Жұмаділ ақбота әмірбекқызы сөйлеу әрекетін дамыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру



бет4/20
Дата21.10.2023
өлшемі2,3 Mb.
#120260
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
stud.kz-109014

Зерттеу нысаны – бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын сөйлеу әрекетін дамыту арқылы қалыптастыру үдерісі.
Зерттеу пәні – Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын сөйлеу әрекетін дамыту арқылы қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын сөйлеу әрекетін дамыту арқылы қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және оның әдістемесін көрсету.
Зерттеудің міндеттері:

  • «Сөйлеу әрекеті», «сөйлеу әрекетін дамыту», «функционалдық сауаттылық» ұғымдарының мәнін психологиялық-педагогикалық категория ретінде анықтау.

  • Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында «Қазақ тілі» пәні бойынша сөйлеу әрекеті түрлеріне жаттығулар мен тапсырмалар кешенін дайындау және оны тәжірибелік-эксперименттен өткізу.

Зерттеу болжамы: егер оқушының функционалдық сауаттылығын қазақ тілі сабағында сөйлеу әрекеті түрлеріне арналған жаттығулар мен тапсырмалар арқылы белгілі бір логикалық жүйемен қалыптастыру қамтамасыз етілсе, онда оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға жол ашылады, олардың таным аясы кеңейіп, білім дәрежесі артады, сөздік қоры кеңейеді, өйткені бұл жағдайда оқушылардың әлеметтенуі жүзеге асырылады.
Зерттеудің жетекші идеясы – сөйлеу әрекетін дамыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауттылығын қалыптастыру олардың әлеуметтенуіне жағдай жасайды.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері ретінде философ, психолог, педагог ғалымдардың теория мен тәжірибенің бірлігі туралы ұстанымдары, таным теориясы, білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы, тұлғаның іс-әрекетте қалыптасуы туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық тұжырымдамалар, ақыл-ой іс-әрекетін сатылап қалыптастыру теориясы; ғалымдардың ақпараттық мәдениетті дамыту, өзін-өзі дамыту туралы тұжырымдамалары; тұлғалық-бағдарлы оқыту тұжырымдамасы, педагогика мен психологиядағы теориялық қағидалар, көрнекілік теориясы, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру туралы ғылыми тұжырымдамалар, біртұтас педагогикалық үдеріс теориясы алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет