История государства №2, 2012 Бүркiтбай Ғелманұлы Аяған


 ашаршылықтың бастау көздері



Pdf көрінісі
бет8/20
Дата06.03.2017
өлшемі3,84 Mb.
#7948
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

2. ашаршылықтың бастау көздері
Жоғарыда  айтылғандай,  1995  жылы 
бекітілген  ҚР-ның  Президентi  жанындағы 
Мемлекеттiк  саясат  жөнiндегi  Ұлттық 
Кеңестiң 
мәжiлiсiнде 
«Қазақстан 
Республикасында  тарихи  сананы  қалып-
тастыру»  тұжырымдамасында  «Тарихи 
бiлiмнiң  негiзгi  басымдықтары»,  «Тарих 
ғылымының  проблемалары»,  «Тарихи 
бiлiм  беру  мен  ағарту  iсiнiң  келешегi» 
бағыттары  қамтылған  болатын.  Соның 
iшiнде  Қазақстан  тарих  ғылымының 
алдына  қойған  мiндеттердiң  бiрi  Кеңестiк 
дәуiрдегi  Қазақстан  тарихын  қайта 
пайымдау.  Соның  қатарында  Ашаршылық 
және  Саяси  қуғын-сүргiн  тарихы  бар. 
Ал,  бұл  тарихтың  түп-тамырын  кеңестiк 
билiктiң негiздерінен іздеген жөн. Өйткенi, 
Ахмет 
Байтұрсыновтың 
«Революция 
және  қырғыздар»  деп  аталатын  әйгілі 
мақаласында  нақты  айтылғандай,  «қазаққа 
ақпан  революциясы  қаншалықты  түсiнiктi 
болса,  қазан  революциясы  соншалықты 

-   74  -
-   75  -
история государства    №2, 2012
түсiнiксiз  болды»  және  кеңестiк  билiктiң 
күйреуiне  дейiн  сол  түсiнiксiз  күйiнде 
қалды. Олай дейтініміз, 1917 жылғы ақпан 
революциясынан  кейін  билікке  ұмтылған 
большевиктер,  әу-бастан  қара  халықты 
алдап-арбау, еріксіз күштеу әдістері арқылы 
жұмысшы  мен  шаруа  одағына  негізделген 
қоғам құру мақсатын көздеген еді.
Қазан 
революциясының 
қазаққа 
түсініксіз  болуын,  Ахмет  Байтұрсынов 
«қазақ  қоғамында  капитализмнің,  соған 
сәйкес  таптық  жіктелудің  жоқтығымен», 
ал  Міржақып  Дулатов  «қазақ  -  қырғызды 
капиталист,  буржуй,  жұмыскер  деп  бөлуге 
болмайды.  Бізде  Еуропа  халықтарындай 
зауыт, фабрика жоқ, бізде миллионер, жатып-
ішep жоқ. Біздің халық ақ сүйек, қара сүйек, 
бай, жұмыскер, жерлі, жерсіздерге бөлінген 
емес.  Қалың  қазақ  -  қырғыздың    тіpшілігі,  
шаруасы  -  мал  бағу.  Қазақ  жері  бұрыннан 
да  жеке  адамның  eншіcіне  бөлінген 
еместігімен» түсіндіреді [1, 12 Б.]. 
Ресей  орталығындағы  қосөкіметтілік 
және  оның  шеткері  аймақтарындағы 
көпүкіметтілік  жағдайында,  большевиктер 
билік  тізгінін  ұстаудың  өздеріне  тиімді 
жолдарын  қарастырды.  1917  жыл  –  саяси 
оқиғаларға толы күрделі кезең еді. Осы жыл-
дары  құрлықтың  38  мемлекеті  тартылған 
1914  жылғы  Еуропа  соғысы  жүріп  жатты. 
Ресейдің  ішкі  жағдайы  тым  ауыр-тын, 
елдің  басым  бөлігін  құраған  шаруалардың 
жер мәселесі шешімін таппады, соған орай 
шаруаларды сыртқа қоныстандыру процесі 
жалғасып  жатты.  Сондай-ақ,  елдегі  30 
млн.-ға  жуық  мұсылмандардың  азаттық 
қозғалысы  шарықтау  шегіне  жеткен  кезең 
болатын. 
Міне,  қалыптасқан  осындай  жағдайда, 
өзіне  әлеуметтік  тірек  іздеген  Кеңестер, 
Уақытша  үкіметтің  соғысты  тоқтатпау 
саясатына  кереғар  ұстанымға  көшті.  1917 
жылдың  қыркүйек-қазан  айларында  «Жер 
–  шаруаларға»,  «Заводтар  мен  фабрикалар 
–  жұмысшыларға»,  «Езілген  халықтарға 
–  ұлттық  теңдік»  т.с.с.  лениндік  ұрандар 
көтерілді.  Басқаша  айтқанда,  еңсесі 
түсіп,  есеңкіреп  қалған  шаруалардың 
сұранысына сәйкес «соғысты тоқтатамыз», 
«жер  береміз»,  «нан  береміз»  деген  сөздер  
жағымды  естілді.  Осылайша,  Ресейдің 
сол  кездегі  стратегиялық  мақсатын  жете 
түсінбеген  шаруалар  большевиктердің 
соңынан еріп кете барды. 
1917  жылдың  26  қазанында  өткен 
Советтердің  бүкілресейлік  екінші  сьезінде 
жарияланған  В.И.  Лениннің  Үндеуінде: 
«Совет  өкіметі...  Ресейді  мекендеуші 
барлық  ұлттардың  өзін-өзі  билеуіне  шын 
мәнінде  право  берілуін  қамтамасыз  етеді» 
деген  уәдесі  мен  сьезд  қабылдаған  «Бітім 
туралы»  және  «Жер  туралы»  декреттер 
жаңа  өкіметтің  орнығуы  үшін  үлкен 
маңызға ие болды, өйткені олар Советтерге 
деген  халықтың  басым  көпшілігі  болған 
шаруалардың сенімін күрт арттырды...
Ал,  Алаш  партиясының  басшылары 
осыған  дейін  Қазақстанның  ең  басты,  ең 
өзекті  мәселелерін  (ұлттық-мемлекеттік 
құрылыс,  жер,  қоныс  аударушылар,  казак-
орыс  әскерлерінің  зорлық-зомбылығы  т.с.с.) 
шеше  алмаған  Уақытша  үкіметке  сенуден 
қалса, енді оның орнынан келіп, жоғарыда 
аталған проблемаларды таптық принциптер 
негізінде шешуге уәде еткен Совет өкіметіне 
күмәнмен қарады [2, 133-134 Б.]. 
Мұстафа  Шоқай  кеңес  үкіметінің 
алғашқы  жылдарында  қазақ  халқының 
жеткен 
жетістігі 
туралы 
Жүсіпбек 
Аймауытовтың  мынадай  пікірін  береді: 

-   76  -
мЕмЛЕКЕт тарихЫ    №2, 2012        
-   77  -
история государства    №2, 2012
«соғыс, революция, тонаушылықтар, аштық, 
ұлттық тәуелсіздік, автономия... бұның бәрі 
қазақ-қырғыз халқының түсіне де кірмеген 
құқайлар,  олар  аштық  пен  ұшы-қиыры 
жоқ  жоқшылықтың  құшағында  (қазақ-
қырғыз халқы) кірді де кетті... Социалистік 
революцияны  осылай  түсіндіріп,  осы-
лай  қабылдау  саяси-ағарту  саласы  қыз-
меткерлерінің Қызылордада өткен сьезінде 
де  айтылған»  /Шоқай  М.  Советтер  қол 
астындағы  Түркістан  (пролетариат  дикта-
турасына мінездеме) [3, 142 Б.]. 
Кейінгі    оқиғалар  көрсеткендей,  қазақ 
зиялыларының күмәні шындыққа айналды.  
Большевиктердің  сорақылық  саясатын 
көзімен  көріп,    жүрегімен  сезген  Алаш 
арыстары  «өзгеше  пікірлі»  болғаны  үшін 
әртүрлі  жазаларға  тартылды,  соңы  жаппай 
қырып-жоюмен тынды.
«Саяси  қуғын  –  сүргін  -  кеңестік 
әміршілдік 
жүйенің 
саяси 
және 
таптық  қарсыластарын  «тап  жаулары», 
«ұлтшылдар»,  «жат  пікірдегілер»  және 
«әлеуметтік  қауіпті  элементтер»  ретінде 
саяси  қудалау  саясаты...  осы  кезеңде 
тұтқындалған 
44 
алашордашылардың 
үшеуі  Жүсіпбек  Аймауытов,  Әбдірахман 
Байділдин,  Дінше  Әділов  ату  жазасына 
кесіліп,  үкім  орындалды.  Ал  қалғандары 
әртүрлі  мерзімге  түрмеге  қамалды  [4, 
603  Б].  Соңғы  мәліметтерден  125  мың 
қазақ  зиялысы  саяси  қуғын-сүргін  құрбан 
болғаны  мәлім.  Осы  ретте  алаштанушы 
Шәмек Тілеубаевтың «мұрағат қорларынан 
табылған  520  алашордашылардың  тізімі» 
туралы мәліметін айта кеткен жөн [5]. Осы 
тізімнің ішінде әртүрлі себептермен бүгінгі 
көпшілік  оқырман  қауымға  жетпей  жатқа-
ны қаншама... 
Алаш  қозғалысы  мен  жаппай  саяси 
қуғын-сүргінге  ұшыраған  ұлттық  элита 
өкілдерінің  тағдырын  терең  ғылыми 
зерттеуге  алған,  кәсіби  тарихшы  Мәмбет 
Қойгелдиев 
Қазақстандағы 
Саяси 
репрессияны 5 кезеңге бөліп қарастырады: 
1) 1918-1920 жж. – революция және аза-
мат  соғысы  жылдарын  қамтиды;    2)  1923-
1932  жж.  –  И.  Сталиннің  билікке  келуінен 
басталып, бірінші бесжылдықпен аяқталады;  
3) 1932 – 1937/38 жж. – екінші бесжылдықтан 
басталып,  репрессияның  шарықтау  шегімен 
аяқталады;  4)  1940  жылдың  соңы  –  1950 
жылдың  басы  –  соғыс  жылдарындағы 
репрессиядан басталып,         И.В. Сталиннің 
өмірден    кетуімен    аяқталады;    5)   1985-
1
991  жж.  –  Д.А.  Қонаев  тұсында 
бой  көтерген  «қазақ  ұлтшылдығынан» 
(«Казахское  дело»)  басталып,  желтоқ-
саншыларды 
репрессиялау 
науқанын 
қамтиды. Автор соңғысы кеңестік биліктің 
терең  жүйелік  дағдарысқа  ұшырағанын 
анық  көрсетумен  қатар,  перманентті 
репрессиялық  шараларсыз  бұл  биліктің 
өмір сүре алмайтындығын байқатты» деген 
салмақты тұжырымын жасайды [5]. 
Міне,  сонау  1917  жылдан  билік 
тізгіні  қолына  тиген  большевиктердің 
«перманентті  репрессиялық  шаралары», 
осындай.  Соңғы  кезде  БАҚ  беттерінде 
жиі 
айтылып 
жүргендей, 
кеңестер 
ұжымдастыру  науқанында  тек  қазаққа 
емес, жалпыадамзатқа қарсы ауыр қылмыс 
жасады.  Одан  КСРО  құрамындағы  Еділ 
жағалауы, Батыс Сібір, Украина, Белоруссия 
т.б.  аймақтардағы  өзге  ұлттар  да  зардап 
шекті.  
Соңғы  кезде  жарияланған  тарихшы-
демограф  М.  Асылбековтiң  «1933-1937 
жылдардағы  Бүкiлодақтық  құпия  санақ» 
мәлiметтерiнде,  КСРО  халқының  саны 

-   76  -
-   77  -
история государства    №2, 2012
әртүрлi  берiледi.  1933  жылы  168  млн, 
1937  жылы  180  млн  мен  162  млн  адам 
көрсетiлген  [6].  Бұл  кеңестiк  санақтың 
құпиясы  ашаршылық  пен  саяси  қуғын-
сүргiн  құрбандарының  санын  әлемдік 
қауымдастықтан  жасырумен  түсiндiрiлсе 
керек.  Ал,  өткен  ғасырдың  бірінші 
ширегіндегі  қазақтың  жалпы  саны  –  6 
млн.  шамасында  болса,  ашаршылық  пен 
репрессия  жылдары  тең  жартысынан 
астамы мәңгілік мекеніне ерте кетті. Тіпті, 
соңғы сандық мәліметтер бұдан да жоғары. 
Айталық,  белгілі  тарихшы-аудармашы 
К. 
Есмағамбетовтің 
пайымдауынша, 
«зерттеушілердің  өмірге  келмеген  ұрпа-
ғының  саны  туралы  мағлұматтарын  есеп-
тегенде,  1932-1933  жылдары  қазақтар  4 
млн.-дай  адамнан  айырылған»  [7,  114-117 
Б.]. 
Ашаршылық  нәубеті  кеңестік  биліктің 
бірінші  бесжылдық  тұсына  (1928-1932) 
сәйкес келді. Бұл кезең жөнінде 1970 жылы 
Қарағандыда  елеусіз  жағдайда  дүниеден 
озған  соңғы  алашордашылардың  бірі  - 
Әлімхан  Ермеков  мынадай  пікірін:  «қазан 
төңкерісі Қазақстанда 1928 жылдан бастап 
нақты  күшіне  кірді.  Далалық  жартылай 
феодализм мен капитализмнің тамыры енді 
ғана  жұлына  бастады.  Бұрын  саясатпен 
айналысқан  адамдар  осындай  қысылтаяң 
сәттерде сынақтан өтуі тиістігін» білдірген 
еді [8, 202 Б.]. 
Осы    жылдары   Қазақстанды  басқару 
Ф.И.  Голошекиннің  еншісіне  тиді  (1925-
1933).  Ол  орталықтағы  «Ұлы  қазаннан» 
«Кіші  қазанды»  туындатып,  өзіне  қарсы 
қабақ  шытқандарды  қағып  тастап  отырды. 
Сөйтіп,  айналасына  «көнбіс  жандарды» 
жинады. 
Бұл 
саясаттың 
нәтижесі 
қазақтардың  дәстүрлi  мал  шаруашылығын 
күйзеліске  әкелді.  Төрт  түлік  мал  басы 
күрт қысқарды, малдың сандық көрсеткіші 
көпірме  жалған  ақпараттарға  толды. 
Айталық,  Әбілхайыр  Досовтың  4  томдық 
жеке  істеріндегі  материалдарда  «1930 
жылдары  өлкелік  комитет  ет  дайындау 
жоспарына  сәйкес  мал  санын  анықтау 
мақсатында  құрылған  комиссия  (төрағасы   
О.Исаев),  З.  Төреғожиннің  Қазақстандағы 
мал саны шамамен 4-4,5 млн. деген мәліметін 
жоққа шығарып, әлі де 14-15 млн. –ға жуық 
мал  басының  бар  екенін  алға  тартылған. 
Ал,  өлкелік  комитеттің  мәліметінде  –  21 
млн.  мал  басы  көрсетілген.  Осы  бюрода 
шындықты  айтқан  З.  Төреғожин  мықтап 
таяқ  жеген»  [9].  Қазақ  даласындағы  мал 
басының  қысқаруы  аздай,  ауа-райының 
қолайсыздығы  мен  індеттің  таралуы 
«жығылған үстіне жұдырық» болды.
Міне, осы көріністегі тарих сахнасына 
1930  жылдары  ұшқыр  ойлы,  өткір  тілді 
Т.  Рысқұлов,  С.  Сәдуақасов,  О.  Исаев, 
Н.Нұрмақов, С. Қожанов, Ж. Мыңбаев және 
т.б. қазақтың «ұлтшыл» өкілдері шықты. 
3. Бүгінгі көзқарас
«Мемлекеттік  тәуелсіздік,  жер  және 
кезінде алаш зиялылары күн тәртібіне қой-
ған  қоғамдық-саяси  басқа  да  мәселелерді 
басты  талабы  етіп,  ұлт-азаттық  қозғалыс 
жаңа сипатта Т. Рысқұлов, С. Аспандияров,                   
С.  Қожанов,  С.  Сәдуақасов,  Ж.  Мыңбаев 
қызметінде одан әрі өрши түсті. 
Елде  тоталитарлық  жүйе  біржола 
орнағаннан кейінгі уақытта енді ол жаңа саяси 
жағдайға  байланысты  шетелдік  эмиграция 
күшімен жүргізілді. Мұстафа Шоқайұлының 
қызметі, оның басшылығымен Берлинде 10 
жыл  бойы  (1929-39)  шығып  тұрған  «Яш 
Түркістан»  журналындағы  материалдар 

-   78  -
мЕмЛЕКЕт тарихЫ    №2, 2012        
-   79  -
история государства    №2, 2012
соның айғағы 
[10,  249 Б.]. Жалпы Мұстафа 
Шоқай 20 жылдық 
эмиграциялық қызметінде 
елдегі  жағдайға  қатысты  материалдарды 
егжей-тегжейлі 
қарастырып, 
талдап 
отырғаны белгілі. Оның қаламы ашаршылық 
тақырыбын айналып өтпеген. Айталық, 1918-
22 жылдардағы ашаршылық туралы «Новый 
мир»  журналында  жарияланған  «Қазақ 
жеріндегі  ашаршылық»  деген  мақаланың 
авторы – шынайы Ахмет Байтұрсынов емес. 
Оның  мақаласын  советтік  цензураның  99 
пайызға өзгертіп жібергені аңғарылып тұр. 
Өйткені,  А.  Байтұрсынов  ешқашан  айқын 
фактілерге  қарама-қайшы  келмейді»  -  деп 
аяқтаған өз мақаласын Мұстафа Шоқай [11]. 
1932-1933 жылдары Ұлы Даланы шарпыған 
ашаршылық       жөнінде,      оның      себеп-
тері         мен        салдары,     экономикалық 
және   демографиялық  зардаптары   туралы 
Т. Рысқұлов,      О. Исаев,        Ғ. Мүсiрепов, 
М.  Ғатаулин,  М.  Дәулетқалиев,  Е. 
Алтынбеков,  Қ.  Қуанышев  және  т.б.  қазақ 
зиялылары  Мәскеу  (И.В.  Сталин)  мен 
Қызылордаға  (Ф.И.  Голощекин)  ресми 
хаттар  жібергені  белгілі.  Бұл  түпнұсқалық 
деректер  тарихымызға  «Сталинге  хат», 
«Бесеудiң хаты» деген атаулармен енді. 
Келесі  айтпағымыз,  саясат  пен  шы-
ғармашылықты  қатар  алып  жүрген  қазақ 
зиялыларының мұраларындағы ашаршылық 
тақырыбы  болмақ.  Соның  ішінде  Алаш 
қайраткерлері 
Сәкен 
Сейфуллиннің 
«Қызыл ат» поэмасын, Ілияс Жансүгіровтің 
«Кәмпеске», 
«Жұт-жеті 
ағайынды» 
өлеңдерін атауға болады.  
С. Сейфуллиннің «Қызыл ат» поэмасы 
туралы  Тұрсынбек  Кәкiшевтің  мәліметтері 
мынадай:  «1936  жылы  10  қаңтарда  Минск 
қаласында  КСРО  Жазушылар  одағының 
пленумы  болды.  Ойламаған  жерден  Сәкен 
мықты  соққыға  жығылды.  Бүкiл  қазақ 
даласын  жыландай  жалмаған  аштық  пен 
ауыртпалықты,  ескi  крайкомның  қай-
рансыздығын  қазақ  әдебиетiнде  жападан-
жалғыз  жырлаған  «Қызыл  ат»  поэмасы 
Сәкендi «пәлеге» қалдырды. «...троцкизмге 
жақын  саяси  қателіктерге  жол  берді»  деп,  
Сәкендi Троцкиймен бауырластырып қойды, 
... бұл сол кез үшiн қайырлы сағаттан емес-
тiн...» [12, 352 Б.].  
«Жұт–жеті 
ағайынды» 
өлеңіндегі 
мына  бір  шумақтар  «Күнiне  қазақ  мыңдап 
өлiп  жатыр,  Тұқымы  сағат  сайын  кемiп 
жатыр.  Өз  баласын  өзi  үйiтiп,  сирағын 
жеп,   Көр  азабын  тiрiдей  көрiп  жатыр»  - 
жан  түршігерлік  жолдар  адамның  сүйегін 
қайыстырады  [13].  Қалай  десек  те,  көркем 
әдебиеттегі  тарихтың  ащы  шындығының 
көрінісі, осылай. 
Абайша  айтқанда,  «Қайран  елім  – 
қазағым,  қалың  жұртым»  талай  жұттан, 
талай соғыстан аман қалған қазағым, 1920-
30  жылдардағы  кеңестік  тоталитаризм 
жүйесіндегі  ашаршылық  нәубетін  көтере 
алмай  қалды...  Оның  экономикалық  және 
демографиялық  зардаптары  бүгінге  дейін 
жойылған  жоқ.  «Нәубет»  жылдарының 
ащы  сабақтарын  ұмытпай,  ашаршылық 
құрбандарына  тағзым  ету  –  әр  қазақтың 
борышы  деп  санаймыз.  Тіпті,  белгіленетін 
азалы  күні  бір  минут  үнсіздік  жариялау   
«тақиямызға таршылық етпес» еді.
Әрине, 
елімізде 
бүгінге 
дейін 
атқарылған  жұмыстар  аз  болған  жоқ. 
Тәуелсіздік  жариялануы  қарсаңында  құ-
рылған  арнайы  комиссияның  /11.11.1991./ 
қорытындысы  бойынша  тұңғыш  рет 
ашаршылық  туралы  материалдар  мен 
құжаттар  жинағы  жарияланды.  Манаш 
Қозыбаев,  Кеңес  Нұрпейісов  бастаған  қазақ 

-   78  -
-   79  -
история государства    №2, 2012
тарихшылары:  Мәлік-Хайдар  Асылбеков, 
Жұлдыз Әбiлғожин, Қайдар Алдажұманов, 
Мәмбет  Қойгелдиев,  Талас  Омарбеков, 
Бүркітбай Аяған, Хангелді Әбжанов, Көшім 
Есмағамбетов,  Тілеу  Көлбаев,  Мақаш 
Тәтімов, Тұрсын Жұртбай, Бейбіт Қойшыбаев 
және  т.б.  ғалымдар  осы  тақырыпқа  әр 
қырына  үңілді.  Олар  отандық  және 
шетелдік  мұрағаттардың  құпия  қорларын 
қопарып, ұжымдастыру науқаны және оның 
зардаптары,  ашаршылық  пен  саяси  қуғын-
сүргін тарихын кешенді зерттеуге жол ашты. 
Сондай-ақ,  бүгінгі  ұрпақтың  ұлттық  және 
тарихи  санасын  қалыптастыруға  орасан 
зор  еңбек  сіңірді,  төл  тарихымыздың  ақ  – 
ӘдЕБиЕттЕр тІЗІмІ
       
1 Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы.  Қазақ сьездері. Құжаттар мен материалдар жинағы. - Алматы: 
«Ел-шежіре», 2007. Сәуір 1917. – желтоқсан 1919. Казахские сьезды. Сборник документов и 
материалов. Апрель 1917. - декабрь 1919. - Т.4. - 352 б.
2 Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. - Алматы: «Ататек», 1995. - 256 б.  
3 Шоқай М. Таңдамалы шығармалар. - Алматы: «Қайнар» - 2007. - Т. 3.- 384 б. 
4 Омарбеков Т. Саяси қуғын-сүргін. ҚҰЭ. - Алматы, 2005. - Т. 7. - 728 б. 
5 Қойгелдиев М. Жалпыхалықтық қасіретті естен шығару қоғамның өзі үшін де қауіпті //Алаш 
айнасы, - 2011. - № 92.
6 Асылбек М., Ж. Асылбекова. Құпия санақ болып есептелген 1939 жылғы Қазақстан халқы 
туралы мәліметтер не дейді? http//www.egemen.kz.
7 Есмағамбетов К. М. Шоқай қазақтардың ашаршылыққа ұшырауы туралы» ҚазҰПУ,  2011.- 
№2  (29).  
8 Движение Алаш. Сборник материалов судебных процессов над алашевцами. - Алматы: «Ел-
шежіре», 2011. -  Т. 2. - 376 б.
9 Мұсырман К. Қан тамған қолжазбалар // Егеменді Қазақстан. - 1992. - 10 сәуір.
10 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. ҚҰЭ. - Алматы, 1998. - 720 б. 
11  Есмағамбетов К. М. Шоқай қазақтардың ашаршылыққа ұшырауы туралы // ҚазҰПУ,  2011. - 
№2 (29). - 107 - 114 бб.; Көлбаев Т. Мешін-тауық жұты // Алаш айнасы. - 2012. - 20 сәуір.   
12  Кәкiшев  Т.  Көп  томдық  шығармалар  жинағы.  -  Алматы:  «Қазығұрт»,  2010.  -  352  б; 
Құрманғалиева Р. «Қызыл ат» поэмасына жаңаша көзқарас //Астана ақшамы. 2012. - 28 ақпан. 
13 Көлбаев Т. Ұлт зиялылары ашаршылық тұсында. /http://abai.kz/.
ы
қарасын  ашып  берді.Тарихшылар  қауымы 
Ұлттық  тарих  мәселелерiн  зерттеудiң 
ауқымын  кеңейтiп,  тәуелсiздiк  жылдары 
«Тарих тағылымы не дейдi?», «Қазақ қалай 
аштыққа  ұшырады?»,  «Қасiреттi  жылдар 
хаттары»,  «Коллективизация  в  Казахстане: 
трагедия крестьянства», «20-30 жылдардағы 
Қазақстан қасiретi», «Сталинизм и репрес-
сия в Казахстане 1920-1940-х годов және  т.б. 
көптеген  iргелi  монографиялық  еңбектердi 
жарыққа  шығарды.  Олар  алдағы  күндері 
сапалы  тың  туындыларды  дүниеге  әкеледі 
деген  сенімдеміз  және  оған  жоғарыда 
аталған  кәсіби  тарихшылардың  мектебі 
өзіндік үлес қосады деген ойдамыз.

-   80  -
мЕмЛЕКЕт тарихЫ    №2, 2012        
-   81  -
история государства    №2, 2012
рЕЗЮмЕ
Автор статьи: кандидат исторических наук, доцент, начальник Отдела истории  индустриально-
инновационного развития и этносоциальных процессов Института истории государства КН МОН 
РК Ильясова Кулпаш Мырзамуратовна.
В статье рассматриваются исторические аспекты проблемы голода в Казахстане, как следствия 
прихода  к  власти  большевиков,  насильственного  установления  советской  власти,  в  трудах 
представителей алашской интеллигенции А. Байтурсынова, М. Дулатова, Ж. Аймауытова, М. Шокая, 
А. Ермекова.
SUMMARY
Authors of the article: Ilyassova Kulpash Myrzamuratovna, candidate of historical sciences, associate 
professor, head of the department of Industrial and innovative development and ethnosocial processes of 
the Institute of State History of the Committie of Science of the Ministry of Education and Science of the 
Republic of Kazakhstan.
In the article historical aspects of the famine in Kazakhstan as a consequence of coming to the power 
Bolshevists, forced establishment of the Soviet authority in the works of representatives of Alash intellectuals 
such as A. Baitursinov, M. Dulatov, J. Aimautov, M. Shokay and A. Yermekov are considered.  

-   80  -
-   81  -
история государства    №2, 2012
История 
казахского 
кочевого 
крестьянства  является  одним  из  примеров 
трагичности 
исторического 
процесса. 
На  протяжении  всей  истории  казахской 
государственности  крестьянство  являлось, 
в широком смысле этого слова, кормильцем 
и  вместе  с  тем  наиболее  бесправным  и 
угнетенным слоем населения. И даже тогда, 
когда  проводились  реформы  аграрной 
направленности,  крестьянство  в  силу  раз-
личных  обстоятельств  не  могло  в  полной 
мере воспользоваться их результатами. 
В  этом  плане  очень  показательна  исто-
рия  крестьянства  советского  периода,  когда 
государство  осуществляло  радикальную 
перестройку  аграрных  отношений,  и  когда 
сельское  хозяйство  и  крестьянство,  по 
сути  дела,  потеряли  свою  самоценность 
и  превратились  в  средство  достижения 
государственных целей.
Многие  западные  ученые,  изучая 
историю  коллективизации  и  страшных  для 
народов  СССР  последствий,  обращаются  к 
роли руководства в этот период и, в частнос-
ти,     самого     Сталина.     Так,     например
М. Эллман (Michael Ellman) в работе «Сталин 
и  советский  голод»  говорит  о  том,  что 
согласен   с  Р. Дейвисом   и   С. Уиткрофтом 
(R. W. Davies   and    Stephen G. Wheatcroft) в 
том, что Сталин был больше сконцентриро-
ван на вопросах индустриализации страны, 
чем  на  судьбах  крестьянства.  Мы  также 
полагаем, пишет автор, что Сталин считал 
голод в деревне ошибкой самих крестьян [1, 
 
Р. 663-693
].
В  статье  «Советский  голод  1932-1934 
годов»  опубликованной  в  1964  году  Дана 
Далримпл (Dana G. Dalrymple) делает попыт-
ку  исчерпывающе,  на  основе  документов, 
разъяснить голод 1932-1934 годов, который 
был  вызван  искусственно.  В  данной  статье 
ученый утверждает что, голод 1932-34 годов, 
который  так  и  не  был  официально  признан 
Советским Союзом, является бедствием, ис-
М.Л. Анафинова
институт истории государства КН моН рК
начальник отдела Евразийства и сравнительных политических исследований
роЛЬ совЕтсКого руКоводства в ПЕриод 
КоЛЛЕКтивиЗаЦии в иссЛЕдоваНиях ЗаПадНЫх уЧЕНЫх
аннотация
В статье представлены различные аспекты функций управления советским государством 
периода  великой  трагедии  казахской  степи  в  начале  прошлого  столетия  в  западной 
историографии.  Рассмотрены  результаты,  достигнутые  западными  историками  по  таким 
стержневым  проблемам  сталинской  репрессивной  политики,  как  репрессии  в  отношении 
крестьянства периода насильственной коллективизации (1929-1933 гг.), «большой террор» 
1937-1938 гг., Большой голод в Казахстане и Голодомор в Украине.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет