Конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет44/60
Дата09.03.2017
өлшемі9,39 Mb.
#8612
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60

Bibliography 

1. Volkova I.N Speech therapy. - Moscow, -2000 - 120 s. 

2. Epifantseva T.B, Kisselenko T.E Handbook of speech therapy. AP  -  Rostov-on-Don, Phoenix,- 

2005-32. 

3. Kosinov E.E. Lessons from a speech therapist. - Moscow,- 2005. - 6. 

  

 



ТӘРБИЕ БАСЫ- ТАЛ БЕСІК 

 

 Турманбаева Меруерт Куанышовна

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы

  

КМҚК «Алпамыс»  балабақшасы 



Егемен ел болып тілімізді, дінімізді, ділімізді иелендік. Тәуелсіздік тәрбие еркіндігін 

берді.  «Қазақтың  өз  ұлттық    қасиеттерін  қайта  қалыптастыруына  қамқорлық  жасау,  менің 

перзенттік те, президенттік те парызым»-деп,  Әбішұлы Назарбаев ұлттық тәрбиеге ерекше 

мән  берді.Біз  осы  ұлы  мақсатты  іске  асыру  үшін  ұлттық  тәрбиенің  негіздерін  айқындап, 

тәрбие жұмыстарының ұлттық   ерекшеліктерін бала бойына сіңіруге тырысамыз. 

Дүниеге шыр етіп келгеннен көретініміз- отбасы. Ең алғашқы минуттардан бастап, ана 

мейріміне бөленіп, аялы алақанының жылуын сеземіз тәрбиесін аламыз. Иә,дана халқымыз 

айтқандай    «Отан-отбасынан  басталады.»    Шынымен  Отаннан  кейінгі  қасиетті  ұғым  ол 

отбасы. Мемлекеттің әрбір азаматы отбасында дүниеге келіп, отбасында тәлім- тәрбие алып 

қанаттанады.Отбасы  ошақтың  үш  тағаны  сияқты,олар-әке,ана,бала.  Отбасы-бұл  қоғамның 

негізі.  Отбасы-адам  баласының  өсіп-өнер  алтын  ұясы.Баланың  болашақта  жақсы 

азаматболып  өсуі,  жан-жақты  тәрбиелі  болуы  отбасында  берілетін  тәрбиеге  тікелей 

байланысты.Сол себепті де біз отбасы тәрбиесіне үлкен мән береміз.Ұл тәрбиелей отырып, 

жер иесін тәрбиелеймиз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз. Отбасындағы  тәрбие,  

ондағы  қалыптасқан  татулықпен  өзара  түсіністік,  сүйіспеншілік  пен  сыйластық, 

ауызбіршілік,  бір-біріне  деген  құрмет  сезімдері,  кіршіксіз  таза,  мөлдір  көңіл  күй  тікелей 

баланың  мінез  –құлқына  әсер  етеді.  Жү.регі  елім  деп,  жерім  деп  соғатын  жас  жеткіншекті 

тәрбиелеу  алдымен  отбасы,  қоршаған  ортасына  байланысты.  Әр  бала  дара  тұлға.Бала 

тәрбиесі  өте  күрделі  үрдіс.  Бала  тәрбиесіндегі  ата-ананың  рөлі  өте  жоғары.  Өйткені  бала 

дүниеге келгеннен бастап ата-ана ықпалында болып, өмірге бағыт беруші тәрбие мектебінен 

нәр  алады.  Ата-аналар  балаларын  өздерінің  өнегелі  сөздерімен,  жеке  басының  асыл 

қасиетімен тәрбиелейді. Бала әр нәрсеге сенгіш, тез қабылдағыш, еліктегіш келеді. Әр бала 

өзін  еркелеткенді,  жылы  сөйлегенді,  өздерімен  ойын  ойнағанды,  аялағанды  ұнатады.  Бұл- 

баланың бойындағы үлкендерден ерекшеленіп тұратын негізгі қасиет. Бұл қасиет тек балаға 

ғана  тән.Себебі  бала  сезімі-пәк.  «Бала  тілі-бал»,  «Балалы  үй  –базар»,  «Балаға  үміт  арту 

әкенің  парызы,  ақтау  баланың  қарызы»  деген  мақал-мәтелдер  текке  айтылмаса  керек. 

Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя. Отбасы-таным бесігі. Отбасы-өркениет ошағы. Отбасы- 

үлгі  өнеге  бастауы.  «Адамның  бақыты  балада»,  «Адам  ұрпағымен  мың  жасайды.»  Олай 

болса  адам  өмірінің  мәні-өз  ұрпағы.  Бала  үшін  ата-анадан  артық  тәрбиеші  жоқ.Сондықтан 

әке  де,  шешеде  балаларының  жан  дүнисіне  үңіліп,мінез-құлқындағы  ерекшеліктерді    жете 

білген жөн. Отбасының әрбір мүшесі бір-бірін сыйлауға, қорғауғаға, адал болуға міндетті.  

Бірін-бірі  құрметтеген  адам,  ол  Отанды  да  құрметтейді,  сүйеді.  Отбасы-ол  үлкен 

қуаныш,шаттық,мейірімділік,  сүйіспеншіліктің  ортасы.  Ең  алғаш  тұлғаны  дамытатын 

әлеуметтік  орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар 

болады. 

Мысалы, 


отбасы 

мүшелерінің 

мәдени 

деңгейі 


баланың 

түрлі 


әлеуметтікқұндылықтарды  игеруіне  әсерін  тигізеді.  Отбасындағы  баланың  тұлғалық 

қасиеттерінің  қалыптасуына  ата-ананың,отбасы  мүшелерінің  мейірімі  қажет.  Толық  мәнді 

отбасы  болу  үшін  ата-ананың  және  басқа  отбасы  мүшелерінің  береке-бірлікті,түсіністікті 


324 

сақтауы, 

сонымен 

қатар 


құқығы 

 

қорғалуы 



тиіс.Адамгершілік,бауырмалдық,татулық,қайрымдылық,  әдептілік,  инабаттылық  сияқты 

қасиеттер  бала  бойына  үлкендердің  өнегесімен  сіңеді.Бала  кішкентай  кезінен-ақ  әр  нәрсеге 

әуестеніп  үлкендерге  көмектескісі  келеді.  Бұған  кейбір  ата-аналар  «жұмысымды  бөгейсің, 

істеп жатқан ісімді бүлдіресің» депұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің 

жұмыс  істепжүргенде  баланың  қолынан  келетін  існе  жағдай  туғызып,  оның  үйренуіне 

көмектескен  абзал.  Тіпті  балаға  берілген  тапсырманың  аяғына  дейін  орындалуын 

төзімділікпен  бақылау  керектігін  де  ұмытпаған  жөн.  Орынсыз  ұрысу,зеку,  сұрақтарына 

дөрекі,  келте  жауапберу  немесе  әділ  талап  коя  алмау  ата-ананың  беделін  түсіреді.Баланы 

аялап,жылы  сөйлеу-  баланың  ақылды,  ұстамды,  мейірімді  болып  өсуіне  көп  ықпалын 

тигізеді.  Ал,  балаға  ұрысу,  балағаттау  баланың  бойында  кек  алу,өшпенділік  қасиеттерді 

оятады.Отбасындағы  тәрбиенің  тиімді  болуы,  отбасындағы  қарым-қатынас  түрлерінің 

орнығуына  байланысты.  Отбасында  түрлі  қарым-қатынастар  орын  алады:  ынтымақтастық 

қарым-қатынас,  яғни  отбасы  мүшелерінің  өзара  қарым-қатынасы  түсіністікпен  көмекке 

бағытталған;  ортақ  мүдеге  негізделген  бірыңғай  қарым-қатынас;жақсы  қарым-қатынасты 

сақтай  отырып,  өзара  жетістіктерге  жетуді  көздеген  қарым-қатынас;  бәсекелестік,  барлық 

жағдайда  өзінің  бәсекеде  ұтуын  көздеген  қарым-қатынас;  түрлі  себептермен  туындаған 

отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас. 

Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына 

дейін мән беру,табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау-

ата-ананың  басты  парызы.  Ата-ана  отбасындағы  жетекші  тұлға,  бала  тәрбиесінің 

қамқоршысы,  өнегесі.  Бала  отбасында  қандай  тәрбие  алса,  үлкен  азамат  болғанда  да  сол 

тәрбие  негізі  қалыптасады.  Отбасының  негізгі  міндеті  –  баланы  еңбек  етуге,  жарқын 

сезімдерімен  нұрлы  мұраттарға  тәрбиелеу  және  адамдар  арасында  өмір  сүре  білуге 

үйрету.Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес,ол үлкен шеберлікпен шыдамдылықты талап етеді. 

Бала ата-анасын, ата-ана баласын танымайынша, іс алға баспайды. Жақсы қасиетті де, жаман 

қасиетті де бала отбасынан уйренеді.   «Әкеге қарап ұл өсер,шешеге қарап қыз өсер», «Ұлың 

өссе- ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе-қызы жақсымен ауылдас бол» дегендей жақсы 

тәрбие беру ата- ананың парызы. Сол себепті де «Тәрбие басы-тал бесік» деп бекер айтпаған 

ғой  дана  халқымыз.  Қай  заманда  болмасын  адамзат  алдында  тұратын  ұлы  міндеттердің  ең 

бастысы  өзінің  ісін  жалғастыратын  салауатты,  саналы,  білімді  ұрпақ  өсіру.  Ұрпақ  тәрбиесі 

келешек қоғамның қамын ойлау болып табылады.  

Ата-  ананың  бас  қуанышы-бала.  Ата-ананың  басты  қызығы,алтын  тіреу  діңгегі-бала. 

Дүниеге келген соң ата-анасын бірден татулыққа,сыйластыққа, ынтымаққа шақырып, ата-ана 

көңілін  жақындастыра  түсетін  –бала.  Бала  әрқашан  ата-анасынан  мейрімділікті, 

сүйіспеншілікті,жүрек  жылуын  қажет  етіп,  ата-ананы  өмірдің  тірегі  деп  санайды.  Ата-ана–

отбасындағы  жетекші  тұлға,  баланыңқамқоршысы.  Отбасы  баланың  тәрбиесі  мен  оның 

әлеуметтенуінде,тұлғаның  көзқарасының  қалыптасуында,  сондай  –ақ,  интелектуалдық, 

эмоцианалдық  және  еріктік  сапаларының  дамуында  шешуші  рөл  атқарады.  Осылайша 

балалардың  әлеуметтенуі  мен  қоғамның  жаңа  мүшелерінің  дайындығы  қамтамасыз  етіледі. 

Отбасы  әлеуметтік  –адамгершілік  тәжірбиені  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізіп  келеді.  Онда  ата-

ананың  махабаттын,  сенімін  сезіну,  оларға  ұқсауға  ұмтылу,  жалпы  психологиялық  ахуалы 

сияқты  әлеуметтік  ақпаратты  берудің  тамаша  жүйесі  қалыптасқан.Ата-аналармен 

отбасындағы  ересектердің  үлгісі  тәрбиелік  қызыметтің  нәтижелілігін    анықтайды. 

Отбасындағы  тәлім-тәрбиенің  мақсаты-баланың  жасын,  жеке  ерекшелігін,  психикалық 

процестерін  ескере  отырып,  жарасымды  жетілген  ұрпақ  тәрбиелеу.Отбасы  баланы 

әлеуметтендірудің алғашқы институты, қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қоғамда 

өмір сүруге даярлығын реттеу және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың 

мейірім шуағын сезінетін орта. 

Балабақша  да  бала  тәрбиесінде  маңызды  рөл  атқарады.  Балабақшада  бала  білім 

алады,өзге  балалармен,  ересектермен  бірлесіп  әрекеттену,  өз  әрекетін  ұйымдастыру 

іскерлігін  меңгереді.Алайда    баланың  осы  дағдыларды  қаншалықты  нәтижелі  меңгеруі 


325 

отбасының  балабақшаға  қарым-қатынасына  байланысты.Ата-ананың  білім  беру  үрдісіне 

белсенді  араласуы  арқылы  ғана  баланың  үйлесімді  дамуы  іске  асады.  Балабақша  тәрбиесі 

мен  отбасы  тәрбиесі    бір-бірімен  тығыз  байланыста  болуы  тиіс.  Балабақшада  отбасы 

тәрбиесіне байланысты көптеген жұмыстар жүргізіледі. Ата-анатәрбиешіге көмекші, сенімді 

тірек болса,тәрбиеші  де сондай болуы керек. Екі  жақты байланыс нығайғанда ғана, барлық 

күрделі мәселелердің түйіні шешіледі. Бала балабақшаға келген күннен бастап, тәрбиеші мен 

ата-ана арасында тығыз қарым-қатынас орын алуы тиіс. Себебі, әр отбасының өзіндік әдет-

ғұрпы,қалыптасқан  тәртібі  болады.  Жазушы  педогог  Жүсіпбек  Аймауытов  «Баланы 

тәрбиелеу үшін әрбәр тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі бала айтып ұқтырғаннан 

гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға жақсы мінез болмысын іспен 

көрсету керек» -деген. Осы бір ұлағатты ойдың астарында отбасында ата-анасынан,мектепте 

ұстаздарданталап  етілетін  тағылым  жүгі  жатыр.Ата-аналарға  баласы  үшін  қаншалықты 

жауапкершілік  жүктелетіні  белгілі.  Отбасының  өзара  ынтымақтастығына    және  тәрбие 

жұмысының  әлеуетін  арттыруға  бағытталған  жұмыс  түрлері;  жанға  жайлы  сөз,  тәрбие 

берерлік  жұмысты  көрсету,  көрмелер,  педогогикалық  кеңестер  ұйымдастырып,  балабақша 

өміріне  ата-аналарды  белсене  қатыстыру.Түптеп  келгенде,  ата-анамен  бірлесе  атқарылған 

жұмыс  жек  тұлғаны  тәрбиелеуге  дұрыс  ықпалын  тигізеді.  Тәрбиеші  мен  ата-ананың 

тәрбиелік  тұрғыдан    көзделген    мақсатқа  жетуіне  көмектеседі.  Сондықтан  ата-ана, 

педогогтар болып, жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беру үрдісін назарда ұстағанымыз абзал. 

Қазақ  зиялыларының  бірі  Мағжан  Жұмабаевтың  «  Тәрбиедегі  мақсат-баланы  тәрбиешінің 

дәл  өзіндей  етіп  шығару  емес,келешек  өз  заманына  лайық  қылып  шығару»-деп  айтуы  бала 

тәрбиесінде ата-ана,мектеп, қоғам алдында үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын дәлелдейді. 

Сондықтан  халық  өмір  есігін  енді  ғана  ашқан  сәби  тәрбиесін  бесіктен  бастаған.Қазақ 

халқының  ұлы  ақыны  Абай  да  отбасындағы  баланы  тәрбиелеуде  ата-ана  тарапынан  жол 

берілетін  кемшіліктерді  ескере  отырып,  отбасы  тәрбиесін  ұйымдастыруға  кеңестер  берді. 

Абай  өзінің  10-шы  қара  сөзінде  «Әдемі  баланы  алдайсың:әке  оны  берем,  мұны  берем  деп, 

басында балаңды алдағанға мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің?»  -

деп, балаларына  теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды. Адамның іс-әрекеті мен мінез-

құлқынан  әдемілік,  сұлулық  көрініс  таппайынша,  адамгершілік  парасат  тәрбиесі  көздеген 

мұратына  жете  алмайды.  Адамгершілік,  адамгершілікке  баулу  дегеніміз  не?  Біздің 

ойымызша,  ол-адамдардан  үлкен  бе,  кіші  ме,  әрбір  істеген  ісін,  сөйлеген  сөзін,  өзгелермен 

қарым-қатынасын ақылға салып, ар-ұят таразысынан өткізіп, біліммен ұштастырып, ең әуелі 

дұрыс  жолды  таңдай  білуі.  Ізеттілік,ізгілік,  инабаттылық,  әдептілік  бір  күнде  қалыптаса 

қалатын қасиет емес. Баланың әдепті, көргенді, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, 

үлкендерге    байланысты  екені  мәлім.  Балалкардың  мейірбандық  қасиеті  отбасындағы 

өнегесіне,  балабақшадағы  тәрбиешінің  күнделікті  тәрбие  жұмысын  ұтымды  жүргізуіне 

тікелей  байланысты.Тәрбие  білім  өзегі  болғандықтан,  тәрбиеші  мен  отбасы  байланысы 

тығыз болуы керек. Баланы дамыту ой-өрісінжетілдіру үшін тәрбиеші де, ата-анада баланың 

жан дүниесін білуі керек, оны жеке тұлға ретінде тануы қажет. 

Тәрбие  жалпыға  ортақ  үрдіс.  Тәрбие  адамзат  баласының  ортаға  қалыптасуына,  өзін-

өзі реттеуіне, рухани жан дүниенің баюына тікелей ықпал етеді. Жас ұрпаққа тәрбие беруде 

ар-ұят,  адалдық,  адамгершілік,  ізгілік  қасиеттермен  қатар  сана  –сезімі  мен  ақыл  ой 

қызыметінің  дамуына  ықпал  етіп,  шығармашылықашып,өзін-өзі  тануына,  өзіндік  «менін» 

оятуға  бағдар  беріп,жақсы  мен  жаманды  айыра  білуге  машықтандырып,  талап-талғамының 

дұрыс қалыптасуына ерекше мән беру отбасының басты парызы. Ахмет Байтұрсынов атамыз 

«Бала тәрбиесін, оқытуын жақсы білетін адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерді өзі жақсы 

білуі керек. Баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Баланың 

ісіне,  түсіне  қарап,  ішкі  халінен  хабар  аларлық  болу  керек»,-деді.  Ахмет  Байтұрсынұлы 

атамыздың  бұл  пікірі  дәл  бүгінгі,  ертеңгі  күннің  талап  мақсатымен  үндес,  өмір  бойы 

өшпейтін, ескірмейтін өсиет.  

Белгілі  жазушы,  публицист  Шерхан  Мұртаза  ағамыз  былай  деді  :  «Қазақ  әйелдері 

бұрын баласынтербетіп отырып, бесік жырын неге айтқан?! Ал бала соны құлағына сіңірген. 


326 

Әрине, түсінбеген. Бірақ ұлттық негіз, сана, тіл, әуен сол бесіктегі кезден қалыптасқан». Бала 

ертеңгі  үмітіміз. Бүгінгі  ұл-ертеңгі  әке, бүгінгі  қыз-ертеңгі  ана. Әкеге қарап ұл өседі, анаға 

қарап  қыз  өседі.  «Ұяда  не  көрсең  ұшқанда  соны  ілерсің»  дейді  қазақ.  Бала  жасында  қалай 

тәрбиеленсе, есейгенде де соны істейді. Жастайынан орнығып қалыптасқан тәрбие орынсыз 

көріністерге баланы сын көзбен қарауға үйретеді. Әрбір ата-ана өткені мен бүгінін таразыға 

сала  алатын,  тәлім  тәрбиені  ертеңіне    бағдар  ететін  рухтары  асқақ,  жаны  таза  ұрпақ 

тәрбиелеуді басты мақсаты деп білуі тиіс.Бала бойындағы күнәсіз пәк сезімге сызат түсіріп 

алмауды  ойлағандары  абзал.  Бүлдірдшінді  алдамау,  оған  өтірік  айтпау,  жат  қылықтар 

көрсетпеуі  қажет.  Кез  келген  бала  үлкен  адамдарға  иманындай  сенеді,  сол  сенімді  ата-ана 

дұрыс  түсіне  білуі  керек.Әрбір  ата-ана  өз  баласын  өзгеден  артық  көреді.  Бұл  табиғи 

заңдылық.  Кейде  олардың  оғаш  қылықтарымен  бойындағы  кемшіліктерін  байқамай  қалуы 

әбден  мүмкін.Өйткені  олар  үшін  өз  балалары  кәусар  бұлақтай  таза  болып  көрінеді. 

Сондықтан  ата-ана  баласына  кішкентай  кезінен  ненің  дұрыс,  ненің  бұрыс  екенін  санасына 

сіңіре  білуі  керек.  Баланың  жіберген  қателігін  үнемі  кемшілік  деп  санамай  асқан 

парасатылықпен түсіндіре білуі қажет.Отбасылардың бәрі бірдей болмайды. Әр отбасыныңөз 

әдет-ғұрыптары  мен  ерекшеліктері  бар.  Соның  ішінде,  заманның  әрқилылығына  қарамай, 

салмақты балалар өсіп келе жатқан отбасылар да бар.Ондай отбасылыарында бір ерекшелік 

бар-онда 

үлкендер 

мен 

балалардың 



бірқалыпты, 

қайырымды 

арақатынасы 

қалыптасқан.Балаңызға дос болу қажет пе? Кейбір ата-аналар ойлайды:  «Баламен дос болу, 

мүмкін  емес».  Ондай  ата-аналар:  «Балалар  бізді  сыйламай,  тыңдамай  кетеді»,  деп 

ойлайды.Ол  ата-аналар  өз  ойларын  дұрыс  деп,  баласымен  санаспайды.  Өз  айтқанын 

орындатып,  өздеріне  ғана  бағынсын  деген  ойда  болады.  Ал,  кейбір  отбасылары:  «Баланы 

еркелетуге  болмайды,  олар  ерке  ынжық  болып  өседі»-дейді.Ол  отбасылар  өз  ойындағы 

баланы  тәрбиелеп  шыққылары  келеді.  Бұл  жағдайда  ата-аналар  балаларын,  өз  талаптарын 

орындағанда  ғана  мадақтайды.  Осындай  отбасындағы  балалар:  «Сен  ешқашанда, 

айтқанымды  дұрыс  орындамайсын»,  «Істемейтін  затты  істейсің»,  деген  ескертулерді  жиі 

естиді.  Еңбекке  баулу  кезінде  де  ата-аналар:  «Сен  еңбек  ету  керексің.Біз  де  еңбектеніп 

жүрміз.»-деп өзінің еңбек ететінін бала алдында үлгі еттім деп ойлайды.Бала сөз естумен ата-

ана  қаһарынан  қорыққан  бала  ата-ана  тапсырмасын  орындайды.Бірақ  келесі  жолы  ата-

ананың  берген  тапсырмасын  орындаудан  бас  тартып,  орындамауға  тырысады.  Себебі  ата- 

ана тарапынан зеку мен кінәлаудан жалығады.Сондықтан балалар қырсық, бірбеткей,қорқақ, 

өзіне сенбейтін немесе ұялшақ болып өседі. 

«Неге қарсылық жасауымыз керек , өз ойлағанын істесін. Ол әлі кішкентай ғой,өскен 

соң  үйретіп  айтқанымызды  орындаптып  аламыз.»-деп  ойлайды  кейбір  ата-аналар.Алайда 

олай болмайды. Үнемі ата-ана пікірімен, қамқорлығымен, ата-анасының еркелетуімен өскен 

бала,  болашақта  өз  ісіне  жауап  бере  алмайтын,ерке,  жалқау,  кербез  мінезді,  ата-анасының 

табысымен  ғана  өмір  сүретін  адам  болып  өседі.  Ондай  баланың  достарының  арасында  да 

беделі болмайды. Ол жан-жағындағы адамдармен тіл табыса алмайды.Жағымды мінез-құлық 

тәрбиелеу  үшін,  ата-анамен  бала  арасындағы  достық,  тепе-теңдік  қарым-қатынас  басты 

орында  болып  табылады.  Өз-өзіне  сенімділік,  жауапкершілік,  өз  бетінше  тірлік  ету, 

қайрымдылық  сияқты  мінез-құлықтаросындай  қарым-қатынас  арқасында,  бала  бойына 

дариды.  Біз  кейде  балалар  біздің  мәселелеріміз  бен  уайымымызды    түсінуге  әлі  кіщкентай 

деп  ойлаймыз.  Бірақ  ұмытпаған  жөн,  мектеп  жасына  дейінгі    балалар  өте  сезімтал, 

қайырымды  және  үлкендерді  жақсы  түсінеді.  Кешкілік  жұмыстан  келгеннен  кейін  ,  балаңа 

шаршап келгеніңді  айтып және өтіне білсек: «Балам  мен жұмыстан шаршап келдім, өтінем 

маған  көмектесіп  жіберші»-  десек,  бала  ойнап  жатқан  ойыншығымен  ойынын  тастай 

салып,өзіңе  қамқор  болуға  дайын  тұрады.Балаңызға  өзіңізге  деген  әділетсіздікті  немесе 

өзіңіз  жіберген  қателіктер  үшін  ұялғаныңызды  айтуға  ұялмаңыз.  Ата-анамен  бала 

арасындағы  сенімділіктің  арқасында  ғана,  үлкендер  өзінің  күлкіге  қалуы  мен  әлсіздігінен 

қорықпайды.  Сонымен  қатар  балалар  сізді  түсініп  қана  қоймайды,  олар  одан  сайын 

қайырымды, мейірімді,қамқор нағыз дос бола біледі. Өмірдегі қуаныш пен ренішті сәттерді 

балаңызбен  бөлісе  білсеңіз,  олар  өздерін  тәрбиеленуші  ғана  емес,анасының  қамқоршысы, 


327 

әкесінің  көмекшісі,  үлкен  ағасының  нағыз  досы  екенін  түсініп,  қайырымды,  мейірімді, 

батыл,  ақылды,  өзін  де,  өзгені  де  сыйлай  білетін  елінің  қалаулы  азаматы  болып 

өседі.Жұмыстан  шаршап  келген  ата-ана  шаршағанын  сылтау  етпей  арасында  балаға  көңіл 

бөліп, реті келсе онымен бірге ойнап, жатар алдында ертегі оқып, айтып берсе баланың көңіл 

күйі  көтеріңкі  болады.  Балаға  қызықты  ертегі  айтумен  шектелмей  орнымен  жұмсай 

отырып,еңбекке баулуды да естен шығармаған жөн.Балаларымызды серуенге шығарғанда да, 

айналасында болып жатқан жағымсыз істерді(топырақ шашып жатқан, ағаштарды сындырып 

жатқан балаларды) көрсетіп, оларды жасап жатқан бала жанына барып, олардың табиғатты 

аялау керек екендігін жас кездерінен түсіндіре отырып, оларды Отан сүйгіштікке тәрбиелей 

білу  керекпіз.    Бәрімізде  аялы  алақанға  салып,  тәрбиелеп  отырған  ұл-қыздарымыздың 

көштен  қалмай,  өз  арбасын  өрге  сүйреп  кете  алатындай  ақылды,парасатты  болып  өскенін 

қалаймыз.  Сондықтан  бала  тәрбиесіндегі  ұстанымды  естен  шығарып  алмай  дүниенің  кілті 

тәрбие  мен  білімде  екенін  балаға  ұқтыра  білуіміз  керек.  Өз  халқының  тілін,  әдебиетін, 

мәдениетін,тарихын  бала  санасына  сәби  күнінен  сіңіре  білсек,  болашағымызда  жарқын 

болмақ.  Отбасындағы  тәрбие  жігеріңді  құм  қылып,  жерге  қаратпасын  десеңіз,  балаға 

кішкентайынан  түзу  тәрбие  бер  деп,  ата  бабамыз  айтқандай,  бала  тәрбиесіне  уақытында 

көңіл  бөліп,  еліміздің  инабатты,  адамгершілігі  мол,  білімді  саналы  ұрпағын  тәрбиелейік. 

Бала  мен  бала  тілінде  сөйлесіп,  бірге  ойнап,  бірге  қуана  білсек  оның  да  мерейі  үстем 

болады.Адамгершілік  тәрбие  отбасынан  бастау  алатын  болғандықтан  инабаттылық, 

мейірімділік,  ана  сүтімен,ана  тілімен  келетіні  хақ.Адамгершілік  әр  адамға  тән  асыл 

қасиеттер.  Адамгершіліктің  қайнар  көзі-халқында,  отбасында,  олардың  өнерлерінде,  әдет-

ғұрпында.  Әр  адам  адамгершілікті  күнделікті  тұрмыс-тіршілігінен,  қоршаған  табиғаттан 

бойына сіңіреді.Тәрбие нәтижелі болу үшін,баланың жақсы қасиетін өзіне дәлелдеп көрсетіп, 

дәріптеп,  өзінің  орны  бар  екенін  сезіндіріп,  бейімі  бар  үйірмеге  тартып,  қадағалай  бермей, 

ақыл-кеңес  бере  отырып  тәрбиелеген  дұрыс.Үнемі  қадағалап,ұрысып,  отырған  балалар  өз 

дегенін істеуге бейім, ата-ана айтқанына көнгісі келмейтін, қырсық, қыңыр бала болып өсуі 

әбден мүмкін. Сол себепті де балаларымызды қатаң жазаламай,ақырын ақылмен айтып, үлгі 

–өнеге көрсете білсек, өнегелі ұрпақ өсіретініміз сөзсіз. Бала ата-ананың ғана емес, ұлыс пен

ұлтың  ертеңі.  «Тәрбиелі-тәртіптің  құлы,  тәртіпті  –елдің  ұлы»  деп,  халық  қаһарманы 

Бауыржан  Момышұлы  айтқандай,  заманға  сай  саналы  ұрпақ  тәрбиелеу  бүгінгі  күнің  басты 

талабы.  Олай  болса,  бар  күш-жігеріміздіелдің  болашағы  жас  өркендерге  арнағанымыз 

абыройлы  іс  болмақ..  Сондықтан  әрбір  ата-ана,  әрбір  ұстаз  бала  тәрбиесі  үшін  жауапты 

екенін толық сезінуі қажет.  

Бала бойына кішіпейілділік, сыпайылық, сыйластық сияқты қасиеттерді сіңіре білсек, 

тәрбиенің жемісіне бөленетініміз анық. 

Ертеңгі  ел  болашағы,  бүгінгі  жас  ұрпақтың  сапалы  білім,саналы  тәрбие  алуына  өз 

үлесімізді  қоса  берейік.Сөз  соңында;  ақылды,  парасатты  ,  инабатты  ,ибалы,әдепті  қыздар,  

Отаным,  елім,  жерім  дей  білетін,  қамқоршы,  батыл,  ержүрек,  айбынды,  байсалды,  Отан 

қорғар ұрпақтар тәрбиелей берейік дегім келеді. 



Қолданылган әдебиеттер: 

1Отбасы және балабақша №5 2014 ж[7]

2. Отбасы және балабақша №6 2014ж[29]

3.Отбасы және балабақша № 6 2013[12]

4.Л.В  Загик,  Т.А  Куликова,  Т.А  Маркова,  В.  М  Маркова  «Воспитателю  о  работе  с

семьей»[65,66] 



328 

ТӘРБИЕНІҢ ДІҢГЕГІ ЖАНҰЯДА 

Сайдалин Марат Сабыржанұлы 

Жұмабаев Марат Мерекеұлы

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының 

«Ақмола облысы бойынша педагог 

 қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» 



«Бала тәрбиесі басты байлығың, кешіксең көретінің қайғы-мұң» 

Абай 

Халқымыздың  сан  ғасырдан  бергі  даналығына  құлақ  ассақ,  «Адамның  бақыты-

балада» деген екен.Ал бүгінгі таңда біз осы бақытымызды болашағымызды балаларымызды 

қалай тәрбилеудеміз және қалай тәрбиеленуде ? 

Айтыңыздаршы біз осы бала тәрбилеу жөнінде бір сәт ойланмыз ба ? 

Ия,  мен  бәрін  түсінем  мына  қым  қуыт,  аласапыран  заманда  осы  баланы  тәрбиелеуді 

назарымыздан тыс қалдырып, бала тәрбиесін негізінен бастапқыда балалар бақшасына, одан 

кейін  осы  тәрбиені  мектеп  тәрбилейді  деп  иек  артып  жатамыз.Мектеп  балаларды  бүгінгі 

таңда  тәрбилеуін  тәрбиелейді  ақ,  бірақ  бүгінде  біз  балаларға  ерік  беріп,  бүгінде  ұстаздар 

балаларға тіпті белгілі әзіл- оспақ иесі Тұрсынбек Қабатов айтқандай балалар мұғалімдерді 

Мама папама айтамын –деп әзіл- шын сын айтып жатқанда дөп айтқан дерсің.Ал бұрын ата-

аналар  балаларын  ұстаздарынан  кешірім  сұрататын.Басымнан  өткен  уақиға  бірде  мен 

алғашқы  ұстаздық  жолды  бастаған  бетім  жаспын  бір  оқушыны  ұрмасамда  сөбен  ұрғандай 

етіп үйіне қуып жібердім.Оқушы жылап үйіне кетті.Енді не болады  деп есік алдында дамыл 

таппай жүрмін.Бір уақытта қарасам жаңағы оқушым әкесінің алдында біздің үйге келе жатыр 

екен.Әкесінің  қолында  үлкен  таяқ.Ол  азамат  бүгінде  өмірден  өткен,  Марат  Тәшібаев  деген 

азамат еді иманды болсын. 

-  Мәке не болды деді ? 

-  Мен мына балаңыз мені  тыңдамай сабақ өткізуіме кедергі  жасады сосын қуып жібердім-

дедім. 


-  Әкесі баласы мұғалімнің айтқаны распа-деді ? 

-  Баласы кінәсін мойындады. 

-  Қане онда ұстазыңнан кешірім сұра, енді осындай жағыдай қайталанбайтын болсын деп –

кейін кетті. 

Содан кейін сол бала кілт өгеріп, менің алдымы көлденең келген жоқ. 

Міне  сол  Мәкеңнің  тәрбилеген    ұлдары,  қыздары  осы  Көкшетау  қаласында  өнегелі 

отбасылардың бірі десем қателеспеймін. 

Ал  мектеп  болса  уақыттан  оза  туған  балаларды  тәрбиелеуде  және  біліммен 

сусындаруда.  Мен  өзім  осы  ұстаздық  жолында  ауылда,  қалада  25  жылдан  астам  тер  төгіп, 

мектеп  басқарып  бала  тәрбиесінің  жілігін  шағып  майын  ішкенмін  десем  артық  айтпаған 

болармын.Осы  ХХІ  ғасырда  бала  тәрбиесі  бұрынғы  заманға  қараған  өте  күрделі  жауапты 

жүк. 


Осы  сәтте  өткен  ғасырда  өмір  сүрген,  қазақ  педагогикасына  байланысты  еңбек  жазған 

Мағжан Жұмабаевтың айтқан сөздерін келтіре кетсем:  

«Ата-аналар  баланы  тәрбиелегенде  дәл  өзіндей  етіп  тәрбиелеуге  тырыспау  керек,  олар 

баланы  өзінен  күшті  етіп  тәрбиелеуі  тиіс.  Өйткені  олардың  заманы  ата-аналарының  өмір 

сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған 

жөн» -деген екен. 

Ал осының бәрі бүгінгі бала тәрбиесіне алдын ала арналған сөз дерсің.Сондықтан да 

тәрбиенің  діңгегі  жанұя  екенін  естен  шығармағанымыз  абзал.Мен  осы  тұста  баяғы  ата-

бабамыздың  ұлттық  тәрбиесін,ұлттық  педагогиканы  жандандыруымыз  керек.Ұлы  ойшыл 

Әбунасыр  Әл-Фараби  тәрбиесіз  берген  білім  қылмысқа  тең  –деген  екен.Осы  жерде  ой 



329 

түйіндей  беріңіздер,  осы  сәтте  жалпы  білім  беретін  мектептерде  тәрбиені  екінші  орынға 

қойып  бірініші  орынға    білімді  қойып,  істерімізді  оңдыра  алмай  әттеген  ай  жайларымыз 

болып жататындарында жасыра алмаймыз.Ойланып көрейікші, кез келген адам өзі өмір бойы 

қуып  жете  алмайтын  бақыт  деген  құдыретті  сөздің  өлшемі  өмірінің  жалғасы  ұрпағымен 

келетініне бүгінде мән бермеуі де мүмкін. 

 Халықтың  көпшілігі    бақытын  байлықтан  тапқысы  келсе,  екінші  біреуі  даңқ  пен 

атақтан,  мансап  пен  қызметтен  іздестіреді.  Ал  мұның    бәрін  тереңінен    түсінген  адамға 

қолдың  жуған    кірі  сияқты  нәрсе.  Адамзат  баласына  нағыз  бақытты  сенсеңіздер  тәрбиелі 

саналы  ұрпағы  ғана  сыйлай  алады.Осы  сәтте    «адам  ұрпағымен  мың  жасайды»  деген  сөз 

халқымызда тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің негізгі мәні – өз ұрпағы яғни 

ертеңгі еліміздің болашағы. 

Шыр  етіп  сәби  дүниеге  келген  сәттен  бастап  ата-ана  алдында  нәзікте  қиын,  қыр-сыры  мол 

үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол – бала тәрбиесі. 

- Баяғыда бір ана баласы туып енді баланы қалай тәрбиелейін деген  сұрағымен көпті көрген 

данакөз қариядан барып сұраған екен ?  

- Сонда дана қария бала туғалы  неше күн болды деп сұрақ қояды ? 

-  Сонда ана туғалы үш күн болды –деп жауап беріпті. 

-    Сонда  қария  әттеген  ай  кеш  кеш  қалыпсың  деп  жауап  беріпті.Міне  осы  қария  сөзінің 

астарлығын түсіне берсеңіздер ?    

Бала  тәрбиесінде  алғашқы  ұстазы  ана    сосын  әке  ата.  Бала  үшін  үй  ішінен,  анадан 

әкеден  артық  тәрбиеші  жоқ.  Адамгершілік  бауырмалдық,  татулық,  қайырымдылық, 

әдептілік,  инабаттылық    сияқты  қасиеттер  мектепте  емес  –  жанұяда  тәрбие  балаға  сөзбен, 

теориямен дамымайды, үлкендердің адалдық парасаттылық, даналық үлгісімен сіңеді.  

«Әкеге  қарап  ұл  туар,  шешеге  қарап  қыз  өсер»  дейді  халық  даналығы  тегін  айтылған  сөз 

емес.  Баланы    кішкентай  ес  білген  кезінен-ақ  әр  нәрсеге  әуестеніп  үлкендерге  көмектескісі 

келіп  елгезек  болады.  Осы  сәттерде  бұған  кейбір  әке-шеше  «жұмысымды  бөгейсің,  істеп 

жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл деген  қате түсінік. Біз  керісінше, 

өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне 

көмектескені  өте  орынды  түсіне  білсек.  Тіпті  балаға  берген  тапсырмаңыздың  аяғына  дейін 

орындауына  төзімділікпен,  сабырлықпен    бақылау  керектігін  де  естен  шығармаған    жөн. 

Осылайша  баланың  бірте-бірте    еңбекке  деген  болашағына,  өзінің  сенімділігіне  жол 

ашылады.  Әрі  істеген    ісін  ұқыпты  да  тындырымды  орындауына  бағыт  берсеңіз  бәрі 

ойдағыдай  болады.Мысал  келтіре  кетейін:  Еврей  халқы  күнде  балаларының  қандай  да  бір 

жетістіктерін  мақтап  аспандатып  отырып,  менің  баламнан  артық  бала  жоқ-деп  мадақтау 

айтып  отырады  екен.Енді  өздеріңіз  осы  аталған  халықтың  жетістіктерін  аңғара 

беріңіздер.Бұл деген тәрбиенің жемісі десем менімен ешкім таласқа түспес. 

Баланың  жақсы  ісін  мадақтап,  терісін  оң  етіп  түсіндіріп  отырса,  ол  да  ересектерді 

сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді.Осы орайда белгілі  әнші 

Алмас  Кішкенбаевтың  балалармен  әңгіме  атты  бағдарламасын  қарасаңыз  бағдарлама 

жүргізушінің  балалармен  әңгіме-дүкен  құрғанда  олардың  әр  біреуімен  тіл  табысып  үлкен 

әңгіме-дүкен құруына зер саласаңыз одан біршама жағыдайларды үйренуге болады.  

Орынсыз ұрысу, зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-

ананың беделін түсіреді.  

Ата- ана – бала   тәрбиесінде өмірде  ең алғашқы   басты   тұлға.  Сондықтан әке де, 

шеше де балаларының жан дүниесіне бір сәт терең үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді 

жете  білгені  өте  пайдалы  болары  анық.  Отбасында  балалармен  әңгімелескенде  олардың 

пікірімен де санасып отырған өте  орынды.Осы заманда балалар заманға қарай дамып ерекше 

тәрбиені  талғайды.Олардың  көңілдеріне  кірбің  түсіріп  алсаң  ол  кері  әсерін  тигізетіні  тағы 

бар. 


Көптеген  ата-аналар  өз  баласымен  ашық  сөйлесе  алмай,  сырласа  білмейтіндер  

«Екеуміз  де  жұмыстамыз,  кешкісін  үй  шаруасынан  қол  тимейді,  баламен  сөйлесуге  уақыт 

жоқ»  дегенді  желеу  етеді.  Бұл  дұрыс  емес.  Баламен  сөйлесуге  тіпті  арнайы  көп    уақыт 


330 

бөлудің  қажеті  жоқ.Оларды  азды  кем  ең  аз  дегенде  жұмасына  бір-екі  рет  оларды 

компьютерден,  ұялы  телефоннан  бастарын  алғызып  әңгімеге  тартып,  күнделіктерін 

қадағалап  оларды  тәрбиеге  тартудың  сан  түрлі  жолдарын  іздеп,  әңгіменің  арқауын 

шеберлікпен тәрбиеге әкеп тіресек,  біз ұтпасақ нақты айта алам ұтылмаймыз.    

Әке  мен  шеше  ұл-қыздарымен  үй  шаруасында  жүріп-ақ  әңгімелесіп,  ой  бөлісуге  неге 

болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше 

басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді.Бала алдында әке-

шешенің,  үй  ішінің,  үлкендердің  әдептілік  танытқаны  жөн.  Мысалы:  арақ  пен  темекінің 

толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі шегітіндер 

қаншама ?.  

«Көрінген  таудың  алыстығы  жоқ»  дейді,  ертең-ақ  ұл  өсіп  ер  жетеді,  қыз  өсіп  бой 

жетеді.  Сонда  арақ  пен  темекіні  біз  өзіміз  тұтынсақ  оның  зиянын  болашағымызға  қалай 

ұқтырамыз?  Негізінен  жанұяның  шырқы  бұзылған,  ата-анасы  маскүнемдікке  салынған 

немесе  жарамдық  жағынан  азғынданған  ортада  бала,  жасөспірім  қашанғы  жиіркенішті 

көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек.  Басқа өмір 

аңсайды немесе теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті 

дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осы дан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?! 

Бұзақылықтың  басы балалардың бос жүруінен  басталады.  Кейде сабақты жиі қалдыруға әр 

түрлі  сылтауларды  үлкендердің  өзі  үйретіп  отырады.    Бұл  жағдайда  балаға  өтірік  айтуды 

үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. 

Ия,  «ұяда не көрсең,   ұшқанда соны  ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен 

із қалдырады. 

Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына 

дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау – 

ата-ананың  басты  парызы.  Ендеше  баршамыз  бала  тәрбиесінде  ұсақ-түйек  дейтін  ешнәрсе 

жоқ және сол нәрседен де қателесуге біздің қақымыз жоқ. 

Бала  деген  –  әр  жанұяның  бақыты.  Олай  болса,  өзміздің  ештеңемен  теңдесі  жоқ 

бақытымызды  бағалай білейік. 

Осы  арада  ойымды  түйіндей  келе  айтарым    «Балалар  –  ата-аналар  қолына  берілген 

аяулы  аманат.»  Бұл  ғажайып  табиғаттық  аңықтаманы  жадымызда  ұстау  былай  тұрсын,  әр 

үйдің  мандайшасына  іліп  қою  тұрарлық  десем  дәл  бүгінгі  таңда  артық  болмайды.  Баланы 

өздігінен  өмір  сүруге  мүлде  қабілетсіз  нәресте  кезінен  бастап,  бақытты  балалы  шақ,  жеке 

шаңырақ көтергенге дейінгі жастық жолдары өтетін отбасын бақытты жағалауын бетке алып, 

өмір – айдынында жүзіп бара жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегі ойланбастан – әке мен 

ана дер едім.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет