Лекция 1 Тіл білімі туралы жалпы түсінік. Тіл білімінің ғылымдар жүйесіндегі орны, басқа ғылым салаларымен байланысы


Лекция 8  Семантика. Лексикология және лексикография



Pdf көрінісі
бет11/23
Дата08.12.2022
өлшемі1,22 Mb.
#55940
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
ТБК Лекциялар

Лекция 8 
Семантика. Лексикология және лексикография. 
Сөз тілдің басты бірліктерінің бірі болып табылады және тіл туралы 
ғылымның түрлі бөлімдерінде зерттеледі, олар: лексикология, сөзжасам, 
морфология, синтаксис. Бірақ, олардың зерттеу аспектілері әр түрлі болып 
келеді. Мысалы, сөзжасамда сөз сөзжасамдық құрылым аспектісінде, 
морфологияда сөз оның формалары тұрғысынан, ал синтаксисте сөздердің 
арасындағы қатынастар зерттеледі. 
Лексикология тілдің сөздік қорын сөздің мағынасына қарай, оның 
өзгеруі мен түрленуіне қарай зерттейді. Лексикологияға фразеология 
жалғасады, оны лексикологияға ерекше бөлім ретінде қосады. 
Лексикология жалпы, жеке, тарихи және салғастырмалы түрлерге 
бөлінеді. Жалпы лексикология лексикалық жүйенің құрылуының жалпы 
заңдылықтарымен алмасады. 
Жеке лексикология нақты тілдің сөздік қорын зерттейді. Тарихи 
лексикология жеке сөздердің немесе сөздердің бүкіл тобының мағынасындағы 
(семантикасындағы) 
өзгерістерді 
зерттейді, 
сонымен 
қатар 
болмыс 
объектілерінің атауындағы өзгерістерді зерттейді (ары қарай этимология 
туралы). Салғастырмалы лексикология объективті шындықтың әр түрлі 
тілдердің лексикалық құралдары арқылы мүшеленуіндегі ұқсастықтар мен 
ерекшеліктерді анықтайды. Жеке сөздер де, сондай-ақ, сөз топтары да 
салғастырылады.
Тілдің сөздік құрылымы семасиологиялық және ономасиологиялық 
тұрғыда қарастырылуы мүмкін. Лексикологияның лексиканың мазмұндық 
жағын зерттейтін арнайы саласы семасиология деп аталады. Бұл бөлім сөз, 
оның мағынасы және объектісі арасындағы қарым-қатынасты, көп мағыналы 
сөздің 
мағыналық 
құрылымын, 
мағынаның 
даму 
жолдарын, 
сөз 
мағыналарының типтерін қарастырады. 
Ономасиологиялық әдіс лексиканы белгілі бір ұғымдарға атау беру 
тұрғысынан зерттейді. Бұл әдіс әсіресе тіл туралы ғылымның ерекше саласы – 
сөзжасамда көрініс табады.
Сөздік қорды зерттеудің ономасиологиялық және семасиологиялық 
әдістері лексикологияны тіл ғылымының едәуір үлкен салаларына қосады. 
Семасиология семантиканың бір бөлігі болып табылады. Семантика тілдің 
барлық белгілерінің, яғни морфеманың, сөздің, сөйлемнің мазмұндық жағын 
зерттейді. Ономасиологиялық әдіс лексикология мәселелерін атау теориясы 
мәселелерінің қатарына жатқызады. Атау теориясын ономасиология саласы 
зерттейді.
Лексикологияны дәстүрлі түрде лексикография және ономастикаға 
бөледі. Ономастика – лексикологияның жеке атауларды зерттейтін саласы. 
Ономастика жеке атауларға ие объектілердің категорияларына қарай адам 
аттарын зерттейтін антропонимикаға, географиялық объектілердің атауларын 


зерттейтін топонимикаға, жануарлардың лақаптарын қарастыратын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет