«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет4/23
Дата21.02.2017
өлшемі2,28 Mb.
#4614
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Жалынайын адамдай

Шыққан �ығын расход.

Есесі кірер малымның,

Берсе маған сұрайды-ай.

Қой басқа ой қояйын,

Осылай�а іс қылсам,

Алармын бақты талайды-ай.

                   

Осыны айтып, Смайыл асқа келді. Тоғайда жүрген ат мұны 

көріп,  құйрығын  тастап,  ойнап  далаға  �ықты.  Смайыл  ізінен 

қалмады, тауға барды. Сөйтіп жүргенде, жер жарылып, сары ала 

ат жерге батты. Құйрықтасып жүр еді, Смайылда бірге батты. 

Бұл жақтағы намазға жиылған халық Смайылды іздеп, ү� күн 

таба  алмай,  Мұсаны  жерлеп,  жұрт  жиылып  Телағыс,  Күнкені 

би  қойды.  Мамайды  хан  қойды.  Орақты  «сен  батырлығыңмен 

тұр» деп құр қойды.

Енді  сары  ала  аты,  Смайыл  да  жер  астына  кетіп  жата  бер-

сін. Ендігі сөзді мынадан сөйлейміз. Мамай хан болып бір жыл 

тұрды. Бір күндерде қо�қардың күйегі күздің күні, қара суық 

уақытта Орақ қолына құс алып, соңына ит ертіп ермекке далаға 

290

300


310

52

52

53



ОРАҚ – МАМАй

�ықты. Даулайтұғын дауы жоқ, жаулайтұғын жауы жоқ. І�і 

толып  Орақ  жатыр  еді.  Батырлығының  бір  белгісі  кәрленіп, 

ә�ейінде  айқайласа,  жаз  болса  жауын  жауып,  қыс  болса  қар 

жауатын еді.

Қасенде  Бұғыда  деген  ноғай  бар  еді.  Оның  қасында 

Құс  мұрынды  деген  қара  �оқты  бар  еді.  Орақ  осы  бойы-

мен  сол  �оқының  басына  �ығып  ойлады:  «Айқайлайын, 

айқайыммен тоғайдан аң қа�ар, құс ұ�ар, қа�қан аңға итім-

ді қосайын. ұ�қан құсқа құсымды салайын жана құсырымды 

тарқатайын»,—деп,  айқайлап  еді,  бұл  айқайымен  бірге 

құбыладан бұлт �ығып, қар жауды. Бұл қар жеті күн, жеті түн 

жауды. Кереге бойы қар жауды, кере қарыс мұз жауды. Сөйтіп 

бір зымыстан ерте қыс түсіп, жұрт әбігер болып семіз көлікпен 

қара жер іздеді де, сонда бар�алары осы «қарақұм, қара жа-

тыр»  деген  соны  тапты.  Сонан  Қарақұм  атанды.  Халық  қара 

жер табалмаған соң, қысрақпен қарды бұздыртып жол салып, 

жұрт барда, жұртпен бірге Мамай да орданы жықтырайын деп 

өзегін сыпыртып жатқанда, Орақ келіп жықтырмады. «Орақ өз 

қарынан өзі бөлінді» деп айтар деп, басыма кө�сем насақ келет 

деп, кө�пей қалды. Халықтың малы мен ү�тің екісі Қарақұм 

кетті, бірі қалды. Бұл қыста Қарақұмда қыстаған елдің тайы 

құлындап,  тайлағы  боталап,  �ыбы�ы  лақтап  семіз,  есен 

�ықты. Еділде қалған халық қарасыз қалып жұтады. Жұтаған 

жерге мұндағы малы бар халық бармады. Ондағы халық кө�іп 

бері Қарақұмға келді. Ақырында Мұсаның Орақ, Мамай бала-

сынан басқа балалары кө�іп келіп, тек Орақ, Мамай жалғыз 

қалып,  ү�  жыл  отырды.  Мінерге  көлігі  жоқ,  і�ерге  тамақ 

жоқ.  Ол  күндегі  базар  Мәскеуге  базарлауға  Қарақұмдағы 

халықтың жас балалары жолға �ар�амайтын базарлай бара-

тын жолдағы Орақ батырдікіне қонып кетеді. Қонған қонақпен 

Орақтың ісі жоқ, алдына бала әлдилеп, ыңыранып толғайды. 

Бұл  толғағанды  жолау�ылар  Қарақұмдағы  елдегіге  айтып 

келіп,  бүкіл  ноғай  Орақты  «жыр�ы  болыпты»  деп  күлістік 

қылып дәкән болды.

Бұл  Қарақұмда  баяғы  Мұса  ханның  аманат  тапсыратын 

Матрө�ке  қара  құлы  да  бар  еді.  Бұл  Қарақұмға  келген  соң, 

малы өсіп бұл жақтағы ноғайдың байы болды.

Бұл  да  Орақты  жыр�ы  болды  деп  естіді.  Орақтың  жыр�ы 

болған себебі: қадірін білетін қонақ емес, жас бала қонатын еді. 



54

БАТыРлАР  ЖыРы

54

55

Олармен  сөйлеспей,  бұрынғы  бақ  бардағы,  мал  бардағы  заман 



есіне түсіп толғайтын еді. Сондағы толғау сөзі:

— От басында отырып,

Әлди айттым, балақай.

І�ім толды, ермек жоқ,

Қапа менен сәнаға-ай.

Ноғайлы деген ел едік,

Біз ноғайдың і�інде

Ту ұстаған ер едік.

Халық билеген хан едік,

Атасы басқа дұ�паннан

Кек аламыз деп едік.

Бұл күндері болғанда,

Қарасыз қалып жүр едік.

Халық кеткен соң, бақ кетіп,

Біздер қалдық далада, 

Сонда да �үкір Құдайға.

Өзі беріп, өзі алды,

Шабылып жауға немесе

Берген жоқпыз жалаға

Не�е заман айналып

Бір біз боранды.

Жоқтықпен қолы байланып,

Нелер асыл ақсүйек

Кідіріп қалған табаға.

Не қылайын амал жоқ,

Ел сыпырылып кетер ме еді

Едіге ердің тұқымы.

Отырғанда қараға,

Сон�а тастап, айналмай,

Тумаларым, не қылдым,

Өкпе кірмей араға?

Біреуіміз хан болып,

Біреуіміз би болып,

Жетісіп едік жана да.

Болуға халық жағаға,

Бұзылмай халық тұрғанда,

Атасы басқа дұ�панды

320


330

340


54

54

55



ОРАҚ – МАМАй

Бағындырып алуға

Келіп едік �амаға.

Дұ�панды жеңіп алған-ды

Едігенің тұқымы.

Бас басына биліктен

Келмес пе еді сыбаға.

Не қылайын, амал жоқ,

Мұны ойлайтын адам жоқ.

Көмір асып пенденің,

Ойлағаны бола ма?

Мен ноғайлы деген ел едім,

Мен ноғайлының і�інде 

Атасы текті бек едім.

Атасы қалмақтың

Жерін алсам деп едім.

Сұрайтұғын сұрауға

Елін алсам деп едім.

Қалмақты жеңіп есіріп,

Байдалы байтақ көп жердің

Кегін алсам деп едім.

Бадана көздің аруын

Тегін алсам деп едім.

Інім Қағаз йықтаған,

ықтиярсыз боқтаған.

Жазықсыз соғып �арықтан,

Кегін алсам деп едім.

Қатты қандай қалмақты

Жеңіп алсам деп едім.

Мұны бүйтіп алған соң,

Табаныма салған соң,

Еділден �ыққан екі суға

Ел жайлатсам деп едім.

Жайықтан �ыққан салаға

Жалғыз қонсам деп едім.

Бұғданың бойын қорытып,

Қыс қыстасам деп едім.

Осыны ойлап жүр едім.

Қолымнан кетіп көп елім,

Ісі дағы Алланың,

350

360


370

380


56

БАТыРлАР  ЖыРы

56

57

Болмады әзір дегенім.



Келді халықтан айрылып,

ыңыранып отырмын.

Жолында қалған арықтап

Кәрі лөкті кіренің.

Қонысы ауып елімнің, 

Жұртта қалып белімнің,

Құлазып босқа жатқаны.

Ойыма алған өзегім

Құралып қайта ел болса,

Қонысына ел қонса,

О дариға дүние-ай,

Тарқар ма еді і�імнен

Сонда бір қайғы �еменім?!

Шұбартауға �олқантып,

Шан�ар күні болар ма

Төрт қырлап соққан жебенің?

Кесілер күні болар ма

Жібек баулы көбенің?

Жүз үйлі көп ноғай,

Басыңды құрап халық қылған

Жеті атасынан мен едім.

Азары өтіп баратыр,

Астында жүріп төбенің.

Ке�егі кеткен ноғайлымның

Ата көрген мейірбан

Құрығаныма көненің?!

Ата досы адамым,

Жолдас болған жараным,

Құда-жекжат, тағайым.

Атасы бірге ағайын,

Осы да үміт болар ма

Орақ пенен Мамайға?

Салт атпенен біреуің

Жайларың қалай демедің?!

Айналып келсе заманым,

Соның да түбін көрермін.

Ке�е ғана басымда

Бақ тұрғанда айналып,

390

400


410

420


56

56

57



ОРАҚ – МАМАй

Жүру�і едім і�імнен

Осыларды ойланып.

Еңсесі биік ақ орда

Тарқау�ы ет халық жиналып.

Келген мейман дәм айдап,

Кету�і еді жайланып.

Ел �етіне жау келсе,

Кедергілер жекелеп,

Келсең кел деп жекелеп,

Тұрдым алмас байланып.

Бір �ыбындай жанымды,

Талай �а�тым малымды.

Ел арына арланып,

Мен на�армын дегенді

Теңедім талай қолға алып

Бұ күндерде отырмын

Ол ойлаған ой түгіл,

Құлдарымнан соң қалып.

Қамқорын соққан ел кетіп,

Тектен саулыққа алданып.

Еңсесі биік ақ орда

І�іне кірген адам жоқ,

Тек босаға тұр аңырайып.

ыңырсыған көп дәулет,

Берген талай арды алып,

Бір қыстан �ықпай жиналып,

Қарасыз қалдым сандалып.

Мінуге көлік таба алмай,

Жалынып жүрсем табынға-ай.

Аттың дары қай ат болса,

Атасы басқа дұ�панға

Жалғыз да болсам мен соған

Кетер едім жолданып,

Өлсем өліп кетер ем.

Өсітбесем ақыры,

Мал таба алмай жалданып,

Көп жылқының жұтаған

Жеріне барып қарасам,

Бір қотыр тай қалмапты.

430

440


450

460


58

БАТыРлАР  ЖыРы

58

59

Көргенімді бір барып,



Екі аяғым салақтап,

Мінемін оған мен нағып.

ыңырсыған ел кетіп,

Мен отырмын жыр бағып.

Тек қуланып жырғалып,

Екі етегін түрініп,

Аң аулайын, Мамайым,

Әттең жоқтық қылдың ғой.

Жорға мінген ырғалып,

Мен отырмын мекенде

«Тойған жерде ит жүрер,

Туған жерде ер жүрер».

Деген нақыл тілді алып.

Қайтып тастап кетейін

Атамның мекен өзенін.

Өлсем де а�тан қиналып,

Кө�пей бағып отырмын,

Атамның мекен �ағанын.

Қайтып тастап кетейін

Мына тұрған көп құрым

Зияраты болған соң,

Ата менен бабаның.

Жөн келмеді өзіме

Аңға ақырған талабым.

Кереге бойы қар жауып,

Кере қарыс мұз тоңып,

Бір зымыстан қыс түсіп,

Ү� Еділдің алабын

Өзімнен болып себебі,

Тайдырдым елдің табанын.

Қыстың қорқып түрінен,

Ізденді халық амалын.

«ұлтпен бірге болам» деп,

Айтып еді Мамайым.

Өз қарынан кө�ті деп,

Кө�ем қаңқу сөз кетпес.

Мен отырсам мекенде,

Қайтып келер, ел кетпес.

470

480


490

500


58

58

59



ОРАҚ – МАМАй

«Келтір,—деп,—қайта ноғайым».

Қарасыз қалып жұтадым.

Шөп табылмай малыма,

Он екі ар�ын қарағы

Іреңжіменен бұтадым.

Қолайсыз келіп біз көрдік

ұлы құстың жаманын.

Жұтасам да қарасыз,

Көп тіледім і�імнен

Ондағы жұрттың амалын.

Мал кеткен соң қолымнан,

Кетті кө�іп ағайын.

Жалғыздап кетіп тарады

Нелер жолдас-жараным.

Үмітім әлі де,

«Әлі Алла берер» деп,

Әзір аман адаммын.

Халыққа кө�іп баруға,

Түрі мынау �аманың.

Шұбырып кө�сем жаяулап,

Обалына қалғаным

Онда қатын, баланың.

Кө�пеген соң басында,

Енді кө�іп келем,—деп,

Көлік сұрап ұялмай,

Не деп елге барамын?!

Бүйтіп елге барған�а,

Не салғанын көрермін.

Бір жаратқан Құданың,

Жасаған Жаппар Құдайым.

Со ноғайдың і�інде

Бітпейтұғын дау болса,

Ел �етіне жау келсе,

Дүрсілдеп жатқан көп ноғай

Көрер едім көтіңді,

Тарылса сөйтіп заманың.

Берейік десе несі жоқ

Пендесіне Құдайым.

510


520

530


540

60

БАТыРлАР  ЖыРы

60

61

ыңырсыған қарам жоқ,



Сөйлесетін адам жоқ.

Толғап ермек қылайын,

Зауалы ауса, �ығамын

Боз төбенің басына.

ызаланып жоқтыққа,

Мамайды әкел қасына.

Денсаулыққа қуанып,

Кейде кетед уайым.

Осы күйім ұзаса,

Азғар болды сылайым.

ыңыранып ермек етемін,

Көңілдің ар�ып ылайын.

Бүйте берсем күйініп,

Жыр�ы болып кетермін.

Кел, бұл ойды қояйын

                 

Орақ осыны айтып толғап отырғанын үйіне қонған жас жі-

гіттер естіп, елдеріне «батыр Орақ жыр�ы бопты» деген даңыра 

жайылды.  Ноғай  екі  тайпа  ел  еді,  қара  ноғай,  сары  ноғай  де-

ген.  Сары  ноғай  жеті  сан  еді,  қара  ноғай  ү�  сан  еді.  Сол  қара 

ноғайдың  і�інде  Сайым  деген  Орақтың  бір  құрдасы  бар  еді. 

Орақ жыр�ы болды деген соң:—Ой ол жыр�ы емес қой, Орақ 

жүдеген екен, мен сәлемге барып, жайын білейін,—деп, аулы-

нан  �ықты.  Аулынан  �ығып  келе  жатқанда,  бір  ыңырсыған 

көп  жылқыға  ду�ар  болды.  Бұл  жылқы  баяғы  Мұса  ханның 

Матрө�ке қара құлдың жылқысы еді. Бұл құл қарақұмға кел-

гелі байып еді. Сол күні жылқымды көрем деп, бұ да далада жүр 

еді.  Екеуі  кездейсоқ  келді.  Құл  әбден  байыған  екен.  Байлығы 

емес  пе,  қарындағы  құрықтың  тұтам  жері  алтын,  қарыс  жері 

күміс  екен.  Құл  жолығып,  Сайымнан  жөн  сұрады:—Қайда 

барасың?—деп.

Сайым:—Орақ,  Мамайға  амандасып  қайтайын  деп  ба-

рамын,—деді.  Сонда  Матрө�ке  қара  құлдың  алғаны  қара 

ноғайдың  қызы  еді.—Шырағым,  балдызым,  Ораққа  барсаң 

мен сәлем айтайын, ұмытпай айт,—деді. Қайтарыңда біздікіне 

қонып, Орақ не айтқанын айт,—деп, Матрө�ке Ораққа сәлем 

айтты да, толғағаны: 

                

550


60

60

61



ОРАҚ – МАМАй

—уа, Сайымым, Сайымым,

Балдызым болдың жөн сұрап.

Қара ноғай қайыным,

Ораққа барсаң сәлем де.

Менің алты жерде ауылым,

Жеті сан сары ноғайда

Жетісіп тұр сауыным.

Мінетұғын ат беріп,

Келсе үйімнен ас беріп,

Сөйлетіп қойдым сөзімді

Мұндағы ноғай тәуірін.

Ораққа барсаң, сәлем айт,

Менен көлік әкетіп,

Кө�іріп келсін ауылын.

Бұл сәлемді естісе,

Қуанып келер ер Орақ.

Бірақ Мамай келмейді,

Мен бұрыннан білемін

Мінезінің ауырын.

Құдай берген дәулеттен

Аяйын ба мен онан.

Бұл ноғайда білесің,

Олардан артық көретін

Қайсы менің бауырым?

Бұл сөзбенен келмесе,

Апарып берер малым жоқ,

Жата берсін кәрібім.

Келуі бұнда ар болса,

Арланғаны мал болса,

Апарып берер малым жоқ.

Бұл ықпалым тұрғанда,

Менің де қиын баруым.

Орақ менің, �ырағым,

Толғай қо�ық айтад деп,

Есітеді құлағым.

Ондай болса ер Орақ,

Мұнда келіп сөз айтып,

Білсе кеңес молайтып,

Үсті-басын бүтіндеп,

560

570


580

590


62

БАТыРлАР  ЖыРы

62

63

Тойғызып кетсін қарынын.



Ораққа барсаң сәлем де,

Шігі тие кө�сін,—деп,

Ірге тие қонсын,—деп,

Саямда күнін көрсін,—деп.

Естимін жырау,—деп,

Келіп кеңес берсін,—деп.

Жарамды болса кеңесі,

Қалаған тонын кисін,—деп,

Жаратқан атын мінсін,—деп.

Жарамсыз болса кеңесі,

Сонан әрман жүрсін—деп,

Қарасы батып құрсын—деп.

Түбінде кө�іп келмесе,

«Сірә менің ырысым»—деп,

Сөздің �ынын білсін,—деп.

Мұнда әгар келмесе,

Кәдірімді білмесе,

Айтпад деп халық айтпас,

Онда а�тан өлсін,—деп.

Едіге ерден мен дағы,

Болат тағы бұл дағы.

Күнде думан үйіме

Жиналады қайдағы

Мұндағы жақын, тумағы.

Бергенімді көргенде,

Халық айтып тұр бұл күнде

«Қарасып тұрған отанға

Қайырымды бай сенсің» деп.

Едіге ердің мен мұнда

Бағып тұрмын көбесін,

Жеткеріп тұрмын кемесін.

Бұл сәлемді айтқаным,

Көп айтып еді бірлікті

Мұса ханның сөзі ү�ін.

Сенде айтарсың халыққа,

«Бай �ақырды,—деп,—інісін».

Ораққа айт сөзімді,

Келсін өзінің күні ү�ін,

600

610


620

630


62

62

63



ОРАҚ – МАМАй

Келмесін аяр мен ү�ін.

Жарамды болса кеңесі,

Қалаған атын мінсін,

Жаратқан тонын кисін.

Жарамсыз болса кеңесі,

Сонан әрман жүрсін,

Қарасы батып құрысын.

Барсаң өзің айтарсың,

Менің мұндай жайымды.

Кәріп пенен қасарға

Беремін күнде қайырды.

Он сан жатқан көп ноғай

Тәуірі мініп атымды, 

Жетімі мініп тайымды,

Көлігі кем түйе алып,

Жатағы сауад сауынды.

Құдай маған берген соң,

Тар�ылық қылып оларға,

Жинамаймын айламды.

Мұса ханның жараны

Хан қасынан келгелі, 

Расход жоқ өзінен.

Киіп-і�іп малымнан,

Әнеки, менің қайырымнан

Бәрі де тәуір байыды. 

Ораққа дұғай сәлем де,

Жылдам мұнда келсін де,

Келіп кеңес берсін де.

Қандай екен �әйірі, 

Келе ме Орақ, келмей ме?!

Қайтарда келіп қонып кет,

Біздікінен тойып кет.

Хабарын келіп беріп кет,

Қара ноғай Сайымы.

Сонда Сайым жанындағы аласына қолы барғанда, жаңа бір 

ой келіп тоқтады да: «Бұл құл мас болған екен, өлтіріп кетсем 

сөзін естіген адам жоқ, Орақ, Мамай өкпелейді ғой құлымызды 

өлтіріп  кетіпті  деп.  Мұның  құлдығы  есінен  �ыққан  екен. 

640


650

660


64

БАТыРлАР  ЖыРы

64

65

Мен  мұның  құлдығын  есіне  түсіріп,  әңгіме  айтайын»,—деп, 



Сайымның сонда айтқаны:

—Тыңдап тұрмын сөзіңді

Білдім, жезде, жөніңді.

Ессіз малға мас болып,

Көтересің өзіңді.

Білмедің, құлым, тегіңді,

Білсең, құлым, тегіңді,

Орақ, Мамай бегіңді,

Білесің бе кеміңді?!

Біткен малға мас болып,

Сағынып тұрсың өлімді.

Құлыңнан �ыққанда,

Дұрыс па еді ақылың?

Осын�ама еліріп,

Көзіңе не көрінді?

Бүйтіп, құлым, таспаңыз,

Әліңізден аспаңыз.

Орақ бір тауда жатқан айдаһар,

Құйрығын барып баспаңыз.

Мына сөзді айттырған

Арылмаған қасқаңыз.

Не дегенің, қара құл,

Келіп кеңес берсін деп.

Тұра берсін басқаңыз

Кие болар өзіңе,

Құлағың сал сөзіме.

Бұл қиялды тастаңыз,

Мұсадан туған он екі ұл

Жүгіргенде кім алда,

Білесің бе қаруды-ай?

Орақ, Мамай екеуі,

Білсең, құлым, нарыңдай.

Батыр Орақ киесі

Айдап кетер малыңды,

Шығарып кетер жаныңды-ай,

Төгіп кетер қаныңды-ай.

Әлін білмей, мас болған

670


680

690


700

64

64

65



ОРАҚ – МАМАй

Көрмедім сендей жарымды-ай.

Байлығымнан қорғалап,

Құлдығымды айтпас деп,

Тұрмысың не Сайымды-ай?

Осыдан барсам айтармын,

Қыла бер, құлым, қамыңды-ай.

Мен айтқан соң ер Орақ

Қылмас па екен жайыңды-ай.

Сенің айтқан бұл сөзің

Олар түгіл өртеді

Мені �арпып жалындай.

Кетер едім өлтіріп,

Мұндайыңды білмейді.

Орақ, Мамай айтады-ай,

«Өлтірдім,—деп,—құлымды-ай».

Айтармын сенің өзіңді,

Естіген соң сөзіңді.

Шыбын жаны сау болса,

Батыр туған ер Орақ

Кидірмес пе екен кебіңді-ай,

Жайдырмас па екен себіңді-ай,

Берер саған өлімді-ай.

Себебін таппай іс қылмайт,

Мамайы құрғыр білімді-ай.

Осыны, құлым, ұмытпа!

«Неге айттым,—деп,—бұл сөзді»,

Бір соғарсың саныңды-ай.



                          

Сайым бұл сөзді айтқанда, құлдық есіне түсіп �егіне берді, 

қайтып сөзге келмеді. Сонымен құл қала берсін.

Сайым  осымен  Орақ,  Мамайға  барып  сәлемдесіп  ауылға 

қайтпақ�ы болып, далаға �ығып атқа мініп жүре берді. Ана-

дай  жерге  барғанда,  Орақты  көрген  соң,  әртүрлі  сөз  сөйлеп 

Матрө�ке қара құлдың сөзін ұмытып кеткен екен. Сол сөз есіне 

түсіп, есіктің алдында ат үстінде тұрып, құлдың сәлемін айтып 

толғады. Бұл Сайым айтып болғанда, Орақ а�уланып, есіктен 

төрге, төрден есікке кезіп жүрді. Мамай жерді �ұқылап отыр-

ды. Сондағы Сайымның құлдың сөзін толғап айтқаны:

                           

710

720


730

66

БАТыРлАР  ЖыРы

66

67

—Айдынды Орақ, әй, Орақ,



Атадан артық көрікті.

Халық билеген хан Мамай

Сұрамайды е�кімнен

Ақыл менен білікті.

Көптен бері көре алмай,

Иіліп сәлем бере алмай,

Сонсоң сізге келуге

Көкірегім желікті.

Ауылдан �ыққан бойымда,

Матрө�ке қара құл

Ду�арласып жолықты.

Тұтам жері сары алтын

Қарыс жері күміс-ті.

Қарына ілген құрықты,

Белге кемер буыпты.

Үстіне киіп иықты,

Басындағы тұмақты

Құндызбен тыстап киіпті.

Астына мінген қазанат

Біткен еті түрік-ті.

Қас төредей айбатты,

Сондай артық көрікті. 

Сәлем айтты сендерге

«Кө�іріп келсін ауылын,

Алып кетіп көлікті.

Шақырғанда келмесе,

Кәдірімді білмесе,

Екеуінің қырсығы

Өмірін�е арылмас, 

Емес �ығар» деп айтты.

Қырсықтары сүрек-ті.

Әрі жана, әй, Орақ,

Сені «назым толғау» айтат деп,

Құл жайыңды біліпті. 

Естімекке сөзіңді

Көрінді артық жерік-ті.

Сөзін айтсын келсін,—деп,

740


750

760


66

66

67



ОРАҚ – МАМАй

Жарамды болса кеңесі,

Қалаған тонын кисін,—деп,

Жаратқан атын мінсін,—деп,

Сөйтіп құлың демікті.

Дәулет біткен қара құл

Мас болғандай араққа, 

Өз-өзінен елікті.

Масығып тасқан қара құл

Көрдім оның �амасын.

«Мен асырап отырмын»,—деп,

Мұндағы мырза, баласын

Құлға барып жырласын.

Ат, �апанды, ер Орақ,

Әдемілеп аласың.

Байыған тегіс көрінді

Ондағы іні-ағасы.

Сыбызғы алып бармасаң,

Қосып әнге салмасаң,

Жамандығың, әй, Орақ,

Несібеңнен қаласың.

Айтқан сөзі көп енді,

Есіткенде құлақтан.

Қарап тұрып жонасың,

Осы сөзді айттырған

Нәсілсіз құлға �ара не,

Құдайға не қыласың?

Өлтіруге ойландым

Жайнатып қоймай.

Есіткен сөзін адам жоқ,

Қайдан білсін кінәсін.

Жаңа ойлап тоқталдым,

Құр жаман ат арқалап,

Далада жүріп жөнімді.

Арын арлап біреудің,

Құр арқалап жаласын,

Саған айтқан ол сөзді

Дұ�панға да айтқан-ды.

Келе ме, Орақ келмей ме,

Келіп қонып, тойып кет,

770

780


790

800


68

БАТыРлАР  ЖыРы

68

69

Хабарын,—деді,—беріп кет,



Орақтан елге қайтқанда.

Тілімді алсаң, ей, Орақ,

Елі керлеп көтерсе,

Жұрттан қалған қотыр тай

Қол терісін, жаясын.

ұзамай жылдам барасың,

Қасында құлдың отырған

Ондағы Мұса баласын.

Адам деп кеп келмейд көңліме

........ құлдың саясын.

Тудым дейсің Мұсадан,

Құр дәріптеп он екі ұл,

Он бірің-ақ боласың.

Атаңа нәлет тексізді

Өлтіріп құрт қарасын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет