Жолдасбекова Б. А. «Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері мен гигиенасы»



бет11/46
Дата22.02.2023
өлшемі0,53 Mb.
#69947
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46
Бақылау түрі: Ауызша сұрау


Пайдаланған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер.

1. Караулова Лариса Константиновна - Физиология физического воспитания и спорта. Учебник. Москва, 2012 - С.304

2. Дж.Х. УилморД.Л. Костилл Физиология спорта. Москва, 2001.-С 504


3. Жолдасбекова Б.А. Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері. Шымкент,2013.-С.172.
4. Физиология физического воспитания и спорта. Смирнов В.М. Дубровский В.И. – М., Влад. Пресс.2002.
5. Дубровский В.И., Смирнов В.МФизиология физического воспитания и спорта. Москва, 2002.-С.606
Қосымша әдебиеттер.

1. Жилов Ю.Д  Назарова Е.Н. Возрастная анатомия, физиология и гигиена. Москва, 2014.-С.256

2. Прокофьева В.Н. Практикум по физиологии физического воспитания и спорта. Москва, 2008-С.191


3. Дж.Х. Уилмор Д.Л. Костилл Физиология спорта и двигательной активности. Москва, 2007.-С.503
Практикалық сабақ №3
Сабақтың тақырыбы: Спорттық қызмет кезіндегі ағзаның функциональді күйінің физиологиялық сипаттамасы


Сабақтың жоспары:

  1. Сөре алдыңғы күйдің физиологиялық механизмдері.

  2. Сөре алдындағы реакцияның түрлері және олардың физиологиялық сипаттамасы.

  3. Сөре алдындағы күйді реттеудің әдістері.

  4. Жалпы және арнайы бой қыздырудың ағзаға әсерінің физиологиялық механизмдері.

  5. Бабына енудің физиологиялық механизмдері.

Сабақтың мақсаты және міндеті, ептілік, дағды және құзыреттілік:
Спорттық қызмет кезіндегі ағзаның функциональді күйі. Жалпы және арнайы бой қыздырудың ағзаға әсерінің физиологиялық механизмдері.
Практикалық сабақтарын өткізу түрі: Семинар-дискуссия
Қысқаша теориялық мәлімет:
Сөре алдыңғы күйдің бұлшық ет қызметі кезіндегі кезеңдері.
І. Бұлшық ет қызметі кезіндегі ағзаның күйін бірнеше реттік кезеңдерге бөлуге болады:
1) Сөре алдыңғы күй;
2) Жұмыс кезеңдері;
3) Қалпына келу кезеңі.
Бұлшық ет қызметі кезінде ағзада бірқатар өзгерістер жүреді:
1 – тыныштық күй – бұл күйде барлық физиологиялық қызметтер нашар айқындалған;
2 – сөре алдыңғы реакциялар – бұл кезде бұлшық ет өзгерістері байқалады;
3 – бабына ену – бұл кезде физиологтялық көрсеткіштердің өсуі тез жүреді;
4 – тұрақты күй;
5 – тез қалпына келу кезеңі;
6 – баяу қалпына келу кезеңі.
ІІ. Сөре алдыңғы күй бірнеше түрге бөлінеді:
а) сөре алдыңғы күй – жауапты үлкен жарытардан бірнеше күндер немесе бірнеше апталар алдын байқалады;
б) өзіндік сөре алдыңғы күй – сөреден бірнеше минуттар немесе сағаттар алдын басталады;
в) сөрелік күй – тікелей сөре алдында болады.
Сөре алдыңғы күй кезеңінде ағзада жүретін өзгерістер спортшының шыныққандық деңгейіне, жоғары жүйке жүйесінің (ЖЖЖ) түріне, жарыс нәтижесінің маңыздылығына және т.б. байланысты.
Пайда болу механизмі бойынша сөре алдыңғы күй шартты рефлексті болып табылады.
Ағзада болатын барлық өзгерістер арнайы емес сипатты болады, ол зат алмасудың өзгеруімен, жүрек-тамыр және тыныс алу (кардиоресператорлық) жүйелеріндегі өзгерістермен сипатталады. Сондай-ақ, арнайы да болады, ол жүйке – бұлшық ет аппаратының қызметімен, жарыс кезінде жүктеме берілетін бұлшық еттің қозғыштығының және лабилдігінің артуымен айқындалады.
Сөре алдыңғы күйдің пайда болуында эмоцияның маңызы зор.
Эмоция – ағзаның айқын субъективті сипатын және барлық сезімталдығы мен көңіл – күйін қамтитын ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге әсері.
Эмоциялар 2 түрге бөлінеді:

  1. Стенатикалық (қоздырғышты) – жеңіске жетуге сенімдікті арттыратын сенім;

  2. Астенатикалық (тежейтін) – жарыста жеңіске жетудің мүмкін еместігін туындататын сезім.

Физиологиялық тұрғыдан алғанда эмоция – нақты бір жүйелердің жоғары қызметті деңгейде болатын физиологиялық күйі.
Жалпы бұлшық ет жұмысының орындалуы 3 күйден тұрады:

  1. Бабына ену кезеңі;

  2. Тұрақты күй кезеңі;

  3. Қалпына келу кезеңі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет