Жолдасбекова Б. А. «Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері мен гигиенасы»


Дж.Х. Уилмор, Д.Л. Костилл Физиология спорта. Москва, 2001.-С 504



бет13/46
Дата22.02.2023
өлшемі0,53 Mb.
#69947
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46

2. Дж.Х. УилморД.Л. Костилл Физиология спорта. Москва, 2001.-С 504


3. Жолдасбекова Б.А. Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері. Шымкент,2013.-С.172.
4. Физиология физического воспитания и спорта. Смирнов В.М. Дубровский В.И. – М., Влад. Пресс.2002.
5. Дубровский В.И., Смирнов В.МФизиология физического воспитания и спорта. Москва, 2002.-С.606
Қосымша әдебиеттер.

1. Жилов Ю.Д  Назарова Е.Н. Возрастная анатомия, физиология и гигиена. Москва, 2014.-С.256

2. Прокофьева В.Н. Практикум по физиологии физического воспитания и спорта. Москва, 2008-С.191


3. Дж.Х. Уилмор Д.Л. Костилл Физиология спорта и двигательной активности. Москва, 2007.-С.503
Практикалық сабақ №4
Сабақтың тақырыбы: Спортшылардың шаршауының және қалпына келуінің физиологиялық негіздері


Сабақтың жоспары:

  1. Қалпына келу кезіндегі физиологиялық прцестер.

  2. Қалпына келу процестерінің біркелкі жүрмеуі.

  3. Бұлшық еттің жұмысқа қабілеттігінің қалпына келуінің сатылылығы.

  4. Спорттың әртүрлеріндегі қалпына келу процестерінің іріктелінуі.

  5. Қалпына келу процестерін тездететін құралдардың физиологиялық әсері.

  6. Әртүрлі қарқындағы жұмыстан кейінгі қалпына келу.

  7. Орындалған жұмыс сипатына және ығысулар дәрежесіне байланысты шаршаудың түрлері.



Сабақтың мақсаты және міндеті, ептілік, дағды және құзыреттілік:
Спортшылардың шаршауының және қалпына келуі.
Практикалық сабақтарын өткізу түрі: Семинар-дискуссия
Қысқаша теориялық мәлімет:
І. Шаршау - дегеніміз мүшелердің немесе тұтас ағзаның жұмысқа қабілеттілігінің уақытша төмендеп, тынығудан кейін қайта бастапқы күйіне келуімен сипатталады. Субъективті жағынан шаршаудың алдында шалдығу пайда болады. Қызметінің түріне қарай шаршау төмендегідей болып бөлінеді:
1. Ақыл – ойдың шаршауы – мысалы, шахматшыларда, тоғызқұмалақ спортында;
2. Талдағыштар шаршауы – мысалы, көру талдағышының шаршауы атқыштарда;
3. Эмоциялық шаршау – жоғары лауазымды спортшыларда (жоғары нәтижеге жетуге сенім жоғары, бірақ біршама кедергілер болып тұрғанда);
4. Дененің шаршауы кез келген бұлшық ет қызметі кезінде кездеседі.
Шаршау бірнеше қасиеттері бойынша түрлерге бөлінеді:
І. Басталуының жылдамдығына қарай шаршау 2-ге бөлінеді:
1. жедел шаршау(ОМҚ-ы деңгейіндегі жұмыс кезінде жедел дамитын, яғни жүктеме шегінен асқанда байқалады);
2. созылмалы шаршау ағзадағы ығысулардың жинақталуы әсерінен болады.
ІІ. Дене жұмысы шаршау кезінде бұлшық еттердің мөлшерінің қатысуына байланысты 3 түрге бөлінеді.
1. жергілікті (бұлшық еттердің 3/1 – нен кемі жұмысқа қатысқанда);
2. аймақты (бұлшық еттердің 3/2 – дйін жұмысқа қатысқанда);
3. жалпы (бұлшық еттердің 3/2 көбі жұмысқа қатысқанда).
ІІІ. Физиологиялық көрсеткіштердің ауытқу деңгейіне қарай шаршау орны толтырылатын (ерікті күштенуімен жеңіп шығуға болады) және толтырылмайтын (еріксіз жұмыстан бас тарту) болып бөлінеді.
Шаршау кезінде қимыл реакциясының 1) латентті кезеңі ұлғаяды; 2) бұлшық еттердің жиырылу мөлшері азаяды; босаңсу кезеңі ұлғаяды;
Шаршаудың дамуына жауапты мүшелер бар.
Жалпы шаршау, бірқатар жүйлердің қызметінің бүзылуы бірқатар механизмдердің, атап айтқада:
1) қимыл-қозғалыстрды реттейтін орталық механизмдердің;
2) қимыл әрекетін қамтамасыз ететін вегетативті механизмдердің;
3) шеткі механизмдердің (жұмыс атқаратын мүшелердің) арқасында жүреді.
Шаршаудың орталық механизмдері. Қарқынды бұлшық ет жұмысы кезінде пирамидті нейрондардың және үлкен ми сыңарлары қабықшасының қимыл аймақтар ми қыртысының алдыңғы аймағында үлкен қысыммен жұмыс істейді. Пирамидті нейрондардың қызметінің күшеюі мотонейрондардың қызметін реттейтін төменгі деңгейлерге әсер етеді. Бұл кезде қоры таусылған АҮФ-ң тез жұмсалуына байланысты нәтижесінде жоғары жилікті импульстер ағымын ұстау қаілеті төмендейді.
Жүрек бұлшық етінің жиырылуы және систолалық қан көлемі төмендеп кетеді.
Ал ЖСЖ-і артады (орнын толтыру механизмі). Бірақ, ЖСЖ-ң 200 соғу/мин-қа дейін көтерілуі бірқатар жайттарға әкеп соғады: жүрек дистола кезінде қанмен толып үлгере алмайды да нәтижесінде теріс, кері кеткен шеңбер пайда болады – алдымен ЖСЖ-і СҚК-нің орнын толтырады, ал содан орнын толтыру механизмі өзінің қызметін тоқтатады.

  • Тыныс алу бұлшық еттерінің шашау кезінде ТК төмендейді, ТЖ-і артады. ТЖ-ң 40-50 ретке дейін артуы кезінде тыныс алу бұлшық еттері оттегіні күшті қолдана бастайды да, нәтижесінде гипоксия дамиды. Жүрек – тамыр және тыныс алу жүйелерінің О2 қажеттілікті қанағаттандыра алмауы шаршаудың даму факторы болып табылады.

Шеткі механизмдер әсіресе жергілікті жұмыс кезінде Хакслидің жылжу теориясына сәйкес айқындалады. Бұлшық еттін АҮФ-ы 3-4 сек-тық жұмысқа жетеді, бірақ миозин жіпшесінің басындағы АҮФ-ы қуат көзінің қызметін атқарады.
АҮФ-ы қайта түзілуінің бірнеше механизмдері бар:

  1. Креатинкиназды механизм – КрФ 80 сек-тың жұмысқа жетеді;

  2. Гликолитті механизм;

  3. Аэробты (бірқалыпты қуатты жұмыс кезінде және қалпына келу кезеңінде) механизм.

Шаршаудың бірқатар шеткі механизмдері бар:

  1. Қуат көздерінің таусылуы;

  2. Глюкозаның ферментативті ыдырауы кезінде бұлшық еттегі сүт қышқылының мөлшері артады, қанның рН реакциясы төмендейді, тотығу ферменттерінің қызметі жоғарылайды, АҮФ және АДФ ыдырауы кезінде Н3РО4 – бос фосфор қышқылы түзіледі (ол Са+-ді байланыстырады, Са+-дің екі ионын қайтару үшін АҮФ-ң 1 молекуласы ыдырайды, бірақ АҮФ аз, сондықтан шаршау кезінде бұлшық еттер толық босаңсымайды, бұл – бұлшық еттер контрактурасы деп аталады);

  3. Ұлпалық гомеостаздың өзгеруі – шаршауды дамытудың механизмі болып табылады;

  4. Зат алмасу өнімдерінің шоғырлануы (HL) постсинаптикалық мембрананың ацетилхолин медиаторының әсеріне сезімталдығын төмендетеді;

  5. Ацетилхолин медиаторы қорының таусылуы.

Сонымен, шаршаудың дамуында бірқатар жүйелердің атай айтқанда орталық механизмнің, бұлшық еттерді вегетативті қамтамасыз ету жүйесінің және шеткі механизмнің маңызы үлкен.
Қуат көздерінің қалпына келуі
АҮФ бір деңгейде ұсталып тұруы керек.
АҮФ барлық уақытта қайта түзіліп жатады. Сондықтан, Хиллдің айтуы бойынша жұмыстың алмасып тұрады – бұл тұрақты қайта түзілу.
АҮФ қайта түілуінің бірнеше механизмдері бар:

  1. Креатинкиназды механизм, алактатты, КрФ мөлшері – 0,6 гр/100 гр ұлпағы. Бұл 80 сек уақытқа жетеді.

  2. Гиколитті, лактатты. Бұл гликогеннің ең алдымен глюкозаға дейін, содан кейін сүт қышқылына дейін ферментативті ыдырауы. 100 гр ұлпаға 1,5 гр гликоген келеді. Бұлшық еттерде – 300-350 гр және бауырда 80 гр. Бұл мөлшерлер 2-3 сағаттық жұмысқа жетеді.

  3. Тотығу механизмі. О2 – қарыздылықтың жойылуы 2 кезеңде жүзеге асады:

а) жылдам, алактатты;
б) баяу, лактатты;
Жылдам, алактатты кезеңде сүт қышқылы (HL) көмір қышқыл газын оның бикарбонаттардағы байланысынан ығыстырып шығарады. СО2 тыныс алу орталығынан қызметін жеделдетеді, өкпе жеделденуін, альвеолдардағы О2 парциалді қысымын ұлғайтады, тыныштық күйде – 102 мм с.б. жұмыс кезінде 137 мм с.б. дейін артады, сондықтан қандағы О2 диффузиясы өте тез жүреді. Бұл кезде гемоглобин оттегіне тез қанығады. Бір гр гемоглобин 1,34 мл оттегіне байланыстыратын болса, ағзадағы жалпы қанның құрамында болатын 700-750 гр гемоглобин қанша мл оттегіні байланыстыратындығын есептеу үшін пропорция құрып, есептегенімізде, төмендегідей мөлшер шығады:
1 гр НВ – 1,34 мл О2
700-750 гр НВ – 1000 мл О2
Баяу, лактатты кезеңде жұмыс кезінде түзілген органикалық қосылыстардың қайта түзілуін көрсетеді. Лактаттан бауырда және бұлшық еттерде гликоген қайта түзіледі, одан басқа сүт қышқылының лактатты тотығуы жүрек бұлшық еттерінде жүреді. Қалған сүт қышқылы кейінде несеппен шығарылады.
Максимальды жүктемеден кейін сүт қышқылын жою үшін тыныштық күйде ≈ 20 мин қажет болады. Жеңіл жұмыс орындаған кезде бұл тез жүреді, өйткені ҚМК-і және ТМК-і артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет