«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет6/23
Дата21.02.2017
өлшемі2,28 Mb.
#4614
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Сырын бұрын білмеген

Мінбеген құла көлігім.

Атамның жолдас адамы:

Өзі болған ұламан,

Жолы болған Жоламан,

Қайтпай �апқан Қалқаман,

1440


1450

1460


1470

86

БАТыРлАР  ЖыРы

86

87

Жол бастаған Мүлкаман,



Қуанып едім көрген соң,

«Жолдас болар маған» деп,

Себеппенен келуін.

Құлдан қорлық көрген�е,

«Бұлар жақсы көрер» деп,

Менімен жүрген өлімін.

Далаға кеткен еңбегім,

Екен менің көңілім .

Мұндағы ноғай қарасам,

Бір құл емес бәрі де

Қолымнан малым кеткен соң,

Мені адам демеген.

Осылай �ығар білуім,

Бәрекелді қара құл,

Риза �ығар малына-ай.

Мал�ы қылып қойғаны

Қожасының жарын-ай.

Менен күдер үзген ғой,

Бұндағы текес көп ноғай.

Басына салған табыны-ай,

Телағыс, Күнке екеуі

Қайраты артық нарым-ай.

ұмытып кетті-ау біздерді

Тойғаннан соң қарыны-ай.

ұмытпаса біздерді,

Керек еді жұтаған

Біз емес кәрі жеңгесі,

Сәлемге арнап бару-ай.

Сұрап қайту жол еді,

Жеңгесінің әлін-ай.

Орақ, Мамай екеуі

Малы кетіп азықса,

Ноғайлыны билеймін деп,

Келетін �ығар үйіне-ай.

Бұл келмесе үйіне,

Бес жылдан бері біреуі

Салатын жөні бар еді

Аттарының ізін-ай.

1480

1490


1500

1510


86

86

87



ОРАҚ – МАМАй

Тоқалдан туған жетеудің

Смайылы болғанда, 

Жылында барып сәлемге, 

Тым болмаса біздерге

Айтар еді естіген

Мұндағы ноғай сөзін-ай.

Мұсаның тоғыз баласы

Көрінер ме екен көзіме-ай.

Айтар едім өкпені

Келіп жүрген үйіме-ай.

Басқа ноғай көңілі

Бұрыннан маған мәлім-ай.

Едігенің біреуі

Ізіме еріп жүргенде,

Жалынар ма едім бұларға,

Ерсе солар соңыма-ай.

Осыдан барып сау келсем,

Жолым болып ел көрсем,

Мына жатқан ноғайға

Дәулетімді теңгерсем.

Қосақтап қойып қолымнан,

Бара жатқан мына төртеудің

Тарқар еді і�кі �ер

Бауыздап і�сем қанын-ай.

Осыны айтып ер Орақ,

Баруға атын ұрады-ай.

Солтүстікке құланың

Жүруге басын бұрады-ай.

Мына кеткен төртеуі 

Сырттан қарап тұрады-ай.

Айтсаң да ханың жараны

Орақты бұлар сынады-ай.

Алдартына қарамай,

Ноғайлы елінің

Біреуіне жоламай,

Қайтар емес ер Орақ,

Жолдан асып озады-ай.

Қайтпасын мұның білген соң,

Бұл төртеуі қайтадан

1520

1530


1540

88

БАТыРлАР  ЖыРы

88

89

Жиналып басын құрады-ай.



Енді Ораққа ермекке, 

Ізінде жүріп өлмекке,

Қайта кеңес қылады-ай.

Бұл төртеуі кеңесіп:

—Деді—енді жүрейік.

Бұл жылқыдан төртеуміз

Төрт ат таңдап мінейік.

Құлдың малын баққан�а,

Ізіне ердің ерейік.

Мал бағып, тамақ таппай-ақ,

Бұрынғы күнді көрейік.

Құдай талап оң қылса,

Алып олжа келейік.

Едіге ердің жұраты,

Тілегін мұның тілейік.

Құлдың малын баққан�а, 

Есіріп отын жаққан�а,

Оң қылмаса талапты,

Сол қалмақта-ақ өлейік.

Бәрекелді, ер Орақ

Шыныменен ер екен.

Кеміс болып тарықпай,

Шығармай қайрат жүр екен.

Ақырғанда Орақтың,

Бұлт ойнап, күн жауған

Осының бәрі пір екен.

Басқасы мына Мұсаның

Тек ә�ейін неме екен.

Елде екеудің бірі екен,

Пірі болса өзі екен.

Осыны айтып төртеуі,

ыңырсып жатқан жылқыдан

Атты таңдап мінеді-ай.

Бара жатқан Орақтың

Ер екенін біледі-ай,

Көңілдері сенеді-ай.

Жүргені жүдеп болмаса,

Бұл төртеуі айтулы

1550

1560


1570

1580


88

88

89



ОРАҚ – МАМАй

Жасынан-ақ ер еді-ай.

Иесіз тастап жылқыны,

Кеткен Орақ артынан

Жабыла �ауып келеді-ай.

Аттан түсіп «мырза» деп,

«Аруақ болсын риза» деп,

Алдын тосып батырдың,

Иіліп сәлем береді-ай.

Төртеуі бүйтіп келген соң,

Батырдың жәйі болып,

Мынау айтқан сөз еді-ай:

—Бәрекелді, келдің бе,

Атамның көзін көргендер,

Жақсыға жастан ергендер?

Мені жалғыз жібермей,

Ер кәдірін білгендер,

Талай жолға жүргендер,

Бағанағы осы жөн еді.

Мен ризамын сендерге,

Бір тәуекел Аллаға.

Бұл сапарға бұл иесін

Жалғыз Аққа сенген ер.

Риза болдым сендерге,

Атама жолдас төрт адам,

Қолыңды жай да, бата бер.

Жасы үлкен төрт адам,

Қайырлы болса бұл қадам,

Сендер төртеу мен бесеу

Көліксіз қалды би Мамай,

Бір сыбаға берейік.

Алтау болып ортадан,

Сендер маған бата бер.

Жылқыңды бағып жата бер,

Мен риза болдым сендерге.

Ізімнен �ауып келген соң,

Болып кетті көңліме

А�ылғанды қымтаған.

Ертіп кетіп сендерді,

Алсам жақсы қалмақты,

1590

1600


1610

1620


90

БАТыРлАР  ЖыРы

90

91

Әлде қандай бұ заман.



Алалмасам қалмақты,

Сіңсіп тұрған байыңнан

Шығарармын мен жаман.

Тілектес бол да, жүре бер,

Төртеуің де қартайған. 

Бұйырғанды көрейін,

Өзім-ақ барып келейін.

Дүниеге келген соң,

Әйтеуір жайым бір табан.

Орақ мұны айтқанда, 

Төртеуі де жылады.

Қолын жайып Құдайдан:

«Аман сақтап, сау көрсет»,—деп,

Саулығын Орақ сұрады,

Құбылаға қарады.

Қолын жайып ер Орақ,

«Әумин» деп тұрады.

Бұл төртеуі қол жайып,

Мүлкаман бата қылады. 

Мүлкаманның батасы: 

                         

—Бір жаратқан Құдайым,

Жар бол,—деді,—Ораққа,

Дем бер,—деді,—құла атқа

Әуелі Алла, екін�і,

Құдай досы Пайғамбар.

Жеткіз,—деді,—мұратқа—

Едігенің пірлері.

Ата дұ�пан қалмаққа

Сапар �егіп барады.

Жәрдем бер, Орақ жұратқа,

Дұ�панның оған жолатпа. 

Ду�ар қылма Орақты

Өзінен басым болатқа.

Орақ барған кезінде,

Қалмақтың басы Қазанбас

ұйқыда қыл, оятпа?!

1630

1640


1650

1660


90

90

91



ОРАҚ – МАМАй

Кәріптің ісі қараңғы,

Қараңғыда іс қылса,

Қаланың қалың қамалын

А�қайсың жолын құлат та.

Жөн сілтеген пірлерің

Иә көрініп көзіңе, 

Иә айқайлап құлаққа,

Бәрі оңай қалмақтың

Тас қамалын бұзғайсың,

Бұзып ойран салғайсың.

Кү� көрсетіп, дінсіз нас

Шариғат білмес дуракқа.

Қойып малын алғайсың,

Түзу жүріп барғайсың,

Сұлуын ал жылат та.

Сарыжа тартсаң, ер Орақ,

Жанды болса өкпеге ат,

Керіп сонда жылдам тарт,

Анықтап ат, қия атпа.

Бауыздап қанын төккейсің,

Дұ�паныңды құлат та.

ықпалың жүрсін, ер Орақ,

Үзілмесін аруақ

Өзің түгіл, сорапқа.

Өміріңнің і�інде

Бетіңе �іркеу келмесін,

Аттансаң дұ�пан сол жаққа.

Аман барып, сау келіп,

Көріскейсің бұл жақта.

«Алла» деген адамның

Бір �ағым қуы бар болса,

Біз аманат тапсырдық

Орақ сені бір Хаққа.

                  

Бұл  төртеуінен  Орақ  бата  алып,  қалмақтан  мал  алып  кел-

се,  бұл  төртеуі,  өзімен  бесеуі,  Мамаймен  алтауы  болып,  бөліп 

алмақ�ы  болып,  бұлардан  айырылып,  Қалмастағы  көп 

бұлақтың  біріне  атын  �алдыртып,  қайта  мініп  Азауға  қарап 

қалмаққа жол жүргенін айту�ы сөзбен тұрмыстайды:

1670

1680


1690

92

БАТыРлАР  ЖыРы

92

93

Ат �алдырды азғантай



Қалмастағы бұлаққа-ай,

ұлы сәске уақытта-ай.

«Алла» деп мінді ер Орақ,

Суарып, жемдеп құла атты-ай.

«Көрейін,—деп,—құланың,

Осы бүгін қайратын».

Білейін�і би Мамай

Мақтап еді не атты-ай.

«Шу» деп еді жануар,

Жортағы емес, жорға емес,

Желсе де сынаптай,

Табанынан сарқ беріп,

Секіреді лақтай.

Жүрген сайын ер Орақ

Жаратады бұл атты-ай. 

Сыдырса да, �апса да,

Желпілдемейт етегі,

ұнатып батыр жаратты-ай.

Сынағаны �ын екен,

Білген екен би Мамай.

«Жүрісі жайлы мал екен,

Көрдім,—деді,—ірі атты-ай.

Жүрісіне қызығып,

Жүрген сайын «�у» деді.

«Шу» деген сайын гуледі,

«Шу» деп келіп ұмтылса,

Аяғы жерге тимеді,

Табаны жерді ілмеді.

Табанының саңғалы

Бесатардың оғындай.

Тіке аспанға еңіреді,

Шұбатылып құйрығы,

Тікиіп жалы гуледі.

Келатыр �ауып ертеден,

Шапқан сайын ұмтылып,

Бұл �апқанды білмеді.

Қан�а қинап �апса да,

Омырауы-ақ терледі.

1700

1710


1720

1730


92

92

93



ОРАҚ – МАМАй

Батырдың көңлі атына

Жаңа-жаңа сенеді.

Сәскеде �апқан құланы

Қызыл�а бесін уақытта,

ұмтылумен келеді.

Кейде �ауып жепіріп,

Кейде тартып желеді. 

Желгені де бұл аттың,

Шабыстан зият өнеді.

«Шыны жүйрік екен» деп,

Батыр жаңа біледі.

Қарлыққанда намаз�ам,

Аттан түсіп жетектеп,

Бір бұлаққа түнеді.

Шақпағын �ағып от жағып,

Қоржынынан дәм татып, 

Түн ортасы ауған�а,

Кездірумен жүреді.

Түн ортасы болғанда,

Атты мықтап қаңтарып,

ұйқысы келмейт ер Орақ,

Жатыр еді жантайып, 

Алтын тапқан кісідей,

Дүрсілдейді жүрегі.

Қайтадан атқа мінеді,

Жатқысы ердің келе ме.

Ат басындай жүрегі

Сарайында кернеді.

Кеудесіне жайласпай,

Шалдырмайды құланы,

Қинауы мұның ұласты-ай.

Темір қазық белгілеп,

Қасында жоқ жолдасты-ай.

«Осылай жүрсем тура» деп,

Өз-өзімен ойласты-ай.

Түндегі дүбір дүрсілдеп,

Жатақта жатқан аң қа�ты-ай.

Жөнеліп қа�ып кеткен�е,

Бозда жатқан ақ қоян

1740

1750


1760

1770


94

БАТыРлАР  ЖыРы

94

95

Басып кетті аңдаспай.



Осыменен отырып,

Бір уақытта таң атты-ай.

Қызарды да күн �ықты, 

Күн �ыққан сайын жепіріп,

Тұлпар екен жануар,

ұмтылып «�у» деп зырлатты-ай.

Қарағай найза қалтылдап,

Ақ алмас болды жалтырап.

Орай бұған қырық кез оқ,

Байлаған белге сарыжа

Сартылдайды жанбастай.

Сүйегі қызып тұлпардың,

Ол төбені бір басты-ай,

Бұл төбені бір басты-ай.

Қар�ығадай қайқиды,

Тұрымтайдай тоңқиды.

Не�е күдір жол жүріп,

Қалдырып келет тау, тасты-ай.

Ат қайратын көрген соң,

Шын тұлпарын білген соң,

Қан�а қа�ық болса да,

«Несі бар,—деді,—бармасқа-ай».

Шарт айтып батыр келеатыр,

Жолда түсіп кідірмей, 

Бұл қалмақтың елінің

Жақындамай �еніне-ай.

Бұл �абысын қоймасқа-ай,

Сыйынады ер Орақ

Бір жаратқан Құдаға-ай.

Бұл жүріспен кідірмей,

Өз елінен ұзады-ай.

Сусыз жерге кез келсе,

ұмтылып жер алдырып,

Ду�ар болса өзенге

Кідіріп ат �алдырып,

Терін үгіп алсын деп,

Аттың ерін алады-ай.

Мұндайменен кідірмей,

1780

1790


1800

1810


94

94

95



ОРАҚ – МАМАй

Батыр кетіп барады-ай.

Биік-биік төбенің

Басына �ығып жан жаққа

«Ел бар ма» деп қарады-ай.

Не�е асқар тау қалды,

Көрді не�е саланы-ай.

«Көрейін,—деп,—�абысын»,

Жіберіп басын ұмтылса,

Көтеріліп ұ�қан�а,

Қоңыр қаз бен тырнаны

Қам�ыменен ұрады-ай.

Құлынның атып қодығын,

Көптің тартып борығын,

«Жетем,—деп,—қа�ан Азауға»,

Келеатыр батыр �ыдамай.

Аттан түсіп кідіріп,

Отырмады �е�ініп.

Жолда ұйықтап жатқан жоқ,

Әлі аяғын көсіліп,

Мықты жорық қылады-ай.

Тұлпар екен жануар,

Күн-күн сайын жайнайды,

Секіріп құла ойнайды.

Мақпалдай түгі құбылып,

Жұмалап тері төгіліп,

Сабалақ болмай құрғайды,

Бұл мінуге �ыдады-ай.

Екі құлағын қай�ылап,

Жайнайды көзі �ырадай.

Осылай�а сол жерде

Азғантай емес, мол жүрді.

Бір он бес күн болғанда,

Қызыл�а бесін уақытта

Кіресі бар басында,

Алтын сыр жаққан тасына

Не�е жерден көрінді

Күмбезі күміс мұнара-ай.

Көрмеген жері батырдың

Өмірін�е бұл ара-ай.

1820

1830


1840

1850


96

БАТыРлАР  ЖыРы

96

97

Жеткеріліп батудан,



Келе жатқан жал�ылар

Ке�тің қозын отыннан.

Жолығып Орақ бұлардан:

—Не �әһар?—деп сұрады-ай.

Көрген мына даланы-ай,

Сұраса Азау қаласы.

Тура айдап Құдайым,

Қатты қандай қалмақтың,

Тап үстінен құлады-ай.

Биіктігі алты ар�ын

Қорғаны бар қаланың.

Айналасы ор еді-ай,

Қақпасы қалың кілтті-ай.

Енді қалай ер Орақ

Келгенменен кіреді-ай.

Не қыларын біле алмай,

Бұл қалаға кіре алмай,

Айлануменен жүреді-ай.

Ке�ке �ейін айналып,

Кіре алмай батыр ойланып,

Қас қараймай тұрғанда,

Бір жерге келіп тұрады-ай.

                   

Орақ  он  бес  күн  жол  жүріп,  бұл  қалаға  келіп,  отын  алған 

жал�ылардан Азаудың қаласы екенін біліп, ке�е бесін уақытта 

оқталып еді. Келсе қаланың алты ар�ын қорғаны бар. Дарбаза-

сы құлыпты.

Тексеріп тұруға, әкімі бар қалаға Орақ ордың осал жері бар 

ма екен деп, ү� айланып көреді. Е�бір емкәні жоқ. Далада көп 

мал бар, мұны айдап жүре берейін десе, ертең ізіменен қуады-

ау  деп  ойлап,  оны  лайықты  көрмей:  «Не  де  болса  осы  қалаға 

кіріп,  қамалын  бұзып  алсам  екен»,—деген  көңлімен  амалын 

таба алмай, ақыл ойлап бір жерде тұрды. Сол уақытта көлденең 

бір екі көк атты адам кез келді. Бұларды көріп Орақ сәлем бе-

ріп,  ойлағанын  жасырмай  жөнін  айтып,  олардан  жөн  сұрап 

толғағаны:

1860

1870


96

96

97



ОРАҚ – МАМАй

—Ассалаумағалейкум,

Сәлем бердік екі аға.

Мұрт қағулы көрініп,

Мұсылман деп сендерді,

Етіп тұрмын мен �ама.

Көлденең келіп кез болдың,

Кімдікі, аға, бұл қала?

Мен жайымды айтайын,

Едіге ердің тұқымы.

Келе жатқан бекзада

Мұса ханның үлкені.

Атым—Орақ, мен—бала.

Мына жатқан қалмақты

Көген түйді етер ем,

Бола қалса жер дала.

Жер құлыны болсаңдар,

Құдай ү�ін жөн сілте,

Кіретұғын жол бар ма?

Құдай айдап кез келдің,

Заман құрбы асылзат.

Жөндеріңді айтыңдар,

Қылмаймын сізге қиянат.

Мына жатқан қалмаққа

Шығып едім елімнен

Малын қуып алмаққа.

Сұлуын таңдап і�інен,

Елге алып бармаққа.

Жөндеріңді айтыңдар,

Қылы�пенен сыйласам,

Екеуіңді осы жерде

Қолымнан айт�ы, кім алат?

«Мұсылман» деп сіздерді,

Көңлім еріп, босап тұр.

Жаныңнан қорқып, ә�ейін,

Сөйлеме жалған, дәлін айт.

Дүздерің ыстық көрінед,

Мен көрмеген перизат.

Аттарыңа көз салсам,

Мен көрмеген не тоқым

1880

1890


1900

1910


98

БАТыРлАР  ЖыРы

98

99

Пырақ қисап қазанат?



Жарым ай болды, мінеки,

Шығып едім елімнен,

Өзімнің мекен жерімнен,

Аққан өзен Еділден.

Сол елімнен �ыққалы

Мұрт қақтырған мұсылман

Сөйлесетін жөн сұрап

Тек екеуің көрінген.

Мәні-жайым сіздерге

Баяндайын мәлімдеп

Шыққан қалап жөнімнен.

Жасырмай тұрмын жөнімді,

Дәме қылып сіздерден,

Мұсылман деп дініңнен.

Атасы басқа болсаңдар,

Ақ жазуы бар �ығар.

Келеді,—деп,—беймезгіл

Қорықпаймын өлімнен.

Қасымда жоқ жолдасым,

Әуел Құдай сенгенім.

Жанын сақтап кім жүрет,

Жалған айтып ебінен.

Елден жалғыз �ыққаным

Жәрдем сұрап келемін

Едіге атам пірінен.

Әттең мына жалғыздық

Аң-таң қылды басымды.

Он сан жатқан көп ноғай

Жолдас болсам да қасымда,

Қиялай қиқу жол салып,

Мына биік қорғанның

Майдалар еді-ау тасын да.

Кез келтірді, жөн сілте,

Жаратқан Жаппар Құдайым.

Ду�ар қылды себеппен

Өздеріңдей асылға.

Ағайын ү�ін жол айт дейт,

Құдай ү�ін жол айт дейт.

1920

1930


1940

1950


98

98

99



ОРАҚ – МАМАй

Бұрын таныс емес деп,

Жөніңді айтпай, қа�ырма.

Мен аңсыраған а� бөрі,

Қойдың көрген қарасын.

Өзіме санап көп тұрдым

Мұсылманның баласын.

Діндес болсаң менімен,

Білігің болса аямай,

Бұл қаланың алатын

Білдір�і маған �амасын.

Елден �ыққан бір басым,

Қасымда жоқ жолдасым.

Мен еңіреп жүрген ер едім,

Тек көңіліме тоқ санап

Едігедей бабасын.

Талапкер болсаң сендерді,

Жолдас болып алайық

Бұл қалмақтың қаласын.

Ел адамы болсаңдар,

Жөндеріңді сөйлеңдер,

Қай жаққа кетіп барасың?

Сонда екі адамның сөзі:

—Тыңдадық, батыр, сөзіңді,

Білдірдің айтып жөніңді.

Асылың ноғай мұсылман,

Едігенің жұраты.

Таныттың дұрыс өзіңді,

«Едіге» деп айтқан соң,

Білеміз арғы тегіңді.

Мекен қылған бес атаң

Шаған менен Еділді.

Бір Аллаға �ын сеніп,

Көңліңе алсаң піріңді.

Қайтармас е�кім дымыңды,

Жеңерсің дұ�пан еліңді.

Едіге ердің баласын

Өзіңе санап дос көріп,

Берік ұстасаң денеңді.

Бұл қалмақтың қаласын

1960

1970


1980

1990


100

БАТыРлАР  ЖыРы

100

101


Алуы оңай, ер Орақ,

Тәуекелге байласаң,

Көзіңді жұмып беліңді.

Білдің, батыр, ақылмен,

Біздер дұрыс мұсылман.

Талайы жәрдем сұрайды,

Жалғыздықтан қысылған.

Жеті атаң Едіге

Пірлеріне асылған.

Пірі жәрдем берген соң,

Қалмақтың елін ысырған.

Қабатпен дінсіз нас

Атқан оғын көрген соң,

І�і қорқып �о�ынған.

Қарға бұтты қара азбан

Құйрығынан алғанда,

Не қылар еді ұрғанда.

Пірі жәрдем берген соң,

Інің Қағаз сұлуға

Алты айдан соң қосылған.

Бәрекелді, Орағым,

Білеміз атаң ояғын.

Осы араны берік ұста,

уәдеден жаңылып,

Ша�ты әзінің сопысы

Зайыбын қолдан ұ�ырған.

Ер екенсің екпінді,

Көңліне алған бабасын.

Айтқан сөзді тыңдасаң,

Бізбен жолдас боласың.

Әуелгі сөз, аңқауым,

Артық қой деп күндеме, 

Едіге ердің баласын.

Кім де болса дұ�панын

Өл�естіріп сөз айтса,

Едігенің арасын.

Ертіп жаяу қасыңа,

Жазым қылар басыңа,

Құрт жаманның қарасын.

2000


2010

2020


2030

100

100


101

ОРАҚ – МАМАй

Күн қызылы батқанда,

Елдің алды жатқанда,

Шақпағыңды �ағасың.

Найзаға байлап орамал,

Ту қылып отты жағасың.

«Он сан ноғай қапта» деп,

Қатты айқайды кәдімгі

Аянбастан саласың.

Бұлт ойнап, жел тұрып,

Суырар топырақ борасын.

Бұзуы оңай сонан соң,

Қалмақтың бал�ық қорасын.

Көзіңді жұм да, қарсы �ап,

Бұзылған жолды табасың.

Таң атқан�а айқай сал,

Таң рауаны атқанда,

Мына Азау қаланы

Өзіне-өзін байлатып,

Көп жылқыны айдатып,

Сұлуын таңдап аласың.

уайымдап қам жеме,

«Қасымда ноғай болса» деп.

Жалғыз-ақ өзің боласың,

Аларсың қалмақ қорасын.

Атыңды айттың-ау, Орақ,

Атаң бізге мәлім-ді.

Әуелі Құдай, екін�і

Бізге тапсыр жаныңды.

Аянбай сілте қарыңды,

Тарыққан жерде айқайлап,

«Әуелі Алла пірім» деп,

Аянбай қуат барыңды.

Сен тарығып жыладың 

«ұстаймын қалай тайымды».

Налығанда зарығып,

Жеті қат перде жарылды.

Сенің жайың мәлімді,

Білдің, Орақ, әліңді.

Сонан бері көз салып,

2040


2050

2060


2070

102

БАТыРлАР  ЖыРы

102

103


Қылып жүрміз қамыңды.

Көп кідіріп тұрмаймыз,

Айтқан сөзді ұмытып,

Соғып жүрме саныңды,

Қайтарып жүрме бағыңды.

                 

Көлденең келген екі атты атасы Едігенің пірі екен. Ораққа 

осы  сөзді  айтып  болып,  ғайып  болды.  Орақ:  «Ата  пірім  екен. 

Мен бұл қаланы жаңағы айтқанын қылсам алады екенмін»,—

деп, басқа айтқан Едігені дұ�пан тұтпа, һәм жана Едігенің ара-

сын өл�еген адамды дұ�пан тұт. «Жайда қасыңа ертпе» деген 

сөздерді аңдамай, тек «қаланы аласың» деген сөзге көңілі ауып, 

«бұл  қаланы  алады  екенмін»  деп,  ел  жатқан  соң  найзасына 

орамал байлап, оған от беріп, «он сан ноғай тегіс қапта»,—деп 

айқайлап, «Едігелеп» қалаға тиеді. Сол уақытта аспаннан бұлт 

ойнап, жел тұрып, топырақ суырып, бір-біреуді е� көре алма-

ды. Таң атқан�а бір жесір қолына түсті, бір бегінің қызы екен 

Қаракөз сұлу дейтін. Мұны да пірі жәрдем болып алды. Ертең 

малды айдап, түсте келе жатқан жылқыны аралап қараса, і�ін-

де бір кері ат кейіндеп, қа�айын деп ыңғайлап жалтақтай бе-

реді. Орақ бұл атты ұстайын деп ұмтыла беріп еді, жалт беріп 

қа�ты.  ұстатпайтын  болған  соң,  жарсамен  тартып  жібереді, 

өлтіріп кетейін деп. Жарсаның оғы қа�қан аттың құйрығынан 

тиіп,  арман  өтпей,  жабысумен  ат  ұстатпастан  құтылып  кетті. 

Бұл  ат  Қазанбас  деген  батырының  аты  екен.  Қалмақтың  сол 

күндегі ханы Қатты хан екен. Ол бекінген есігі Безерген деген 

қамалды екен.

Бұл  Азауды  осы  Қазанбасқа  тапсырып,  батыр  болған  соң, 

һәм  бек  қылып  қойған  екен.  Бұл  батырлық,  бектікке  мас  бо-

лып,  өз  алдына  бір  бөлек  Азаудан  басқа  бір  мезгілдік  жерде 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет