Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі


Көрермен (3) Орман атмосфераны ластанудан тазалайды. Көрермен



бет70/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   81
Көрермен (3) Орман атмосфераны ластанудан тазалайды.
Көрермен (4) Орман ағаштың негізгі көзі, ол құрылыста, химиялық және қағаз өнеркәсібінің, энергияның көзі. Бір куб метр бал қарағай ағашынан 200 кг целлюлоза, 2000 пар шұлық немесе 1500 метр жібек матасын, 6000 метр целофан немесе 7000 литр шарап спиртін дайындауға болады.
Көрермен (5) Орман- экологиялық таза күн энергиясын биологиялық нұсқада тасымалдаушы. Болашақта оның ролі артады. Англия, әсіресе Австрия электр энергиясын болашақта ағаштан алуды жоспарлап отыр. Оны жағудан көмір қышқыл газын шығару ''нөлге'' келеді, себебі атмосфераға ағаш өсіп тұрған кезде сіңірілген көмір қышқыл газы қайтадан келеді.
Көрермен (6) Орман- тағамдық және дәрі- дәрмектік өсімдіктердің көзі. Орманда қайың шырыны дайындалады және қылқан дайындалады. Біздің елімізде 150-ге жуық өсімдіктер түрі дәрі- дәрмектік.
Көрермен (7) Орман аңшылыққа шығатын орын. Онда бұлан, қоян, қабан, аю, құр т.б. кәсіптік жануарлар мен құстар ауланды.
Көрермен (8) Орман- адамдар тынығатын орын. Жасыл желек,жасыл түс адам жүйкесін тыныштандырады. Ал таза ауа, ағаштар мен шөп иісі ағзаға жағымды әсер етеді. Көптеген туристік жорықтар орманға баруды жоспарлайды.
Жүргізуші. Рахмет, сөз орман шаруашылығы министрлігі өкіліне беріледі. Қазақстан Республикасы ормандары жөнінде айтып өтсеңіз.
Орман шаруашылығы министрлігінің өкілі. Дүние жүзінде орман 4,2 млрд гектар жерді алып жатыр. Оның 45 проценті Ресейдің үлесіне тисе, Қазақстанның үлесіне 26 млн гектар орман тоғай тиеді, оның 9 млн гектары ғана нағыз ағаш орманы. Орман республика жерінің небәрі 4-5 процентін алып жатыр. Оның 700 мың гектары Павлодар мен Семейдегі қарағай орманы.
Қазан революциясына дейін Қазақстан жерінің өсімдіктері жайлы ғылыми мәліметтер жоқтың қасы. Орман- тоғай жергілікті жерлер иелігінде болып, пайдаланылды. Өрт көп зиянын әкеліп отырды, орман сиреп, сапасы төмендеп кетті.
1905 ж. Писчиковтың ''Жол жазбалары'',
1916 ж. Алексеевтің ''Сексеуіл орманы''
1911 ж. Барышевцевтің ''Ақмола мен Семей облыстарының қазынаға қарасты орманы туралы'' еңбектерінің маңызы зор. Осы деректерден өсімдік байлығының бұрынғы қазақ жеріндегі қоры мол болғандығын аңғартады.
Орыс география қоғамы, оның мүшелері Қазан революциясына дейін қазақ жері өсімдіктерін зерттеуге көп күш, қаржы жұмсады.
Орыс зерттеушісі М.Сиязов еңбегін атап өтуге болады. 1905 ж. Көкшетау уезінде болған кезінде оны ''Батыс Сібірдің Швейцариясы'' деп атады.
1912 ж. Б.А. Келлер Шығыс Қазақстан өлкесінің өсімдіктерін зерттеп, картаға түсірді. Марқакөлдегі ит тұмсығы өтпейтін ну ағаш орманы өскенін айтады.
1913 ж. В. Крюгер Ертіс бойымен жүріп отырып, жолда кездескен өсімдіктердің түрлерін жазып кетті.
1856 ж. тұңғыш рет зерттеп, жан- жақты ботаникалық талдау жасаған, өзі көрген өсімдік байлығын жазып қалдырған қазақтың тұңғыш ғалымы –Шоқан Уәлиханов еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет