Мақалалар, баяндамалар жинағы



жүктеу 4.98 Mb.

бет16/45
Дата22.12.2016
өлшемі4.98 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45

Ана тілімізді ардақтай білейік

Тылсым табиғаттың адам баласына тарту еткен тамаша да дарқан 

сыйының бірі – тіл. Тіл – сирек кездесетін қоғамдық феномен, сыры мол 

ғаламат дүние. Оның ең басты қасиеті – адам баласының жер бетінде 

пайда болған сонау балаң дәуірінен бастап бүгініне дейін олардың өзара 

қарым-қатынас жасауына қажетті құралы болуында.

Не  көп,  жер  бетінде  тіл  көп.  Оның  саны  қазіргі  күнде  2  мыңнан 

асып отыр.

Біздің  елімізде  туыстық  жағынан  бірнеше  топқа  бөлінетін  130 

дербес тіл бар екен. Олардың ең ірісі – славян тобы.



171

Совет Одағындағы тілдердің тағы бір ірі тобы – түркі тілдері. Оған 

өзбек,  татар,  қазақ,  әзербайжан,  түрікпен,  қырғыз,  ноғай,  башқұрт, 

қарашай-балқар,  қарайым,  гагауыз,  түрік,  қарақалпақ,  чу ваш,  сақа 

(якут), ұйғыр, хакас, алтай, тува, тофалар, шор т. б. жиырмадан астам 

дербес тіл енеді. Түркі халықтарының жалпы санына шаққанда Совет 

Одағындағы  әрбір  он  адамның  бірі  осы  аталған  түркі  тілдерінің 

біреуінде сөйлейді екен.

Түркі  тілдер  семьясына  жататындардың  бірі  –  кең-байтақ 

Советтік  Қазақстан  жерін    мекендейтін    қазақ  халқының  тілі.  Ол  тіл 

сөйлеушілердің саны жағынан алып қарағанда барлық түркі тілдерінің 

ішінде  (түрік,  өзбек,  татар,  әзербайжан  тілдерінен  кейінгі)  бесінші 

орында тұратын, өзіндік ерекшелігі мол, өте бай, жан-жақты дамыған, 

дербес  ұлттық  тілдердің  бірі  болып  саналады.  Совет  Одағындағы 

қазақтардың  жалпы  саны  бүгінде  6.  556  мың  адам  болса,  оның  5.289 

мыңы Қазақстанда, қалғандары басқа туыстас республикаларда тұрады. 

Қазақтардың  бірқатары  шет  елдерде  (атап  айтқанда,  Монғолияда  – 

70 мыңнан астамы, Қытайда – 100 мыңнан астамы, Ауғанстанда – 20 

мыңға  жуығы,  Түркия  мен  Иран,  Пакистанда  –  10  мыңнан  көбірегі, 

т.  б.  жерлерде)  тұратыны  мәлім.  Демек,  тек  қазақ  тілінде  сөйлеуші 

қазақтардың саны (Қазақстанда тұрып, қазақ тілін ана тіліндей білетін 

114  мыңнан  астам  басқа  халықтардың  өкілдерін  есептемегенде)  7 

миллионнан әлдеқайда асып жатыр.

Біздің  арнайы  сөз  еткелі  отырған  тіліміз  де  осы  7  миллионнан 

астам  адам  сөйлейтін,  қазақ  топырағында  туып,  қалыптасып,  дамып, 

халықтық, ұлттық тіл деңгейіне көтерілген, тамаша тарихы бар, дәстүрі 

мол, болашағы жарқын ҚА ЗАҚ ТІЛІ. Бұл – біздің ана тіліміз, қадірлеуге 

де, қастерлеуге тұратын рухани қазынамыз, ұлттық байлығымыз.

Неге  біз  оны  ана  тілі  дейміз?  Here  көптеген  халықтар  өз  тілін 

«ата  тілі»  демей,  «ана  тілі»,  «туған  тілі»,  «родной  язык»  деп  атайды? 

Осында бір ортақ эаңдылық бар сияқты. Мүмкін, сәбидің алғашқы тіл 

ұстартушы  ұстазы  ана  болғандықтан  және  ол  жай  ұстаз  емес,  барша 

жақсылықты бөпесіне арнап, бесік жырын шерткен, ыстық ықыласы мен 

мейлінше  мол  мейір-шапағатын  лебізінен  танытқан  ана-ұстаздың  асыл 

қасиетіне байланысты осылай аталған шығар? Қалай да болса, маркс изм 

классиктерінің ана – өз тілінің ұйтқысы, оның іргесін берік сақтайтын 

ал тын қазығы деген пікірі де ананың осы қасиетіне барып саятын секілді.

Бірақ осыған қарап, ана тілі, жалпы тіл біткеннің бәрі тек әйелдер 

қауымы арқылы ғана таралатын құбылыс екен де ген теріс ұғым тумаса 


172

керек. Жас нәресте үшін ана тілі о баста ана аузынан шыққан алғашқы 

асыл сөз, ыстық та етене лебіз іспеттес болғанымен, оның есейе келе ана тілін 

толық  меңгеруі  алдымен  семья  жағдайынан  басталса,  ба ра-бара  ол  туған-

туысқан,  көрші-қолаң,  жолдас-жоралармен  араласу  арқылы,  ауыл-аймақ, 

ел-жұрт  ортасында  өмір  сүруге  байланысты  қалыптасып,  дамып,  жетіліп 

отырады. Сөйтіп, адам өз тілін өмір бойы өзі өмір сүрген ортадан үйренумен 

болады.


Әрбір  адамның  тілі  жас  кезінен  бас тап  осындай  бір  белгілі  ортада 

қалыптасуына байланысты, ол сол ортаның тілдік дәстүрін, кейбір жергілікті 

ерекшеліктерін  бойына  сіңіріп,  көпке  дейін  сақтауы  мүмкін.  Оның  ешбір 

айып-шамы  жоқ,  бұл  барлық  тілдерде  болатын  табиғи  заңдылық.  Ондай 

өлке  тілінің  өзгешеліктері  әдеби  тілді  жетік  меңгеруге  байланысты  өзінен 

өзі-ақ тілдік қолданыстан қалып қойып отырады. Өйткені, жалпыхалықтық 

тілдің негізінде, немесе оның бір аймақтық диалектісі негізінде калыптасқан 

жазу дәстүрі бар, көпшілік қолды әдеби тілімізде та за сөйлеу, сауатты жазу 

әркімнің білім дәрежесіне, мәдени өрісі мен өмір тәжірибесіне байланысты 

жүре пайда болатын тамаша қабілетті әркімнен-ақ талап етеді.

Ана  тілі  арқылы  адам  дүние  таниды,  білім  алады,  өнер  үйренеді, 

ғылымды  игеріп,  творчествоға  құлаш  ұрады.  Coл  ана  тілімізді  біз  жақсы 

білеміз бе, оның нендей сыр-сымбаты бар, оның ұшан-теңіз байлығын қалай 

меңгердік? Ана тілінің табиғаты туралы бұрын-соңды ойланып көрдік пе? 

Ойға орала беретін осы бір сауалдар бәрімізге де ортақ сияқты. Бірақ оларға 

берілетін жауап, меніңше, бірдей бола бермеуі мүмкін.

Қай тіл болмасын, ол адам қоғамы тәрізді ұзақ өмір сүреді, оның өзіндік 

тарихы, басып өткен жолы, даму сатылары болады. Бірақ бірде-бір тілдің 

жасын  тап  басып,  ашып  айту  кімге  бол са  да  қиын.  Өйткені,  бұл  тарихи 

сүрлем – мыңдаған-миллиондаған жылдардың қойнау-қырқаларында жатқан 

сыры мол, ғаламат дүние.

Дегенмен,  кейбір  жазба,  қазба  ескерткіштерге  қарап,  туған  өлкенің 

жер-су  атаулары  мен  сөздік  қорымызда  сақталған  көненің  көзі  іспеттес 

деректерге  сүйене  отыра,  көз  жетпесе  де  ой  жететін  тілдің  тарихи  даму 

белестерін  елестетуге  болатын  сияқты.  Мәселен,  қазақ  тілінің  халық  тілі 

болып  қалыптасу  дәуірін  XIV–XV  ғасырлар  десек,  оны  тарихымыздағы 

белгілі саяси-әлеуметтік жағдайға, бытырап жатқан ру тайпалардың бірлесіп 

бір тұтас халыққа айналуына байланысты айтамыз. Бірақ бұл халқымыздың 

этнолингвистикалық тарихының ұшар басы емес, белгілі бір кезеңі ғана. Ал 

оның көзі әріден басталып, тарихи соқпақ бізді сонау орхон-енисей дәуіріне 

жетелейді.


173

Қазақ  тілінің  басқа  туыстас  түркі  тілдерден  бір  айырмашылығы 

–  оның  тұтастығы.  Ұшы-қиыры  жоқ,  ұлан-ғайыр  қа зақ  даласында 

көшіп-қонып  жүрген    халқымыздың  тілі  академик  В.  В.  Радловты 

таңқалдырған,  өзінің  осы  монолиттей  тұтастығын  калай  сақтаған 

десеңізші?

Жер бетінде бірде-бір таза тіл жоқ. Өйткені, көрші халықтармен ұдайы 

бо лып келген тарихи, мәдени, географиялық, экономикалық т. б. қарым-

қатынастар тілге әсерін тигізбей қоймайды. Сол сияқты біздің ана тілімізде 

де осындай лексикалық ауыс-түйістер аз емес. Оның сөздік құрамында әр 

дәуірдің жемісі болып саналатын санскрит, иран, араб, қытай, орыс және сол 

арқылы енген европа тілдерінің злементтерін көптеп кездестіруге болады. 

Тіл баюының бұл бір арнасы болса, оның негізгі жолдары тілдің ішкі даму 

заңдылығына  және  сыртқы  әлеуметтік  себептерге  байланысты  болып 

келеді. Қай заманда болмасын тіл қатынас құралы ретінде қызметін атқару 

үшін әрдайым өзінің коммуникативтік қабілетін сақтауға тырысады. Бұл 

тілдің ішкі даму заңдылығына сәйкес болса, оның сыртқы даму заңдылығы 

қоғамның тілге деген қамқорлығына байланысты. Мұндай қамқорлықты 

ұлттық  тілдердің  жан-жақты  дамуына,  гүлдене  түсуіне  толық  жағдай 

жасап отырған біздің советтік болмыстан айқын көруге болады.

«Тіл  ұдайы  дамып,  өзгеріп  отырады»  дегеннен  біз  нені  аңғарамыз. 

Тіл  өзінің  түпкі  тұлғасын,  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  құрылымын, 

тұла бойында тұнып тұрған сөз байлығын төкпей-шашпай сақтай отыра, 

жаңа  толқын  жас  буынмен  бірге  ылғи  жасарып,  жаңаланып,  толассыз 

толығып отыратын ерекше бір қасиетке ие. Осы бір объективті себептер ге 

байланысты басқа тілдер сияқты қа зақ тілі де ең бай тілдердің қатарынан 

орын алады. 

Біз  жоғарыда  адам  өле-өлгенше  өз  тілінің  байлығын  меңгерумен, 

үйренумен болады дедік. Шынында солай. Бірақ ешбір жан ана тілінің сөз 

байлығын толық меңгерген де, сарқа пайдаланған да емес. Ұлы Абай өзінің 

артында қалдырған асыл мұрасын жазу үшін қазақ тілінің байлығынан бар 

болғаны 6 мыңдай ғана сөзін қолданған екен. Бұл қазіргі сөз байлығымыздың 

шамамен оннан бірі ғана. «Тілімізде қанша сөз бар?» дегенде дәл жауап бере 

алмаймыз. Оны айту қиын, өйткені тіл байлығы бір орында тұрған тұрақты 

шама емес, ол ұдайы, дамылсыз өзгеріп, жаңаланып отыратын құбылыс. 

Сондықтан да бүгінгі дерек ертең-ақ дәл болмай шығады. Оның үстіне тіл 

байлығы де генде тек сөздің санын ғана есептеуге болмайды. Тіл байлығы 

өзінің мазмұнымен де бағаланады. Бір сөздің бірнеше мағынасы болады, бір 

ұғымды білдіруге болатын бірнеше сөз тілде қатар өмір сүруі мүмкін, сөз 


174

мағынасын көпшілік жағдайда сөз тіркесімен де беруге болады: ал тілдің 

көркемдік  тәсілдері,  әсіресе  теңеу,  салыстыру,  экспрессивті  лексика  мен 

тұрақты сөз тіркестері болса, өз алдына бір төбе.

Ана  тілімізді  қадірлеу  деген  не?  Әрине,  бұдан  тілімізді  реті  келген 

жерде  мақтай  беру,  мадақтай  беру  керек  де ген  ұғым  тумаса  керек.  Мен 

өз басым, ана тілді қадірлеу дегенді ең алдымен оның тамаша табиғатын 

ерекше  зейіндікпен  тани  білу,  оның  алуан  түрлі  сырын,  сиқырлы  күшін 

тап  басып,  қисынды  да  орнымен  колдану  деп  түсінемін.  Тілге  кездейсоқ 

сөздің жиынтығы деп қарамай, атадан балаға мұра боп келе жатқан халық 

даналығының қамұсы (энциклопедиясы), өткен өмір мен бүгінгі тұрмыстың 

айнасы, рухани қазынамыз деп қарағанда ғана оның қадіріне жетеміз, оны 

ардақтай аламыз.

«Қазақстан әйелдері» журналы көтерiп отырған ана тілі проблемасы 

– бәрімізді де қатты ойландыратын, толғандыратын ортақ проблема. Бұл 

мәселені  жан-жақты  талқылауға  қатысып,  қажетті  жерінде  пікір  айтып, 

атсалысуды тіл мамандары да өзінің төл ісі, абзал борышы деп санайды. Ол 

үшін журнал бетінде ана тіліміздің сан алуан «шаруашылығын» ұдайы сөз 

етіп, пікір алысып тұратын арнаулы мүйісі болса екен дейміз.

«Қазақстан әйелдері». 1982. № 2.

Ана тілі – бәріміздің анамыз

– Қазақ елі егемендік алғалы он төрт жылдан асты. Осы жылдарда 



атқарылған  жұмыстарға  және  қазіргі  жағдайға  көңіліңіз  тола  ма? 

Қазақ тілінің болашағы туралы не айтар едіңіз?!

– Еліміз егемендік алған осы он бес жылдың ішінде халқымыз сан 

жағынан, әрі сапа жағынан да өсті, экономика, мәдениет жағынан дамып 

өркендеп келеді, мұндай даму ұлт тұрғысынан алғанда тарихта бұрын-

соңды болған емес. Бұл даму, бұл үрдіс бұдан кейін де жалғаса бермек. 

Халқымыз, еліміз дамудың тың сатысына көтерілді деп есептеймін.

Қоғамдық  өмірде  он  бес  жылда  үй  болудың  өзі  де  тым  оңайға 

соқпаса керек. Ал бір мемлекет деңгейінде айтқанда он бес жыл деген 

тым қысқа мерзім. Осы тұрғыдан қарағанда біз тез уақытта бой көтеріп, 

көптеген мақсатымызға қол жеткіздік.

Бұрын  өзгелер  қазақ  халқын  Ресейдің  қарамағындағы  көптеген 

ұлттардың бірі деп географиялық ұғым ретінде ғана танып келсе, бұл 

күндері  шетелдегі  саясаткерлер  қазақтың  кім  екенін  білуге  барынша 

ынталануда.  Олардың  халқымызға  деген  көзқарасы  кешегіден  мүлде 

басқаша.  Қазақ  елінің  әлемдегі  ең  озық  елдердің  қатарында  тұруға 


175

мүмкіншілігі  бар.  Өзінің  жер  асты,  жер  үсті  байлығы  жеткілікті. 

Сондай-ақ,  осы  заманғы  жаңа  техниканы  өздері  игеріп  кете  алатын 

Н.Ә.  Назарбаевтай  басшысы  бар  халық.  Экономика  жағынан  барлық 

байлығымызды қолымызға алып өзімізге жұмсасақ, күндердің-күнінде 

тұрмыс-жағдайымыз да көтеріледі. Сондай-ақ, халықтың ой санасы да 

табиғи түрде өседі деп ойлаймын. Осыған орай қазақ тілінің болашағы 

да зор деп кесімді жауап айта аламын.

–  Бұл  күндері  дүниежүзіндегі  қазақтардың  жалпы  жан  саны  13 

миллион болса, ал оның бес миллионнан астамы шетелдерде тұрады. 

Осы елдердегі жағдайларға байланысты қазақ тілінің қолданыс аясы 

да, деңгейі де әр түрлі. Дегенмен, жалпы қарағанда, дәл қазір жаһандану 

үрдісіне байланысты шетелдерде қазақ тілінің тынысы барған сайын 

тарылып  бара  жатқандай.  Әсіресе,  ана  тілінде  мектептері  мен 

басылымдары жоқ елдердегі қазақтардың тілдік жағдайы өте қиын 

екені айтпаса да белгілі. Яғни Қазақстанда қазақ тілінің өрісі кеңейіп, 

жағдайы жақсарғанымен, шетелдердегі қазақтардың тілдік мәселесі 

керісінше  болып  отыр.  Осыған  байланысты  Қазақстан  мемлекеті 

шетелдердегі  қазақтарға  осы  жөнінен  қандай  іс-шаралар  атқаруы, 

көмектер көрсетуі керек деп ойлайсыз?

Мен  «Парасат»  журналының  «Болашақ  Президент  кім  болады? 

Болашақ  Президентке  айтар  тілегіңіз  қалай»?  –  деген  сауалына 

былай  деп  жауап  бердім:  Біз  төрт  көзіміз  түгел  болмай  көп  нәрседен 

ұтыламыз.  Күні  кешеге  дейін  қазақ  халқымыздың  жан  саны  елімізде 

30 пайыз ғана болды. Яғни, он адамның үшеуі ғана қазақ, ал қалғаны 

басқа ұлт. Мінекей сондықтан төрт көзіміз түгелденбей тіл мәселесі де, 

демография, экономика, мәдениет, салт-дәстүр, ұлттық қасиеттеріміздің 

барлығы  түгелденбейді.  Сондықтан,  шетелдердегі  бес  миллиондай 

қазақтың Қазақстанға қайтып келуіне жағдай жасаса Президентіміздің 

бүкіл тарихта аты қалады, ұмытылмайды деп ойлаймын. Өйткені бұл 

күрделі де, ауыртпашылығы салмақты тарихи мәселе. Десе де шешуге 

болады.

Шетелдерде  ата-бабаларының  жеріне  қайтып  келуге  құлшынып 



отырған қазақтар баршылық, оларға тиімді жағдай жасап, ортамыздан 

орын беруіміз керек. Жоғары жақта дұрыс шешілген кейбір мәселелер 

төменге барғанда қиындап, ретін таппай жатады. Меніңше, осылардың 

барлығын  тез  арада  жөнге  салып,  оралмандарға  орын,  жұмыс  тауып 

беріп,  мамандық  алуына  мүмкіндік  жасап,  экономикалық  жағынан 

жәрдем  етіп  отырса,  бұл  мәселе  қалай  да  шешімін  табар  еді.  Яғни 



176

бес  миллион  халық  деген  ол  –  бір  мемлекет.  Сондықтан  қазақ  еліне 

бес  миллион  қазақ  келіп  қосылса,  қазақ  өзінің  қазақтығын  таниды. 

Шетелдерден қаншама мамандар, ғылым докторлары мен кандидаттары 

Қазақстан мемлекетіне келіп біздің игілікті ісімізге үлесін қосып жатыр. 

Міне бұл қазағымыздың «елден ел кетсе жұт, елге ел қосылса құт» деген 

аталы сөзінің ақиқатына жүгіндіреді.

–  Әрине,  қысқа  мерзімде  бес  миллион  халықтың  Қазақстанға 



бірден келе қалуы да қиындау, бұған уақыт қажет. Ал осы елдердегі 

қазақтардың  тіл-жазуына  үңілер  болсақ,  Қазақстанда  –  кириллица, 

қытайда  –  төте  жазу.  Яғни  Қытайда  араб  жазуына  негізделген 

графиканы,  Түркияда  және  Европа  елдерінде  латын  жазуына 

негізделген графиканы қолданады. Осындай іс жүзіндегі қиындықтарга 

байланысты  шетелдердегі  қазақтардың  бір  жағынан  тілдік  өрісі 

тарылса,  екінші  жағынан  графиканың  шеңберіне  тұсалып,  жасалып 

жатқан  терминдердің  әсерінен  тілде  алшақтау  мәселесі  туындап 

отыр.  Жуықта  өткен  Қазақтардың  III  Дүниежүзілік  құрылтайында 

Елбасы «Әлем қазақтары үш түрлі графика қолданады, бұны ерте ме, 

кеш  пе,  әйтеуір  бір  ізге  түсіру  керек,  мұны  ғалымдарымыз  талқыға 

салсын» дегенді тағы да айтты. Жалпы ортақ латын жазуын қолдану 

мәселесін 1992 жылдан бастап көтеріп келесіз. Бұл туралы Елбасына 

ашық  хат  та  жаздыңыз.  Латынға  көшу  мәселесі  саябырсып  қалған 

жоқ па? Бұл туралы не дейсіз?

–  Бұл  жөнінен  әркімнің  көзқарасы  әр  түрлі.  Тіпті,  мынау  қазақ 

зиялыларының  өздерінде  дұрыс  емес  көзқарастар  пайда  болды.  Бұл 

мәселе  жөнінде  ешқандай  қара  басымның  қамын  ойлап  отырғаным 

жоқ. Кезінде Мұстафа Ататүрік Совет Одағының құрамындағы түрік 

халықтары  барлығы  бір  сәтте  (1926  жылы  Баку  қаласында  өткен  1 

Бүкілодақтық  түркітану  съезінде)  өзінің  бұрынғы  жазуларын  тастап 

латын графикасына көшу керек деген мәселені ортаға қойғанда, «Олар 

латын  жазуына  көшіп  кететін  болса,  латын  жазуын  қабылдамаған  біз 

жұртта  қаламыз.  Яғни,  бүкіл  түрік  әлемінен  айырыламыз»  деп  билік 

қолында  тұрғанда  жалпы  түркі  халықтарының  мүддесін  ескеріп, 

түріктердің мың жыл бойы қалыптасқан жазуын өзгертіп, бірден латын 

жазуына көшірді ғой!

Одақтың  құрамында  жасаған  70  жылда  жалпы  тіл,  жазу  мәселесі 

аясында  астыртын,  жымысқы  саясаттың  түпкі  мақсаты  қанша 

бүркемеленіп келсе де, бүгінде ол досқа да, дұшпанға да мәлім. Мәселен, 

Түркия елінің ғалымы, профессор Тимур Қожаоғлу осы мәселе туралы: 


177

«Совет  үкіметі  1927  ж.  СССР-дағы  бүкіл  түркі  халықтары  қолданып 

келген араб алфавитін латын алфавитіне ауыстырды. Бірақ Түркияда да 

1928  жылы  латын  алфавиті  түрік  алфавиті  болып  қабылданғандықтан 

Совет басшылары Анатолия түріктері мен Совет одағындағы түркі тілдес 

халықтардың мәдени байланысының арта түсуінен қауіптеніп, 1939-1940 

жылдардан кейін оларға міндетті түрде кирилл алфавитінің бір-бірінен 

парқы бар алты түрін қабылдатқызды» - дейді. Міне, Түркі халықтарына 

араб, латын алфавиттерін жедел ауыстырып, оның орнын жаппай славян 

алфавитін қабылдатудың бір себебі осында деуге болады.

«Ортақ  жазу»  идеясы  да  түркі  халықтарының  рухани,  мәдени 

ортақтығын сақтап қалудың бір шарты саналады. 1993 ж. Анкарада 6 түркі 

мемлекеттің – Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, 

Түрікменстан  елдерінің  бас  қосқан  жиынында  ортақ  ұлттық  жазуды 

қалыптастырудың негізі ретінде 34 әріптен тұратын латын әліппесінің 

жобасы ұсынылған болатын. 1994 жылы Анталия қаласында өткізілген 

жер жүзі түркі халықтарының құрылтайында бұл жоба мақұлданып, латын 

жазуына көшу туралы жиынға қатысқандардың бәрі бір ауыздан шешім 

қабылдаған болатын. Міне, содан бері 11 жылдай уақыт өтті. Қазақтар 

мен қырғыздардан басқа Өзбектер, Әзербайжандар, Гагауыздар, Қырым 

татарлары, Түркімендер түгелдей латын жазуына көшкен. Татарлардың 

да ойы жоқ емес. Ал қырғыздар біздің аужайымызды бағып отыр. «Егер 

қазақтар  латын  жазуына  көшсе,  біз  де  латын  жазуына  көшеміз»  дейді. 

Мінеки, осы ұлттардың барлығы латын жазуына көшіп жатса біз қалай 

қол қусырып қарап тұра аламыз? Латынға көшу алынбайтын қамал емес.

Мысалға  көршіміз  Өзбекстанды  алайық.  Өзбектер  де  түркі 

халықтарының бірі. 1994 жылы Анкарада өткен жиналысқа өзбектерден 

де  үш-төрт  адам  қатынасты.  Қазақтардан  Қазақстаннан  да  үш  адам 

бардық (Ерден, мен, Сайлаубек) сонда латын жазуына көшу мәселесіне 

үшеуіміздің  біреуіміз  қарсы  болдық.  Қазірге  дейін  бұл  мәселеде 

ауызбірлік  жоқ.  Ал  өзбектер  бәрі  бір  ауыздан  қосылуы  1995  жылы 

бірден  латын  жазуына  көшті.  Сол  1995  жылы  мектеп  табалдырығын 

аттаған балалар міне, биыл 10 сыныпты латын жазуымен бітірді.

Мұндағы басты әңгіме өзбектердің латынға көшуіне ғана байланысты 

емес, онда тұрып жатқан қандастарымыздың білім алу, жұмысқа тұру т.б. 

әлеуметтік жағдайларына да тікелей қатысты. Яғни, бір жарым миллион 

қазақ  Өзбекстан  территориясында  тұрады.  Олардың  600-дей  мектебі 

бар. Ондағы балалардың барлығы кириллицамен оқып жатыр. Өзбектер 

өз  еліндегі  қазақтарға  «Егер  біз  латын  жазуына  ертеңгі  күні  түгел 


178

ауысқанда  қолдарыңда  латын  жазуында  дипломдарың  болмаса  жұмыс 

бере алмаймыз, маман деп есептемейміз» дегенді ескерткен. Демек, бір 

жарым  миллион  халықтың  балалары  ертеңгі  күні  маман  да,  сауатты 

да  болмай  аспанға  қарап  қалса  не  болғаны.  Бұл  мәселені  Қазақстан 

мемлекеті ойламаса, кім ойлайды? Бұл туралы осы жолғы Құрылтайда 

Өзбекстаннан келген қазақ қоғамының төрағасы да өз пікірін айтты.

– Бұл тек Өзбекстанда ғана сақталып отырған мәселе емес қой?

– Иә, байқап отырсаңыз бұл шетелдегі барлық қазақтарға тән мәселе. 

Ең үлкен қиыншылық та міне, осы арадан басталады. Іс жүзінде қазақтар 

бара-бара  өз  ана  тілінде  мамандық  ала  алмай,  алған  күнде  де  біздің 

жазумен  сауат  аша  алмай,  басқа  бір  хатта  оқып  білім  алса,  айдалада 

қалғалы  отыр.  Бұл  әрине,  ащы  шындық.  Бұл  мәселе  Қытай  елінде  де 

сақталып  отыр.  Қытайдағы  қазақтар  1960  жылдан  бұрын  төте  жазуды 

қолданса,  ал  1960  жылдан  1982  жылға  дейін  жиырма  жылдай  латын 

жазуын  пайдаланған.  Сосын  қайталай  төте  жазуға  көшті.  Оны  көріп 

отырмыз.  Алайда  төте  жазуды  (араб  жазуын)  бұл  жақтағы  қазақтар 

танымайды.  Ал  кириллицаны  олар  танымайды.  Оның  үстіне  термин 

мәселесі тағы бар дегендей. Міне, осылайша әр елдегі қазақтардың тіл-

жазуындағы алшақтық барған сайын ұлғайып барады. Егер бұл жағдай 

осылай  жалғаса  берсе  ұлтымыздың  тұтастығына  үлкен  қауіп  болары 

анық.


– Олай болса бұл туралы нақтылы қандай шаралар қолдану керек, 

не істеу керек деп ойлайсыз? Сізше қай жазуды қолдану тиімді? Өзіңіз 

латын жазуына көшуді әуелден-ақ қолдап келесіз ғой!

–  Өз  басым  Қазақстанда  латын  жазуын  қолдануды  қуаттап  келе 

жатқан адаммын. Жалғыз мен ғана емес, бұл жағын баспасөз бетінде 

де,  іс  жүзінде  де  қолдайтындар  көп.  Соған  сай  қарсы  шығушылар  да 

жоқ  емес.  Бұл  туралы  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  талай  сөз 

болған.  Ал  осыған  қарсы  пікір  айтушылардың  дәлелі  де  бізге  бірден 

белгілі.  Олар  надан  болып  қаламыз,  мәдениетімізден  айырылып 

қаламыз дегенді айтады. Меніңше мұнда тұрған дәнеңе жоқ. Ешқандай 

мәдениетімізден де айырылмаймыз, надан да болмаймыз. Қайта біздің 

жазуымыз  дыбыстық  жазу.  Ол  тұрмақ  мағыналық  иероглифтерді 

транскрипциялауда қытайлар да латын жазуын қолданып отыр. Латын 

жазуы  –  дүниежүзі  бойынша  қолданылып  отырған  халықаралық 

маңызы  бар  транскрипциялық  дыбыстық  дәл  жазу.  Яғни,  бұл  әрбір 

дыбыстың  ерекшеліктерін  түгел  анық  көрсететін  фонемалық  жазу. 

Сондықтан,  біз  латын  жазуына  көшсек,  қазақ  тілінде  қазір  дау  болып 


179

жүрген кейбір мәселелер дұрыс шешімін табады. Мысалы, «тау» деген 

сөзді алатын болсақ үш дыбыстан тұрады. Ал «жу» деген сөздегі «у» 

сөзін бір-ақ дыбыспен жазамыз «у» зәре мағынасында. Ал шын мәнінде 

ол  «у»  айқын  көрініп  тұрған  екі  дыбыстан  тұрады.  Оның  барлығына 

орыс тілінің ыңғайына байланысты үйреніп кеттік.

– «Я», «ю» деген таңбалар да осылай ғой?

– Иә, солай. Біз бұл дыбыстардың ерекшеліктерін нақтылы дұрыс 

бейнелеп бере алмай отырмыз. Мысалы: «Момпи, тымпи, жымпи» деген 

сияқты.  Сөздердің  барлығына  бір  ғана  «и»  жазамыз.  Міне,  осындай 

жағдайлар  біздің  жазуымызда  өте  көп.  Біз  қазір  42  әріп  таңбасын 

қолданып отырмыз. Бұның қажеті шамалы. Бізге 28 әріпті латын жазуы 

да жетіп жатыр.

– Ал орыс ғалымдарының болашақта орыстар да латын жазуына 



көшу керек деген пікірі туралы не айтасыз?

–  Қытайдың  тіл-жазу  жағдайын  өзің  жақсы  білесің.  Қытай 

халқының  жазу  дәстүрі  сонау  ертеде  қалыптасқан.  Иероглиф  деген 

ол  –  кез-келген  ұлттың  бәрінде  бола  бермейді.  Қытай  жазуы  өзіндік 

ерекшелігі мол жазу бола тұрса да осыны латын жазуына өзгертейік деп 

реформа  жасады.  Бірақ  қытай  жазуы  мағыналық  жазу  болғандықтан 

оны тек халықаралық транскрипция ретінде ғана қалдырды да бұрынғы 

жазуында қалды. Орыс тілінде де латын жазуына көшу-көшпеу туралы 

талай  пікірталастар  болып  келеді.  Айтар  болсақ,  қазір  орыс,  украин, 

белорус үшеуінен басқа славян халықтарының барлығы дерлік латын 

жазуын  пайдаланады.  Орыстар  осыны  ескере  отырып  «біз  негізіміз 

бір  ескі  славяндармыз,  тіліміз  де  ортақ  славян  тілінің  негізінде 

қалыптасқан.  Сондықтан,  тілдік  ортақтығымызды  сақтау  үшін  біз  де 

сол латын жазуына көшуіміз керек» деген мәселені қойып жүргендері 

бар.  Мүмкін  күндердің  күнінде  орыс  халқы  да  латын  жазуына  көшуі 

ықтимал.  Меніңше  өзгермейтін  ештеңе  жоқ.  Араб  жазуы  да,  кирилл 

жазуы  да,  орхон-енисей  жазуы  бәрі  де  уақыттық  жазу,  оның  бәрін 

кезінде  пайдаландық.  Ал  енді  латын  жазуы  болса  бүгінде  бүкіл 

жер  жүзіне  тараған,  компьютер  тілінде  қолданылып  отырған,  өте 

икемді  де,  қолайлы  жазу  екені  анық.  Сол  үшінде  ертерек  көшкеніміз 

абзал.  Заманның  үрдісі  соны  талап  етеді.  Бұл  туралы  анау  Түркия 

қазақтарының сауалына жауап ретінде Президентіміздің өзінің айтқан 

сөзі  де  бар.  Егер  латын  жазуын  «Халық  қалап  жатса,  қажеттілігін 

ғалымдар дәлелдеп бересе неге көшпеске» деген болатын. Сондықтан, 

біз де Президенттің сөзін қайталаймыз.


180

–  Биылғы  Құрылтайға  әр  елден  жастар  жағы  көбірек  келіпті. 



Олар  да  өздерінің  әртүрлі  тілектерін  білдіріп  жатты.  Әрине, 

шетелдегі  бес  миллион  қандастарымыздан  уәкіл  ретінде  300  дей 

адам  ғана  жиналысымызға  қатынаса  алды.  Өйткені,  алыстағы 

ағайындарымыздың барлығының Қазақстанға келуі де мүмкін емес. Осы 

әңгіме орайында шетелдегі қандастарымызға қандай тілек айтасыз?

– Дүниенің қай бұрышында жүрмейік, қазақ тілінің бүгінгі тағдыры 

мен болашағы, қадір-қасиеті бәрімізді толғандыруы тиіс. «Ана тіліміз 

– бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» деген қанатты 

сөзді бәріміз жадымызда сақтауымыз керек. Әр отбасы кішкентай бір 

ел. Ал «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген. Халқымызда «Не ексең, 

соны орасың» деген мақал бар. Біздің болашағымыз жастар, олардың қай 

тілде тәрбие алғаны ұлт үшін өте маңызды. Қай жерде жүрсе де қазақты 

қазақ қылып танытатын, сақтайтын оның тілі ғана екенін ұмытпайық.

– Әңгімеңізге рахмет!



«Алтын Бесік», 2005. №6.16-18 б. 

(Сұхбаттасқан Қ. Ғабитханұлы)


1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал