Л. С. Выготский зиятының зақымдалуы түсінігін арнайы педагогиканың белгісіз және ең қиын түсініктерінің бірі деп атап кеткен


Белгілі бір әдістің қолданылу вариантын, сол әдісті құрайтын негізгі іс-әрекетке оқу дидактикалық материалдың сипатынан туындайтын қосалқы іс-әрекеттің енгізілуін тәсіл деп атаймыз



бет23/50
Дата15.11.2023
өлшемі252,81 Kb.
#123233
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   50

Белгілі бір әдістің қолданылу вариантын, сол әдісті құрайтын негізгі іс-әрекетке оқу дидактикалық материалдың сипатынан туындайтын қосалқы іс-әрекеттің енгізілуін тәсіл деп атаймыз.

Сонымен, еліктеу әдісін жүзеге асыратын тәсілдер мыналар болуы мүмкін:

1)Айнадағылармен танысқанда нақты затты бақылау- жоғарыда айтқан жағдайда, сәби өз қолына қарайды, анасының қолын бақылап оған ілесе қайталайды, оның сөзіне еліктейді.

2)Ойындар: біздің байқағанымыздай, ойын үстінде баланың тілі жаңа лексикамен толығып қана қоймайды, сонымен бірге ол жаңа сөз формасымен де байиды;

3)Сөз үлгісіне сүйену: тәрбиеші айтқан сөзді балалар қайталайды.

Сонымен, біз үйретуші мен үйренуші бір сөзді айтатын еліктеу әдісімен таныстық, бірақ үйретуші қалай сөйлеу керек екендігі жөнінде үлгі көрсетеді, ал үйренуші оны дәлмедәл қайталайды, оған еліктейді.

Сөйлесу әдісі. Бала үшін орындауы анағұрлым қиыны оның тілін үйрету әдісі- сөйлеу әдісі, мұны қосымша сұрақпен жауап әдіс деп те атайды.

Әңгімелесу әдісі үйретушінің сұрауынан, ал үйренушінің жауап беруінен тұрады. Демек, олардың екеуі де сөйлейді, бірақ бір сөзді емес, әртүрлі сөздер сөйлейді: үйретуші өзінің сұрағымен баланың өзіне таныс сөздерді, дыбыстарды, грамматикалық формаларды немесе дәнекер тексті еске түсіруге және орнымен қолдануға итермелейді.

Нақты затқа немесе суретке сүйену тәсілі дидактикалық ойындармен, яғни оқытуға арнайы арналған ойындармен шектеседі. Ересек адамдар балаларды белгілі бір ойынның ережесімен таныстырады. Содан соң олардың өз бетімен ойнауларына мүмкіндік береді. Кез келген дидактикалық ойында баланың тілін дамытатын үлкен мүмкіндіктер бар: өйткені дидактикалық ойын арқылы берілетін кез келген білімді бала сөйлеу тілінде үйренеді. Бірақ баланың сөйлеу тілін дамытуға арнайы арналған дидактикалық ойындар да бар, бұл сөйлеу түріндегі дидактикалық ойындар.

Алты-жеті жастағы балалармен жұмыс істегенде, біріншіден, күрделі синтаксистік форма берілу, екіншіден, лексиканың ауқымы кеңейтілу арқылы сөйлесу әдісі күрделілендіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет