''Орманның адам өміріндегі, табиғаттағы маңызы''тірек сызбасы
Ток-шоу барысы: Бүгінгі экологиялық кештің құрметті қатысушылары, Біздің міндетіміз- дүние жүзінің, Қазақстанның, Шығыс Қазақстанның, Семей өңірінің орманы жайлы әңгіме болмақ. Менің ойымша, сіздер орманның биосферада, адам өмірінде қандай ролі бар екендігін білесіздер. Бүгінгі әңгімені біз орманның экологиялық және шаруашылық ролін бағалаудан бастағанымыз дұрыс. Оны ток-шоуға қатысушы көрермендер айтып бере алады. Олай болса, биосферада және адам өмірінде орман қандай роль атқарады?
Көрермен.(1) Орман- биосферадағы су мен көмірқышқыл газы айналымының маңызды жүргізушісі. Орман ылғалды буландырады, ол бұлт болып жиналып, жерге жаңбыр түрінде түседі. Орман көмір қышқыл газын сіңіріп, оттегін бөледі. Тұмшаның пайда болуына кедергі жасайды. Экологтардың айтуы бойынша тұмшалардың алдын алуда тропикалық ормандардан гөрі қоңыржай белдеудің ормандарының, әсіресе тайганың маңызы зор.
Көрермен (2) Орман ластанған суды тазалаушы. Өндіріс пен ауыл шаруашылығында ластанған суды ормандағы төсеніш сіңіріп, сүзеді(фильтрлейді). Олар жер асты суын толықтырады. Құдықты, өзен-көлді күмістей таза сумен толықтырады. Ормансыз ландшафтардың су режимі бұзылады, ормансыз жерлердегі өсімдіктер астындағы топырақ суды нашар сіңіреді, су топырақ бетімен жылжып, жылғалар арқылы өзенге құяды, өзімен топырақтың ұсақ бөлшектерін ала кетіп, суды ластайды.