Жолдасбекова Б. А. «Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері мен гигиенасы»



бет16/46
Дата22.02.2023
өлшемі0,53 Mb.
#69947
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46
Қысқаша теориялық мәлімет:
Спортшының техникалық шеберлігінің негізін қимыл бағдарлары құрайды, олар шынығу барыснда қалыптасқан спорттық нәтижеге әсер етеді.
Барлық қимыл әрекеттері күрделілігі бойынша әртүрлі қимыл дағдыларынан тұрады:
I. пайым қимыл дағдылары: а) созылу рефлекстері;
б) жиырылу рефлекстері;
в) итеріп тастау рефлексі
Бұл рефлекстер жұлын деңгейінде тұйықталады.
II. Ырғақты қимыл дағдылары: а) адымдап жүру рефлексі
б) қасыну рефлекстері.
Бұл рефлекстер де жұлын деңгейінде тұйықталадыжәне реципрокті жүйкелендірумен байланысы бар.
III. Қимыл әрекетінің күрделі түрлері қарапайым және күрделі рефлекстердің үйлесімділігі арқасында жүзеге асады. Олардың орындалуы үлкен ми сыңарлары қабықшасының қызметіне байланысты.
Динамикалық стереотип – шартты және шартсыз рефлекстер жүйесі. Олар бір тітіркендірулердің бірнеше (ситуациялардың) қайталануы нәтижесінде қалыптасады және осыған сәйкес бекітілген жауап реакцияларының тізбегі түрі яғни СТЕРЕОТИП күйінде айқындалады. Сыртқы орта жағдайлырының өзгерістері бұл жүйенің қайта құрылуына немесе бұзылуына әкеп соғуы мүмкін, сондықтан бұл құбылыс динамикалық деген терминмен беріліп отыр.
Динамикалық стереотип үлкен ми сыңарлары қабықшасында ретімен қозатын немесе тежелетін жүйке орталықтарының тізбегінен түзілген. Бұл тізбекте әрбір жүйе белсенділігі автоматты түрде келесісінің қосылуын қамтамасыз етеді. Мұндай стереотип спортшыларда қимыл дағдысын қалыптастыруда, әсіресе стандартты қимылдарды орындау кезінде пайда болады. Мұндай стереотип қимыл динамикалық стереотип деп аталады.
Қимыл дағдыларындағы экстарполяция. Жаңа қимыл дағдыларын бұрыннан бар элементтер негізінде қалыптасты. Экстраполяция құбылысына (алдыңғы жауапты қолдану) жатады. Экстраполяция дегеніміз жүйке жүйесінің қалыптасқан тәжірибе ретінде қайтадан қалыптасқан қимыл міндеттерін адекватты қабылдау қабілеті.
Экстраполяцияға байланысты спортшы орындалатын қимылдардың сипатын және түрін бағдарлай отырып, қалыптасқан ситуацияны дұрыс шеше алады.
Қимыл әрекеттері қалыптасуының физиологиялық механизмдері спорттық тәсілді үйретуге мүмкіндік береді. Оның төмендегідей физиологиялық қағидалары бар:
1.Қимылдың бірте-бірте күрделену қағидасы;
2. Жаттығуды қайталау қағидасы және динамикалық стереотиптің қалыптасуы;
П.К.Анохин бойынша, қимыл актілері қызметінің жүйесі – пайдалы нәтиже беретін қызметтердің динамикалық құрылымы. Оның қалыптасуы үш кезеңнен тұрады.
1. Афферентті түзілу кезеңінде іске қосылудың алғашқы түрткісі жаңа жағдайға бейімделу болып, зерде аппаратының шешімге басымдылығы байқалады. Бұл кезеңді алдыңғы маңдай және самай бөлімдері қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, қай жерде қалай жасау керек екенін ағза өзі шешеді.
2. Әрекет жоспарын, нәтиже көрсеткіштерінің мөлшерін құрайтын шешім қабылдау кезеңі. (ОЖЖ-де қажетті нәтижесінің кескіні қалыптасады).
3. Спортшының алатын нәтижесінің көрсеткіштерімен сиатталып, өзінің нәтижесі арқылы ерекшеленетін, егер сәйкес келсе, функциональді жүйке жойылатын әрекет кезеңі болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет