдайы бағытталып отырады.
Мұндай әдістер мен амалдарды анықтау оның жетілдірілуіне ықпал ете отырып, оқыту жүйесінің
өзгеруіне айтарлықтай әсерін тигізеді.
Сонғы жылдар ішінде біз химия сабақтарында оқушылардың ойлау қызметінің жандану мәселе сін
зерттей келе түйгеніміз, оқытудың дәстүрлі ұйымдастырылуы уақыт талабына сәйкес келмейді, оқыту
сапасын жақсарту мен тұлғаның дамуына жағдай жасамайды деген қорытындыға келуге мәжбүрлейді.
Химияны оқытуды түбегейлі жақсарту сабақ әдістемесін өзгертуден, оқушылардың жас ерекшелікте
рін ескере отырып оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың белсенді түрлеріне батыл қадам жа
сау қажеттілігі туындап отыр.
161
Ушинский былай деп жазады: «Оқу еңбегін бала үшін мүмкіндігінше қызықты ету және бұл
жұмысты ермекке айналдырмау – дидактиканың қиын және маңызды міндеттерінің бірі».
Мұғалім оқу барысын, баланың танымдық және ойлау қабілетін жандандыра отырып әрқайсысы
ның шығармашылық тұрғыдан дамуы үшін жағдай жасайтындай етіп ұйымдастыруы тиіс. Оқытудың
белсенді әдістерінің түрлерінің бірі дидактикалық ойын болып табылады, әрі кейбір жалпы қорыту
сабақтары мен блицтурнирлер түрінде өткізіледі. Дидактикалық ойындар оқушылардың пәнге қы
зығушылығын арттырады, сабақты бастанаяқ белсенді етеді, ойлауды, сөйлеуді, жадыны дамытады,
танымдық қызығушылықтарды қалыптастырады, оң тәрбиелік әсерін тигізеді.
Дидактикалық ойында мына кезеңдерді толық және ұқыпты ойластыру керек :
• Ойын атауын;
• Ойынды өткізу туралы хабарлама және оған оқушыларды дайындау;
• Ойынның дидактикалық факторлары;
• Ойын атрибуттары;
• Ойын ережелері;
• Ойыншылар саны;
• Ойын барысы (сценарий немесе үлгі);
• Ойын ұзақтығы;
• Ойын қорытындысын жасау.
«Химияның негізгі заңдары» сабағын қорытындылау сценарийі.
11-сыныптағы қорыту сабағы.
Сабақтың тақырыбы: «Химияның негізгі заңдары»
Сабақтың мақсаты: «Химияның негізгі заңдары» тақырыбы бойынша бұрын зерттелген және
жаңа оқу материалы арасындағы себепсалдарлық байланыстарды анықтауда оқушылардың білімін
тек серу мен қателерді түзетуді жүзеге асыру, дүниетанымдық ұғымдарды қалыптастыру.
Міндеттері:
а) білімділік: химияның негізгі заңдары туралы оқушылардың білімін қорыту және жүйеге келті
ру; химияның негізгі заңдары, атомдардың құрылысы туралы, заттардың құрылысы мен заттар дың
қасиеттері арасындағы өзара байланысы туралы, құрылымдық бөлшектердің өзара әсері туралы
алынған білімдерін оқушылардың белсенді пайдалана алу шеберлігін бекіту.
б) тәрбиелік: диалектикалықматериалистік дүниетаным мен ақылой еңбегінің дағдыларын қа
лыптастыруды жалғастыру; патриоттық және интернационалдық тәрбиелеуге ықпал ету.
в) дамытушылық: зияткерлік дағдыларды дамыту: талдау жасау, салыстыру, қорыту, қорытынды
жасау шеберліктерін, себепсалдарлық өзара байланыстарды анықтау; оқылатын пәнге қызығушы
лықты және оқу материалын саналы қабылдауға бейімдеу.
Сабақ типі: Қорытындылау сабағы (оқу материалдарын жүйеге келтіру және білімді, шеберлікті
және дағдыны бекіту сабағы ).
Сабақ түрі: дәстүрлі емес, блицтурнир әдісі.
Әдісі: әңгімелесу, логикалық, дербес жұмыс әдістері.
Әдістемелік амалдар: көпір, тізбек, дидактикалық үлестірмелер.
Мұғалімнің алғысөзі.
Бір кездері Д. Хевеши: «Ойлы, өзін бақылап отыратын адам шашыраңқы фактілерді бір жерге бай
ланыстырудың сәті түспейінше өзін бақытты сезіне алмайды», – деп айтты.
Біздің міндетіміз балаларды білуге, қызықты ойында ұдайы пайда болатын көптеген сұрақтарға
жауап бере білу үшін шашыраңқы фактілерді бір жерге байланыстыруға үйрету:
• неге күзде жапырақ сарғаяды, ал үсіп кеткен картоптың дәмі неге тәтті?
• альпинистер неге суға қайнатылған жұмыртқаны ешқашан жемейді?
• суық түсер алдында қиярлар мен қызанақтардың көшеттерін неге молынан суғару керек?
210126
162
• неге соңғы сәтте бір шөкім тұз тастаса, кастрюльдің ішіндегі сорпа тасымайды?
• егер түйелер өздерінің өркештерінде су емес, майды жинайтын болса ұзақ уақыт неге сусыз шыдай
алады?
• неге бұлттардың бәрінен бірдей жаңбыр жаумайды?
• неге ыстық күнде саз құмырадағы су мұздай болады?
• қант неге керек?
• неге арнайы қызметтер бұлтты жою үшін ауаға ұшақтан қатты көмірқышқылды («құрғақ мұз»)
шашады?
Тек энергия сақталу мен түрлену заңын біле отырып неге тропикте, солтүстік елдерде өмір сүретін
адамдарға қарағанда көк тамыр қаны ерекше алқызыл түсті әрі өте ашық болатынын түсіндір.
1-кезең. Оқушылар әрекетін ұйымдастыру.
Сабақ блицтурнир түрінде өтеді. Сабақтың басында сынып үш топқа бөлінеді. Әр команданың
капитаны сайланады. Әрбір қатысушы сабақ барысында талқыланатын жеке тапсырма алады. Ұйым
дастыру мен тапсырманы орындауға 79 мин. Одан кейін турнир басталады.
2-кезең. Кезең бойынша қателерді түзету мен оқып үйренген материалды қайталау және бекіту.
Бірінші сайыс (5 мин).
Турнирге қатысушылар үлестірмелердің нөмірлері бойынша тақтаға шақырылады.
1 – Ү
Хром атомы құрылымының электрондық және графикалық сызбасын жасау. Осы элементтің жо
ғарғы оксиді мен жоғарғы гирооксидінің формуласын құрастыр, реакция теңдеулерін жазып, оларды
сипатта.
Қосымша сұрақ: Химиялық элемент дегеніміз не?
5 – Ү
Тұрақты және қозған күйлеріндегі селен атомының электрондық және графикалық сызбасын жаса.
Осы элементтің валенттік мүмкіншіліктерін көрсет.
Қосымша сұрақ: Құрам тұрақтылық заңы
9 – Ү
AlCl
3
, KClO
3
, Na
2
SO
3
, NH
4
HSO
4
, K
2
MnO
4
,
BaCr
2
O
7
құрамындағы элементтердің қышқылдану дең
гейін анықта. Осы заттарды атаңыз.
Қосымша сұрақ: Қышқылдану деңгейі дегеніміз не?
Екінші сайыс (5 мин).
Әрбір қатарға элементтердің электрондық формулалары жазылған қағаз беттер беріледі. Ко ман
даның әрбір қатысушысы бір химиялық элементті анықтап, кестені әрі қарай өз қатары бойынша беруі
керек.
№
Электрондық формуласы
Химиялық элемент формуласы
1
1 s
2
2s
2
2
1 s
2
2s
2
2p
6
3s
2
3p
5
3
1 s
2
2s
2
2p
1
4
1 s
2
2s
2
2p
6
3s
2
3p
6
4s
2
3d
2
5
1 s
2
2s
2
2p
6
3s
2
6
1 s
2
2s
2
2p
3
Осы тапсырманы тез орындаған топ өз тобының әрбір ойыншысына қосымша ұпай алу мүмкіндігін
береді.
163
Үшінші сайыс (5 мин)
4 – Ү
Химиялық элементтің реттік саны – 13. Бұл элемент атомының электрондық құрылымы қандай?
Оның оксиді мен гидрооксидінің формуласын жаз, реакция теңдеулерімен растап, олардың сипатын
көрсет.
Зат салмағының сақталу заңы. Оның авторы кім?
2 – Ү
16 реттік санды элементтің гидрооксид формуласын және тұздың түзілуіне әкелетін тиісті затпен
осы гидрооксидтің өзара реакциясының теңдеуін жаз.
Авогадро заңы. Неге бұл заңды тек газ тектес заттарға қолдануға болады?
3 – Ү
Неге III период элементтерінің валенттілігінің ең көп мәні 4 санынан аспайтын болуы керек? Азот
ты қышқылдағы азоттың валенттілігін көрсететін электрондық сызбаны жаса.
Атоммолекулалық ілімнің негізгі ережелері. Бұл ілімнің авторы кім?
Төртінші – капитандар сайысы.
Ойыншылар алдында ғалымдардың суреттері беріледі. Оқушылар ғалымдарды тануы керек (экран
ға тек фамилияларын шығаруға болады).
Ломоносов М.В., Менделеев Д.И., Лебедев С.В., Бородин А.П., Бутлеров А.М. Кибальчич Н.И.,
Джон Дальтон, Лавуазье Антуан, Авогадро Амедео.
Сайыс сұрақтары.
• Бала кезінде ұйымдастырған жарылысы үшін жаза ретінде бұл ғалымның мойнына «Ұлы химик»
деген тақтайша іліп қойған. Бұл сәуегейлік орындалды. Оның атын органикалық химиядағы Д.И. Мен
делеевтің атымен салыстыруға болады.Ол кім?
• Бұл ғалым алғаш оттегінің, азоттың, көміртегінің салмағын дұрыс анықтады, судың, сутегінің,
аммиактың, азот, хлор, фосфор, мышьяк, сурьма, метан, этилен, этил спирті, күкірт сутек, күкіртті кө
міртегі, күкіртті газ оксидтерінің дәл құрамын анықтады. Бірнеше заңның авторы болды, бірақ автор
ретінде ғылыми әлемге белгісіз болды, сондықтан оның еңбектері тек 50 жылдан кейін мойындалды.
Ол кім?
• Ол музыкада өзін дилетантпын деп атағанымен, оның симфониялары, романстары, ақырында
«Князь Игорь» операсы оған өз дәуірінің ірі және талантты композиторларының бірінің даңқын әкел ді.
• Сәрсенбі күндері бұл ғалым өз пәтерінде достарын: композиторларды, ғалымдарды, суретшілер ді
жинады. Олардың арасында Крамской, Репин, Куинжди болды. Бұл ғалым кім?
• Бұл ғалым қабілетті химик 1881 жылы патшаға қастандық жасағаны үшін дарға асылды. Сотта
ол өзі ойлап тапқан ауада жүзу снаряды туралы хабарлады. Бұл ракеталық қозғалтқыштың алғашқы
жобасы болды. Бұл ғалым кім?
• Мәртебелі ханшайым Елизавета Петровнаның Ресей тағына отыру күніне мадақ жазған ғалым,
матема тик, суретші, педагог. Ол кім?
• Квакерлер отбасында дүниеге келді. Сутегінің, азоттың, фосфордың, күкірттің және басқалардың
атомдық массасының бірінші кестесін жасады. Еселік қатынастар заңын тұжырымдады және атомдар
мен молекулаларды бейнелеу үшін таңбалар жүйесін ұсынды.
• Бұл ғалым химиямен айналысуды қар жы қызметімен қатар алып жүрді: елдің оқдәрі және селит ра
ісін басқарушысы лауазымын алды және үкіметке халықтан салық жинау құқығына ақша берді.
Химиялық диктант.
Мұғалім керекті сөзді немесе сөздерді қосып жазуы тиіс, сөйлемді оқиды. Әрбір қатысушы жеке
қағаз бетіне жазады.
1. Химиялық элементтердің қасиеттері, сондайақ олардың қосылыстарының формулалары мен
қасиеттері .................... периодты түрде тәуелді (атом ядросының зарядтарының сан шамасына).
164
2. Атомдағы энергетикалық деңгейлер саны ................... бойынша анықталады (периодтың нөмірі).
3. .....................бірдей санымен атомдардың алуан түрлері изотоптар деп аталады (ядродағы про
тондардың).
4. Кіші периодтар элементтерінің жоғарғы валенттілігі................санымен анықталады (сыртқы
деңгейдегі электрондар).
5. Электрон энергиясының қоры энергетикалық деңгей өте қашықтан ядроға өте жақынға секіріп
тү су кезінде..............(азаяды).
6. Электронның болуы өте ықтимал атом ядро айналасындағы кеңістік............... деп аталады (орби
таль).
3-кезең. I, II, III командалардың қорытындыларын жасау.
Аты-жөні
1
конкурс
2
конкурс
3
конкурс
4
конкурс
5
конкурс
Қорытынды
4-кезең. Үй тапсырмасы:
• «Атомдардың құрылысы», «Валенттілік және тотығу дәрежесі» тақырыбы бойынша шығарма
шылық тапсырмалар құрастыру.
• «Екінші мыңжылдықтың ұлы химиктері» атты мектеп конференциясына баяндамалар дайындау.
Әдебиеттер:
1. Сомин Л.С. Увлекательная химия. – М.: Просвещение, 1978.
2. Крицман В.А. Книга для чтения по неорганической химии. Ч. I и II. – М.: Просвещение, 1984.
3. Ильин Б.И. Биография великой волшебницы. – М.: Детская литература, 1964.
4. Книги из серии «Люди науки» 1) Лебедев С.В. 2) Менделеев Д.И. – М., 1990.
Резюме
Традиционная организация обучения не отвечает требованиям времени, не создает условий для
улучшения качества обучения и развития личности. Одной из форм активных методов обучения яв
ляется дидактическая игра, которая пробуждает интерес учащихся к предмету, активизирует их на
протяжении всего урока, развивает мышление, речь, память, формирует познавательные интересы.
В качестве примера в работе предлагается разработка обобщающего урока в виде блицтурнира. Педа
гогический поиск постоянно направлен на выявление новых и совершенствование ранее испытанных
эффективных методических приемов методов обучения, которые активизировали бы мышление уча
щихся, развили бы в них интерес к предмету, способствовали развитию их творческого воображения.
Выявление подобных методов и приемов оказывает существенное влияние и на преобразование систе
мы обучения, способствуя ее усовершенствованию.
Summary
In quality teaching and develop owns don’t ask a token times of tradition organize learning. In this article,I
have aimed to show that no matter how the textbook is good, it will never be perfect for every teacher’s teaching.
It will always need adapting, modifying or supplementing.Lesson plans and work sheets video tips, web links,
teaching articles and lots of information about profession development, conferences and qualifications.Discuss
areas of interest get advice keep your own methods and link up with group of teachers around the globe.
165
ӘОЖ 81.2 – 2 (2)
Достарыңызбен бөлісу: |