Лекциялар жинағы шымкент 2022 1-лекция Мектепте сандық жүйені оқыту. Натурал сандардың бөлiнгiштiк белгiлерi



бет33/128
Дата14.09.2022
өлшемі8,29 Mb.
#39063
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   128
Байланысты:
Лекциялар жинағы -11

Әдебиеттер:
1. Рахымбек Д. Арифметика, алгебра, анализ бастамаларын оқыту әдістемесі. /Оқулық/ - Шымкент: М. Әуезов атындағы ОҚМУ баспа орталығы 2016. – 432 б
2. Елубаев С. Математиканы оқыту әдістемесі. – Алматы; Эверо, 2016
3. Мектеп оқулықтары
4. Мұғалімге арналған оқу-әдістемелік құралдар


1.Мектеп математика курсында теңдеулер мен теңсіздіктер тақырыбын оқыту реті. Теңдеу және теңсіздік ұғымдары. Мүмкін мәндер облысы. Мектепте теңдеу мен теңсiздiктi және олардың жүйелерiн ерте бастан жүйелi түрде оқыту дәстүрi қалыптасты. Бұл дәстүр қазiргi бағдарламаларда да көрiнiс тапқан:
Бастауышта алғашқы дайындық
теңдеу ұғымы, сызықтық теңдеу, екi белгiсiзi бар сызықтық теңдеулер жүйесi 6-сыныпта,
квадрат теңдеулер мен рационал теңдеулер 7,8-сыныпта,
мәндес теңдеулер 9-сыныпта
тригонометриялық теңдеулер 10-сыныпта,
дифференциалдық теңдеулер туралы ұғым, көрсеткiштiк және логарифмдiк теңдеулер 11-сыныпта оқытылады.
Орта мектепте теңдеулер мен теңсiздiктердi оқып-үйренудің әртүрлi нұсқаулары бар‚ кейде теңдеулер мен теңсiздiктердi параллель оқыту туралы ұсыныс та жасалынып жатады.
Әдiстемелiк әдебиеттерде теңдеудiң әр түрлі анықтамалары кездеседi.
Теңдеу ұғымының бұл анықтамаларын бiр-бiрiне қарсы қоюға болмайды. Ол анықтамалардың әрқайсысы теңдеулердi шешудiң теориялық және практикалық мәселелерiнде қолданылады.
Мектеп оқулықтарында қазiргi кезде теңдеудiң анықтау негiзiнде алынғанда былай тұжырымдалады: «Белгiсiзi бар теңдiктi теңдеу деп атайды. Белгiсiздiң теңдiктi дұрыс сандық теңдiкке айналдыратын мәндерi теңдеудiң түбiрi дейді. Теңдеудi шешу дегеніміз оның барлық түбiрлерiн табу».
Теңдеу ұғымына ең жақын ұғым теңбе-теңдiк. Теңбе-теңдiк айнымалының кез келген мәнiнде дұрыс болатын теңдiк деп қарастырылады. Кейiнiрек рационал бөлшектердi қарастырғанда теңбе-теңдiк ұғымы дәлiрек анықталады: айнымалының барлық мүмкiн мәндерiнде орындалатын теңдiктi теңбе-теңдiк деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет