СМП-84 таразыларының көмегімен экспресс-әдіс (арнайы сүт өнімді таразылар).
Құралдар: СМП-84 таразысы, қыздырғыш құрал, парафин, пергамент қағазы.
Анықтау жолы. Алюмин стақанға диаметрі 10 см болатын пергаментті қағаз үйірмелерін салады. Стақанға ірімшік салып, оны қыздырғыш құралға ораналастырады және ылғалды буландырады. Екі рейтердің көрсеткіштерін 2 көбейтіп, ірімшіктегі ылғалды пайызбен көрсетеді.
Кептірудің экспресс-әдісі. Базарларда сүт және сүт өнімдерінің ветеринарлық – санитарлық сараптау ережелерін ірімшікте кептірудің экспресс-әдісі арқылы ылғалды анықтау үшін қарастырады.
Құралдар мен реактивтер: шыны таяқшалы фарфорлы табақша, технологиялық таразылар.
Анықтау жолы. Шыны таяқшалы фарфорлы табақшаны және 20-25 г құмды температурасы 102-1050С кептіргіш шкафқа 1 сағатқа орналастырады, болғаннан кейін суытып, тренжоникқа орнатып 0,01 г-ға дейінгі дәлдікпен өлшейді.Ірімшік құрамындағы ылғалды формула бойынша анықтайды:
В=[(А-Б) ·100]/5,
Мұндағы, В – құрамындағы ылғал, %;
А – кептіруге дейінгі құрамды табақшалар, г;
Б – кептіргеннен кейінгі құрамды табақшалар, г;
5 – өнім қалқасы, г.
Ет-сүт бақылау станцияларының жағдайларында сүт қышқыл өнімдерінің сапасының көрсеткішінің рұқсат етілген нормалары 4 - кестеде көрсетілген.
Қаймақ пен кілегей бұрмалануын анықтау: қаймақты ұсақ ірімшік, айран, кефир және крахмал қоса отырып бұрмалануды істейді.
6-кесте
Сүт қышқыл өнімдерінің сапасының көрсеткіштері
Өнім
|
Құрамындағы май,
%,аз емес
|
Қышқылдығы, 0Т
|
Ылғал, %
|
Құрамындағы спирт, %
|
Айран
|
2,8
|
75-120
|
-
|
-
|
Ацидофилин
|
2,8
|
75-130
|
-
|
-
|
Ряженка
|
2,8
|
85-150
|
-
|
-
|
Қатық
|
2,8
|
75-120
|
-
|
-
|
Йогурт
|
6
|
85-150
|
-
|
-
|
Мацони
|
2,8
|
75-120
|
-
|
-
|
Кефир
|
2,8
|
70-120
|
-
|
0,3-0,6
|
Майлы ірімшік
|
18,0
|
240
|
65
|
-
|
Жартылай майлы ірімшік
|
9,0
|
240
|
80
|
-
|
Қаймақ
|
25,0
|
60-100
|
-
|
-
|
Кілегей
|
20,0
|
17-19
|
-
|
-
|
Қымыз
|
1,0
|
60-120
|
-
|
1-3
|
Ірімшік қоспаларын және айранды анықтау
Анықтау жолы. Стақанға ыстық сумен асқасық пен қаймақты енгізеді. Бұрмалау болған кезде май бетіне қалқып шығады. Ал, ірімшіктің казеині, айран және басқада қоспалар түбіне жиналадыү Қаймақта тұнба немес оның іздері қалуы керек.
Крахмал қалдығын анықтау
Құралдар мен реактивтер: түтікшелер, Люголя ерітіндісі.
Анықтау жолы. Крахмал қоспасын анықтау. Түтікшеге 5 мл қаймақ, 2-3 тамшы Люголь ерітіндісін қосады. Құрамын араластырып, сілкейді. Көк түстің болуы өнімде крахмалдың бар екенін көрсетеді.
Қаймақ пен ірімшіктегі стафилококкты токсинді анықтау.
Құралдар мен реактивтер: 1 н күйдіргіш натрий.
Анықтау жолы. Өнімнің қышқылдылығын Тернер бойынша анықтайды. Шыны стақанға (20-25 мл) 5 г өнім енгізеді және 10 мл физиологиялық сұйықтықты қосады. Ішіндегісін шыны таяқшамен мұқият сүртеді. Кейін, егер, өнімнің қышқылдылығы 1000Т – дан аспаса түтікшеге 0,3 мл 1 н күйдіргіш натрий ерітіндісін қосады, ал егер 1000Т-тан жоғары болса 0,5 мл 1 н күйдіргіш натрий ерітіндісін қосады.
Түтікше ішіндегісін10 мин, минутына 2000 айналым мен центрифугалайды, кейін тұнба сұйықтығын сорып алады. Түтікшеге 2 мл тұнбалық сұйықтық құйып, қояндардың дамыған эритроциттерінің бір тамшысын қосады. Келемі зерттеулерде және баға беруде сүттегі стафилаккок токсиндерін зерттеген сияқты жүргізеді.
Клевер 1 М құралында автоматты, нақты және тез ҚМЗҚ және меншікті салмағына ұсынылған инструкция бойынша сүт пен кілегей сұйықтықтарын анықтайды.
Тапсырма
1. Сүт қышқыл өнімдерінің орташа сынамасын алу.
2. Айран, кефир және т. б сапасын анықтау.
3. Зерттелетін сүт қышқыл өнімдерінің сапасына қортынды беру.
Достарыңызбен бөлісу: |