Кілт сөздер: дене шынықтыру, дене тәрбиесі, волейбол, гимнастика, доп беру.
Дене тәрбиесі сабақтарында I-II курстарда волейбол ойынына үйретудің
техникалық тэсілдері мен тактикалық қозгалыстарын тереңдетіп оқыту
қарастырылган. Волейболды үйренуге берілген сабақтарды үзартылуы, жалпы
білім беру мектептерінде үйренген ойынның негізгі техникалық тэсілдерін
жетілдіруге мүмкіндік береді. Одан бөлек, волейболга үйрету барысында
студенттер жогарыдан доп берудің түрлерін жан-жақты меңгеруі қажет.
Спорттық ойын негізінен - дене шынықтыруды дамыту қүралы болып
табылады.
Сонымен қатар спорттық ойын материал дары студенттердің
психикалық процестерінің де дамуына (қабылдау, есте сақтау, аңғарымпаздық,
жылдамдық, терең ой, қиял жэне т.б.) көпжақты эсер етеді.
Ойын материалы студенттердің қызығушылығы мен ішкі сезімін
дамытудың жақсы қүралы жэне мүмкіндіктерінің дамыту эсері болып табылады.
Бүл түргыдан алғанда ойын материалын оқыту өздігінен спорттық ойындармен
айналысуына да эсер етеді.
Енді волейбол ойынындағы доп беру техникасы туралы айтар болсақ. Доп
беру - бүл допты ойынға енгізу тэсілі. Қазіргі заманғы волейбол ойынында доп
беру тэсілі, ойынның басталуында ғана қолданылатын тэсіл емес, сонымен қатар
шабуыл амалы болып табылады. Доп берудің - төменнен тіке, төменнен жанға,
жоғарыдан тіке, жоғарыдан жанға беру түрлері бар.
Доп берудің барлық эдістерін үйрету қүрлымы бірдей болғанымен, оны
үйренуде реттілікті сақтаудың маңызы өте зор, яғни: төменнен тіке, айналу
арқылы жоғарыдан тіке (күшке) жэне айналмай жоғарыдан тіке (жоспарлы),
жоғарыдан жанға айналу арқылы (күшке) жэне айналмай жоғарыдан жанға
(жоспарлы), секіру арқылы доп беру.
Доп
беруді
командамен
орындаудың
тиімділігі
көп
жағдайда,
үйренушілердің қызығушылығы мен мүмкіншілігін арттыратын доп берудің
түрлі тэсілдері пайдасы зор екенін корсетеді. Жалпыдамыту, дайындық,
жетілдіруші жэне техника бойынша жаттығу түрлері бар.
Жалпыдамыту жаттығулары:
1. Негізгі қалыптан бір қалды тіке жоғары көтеріп үстап, екінші қол
төменде, қолды алма-кезек алға, артқа серпу.
2. Қолды шеңбер жасап алға,артқа айналдыру.Осы жатгығуды тік түрып
жэне сэл алға еңкейіп қайталау.
3. Резеңкелі
амортизатормен
жүмыс. Амортизатор ды
гимнастика
баспалдағының
төмеңгі
сатысынан
өткізіп,қолды
тік
үстап,кері
қарай
бүрылу.Қолды тік үстап,алға-жоғары көтеру.Осы жаттығуды басымыздың
деңгейіндегі сатыдан өткізу арқылы қайталау.
4. Қимылды «Атысу» ойыны.Алаңда 6-10 адамнан түратын командалар
орналасады.Әр командада бір-екі боскетбол немесе футбол добы болуы
тиіс.Тапсырма: доп лақтырудың кез-келген амалын (мүмкіндігінше бір қолмен
төменнен немесе бастан асырып лақтырып) қолданып қарсылас командаға
тордан асыра доп лақтыру.Алаңына бірде-бір доп түсірмеген команда жеңіске
жетеді.
Дайындық жаттығулары:
1. Салмағы 1кг допты бір қолмен төменнен, жоғарыдан, жоғарыдан
жанға, алга-жогары лақтыру. Қозгалыста қолдан тіке болуына аса мэн берілу
керек. Лақтыруды орындау кезінде белгілі бір шектеуден аспаудың маңызы зор,
ягни: төменнен лақтырганда қолдың иықтан аспауын жэне жогарыдан
лақтырганда қолдың иықтан томен түспеуін сақтау қажет.
2. Допты қалыпты жагдайда эртүрлі эрекет арқылы беруді бір қолмен
орындау.
3. Дэлдікті қадагалай отырып, допты тордан асыра лақтыру (тордың
төменгі жағы бекітілмеген ). Оқытушы доп лақтыру эдісін жэне алаң аймағын
анықтайды. Сонымен қатар доп лақтыру техникасы анықталады: шектеу
амплитудасын сақтай отырып, қолды сермеп лақтыру немесе сермемей лақтыру
(серпіліспен).
Жетілдіруші жаттығулар:
1. Доп беру имитациясы. Дененің жэне қолдың қозғалыс байланысын
қадағалау.
2. Допты лақтыруды үйрету. Ескеретін жай, доп лақтыру биіктігі
үйренушілердің
жылдамдығы
мен
күш
мүмкіндігін
дамыту
деңгейіне
байланысты болады. Допты биікке лақтыру, доп беруді дәлдікпен жүзеге асыруға
жэне соққының доптың дэл ортасына тиюіне кері эсер етсе, өз кезегінде бүл
жағдай доптың айналмай үшуына да кері эсерін тигізеді.
3. ¥статқышқа бекітілген немесе аспалы допты соғу. Қолдың тік болуы
қадағаланады. Соққы алақанмен жүзеге асырылуы тиіс.
4. Доп беруді қашықтығы 6-7 м қабырғаға орындау.
5. Доп беруді серіктеспен В-9 м қашықтықтан орындау.
6. Арақашықтықты барынша қысқартып, доп беруді тордан асыра
орындау. Серіктесің допты төменнен қос қолдап қағып алуы керек.
Техника бойынша жаттығулар:
1. Доп беруді сызық сыртынан орындау. Үйренудің бүл кезеңінде, доп
беруді орындауда аса салмақ салынбауын қадағалау қажет.
2. Доп беруде доптың үшу бағытын өзгерту: алаңның оң жақ жэне сол
жақ бөлігіне.
3. Доптың үшу траекториясын өзгертетін доп беру.
4. Доптың үшу арақашықтығын өзгертетін доп беру: қысқартылған - алаң
аймағына шабуылдау жэне үзартылған - алаң аймағын қорғау.
5. Алаң аймағына доп беруді дэлдікпен орындау. Алаің аймағы бормен
сызылып белгіленеді. Доп соғатын қолдың сермеу бағыты көп жағдайда дэлдікке
эсер ететінін есте сақтау керек, яғни: допты төменнен беруде - қолды тек артта,
жоғарыдан (тіке) беруде - шынтақ доптың үшу бағытымен бағыттас, жоғарыдан
(жанға) беруде - бастан жоғары болуы қажет.
6. Доптың алаңға көп түсуіне жарыс үйымдастыру. Осыны дэлдікті
сақтап отырып орындау.
7. Доп беруді күшпен орындау. Бүл кезеңде үйренушілер доп беру
техникасын жақсылап үйренуі тиіс. Соққы күші оптималды, бірақ техникалық
үлкен қателіктерге үрындырмауы қажет. Доп беруді секіріп жүзеге асыру.
Доптың алаңға көп түсуіне секіріп, күш салып доп беру.
8. Дайындық
жаттығуларынан
кейін
доп
беру.
Бүл
жаттығуда
үйренушілерді екі топқа бөлудің маңызы зор.
Бірінші топ дайындық
жаттығуларымен айналысса, екіншісі доп беруді орындайды. 10 мин өткен соң
үйренушілер ауысады.
9. Басқа да ойын тэсілдерін орындап болған соң, доп беруді орындау:
шабуылдаушы соққыға кері соққы қайтару. Доп беруді күшпен жэне секіру
арқылы жүзеге асырудан жарысу. Сол эдіс сақталады.
10. Басқа да ойын тэсілдерін дэлдікке орындаумен жарысу.
11. Доп беру мен доп беруді қабылдаудың тиімділігіне жарысу. Оны
анықтау үшін балдық жүйе қолданылады: егерде доп торга тисе - доп берушіге
бір, доп қабылдаушыга екі бал, ойып алаңнан асып кетсе - доп берушіге екі ,
қабылдаушыга бір бал, ал егер доп беру кезінде де, қабылдау кезінде де
кателіктер кетсе - нөл қойылады. Доп қабылдаушы допты алганнан кейін доп
берушіге айналады. Барлық үйренушілер доп қабылдаушы кейіпінде болганнан
кейін, ойын қортындысы шыгарылады.
12. Доп осы жарысты енді басқа да ойын тэсілдерінен кейін орындау.
Мысалы, доп берер алдында үйренушілер тосқауыл имитациясын қолдана
отырып 3 рет секіреді.
13. Доп беруді жэне доп беруді қабылдауды, кері соққыны жэне тор дан
асыра соққы беруді қолдана отырып, 3x3 дайындық ойынын жүргізу. Ойын
алаңы 2-3 бөлікке тігінен бөлінеді. Қортынды есеп волейбол ойынындағыдай
жүргізіледі.
Шабуылдаушы соққы техникасын шыңдау:
Әр түрлі эдістемелік оқулықтарда шабуылдаушы немесе шабуылшы
соққылар үғымының еш айырмашылығы жоқ. Бірақ бүл екеу бір дегенді
білдірмейді. Қарсылас жаққа доптың ауысуынан кейінгі барлық іс-эрекет
шабуылшыға жатады.Ал шабуылшы іс-эрекет дегеніміз- тор шетінен жоғары
асатын іс-эрекет. Осыдан шығатыны, мысалы, доп беру шабуылшы эрекетке
жатқанымен, шабуылдаушы эрекетке жатпайды. Бүл бір қарағанда маңызы аз
жэйіт болып, көрінгенімен, волейболды үйренудің алғашқы сатысында
үйренушілердің эр іс-эрекетін саралауда маңызы зор. Мэселен эр аяқтаушы іс-
эрекет белгілі бір қауіп экелуі тиіс, ягни шабуылшы іс-эрекет. Ал тордан жоғары
орындалған іс-эрекетті айтар болсақ, ол аса қауіпті болуы керек, бүл
үйренушілерге қозғалыс қабілеттілігін, моральдік төзімділігін, жігерлілігік
қасиеттерін дамытуға мүмкіншілік береді.
Оқыту эдістемелерінде шабуылдаушы соққылар тэсілін үйретуде аса үлкен
айырмашылық жоқ, оны үйрету ретпен жүзеге асады: жүгіру барысындағы
шабуылдаушы соққы, ауыспалы шабуылдаушы соққы, бүйірден шабуылдау.
Тіке шабуылдаушы соққыны орындауда,үйренушілердің арнайы қозғалыс
қабілеттілігін дамытуына жоғары талап қойылады,эсіресе даму деңгейінің жан-
жақты ептілігіне аса мэн береді. Бүл ретте үйрету екі негізгі бағытта қүрылады:
жылдамдық пен күштілік қасиеттерін дамыту (секіру қабілеттілігі
жэне
динамикалық күші) жэне жан-жақты ептілігі. Шабуылдаушы соққының
техникасын үйрену аяқтаушы іс-эрекеттен басталады (соңғы күш-жігер)-қолды
сермеу жэне түрған қалпында допқа соққы жасау жэне бір орнында екі аяқпен
серпіліп жоғары секіру жэне жүгіру. Кейіннен соққы жасау шарты қиындай
түседі: орыңнан тіреусіз қалыпта (секіру кезінде) жэне бір,екі немесе үш адым
қозғалғаннан кейін, эр түрлі биіктікте жэне қашықтықта доп қайтару,тосқауыл
қоюшылар қарсылысқанда.
Жалпыдамытушы жаттығулар:
Шабуылдаушы соққы орындау атлетикалық дайындықты ,күштің жақсы
дамуын, жылдамдық қасиеттерін, икемділік пен ептілікті қажет етеді. Бүл
тапсырма көбіне дене шынықтыру сабағында шешіледі. Жалпыдамытушы
жаттығулар спорттық секцияларда үлкен көлеммен жэне үлкен күшпен
орындалуы қадағаланады.
Осы жаттығу категориясының негізгі бағыты: қозғалыс мүшелерін
қатайту,оның ішінде тобық,тізе буындары, иық, қол буындары, қолдың күшін
дамыту, аяқ,үршық, бүлшық ет жылдамдылығын қысқарту,икемділікті дамыту.
Жалпыдамытушы жаттығуларды еш бір зат қолданусыз, доп арқылы,
гимнастикалық саты мен резеңкелі амортизатор арқылы, ауыр снаряд арқылы
жэне т.б. жасауға болады.
Дайындық жаттығулары:
Үйренушілерді шабуылдаушы соққы жасауға дауындау екі жағдайдың
шешілуі көзделеді: біріншіден, қозғалыс мүшелерін қатайту жэне қол аяқтың
динамикалық күшін дамыту, екіншіден, эрекетті еске ала отырып, тірексіз
қалыптағы( секіру кезіндегі) қозғалыстың координациялық қүрлымын тэрбиелеу.
Бүл кезеңде серпілістің ерекше тэсілі анықталады, Секіру жаттығуларын
орындау кезінде, үйренушілердің жүіруден кейін аяқпен серпіле секіруге тез
тоқтаусыз ауысуын қадағалан жөн.
1.Бір-екі қадам жүгіре келе, тоқтаусыз екі аяқтап серпіле секіріп,аспалы
затты бір қолмен алу.
2.Гимнастикалық орындықтан ирелеңдеп секіру. Қолдың артқа-алға-
жоғарыға қарқынды қозғалысына назар аударылады.
3.Секіртпе тумбаға бірнеше рет қайталап секіру. Тумба биіктігі 40-50 см.
4.Секіру қабілетін дамытушы жаттығулар: отырып түрғанда жоғары
секіру, бір орыннан екі аяқпен серпіле үзындыққа бірнеше рет қайталап секіру,
ауырлықты(доп,гантель,штанга,дене салмагының 1\3 дейінгі ауыр заттарды)
пайдаланып жоғары секіру штангамен отырып,түру жаттығуы(салмағы дене
салмағынан 70% ) жэне т.б.
5.Секіртпе биіктігі 40-50 см. тумбадан секіру.
6.Допты қос қолдап бастан асырып секіріп лақтыру, тордан тыс жэне
тордан асырып орындау. Қалыпты жағдайда допты кеуде түсында үстап түру.
Секіру кезінде, қолдың қолдың қарқынды қозғалысымен доп бастың артына
апарылады, омыртқаның кеуде бөлігі мен белі майысады. Дененің қарқынды
майысуы жэне қолды алдыға қозгалту арқылы жасатын доп лақтыру. Лақтырудан
кейін қол иықтан томен түспейді. Осына 1-2 қадам жүгіре отырып орындау.
Жүгіріп келіп тоқтамастан секіруге үласуына қол жеткізу. Осы, бірақ соққы бір
қолмен орындалады. Қалыпты жагдайда доп кеуде түсында сол қолмен үсталады.
Оң аяқтың үшымен түрып, доп жогары көтеріп, оң қолымызга аламыз.
Қолымызды тік үстап, кішкене серпінмен лақтырамыз.
7.Жүгіріп келіп бірден секіру кезінде, тордан тыс жэне тордан асырып,
жердегі нысанага теннистік (резеңке) допты лақтыру. Жүгіру қашықтыгы 1-2
қадам. Нысана қызметі гимнастикалық мат немесе жерге сызылган белгі
атқарады, арақашықтық 8-10 м болу керек. Бүл жаттыгу толыгымен қозгалыс
координациясын бақылауга мүмкіндік береді. Сондықтан мүнда: қолдың
қарқынды жүмысының да, аяқтың үшымен жүрудіңде, қолды тіктеп үстап
лақтырудың да магызы жогары.
8.Шабуылдаушы
соққыны
орындау
шарттарын
барынша
жақсы
білу,дайындық жаттыгуларының басты мақсаты болып табылады. Оның ішінде
барлық үйренушілердің қабыргадан 60-80 см аралықтан жүгіріп келіп бірден
секірудің барлық түрлерін орындаудың мэні зор жэне доп лақтырудың кейін
қолды иықтан томен түсірмеудіде қатаң сақтаган жөн. Бастан жогары
лақтырганда қолды бүгу жэне кеудені алга қарай итеру қателік болып саналады.
Осы жаттыгулардың барлыгын үйренгеннен кейін, теннистік доптарды оңнан
солга, солдан онға беріп лақтыруды орындап, жаттыгуларды қиындату керек.
9.Екі аяқтап жэне 1,2,3 қадам аралықтан жүгіріп келіп серпіліспен секіру
арқылы тіке шабуылдаушы соққы беруге дайындық. Сол жаттыгуды тормен
болатын түрлі жагдайда қайталау. Алаң да түрган қалыпта бір орыннан жэне 1,2
қадам аралықтан жүгіріп келіп секіру кезінде резекелі амортизатормен допқа
соққы беру.
10. Қабыргага қарсы түрып, допты бірнеше рет үрып жаттыгу.
Арақашықтық 1-1,5 м аралықтан лақтыру. Техникалық қагидаларды сақтай
отырып. Барлық жаттыгуларды бірнеше рет қайталап жасау. Осы жаттыгуды
серіктеспен 7-8 м аралықтан орындау.
11. Бір орынан секіру кезінде допты серіктеске үрып беру. Серіктес
шабуылдаушыға оң жақ бүйірден 2 м биіктікке доп лақтырады. Осы жаттығуды
1,2 қадам аралықтан жүгіріп келіп орындауды. Соққы кезінде қолдың тіктеп
үсталуына аса назар салған жөн. Доп шабуылдаушыдан сэл алдыда болу керек.
12. Тордан асыра, доппен серіктеске шабуылдаушы соққы жасау.
Шабуылдаушы соққы бір орында түрып жасалады. Жаттығуды игергеннен кейін,
оны қиындатып, ойын тэртібіне жақындатамыз: лақтыру биіктігі 3-4 м. Жүгіріп
келіп орындау.
13. Ю.Допты жоғары лақтырып,тордан асыра соққы жасау. Бүл жаттығу
кезінде 2-2,5 м аралықта орналасады, оны дүрыс орындау көп тэжірибе мен
дайындықты қажет етеді.
14. 3 аймақ ойыншысы жіберген соққыға, 4 аймақтан шабуылдаушы соққы
беру. Доп беру аралығы 4-5м. Доп берушінің қолынан доп шыққан кезде,
бастапқы жүгіру кезеңі басталады.
15.Жылдам шабуылдаушы соққы мен баяу (алдандырушы) шабуылдаушы
соққыны кезектестіру. Баяу шабуылдаушы соққы допты алдыда үстап, оңға,
солға кезекпен алдарқатудан туындайды. Сол сияқты жүдырықтап үру тэсілінде
орындау. Бүл жаттығулардың мақсаты торға бағытталған кез-келген соққыны
қайтару.
16.3 аймақ ойыншысы жіберген соққыға,2 аймақтан шабуылдаушы соққы
беру. Доп беру аралығы 3 м дейін төмендейді,ал қашықтық қысқартылады.
17.2 аймақ ойыншысы жіберген соққыға,3 аймақ шабуылдаушы соққы
беру.
19. Сол сияқты, бірақ 3 аймақ ойыншысына до беруді, басқа ойыншы
орындайды(6 аймақ ойыншысы).
20.Доп беруді қабылдап алғаннан соң,3 аймақтан шабуылдаушы соққы
беру. Алғашында доп беру қысқа қашықтықтан орындалса, кейін доп беру
орынынан беріледі.
21.3 аймақ ойыншысы жіберген соққыға 4,3,2 аймақтан алмастыра
шабуылдаушы соққы беру. Сол сияқты,тек дэлдікке орындау.
22. Бір тосқауылдаушыга қарсы шабуылдаушы соққы.
23. Соққыларды кезектестіру жэне алмастыру. Сол сияқты жылдам жэне
баяу соққыларды да кездестіру жэне алмастыру.
24. Тордан қайтқан кері соққыға шабуылдаушы соққы беру.
25.Алаң шетінен орындалатын шабуылдаушы соққылары.
26.3x3 дайындық ойынын жүргізу. Ойын алаңы 2-3 бөлікке тігінен
бөлінеді. Алғашында доп беру қысқа қашықтықтан орындалса, кейін бөлінеді.
Алғашында доп беру қысқа қашықтықтан орындалса,кейін доп беру орнынан
беріледі. Қорытынды есеп волейбол ойынындағыдай жүргізіледі.
27. Сол сияқты бірақ ойыншылар саны 4x4. Үш ойыншы сызық бойына
орналасады,ал біреуі тор маңында орналасады. Әр үтыстан кейін, доп беру сағат
тілі бойынша ауысып отырады.
Шабуылдаушы соққының орындалу мүмкіндігінің жоғары екенін ескерсек,
алғашқы жарыс жаттығуларынан бастап,үйренушілерді серіктестері мен өз
қарсыластарының іс қимылдарын жете бақылап жүруге тэрбиелеу маңызды,
яғни: доп қайда қабылданады( тордан қашықтығы), доптың қайда берілуі мүмкін,
серікте допты қалай қабылдады, соққы беру үшін доп қалай беріледі, және т.б.
Бүл
жағдай
білім
қағидалары
мензаңдылықтарды
үштастыру
мен
байланыстыруда маңызды рөл атқарады, өз кезегінде бүл,көп жагдайда жогары
ойын тэртібін үстауға мүмкіндік береді.
Әрі қарай шабуылдаушы соққы техникасын үйрену мына эдістемелік
ретпен жүргізіледі: Жүгіру бағатын өзгергеннен кейінгі соққы, ойыншылардың
қарсы қозғалысынан кейінгі соққы, алдымен жаттығула тосқауыл қоюшылардың
тосқауылынсыз жүргізіледі,кейін бір немесе екі тосүауылға қарсы орындалады.
Ойыншылардың қарым-қатынасы 4x4 дайындық ойынының ойын тэсілдерін
меңгеру нәтежесінде шыңдалады.
Волейбол ойынында, дене шынықтыру қүралдарын, жақсы нэтижеге қол
жеткізу мақсатында, үйлесімді қолдану жэне жоғары жүмысқа қабілеттілікті үзақ
сақтау, дене шынықтыруға тэрбиелеуші мамандардың неғүрлым өзекті мэселе
болып отыр. Осыған байланысты физикалық тэрбие беру үйымының мазмүнын,
түрлері мен эдістерін үйретуді дене тэрбиесі сабақтарында эрі қарай шыңдап,
дамыта түсу керек.
Сабақтың
басты
бағыты,
волейбол
ойынын
кірістіре
отырып,
студенттердің дене тэрбиесіне деген қызығушылығын ояту, осы ойын
ережелерінің
қыр-сырын
үйреніп,
дене
шынықтырумен
айналысуды
дағдыландыру.
Студенттердің педагогикалық бақылау волейбол ойынының қыр-сырын
терең меңгерудің тиімділігін арттыруда маңызды орын алады. Ойынды
үйренудің барлық кезеңі оқытушының қатысуымен өтеді. Талдау материалы
жэне үлгерімді бағалау қызметін, оқытудың негізгі бөлімдерін жүйелі бақылау
мэліметтері мен қадағалау сынақтары атқарады.
Қадағалау сынақтары жеке физикалық қасиеттерінің даму деңгейін
анықтауға, техника-тактикалық дайындық дэрежесін бағалауға, сексияға
қабылдау мақсатында жан-жақты саралау жүргізуге, қолданылған қүралдардың
жэне оқыту эдістемелерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындауға
мүмкіндік береді.
Әдебиеттер:
1. Ахмеров Э.К. Волейбол для начинающих. - М., 1985. - 128 с.
2. Волейбол: Клещев Ю.Н. Айриянц А.Г. редакциялыгымен. - М.: Дене
шынықтыру жэне спорт, 1985. - 236 б.
3. Волейбол: Учебник для инситутов физической культуры: Под ред.
Ю.Н. Клещева, А.Г. Айриянца. - М., 1991. - 270 с.
4. Волейбол: официальные павила ФИВБ. 1999-2000г.: Под.ред. Ю.Б.
Чесноков, С.В. Титова., 1999г, 38 с.
5. Губенко Л.Я. Организация и проведение соревнований по волейболу -
М.: Физкультураи спорт, 1988. - 112 с.
6. Железняк Ю.Д. Волейбол ойынындағы шеберлік. - М.: 1978. - 138 б.
7. Железняк Ю.Д., Слупский Л.Н. Мектептегі волейбол: Мүғалемдерге
арналған мағлүмат. - М.: Просвещение, 1989. - 266 б.
8. Ивойлов
А. В.
Волейболдағы
биомеханика
жэне
эдістемесінің
очерктері. - М.: Дене шынықтыру жэне спорт, 1981. - 284 б.
9. Хапко В.Е. Волейбол юным. - М.: Здоровье, 1987. - 120 с.
Бекбаев С.Ш.
Эффективные пути обучения игре в волейбол на практических занятиях физической
культуры
Статья посвящена обучению технике игры в волейбол, особенностям подачи мяча во
время игры на занятиях по физическому воспитанию; пробуждению у обучающихся интереса
к занятиям по физической культуре, овладению техникой игры в волейбол, будущих
специалистов физического воспитания; формированию компететации студентов по методике
проведения уроков физкультуры, обучению игре в волейбол.
Ключевые слова: волейбол, игра, физическая культура, физическое воспитание.
Bekbaev S.Sh.
Effective ways of learning playing volleyball on practical lessons of physical training
Teaching to play volleyball in physical culture, mastering the techniques o f service in
volleyball.
To increase students interests in physical training, to learn the specific features of
volleyball, to train students to go in for sports. To increase the efficiency o f teching students the
specific features of playing volleyball.
Keywords: physical training, physical culture, volleyball, gymnastics, service.
ӘОЖ: 373/378:371(574)
Т ан а то в а А.Д. - педагогика ғылымдарының ккандидаты,
Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басқарушы жэне
ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
бойынша «Өрлеу» БАҒО» АҚ Республикалық институтының
деңгейлік бағдарламалар орталығы
E-m ail: assel_tanatova@inbox.ru
К Ә С ІБ И Т ¥ Р Ғ Ы Д А Ө ЗІН Д ІК Д А М У А Р Қ Ы Л Ы П Е Д А Г О Г И К А Л Ы Қ
Ш Е Б Е Р Л ІК К Е
Аннотация. Осы мақалада Қазақстан Республикасының жалпы мектептердің педагог
қызметкерлерінің
біліктілігін
арттыру
курстарының
деңгейлік
багдарламасының
маңыздылыгы жэне жаңа формация муғалімінің қалыптасу мэселесі қарастырылган.
Оқушыларда оқу дагдысын дамытудың өзектілігі баса көрсетіледі.
Мұгалімдердегі
рефлективті қызметті дамыту қажеттілігі негізделген. Білім беру сапасын арттыру мәселелерін
шешуде мұгалімдердің кэсіби өсуінің маңыздылыгы талданады.
Достарыңызбен бөлісу: |