Курстың мақсаты



бет61/70
Дата19.12.2023
өлшемі296,11 Kb.
#140865
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   70
Байланысты:
ob4vToOUGJ78KD5vbwAkF92paZ2tUkcxOW9ZclUt

Жоспарлау - күрделі ой әрекетімен ұштасқан, қабылданған шешімнің тиімді әдістері мен құрал-жабдығын іздестіру кезеңі.
Жоспарланған әрекет өздігінен бола қалмайды, ол үшін ерік күші араласуы қажет. Ерік күші - бұл адамның қажыр-жігерін жинақтап, мақсатқа жетуге керек болған қосымша қуат, септүрт­кі­лердің көзін ашатын, мақсатты белгілеу мен істің орын­да­луына дейінгі ерік процесінің барша бөліктеріне ықпалды фактор.
Ерік күшінің қарқындылығы (интенсивность) төмен­дегі жағдайларға тәуелді:
1.Жеке адамның көзқарасы (жапон самурайы, жахид жариялаған мұсылман).
2.Моральдық тұрақтылық (жауапкерлік, немқұрайлық).
3.Қоғамдық мәнді мақсаттар.
4.Іс-әрекетке деген көрсетпе-талап (установка) (мұ­ға­лімнің оқушыға тапсырмасы: "тек оқып кел", "бірін қал­дырмай көшіріп ал" - әрқайсысы әртүрлі ерік күшін керек етеді).
5.Жеке адамның өз басын жұмысқа бұрып, басқара алуы. (Өзін жетілдіре алмаған адам, қиыншылықтарға төзімсіз келеді).
Борыш сезімі - моральдық талаптардың адамның ішкі жан дүниелік қасиетіне айналып (интериоризование), "мендік" пен қоғамдық мүдделер тоғысында таңдалатын тиімді әрекет-қылықтың жол көрсеткіші.
Көп жағдайда адам ерік күшімен өзінің мінез-қылығындағы ырықсыз белсенділігін ноқталап, тоқтамға кел­тіруіне тура келеді, бұрыннан бекіген әдеттері, бойға сің­ген келеңсіз қылықтарына қарсы шайқасқа түседі, яғни, ерік - адамның өз болмысын билей алу қабілеті, өз ұмтылыстары, сезімдері мен құмарлықтарына тоқтам беру қасиеті.
Ерік әрекеттерін іске асыру барысында, әсіресе орындаудан соң бағалау кезеңі келеді. Баға түрлі әлеу-меттік-саяси, моральдық, эстетикалық ж.т.б. бағыттардан беріледі, ал кей жағдайда аталған талғамдардың басы бі­рігіп, бір бағаға арқау болуы ықтимал. Баға тек жеке адам­ның өлшемінен емес, іске қатысы бар көпшіліктің пікіріне де телінуі мүмкін. Осыдан, ұжымдық баға әрбір дара тұлға әрекет-қылығының шын өлшемі бола алады. Орындалған іс-әрекеттің бағамы қабылданған шешімдер мен іс әдістерін қолдау, ақтау не кінәлау сипатта көрінеді. Әрқандай баға көңіл-күй толғанысын тудырып, іс нәтижесінен қанағаттану не қанағаттанбау сезіміне бөлейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет