«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата21.02.2017
өлшемі2,28 Mb.
#4614
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Қорқақ қандай, ер қандай,

Өлмеймін деп келдің бе?

Менің атым—Темірхан,

Өлтірмей қоймамен,—дейді.

Қарасай сонда толғайды,

Толғаудың басын қозғайды:

—Сенен қорқып қа�а алман,

Қорыққан болып,

Аяғыңа бас ұрман.

Темірхан және сөйлейді:

—Су аяғы төменде,

Атасы емен аға�қа 

Балта �апса өтпейді.

Әуелгі кезек менікі,

Соңғы кезек сенікі.

Еңіреп жүрген ер болсаң,

Кезегімді бер,—деді.

Өлемін деп қа�асың ба,

Қорыққаннан сасасың ба?

Қасқайып кезек береді,

Атаңа нәлет Темірхан

Алпыс батпан �оқпарды

Қақ маңдайының тұсы,—деп,

Өлер жерің осы,—деп,

Салып келіп қалады.

ұрғаны жаудың мықты екен,

Тау жаңғырып қалады.

ұрғаның, бәлем, осы ма,

Қапы да қалсаң, қалмағым,

Тағы да кезек ал-дейді.

Жақыннан келді қасына,

Қаһарланып ұрғанда,

Қара тауды құлатқан.

Талай-талай батырды

Бір ұрғаннан құлатқан.

Тағы да салып қалады,

950

960


970

980


36

БАТыРлАР  ЖыРы

36

37

Соңғы ұрғанда �оқпары



Быт-�ыт болып сынады.

Ендігі кезек сенікі, деп,

Қарасай қарап тұрады.

Қарасай кезек алады,

Қорамсаққа қол салады,

Бір салғанда мол салады.

Тебінгіге тіреніп, 

Үзенгіге �іреніп,

Қолындағы қол оқты

Қалмақ аттының басы деп, 

Қос өкпенің тұсы деп, 

Өлер жерің осы деп,

Қаһарланып бір атты. 

Батырдың атқан қол оғы

Қалмақтан өтіп барады.

Атаңа нәлет Темірхан

«лох!» деп аттан құлады.

Бір атқаннан өлтіріп,

Астындағы Бозмойнақ

Хан Мамайдың аты екен,

Жетегіне алады.

Манағы қалған қалаға

Қарасай қайтып келеді.

                 

Қарасай  Темірханды  бір  атқаннан  өлтіріп,  астындағы 

Бозмойнақ  деген  аты  хан  Мамайдың  аты  екен.  Қарасай  жете-

гіне  алып,  манағы  қалған  Темірханның  қаласына  жөнелді. 

Темірханның Айжан деген сұлу қызы бар екен. Әкем қа�ан ке-

лер деп, орта жолда тосып жүрер екен. Қарасай Бозмойнақ атты 

жетелеп келе жатқанын көрді. Бұ Қарасай әкемді өлтірген екен, 

мені де өлтірер деп, бір �ыбындай жанымды алып қалайын деп, 

Қарасайдың алдынан жүгірді. 

Қойда бағылан қозы екен,

Жылқыда �аңдақ боз екен.

Айжан деген бір сұлу

Темірханның қызы екен.

«Әкем қа�ан келер» деп,

990


1000

1010


36

36

37



ОРАҚ  БИлӘН  МАМАй  БАТыРДың  ХИКАяСы

Орта жолда жүр екен.

Қарасайды көреді,

Қарасай батыр екенін

Айжан сұлу біледі. 

Мына залым Қарасай

Апмай қоймас басымды,

Жұлмай қоймас �а�ымды.

«Батырдан сауға» деген сөз—

Бір �ыбындай жанымды,

Бір қасықтай қанымды,

Өлтірмей сауға алайын.

Етек-жеңін түрінді,

Қарасайдың алдына 

Жүгіріп салып барады.

Шылбырынан батырдың,

Ала кетті-ау деп еді.

«Батырдан—сауға» деген сөз: 

—Заманың қатар Қарасай, 

Есендік пе, саулық па, 

Асыл ата баласы-ай?

Бір �ыбындай жанымды,

Бір қасықтай қанымды,

Өлтірмей сауға бере көр?

Маңдайыңнан күн қағып,

Таңдайың �өл қағып,

Алыстан аңсап келгенде,

Біздің үйге кір деймін,

Шекер мен �әй бал, берейін.

Өлгенің�е, Қарасай,

Тілектес болып жүрейін.

Бір �ыбындай жанымды,

Бір қасықтай қанымды,

Құрбандыққа берейін.

Қарасай ерер соңыма,

Қарасай батыр ер еді,

Соңына еріп келеді.

Еңсесі биік ордаға

Еңсесін созып кіреді,

Шәй қайнатып береді.

1020

1030


1040

1050


38

БАТыРлАР  ЖыРы

38

39

Көптен бері �ар�аған,



Ол күні жатып қалады.

Және жатып күніменен 

Және де жатып түніменен.

Шүр�іт ханның елінде

Жөке деген сол қыздың

Бір күйеуі бар екен.

Құлағы соны есітіп,

Қалыңдығым қыз Айжан

Тартып алған батырың

Қандай мықты неме екен?!

Қайратын оның көрейін,

Сыбағасын берейін.

Екі мың жарым қолменен

Аттанып оған көрейін.

Ереулі атқа ер салды,

Егеулі найза қолға алды.

Екі мың жарым қолменен

Аттанып �ықты елінен,

Сары өзен деген жерінен.

Аттанып қалмақ келеді,

Дүбір-дүбір желеді,

Түн ұйқысын бөледі.

Қарасай жатқан ордаға,

Таң сәріден келеді.

«Қарасай батыр қайда?»—деп ,

Дауыс қылды деп еді,

Айқайлаған дауысын

Қарасай батыр есітіп,

Төсекте жатып сөйлейді:

—Күйме жексем жарасар

Жылмиған қара жорғаға.

Жүрегіңе жын біткен, 

Неғылып келген адамсың

Әкең жатқан ордаға?

Асықпа, бәлем, сабыр ет,

Сыбағаңды берермін.

Айжан сұлу сөйлейді

Шабар жылқы тақырды,

1060

1070


1080

1090


38

38

39



ОРАҚ  БИлӘН  МАМАй  БАТыРДың  ХИКАяСы

Дауысынан таныдым.

Жөке батыр сықылды—

Сабыр ет батыр, сабыр ет!

«Сабырдың түбі сары алтын»,

Сабыр еткен жетер мұратқа.

Сабырсыздық қылам деп,

Қалып жүрме ұятқа.

Батыр туған Қарасай

Оның тілін алмайды.

Балакерге мінеді,

Хан Жөкенің алдына

Қарасай жетіп барады.

Жөке сонда сөйлейді:

—Іздеген жауың мен,—дейді,

Іздеген батырым сен,—дейді.

Жүріп келген батырдың

Жол аяғы болмай ма, 

Кезегімді бер,—дейді.

Қа�атұғын қатын ба,

Қасқайып кезек береді.

Кезегін Жөкең алады, 

Салып келіп қалады.

Қалмақтың атқан қол оғы,

Қарасайдың бір қабырғасын

Босатып барады.

Оқ тигенін біледі,

Білдірмеймін мінімді, 

Қалмақ алар сырымды.

Тұлпардан түсе қалады,

Атының мойынын құ�ақтап,

Еңіреп қоя береді.

Ханның қызы—қыз Айжан

Жез құманы қолында

Сырттан қарап тұр екен.

Жығылғанын біледі,

Қарасайдың алдына 

Жүгіріп салып келеді

Еңіреп қоя береді:

—Өлдің десем де болмадың,

1100

1110


1120

1130


40

БАТыРлАР  ЖыРы

40

41

Әуелі тілімді алмадың, 



Ақ дәретіңді алып кет,

Аққа мойныңды салып кет,

Иманда болып өлерсің.

Қарасай қан�а батыр болса да,

Қорыққан, білем, �амасы.

Ақ дәретін алады, 

Аққа мойнын салады. 

Ақ дәретін алған соң, 

Қақырайған қабырға

Орнына түсіп барады.

«Иә, Алла» деп сыйынып,

Қайтадан атқа мінеді.

«Қалдым Жөке қапыда»,—деп,

Хан Жөкенің алдына

Қарасай жетіп барады.

—Ендігі кезек сенікі,—деп,

Хан Жүке қарап тұрады.

Кезегін Қарасай алады,

Қорамсаққа қол салды,

Көп оғына жол салды,

Қозы жауырын оқ алды

Атайын деп оңалды.

Батырдың атқан қол оғы

Тасқа тиген немедей

Қайрылып оғы қалады.

Қандауызға қол салды,

Мылтықпенен атады,

Домаланып оғы қалады.

Найзаменен салысты,

Қармақ болып қалысты.

Балтаменен �абысты, 

ұңғысынан сынып қалысты. 

Ат үстінде алысты,

Жағаласып салысты.

«Атқа обал болар» деп,

Екеуі жаяу алысты.

Алысқан жерін қарасаң,

Жар болысып қалысты.

1140

1150


1160

1170


40

40

41



ОРАҚ  БИлӘН  МАМАй  БАТыРДың  ХИКАяСы

Жеті күн жатып атысып,

Өлдім-талдым дегенде,

Күн сегіз күн болғанда,

Көтеріп жауды алады,

Ауызынан салады,

Қанын ұрттап алады.

Батыр туған Қарасай

Балакерге мінеді,

Қалмаққа сонда тиеді.

Мың болмақ түгіл сан болсын,

Жеті күн жатып атысып,

Қалмақты сонда қырады.

Қақпадан оғын зырғытып,

Шарбақтан тұлпар ырғытып,

Және бір және атысып,

Әбден қырып болады.

Толып жатқан малменен,

Қыбырлаған жанменен,

Есендікте-саулықта,

Амандықта, барлықта,

Қалмақтың елін �улатып,

Күн-түн қатып жүреді.

Еңсесі биік ордаға

Қарасай деген батырың

Еңсесін соғып енеді.

Ақ ордаға кіреді,

Мамайға сәлем береді.

«Құлыным» деп жылайды

Тоқсан бесте Қараүлек.

«Қарағым аман келді ме,

Қарағым аман келді»,—деп,

Еңіреп қоя береді.

Атасы менен анасы,

Аман келді баласы. 

Қарасайдай батырға

Көзін салып жүріпті

Дұғана бүркіт бабасы.

«Үркіп кеткен ноғайдың 

Артынан қуып барам»,—деп,

1180

1190


1200

1210


42

БАТыРлАР  ЖыРы

Ойлады балам �амасы.

Балакерге мінеді,

Тастамай қару алады.

Үркіп кеткен ноғайдың

Артынан қуып келеді.

Ханы менен қарасын,

Биі менен �орасын,

Бәрін жинап алады.

Алдына сыйлап барады,

Татуласып ноғайменен

Қайтадан алып келеді.

Қонысына көп ноғай

Және де қайтып қонады.

Айғыр сойып ақыртып,

Түйе сойып бақыртып,

Халқын жинап алады.

Әкесі екен хан Орақ

Қарасай бал�ық салады. 

Қалмақтармен қас болып,

1230  Мұсылманға бас болып,

Отыз ұлынан Мұсаның,  

Тұла бойы тұңғы�ы—

Сексен төртте хан Мамай

Мұратқа жетіп барады, 

Әнекеи, Мамай болады.

1220


1235

42

VIII—IX  ғасырда,  өткен  заманда  бір  Едіге  деген  белгілі 

адам болған. Көп әңгімесі бар. Онан туған Нұрадын, онан туған 

Шарабас,  онан  туған  Аббас,  Ғаббас.  Аббастан  Мұса  хан  туған. 

Ғаббастан  Жаңбыр�ы  туған,  Мұсадан  он  екі  бала  туды.  Екі 

қатыны болды. Бәйбі�еден төрт бала: Орақ, Мамай, Ал�ағыр, 

Сыдық.  Тоқалдан  жеті  бала  туды:  Смайыл,  Шамай,  Қаратал, 

Қабылан,  Саймағамбет,  Қонақ,  Аймағамбет.  Бір  Мәтрө�ке 

деген  құлы  бар  еді.  Онын  да  бала  қылып,  Мұса  ханның  бала-

сы он екі болды. Жаңбыр�ының баласы екеу болды: Телағыс, 

Күнке. Телағыс—батыр болды, Күніке—балуан болды, Орақ—

батыр  болды,  Мамай—хан  болды.  Смайыл—қу  болды,  сонан 

Әнжі атанды. Енді Мұса хан жасар жасын жасап, ауырып өлер 

әлетке келгенде, он екі баласын �ақырып алып, Қарүлек деген 

әйелі бар еді, қолынан тартқызып, тұрып отырып, келген он екі 

балаға бір ү� ауыз сөз насихат айтады. Сондағы айтқаны:

—Балаларым, келдің бе,

Тегіс үйге кірдің бе?

уағалейкумуссалам

Бәрің де сәлем бердің бе?

Көзімнің кірді жанары,

Жүздеріңді көрдім де.

Қарүлек, тарт�ы қолымнан,

Көтерейін кеудемді.

Қысылып маңдай терледі,

Бәденге ауыр жегдемді

Дүниесі құрысын,

Кірі жоқ сөздің де.

Жалғаннан күдер үзгенсін,

Орақ – Мамай



(Нұртуған нұсқасы)

10


44

БАТыРлАР  ЖыРы

44

45

Бір өсиет айтуға



Көкірегім желденді.

Бірін�і сөзім—аманат,

Қылма бұған қиянат.

Он бірің белден тудыңдар,

Мәтрө�ке қара құл

Бәріңе қонақ, білдің бе?

Он екі жерден оқ жақтың, 

Қайрат пенен мал таптың.

Бөліп бердім ен�іңді,

Басына салып енді де.

Мына жатқан қараңда

Бөлінбей қалған енді не?

Мына тұрған ақ сүңгі

Шан�ып е�кім сындырмас.

Бадана көзді ақ сауыт

Киген ерді тындырмас.

Байласаң белге ақ алмас,

Сілтесең бұдан жан қалмас.

Иулі тұрған сарыжа

Жауырыны қиға�тап

Тартатұғын ер керек,

Қайраты асқан дүр керек.

Болатын қара ер жолдас

Тұмарлы қара дәруез.

Жан қалмайтын жалмауы

ұсынса жазым кетпейді,

Не де болса тыңдамас.

Ер қаруы—бес қару

Жалғыз ерден ауыспайд.

Тұлпарды ерлеп мінгенде,

Не болады бөлгенде?

Бес, он түрге қоямын,

Екін�і сөзім осы еді.

Бәрің де үйден �ығыңдар,

Шөкім жерден жүгіріп,

Озғаның ал екпінді.

Ү�ін�і сөзім—өсиет, 

Бәрің де болдың азамат.

20

30

40



50

44

44

45



ОРАҚ – МАМАй

Тыңдасаңдар насихат,

Біреуіңе қонады

Едіге ердің ен аруақ,

Соған қонад біздің бақ.

Біреуіңе бақ қонса,

Бәріңе болат инабат.

Біреуіңе қонған бақ 

Қарның а�са ас болып,

Жаяуласаң болар ат.

Едігенің нәсілін

Шет жүргенің, і�ке тарт.

Мұндай болып жүрсеңдер,

Баталмайды бөтен жат.

Қор болмасаң тіл алып,

Ойларыңа қылсаң қат.

Бұл тілімді алмасаң,

Сендерге айтып кеткенім

Тербенеді жатқан қарт.

Бұл отырған он екің—

Бәрің бірдей немесің.

Тектеріңе көз салсам,

Ноғайлының і�інде

Сендер биік төбесің.

Ауыздарың бір болса,

Бұл халыққа �егесің.

Бірліктің жайын айтайын:

Барыңнан жоғың мінесің,

Киімі болса киесің.

Сөйтсеңдер дәурен көресің,

Сараман дәуір сүресің.

Ала болса ауызың,

Өз-өзіңнен бөлесің,

ырысыңды тебесің.

Қолтығында әркімнің 

ықпалымен жүресің.

Берік айтқан тілімді 

Көңліңе алсаңдар,

Сөзіме құлақ салсаңдар,

ұрпақтарым көгерсін,

60

70

80



90

46

БАТыРлАР  ЖыРы

46

47

Жұраттарың көбейсін.



Алмағаның тілімді

Себеппен жерге кіресің.

Антқа ұ�ырап ақыры,

Сүрініп �өпке өлерсің.

Өсиетім таусылды,

Жүрейін деп жатырмын,

Естіп кетсін құлағым.                        

—Ассалаумағалейкум,       

Балалары  атасы  мұны  айтқан  соң,  бәрі  де  түрегеліп:—

Ата,  айтқан  сөзіңде  тұрамыз.  Матрө�ке  қара  құл  түгіл 

Жаңбыр�ының  балаларына  да,  басқа  қонса  күндемейміз. 

Жана  қаруыңызды  айтқаныңыздай  жүргіріп  озғанымыз  ала-

мыз,—деді. Мұса хан балалары мұны айтқан соң, қолын жай-

ып  бата  беріп,  балаларын  далаға  �ығарып  жүгіртіп  еді,  озып 

үйге  кіріп  қаруды  Орақ  алды,  қалғанын  Мамай  алды.  Басқа 

балалары босқа қалды. Және өздерін�е уәде қылып, ү�ке дей-

ін  жүгірейік,  озып  алсаңдар,  қау  сендердікі.  Бұл  істен  мәдәр 

өзгеріс болса, атам көрер деп, ү�ке дейін жүгіріп еді, ү�еуінде 

де озып келіп Орақ алды, қалғанын Мамай алды. Балалар ырза 

болып тарады. Тоқалдың үлкені—Смайыл еді. Бұл Смайыл жа-

сында түйе бағып жүріп, бір боранда түйе ығып кетіп, түйемен 

бірге кетіп, екі аяғы үсіп, саусақтары түсіп, Топаяқ болып еді.

Бұл күнде жұрт «Смайыл Топаяқ» дейтін еді. Басқа балала-

ры тарап кеткен соң, бұл көңліне бір сөз келіп, әкесі Мұса хан 

іргеге қарап жатыр еді, ойы кекіреп сол әкесіне ойына келген 

сөзін толғап айтқаны.



Тобаяқ Смайылдың айтқаны:

Жатырмысың жан ата?

Ботаңның айтқан сөзіне

Құлағыңды сал, ата.

Бәйбі�енің баласы

Орақ, Мамай тең еді.

Орақ үлкен болғанмен,

Мамай кі�і неме еді.

Ү�ке �ейін жүгірдім,

100


46

46

47



ОРАҚ – МАМАй

Қолыма қару тимеді.

Тоқалдан туған жетеуге

Бір қаруың жөн еді.

Орақ, Мамай екеуі

Менен артық ер ме еді,

Немесе озған би ме еді?

Бәйбі�енің баласын

Жақсы көріп отырсың.

Керемет сізде көп еді,

Сізден болды себебі.

Тоқалдан туған жетеудің

Ең үлкені мен едім.

Едігеден де болған соң,

Қай пендеден кем едім?

Айтқан сөзден аса алмай,

Орақ пенен Мамайға

Неге аласың демедім.

Көзің тірі жатқанда,

Алдыңа, ата, келемін.

Ү�еуім артық демеймін,

Бәйбі�е жара, мен жара,

Таң жараға көнемін.

Мен де сенің балаңмын,

Қалайын�а кем едім?!

Келіп сәлем беремін,

Ажал жетіп өлсеңіз,

Мал �ығарып көмемін.

Расходқа тең едім,

Қаруыңды бөліп бер,

Әділдігіңді көремін.

Тыңдамасаң сөзімді,

Теңгермесең тіріңде,

Адамдығым құрысын,

Өзімді-өзім жарып өлемін.

Ата, айтайын арызым,

Арызбенен айтамын

Қалған сөздің қарызын.

Кү�ті десең маған бер,

Орағыңды білмеймін.

110

120


130

140


48

БАТыРлАР  ЖыРы

48

49

Мамайменен күресіп,



Талай бердім әділін.

Білегі Мамай артық қой,

Батырлығы болмаса,

Сөз білмейді ер Орақ,

Онан жақсы жауырын.

Ә�ейінде жүгірсем,

Кетемін озып қара үзіп.

Қатар жұмыс істесем,

Кем емес одан �алымым.

Себепсізден болмаса,

Осы бүгін олардың 

Қайдан болды қары ұзын?

Дым білмейтін ән�ейін,

Білдің бе балаң жарымын?

Қолыңнан бөліп бермесең,

Кәнеки, ата, әділің?!

                 

Сонда атасы іргеге қарап жатыр еді, аударылып түсіп, оңға 

қарап, қырынан жатып, баласы мұны айтқанда, Мұса хан мына 

сөзді айтыпты:

—А, Смайыл, Смайыл

Қайдағыны ойлайсың,

Қайдағы ойды жинайсың.

Сен батыр туған ер болсаң,

Кү�іңді неге салмайсың,

Қаруыңды неге алмайсың?

Сен ақылы артық би болсаң,

Бағана айттым бір сөзді,

Сөзге неге тұрмайсың?

Орақ, Мамай кем дейсің,

Неге ағаңа қимайсың?

Асырадым мен сені 

Өз белімнен туған соң.

Мен өлген соң, Смайыл,

Жерге кірсең сыймайсың,

Өлгенің�е тынбайсың,

Осының түбін �ындайсың.

150


160

170


180

48

48

49



ОРАҚ – МАМАй

Бәрекелді, Смайыл,

Табылған екен ермегің,

Жақсы болды келгенің.

Сен қайратты туған ер болсаң,

Не қыласың қаруды?

Аққа неге сенбедің?

Қару деген темір ғой,

Істегені пенденің.

Сен ақыл асқан би болсаң,

Орақ пенен Мамайды,

Білесің бе, кім дедің?

Жүйрік болсаң, алсаң�ы,

Өлейін деп жатырмын,

Тұсауың сенің менбе едім,

Шырағым, неге сенбедің?

Сенбесең де, �ырағым,

Не қыласын қаруды?

Өзімнің ен�ім сары ала ат,

Алдымнан риза болып кет,

Сол ен�і атымды бергенім.

                

Мұса хан Смайыл мұны айтқан соң, өзінің ен�ісі сары ала 

атты  Смайылға  берді.  Топаяқ  Смайыл  әкесі  мына  ен�і  атын 

берген соң, көңлі �ат болып ол ат тоғайда жүр еді, соны ұстап 

алмақ�ы болып, әкесіне риза болып үйден �ықты. Бұл Смай-

ыл үйден �ыққан соң, Мұса хан жан тапсырды. Мұса хан өліп, 

ноғайлыны  жиып,  намазы  болмақ�ы  болып,  Орақ,  Мамай 

қолына  түскен  қаруларды  байланып  жүрді.  Смайыл  бұларды 

көріп, мен де әкемнің берген атын мініп көпке жүріп көрсетейін 

деп, қолына жүген, ат добыра алып, әкесінің ысқат құранына 

қарамай, тоғайдағы атқа кетті.

Атқа бара жатып көңіліне әрбір қиял түсіп, сол қиялын өзіне 

келтіріп толғағаны:

—ықпал �ығар бұ да бір,

Атам атын бергені-ай.

Ердің босқа кетпейді

ықылас қылған еңбегі-ай.

Мың ойды бастар бір жігер,

190


200

50

БАТыРлАР  ЖыРы

50

51

Не қыламын өңге ойды-ай.



Орақ аңқау батыр ғой,

Ойына бұл ой келмеді-ай.

Мамай ойлап білгенмен,

Орақ та үлкен, мен де үлкен,

Оған рет тимеді-ай.

Әрі жана бұл халық

Орақ, Мамай екеуін

Артық туған күндейді-ай.

Қайратты туған ер Орақ 

Сабаған тентек талайды-ай.

Айтқаны болған қалайды-ай,

Сол себептен сүймейді-ай.

Білімімен жүрет деп,

Қайдағыны ойлап білет деп,

Жақтырмайды халық, би деді-ай.

Жақсы деп жүрген жолдас қай,

Іс қылмайд деп ойласпай,

Жақсы деген Смайыл

Құлағыма тиді-ай.

«Жөн білед,—деп,—Смайыл»

Айтты талай не�еулер.

Білігіміз сенде деп,

уәде қылды і�ерлер.

Қалай да бақты алармын,

Жігерлі адам жоқ бірақ.

І�ерде көп жаңырақ

Көптігіне қарасам,

Саны бір елдің кіндігі-ай.

Едігеге көз салсам,

Менен артық төртеу бар.

Сол төртеуі болмаса,

Басқалары не қылар?!

Жаңбыр�ының баласы

Телағыс, Күнке екі нар

Атадан артық асылдар.

Маужыраған мырзалар

Бұл екеуін сөз қылса,

Көрінеді халық аунар.

210

220


230

240


50

50

51



ОРАҚ – МАМАй

Бұл екеуі билікке

Емес еді көп құмар.

Сөз қыла қойса екеуін,

Айтатұғын дәлел бар.

Атамыздың мұрасын

Орнымыз бар біз алар.

Ақылы жоқ аңқауда

Арқыраған-ай қайда.

Қан құйғанда не оңар,

Халық Құдайдың бір аты.

Ел адамды байқайды,

Ел адамды байқаса,

Орақ қалай хан болар?

Жолы кі�і болмаса,

Көптің тілін алмаса,

Әнеки, Мамай сол болар.

Онда ырза болмаймын,

Халық айтса да қылмаймын.

Соңыма ерген хараммен

Өлгенім�е тынбаймын.

Онда бір ноғай қозғалар

Бұл төртеуі болмаса,

Қайсысы менен білімді?

Таныған �ығар ноғайды,

Атты алған соң жөнімді.

Сөз қылмасам жолым жоқ,

Тұрғанда Орақ атты алар,

Атты алғаным бақ қонар.

Қарағанда осыған,

Менен бақты кім алар?

Атам берген ала жан

Оқыранып келмей ме,

Көрсе менің қарамды.

Тұлпардан туған жануар

Жұмысыма жарамды,

ұстап алсам аламды.

Шақырайын тездетіп

Еңсесі биік ордама

Он сан жатқан ноғайды.

250

260


270

280


52

БАТыРлАР  ЖыРы

52

53

Атаның малы балаға



Дәулет болып қонбайды.

Іс қылайын аянбай,

Қолымдағы дәулетім

Келеді аз орайға.

Бұ халықтың і�інде

ықпалды туған биелер

Берейін қолдан парамды-ай.

Қайратты туған еріне

Жай айтайын жалынып,

Тастамас мені олар да-ай.

Тізгінін берсе осылар,

Не қыламын кейінгі

Малын баққан жаманды-ай.

Халық тізгінін алғанға,

Үйге қонақ болғанға

Қол қусырып тұрайын.

«Байтақ жатқан халықтың

Билігін бер?»—деп сұрайын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет