«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет8/23
Дата21.02.2017
өлшемі2,28 Mb.
#4614
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
.

                  

Мұсекеге мұны айтқан соң Орақ Қайырып жауап айтпай ме-

рекесін ойната берді. Күндіз үйінде ойнатып болған соң мұқсат 

беріп жұрт тарқап кетті. Баяғы Смайыл айтқандай Телағыс ау-

лына  қайтып  бара  жатыр  еді.  Орақ  �ақырып  алып  айтты  сен 

қайтпа  бүгін  қонақ  бол  Мұсаның  он  екі  баласы  сенімен  он  ү� 

болып бір тама�а қылайық дейді. Телағыс бұл сөзбен қайтпай 

ордаға қонды. Ордаға кіріп арақ, �арап і�ті. Енді бұлар мұнда 

ойынын  ойнап  жата  берсін  ендігі  сөзді  манағы  Телағыстың 

әйелінен айтамыз. 

Бұл әйел бір дәруі� қожаның қызы еді. Байы Телағыс кеткен 

соң  батылмен  білсін,  ақылмен  білсін  бұл  Телағысты  өлтірейін 

деп алып кеттау деп, қой мен түндегі кө�кен қайнағаға барай-

ын  ол  да  тойға  кетсе  е�теңе  жоқ  �ығар  мәдәр  тойға  бармай 

үйінде  болса  бір  сұмдық  болған  �ығар  деп  үйіне  келіп  байы 

тойға  кеткен  соң  есігін  сырттан  бекітіп  түнде  кө�кен  кө�тің 

сүрдігіне  түсіп  жүре  берді.  Өкпелеп  кө�кен  адам  ұзап  кеткен 

екен,  ел  жата  Күнкенің  үйін  тапты  желкесінде  боз  тарлан  ат 

арқандаулы тұр атты көріп қайнағасы үйінде екенін біліп үйіне 

кірмей қайнағасының тұсына келіп жылап толғап қоя берді:

Үйдемісің, қайнағам,

Дүздемісің, қайнағам?

ұйқыдамысың, қайнағам,

Ояудамысың, қайнағам?

Қайығым ғарық болғанда,

Ескегім болған қайнағам.

Сабым суға батқанда, 

Таяуым болған қайнағам.

Төбемнен боран соққанда,

Тірегім болған қайнағам.

Қа�аған атқа жолықсам,

ұзын арқаным болған қайнағам.

Қаптаған жауға жолықсам,

Дарқаным болған қайнағам.

Қырық мың жығын кез келсе,

Жалғыз-ақ өзі ойнаған.

3960


158

158


159

ОРАҚ – МАМАй

Жалғыз інің Ағысты

Ажалдың оғы айдаған,

Менің сорым қайнаған.

Бозтарлан атқа мінсей�і,

Қаттама тоның кисей�і,

Қайыңнан садақ ілсей�і.

Не болды екен жалғызың,

Ізінен барып білсей�і,

Көзіңменен көрсей�і.

Жазым болса жалғызың,

Өз қолыңнан көмсей�і.

Үйде жатар болар ма,

Бауырдың жайын ойлаған.

Қос құлағын қай�ылап,

Арқанда тұр тарлан боз.

Өлімге кетті ініңіз,

Ажалға ду�ар болды кез.

Екеуіңді айырды

Әнжі беріп �ағым сөз.

Бұрынғының айтқаны

«Ағасы болат көк теңіз».

Бауырың кетті өлімге,

ұмытылмай ма өкпеңіз?

Өкінерсін соңынан,

Шөп тиіп ұқсап жалғыз көз.

Мұсадан туған он екі ұл

Өлтіруге әкетті.

Атыңа мін жылдам, тез!

Бір биенің екі ем�ек

Бірінен соң сүті жоқ.

Бір түйенің екі өрке�

Бірінен соң кү�і жоқ.

Өзім келіп айтпасам,

Сенімен адам ісі жоқ.

Екеуің бір күнде өліп қалсаң да,

Жан а�ып іздер кісі жоқ.

Мұсадан туған он екі ұл

Аузын бірлеп қас болды.

Шайтан Әнжі бас болды,

3970


3980

3990


4000

160

БАТыРлАР  ЖыРы

160

161


Көптігіне мас болды.

Немере жерін қас көрді,

Араға �ағым сөз айтып,

Айналдырған екеуің

Бір-біріңді көрместі,

Әнжі қу келіп қас қылды.

Кінәңді айтпай кө�кенде,

Жақын көріп оларды, 

Барамын деп ексіді.

Тез бармасаң артынан

Нахақтан жазым қасқа өлді.

Төсектен тұрсақ, қайнаға,

Үйің жоқ та жұртың бар.

Бас�ым кетіп бастаған,

Болып бізге дүние тар.

Араз болып кө�кенге,

Туғандарың қуанар. 

«Той қылды Орақ келсін» деп,

Торығып тұрған батырға

Жетіп келді бір хабар.

Белгілі халыққа той болса,

Орныңыз бар сіз де барар.

Жалғыз інің Ағысты

Өлтіруге айласы,

Орыны жоқ той қылар.

Ақ көңіл туған арыстанды

Осы түнде жәй қылар.

Арақ беріп, мас қылып,

Айлалап залым қас қылар,

Ақ алмаспен қан қылар.

Қиянатты көрмесең,

Өз көзіңмен сезбесең,

Артыңдағы жалғызға

Орның келді тез барар.

Біз секілді мұңлыққа

Сіз болмаса кім қарар?

Мұсадан туған көп бала

Масықты артық туған соң.

І�імді тартып қорықтым,

4010


4020

4030


4040

160

160


161

ОРАҚ – МАМАй

Түнде айрылып қонған соң,

Сөзіне Әнжі нанған соң.

Арқалайды ханға ерген

Деген сөз бар қаңқасын.

Қайтып адам боласың,

Сұрқия тілін алғансын.

Не қылғаның, қайнаға,

Сөзіне сеніп Әнжінің,

Аузына құймай қорғасын.

Өлтіруі оп оңай,

Қанатыңды қиған соң,

Айналаңды жиған соң.

Тез атыңа мінбесең,

Өлімге кетті жолдасың.

Жалаң аяқ, жалаң бас

Жалғыз інің жолыңа

Перуана болды бұл басым.

Қайнағаны сорымның,

Батыр өліп қалғансын.

Атам басқа болса да,

Тумаңның бердім хабарын.

Жалғыз інің Ағыстың

Мен білемін, қайнаға,

Адалы мен арамын.

Бала қалса, мал табар,

Қатын қалса, бай табар.

Ақтың ісін қайтейін,

Мойныма аламын.

Абайлап қара, қайнаға,

Бәрі де дұ�пан ағайын.

Жолдассыз қалып опынба,

Жақынның көріп залалын.

Тез мінбесең атыңа, 

Өткізіп алып опынып,

Орны бітпес жараның.

Сіз болмасаң қорғаным,

Енді қайда барамын.

Өтірік сөзге өкпелеп,

ұмытпасаң өкпеңді,

4050


4060

4070


4080

162

БАТыРлАР  ЖыРы

162

163


Жазғаны �ығар Құдайдың 

Жылдам алдыр бозыңды-ай.

Айттым білген сөзімді-ай.

Араға Әнжі сөз айтып,

Оймаққа жүр көзіңді-ай.

Өлтіруге әкетті 

Жалғыз інің Ағысты

Ере жүрген ізіңде-ай.

Қастығы Мұса баласы 

Үлкен сізді �ақырмай.

Армандығы ойласаң,

Осы арадан білінді-ай.

Барма деген қатынның

Алсын ба батыр тілін де-ай.

Екеуіңді айырып,

Мұсаның үлкен аңқауы

Осы күнде күйінді-ай.

Соның тілін алғаннан,

Істеп жатыр жиынды-ай.

Қайдан білсін қасқалар,

Біз мұрын сары сау болса,

Тағамай қоймас бір жерге

Оларды да-ай  түбінде-ай.

Дұ�пандарын дос көріп,

Ақ көңіл туған арыстан

Отырған �ығар албырап,

Кеңеске тіккен үйінде-ай.

Атың мін, балуан,

Не айтып тұр бұл пақыр,

Сынасай�ы келінді-ай.

Енді менің болғаным

Тез бармасаң, жоқ қылар,

Телағыстай ініңді-ай.

               

Күнке  балуан  келіннің  сөзін  естіген  соң  Күнке  ойындағы 

өкпесін  ұмытып  кетіп  әй  қатын  атымды  әкел  жүремін  деп 

қамдана  берді.  Қатыны  арқандаулы  тұрған  боз  Тарлан  атты 

алып  келген�е  үстіне  қаттауын  киіп  қаруын  асынып  ер-

тоқымын  қолтығына  қысып  үйден  асып-сасып  �ығып  тұрды. 

4090

4100


4110

162

162


163

ОРАҚ – МАМАй

Бауыр  деген  жаман  ғой  жылдам  атына  мініп  ханның  аулына 

қарай  аттың  басын  жіберіп  Әнжінің  тіліне  ергеніне  опық  жеп 

келе жатып толғап келеді.

Не қылғаным басында

Топаяққа ергенім,

Інімді дұ�пан көргенім,

Әттең қалтақ дүние-ай!

Шағым айтып келгенде,

Әдебін неге бермедім.

Басында мұны білмедім,

Өткіздім бе ісімді,

Босқа кетіп жақынға

Болсын деген еңбегім?

Аламға ие Құдірет,

Көңлім ақ адаммын,

Өзіңе әлі сенгенім.

Мен мұндайды білгенде,

Сөзіне қудың ерем бе?!

Немере жақын адамды

Дұ�пан ба деп білем бе?!

Айналайын, бауырым,

Нахақтан саған өкпелеп,

Жазатайым іс болмай,

Екі көзіңді көрем бе?!

Іргем бірге тұрғанда,

Қиянат ойлап ноғайлы

Едіге түгіл келе ме

Қапы өтеді ерден іс.

Міне, осындай болмаса,

Жазым істің себебі.

Өлтіреді-ау мен бармай,

Қарағымды айлалап.

Тапқан екі дұ�панды

Жау жағынан қармалап.

Не қылайын басқасын?

Айтпай ма екен Мамай да

Алды-артыңды ойла деп.

Сұрады-ау мекер қу Әнжі

4120

4130


4140

4150


164

БАТыРлАР  ЖыРы

164

165


«Күнке, Ағыс қайда? деп,

Келмеді ме тойға?» деп.

Аударды-ау көңілін батырдың,

Оңбайды Күнке ол ма деп.

Қарағым менің жау ма екен,

Әзір аман бар ма екен?!

Смайыл деп жүргенім

Нағыз �айтан Әнжі екен.

Осы ойынның і�інде

Бар ма екен бірге Мамай да,

Ауылда ма екен қайда екен?

Қорған бізді құртқанда,

Оларға қандай пайда екен?!

Қарағыма асырып,

Айдадым қатты тарланды.

Орақ, Мамай жоқ �ығар,

Смайыл өзі-ақ қылған-ды.

Бастаса да басында

Ағысқа батпай көп жаман,

Бұзық ойын қойған-ды.

Күндіз ойын тарқатып,

Ке� болған соң қарағым,

Ордасына Мамайдың

Жайланып бүгін қонған-ды.

Кеткен соң жалғыз зайыбы,

Келіп қорқып барған-ды.

Орақ, Мамай жоқ болса,

Бата алама Ағысқа?

Жалғыз да болса қарағым,

Қалай жазым болады?

Қарсыма-қарсы қағысса

Бәріне де болады.

А�уланып алысса,

Жарылып өлді-ау жүрегі.

Ол он екі, бұл жалғыз,

Біреуімен алжасып,

Басқалары болысса, 

Не істесе түнде істер,

«Кетті,—деп—Күнке алысқа».

4160


4170

4180


4190

164

164


165

ОРАҚ – МАМАй

Көптігін қылды-ау �іркіндер,

Жазым болып қалды ма?

Не қылады бір басы,

Бәрі бірден жабысса. 

                

Осыны айтып Күнке асығып жүріп келе жатыр айтар ауызға 

жылдам түн ортасы ауып бара жатқанда ханның ордасына ке-

ліп орданы көргенде бір қиял ойына келді. Қатын біліп айтып 

жүрме білмей айтып жүрме атымды осы араға байлап жасыры-

нып барып сығалайын інім қайда екен өлтіріп тастаса кіріп бар-

сам мені де өлтірер деп осы ой көңіліне келіп атын байлап жаяу 

жасырынып барып ол күнде үй үйді тормы дейді жабықты бор-

мы  дейтін  еді.  Жанындағы  пы�ағы  мен  үзікті  тіліп  сығаласа 

ордаға  �ам  жағып  Мұсаның  он  екі  баласы  түгел  Телағыс  қақ 

төрде екі көзі қызарып аузынан көбік ағып мас болып отыр екен 

дым білмей бұлардың ақ алмас қынабымен «сен �ап сен �ап» 

деп баталмай біріне-бірі беріп отыр екен жалғыз-ақ Мамай те-

ріс қарап мына сөзді айтып отыр екен. Осыдан алданып кідіріп 

отыр  екен  болмаса  алдаға�ан  �ауып  тастайды  екен.  Сондағы 

Мамайдың сөзі:

—Бұл үйдегі, туғаным,

Осыларың рас па?

Бәрің де ауып кетіпсің

Жазықсыз нахақ қиясқа.

Біз қалармыз далада,

Бұл істерің ұласса.

Халық жиналып, қара еріп,

Кіріп едік кеңеске.

Дос болып алып, қас болдың,

Бәріңе де болады

Отырып дұрыс егессе.

Залалын айт�ы, мұрдарлар,

Ноғайлыға біз түгіл

Жау келсе қорған емес пе?

Нахақтан мұны өлтірген

Осыларың дұрыс па?

Қарадыңдар ма атадан

Көп болған артық туысқан

4200

4210


166

БАТыРлАР  ЖыРы

166

167


Бәріміздің қорғаны.

Дұ�панменен ұрысса, 

Бұл істерің жарамайд.

Туған түгіл, аға-інім,

Атасы басқа орысқа.

Ел жиналып жана да,

Жайланып еді қонысқа.

Кінәсін қой мойнына,

Көп жауменен ұрысып,

Сендерден бұрын ығысса.

Өмірінің і�інде

Мал мен баққа алжасып,

Біреуіңмен қағысса.

Тілімді алсаң, тимеңдер,

Үй жығатын дауылға

Тіреуім болған Ағысқа.

Ізіне ерген өлтірме

Күнкенің Ағысын.

Бұ да Едіге емес пе,

Емес қой, иттер, алысың?!

Халықты қайтып көреміз,

Бұл істерің құрысын!

Нахақтан мұны өлтірсең,

Шапағат қылмас пайғамбар.

ұяты да не қылсын,

Қарадыңдар бұзуға

Қолдарыңнан қорғанды-ай,

Алды-артыңды ойламай.

Тым болмаса атамның

Айтқан сөзін тыңдамай,

Мені алмай кеңеске,

уәдеңді байламай,

Ойлағаным болмады-ай.

Тіреуі сынды, мінеки,

Қолдан жықтың орданы-ай.

Көрмен дүзін батырдың,

Не болсаңдар болыңдар,

Мені енді қинамай,

Жүрегім істен ойнады-ай.

4220


4230

4240


4250

166

166


167

ОРАҚ – МАМАй

Өлтірген несі келесіз

Бұ не деген аламат,

Бауырлас жағын туманы-ай!

                  

Күнке бұлардың түрін көріп не қыларын білмей кіріп барсам 

әуелә �абар сосын Телағысты �абар деп жылдам ізінен қайтып 

атының қасына келіп ойлады қатты ақырып-ақырып жіберейін 

менің  даусымды  есітіп  інісін  өзі  өлтірсін  деп  ойлар  деп  Күнке 

ақырып-ақырып жібереді. Сонда үйде отырған Мұсаның бала-

лары:—япырым-ай  біреу  өлсе  біреу  көрместі  қылып  едім  ғой 

тыңдаңдар інімді өзім өлтірермін деп едім атасы басқа мұрдарлар 

сендер өлтіріп тастадыңдар ау деп келе жатқан �ығар онда ал-

масты жасырайық інісін өзі өлтіріп жаласына өзі қалсын. 

Бауырым  деп  жаны  а�ып  келе  жатса  онда  әуелі  соны 

өлтірейік  сонысын  Телағысты  өлтірейік  деді  қысуда  отырған 

адамдар  мұның  сөзін  мақұл  көріп  тыңдай  тұра  қалды  сонда 

Күнкенің ақырғандығы сөзі:

Қараңғы түнде жол жүріп,

Таппадым ханның ордасын.

Ордаға кел бәрің де, 

Орақ, Мамай қайдасың?!

Дұ�пан �ығып туғаны,

Құртты Күнке айласын.

Жарықта халықты көре алмай,

Жау болып тума жолдасым.

Аулынан табалмай,

Мен де іздеп келемін.

Қандайын деп алмасым,

Шабайын деп келемін

Мен Ағыстың дәл басын.

Менен бұрын өлтіріп,

Арманда қылып тастады-ау.

Бірақ екі бірдей жолбарысым

Өлтірмесін неге оны?!

Кінәсін халық қойған соң.

Қолымнан �алып өлтірмей,

Тарқамады-ау і�кі �ер,

Не қылайын сор басым.

4260

4270


168

БАТыРлАР  ЖыРы

168

169


Шақырмадың тойыңа,

Мені Құдай ұрғансын,

Анайы тойды қылғансын.

Менен бұрын өлтіру

Сендерге де дұрыс қой,

Шайтанның тілін алғансын.

Басқа қылдым іргемді

Түнде айрылып кө�іп-ай,

Көзімнен көріп ісін-ай.

Ісін біліп Ағыстың,

Құрыды менің басым-ай.

Қайтып көрем халықтың

ұялмай енді түсін-ай.

Ісінің біліп қарасын,

Толды менің і�ім-ай.

Азарына �ыдамай,

Келемін жаннан ке�іп-ай.

Арманым болмас Құдайға,

Дұ�пан болған Ағыстың

Алсам басын кесіп-ай.

Ерімді салдым тарланға-ай,

Келемін жолда айланбай.

Өлтіре алмай Ағысты,

Болып жүр едім арманда-ай.

Бауыздап қанын і�ермін,

Тірі жүрсем жалғанда-ай.

Атасы басқа немелер

Менің қолым тигізбей,

Ағыс өліп қалғанды-ай.

Дұ�пандық қылып өз інім,

Елде мендей бар ма екен,

Масқара болған сор маңдай?!

Смайылдан басқаң құрысын,

Естісеңдер де айтпайсың

Маған барып пайдаңды-ай.

Едігенің баласын,

Інісі мен ағасын

Алаламай Смайыл

Бәріне пайда ойлайды-ай.

4280


4290

4300


4310

168

168


169

ОРАҚ – МАМАй

Өлтірер едім, не пайда,

Есінің біліп қиясын.

Қа�қан �ығар бір жаққа,

Бұл ауылда тұрмайды-ай.

Тыңдап қараса Күнкенің сөзі өлтіретін Әнжі бұл айтып келе 

жатыр екен енді қылы�ты жасырыңдар өз інісін өзі-ақ өлтірер 

деп ақ алмасты жасырып тастап дым білмеген кісі ұқсап жым-

жырт  отыра  берді.  Белдеуге  көк  тарланды  байлай  салып  үйге 

кірді. Үйге кіріп мас болып отырған інісін жағасынан ұстап бұл 

�іркінді далаға апарып бауыздап қанын ұрттайын деп сүйреп 

жүре  берді.  Сол  сүйреуімен  анадай  жерге  тастап  қайтып  ке-

ліп  алмасын  суырып  орданың  есігін  басып  тұра  қалды.  Кәне 

Мұсадан  туған  көп  жаман  бірің  тырпет�і  алмаспен  біріңді 

қоймай қырайын деп ақырып тұрды. Мамай бұрын ырза емес, 

Орақ  қылған  ісіне  ұялып  өліп  отырды.  Басқа  жамандары 

қорқып отырды сүйтіп бір майдан тұрған соң мас болған Телағыс 

еті мұздап есін жиып бағанағы мастықтағы алмасты көріп өлтір 

деген  сөзді  біледі  жана  ағасының  келгенін  біледі.  Бұл  күнде 

есін  жиып  ағасын  тауып  �арбақтағы  көлмаңдай  атына  мініп 

алмасын суырып орданың оң қапталына келіп ат үстінде тұрып 

Мұсаның балаларына мына сөзді айтыпты:

Күнекем келді қасыма 

Ақ күн туы басыма 

Сұрқияның алдау тіліне ермеңдер,

Сұрқияның алдау тіліне ерсеңдер,

Күндердің күні болғанда,

Саныңды соғарсың деген осы ма?

Бұғданың бойы боз қамыс,

Мен Жаңбыр�ы ұлы—Телағыс.

Мұсадан туған он екі ұл,

Көптігіңе мас болма,

Бұ қылығыңды қой, байғұс.

Бұғданың бойы боз қамыс,

Қыстармын да жайлармын.

Күн маңдайды көріңдер,

Күнде азбарға байлармын.

Мұсадан туған көп жаман,

4320


4330

170

БАТыРлАР  ЖыРы

170

171


Жау білдің бе досыңды,

ұмытпа, бәлем, осыңды!

Күндердің күні болғанда,

Көпіген иттей бәріңді

Алдыма салып айдармын.

Жау қылдың, Әнжі, ұмытпа,

Кө�іріп ағам қасымнан.

Істерің түрі тым жаман,

Жүрегім қорқып �о�ынған.

Өлтірмеген нең қалды,

Келмесе Күнке осыдан?

Орақ, Мамай бар ғой деп,

Қауіп қылмай келіп ем,

Мен ойыма асылан.

Басқадан да екеуі

Дұ�пандығын асырған.

Едігені жау біліп,

Азып туған немелер

Мұсахандай асылдан. 

Өзіңді де білдіріп,

Бірақ ілгергіні кім білер.

Жеті жылдай жоқ болып,

Шүңірек көз қосылған.

Мен—Жаңбыр�ы, сен—Мұса,

Мұнан былай достық жоқ,

Арамыз осы а�ылған.

Едігенің ен аруақ

Сендерді тапсын қайтейін.

Бізді күндеп, артық деп,

Дуа тиген дұ�панның

Қасиетін қа�ырған.

Мұсадан туған көп жаман,

Арамыз жақын бір табан.

«Өлтірем,—деп,—жазықсыз»,

Не қылып едім мен саған?

Нахақтан қан жүктеуге

Қорықпадыңдар Алладан.

Жақынменен жау болып, 

Бәріңді Құдай қарғаған.

4340


4350

4360


4370

170

170


171

ОРАҚ – МАМАй

Бұл істің түбін көрермін,

Жата бер, бәлем, қо�-аман.

                 

Телағыс  мұны  атқа  мініп  тұрып  айтқан  соң  інісінің  есірік 

емес екенін біліп Күнкеде басып тұрған есікті босатып жалма-

жан белдеуге тұрған атқа мініп бұ да үйдегі Мұсаның баласына 

мына сөзді айтып толғады:

—Боз тарлан ат қарайды,

Құлағын тігіп �абысқа. 

Өзі болған ер жігіт

Шыдамайды намысқа.

Мұсадан туған көп жаман,

Қанды көзбен қарайсың

Кейінгі туған Ағысқа.

Қайратың болса қылсай�ы

Бізден бөтен алысқа.

Жазықсыз бізді бүлдіріп,

Мынау ісің симайды

Мұсылман түгіл, орысқа.

Біреуіміз хан болып,

Жаңа халық жай болып,

Жайланып едік қонысқа.

Шекарамды а�армын,

Ноғайлы түгіл көрермін.

Бастарыңа іс түссе,

Орақ, Мамай, тыңдаңдар,

Бізден жақын дос көрген

Тоқалдарың болысса.

Астымдағы тарланды

Сұлымен жемдеп мінермін.

Үстіме көбе киермін,

Қарыма садақ ілермін.

Мұнан былай, көп жаман,

Белгіленіп жүрермін,

Не қыларымды білермін.

Мен кетермін айрылып,

Дүрсілдеген көп неме, 

Көттеріңді көрермін.

4380

4390


4400

172

БАТыРлАР  ЖыРы

172

173


Жақын жерден тауыпсың,

Бәрекелді, қасыңды-ай.

Қас көрдің бе досыңды-ай,

Қас көрмесең досыңды-ай,

Іс қыла ма осындай?!

Кетейін айтып білдіріп,

Не берермін басымды-ай,

Не алармын басыңды-ай.

Кү�теріңді аяма,

Кетейін айтып жасырмай,

Білдіргенім жөнімді.

Мұсадан туған көп жаман,

Осылай жөні, осылай.

                  

Күнке  мұны  айтып  інісімен  былай  �ығып  жүре  берді.  Бы-

лай  �ыққан  соң  Телағыс  қылы�ын  қынабынан  суырып, 

бұл  бір-бірімізді  көрместей  іс  болды.  Арамыздан  қан  өтпесе 

көрерміз бұлардың біреуін өлтірейін ия болмаса өзім өлейін,—

деп атының басын бұрып кейін қайтып жүре берді. Жана бұлар 

толғап-толғап  кеткен  соң  Смайыл  есікте  отырған  бәйбі�енің 

бір  баласы  Ал�ағырға  айтты.  Жаңағылар  қайда  кетті  әлде 

бала�ағаны  қырып  жатырма  қара�ы  деді.  Ал�ағыр  қарауға 

далаға  �ықты.  Далаға  �ығып  қарап  тұр  еді  Телағыс  ду�ар 

келіп,  қолындағы  суырып  келе  жатқан  алмаспен  Ал�ағырды 

�ауып  өлтіріп,  ағасының  соңынан  желіп  жүре  берді.  Бұл 

Ал�ағырдың өлгенін Мұсаның қалған он бір баласы білді, білсе-

де Орақ Мамай өздерінің қылған ісінен ұялып, жер �ұқылаумен 

қалды.  Басқасы  жаны  а�ыса  да  қууға  қорқып  қалды.  Сүйтіп 

Жаңбыр�ының екі баласы аман кетті. 

Келе жатып екеуі ой ойласты. Арамыздан қан өтті, бір-бірі-

мізді  көрмейтұғын  іс  болды  енді  бірігіп  отыра  алмаспыз  себе-

бі  бұлар  көп  біз  едік  бұрынғының  айтқаны  бар  еді  «тентектің 

көңілінде  болсаңда,  көзінде  болма»  деген.  «Бұлардың  көзінде 

болсақ бір жерге болмаса бір жерде �алғысы тиер»,—деп, екеуі 

мақұлдасып іргесін бөлек салуға қам ойлап түнімен ноғайлыға 

ат �аптырды хабар берді хабарында айтты. Бізді Мұсаның бала-

сы күндеп біреуімізді өлтірейін деп жатқан жерінен аман қалып 

олардың біреуін өлтіріп кеттік. Енді біз кө�еміз ноғайдың бізге 

ергені бізге ерсін мұнда қалғаны мұнда қалсын. Хабарды осы-

4410


4420

172

172


173

ОРАҚ – МАМАй

лай�а берді. Бұл хабарды күллі ноғай есітіп, Смайылды жұрт 

атын  қойды.  Һамма  халық  Әнжі  деп  ат  қойды.  Мұнан  былай 

Әнжі  деп  атанды.  Бұл  хабарды  Мұсеке  мырза  есітіп,  біреуін 

өлімнен  алып  қалып,  біреуін  олардың  өлтіріп  кеткен  ерлігіне 

далада отырып, бойы балқып олар бүтін жұртқа барады.

Бөтен  жұртқа  барған  адамды  төрт  нәрсемен  қадірлейді 

жүйрік ит, қыран құс, тұлпар ат, сұлу қыз бұлардың қолында 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет