Мақалалар, баяндамалар жинағы


мәжілісте  де,  сарайда  да  тек  түрік  тілінде  сөйлейтін  болайық…”



Pdf көрінісі
бет12/45
Дата22.12.2016
өлшемі3,09 Mb.
#25
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45

мәжілісте  де,  сарайда  да  тек  түрік  тілінде  сөйлейтін  болайық…” 

деген  жарлығын  жариялап,  орындамағандарды  жазалаған  екен.  Соның 

нәтижесінде түрік мемлекеттік тілі таза сақталып, осының құрметіне бұл 

елде жыл сайын “Тіл бәирамы” өткізіліп тұрады.

Біз дәл осы тәсілді болмаса да, өз қалпына келе алмай жатқан қазақ 

тілі үшін де өкімет тарапынан қатал талап қойылуы қажет емес пе екен? 

деген пікірді айтқан едік. Бұл пікірдің қалың жұрт алдында ашық айтылып, 

себеп-салдарының  сараланғаны  қуанышты-ақ.  Өйткені  мемлекеттік 

тілдің қолдануы  мемлекет  құзырындағы көп ұлт өкілдерінің ара-жігін 

ажыратуға емес, олардың басын қосып, татулығын арттыруға бірлестіре 

түсуге қызмет ететіні президент сөзінде дәл айтылған. Бұл көптен бері 

айтылуын қалап, сабырлы саясаттың салиқалы шешімін күтіп жүрген, 



124

он ойланып, мың толғанып айтылған үлкен тұжырымның нәтижесі еді. 

Ол көптің көкейінде жүрген мына мәселелерден тұрады:

- “Қазақ тілі білім беру стандартына жарамайтын, ауыл арасындағы 

малшы-жалшылардың қатынас құралына ғана жарайтын тіл, мемлекетті 

басқарып,  өркениетті  дамытуға  лайық  емес”  деп,  күстаналағанындай 

емес,  оны  халықаралық  олимпиада  түрлерінің  64  пайызы  қазақ 

мектептері оқушыларының еншісіне тиюі жоққа шығарады.

-  “Әлемде  көпұлтты  елдер  аз  емес.  АҚШ-ты,  Ұлыбританияны, 

Францияны, Германияны, Ресейді алып қарайық. Олар көпұлтты бола 

тұрса да, бұл мемлекеттерде мемлекеттік тілді білмей өмір сүруге және 

жұмыс істеуге бола ма? Әрине, жоқ” – деп, оны бұлтартпайтын уәжбен 

дәлелдейді.

-  Елбасы  “Бүгінде  біздің  қоғамда  мемлекеттік  тілді  білудің 

маңыздылығы  мен  қажеттілігін  түсінушілік  бар”  деп,  бұл  түсінік 

қоғамда саясат принципі бойынша мәселені асықпай, саспай шешудің 

нәтижесінде  қалыптасып  отыр  дегенді  аңғартады.  Қазақ  емес 

ұлттардың өз балаларын қазақ балабақшалары мен мектептеріне беру 

фактісі  осыны  білдіреді.  Бұл  әрекетті  назардан  тыс  қалдырмау  керек 

деп ескертіп отыр. 

- Елбасы ендігі жерде: “… Қазақтар үшін мемлекеттік тілді білу 

міндетті  талап  болуы  тиіс”  –  деп  ашық  айтты.  Осы  жауапты  талап 

елбасы  тарапынан  бірден  айтылып,  тосынан  қойылып  отыр  ма?  Бұл 

талаптың бір бастамасы - “Әр қазақ өзі мен өзі қазақ тілінде сөйлессін!” 

деген ғибратты сөзі еді ғой. Ол бұдан 10 жылдан бұрын айтылып еді. 

Сол  идеяны  өз  кезінде  орындадық  па?  Жоқ.  Ал  соның  есесіне  біздің 

енді өзімізді-өзіміз қамшылауымызға тура келеді.

Елбасы: “Мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда, 

қызмет  көрсету  саласында,  құқық  қорғау  органдарында  немесе  сот 

саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды. Мемлекеттік тілде қойылған 

сұрақтарға сол тілде жауап беруге тура келеді. Уақыт бар, мүмкіндік 

бар, мемлекеттің қолдауы бар - өз функцияларыңды қажетті деңгейде 

жүзеге  асыру  үшін  тілді  үйрену  керек.  Бұл  әбден  қалыпты  және 

өркениетті шарт” – деп ол бұл мәселені түйіп айтты.

Бұл – көпшіліктің көкейінде жүрген, әркімнің мойнына ала беруіне 

болмайтын күрделі мәселе еді. Бұл мәселе де ашық айтылды, орындау 

үшін өкіметке тапсырма беріліп, мезгілі белгіленді. 

Осылайша,  егемендікті  иеленуімізге  байланысты  тіл  тауқыметін 

шешуде  алғашқы  қадам  жасалды.  Шынын  айту  керек,  алғашында 



125

мемлекеттік  тіл  мәртебесі  өзінен-өзі  оңай  шешіле  қалған  жоқ…  Тіл 

тауқыметімен  бірге  халықтың  бітім-болмысымен  қосыла  сіресіп 

қатып  қалған  қасаң    дүниелер    көп-ақ  екен.  Бірден  бойдан  кете 

қоймайтын кінәрәт ретінде ұлт мінез-құлқына сіңіп кеткен құлшылдық 

психологияны  атауға  болар  еді.  Екіншіден,  қоғамдық  өмірдегі  ана 

тіліміздің  қажеттігін  ұмыту.  “Сөзі  жоғалғанның  өзі  де  жоғалады” 

деген ұғымға мән бермеу. Ана тілі – халықтың жаны, тәні, рухы екенін 

ескермей,  баяғыдан  қалған  дәстүрмен  тарта  беру.  Экономикадағы, 

саясаттағы егемендікке қолымыз жетсе де, тілдегі егемендікті әлі игере 

алмай келеміз. Мемлекеттік тілімізді өз деңгейіне көтеріп, оны басқару 

қажеттігіне жарату, тіл заң құзырында дамытылса да оны дамытудың 

нақтылы жолдары өкімет тарапынан толық қамтамасыз етілмей қалды…

Латын  жазуына  көшу,  не  көшпеу  туралы  қалың  жұртшылықтың 

ой-пікірін  білуге  бағышталған  өткендегі  15  жылдың  ішіндегі  ой-

пікірлермен оның мақсат, мазмұнымен жамағат жақсы таныс. Оларды 

қайталап, талдап-таратып жатуға да, санамалап шығуға да болады.

Латын жазуына өтуді қолдаушылар да, оған қарсылар да республика 

азаматтары арасында баршылық. Өз пікірін баспа бетінде білдіріп, өздері 

ұнататын  әліпбе  жобаларын  (30  жобаны)  жариялап  жатқандар  да  аз 

емес. Біздің пайымдауымыз бойынша, жазуды ауыстыру жағындағылар 

басымырақ  сияқты.  Елбасының  жоғарыда  айтқан:  “Әйтсе  де,  латын 



қарпі  коммуникациялық  кеңістікте  басымдыққа  ие”  деген  пікірі 

осы шындықтан туындап тұр.

Латын  жазуына  ауысуды  қаламайтындардың  уәжі  әр  алуан. 

Кейбіреулері өзінің қарсы пікірін білдірумен ғана тынса, енді біреулері 

ол алфавиттің кемістігін тауып, жамандауға тырысады. Ол ол ма, енді 

кейбір сыншылар жазудың өзін емес, сол жазуға көшуге ұсыныс жасап 

отырған басқа азаматтардың өз басын жамандауға, уытты тілін жұмсап, 

жанын жаралауға дейін барып жүргені белгілі. Осындай бір азамат:

“Жаңа  әліпбидің  атасы  болуға  соншалықты  жанын  салып  жүрген 

академик Әбдуәли Қайдар” деп те қалғаны бар. Бұл не деген сөз? (Туған 

тіл, №2 (02), 2005, 78 б.).

Қош, сонда “менің бұл мәселені көтеруіме қандай себеп болды?”. 

Оны  сынаушы  мырза  білмеуі  де,  не  біле  тұра  ескергісі  келмеуі 

де  мүмкін.  Қысқасы,  менің  хат  жазуымның  себебі  мынау:  1991  жылы 

Түркия  мемлекетінің  сыртқы  істер  министрлігінің  инициативасымен 

Анкара  қаласында  егемендік  алып,  тәуелсіз  ел  болған  ТМД  елдерінен  - 

Әзербайжан,  Өзбекстан,  Түркменстан,  Қырғызстан  және  Қазақстаннан 


126

арнайы  шақырылған  бір  топ  ғалымдардың  (Қазақстаннан  барғандар:  мен, 

бүгінгі ҚР Тіл Комитетінің төрағасы – Ерден Қажыбеков, бұрынғы шетел 

министрлігінің  қызметкері  Сайлаубек  Батырша)  жиналысы  өткізіліп,  онда 

латын жазуына өту мәселесі және осыған орай негізгі халықтардың тілінің 

өзіндік  ерекшеліктеріне  сай  латын  жазуының  таңбаларынан  қажеттілерін 

таңдап  алу  мәселесі  қарастырылған  болатын.  Қазақ  тілі  үшін  34  таңба 

жеткілікті деп сонда белгіленген еді.

Міне,  осыдан  2  жылдан  соң  Түркия  мемлекеті  1994  жылы  Анталия 

қаласында жер жүзілік түркітану құрылтайын шақырды. Қазақстаннан оған 

50 адам делегация мүшесі қатынасты. Түркі халықтарының жержүзілік осы 

құрылтайында латын жазуына көшу арнайы сөз болып, “латынға өтеміз” деп 

Түркияның көне әдеті бойынша “іс бірлігі, тіл бірлігі, дін бірлігі…” деген 

девизбен темір төстің үстіне қойылған қыздырған ат тағасын балғамен әр 

халықтың өкілі атынан бір-бір адам балғамен тағаны үш рет соғып “берген 

сертке берік болу” әдетін орындап тарасқан едік.

Міне,  осы  берген  сертке  берік  болудың  жолы  деп  мен  Алматыға 

келгеннен соң елбасының атына ашық хат жазып, осы идеяны қолдап, оны 

газетте  жарияладым.  Уытты  тілін  сұғып,  елдің  жанын  жаралайтын  сөздің 

айтылуының бір себебі осы. 

Міне, сол жылдың өзінде-ақ “латын жазуына өтуге қарсы емеспін” 

деген  президентіміз,  үш-төрт  мемлекетті  алдына  жіберіп,  халықаралық 

жағдайды, жұртшылықтың пікірін пайымдап алып, араға 15 жыл салып, осы 

мәселеге қайта оралып, өз шешімін айтып отыр. Ол “Қазақ әліпбиін латынға 

көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге 

қалдырған  едік.  Әйтсе  де  латын  қарпі  коммуникациялық  кеңістікте 

басымдыққа  ие.  Және  көптеген  елдер,  соның  ішінде  посткеңестік 

елдердің  латын  қарпіне  көшуі  кездейсоқтық  емес.  Мамандар  жарты 

жылдың ішінде мәселені зерделеп, нақты ұсыныстарымен шығуы тиіс” 

– деп ол созылып келе жатқан бұл мәселеге нүкте қойып отыр.

Жоғарыда  аталған  себептердің  баршасы,  пайымдап  қарасақ,  осы  15 

жыл барысында орынсыз байбалам салып жатқан пікірлерді білмегендіктен 

емес, латын жазуының көптеген елдерде атқарып отырған коммуникациялық 

қызметіне  және  оның  қолданыс  шеңберінің  барған  сайын  кеңейе  түсуіне 

байланысты айтылғандығын көреміз.

Енді міне, өкімет өз шешімін білдіріп отыр. Оның тұжырымына қарсы 

болуға ешкімнің қақы жоқ сияқты. Ендігі жерде “латын жазуына өтеміз бе?” 

деген мәселе күн тәртібінде жоқ. Күн тәртібінде “қалай өтеміз?” деген мәселе 

тұруы міндетті. Бүгіндері латын әліпбесінің бойынан “кемшілікті” көбірек 


127

тауып,  құбыжық  етіп  көрсетуге  тырысып,  жиналыс  шақырып,  дөңгелек 

стол ұйымдастырып, газет-журналдарға жазып, байбалам салып жүрген 

кейбір  азаматтардың  әрекеттеріне  таңғалмасқа  болмайды.  “Латынға 

қарсы  боламыз  ба,  не  көне  орхон-енисей  руна  жазуына,  араб  жазуына 

көшуді,  кирилл  жазуында  қалуды  қалаймыз  ба?”  деген  қияли  әңгімені 

қайта  қозғап,  әлі  де  қарсыласып  бағайық  деп,  біржақты  ойлайтын 

азаматтардың қай жағынан болса да, латын жазуының басқа жазулардан 

артықтығын білгені жөн.

“Қазақ  тілін  латын  жазуына  көшіру”  деген  идея  қазақ 

зиялыларының  арасында  еліміз  егемендік  алған  күннен  бастап-ақ  сөз 

болып  келеді.  Бұл  бойынша  алғаш  пікір  білдіргендердің  бірі  –  осы 

мақаланың авторы еді. 15 жылдан астам тарихы бар бұл идеяға түрткі 

болған  1991  жылы  Қазақ  елінің  егемендік  алып,  тәуелсіз  мемлекет 

болғандығын  елден  бұрын  жарты  сағаттан  кейін  мақұлдап,  аса  зор 

қуанышпен қарсы алған Түркия мемлекетіне іссапармен барған бірінші 

президентіміз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  сол  елдің  жұртшылығымен,  сонда 

жасайтын қара көз бауырларымызбен кездесу үстінде “Қазақстан латын 

жазуына өте ме?” деген сауалына орай ол:



“Егер халқымыз қалап жатса, ғалымдарымыз оның қажеттігін 

дәлелдеп жатса, оған көшуге мен қарсы емеспін!” – деген болатын.

Мәселені алыстан байыптап, алды-артын ойланып шешетін сабырлы 

саясат сардарының сондағы өзінің жауабын міне, енді ғана, 15 жылдық 

егемендіктен  кейін  ғана,  егемендік  алған  басқа  елдердің  тәжірибесін 

байқап,  өз  елінің  экономикалық  және  мемлекетінің  рухани  жағдайын 

жоғары көтеріп, алға шығарып, күн тәртібіне қойып отыр.

Мұны біз сабырлы саясаттың салиқалы шешімі деп білеміз.

Латын  жазуына  көшуді  қолдаушылар  мен  оған  қарсылардың 

уәждерінде де екі түрлі салмақ жатқан сияқты. Солардың кейбіреулерін 

атап өтейік:

Қандай  мәселеге  байланысты  болмасын,  ұжымдық  санамызды  бір 

арнаға түсіру өте қиын. Жазу мәселесінен де біз соны көріп отырмыз. Әр 

топтың ұсынып отырған өз уәжі бар. Оның дұрыс-бұрыстығы екінші мәселе. 

Осыған орай мына мәселелерді салыстырып көрейік:

1.  Жазуымызды  латынға  көшіріп,  оның  барлық  проблемаларын 

шешіп, идеяны іс жүзіне асыру тек мемлекеттің қолынан келетін өте 

күрделі  әрекет.  Жеке  адам  кей  пікірлерді  дұрыс  айтса  да,  аталмыш 

күрделі мәселені оның жеке басы іс жүзіне айналдыра алмайды. Ол 

әрекет өкімет қолдағанда, көпшілік жақтағанда ғана іске аса алады.


128

Сондықтан да болар, бұл идеяны көтеріп, көптен бері қолдп келе 

жатқандардың бірі ретінде – біздің әр кезде қайталап айтып жүрген 

пікіріміз  де,  міне,  осы.  Сабырлы  саясаттың  принциптері  негізінде 

бұл мәселе 15 жылдан кейін жүзеге асқалы отыр.

2.  Үйреніп  қалған  кириллицаны  латынмен  ауыстырудың  қажеті 

бар ма? Бар екенінде, біздің ойымызша, дау жоқ. Қазақ тілінде тұрақты 

ұлттық  жазу  қалыптастыру  үшін  латынның  фонетикалық  алфавиті 

қолайлы.  Кириллица  болса,  о  бастан-ақ  қазақ  тілінің  жазуын  орыс 

тіліне  жақындастыру  мақсатымен  “қалай  айтылса,  солай  айт,  қалай 

жазылса,  солай  жаз!”  принципін  ұстануға  шақырды.  Бір  фонеманы 

бір  таңбамен  беру  принципі  бұзылып,  алфавит  42  таңба  түрінде 

ұсынылды.  Демек,  ғылыми  тұрғыдан,  орыс  (кирилл)  жазуы  жалпы 

түркі  тілдерінің,  соның  бірі  –  қазақ  тілінің  табиғатына  сай  емес, 

олардың  барша  өзіндік  ерекшеліктерін  ол  толық  көрсете  алмайды. 

Әрбір түркі тілінде орыс әліпбесіне қосымша етіп алынған таңбалары сол 

тілдердің бір текті дыбыстарын әр түрлі белгілеп, олардың туыстығына 

нұқсан келтіріп, жігін ажырата бастады.

3. “Алфавитті ауыстыр” идеясы, “латын алфавитіне көшу” идеясының 

орнына “қай алфавитті таңдап алу қажет” деген идеямен шатастырылып, 

кейбір азаматтардың қиналатындары да кездесіп қалады.

Қалай  болса  да,  бұлардың  бәрі  өкімет  шешетін  мәселе.  Құдайға 

шүкір, кешегі күн емес, бүгінгі елімізде экономикалық жағынан жазу іс-

шараларын толығымен қамтамасыз етуге мүмкіншілік жеткілікті. Ал қай 

жазуда  болмасын  өз  сауатын  ашқан  үлкен-кіші  азаматтардың  баршасы 

ғұмырының аяғына дейін сол сауатын жоғалтпайтыны белгілі,

Жазу  ауыстыру  бір  сәтте  ғана  жүзеге  асатын  әрекет  емес.  Ол 

сатыланып,  белгіленген  бағдарлама  бойынша  бірнеше  жылдың  (10-15 

жылдың) барысында жүзеге асатын жоспарлы шаруа. Бұл жағынан бізге 

өз тәжірибесін көрсетіп отырған Әзербайжан, Түркменстан, Өзбекстан 

т.б. республикалар бар.

4.  Жазу  ауыстырудың  тағы  бір  басты  мақсаты,  кейбіреулердің 

ойлайтынындай,  еріккеннің  ермегі  де  емес,  жазуын  өзгерткен  елдерге 

еліктеу де емес, АҚШ, Ұлыбритания дәстүрін уағыздау да емес, қоғамдық 

дамудың  заңды  талабына  сай,  жер  жүзіндегі  ілгері  дамыған  50  елмен 

Қазақстанның  бәсекелесе  дамуына,  жаһандану  процесінің  дүмпуіне 

ілесіп, оның тайқазанында бір жапырақ ет болып емес, тас түйін берік, 

бір бүтін ұлт болып қалыптасуымызға қажет шаралардың бірі болмақшы.

5. Жазу ауыстырудың тағы бір басты міндеті жер жүзінде күн санап 


129

өсіп,  дамып  отырған  коммуникациялық  процестердің  технологиясына 

(компьютер,  интернет,  электропошта  т.б.)  латын  жазуы  арқылы  еркін 

араласу мақсаты.

Республикамыздың ішкі-сыртқы әлеуметтік жағдайына байланысты 

жазу ауыстырудың тағы бір міндеті – қазақ халқының бастан кешірген 

тарихи  тауқыметіне  байланысты.  Дәл  қазір  3  қазақтың  біреуі,  яғни 

барша қазақтың 3/1 Қазақстаннан тыс жерлерде жасап, әр жерлерде әр 

түрлі жазуды (ҚХР мен Иранда – арабтың төтенше жазуын, Қазақстан, 

Өзбекстан  және  Ресейде  –  кириллицаны,  Түркия  және  барлық  Еуропа 

мемлекеттерінде  –  латынды)  пайдаланып,  бір-бірін  түсінуден  қалып, 

тәркіленіп бара жатыр. Өзбекстандағы қазақ бауырларымыздың балалары 

латын жазуын меңгермегендіктен келесі жылдан бастап, өз елінде жұмыс 

істеу мүмкіншілігінен айрылмақшы.

Осы  аталған  факторлардың  барлығы  латын  жазуына  ауысудың 

қажеттігін  тудырып  отыр.  Және  бұл  әрекет,  кейбіреулердің 

ойлайтынындай, тым оңай да емес, түңіле қарайтын қиын да емес. Оны 

орындау қоғамдағы адамдарды өзара жақындастыра, біріктіре түсетінін 

елбасы  дұрыс  айтып  отыр.  Әріп  таңбаларын  оқуды,  жазуды  меңгеру 

қиындық  туғызбаса  да,  оның  емле  қағидасын  жетік  үйрену  кейбір 

қиындықтарды тудыруы мүмкін. Бәрімізге де ерінбей, еңбектенуге тура 

келеді.


Латын жазуына ауысудың түпкі мақсаты 30 шақты ірілі-кішілі елдің 

3-4-де ғана емес, мүмкін болса, біртіндеп бәрінде де болғаны абзал. Сонда 

ғана  түркі  әлемі  өзінің  көне  де  ортақ  рухани  байлығын,  құндылығын 

танып-білуге мүмкіндік алады.

Қазақ  тілінің  дыбыстық  жүйесін  дәл  таңбалайтын,  технологиялық 

өзекті мәселе, әлем жұртшылығы арасында кең тараған латын әліпбесіне 

көшу  мәселесін  көтеріп  отырған  елбасының  ұсынысын  бір  ауыздан 

қолдауымыз керек, халайық!



«Егемен Қазақстан». 2006,1 желтоқсан.

Санаға сілкініс қажет

Қазақ тілінің қадірі тек сонда ғана артады, тек сонда ғана тіл 

саласында түбегейлі бетбұрыс болады.

–  Ә.Туғанбайұлы,  біз  өзіңізді  бүкіл  ғұмырын  тілді  зерттеуге 

арнаған түркология әлеміне әйгілі үлкен ғалым ретінде білеміз. Жалпы 

қазақ тілінің жағдайы, бүгінгі даму бағыты және қоғамымыздағы 

орны жөніндегі әңгімені неден бастар едіңіз?

130

– 

Бір сенім, бір үміт деген сөз бар ғой қазақта. Біздің ана 

тіліміздің  бүгінгі  жай-күйі  дәл  сондай.  Менің  осы  тіл  саласында 

қызмет  істегеніме  50  жылдан  асты...  1951  жылы  аспирантураға 

түскем. Содан бастап, осы Тіл білімі институтында еңбек еткеніме 

міне  51  жыл  болыпты.  Ешқайда  ауысқан  жоқпын,  ешқайда  барған 

жоқпын. Жартығасырлық ғұмырым бір институттың қабырғасында 

өтті.  Соған  қарап  бүкіл  өмірім  қазақ  тіліне  арналды  ғой  деп 

ойлаймын. 

Енді...  жалпы  тіл  туралы  айта  берудің  қажеті  жоқ  шығар... 

бүгінгі тілдің жағдайы... мемлекеттік тілге мәртебе алып береміз деп 

күрестік. Ондағы мақсат, біріншіден тіліміздің мүшкіл халін жөндеу, 

халықтың  санасын  ояту.  Екіншіден,  мемлекеттік  тілге  мәртебе 

алғаннан кейін, оның бір тұтас үстемдігі үшін заң жүзінде күресу. 

Әйтпесе  қай  ұлт  тілін  сақтау  үшін  күреспейді  дейсіз.  Күреседі, 

әрине...  Соның  арқасында  қазіргі  кезде  мына  мемлекеттік  туымыз 

үшін күресу бұрынғыға қарағанда әлдеқайда дұрыстау жүргізілуде.

Мемлекеттік  тіл  қазақ  тілі  болсын  деп  Колбиннің  заманында 

айқаластық та... Ол үшін кезінде Колбин республика конференциялары 

мен пленумдарында екі-үш рет менің атымды атап көрсетіп, талай-

талай сөздерді де айтты емес пе.

Түрлі отырыстарда, жиналыстарда қайта-қайта айтып, мазасын 

ала берген соң сөйтті ғой...

– 

Сонда ол кісінің сізді жақтырмаған себебі, екі тілді де 

мемлекеттік жасағысы келді ме?

– 

Иә. Қазақстанда мемлекеттік тіл екеу болуы керек деген 

мәселе оның  миына Ресейде жүргенде-ақ  қатталып,  сіңісіп келген. 

Міне, сол идеясын жүзеге асырғысы келді. Оған мен,  Қазақстан өз 

алдына  жеке  мемлекет,  оның  өз  тілі  болуы  керек,  ал  орыс  тілінің 

өз  мемлекеті  бар  дегенді  айтып,  жиі-жиі  қарсы  шыға  бердім  ғой. 

Сондықтан да оған жаманатты болдым, бірнеше мәрте сынға іліктім...

Әрине, ол мақтаныш емес... Оның бәрін ел-жұрт біледі. Сол кездерде 

қатты күрестік, «Қазақ тілі» қоғамын құрдық. Сөйтіп, сол қоғам арқылы 

халықтың  санасын  оятуға  тырыстық.  Абырой  болғанда,  ісіміз  нәтижесіз 

қалған  жоқ,  елдің  санасы  оянды  сол  кезде.  Мынау  ауыл-ауылдардың 

барлығында халық балаларын қазақ балабақшаларына, қазақ мектептеріне 

беріп,  жағдайымыз  оңала  бастады.  Жалпы,  қазақ  тіліне  бетбұрыс  сол 

уақыттан  бастау  алып,  «орыс  тілін  білмесең,  наныңды  тауып  жей 

алмайсың» дегендей сыңаржақ көзқарас содан бастап, өзгерді деуге болады. 


131

Бірақ,  «Ауру  батпандап  кіреді,  мысқалдап  шығады»  дегендей,  бойға 

әбден сіңген оңалуы қиын ескі дертті жеңу, одан арылу оңай емес. Олай 

дейтінім, қаншама уақыт бойы, санамызды ұйықтатып, көндіріп қойған 

халқымызға бүгінде қайта келгендейміз. 

– 

Неге олай дедіңіз?

– 

Оның себебі, менің есебім бойынша бүгінде халқымыздың 

15 пайызы өз тілін білмейтіндер де, 25 пайызы шала білетіндер.

Кезінде осыны біреулер дұрыс түсінбей, халықтың 40 пайзы өз тілін 

мүлде білмейтіндер деп жансақтық жасады. Бұл олай емес. Халықтың 

15  пайызы  ана  тілімізде  мүлде  сөйлей  алмайтындар  да,  25  пайызы 

шалашарпы сөйлейтіндер.

– 

Онда  жоғарыдағы  лауазымдылардың  көпшілігі  солардың 

қатарына қосылатын болды ғой?

– 

Иә.  Өкінішке  орай,  Тәуелсіздік  алғаннан  кейін,Үкіметке 

келген жастардың көпшілігі сол жаңағы 25 пайызды құрайтындардың, 

яғни  өз  тілін  шала  білетіндердің  қатарына  қосылады.  Араларында 

мүлде  білмейтіндер  де  бар.  Міне,  солардың  өз  ана  тілін  іс  басқару 

құралы ретінде пайдалануға құлықтары жоқ. Бұл бір жағынан жалпы 

біздің  ұлтымызға  тән  енжарлық.  Одан  соң,  ең  бастысы,  сол  үкіметте 

отырғандардың  көпшілігінің  сыртқа  білдірмесе  де  іштей  қазақ  тіліне 

деген  көзқарастары  дұрыс  емес.  Солардың  кесірінен  мемлекеттік  тіл 

мәртебесі әлі күнге төмен деңгейде. 

Былайша  айтқанда,  қазақ  тілінің  пәрмені  өз  дәрежесінде 

қолданылмай жатыр.



– 

Сіз жоғарыда сана оянды, бетбұрыс болды дедіңіз... Онда 

мұндай дәрменсіздіктің себебі неде?

– 

Бұл    халық  дегеніміздің  өзі,  классикалық  анықтама 

бойынша  қалай  қайырсаң  солай  бұрылатын  тобыр  дегенге  келеді. 

Орыс  тілінде  сөйлеп  үйренген  адамдардың  одан  қол  үзгісі  келмейді. 

Балаларын  да  солай  тәрбиелейді.  Кейде  балаларын  қазақ  мектебіне 

берген  ата-аналар  болса,  «қазақша  дұрыс  білім  бере  алмайды»  деп 

қайтадан  орыс  мектебіне  береді.  Бұған  байланысты  Үкімет  не  істей 

алады? Енді обалы қане, біршама жұмыстар атқарылды да. 

Конституцияда  мемлекеттік  тіл  белгіленді.  Тілдер  туралы 

Заң  қабылданды,  екі  рет  тіл  дамыту  бағдарламалары  дайындалды. 

Президентіміз Қазақстанның болашағы – қазақ тілі деген сөзді де айтты. 

Амал нешік, бірақ іс жүзінде баяу жылжудамыз. Ілгерілеу бар, әрине... 

Дегенмен де жүз қазақтың арасындағы бір орыс үшін бүкіл мәжілісті 


132

орыс тілінде өткізу әдетінен әлі де арылғанымыз жоқ. Осыны айтып та, 

жазып та жатырмыз. Бірақ нәтиже аз.

Мысалға  жуырда  маған  Парламенттен  Мәжіліс  депутаты  Бәкір 

Әбжәлел Деген азамат ресми хат жіберіпті. Онда ол тілдің жағдайы онша 

болмай  жатыр  ғой,  осы  мәселеге  байланысты  тағы  ақылдасайық  дегенді 

айтыпты. Қазір мен осы хатқа жауап ретінде өзімнің ойымды жинақтап, 

жауап әзірлеудемін. Депутаттардың арасында да қазақ тіліне жаны ашитын 

азаматтардың көп болғандығы қуантады. Бірақ, халық пен оны басқарып 

отырған  Үкіметтің  өзі  жуық  арада  тіл  мәселесіне  шұғыл  бет  бұрмаса 

болмайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет