Л. С. Выготский зиятының зақымдалуы түсінігін арнайы педагогиканың белгісіз және ең қиын түсініктерінің бірі деп атап кеткен



бет22/50
Дата15.11.2023
өлшемі252,81 Kb.
#123233
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50
Байланысты:
ЗЗБ псих иннов лекция

Еліктеу әдісі. Еліктеу әдісінде үйретуші мен үйренушімен екеуі де бір сөзді, бірақ әр түрлі етіп айтады: үйретуші ересек адамдармен сөйлескендігіден гөрі біршама қарқынырақ, сөзінің дыбысын артикулдеп және сөзінің дауыс ырғағын мәнерлеп сөйлейді, ал үйренуші тындайды да қайталайды, оның сөзіне еліктейді, сөйлеу қимылын үйренуге және мағынасын түсінуге тырысады.Мұндайда тәрбиеші үшін орфоэпиялық норма деңгейінен төмен түспеу және баланың сөзіне еліктемеу аса маңызды.

Бұл әдісті қолдануды сәби шағынан бастап,кейінгі шақтарда тек балалар бақшасында ғана емес мектепте, тіпті есейгенде де, жалғастырып отырады.

Еліктеу әдісіне үйрену тұрмыстық іс-әрекеттерді атқару кезінде, айталық, баланы шомылдыру кезіндегі баламен қатынас процесінде еріксіз түрде болуы мүмкін.

Еліктеу әдісі бұдан гөрі ересекбаларды тілге үйрету кезінде кез-келген ойын үстінде пайдалылады.

Заттар мен ойын ойнау кезінде балалар оларды бір орнынан екінші орынға ауыстырады, лақтырады, көрсетеді, итереді, шұқылап көреді, бұрайды, заттарды бақылайды және олардың сапасын, қимылын атайды. Мұнда да тәрбиеші баламен сөйлесуге, оны жетелейтін сұрақтар беруге тиіс.

Баланың құрылыс салуына көмектесе отырып, тәрбиеші құрылыстың затын, оның бөлшегін атайды, құрылыста нәтижеге жетуге қажетті өзінің әс-әрекетін атайды.

Сюжетті драмалық-рольдік, режисерлік ойын процесінде тіл дамыту үшін ерекше қолайлы жағдай көп болады.

Рольдік ойында бала ересек адамдардың өміріндегі өзі байқаған немесе әңгімелерлен білетін, есінде қалған әртүрлі жағдайларды қайталайды: мамам балаларды тамақтандырып жатыр, электр монтері немесе газ жөндеуші, немесе сантехник тұрғындардың шақыруымен үйге келді, мұғалім мектепте балаларды оқытады, косманавт айға ұшады және т.б. Бала ересек адамның қимылын да,сол қимылмен айтылатын сөзін де қайталайды.

Оқыту тәсілдері. Белгілі бір әдістің қолданылу вариантын сол әдіст құрайтын негізгі іс-әрекетке оқу дидактикалық материалдың сипатынан туындайтын қосалқы ісәрекеттің енгізлуін тәсіл деп атаймыз. Бұл әдіс әр жағдайда әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет