REFERENCES
1.
Abbott G., McKeating D., Greenwood J. and Wingard P. The teaching of English as an
international language. A practical guide. – London, 1981.
2.
Azar B. Sh. Fun with grammar. – New York, 2000.
3.
Ersoz Aydan. The Internet TESL Journal, Vol. VI, No. 6, June 2000.
4.
Hubbard P., Jones H., Thornton B. and Wheeler R. A training course for TEFL. –
Oxford: Oxford University Press, 1983.
5.
Horwitz E.K., Horwitz, M.B. and Cope J.A. Foreign language classroom anxiety. The
Modern Language Journal 70 (2) – 1986.
6.
Su Kim. Creative Games for the Language. Class Forum Vol. 33 No 1, January – March,
1995.
7.
Lee, W. R. Language teaching games and contests. – Oxford: Oxford University Press.
1979.
8.
Nguyen Thi Thanh Huyen, Khuat Thi Thu Nga. Learning Vocabulary Through Games.
'Asian EFL Journal' . December 2003.
9.
Rinvolucri Mario. Grammar Games: cognitive, affective and drama activities for EFL
students. –Cambridge, 1989.
10.
Rinvolucri Mario and Paul Davis. More grammar games. – Cambridge University
Press. 1992.
ТҮЙІНДЕМЕ
Кульманова З.Б.,
магистр, оқытушы
( Алматы қ., Т. Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті)
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА БІЛІМДІК ОЙЫНДАРДЫҢ РӨЛІ
Үздіксіз даму үстіндегі оқу үрдісі заман талабына сай елеулі өзгерістерді күтуде.
Мақалада оқу үрдісінде жиі қолдануды қажет ететін білімдік ойындардың ерекшелігі
туралы айтылады. Сонымен қатар, заманауи оқу жүйесіндегі алар орны мен тиімділігі
жайында сөз қозғалады.
Түйін сөздер: ойындар, мотивация, релаксация, мағыналы контекст.
РЕЗЮМЕ
Кульманова З.Б.,
магистр, преподаватель
( г. Алматы, Казахский экономический университет им. Т. Рыскулова)
РОЛЬ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ИГР В ОБУЧЕНИИ ИНОСТРАННОМУ ЯЗЫКУ
В настоящее время учебный процесс требует постоянного совершенствования, так
как происходит смена приоритетов и социальных ценностей. В данной статье
рассматривается преимущество образовательных игр в аудитории и их преимущество в
современном учебном процессе.
Ключевые слова: игры, мотивация, релаксация, выразительный контекст.
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №3(51), 2014 г.
98
ӘОЖ 372.8:811.111
ШЕТ ТІЛІН ИННОВАЦИАЛЫ ОҚЫТУДА ЖАҺАНДАНУ ЗАМАНЫНЫҢ
КӨПТІЛДІ БОЛАШАҚ ЖАС МАМАН ИЕЛЕРІН ЛИНГВО-МӘДЕНИ БАҒЫТТА
ДАЯРЛАУ
Г.А. Койтасова,
аға оқытушы, магистр
(Алматы қ., Шет тілдер және іскерлік
карьера университеті)
Аңдатпа: Мақалада қазіргі кездегі актуальды мәселелердің бірі еліміздегі
көптілділік, халқымыздың алдына қойылып отырған мақсат – тілдің үш тұғырлығын
сақтау, қазіргі жаһандану заманы талап етіп отырған ортақ тілдің керектігі және
мемлекетіміздің алдыңғы қатарлы елдердің қатарында болуына септігін тигізетін
мәселелердің бірі бәсекеге қабілетті бірнеше тілдерді меңгерген маман иелерін даярлап
шығару туралы айтылған.
Түйін сөздер: тіл, қостілді, көптілді, билингвизм, мультилингвизм, шет тілі, тұлға,
құбылыс, жаһандану, тіл өкілі, байланыс құралы, аспект, полиглот, қарым-қатынас, тілдік
табиғи орта, тіл меңгеру, лингво-мәдени, бәсекеге қабілетті, заманауи технология.
Қостілді немесе көптілді жағдай ұлтаралық қарым-қатынас арқылы туындайтын
құбылыс. Зерттеулер бойынша әлемде қостілділер немесе көптілділер бір тілділерден
көбірек екен. Бірнеше тілді меңгеру бұл қазіргі кездегі Еуропа мен Азияның көптеген
елдерінде мемлекеттік білім беру саясаты болып отыр. АҚШ-та ғана бір тілді білім
саясатының бастапқы талабы ресми тіл – ағылшын тілін меңгеру. Тіл үйренуде Еуропа
елдерінде көздеп отырған мақсат, сол елдердегі мектептерде әрбір оқушы үш тілде жетік
болуы керек: ана тілі, Одақтағы қолданылатын үш тілдің біреуі (ағылшын, неміс, француз)
және Еуроодақтағы сол тұрып жатқан елдің мемлекеттік тілі. Еуропа елдерінің мектептегі
тәжірибесі екі тілді (билингвальді) мектептер моделін ұстанады және үшінші тіл оларда
екінші оқу жылынан басталып оқытылады.
Билингвизм немесе қостілділік (латын сөзінен шыққан екі тілді деген) – дағды, бір
әлеуметтік ортада тұлғаның немесе бірнеше адамдардың тұтас немесе жартылай екі тілді
жазбаша немесе ауызша қолданып, қарым-қатынас үдерісін іздеу жолы.
Полилингвизм немесе мультилингвизм (латын сөзінен шыққан көптілділік деген) бір
әлеуметтік ортада бірнеше тілде сөйлеп, қарым-қатынас жасау. Көпұлтты топта немесе
ортада қостілділік, көптілділік – бұл ажырамас әлеуметтік құбылыс. Екінші, үшінші
тілдерге деген сұраныс барлық жерде кездеседі, әртүрлі ұлттар шоғырланған аймақтағы
қарым-қатынас жасау жағдайында болады, яғни тікелей адами қарым-қатынасқа деген
практикалық қажеттілік.
Тілдің байланыс ретінде көрінуі, таралуы, әрекет етуі адам өміріндегі әлеуметтік-
тарихи жағдайлардың себептерінен әрекет етеді және ең бастылары мыналар:
-
әр тілде сөйлейтін адамдардың арасындағы экономиканың қарқын дамуы, саяси,
ғылыми, мәдени, тұрмыстық қарым-қатынастардың дамуы;
-
бір елдің басқа бір елмен территориалды көршілес болуы немесе сол елді мекенде
бірге тұруы, бірге тұрмыс, шаруашылықты жүргізуі;
-
адамдар өміріндегі әрбір тілдің қарым-қатынастағы әлеуметтік функциясы мен оның
мүмкіншіліктері.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №3 (51), 2014 ж.
99
Мультилингвизм немесе көптілділік ежелден келе жатқан дүние. Ағарту дәуірінде де
бұл құбылыс кең тараған. Лингводидактикалық таным бойынша сауатты адам бірнеше тілді
білуі керек болған. Мысалы:
-
ана тілі жеке өміріне керек болған;
-
көршілес жатқан елдердің тілдері сол елдермен қарым-қатынас жасау үшін керек;
-
латын тілі ғылыми мағынада жазылған кітаптарды оқып түсіну үшін керек;
-
араб, грек тілдері дәрігерлер мен философтарға;
-
иврит, араб тілдері діни қолжазбаларды түсініп оқуға керек болған.
Сол бірнеше тілді немесе кем дегенде екі тілді меңгеру, қазіргі жиырма бірінші ғасыр –
жаһандану заманында бізден талап етіп отыр.
Тілді үйрену мәселесі әртүрлі жағдайларға, шарттарға байланысты. Қандай
жағдайда, қай жастан бастап және не мақсатпен тіл оқып үйрену.
Тіл мамандары тілді жетік меңгерудің бірнеше түрін анықтайды:
-
монолингвизм – біртілділік, яғни алдымен ана тілін меңгеру;
-
билингвизм – қостілділік, тілдің бастапқы даму кезеңінен бастап, екі тілде сөйлеу;
-
мультилингвизм – көптілділік, бірнеше тілде сөйлеу;
-
екінші тілде сөйлеу өзінің ана тілімен қоса – бұл меңгеру үдерісі ана тілінің толық
немесе жартылай дамығанынан кейін басталады;
-
шет ел тілдерін меңгеру дағдылары – әртүрлі үйрену жағдайларында, үйреніп
жатқан тілдің табиғи ортасында немесе тысқары болады.
Қазақстан – көпұлтты ел. Әр ұлт өз тілінде еркін сөйлей алады және шектеу жоқ. Әр
ұлттың өз тарихы, мәдениеті, әдет-ғұрыптары бар. Қазақстанда және көршілес көптеген
елдерде көп жылдар бойы қостілділік (билингвизм) болды, сол екітілділік әлі де болып
жатыр. Өйткені, Қазақстанда да, көршілес жатқан елдерде ұлтаралық ресми тіл – орыс тілі
болды, әлі де болуда. Қостілділік бала кезеңнен пайда болуы мүмкін. Бала үш-төрт жасқа
келіп, тілі шыға бастағаннан басталады. Екітілділік ересек өсіп жетілгеннен кейін де
болуы мүмкін. Екінші тілді байланыс құралы ретінде үйренеді. Елімізде ұлттық,
мемлекеттік, ресми тіл – қазақ тілі, орыс тілі – ұлтаралық тіл, ал ағылшын тілі – шет тілі
болып есептелінеді. Қазіргі кезде елімізде көптілділік, үштілділік – қазақ-орыс-ағылшын
тілдері бағыт алып отыр.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында тіл мәселесіне қатысты Қазақ тілі және
тілдердің үш тұғырлығы қағидасын тағы атап өткен. Бәсекеге қабілетті отыз елдің
қатарына ену үшін еліміздегі халықтар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру керек
[1].
Жоғарыда айтылғандай Қазақстанда қостілділік көп жылдардан бері қалыптасып
келе жатқандықтан, билингвизм біздің ата-аналарымызға, бізге, біздің алдымыздағы және
кейінгі ұрпаққа да үйреншікті мәселе, ол қазақ тілі мен орыс тілі. Өйткені, өмір сүріп
жатқан орта осы тілдерде сөйлейді. Ал ағылшын тілі – шет тілі пәні ретінде мектептерде,
жоғары оқу орындарында оқытылып келеді. Біздің кезімізде 5-6 сыныптан бастап
оқытылатын. Қазіргі кезде ағылшын тілі қалалық жерлерде, арнайы тіл мектептерінде
бірінші сыныптан оқытылады. Қосымша француз, неміс, араб, қытай т.б. тілдер өтіледі.
Жаңа тілді, яғни шет ел тілін меңгеру әртүрлі жағдайда болады. Сол елдің тілін
үйреніп жатқан елде немесе тілін үйреніп жатқан елде емес, яғни тілдік ортада емес. Екі
жағдайда да тек тілді үйреніп меңгеру керек. Сондықтан да, шет ел тілін үйрену, тілін
үйреніп жатқан елде немесе ортада болмаған жағдайда немесе мүмкіншілік болмаса, онда
тіл үйренуге екі таңдау қалады:
-
сол тілде сөйлейтін тіл өкілімен, яғни табиғи тілмен қарым-қатынас сабақ кезінде
немесе сабақтан тыс уақытта қолдануға мүмкіншілік береді;
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №3(51), 2014 г.
100
-
сол тіл өкілі емес, бірақ сол тілді меңгерген жергілікті кәсіби мұғалімдермен.
Тілдік ортада шет тілді жетік меңгеру үшін мыналар керек: тілді қарым-қатынас ретінде
қолдануға ынта керек; адамның шет тілінде сөйлеп үйрену қабілеті; басқа елдің тіліне,
мәдениетіне тікелей қатысты болуы.
Көптілділік – зерттеу объектісі ретінде лингвистикалық, әлеуметтік, педагогикалық,
психологиялық аспектілерді қамтиды.
Лингвистикалық аспект көптілділіктің тілдік құрылым элементтерін талдайды:
олардың ара қатынасын, өзара ықпалы, әсері, тілдік жүйенің барлық деңгейде өзара енуін;
байланыста әр тілдің дифференттік белгілерін анықтау; дыбыс құрамындағы жалпы және
спецификалық ұқсас, ұқсас емес моменттерді орнықтыру; ана тілінің интерференциясын
шет тілді оқығанда пайда болуын зерттейді, себептерін анықтайды, яғни лингвистикалық
түсініктеме беріледі.
Әлеуметтік аспекті қостілді елдің қолданған әрбір тілдерінің жалпы функцияларын
анықтайды. Осы функция шеңберіне тіл, ұлтаралық, халықаралық қатынас, тіл үйрену
ретінде іс қағаздары тілі, бұқаралық ақпарат тілі, ғылыми, оқулық, көркем әдебиет,
отбасы-тұрмыстық тілдерін қолдану саласын зерттейді.
Психологиялық аспект қостілділік, көптілділік ана тілінің интеллектуалды дамуына
әсерін, тіл мен ой бірлігінде көптілділік қалай көрінеді және шет тілінде ойлауына қалай
әсер етеді, ана тіліндегі транспозиция механизмі мен интерференцияның екінші шет
тілінде көрінуі, екі тілдің функциясы ерте және ересек жастағы екітілділік механизмі
қалай екенін зерттейді.
Педагогикалық аспект екітілділіктің әдіснамалық мәселелерін қарастырады.
Мысалы, біздің елімізде ұлттық, яғни қазақ-орыс қостілділігіне, ұлттық-орыс-ағылшын
көптілділігіне қатысты мәселелер, сұрақтар қарастырылады. Қай кезде шет тілін үйрену
өнімді және нәтижелі. Сол шет тілінде сөйлейтін ортаның болмаған жағдайында шет тілін
қай жастан бастап оқытып үйрету нысаналы түрде ұғымды екенін зерттейді. Қай кезден
бастап шет тілін ана тілімен бірге қоса немесе ана тілін меңгеріп барып (ұлттық
мектептерде) шет тілін оқып үйренуде қандай тиімді жолдарын және ұлттық-орыс
екітілділік пен ұлттық-орыс-ағылшын көптілділікті қолдану үлгілерін қарастырады.
Қазіргі кездегі билингвальді, мультилингвальді білімінің мәселелерін шешу – бұл
бірінші тілмен екінші тілдің табиғи өзара әрекетін сезіну, ұғу. Жаңа тілді оқып үйренуде
жеке тұлғаның психологиялық жағынан да өзгеруі қажет болады.
Көптеген зерттеулер бойынша шет тілін оқып үйренудегі мәселелерді талқылауда
көпшілік меңгеріп, үйреніп жатқан тіл ана тіліне «сүйенеді» деп есептейді. Егер ана тілін
ұғу ана тілінде ойлау арқылы құрылса, «негізгі функционалды тілде» индивидттің
алдымен тілдік ұғымында қайта кодтау жүреді, сосын ретімен ана тіліндегідей толық
түсініктер алаңы мен кодтар бейнеленеді [3]. Шет тілінің құрылуы бейнеленілген
функциялық тілдік ұғым жағдайында болады. Шет тілді меңгерудегі жетістіктерді
анықтайтын дәлелдемелердің бірі ана тілінің немесе бірінші тілдің оң және кері әсері.
Функциялық әрекеті мен құрылымындағы үрдісте екінші тілде бірінші тілге әсер етеді,
бірінші тілді байыта түседі. Шет ел тілін оқып үйренуде, салыстыруда, тілдік құралдарды
өзара қоюда, адам өзінің бірінші тілдегі танымын тереңдете түседі және тілдің жаңа
потенциалды мүмкіншіліктерін ашады. Осылай екінші тіл бірінші тілге әсерін тигізіп,
индивидтің сана-сезіміндегі әлем картасын өзгертіп, басқаша да көріністерін бейнелейді.
Жаңа тіл әсерінің үрдісі анағұрлым кең және терең. Тек тілдік таным өзгеріп қоймай,
индивидте психологиялық өзгеріс те болып, лингво-мәдени жеке тұлғаның келбеті
бейнеленеді.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №3 (51), 2014 ж.
101
Шет тілін меңгерген тұлға, индивид – бұл адамның жалпы мүмкіншіліктері.
Мәдениаралық деңгейде шет тілінде қарым-қатынас жасай алуы, яғни оның басқа
елдердің өкілдерімен барабар өзара әрекеті. Бұдан шығатыны, шет тілі – бұл құрал. Жеке
тұлғаны өзгертетін, әсерін тигізетін лингвомәдени құрал. Оның өмірге деген көзқарасын,
өмір құндылығын, оның мінезі мен тұла бойындағы қадамдары мен іс-әрекеттерін
анықтайды. Тек осындай жеке тұлға ғана, басқа мәдени ел өкілдерін түсіне алатын, жалпы
адамзат мәселелерін нәтижелі шешуге әрекет ете алады. Мәдениаралық құзыреттілікті
бейнелей отыра, көптілді индивид елдер арасында бейбітшілік пен өзара түсіністікті
орнатуға септігін тигізе алады.
Жоғарыда атап айтқандай, екінші тілді меңгеру индивидтің тіл танымының
құрылымына өзгеріс ендіреді. Шет тілін меңгеру үрдісінде алдымен негізгі
грамматикалық үлгілер, сосын күрделі конструкциялар, кең және сапалы сөздік қоры,
стилистикаға бейімдеу бейнесі басталады. Көпмағыналы сөздердің астарлы мағыналары
мен олардың басқа сөздермен тіркесуі, сонымен қатар фразеологизмдердің мағыналарын
анықтайды.
Қостілділік пен көптілділікке жалпы мінездеме берілді. Бәрімізге белгілі қазіргі шет
тілдердің ішінде ең алдыңғы қатарында ағылшын тілі тұр. Ағылшын тілі – халықаралық
тіл, көптеген елдерде осы тілде сөйлейді. Ағылшын тілі – бұл қарым-қатынас, жаңа
технология және жаһандану тілі.
Жаһандану – бүкіл әлемге өзгеріс беріп, білімге де терең әсерін тигізіп отырған XXI
ғасырдың шындығы. Қазақстан Республикасының Болон процесіне мүше болып кіруі, 47
ел ұлтаралық бірлесіп іс атқару міндеті жарқын мысал. Қазақстанның бірегейлік
Еуропалық зонада жоғарғы білім құруы. Ең басты көздеген мақсат – еліміздің
халықаралық білім кеңістігіне кіру – барабар жоғарғы білімді әлемдік стандартқа
сәйкестіру. Мамандарды дайындау да білім сапасын жақсарту, жоғары оқу орындарының
артықшылықтарын көрсетеді. Отандық маман иелерін қабылдау, академиялық деңгейдің
жақсаруы, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының дипломдары еуроаймақта
айырбасталуы және де жоғары оқу орындарының түлектері сол елдерде жұмысқа
орналасуға құқылы болуы. Оқытушылар мен білім алушылардың академиялы мобильді
болуы. Елбасымыздың халыққа «Жаңа бағыт – Жаңа экономикалық жетістік –
Қазақстанның жаңа мүмкіншіліктері» атты Жолдауында атап айтқандай, еліміздегі
жоғары білімнің сапасын жақсарту, қазақстандық жоғарғы оқу орындарын әлемдегі
университеттердің алдыңғы қатарларына жеткізу [2]. Оқыту әдістемелерін жаңа заман
талабына сай сәйкестіру. Қазақстанның әлемдегі экономикалық және мәдени саласына
интеграциясы, халықаралық қатынастардың кеңеюі, араласуы тілдік қазіргі еңбек
нарығында жас маман иелеріне қойылатын талаптардың бірі – шет тілін білу. Қазіргі
технология дамыған әлемде, біз жоғары білімді, жаңа технологияларды қолдана алатын,
бірнеше шет тілдерінде сөйлей алатын, әсіресе ағылшын тілінде еркін сөйлей алатын жас
маман иелерін дайындау қажет. Тек осындай талапқа сай маман иелері ғана еңбек
рыногында сұранысқа ие болады. Ағылшын тілі – керек тіл. Әлемдегі басты тілдердің
ішінде бірінші болып тұр. Көптеген елдер де осы тілде сөйлейді. Көптеген елдерде қазіргі
кезде бұл тілді меңгеруге үлкен қызығушылық танытуда. Қазіргі жаһандану нарығында
да ағылшын тілін жетік білетін жоғары білімді жас мамандар сұраныста. Жаһандану
заманында жаңа заманауи маман иесі тек өз саласын ғана жетік біліп қоймай, әлемнің
мәдени келбетін білуі маңызды, яғни халықтар арасындағы мәдени айырмашылықты
қабылдап танып білу, тіл арқылы әлем мәдениетінің келбетін тану. Тілдің мәдени
ендірілген ұғымымен танысу, мәдени және этникалық бірегейлік пен қарым-қатынас
екенін тіл – (ана тілі, шет тілі немесе басқа бір халықаралық тіл болсын) тұлғааралық және
мәдениаралық қарым-қатынастағы жаһандану әлемін түсінудің негізі болып отыр.
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №3(51), 2014 г.
102
Жоғары оқу орындарында білім алушыларға шет тілін оқытуда лингвомәдени
аспектіде инновациалы технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, жеке тұлғаны
бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық
деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатады.
Қорытындылай айтқанда, қостілділік пен көптілділік Қазақстанда актуальды
мәселелердің бірі болып отыр. Біздің «Шет тілдер және іскерлік карьера университеті»
осы өзекті мәселеге көп көңіл бөлуде. Шет тілдер кафедрасы «Лингвомәдени аспектіде
шет тілін инновациалы оқытуда Қазақстандағы және түркітілдес елдердегі болашақ маман
иелерін даярлау» атты жобада жұмыс атқарып келеді. Біздегі түлектер кем дегенде үш
тілде жетік болып шығады: ағылшын, араб, қытай, түрік, неміс, француз және басқа
тілдер, яғни осы тілдерде сөйлей, жаза, оқи алатын қабілеттерін иемденіп шығады.
Сонымен қатар біздің университетіміздің мамандықтарына қарай, әр факультеттегі білім
алушылар қосымша түрік тілін оқиды. Бұл ерекшелік біздің білім ордамыздағы
түлектеріміздің құндылықтарын арттырады. Болашақ жас мамандарды даярлауда тек өз
саласын оқытып қоймай, шет тілдерін меңгертіп, лингвомәдени құзыреттілік саласында
жаһандану кезеңінде өте керек болып отырған полиглоттарды даярлауға атсалысуда.
Біздің еліміздегі экономикамыздың әрбір секторын, әрбір саласын осындай білікті,
бірнеше шет тілдерін білетін маман иелерінсіз елестету қиын. Бір тілді (монолингвизм)
бағыт етіп алған елдер де бар. Ал Қазақстан мемлекеті үшін, елімізде тұрып жатқан
халықтар үшін арнайы тарихи миссия алға қойылып отыр, ол – кем дегенде үш тілде
сөйлей алу, тілдің үш тұғырлығын сақтау. Дамыған елдер арасына кіреміз десек,
болашақта алдыңғы елдер қатарында боламыз десек, артқа жол жоқ, шет ел тілдерін
меңгеру керек, мәдениетімен танысу керек, рухани құндылықтарын танып, тек позитивті
жақтарын алып, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған жас буынды тәрбиелеп шығару
керек.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы». – Астана, 2012.
2.
Назарбаев Н.Ә. «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өсу – Жаңа
мүмкіншіліктер». – Астана, 2010.
3.
Михайлов С. Принципы и проблемы двуязычия. – Чебоксары, 1969.
4.
Халықаралық тәжірибелік конференцияның материалдары. Жоғары оқу
орындарының мәселелері: жетістіктері мен перспективалары. Академик T. Tәжібаевтың
100 жылдығына. – Aлматы, 10 маусым, 1том, 2010.
РЕЗЮМЕ
Койтасова Г.А.,
старший преподаватель, магистр
(г. Алматы,Университет Иностранных языков и деловой карьеры)
Актуальность подготовки будущих многоязычных индивидов в инновационном
обучении иностранным языкам в эпоху глобализаций
В этой статье
говорится о
б актуальности явлении двуязычия и многоязычия в нашей
стране. Лингвокультурологических аспектах обучения иностранного языка отмечается
положительное влияние изучения иностранных языков на личность, также пишется о
важности и необходимости воспитания и подготовки многоязычного индивида XXI века в
эпоху глобализаций.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №3 (51), 2014 ж.
103
Ключевые слова: язык, двуязычие, многоязычие, билингвизм, мультилингвизм,
иностранный язык, индивид, явление, глобализация, языконоситель, средство общения,
аспект, полиглот, межкультурная коммуникация, языковая среда, изучение языка,
лингвокультурология, конкурентноспособный, современная технология.
Достарыңызбен бөлісу: |