Конференциясының материалдары


МАҚСАТ ҚОЮ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ-НӘТИЖЕГЕ ЖЕТУДІҢ КЕПІЛІ



Pdf көрінісі
бет42/60
Дата09.03.2017
өлшемі9,39 Mb.
#8612
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60

МАҚСАТ ҚОЮ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ-НӘТИЖЕГЕ ЖЕТУДІҢ КЕПІЛІ

 

Мурат Нурсауле

ОМСК университетінің магистранты 

Первомай негізгі мектебінің директоры 

Зеренді ауданы Ақмола облысы 

Мақсат-іс жүзінде оны орындау қолдан келгенде ғана жақсы болады. 

Рамишвили С. 

       Қазіргі  кезде  жоғары  білім  жүйесін  реформалаудың  басты  мақсаты  –  білімді  игеру 

кезінде  күтілетін  нәтижелерге  қол  жеткізу.Қазіргі  заманғы  білім  берудің  модернизациялау 

стратегиясын  «құзіретті  білім  беру»  деп  атап  жүр.Соның  айғағы  ретінде,  Кембридж 

бағдарламасы  бойынша  үш  айлық  курстан  өтіп,  жаңа  талап  бойынша  білім  беру  жүйесіне 

өзгеріс енгізіп,нәтижесін көрдім. 

 Құзіретті маман  дайындау мәселесін құзіретті  білім беру арқылы шешуге болады. 

  Нәтижеге бағытталған білім бүгінгі заман талабы, қажеттіліктің қайнар көзі болса, нәтижеге 

жету жолында іздену әрбір мұғалімнің азаматтық борышы  

          Құзырлы  мұғалімнің  алдына-  оқушының  жан  дүниесін  жақсы  түсіне  білу  жөнінде 

нақты  міндеттер  қойып  отыр.Құзырлы  оқытудың  маңызды  факторы  мұғалімнің  оқушының 

тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай 

тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын  талап етеді.  

Оқушы  да   өзінің  оқуы  үшін  жауапты  болады.Бұл  жауапкершілікті  көбіне  сабақ  беру 

барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп қабылдайды.(Шульман ілімі) [1.5-бет] 

       Философ  Ф.Ницше  егер  адам  не  үшін  өмір  сүретінін  білсе,  онда  ол  үшін  өмірді  қалай 

сүретіні  маңызды  болмайды  деген.  Басқаша  сөзбен  айтқанда,  өмірдің  мазмұны  қойылған 

мақсаттармен  айқындалады. Біздің  жасап  жүрген  іс-әрекеттеріміздің  барлығы  да  мақсатты 

түрде  жүзеге  асырылады,  мақсаттан  басталады,  мақсатқа  тәуелді.  Егер  әрекеттің  мақсаты 

болмаса, оның мәнді, мазмұнды болуы екіталай. Жасап жатқан әрекеттерімізге мақсат  қана 

мағына  береді,  оларды  маңызды  жасайды.  Не  жасасақ  та,  алдымен  сол  әрекеттің  мақсатын 

айқындап алған жөн. Егер адам өмірде жоғары көрсеткіштерге жете алмай жүрсе, бұл оның 

өз  алдына  жоғары  мақсат  қоя  алмауынан  да  шығар... Сабақ  басында  да  тақырыпты 

жариялағаннан  кейін  оқушыларды  сабақ  мақсатымен  таныстырған  жөн.  Сабақ  мақсатын 

бөлек  қағазға  жазып  (немесе  тақтаға),  оны  қабырғаға  іліп  қойған  орынды  және  де  сабақ 

барысында  анда-санда  оқушылармен  мақсатқа  қандай  дәрежеде  жетіп  қалғандығын  қысқа 

талқылап  отырған  орынды.  Ол  үшін  шәкірттерге  «Біз  мақсатқа  дұрыс  жолмен  бара 

жатырмыз  ба?»,  «Мақсатқа  қаншалықты  деңгейде  жетіп  қалдық?»  деген  секілді  сұрақтар 

қойған  дұрыс  болар.  Ал  сабақ  соңында  оқушылармен  мақсатқа  жеткен-жетпегенімізді 

талқылау  керек:  «Балалар,  біз  мақсатқа  жеттік  пе?  Оның  нәтижелері  қандай  болды? 

Бұлардың дәлелдері қандай? Бұл бізге не берді?».  

      Құзыретті  мұғалім құзырлы  оқушыны  қалыптастырады.  Ол  әр  оқушыға  не  қажет  екенін 

анықтап,  нақты  мақсат  бойынша  нәтижелі  жұмысқа  қол  жеткізуге    болады.  Бірақ  көп 

жағдайда  мақсатты  тұжырымдау  мұғалімдерге  қиындық  тудырып  жатады.  Алайда,  сабаққа 

деген  мақсат  пен  міндеттерді  айқындаудың  басты  практикалық  маңызы  бар,  өйткені  бұл 

оқыту стратегияларын, әдістері мен тәсілдерін таңдауға, сондай-ақ оларды орындау мақсатқа 

қол жеткізуге жетелейтін тапсырмаларды іріктеп алуға ықпал етеді.  

Мұғалімдер  сабақты  жоспарлаған  кезде  бүкіл  мектептегі  тәжірибе  бойынша

мақсаттар  қояды  және  өте  жиі  түрде  сабақтың  мақсаттары  сабақ  тақырыбын  басқаша 

айтумен  және  оқыту  әдістерінің  таңдауымен  қалыптастыратынын  байқауға  болады.  Басқа 

сөзбен айтқанда, мұғалім өзінің сабақта  оқушыларды неге үйреткісі келетініне сүйеніп емес, 

сабақтағы өзінің іс-әрекетіне сүйеніп мақсат қояды.Мақсатты оқушылардың бір сабақ ішінде 

нені үйреніп шығуына  қарай бағыттап қою керек. Егер оқу мақсаты оқушыға түсінікті болса, 


309 

онда  оның  сабақтағы  іс-әрекеті  аса  белсенді,  саналы  және  нақты  нәтижеге  қол  жеткізуге 

бағытталған болады. Жалпы сабақ мақсатын қоюға оқушыларды тартқан жөн.  Оқушыларға 

мақсатты  қоюды  тұтас  бір  тарауды  немесе  бөлімді  игерген  кезде  сеніп  тапсыруға  болады, 

сонда оларға оңай болмақ.  

Сонымен  мақсат  дегеніміз  не?    Ғылыми  дереккөздерде    былай  делінген,  мақсат-бұл 

кез-келген бір объектіні түрлендіру бойынша болжанатын, алдын ала (ойша немесе ауызша) 

жоспарланатын іс-әрекет нәтижесі. 

Әдетте мақсат үш аспектіде қарастырылады: білім беру, дамытушылық, тәрбиелік. Алайда, 

зер салып қарасақ шын мәнінде мақсат бір. Және де мұғалім жоспарлайтын сабақ үш жеке 

бөлікке бөлінбеуі тиіс. Үш аспекті біріктірген және сауатты қойылған мақсаттың арқасында 

сабақ өнімді болмақ. Ал қандай мақсатты «сауатты қойылған» деп есептеуге болады? 

Біріншіден, мақсат оқытудың күтілетін нәтижесі арқылы қалыптастырылуы тиіс. Мысалы:  

-

 



Пифагор теоремасын игеру; 

-

 



Етістікке жіктік жалғауын жалғау емлесін меңгеру; 

-

 



Кенесары Қасымов бастаған көтерілістің барысын зерттеу; 

Екіншіден,  белгілі  дағдыларды  дамыту  көп  уақытты  талап  етеді  және  оларды  бір 

сабақ  ішінде  дамыту  мүмкін  емес.  Үшіншіден,  тәрбиелік  аспект  сабаққа  деген  белгілі 

тапсырмаларды  іріктеп  алу  және  сол  тапсырмалармен  жұмыс  жасау  түрі  арқылы  дамиды.  

Мысалы:  топтық  жұмыс  шыдамдылыққа,  сыныптастардың  пікіріне  құрметпен  қарау, 

эмоцияларды  билеу,  т.б.  тәрбиелеуге  көмектеседі.  Жұппен  жұмыс  диалог  жүргізу 

мәдениетіне,  көзқарасты  қалыптастыруға  тәрбиелейді.  Мақсат  қою  кезінде  назар  аударуды 

қажет ететін мынадай негізгі сәттерді бөліп көрсетуге болады: 

-

 

Әр оқушыны білімді өздігінен әздеп табуға баулу керек және    үйрету керек; 



-

 

Ақырғы  нәтижеге  бағытталған  нақты,  шынайы  әрекет  ететін  дағдыларды 



қалыптастыру. 

Мақсаттар  нақты  іс-әрекетті  білдіретін  етістіктер  көмегімен  қалыптастырылады,  олардың 

нәтижесін  анықтауға,  өлшеуге  және  бағалауға  болады.  Ал  мәндеттер  мақсаттан  немен 

ерекшеленеді?  Міндеттер  мынадай  сұраққа  жауап  береді:  «Менің  мақсатым  қандай  құрама 

кезеңдерден құралады? Мақсатқа жету үшін мен қандай іс-әрекет жасаймын?». Міндеттер –

бұл  аралық  мақсаттар,  сабақтың  мақсатына  қол  жеткізу  үшін  оларды  орындау  керек.  Олар 

баспалдақ  секілді,  әр қадам аттаған сайын оқушылар мақсатқа қарай жақындайды.  Мақсат- 

бұл-  біздің  неге    жетуіміздің  қалауы,  міндет-  бұл  үдеріс-    оған  біз  қалай  жеттік?  –деген 

сұраққа  жауап  береді.  Егер  өзімізге  мақсатты  біздің  жеткіміз  келетін  соңғы  орын  ретінде 

елестетін  болсақ,  онда  міндеттер-бізді  соған  әкелетін  қадамдар.  Мақсат  қоюда  Д.Доурдэн 

әдістемесі  бойынша  SMART  мақсат  қоюды  меңгердік.  SMART  атауы  ағылшын  сөздерінің 

бірінші  әріптерінің  аббревиатурасы  болып  табылады,  олардың  мақсаттың  критерийлерін 

білдіреді: 

Мақсат түрлері 

Олардың ерекшеліктері 

Жедел мақсаттар 

Әр сабақта іске асырылады 

Тактикалық мақсатттар 

Әр тақырыпты игерген кезде іске асырылады 

Аралық мақсаттар 

Оқу материалының тұтас игерілуін қамтамасыз етеді 

Стратегиялық мақсаттар 

Барлық оқу жылы бойында педагогикалық әс-

әрекетті бағыттайды 

Іргелі мақсаттар 

Барлық оқыту жылдарында оқу-тәрбиелеу үдерісінің 

тиімділігін анықтайды 


310 

S (specific) 

Мақсат нақты болуы тиіс 

Оған қол жеткізу үдерісіне 

жұмылдырылған қатысушылар оның 

неден құралатынын түсінуі тиіс. 



(measurable) 

Мақсат өлшенетін болуы 

тиіс 

Оған қол жеткізу үдерісіне 



жұмылдырылған қатысушылар 

олармен мақсатқа қол жеткізе ме, 

әлде жоқ па соны түсінуі тиіс. 

A (achievable)  Мақсат қолжетімді болуы 

керек. 


Оған қол жеткізу үдерісіне 

жұмылдырылған қатысушылар тиісті 

ресурустарға ие болуы тиіс. 

R (realistic) 

Мақсат шынайы болуы 

керек. 

Нақты нәтижеге бағдарлануы тиіс. 



T (time 

related) 

Мақсат уақытпен 

айықндалған болуы керек. 

Әр мақсат үшін оған қол жеткізудің 

уақыт тарапынан шектеулері 

белгіленуі тиіс. 

Оқу  мақсаттары  өлшенбелі  және  нақты,  айқын  түрде  келтірілген  оқу  нәтижелері 

арқылы  көрсетілуі  керек.  Ал  өз  кезегінде  оөу  нәтижелері  оқушылардың  әрекеттері  арқылы 

құрастырылады.Мақсаттарды  нақтылаудың  мынадай  басты  талабын  орындау  керек: 

мақсаттар оқу процесі нәтижесінде үйренушінің не жасай алатындығын (нақты әрекеттерді) 

көрсететін етістіктер арқылы сипатталады

Қорытындылай  келе,  сабақтың  сәттілігі  мұғалімнің  сабаққа  қоятын  мақсатына 



байланысты  екенін  тағы  да  баса  айтып  кеткім  келеді.  Мақсат  мұғалімнің  өзінің  кәсіби 

шеберлігіне,  сынып  үлгерімінің  деңгейіне  және  ондағы  оқушылардың  мүмкіндіктеріне 

сүйене  отырып,  таңдап  алатын  сабақ  мазмұнына,  әдістеріне  және  жұмыс  түрлеріне  тікелей 

байланысты.  Ұзақ  уақыт  бойы  сабақтың  мақсаты-  бұл  мұғалімнің  ісі  деп  саналды.  Алайда 

мақсаттарды білмесең бала өзінің сабақта неге ұмтылуы қажет екенін түсінбейді және соның 

салдарынан  тұтас  алғанда  оқуға  деген  қызығушылығы  жоғалады.  Осыны  ескере  отырып, 

мұғалімге  сауатты  қойылған  мақсатқа  ғана  емес,  сонымен  бірге  сабақтағы  оқушылардың 

мақсатты  тұжырымдау,    іс-әрекетін  ұйымдастыруға  да  барынша  көп  уақыт  бөлу  керек. 

Брайан  Трейси  өзінің  «Мақсатқа  қол  жеткізу»  кітабында  көрінбейтін  мақсатқа  дөп  түсіру 

мүмкін емес екеніне назар аударады. Дегенмен, егер бұл мақсат анық көрінетін болса және 

сіз  оны  атуды  жалғастыратын  болсаңыз,  түптің  түбінде  сіз  оған  дәл  тигізесіз. Сөз  соңында 

«ақылды мақсат» болмайынша, нақты күтілетін нәтижеге қол жеткізе алмаймыз-дегім келеді. 



Пайдаланған әдебиеттер: 

1. «Білім берудегі менеджмент» №4 2006, 2008ж

2. Дилс Р. 2008 «Мақсаттарды қоя білу»

3. Долгоруков А.М. 2004 «Стратегиялық өнер: мақсатты тұжырымдау, стратегияларды

әзірлеу, http: // 

www.iu.ru/biblio/archive/

dolgorukovstrategicheskoe/default.aspx »

4. «Мұғалімге арналған нұсқаулық» 2015 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

Педагогикалық шеберлік орталығы.


311 

БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІ САПАСЫНЫҢ НЕГІЗІ – МОНИТОРИНГ 

Балташева Айнагуль Кыдырбаевна

Мектеп – гимназия директоры, 

Көкшетау қаласы М.Ғабдуллин атындағы №3 

көптілде оқытатын кәсіби 

мектеп – гимназиясы 

Елбасының  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауында 

«Біз  бүкіл  еліміз  бойынша  әлемдік  стандарттар  деңгейінде  сапалы  білім  беру»  қызметін 

көрсетуге  қол  жеткізуіміз  керек  деп  атап  көрсеткен  болатын  [1].  Білім  беру  үрдісін 

жетілдірудегі  айрықша  бағыттардың  бірі  мектептің  білім  сапасын  дамыту  және  бақылау 

мониторингі  арқылы  басқару  жүйесін  қалыптастыру  болып  табылады.  Бұл  жұмыс  мектеп 

қауымдастығының барлық мүдделі қатысушыларын жұмылдыра отырып жүзеге асырылады. 

Білім  беру  сапасын  басқарудың  оқу  үрдісіндегі  негізгі  тетіктері:  бақылау,  талдау,  бағалау, 

бағдарлау және нәтижелердің динамикалық үрдістерін салыстыру болып табылады.  

Бұл  үрдісте  оқу  -  тәрбие  сапасына  жасалатын  жүйелі  бағалаудың  бірден-бір  көзі  – 

мониторинг.  

Мониторинг – педагогикалық үдеріс негізінде білім беру мақсатын таңдаудағы өзекті 

мәселе  мен  құралдарын  шешу  барысында  диaгностикалық  зерттеудің  жағдайын  ғылыми 

негізге сүйене отырып үздіксіз бақылау.  

Педагогикалық іс-әрекетті бағалаудағы мониторингтің 3 кезеңін міндетті түрде ұстану 

керек [2]: 

1-

 

Дайындық  кезең.  Мақсат  қойылады.  Бақылау  объектісі  таңдап  алынады.  Бақылау 



жоспарланады. 

2-

 



Негізгі  (іс-тәжірибелік)  кезең.  Ақпараттарды    жинақтау,  нормативті  құжаттарды 

таңдау, сабаққа қатысу, білім, білік дағдыларын бақылау,диагностика (сауалнама, тест, т.б.) 

жүргізу, өзін - өзі бағалау. 

3-

 



Талдамалы,  яғни  алынған  мәліметтерді  өңдеу:  ақпараттарды  талдау,  жинау; 

бақылаудың қорытындысын шығару, ұсыныстар енгізу. 

Мониторингті қалыптастыру және дамыту стратегиясы оқу-тәрбие үрдісін басқаруды 

саналы  түрде  жүйелі  ұйымдастыруды,  мектепті  тиімді  басқарудың  маңызды 

ұйымдастырушылық - педагогикалық шарттарын анықтауды болжайды. Білім беру сапасын 

басқару  –  алға  қойылған  көрсеткіштерге  жету  үшін  басқарудың  барлық  функцияларын 

жүзеге асыру,  нәтижеге жету.  

Мониторинг  жасауда  белгілі  бір  талаптар  қойылады,  оларды  мониторинг  жасаудың 

принциптері деуге де болады:  

1) Мәліметтердің  дұрыстығы,керек  мәліметтер  нақты  және  мектеп  әкімшілігіне

пайдалы болуы. 

2) Мәліметтерді  салыстыратын мүмкіндіктің болуы. Кез-келген үдерістің тек қазіргі

деңгейі ғана емес, ондағы өзгерістер себептерінің зерттелуі. 

3) Болжамдық,  нәтижелерге  сүйене  отырып,  болуы  мүмкін  өзгерістерге  болжам

жасау. 

Білім беру сапасын  басқарудағы қадамдар: 

 



Объекті мен сыртқы орта жағдайы туралы ақпарат жинау

 



 

Объекті мен сыртқы орта жағдайы туралы ақпарат жинау

 



 



Алған ақпаратты талдау

 



 

Мақсаттары мен міндеттерін қою, мазмұнын анықтау

 



 



Болжау, құрастыру, жоспарлау

 



 

Мақсаттарына, міндеттері мен бағдарламаларға сәйкес білім беру үдерісін ұйымдастыру

 


312 

 



Оқушылардың білім деңгейі мен педагогикалық қызметті бақылау

 



 

Қайта диагностикалау және нәтижелерді талдау

 



 



Білім беру үдерісін жүзеге асыру, сапаны өз бетімен талдау

 



 

Білім сапасын басқаруды реттеу және түзету

 



 



Білім сапасын сараптау

 

Мониторинг  жүргізудің  нәтижесі:  мұғалімнің  педагогикалық  шеберлігін  анықтай 



отырып  нақтылайды,  нақты  көмек  көрсетуге  мүмкіндік  береді;  мектепішілік  басқару 

процесін  жүзеге  асырады.  Мектеп  –  білім  мекемесі  болғандықтан,  оның  негізгі  мақсаты  - 

сапалы  білім  беру.  Сондықтан,  мектеп  мониторингінің  негізгі  зерттелетін  объектісі  –  білім 

сапасы. Оқу мониторингісін жасау – мектеп үдерісіндегі шарттардың және білім сапасының 

өсу  (кему)  динамикасын  жүйелі  түрде  бақылау,  сараптау,  бағалау.  Білім  сапасы  туралы 

мәліметтерді  жинау  арқылы  мәліметтер  қоры  жасақталады,  оларды  өңдеп,  сақтау  арқылы 

кез-келген уақытта білім сапасының қазіргі деңгейін көрсетуге болады. Оқу мониторингінің 

нақты  мақсат-міндеттері,  жасалу  принциптері,  бағдарламасы  және  зерттелген  нәтижелерге 

қарап, кемшіліктердің жою жолдары айкындалу керек. 

Оқу мониторингісінің мақсат-міндеттері:

 

-

 

ұжымның жұмысын мониторингке шоғырландыру;

 

-

 

мәліметтер қорын жинау;

 

-

 

оқушылардың үлгерімі және білім сапасын көтеру;

 

-

 

педагогтардың шеберлігін арттыру, баскару жүйесінің сапасын арттыру;

 

-

 

мониторингтік зерттеулердің нәтижелерін  ортаға салу;

 

-

 

мониторинг бағдарламасын бекіту. 

 

Мониторингті  зерттеу  құралдары:  педагогикалық,  психологиялық  диагностикалар, 



білім  нәтижелерінің  статистикасы  мен  талдау,  негізгі  және  орта  мектеп  түлектерін 

әлеуметтендіру статистикасы. Білім беру мониторинг нәтижелері педагогикалық ұжым, ата-

аналар  қауымы,  қоғамның  назарына  мектеп-гимназия  әкімшілігі  ашық  баяндамасы  түрінде 

жеткізеді. 

Мектептегі  білім  жетістіктерінің  сапасын  көтеру  үшін  мектеп-гимназиясының  оқу-

тәрбие  үдерісінің  даму  жоспарының  мақсат-міндеттерінің  жүзеге  асырылуы  бойынша 

монитринг түрлеріне тоқталсақ:  

1) Мектеп-гимназиясының  педагог  мамандары  құрамының  білім  деңгейлері  мен

квалификациялық санаттары; 

2) Педагогикалық  ұжымның  қызметіне  талдау  (жұмыс  бағыттары,  білім  қызметінің

түрлері, ғылыми-әдістемелік жұмыстар, білім сапасы, ҰБТ, БТС); 

3) Мектеп-гимназиясыны даму жоспарының жүзеге асыру кезеңдеріне байланысты іс-

шаралардың  (гимназия  және  үш  тілде  оқитын  сынып  санын  көбейту;  ББ  сапасының 

халықаралық  зерттеулеріне  қатысуына  дайындау;  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  сырттай 

бағалау;    көптілділікті  іске  асыру;  материалдық-техникалық  базасын  нығайту, 

қаржыландыру;  педагог  мәртебесі)  нәтижесін  мониторинг  арқылы  оқу-тәрбие  үрдісіне 

жаңаша өзгерістер, толықтыруларды енгізіп отыру; 

4) Мектеп-гимназиясының 

«Ғибрат»  оқушылар  ғылыми  қоғамында  (ОҒҚ)

оқушылардың  зияткерлігін  арттыру  жұмыстарының  үлгісі  бойынша  мониторинг 

(2-сурет).

 

5) Мектеп-гимназия  оқушыларының  дарындылық  типтерін  сипаттау  нәтижесінің



мониторинг (3, 4-сурет). 

6) Мектеп-гимназиясындағы

педагогикалық-психологиялық 

қызмет 


жүйесінің 

мониторинг (5-сурет). 



313 

 

2-сурет. - “Ғибрат” ОҒҚ оқушылардың зияткерлігін арттыру жұмыс үлгісі [3] 



 

 

 



 

 

 



 

3-сурет. Мектеп-гимназия оқушыларының дарындылық типтерін сипаттау 



 

 

4-сурет. - Мектеп-гимназиясының оқу-тәрбие үдерісіндегі оқушылардың        жетістіктері 

(соңғы 3 жыл) 

Қазіргі қарқынды дамып жатқан қоғамда орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп 

отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін 

бағдарлай  білуге,  өзін-өзі  іске  асыруға,  өзін-өзі  дамытуға  және  өз  бетінше  дұрыс, 

адамгершілік  тұрғысынан  жауапты  шешімдер  қабылдауға  қабілетті  жеке  тұлғаны 

қалыптастыру, заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу [4, 8б.]. 

Мұғалім баскару ісінің ең басты алаңы - жоғары сапалы еңбекке қол жеткізуші күші. 

Әрбір  мұғалімнің  алдына  өзінің  кәсіптік  шеберлігін  шыңдау  міндеті  қойылады.  Әр  ұстаз  – 

“Ғибрат” ОҒҚ 

Пәндер бойынша 

арнайы курстар 

Психологиялық 

қызмет 

Шығармашылық 



үйірмелер 

жұмысы   

Ғылыми 

практикалық 



жұмыстар 

Халықаралық, 

Республикалық, 

облыстық, қалалық 

олимпиадалар 

Халықаралық, 

Республикалық, 

облыстық, қалалық 

байқауларға қатысу 

"Дарын” орталығына 

ғылыми – практикалық 

конфенренцияларға 

қатысу 

Факультатив 



сабақтар  

Оқушылардың жеке 

даму картасы 

Авторлық 

бағдарламалар 

Жеке даму 

бағдарламалары 

 

Мектеп – гимназия 



оқушыларының дарындылық 

тип сипаттамасы 

Академиялық (үздік, өлең, 

мақала жазуға бейім) 

Көркем бейне (бейнелеу, 

музыка, қол өнер, мәнерлеп 

оқу) 

Шығармашылық 



(шахмат, тоғызқұмалақ, 

асық ойындары) 

Өнер, спорт 

үйірмелері 

 

Зияткерлік (КВН, 



дебат) 

 

Республика, халықаралық 



сайыс 

Олимпиада (қала, 

облыстық, республика, 

халықаралық) 

НӘТИЖЕ (қызыл 

сертификат, іс-шара, 

ғылыми жоба) - жетістік 

мониторинг 

Қалалық,облыстықреспубликалық, 

халықаралық ғылыми жобалар байқауы - 84 оқушы 

Республикалық, халықаралық 

интернет кашықтық  

олимпиадасы-162 оқушы 

Әртүрлі шығармашылық, 

спорттық сайыстар  - 200 оқушы 

Білім турнирлері: 1– 7 сынып 

48 оқушы 

Қалалық, облыстық, 

республикалық, халықаралық 

пәндік олимпиадалар-138 

оқушы


314 

ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, 

тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек [5]. 

 

 



 

 

 



 

 

5-сурет. – Мектеп-гимназиясының оқу-тәрбие үдерісіндегі педагогикалық-



психологиялық қызмет жүйесі 

Мектеп-гимназиясының педагогтарының кәсіби даму түрлері (соңғы 3 жыл): 

 Педагогтарының кәсіби даму түрлерін диагностикалау нәтижесі

 90%-  Курстар/семинарлар  (мысалы,  пән  бойынша,  оқыту  әдістері  бойынша,

оқуға қатысты басқа тақырыпта

 85%  -  Білім  беру  саласындағы  конференциялар/  семинарлар  (мұғалімдер

және/немесе  ғалымдар  өз  зерттеулерінің  нәтижелерімен  таныстырады,  білім

беру проблемаларын талқылайды)

 90% - қызықтыратын тақырыптар бойынша жеке немесе бірлескен зерттеулер

 90%-Мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін арнайы құрылған мұғалімдердің

кәсіби қоғамдастығына қатысу

 80% - Танысу мақсатындағы басқа мектептерге сапарлар



Мектеп-гимназиясының оқу-тәрбие үдерісіндегі педагогикалық-психологиялық 

 қызмет жүйесі 

Педагогикалық-психологиялық жұмыс бағыттары 

Бейімделу кезеңі (1, 5, 10 сынып) 

Кәсіби бағдар  (9-11 сынып,) 

ҰБТ-ға психологиялық тұрғыда дайындық 

Мұғалімдер мен ата-аналарға ағарту және кеңес беру 

Педагогикалық-психологиялық консилиум (отбасы, 

денсаулық жағдайы; оқу әрекеті, оқуға қызығушылығы; 

еңбек, қоғамдық, шығармашылық белсенділігі; танымдық 

деңгейі; ортамен қарым-қатынасы) 

Психологиялық, педагогикалық түзету, дамыту  

(сынып сағаттары, тренинг, психологиялық сабақтар, 

семинар,  дәріс беру, т.б.) 

Нәтижесі: еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-

өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік 

тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке 

тұлғаны қалыптастыру 

Мектептегі қолданбалы 

педагогикалық-

психологиялық диагностика 

Психологиялық денсаулықты 

алдын алу  диагностикалау 

жүйесі  

БТС, ҰБТ сынақ байқауы 

Танымдық әрекетінің 

ерекшелігін зерттеу 

Бейімділік, қызығушылық, 

кәсіби бағдарын анықтау 

Нәтижесі: оқушылардың 

әлеуметтік-педагогика-

психологиялық даму картасы 

шығарылады,  

Сараптама, зерттеу 

қорытындысы бойынша 

мониторинг 


315 

6-сурет. - Педагогтың өзінің кәсіптік шеберлігін шыңдау нәтижесі (соңғы 3 жыл)

 

Мониторингтен күтілетін нәтиже: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет