Мазмұны Кіріспе І тарау. Алакөл ойысының геотектоникалық құрылысы. Жер бедері



бет13/19
Дата26.04.2023
өлшемі271,5 Kb.
#87112
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
-dip -alakol-oyysynyn-geotektonikalyq-qurylysy-klimaty-organikalyq-duniesi

Алакөл ойысының ішкі сулары

Аймақтың өзен климатының ерекшелігі мен жер бедеріне тығыз байланысты. Көршілес жатқан Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігінен бастау алатын мұздықтар мен еріген қар, жаңбыр суларынан қоректенетін Тентек, Жалақты, Ырғайлы, Барлық-Майлы, Тарбағатайдың өңтүстік беткейінен бастау алатын Ұржар, Еміл, Шаған-тоғай, Шошқалы, Құсық, Шолақтерек, Қатынсу өзендерінің сулары жазда көлге келіп құяды. Тарбағатайдың оңтүстік беткейінен бастау алатын өзендер жылдам ағатын жас тау өзендерінің қатарына жатады. Жауын-шашын біршама мол түсетіндіктен өзен торлары да жиі.


Биік тау беткейлерінен бастау алатындықтан тар шатқалды сарқырамалы шоңғалды болып келеді. Өзендердің тар шатқалды болуы Неоген-Төрттік дәуірлерде тау жүйелерінің жаңғырып қатпарлы жақпарлы тауларға айналуымен тығыз байланысты. Тарбағатайдың өңтүстігінен бастау алатын өзендер еріген қар, жаңбыр және жер асты суларынан қоректенеді. Сондықтан өзендердің жылдық ағынының 60-80% қар қарқынды еритін сәуір-мамыр айларында ағып өтеді.
Жылдың қалған маусымдарында күрт төмендейді. Ең төменгі деңгейі тек жерасты суларынан ғана қоректенетіні қыста байқалады. Тамыздың соңы мен қазан айларының аралығында күзгі жауын-шашын кезінде суының деңгейі көтеріледі, күзгі жауын-шашынды оңтүстік-шығыс және батыс желдері әкеледі.
Жетісу Алатауының шығыс беткейінен бастау алып Алакөлге құятын Ырғайты, Тентек, Жалаңты, Шыңдалы, Тоқта өзендері бастауларын 2500-3200 метр биіктіктен алады. Бұлардың жоғарғы және орта ағыстары тау топырақтарын терең тілімдейтін тау өзендеріне тән сипат алады. Өзендердің жоғарғы ағыстарында ірі қойтастар мен шоңғалдар жиі кездеседі. Жетісу Алатауы, Тарбағатайға қарағанда биік болатындықтан қоректену режимінде айырмашылықтар бар.
Тентек, Ырғайты өзендері еріген қар суымен қатар жылдық ағынының 10-15% мұздықтардан қоректенетіндіктен көктем мен жазда деңгейі жоғары болады. Суының деңгейі жоғары кезең 5-5,5 айға созылады. Алакөл алабына жататын өзендердің үшінші тобына жерасты көздерінен басталатын ойыстың оңтүстік-батысы мен шығысындағы шағын өзендер мен бұлақ бастаулар жатады. Алакөлдің аталған жағалауларында жерасты суының жербетіне жаппай шығып бұлақ-бастаулар құрайды.
Тентек өзені - Алакөл бассейінің ең үлкен өзені болып табылады. Өз бастауын Жетісу Алатауының солтүстік шығыс бөлігіндегі мұздықтардан алады. Өзен үш ірі салаға бөлінеді.
Тентек, орта-тентек, шеткі тентек.
Селдік ошақтар өзеннің жоғарғы бөлігінде негізінен селдік қиыршық тастардан қалыптасқан. Ауыл шаруашылығына селдік ошақтардан 40-60 км қашықтықта орналасқан.
Жаманты өзені - Өз бастауын 2800метр биіктікте орналасқан,Жетісу Алатауының Күнгей жотасынан алады. Жаманты өзенінің оң жақ жағалауында тасты және батпақты селдің өткені айқын байқалады. Қызылтал өзені Жаманты өзенінің оң жақ арнасы екі өзенді құрайды. Оның ауданы 2-3 га. Селдік ошақтардың негізгі бөлігі негізінен 3 объектен құралған. Селдік тасқыны негізінен өзеннің солтүстік бөлігінде орналасқан фермаларға яғни өзеннен 2 км солтүстік- шығысында орналасқан Глиновка селосына қауіп төндіреді.
Ырғайты өзені – Солтүстігінде Көксуат, оңтүстігінде Тастау өзендерінің қосылуынан пайда болған. Бұл өзеннің рельефтік құрылымы жазық суайрықтық, түбі көтеріңкі, күрделі жартасты негізінен ауданы 800-1000метрді құрайды. Қар жамылғысы өте басым, өзен бассейіннің құрылу ерекшелігіне қарай селдік ошақтар жақсы қалыптасқан. Бірақ өзен арнасының елді- мекендерінен алшақ орналасуына байланысты селдік тасқын тіркелмеген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет