Оқытудың түзетуге бағытталған принципі оқыту процесінде арнайы әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып балалардың психикалық-физикалық дамуындағы кемшіліктерді түзетуге немесе басуға негізделген; оқушылар кемшіліктерінің құрылымын білуді және есепке алуды, психикасы мен тәртібінің сақталған және жағымды жақтарына сүйенуді көздейді, пропедевтикалық кезеңнің және оқытудың мазмұнын, темпін (жылдамдығын) және мерзімін жекешелендіруді қарастырады; жалпыланған оқу және еңбек іскерліктерімен оқушылардың дербестігінің дамуын қалыптастыруға бағытталған.
Оқытудың тәрбиелік және дамытушылық бағыттылығы принципіоқушыларда адамгершіліктің көріністері мен ұғымдарды, қоғамдағы тәртіптің қалыпты әдістерін және олардың жалпы психикалық және физикалық дамуға әсер етуін қалыптастыруының қажеттілігімен байланысты; ерекше жағдайларды туғызуды және оқушылар ортасының «педагогизациясын» талап етеді, оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне қатыстыру мен олардың танымдық белсенділігі мен дербестігін дамыту арқылы түзету-педагогикалық жұмысының сапасын жоғарлатуды талап етеді.
Оқытудың ғылымилық және түсініктілік принципіғылымның қазіргі жетістіктерінің, оқу пәндерінің мазмұнында шынайы болмыстың және оқытуды оқушылардың шынайы мүмкіншіліктерінің деңгейіне сай ұйымдастырудын бейнесін көздейді; білім беру мазмұнының қалыптасуы барысында, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды жасағанда, мұғалім мен тәрбиешілердің іс-әрекетінде жүзеге асырылады; салыстырмалы күрделі материалды түсінікті ететін әдістемелік жүйені қолдануды талап етеді. Оқушылардың таным қабілетінің дамуына, дүниеге көзқарасының және жоғары адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді. Оқытудағы жүйелілік және бірізділік принципіоқушыларда шашыранды мәліметтер мен ұғымдарды қалыптастыру емес, ал үйлесімді логикалық білім жүйесін, өзара байланысты фактілер мен заңдылықтарды қалыптастырудың қажеттілігіне негізделеді; оқу материалының бірізділікпен және қолайлы көлемде орналасуын, оқыту процесіндегі байланысты- жаңа материалды оқу алдында алынған білімдерге сүйеніп құрылса және кейіннен өткен материалмен байланысып өтсе, оқу материалының өтуін және алдында өткенді қайталаудың бірізділігінің жоспарлауында жүзеге асырылады.