Жазықова М.Қ. Этнопедагогика


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



бет16/97
Дата27.11.2023
өлшемі497,09 Kb.
#128670
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   97
Байланысты:
Этнопедагогика Оқу құралы - соңғы

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1 Мақал-мәтелдердің негізгі түрлерін атаңыз
2 Мақал-мітелдердің педагогикалық астары – ғибраты болатынын түсіндіріңіз
3 Өмірде басшылыққа алатын немесе девиз ретінде ұстанатын мақал-мәтеліңіз қандай? Ойыңызды дәлелдеңіз.
4 Жұмбақтардың ақыл-ой тәрбиесінің басты құралдарының бірі екенін дәлелдеңіз.
5 Табиғат құбылыстары, жыл мезгілдері мен уақыт өлшемдері туралы жұмбақтарға мысал келтіріп, олардың көшпенді халық өміріндегі орнын анықтаңыз.


4. Ән – халықтық педагогиканың құралы



    1. Әннің жеке тұлғаға ықпалы

    2. Бесік жыры (балалық шақтағы әндер)

    3. Жасөспірімдер мен жастар әндері

    4. Жоқтау және оның поэтикасы

Негізгі ұғымдар: ән, балалық шақтағы әндер, бесік жыры, жасөспірімдер мен жастар әндері, жоқтау, той әндері, пестушки.
4.1 Әннің жеке тұлғаға ықпалы
Көне дәстүрлердің сақтаушысы және жанды куәсі болып табылатын халықтың ән өнері қоғамдық-әлеуметтік, азаматтық, моральдық-этикалық өмірдің көрінісі болып табылады. Халық әндері – ауызша дәстүрмен сақталған және қоғамға таныс қандай да бір ұлт пен этникалық топ мүшелеріне арналған ерекше әуен. Ән-жырлардың түп төркіні халықтың өмір сүру салтымен тығыз байланысты. Халық ән-жыр арқылы тұрмыстағы елеусіз құбылыстардың өзін философиялық тұрғыдан жоғары деңгейде терең түсіндіріп, ой елегінен өткізе білген. Ән – адамның көңіл-күйі, тебіренісі мен толғанысы, қуанышы мен жұбанышы, халық өмірінің айнасы. Адамға әсер ететін өмір құбылыстарының барлығы дерлік әнге арқау болған. Халық әндерінің шығу тарихы туралы мәліметтер жоқтың қасы. Орта ғасырдағы Еуропада тараған христиан діні халық музыкасын қаралау мен құртуға әрекет жасады. Қайта өрлеу дәуірінде жаңа гуманистік көзқарас пайда болып, халық әуеніне жылылықпен қарау орын алды. 17-ғасырда халық әуендері бірте-бірте қоғамнан алыстатылса, кейін 18-ғасырда халық музыкасына деген қажеттілік қайта туындады. 19-ғасырда халық музыкасы ұлттық игілік ретінде барлық этностар арасында жоғары бағаланып, патриоттық идеологияны таратудың бір жолы деп есептелді. 19-ғасырдың аяғында халық әндерін жинау, нотаға түсіру қолға алына бастады. Ал екінші дүние жүзілік соғыстан кейін әлемде халық әндерінің мұрағаттары пайда болды.
Ғұлама ғалым әл-Фарабидің атақты «Музыканың ұлы кітабы» еңбегімен таныса отырып, қазақ музыкасының бірде шаманизм, бірде зороастризм, бірде ислам мәдениеті аясында қалыптасып, дамығанын көруге болады. Ерте замандарда ән, өлең, би – барлығы бөлінбей, біртұтас күйде болған. Мұндай көрініс бақсылық дәстүрден ХІХ ғасырға дейін көрініс тауып келген. Өз заманында бақсы – әрі әнші, әрі ақын, әрі биші, әрі емші болып келген. Ол өзі тартып отырған қобыз сарынына қосылып, ән салады, би билейді, аруақтарға бағыштап өлең айтады. Сөйтіп, бір өзі өнердің үш түрін қатар атқарып келген. Уақыт өте өнер де жетіліп, жіктеліп отырған. Бірте-бірте ән, би, өлең жеке дара өнер түрінде қалыптасып, әрқайсысы халық өмірінде өзіндік орын ала бастайды. Сондай халықтың ғасырлар тереңінен бүгінгі күнге жеткен қасиетті өнер түрі – ән өнері болып табылады.
Атақты халық композиторлары ән шығармаларын өздері шығарумен бірге, жоғары деңгейде орындай біліп, әншілік дәстүрді дамытушылар болды. Халық әндерінде ақылгөй қария Асанқайғы, Қорқыт, Жиренше, еліне қиын-қыстау кезде қорған болған Қобыланды, Алпамыс, Қамбар батырлар, өнегелі ару қыздар Жібек, Ақжүніс, Баян тәрізді жасампаз образдар жиі кездеседі. Оның бер жағында Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, т.б. дарын иелері халқының басынан кешкен тауқыметін әнмен суреттеп өтті. Ұлы Абай ән өнерінің құдіретін: «Құлақтан кіріп, бойды алар, әсем ән мен тәтті күй», «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең», - деп жырлаған.
Танымал қоғам қайраткерлері мен ғалымдар халық әндерінің бала тәрбиесіндегі маңызы ерекше екендігін атап көрсетеді. Мысалы, Кеңес Одағының Батыры, ғарышкер Андриян Николаев былай деген: «Өз халқының әндерін білетін адам қашан да сол ұлттың нағыз баласы болып қала бермек. Поэтикалық сөз бен әдемі әуеннің арқасында ән баланың сезімі мен санасына күшті әсер етіп, есінде мәңгі сақталып қалады». Халық әндеріндегі философиялық ой тереңдігі үнемі дидактикалық мәселелермен астасып келген. Ән жанрларының қай түрін алсақ та, өнегелі өсиет арқылы ізгілікке, мейірбандылыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, байсалдылыққа, ақылдылыққа насихаттап отырады. Сонымен бірге ән халықтың тарихын, өмір сүру тіршілігінің санқилылығын, ақыл-ой жиынтығын танытады. Этикалық, эстетикалық, педагогикалық идеяларды музыкалық-поэтикалық безендіруде әндердің атқаратын ролі ерекше. Халық әндері жақсылық пен бақытқа негізделген жоғары ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген. Әндер халықтың поэтикалық шығармашылығының мақал-мәтелдер мен жұмбақтарға қарағанда біршама күрделі түрі ретінде балалардың сұлулыққа құштарлығын, эстетикалық көзқарасы мен талғамын қалыптастыру міндетін атқарады.
Әннің толық циклі – бұл адамның туғаннан қайтыс болғанға дейінгі барлық өмірі. Әнді түсіне қоймаса да жаңа туған сәбиге бесік жыры, әнді сезіне алмаса да, қайтыс болған адамға жоқтау өлеңі айтылады. Ғалымдар ана жатырында жатқан баланың психикалық дамуына жұмсақ әуеннің жайлы әсер ететінін дәлелдеген. Мақал-мәтелдерді, жұмбақтар мен ертегілерді бала белгілі бір жасқа келгенде ғана түсініп, қолдана бастайды. Ал әндер кез-келген жастан бастап айтылады және тыңдалады. Халық әндері әлеуметтік-экономикалық жағдайға, тарихқа, тұрмыс-салтқа, моральдық-этикалық ережелердің заңдарына, халықтың еңбек нормаларына байланысты туып, жоғары тәрбиелік мүмкіндіктерімен, азаматтық идеяларының өркениеттілігімен, болмысты әсерлі бейнелеуімен оқушы назарын өзіне аударады. Халық әндеріндегі философиялық ой тереңдігі үнемі дидактикалық мәселелермен байланыста кездеседі. Әндерде халық өмірінің барлық жағы, соның ішінде жас ұрпақты тәрбиелеу ісі де жоғары поэтикалық тұрғыда көрініс табады. Әндердің педагогикалық құндылығы олардың жеке тұлғаға әсер етіп, жастарды сұлулық пен жақсылыққа тәрбиелеуінде. Еңбек процесі, мерекелер, ойындар, жерлеу рәсімі сияқты өмірдің әртүрлі кезеңінде ән қашан да халықпен бірге жасап келеді. Тұлғаның этикалық және эстетикалық болмысы ән арқылы көрінеді.
Халық әндері жанрлық жағынан ерекшеленеді. Атап айтсақ, әдет-ғұрып әндерінде халықтың қоғамдық-еңбек әрекеттері бейнеленіп, адам баласының өмірге келіп, ер жетіп, есеюі, қаза болуы сияқты елеулі кезеңдері суреттеледі. Әдет-ғұрып әндерінің арасында «Наурыз әндері» мен «Жыл өлеңінің» орны ерекше. Наурыз әндері 22 наурызда шығыстық жаңа жылды қарсы алу күні орындалады. Бұл әндерде көктемгі мал төлдетуге құттықтау жолданып, жерден өніп шыққан өнімдердің мол болуына, өрістегі шөптің жайқала шығуына тілектестік білдірілген. Сондай-ақ Наурыз әндерінде жаңа жылда табысқа жетуге, бақытты болуға тілектер айтылады. Сонымен қатар оларда еңбек процесінің элементтері айқын көрінеді. Діни мейрамдар кезінде, әсіресе, ораза кезінде жиі айтылатын әндердің бірі – жарапазан. Жарапазан парсы тілінен аударғанда «шахар кезуші, күлдіргі ақын» деген ұғымды білдіреді. «Тұсында келіп тұрмыз ақтап қана, жарапазан айтамыз мақтап қана» деген жолдардан жарапазанның жұптасып айтылатын өнер екенін көруге болады. Бірде жыр, бірде қара сөз түрінде айтылып, басы хикаялау, мақтау, арты – алғыс, бата түрінде жалғаса береді. Жыл өлеңдері – жыл мезгілдерін дәріптеуге, халықтың табиғатқа, қоршаған дүниеге деген көзқарасын, қарым-қатынасын білдіруге арналады. Фольклорист-ғалымдар жыл маусымдарына байланысты әндер бастапқыда тек табиғатқа еліктеу, сол байқаған құбылысты қайталауға мәжбүр ету үшін туған деп есептейді. Жыл өлеңінде әр жылға сипаттама беріліп, олардың жеке бас қасиеттері туған жылдарымен салыстырылады. Мысалы, тышқан жылы туғандардың қу да, тапқыр болатыны айтылған: Туғандар қысына тышқан жылдың қамсыз болма, Азабын ол кемулі болсын ірге. Туғандар тышқан жылғы қу келеді, Талайды бойға сенген сүріндірген». Бағзы-баяғы заманнан қазақ үшін мал шаруашылығы отбасы үшін оның амандығының нышаны болған. Уақыт өте «Төрт түлік туралы өлеңдер» кейін ән-жырларға ауысты, сөйтіп, мал өсіретін халықтың малшылық поэзиясына жаңа элемент қосылды. Төрт түлік туралы әндердің мазмұнында адамға тән іс-әрекеттерді, мінез-құлықты табиғат құбылыстарына телу бар. Жануарлардың бейнелерінде адам сезімдері берілген. Оларға импровизациялық, әуезділік өңдеу қосылып отырылған. Халық төрт түлік малды құт санаған және Шопан атаны – қойдың, Жылқышы атаны – жылқының, Сексек атаны – ешкінің, Ойсыл қараны – түйенің, Зеңгі бабаны – сиырдың пірі деп танып, табынған. Халық өлеңмен, әнмен, арбау жолымен табиғаттың дүлей күшін бағындыруға, сиқырлауға болады, құрғақшылық кезінде жаңбырды жаудыруға, апаттан құтылуға болады деп сенген.
Орыстардың халық әндерінің кең танылған түрі частушка деп аталады. Частушка – қысқа, әдетте 4 жолдан тұратын және өте тез орындалатын халық фольклорының ауызша-музыкалық жанры. Әдетте, оларды ауыл-село жастары құрастырып, халық мейрамдары кезінде гармонь, балалайкамен айтады. Частушкидің басты ерекшелігі – ол жеке адамға, немесе топқа арналады, сөзі өткір, шындыққа негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет