Сасықкөл.
Алматы , Шығыс Қазақстан облыстары жеріндегі көл . Балқаш-Алакөл қазаншұңқырында . Теңіз деңгейінен 3506 м биіктікте жатыр. Ауданы 736-765 км2, ұзындығы 49,6км ,ені 19,8 км .Ең терең жері 4,7 м . Деңгейінің жылдық ауытқуы 1-2 м,кейде су деңгейі 3м-ге дейін көтеріліп,жағалаулық ойпатын су басады .Сасықкөлге солтүстігінен Қаракөл, оңтүстік-батысынан Тентек өзендері құяды . Суы мол жылдары Алакөл, Жалаңашкөл, Ұялы көлдерімен қосылып , ауданы 55 мың км2-лік тұтас айдынға айналады .Бұл көлдер ертеректе Балқаш көлімен тұтасып ,кейіннен тектоникалық көтерілуге байланысты одан бөлініп қалған .
Көл жағасы тілімделген ,шығанақты, түбекті , қойнаулы келеді. Солтүстік-батыс және оңтүстік жағалауы сазды, ал батысы мен оңтүстік-батысы тастақты .Таяз жерінде қамыс , балдыр , су өсімдіктері өседі . Солтүстік-батыс бөлігінде Аралтөбе аралы бар. Климаты континенттік. Көл атырабына жылына 250-300 мм жауын-шашын түседі .
Суы қарашаның 2-ші жартысында қатып, сәуірдің аяғында мұзы ериді. Қыс қатты жылдары мұзының қалыңдығы 1 м-ден асады . Жазда судың беткі қабатының температурасы 24-260 С-қа дейін жетеді .Қыста 00-тан төмен . Көл суының тұздылығы 1,2-2,0 г\л. Көлден сазан, көкбас, алабұға тағы басқа балықтар ауланады. Көлді ондатра , сондай-ақ ,үйрек , қаз, аққу, шағала тағы басқа құстар мекендейді. Қамыс арасында жабайы шошқа , қамыс мысығы, су тышқаны , тағы басқа аңдар бар. Көл атырабы жайылымға, шабындыққа пайдалануға қолайлы .
Ұялы.
Алакөл ауданындағы ағынсыз көл. Алакөл мен Сасықкөл аралығында. Ұзындығы-18,3 км, ені-9,6 км-ге жетеді . Тереңдігі –5,8 метр, ауданы-120-190 км2. Жағалауы жатық , шығысы ашық , қалған жағалауында қамыс өседі . (2600га).Сасықкөлге жіңішкелеу өзен арқылы ,Алакөлге Көшербай көлі арқылы ұштасады . Суы тұщы ,сазан, табан , көксерке тағы басқа балықтар бар. Көл атыраб шабындыққа пайдалы.
Қошқар.
Алакөл және Сасықкөл аралығында орналасқан ағынды көл. Оған жіңішке өзен құйып ,Ұялы өзні ағып шығады . Теңіз деңгейінен 349,8м биіктікте орналасқан .Су көлемі 120м3 , ұзындығы 8,2км , ені 9,6 км, орташа тереңдігі 4,07 м. Көлдің су жинайтын алабы 20,8 мың км2. Көлдің сыртқы пішіні жарты шар тәрізді, түбі жазық ,тұнбалары біркелкі. Суы тұщы,гидрокарбонат класына жатады .Көлде балдырдың 64 түрі бар, жағалауы қамысты.Су ішінде балдыр ,мүйіз жапырақ, қарақұла өседі, балықтың 8түрі бар .Батыс және оңтүстік жағасын ондатра, үйрек , қаз, аққу , шағала, тағы басқалары мекендейді.Қошқаркөл жаңбыр және жер асты суымен қоректенеді .
Жалаңашкөл .
Алакөл алабындағы көл. Алакөл ойысының оңтүстік бөлігінде,Жетісу (Жоңғар) қақпасының солтүстігінде ,теңіз деңгейінен 372,5 м биіктікте жатыр . Аумағы37,6 км2, ұзындығы 9 км , ені 5,8 км, ең терең жері 3,25 м, суының жалпы көлемі 98 млн м3 . Жауын-шашын және ырғайты Тентек өзендерінің Алакөлдің жайылма суымен толығады . Көлге шығысынан Қусақ , батысынан Тоқты өзендері құяды .Жағасы негізінен жайпақ, құмды , батыс жағалауы кемерлі .Желтоқсан-наурыз айлары аралығында мұз қатады. Суы тұзды, алабы жайылым ретінде пайдаланылады . Жалаңашкөлде алабұға, сазан, көкбас балықтары бар . Шағала, жабайы үйрек, қазсияқты құстар мекендейді .
Достарыңызбен бөлісу: |