«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет5/23
Дата21.02.2017
өлшемі2,28 Mb.
#4614
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Не қыламын сендерге, 

Орақ, Мамай көп айтып,

Құр өсекке қалармын.

Сайым келіп Мұсаның

Жауықтырды,—деп,—арасын

Құл сөзіне �ыдамай,

Оның бірі сөзінің 

Сізге айтқаным бұда дағы-ай.

Қо� болып тұр мырзалар,

Не қылсаң, өзің қыласың.

                 

Орақ,  Сайым  төбеден  асқан  соң,  құлдың  сөзіне  �ыдамай, 

қолына жүген алып, көп жылқының жұтаған жеріне барғанда, 

бір  қотыр  тай  қалғанын  көріп,  қайтып  еді.  Соған  қарап  жаяу 

жүре берді.

Күн тал түске жақындағанда жылқы жұтаған жерге барып, 

бір төбеге �ығып жан-жағына қараса, баяғы қалған жалғыз тай 

ат  болып  жайылып  жүр  екен.  Аттың  қарасын  көріп,  азғантай 

демін алып отырып, енді атқа жүрейін десе өмірде жаяу жүріп 

көрмеген  адам,  табаны  тиіп,  тұла  бойы  мұздап  қалған  екен. 

Түрегеле алмай, ойпырмай, өмірінде жүген құрық тимеген, не 

мен жүре алмай қалыппын. Сондағы толғап айтқаны:

                 

810

820


830

68

68

69



ОРАҚ – МАМАй

—Шығып едім бағана

Құлдың сөзін есітіп, 

А�умен ауылдан.

Жүрек құр қабынған.

Шыққан �ығар деп едім,

Қабынғанда қабынан. 

Әзәрі өтіп теңсіздің,

А�умен і�ім жарылған.

Тұла бойым қалтырап,

Дәнеме көрмей екі көзім,

Мұнарланған сағымнан.

Жүген алып жүгірдім,

Аты бардай далада 

Шідер салған қолынан.

Талма тал түс болғанда,

Жұртта қалған жалғыз тай

Өрісінен табылған.

Жалғыз құла тырбықтың

Қарасын көріп өтермін.

Басылып жүрек қабынған,

А�уменен білмеппін.

Тұла бойым қозғалтпайд,

Табаны құрғыр ауырған.

Өмірде жаяу жүрмеген,

Болмаса жаяу ырғалған,

Жортаққа да мінбеген.

Табаныма қарасам,

Алақандай ойылған.

Өмірінде мінбеген,

Жүген-құрық тимеген.

Бес жыл болды, мінеки,

Бұл адамды көрмеген.

ұстатама барғанмен,

Құрып аяқ тұзақты.

Бір ұстасам ұстармын,

Су і�іп жүрген сайынан.

Сайға барып салайын

Әуелі аяқ тұзақты-ай.

Бүгелі қуып сабатқа,

840

850


860

870


70

БАТыРлАР  ЖыРы

70

71

Айдап барар ұзатпай.



Аяғы түссе тұзаққа,

Жібермес пе едік қайтсем де.

Жоқтық буын алмаса,

Тұзаққа түскен бір аттай

ұстап алсам құлатты-ай.

Ерлеп мініп ауылдан,

Отырып тамақ і�песін

Матрө�ке сол құлдың

Шаңырағын уатпай.

Қолдан қорлық көргізіп,

Жоқтықтан азар бергізіп,

Қойғанын�а Құдайым,

Жойсаң-ақ мені болмайма ед

О басында жаратпай.

Болғаны ма жарықтың

Өмірім�е, Құдай-ай,

Кеткені ме таң атпай.

Мінуіме жараса,

Құлды өлтіріп болған соң,

Атасы басқа дұ�панды

Қылар едім талапты-ай.

Жаман тырық бұл жабы

Көтеріп қайда барады

Өң�ең темір болатты-ай?

Ер-тоқымды көтерсе,

Отырам да жетелеп.

Өзім бүйтіп жүргенде,

Сән түземек, кәнеки,

Не қыламын ұятты-ай.

Кәнеки күнім бұрыңғы

Белдеуге тұлпар байлаған.

Қасында жүріп иесі,

Суғарып жемдеп жайлаған.

Жүрерімде бір жаққа

Даярлап ерлеп сайлаған.

Үстіме сауыт киініп,

Бес қаруды асынсам,

Астымда тұлпар ойнаған.

880

890


900

910


70

70

71



ОРАҚ – МАМАй

Бүгіндерде отырмын

Шалығып, �ар�ап, жүгініп,

Екі етегім түрініп.

Кәнеки маған ол заман,

Шар�ы төрде отырып,

«Атты әкел» деп жекіріп.

Қарсы �ықпай ордадан,

Тұлпардан туған көк мойын

Қадірін білмей дариға-ай,

Орынсыз мініп қинаған.

Қос�ы ертіп қасыма,

Күнде думан жинаған.

Бүгін де оның бірі жоқ

Маңдайыма симаған.

Сайым сөзін естісем,

Құлдың сөзі тым жаман.

Қолымнан малым кеткен соң,

Адамдығым болмаған.

Жүгенімді алып қаңғырдым,

Аттап басам өлмекке,

Күдер үзіп бұл жаннан.

Қайратты туған ер Орақ,

Халық келген жөн сұрап.

Мінуге көлік таба алмай,

Аяқ ылау жабыны

Даладан іздеп сандалған.

Қапаменен қайғырдым,

Әр нәрсе келіп ойыма.

Құлдың сөзі сандалтты,

Жатыр едім жайыма.

Едігенің көп жаман, 

Барармын сенің байыңа.

Қой орнымнан тұрайын,

Енесін жанның ұрайын ,

Тарап кетер а�уым.

лекерлеп ер салып,

Жалғыз жаман тайыма.

Осыдан барсам о құлды,

Жолықтырсам керек-ті

920

930


940

950


72

БАТыРлАР  ЖыРы

72

73

Қырықтың қына тойында.



Осыдан есен-сау болсам,

Үйіне құлдың мен барсам,

Мауыздармын оны да.

Орақтың жұттан қалған жалғыз тайы, алты жасар аты болған 

екен. Айтқанындай, аяқ тұзақ салып, ұстап алып үстіне киімін 

салып,  қытығын  басып  жөнге  жүргізе  алмай,  далаға  қонып, 

ертең ертеңгісін ауылына келіп, үйге кірместен ер-тоқымын ал-

дырып, ерлеп жүрейін деп жатқанда, Мамай үйінен келіп, әкесі 

аманат тапсырған құлды өлтіруге болмайды деп айтайын десе, 

айтқанымды қылмас деп, Ораққа баталмай, атты көріп:—Оре-

ке,  атың  құтты  болсын,—деп,  сипап  тұрып  Мамайдың  толғап 

айтқаны:


—Осы ма еді, Ореке, 

Жұттан қалған құла атың.

Түсі құла демесең,

Атаңның ен�і сары ала ат

Қайдан таптың жұратын?

Құтты болсын бұл атың,

Ерінді екен жануар,

Мінсең жолың болатын.

Күміс құйрық, құлау жал

Бұл жануар мол екен. 

Қолына алған болатын.

Киік аяқ, қу тұяқ

Жүйрік екен жануар

Сансыз қолдан �ығатын.

Кө�елі келген қоян жөн

«Бар екен �олақ қалырға»

Айту�ы еді сын�ылар

Осы деп аттың қанатын.

Денесі жеңіл, сирақ-ты,

Жері жоқ �ар�ап тұратын.

Құлан �еке, қу кекіл,

Ойдық желке ат екен

Салған жерден озатын. 

Нәсіп болсын, Ореке,

960

970


980

72

72

73



ОРАҚ – МАМАй

Дұ�панменен ұрыссаң,

Көресің мұның ретін.

Сон�а жұттан қалғаны,

Едіге ердің пірлері

Баққан �ығар бұл атты-ай.

Атамыздың ен аруақ

Қалай тастап кетеді

Сіз секілді жұратты-ай?

Мен есімде белгілі 

Көргенім жоқ жылқыны

Бұл секілді сияқты-ай.

Не деген мойын көз еді,

Піскен алма сияқты-ай.

Екі көзі жайнап тұр

Түнде жанған �ырақтай.

Жұдырықтай қабақты-ай,

Қиған қамыс құлақты-ай.

Еріні бар етектей,

Тістері бар таяқтай.

Кір�ігі жоқ, көрдің бе,

Кір жұқпайтын болаттай?

Әр танауда ү� тыныс,

Қолбырап тұр кеңсерік

Жел көтерген бұяқтай.

Ақ сүйегі майысып,

Қайнаған қара тұяқтай.

Сүйектен жуан сіңірі, 

Көргенім жоқ жылқыда

Бұл қотпы аяқты-ай.

Санның еті айланған

Ерлер тартқан садақтай.

Құсағы жоқ �етінде,

Ерлесең сияр екі ер-ді.

Емес қылы� қалақтай,

Бел омыртқа көрінген

Тартпа-тартпа мінсе де.

Қозғалмас ері бұл аттың,

Кісі болса ерінген.

Ерге лайық ат екен,

990

1000


1010

1020


74

БАТыРлАР  ЖыРы

74

75

Ауырсынып �ар�амас,



Асынсаң қару жарақты-ай.

Беліне мұның мінген соң,

Жатпаймын деп ойлама,

Қаяқ болса сояққа.

Атасы басқа дұ�панға

Бұл атта-ай жоқ уайым.

Қылсаң болар талапты-ай.

Бұл атты берген Құдайым,

уайым қылма, Ореке,

Жеткізеді мұратқа-ай.

Орекеңнің ойы бар,

Тарқар емес қолының

Шаңырағын уатпай.

Ойлап қара, Ореке,

А�умен іс қылып,

Қалып жүрме ұятқа-ай.

Орақ, Мамай екеуі

Құнын �ауып алды деп,

А�ыққансын не қылсын,

Шарабас жаман атасы

Бұ да сондай болды деп,

Халық өсегі деп сөз қылар.

Айтқаным емес жаратпай, 

уа, Ореке, оң болсын,

Ат ерлеген талабың,

Қайырлы болсын қадамың.

Сірә, бір �өгіп жатқан қара нар

Бота құсап ноғайың.

Не қыласың құл сөзін,

Табарсың оның бір кезін.

А�уланып тек сізге,

Тотықпасын жамалың.

Ол  өлтірсең, өледі,

Бірақ на�ақ сізге келеді.

Қолыңдағы жаманың

А�умен оны өлтірсең,

«Құлына әлі келді» деп,

Сыртыңыздан сөз қылар,

1030

1040


1050

74

74

75



ОРАҚ – МАМАй

Көп еді дұ�пан адамың.

Атасы басқа дұ�панға

Аттың бұр мойынын,

Аруағын тербентіп

Ата менен бабаның.

Бір мұратқа жеткізер

Астыңа мінген бұ құла ат.

Сіз жеті атадан асылзат,

Мұсаның Орақ, Мамайын

Құл басынды деп кім айтар.

Әрі жана атаңыз

Тапсырып еді аманат.

Сіз, Ореке, а�умен

Құлға қылма қиянат,

Аты �ыққан ер жігіт

Әлсіз на�ар адамға.

Қиянаттан ұялып, 

Риза болмай атама,

Қайда кетті Смайыл?

«Міне, мін,—деп,—сары ала ат».

Орақ, Мамай екеуі

Жарлылықтан есі танды»,—деп.

А�ыққан соң мал кетіп,

Құлды өлтіріп жарымдар,

Малын тартып алды»,—деп,

Келеді онда жаман ат.

Құлды өлтірсең а�умен,

Ілінесің өсекке-ай.

Адам болып онда біз,

Бұл өмірдің і�інде

Кіре алмаспыз өсекке-ай.

Сырттағы дұ�пан алады

Едігені есепке-ай.

Құлдың бізге есеп,

Бәлен-түлен десең де-ай.

Жамандап жақынды,

Табамыз қайдан мақұлды.

Орны бар әр ненің,

Ат тұрғанда қой�ыға,

1060

1070


1080

1090


76

БАТыРлАР  ЖыРы

76

77

Мінгіздің неге есекті-ай?



Әрі жана, Ореке,

Ойланып қара осы жерде,

Топаяққа қарт атаң

Кереметін көрсетті-ай.

Дәулет біткен қара құл

Жайлай берсін мас болып,

Есіл менен Тобылды-ай.

Күлдір-күлдір кісінетіп,

Астына мініп �ұбарды-ай. 

Құтты болғай мекені,

Қыстай берсін ол құмда-ай.

Атасы басқа дұ�панға

А�уды басып, барып кел.

Құдайым талап оң қылса,

Малын айдап алып кел.

Ата аруақ жар болса,

Жалғыз да болсаң аларсың

Сансыз жанған �ығынды-ай.

Мына жатқан �ығынға

Алалы жылқы толтырмай,

Бәділеп соғым сойдырмай,

Тілімді алсаң, Ореке,

Өлтірме барып бұ күнде,

ықтиярың өзіңде.

Өлтіре қойсаң бұ күнде,

Онда өсекке қаласың

Өлтіргенмен ол құлды-ай.

Ореке, сіз атадан туғалы

Батыр едің болаттай.

Басыңда бұлт тұрған

Бұзарсың қақпа кілтті-ай.

Ойлап жүрген мақсұтың

Атасы басқа дұ�панға

Бір аттансам деп едің,

Бола қойсам күліктей .

ықтиярың өзіңде,

Тыңдамасаң сөзімді.

Барғаның жақсы болар ед,

1100

1110


1120

1130


76

76

77



ОРАҚ – МАМАй

Айтқаныңды ұмытпай.

Не болад ойласаң,

Өлтіргенмен бір итті-ай.

Ореке, атаң киелі,

Періден туған Едіге,

Одан туған Нұрадын

ықпалы жүріп үдеді.

Онан бергі екі атаң

Жаман болып жүдеді.

Халық айтыпты ноғайды

Жазықсыз қырып Нұрадын

Сонан болды деп себебі.

Тілімді алсаң, сол ойды

Сіз құла�тама, Ореке,

Құлың түгіл, ноғайды,

ықпалың сонда жүреді.

Құлдың сөзін елеме,

Матрө�ке қара құл

Адам ба еді, кім еді?!

Қара құлға кейідің,

Көңлің ауып бармаққа.

Қой, тұтылып жүрме қалмаққа,

Жад етіп Жаппар иені,

Едіге ердің ен аруақ,

Сонда сізге еред. 

Талабыңды оң қылса,

Алапқа сал түйені.

Желіге байлап биені,

Мұса ханның дәуірі 

Сонда бізге келеді.

Бір қаяуын тартады,

Сонда құлға қыларсың.

Бұл сапарда өлтірме,

Інің Мамай тіледі.

Құлды өлтірсең бұл күнде,

Айтар халық бұл сөзді

«Орақтар да жүдеді»,

Сырттан дұ�пан күледі.

Өлтірем десең құлың тұр,

1140

1150


1160

1170


78

БАТыРлАР  ЖыРы

78

79

Жүремін десең жолың тұр.



Талабың оң болсын,

Қайда барсаң онда бар,

Сізбенен арым бір еді.

                          

Орақ  Мамайдың  жауабына  жауап  қайырмастан,  құлға 

қарай  жол  тартты.  Бірне�е  күн  жол  жүріп,  ыңырсыған  көп 

жылқының үстінен құлады.

Келе жатып Мамайдың сөзін мақұл көріп, Арау деген дала-

да, қалмақ бар деген сөзді бұрыннан есту�і еді. «Қалмаққа ба-

рып өлсем өліп, өлмесем қатарға келіп, сонсоң құлды өлтірейін 

де». Көп жылқыны көрген соң, а�уы басылып, малға тұла бойы 

еріп, ойлады. Жылқы�ыларға жолығып, «бұл жылқы кімдікі 

екен.  Матрө�ке  қара  құлдың  жылқысын  атамның  жолдаста-

ры  бағып  жүр  деп  еді».  Соны  сұрайын  деп  келе  жатқанда,  бір 

төрт  адам  көрінді.  Жылқы�ы  секілді.  «Кел,  бұл  адамдарға 

жолығайын»,—деп бұрылды. Төрт адамға келсе, атасы Мұсаның 

төрт  жолдасы  бар  еді.  Өзі  болған ұламан,  жолы  болған  Жола-

ман.  Қайтпай  �апқан  Қалқаман  жол  бастаған  Мүлкаман  де-

ген, тап сол төртеуі. Жылқы құлдікі. Орақ бұларды көрген соң, 

көңілі бұзылып, толғап жылап қоя берді. Сондағы толғағаны:

                  

—Сендер ме еді атамның

Бірге жүрген жараны,

Жолдас болған адамы? 

Бұзылып тұр көңілім,

Көргеннен соң сендерді.

Кәдірменді аға-ата,

Бес жыл болды, мінеки,

Көргенім жоқ қараны.

Кө�іп кетті қасымнан

Сіздер емес жана да

Білімі жақын Орақтың

Өзінің жақын ноғайы. 

Кө�пей қалып мекенде,

Қарасыз қалып жұтадым.

ыңырсып жатқан жылқыдан

Қалғаны мынау астымда.

Мініп келем бедеуді

1180

1190


78

78

79



ОРАҚ – МАМАй

ырза болып тағалы.

Тай келсін бе мінуге,

Сонсоң үйде отырып,

Зиярат қылып жұмада,

Қасымдағы моланы.

Қолымнан дәулет кеткен соң,

Нелер жолдас адамның

Арасы қа�ық ұзады.

Ел кеткен соң, сән кетті,

Шыдамады басқасы.

Едіге де әм кетті

Ата қонған қонысқа.

Табан тіреп ұрысқа

Он сан жатқан ноғайдан

Жалғыз-ақ Орақ �ыдады.

Бес жыл болып, мінеки,

Жатқаныма ел көрмей,

Он сан жатқан ноғайдан

Көрмедім бір таз баланы.

Бұл бес жылдың і�інде

Жалғыз-ақ Сайым көргенім.

Не қылайын Мәскеуге

Қатынаған адамды

Кәдір білер адамнан

Көргенім менің �амалы.

Барған Сайым сәлемге

І�іме салды сәнаны.

Құлдың сөзін есітіп,

Інің мынау Орақтың

І�і оттай жанады.

А�уменен қарайды

Бұл мырзаның жамалы.

Матрө�ке қара құл

Біткен малға мас болып:

Келіп кеңес берсін,—деп,

Жарамды болса кеңесі

Қалаған атын мінсін,—деп,

Қалаған тонын кисін деп»,

Айтқан маған сәлемді.

1200

1210


1220

1230


80

БАТыРлАР  ЖыРы

80

81

Қарүлектей қартына



Барып сәлем берсей�і,

Жағасы болса кисей�і.

Тым болмаса ауылдан

Екі желіп келсей�і.

Атаңа нәлет �ұнақ құл

Тойынған екен қарыны.

Жыр�ыны қайдан табады?

Құл сөзіне �ыдамай,

Бауыздайын барып,—деп,

лекерлеп ер салып,

Келемін мініп құлама.

Шығып едім ауылдан,

Құл сөзіне �ыдамай.

«Ірге тие қонсын,—деп,

Шіге тие кө�сін,—деп,

Саямда күнім көрсін»,—деп.

Айтыпты сәлем мынадай:

«Мұнда өзі келмесе,

Апарып берер малым жоқ.

ықпалым баста тұрғанда»,—

Деп айтыпты қара құл.

ықпалы деген сөзіне

І�ім оттай жанады-ай.

«Асырадым» деп айтқан

Мұндағы мырза тұқымын,

Соған бір көңлім ызалы-ай.

Расхот  жоқ өзінен,

Киіп-і�іп малымнан.

Әнеки менің қайырымнан

Бәрі де тәуір деп айтқан

Мұса ханның жараны-ай.

Құлға айтқызған мұндайды

Не қылайын, Құдай-ай!

Көп азайып, жоқ байд,

Бәрін де Құдай қылады-ай.

Аттанып едім ауылдан

Құлдың қанын төкпекке.

Кідіріп ойлап келемін,

1240

1250


1260

1270


80

80

81



ОРАҚ – МАМАй

Айтып еді бір сөз Мамай-ай.

Құлдың төксем қанын-ай,

Айдап кетсем малын-ай.

«А�ыққан соң қылды»,—деп,

Айтады-ау дұ�пан ноғай-ай.

Жүрейін деп мен тұрмын

Азау деген қалаға.

Менімен жолдас болуға,

Сол қалаға баруға,

Құдай талап оң қылса,

Қалмақтың малын алуға.

Оң қылмаса талапты,

Құл қорлығын көрген�е,

Сонда өліп қалуға.

Бұл көңіліңе жарай ма,

Төртеуің айт�ы бұ қалай?

Аттың басын қараттым,

Қылуға талап қалмаққа.

Сен төртеуің қалайсың,

Меніменен бармаққа?

Жылқы бағып сандалып,

Тексіз қолға жалданып,

Шыдайсыңдар ма қорлыққа?

уағында атамның

Жерік едің хандыққа.

Бұ күндерде жүрсіңдер

Қара құлға жалданып.

Айлық емес, күйік деп,

Алмайық жылдыққа.

Есітемін сендердің

Сыртта жатып хабарын.

Қызметке сендерді

Тұрғызбайт деп айтады,

Болмаса күйік айлыққа.

Матрө�ке қара құл

Белге кемер байланып,

Бедеуге мініп сайланып,

Күміс құрық сүйретіп,

ыңырсыған жылқыны 

1280

1290


1300

1310


82

БАТыРлАР  ЖыРы

82

83

Айдында бір айланып,



Асылзат болып кетет дейт.

Мойын қоймай құлдыққа,

Көп кідірмей төртеуің,

Бір жауабын айтыңдар,

Менімен жолдас болмаққа.

Сен төртеуің менімен,

Жүресіңдер ме жолдасқа,

Көңілдерің, айт, қалай?

Қаламай тұрма менімен,

яки, жолдас болмасқа?

Көп кідірмей, немесе,

Жауаптарыңды тез бер�і,

Былай �ығып ойлас та.

Осыдан есен-сау келсем,

Не қылар екен құл қасқа.

Тамақ і�іп отырған,

Ауысып құлға отыннан

Мен де Мұса баласы

Қараған ғой оңбасқа.

Кәнеки, айт�ы төртеуің,

Көңлім менің ауып тұр,

Енді бармай қалмаққа,

Бұл арада тұрмасқа.

Орақтың сөзін есітіп,

Бұл төртеуі, ағалар,

Бір-біріне қарасты.

Бірін-бірі тарқылап,

Анадай жерде төртеуі

Оқ�ау �ығып ойласты.

Әрі-бері сөйлесіп,

Көрмеді мақұл Ораққа

Болуға бірге жолдасты.

Бір-біріне ойласып,

Осылай деп сөз айтып,

—Қолдан көлік мінеміз,

Тозса киім киеміз,

Расхот жоқ өлген�е,

Ат үстінде жүреміз,

1320

1330


1340

1350


82

82

83



ОРАҚ – МАМАй

Мұндай орын болмас-ты.

Жар ортаға келдік қой,

Талайды да көрдік қой.

Отырғаннан не бітті,

Талай бағып жамбасты.

Ханның алып билігін,

Жек көргенге жекіріп,

Сыйлады қорқып байғұстар.

Білмедік деп өкініп,

Қияс қылып талайға,

Талай алдық қарғысты.

Біздер сүйтіп жүргенде,

Қызмет қылып қара құл,

Көп алып еді алғысты.

Аяғы мынау, мінеки,

Дәулетіне дәулет қосылып,

Жылдан-жылға жалғасты.

Қайтып Орақ алады

Азау жатқан қаланы?

Жолдасы жоқ, бір басты

Алса жақсы болар ет.

Әлі келмей қалмаққа,

Бола қойса, кім қа�ты.

Қайтып келсек орын жоқ,

Матрө�ке байымыз

Бұл орынды бермес-ті.

Қой Орақтың кәдімгі 

Айқай сөзін қояйық,

Жайымызға тұрайық.

Жаудан жылқы алмай-ақ,

Құдайдан-ақ сұрайық.

Неміз кетті баққаннан,

Жылқымызды-ақ жаяйық.

Сөзіне Орақ еліріп,

Шо�аңдамай төртеуміз,

Мұндағы ханның баласы 

Осыларға қарайық.

Енді Ораққа бармайық,

Бұл төртеуміз төрт жаққа

1360

1370


1380

1390


84

БАТыРлАР  ЖыРы

84

85

Қайырып жылқы, тарайық.



ықпалы құлдың жүріп тұр,

Осының көңілін бағайық.

Едігенің баласын

Ертіп неге кетпейді.

Бізге жүр деп далада,

Жалғыз өзі �ұнайып,

Ақылы болса Орақтың,

Құл болғанмен ағасы,

Мына тұрған ауылға

Баруы мұның лайық.

Қонақасы бермесе,

Көзіне мұны ілмесе,

Сонда өкпесі дұрыс қой.

Құлдан болса бұл айып,

Сонсоң-ақ өкпелеп,

Не қылса да дұрыс қой,

Қалса көңілі қарайып.

Далада жүріп өкпелеп,

А�ын атын текпілеп,

Орақпын деп дырайып,

Едігенің баласын

Ертер ме екен қасына.

Бұл Орақты сынайық,

Бұл ауылға бармаса,

Е�кімге жүр деп менімен

Басқаға дүзін салмаса,

Ақиқат ер болғаны.

Ермесек те, ерсек те,

Біз төртеуміз ойласып,

Атын бағып жүруге

Біреуімізді берсек те,

Жалғыз мұны жібермей,

Бір жабдығын қылайық.

Осыны айтып төртеуі,

Бет-бетіне тарады.

«Бір қайырылып келер» деп,

Кідіріп Орақ қарады.

Келер емес, ұзады,

1400

1410


1420

1430


84

84

85



ОРАҚ – МАМАй

Бұлар бүйтіп кеткен соң,

Бұрынғы а�у үстінде

Қайта а�у жамады.

Бұлардың түрін көрген соң,

І�і оттай жанады.

Аттың басын бұрады,

«Осыдан барып сау келсем»,—

Деп толғап кетіп барады.

Орақ сонда толғайды:

—Астымдағы құлама 

Жаманменен ит болу

Кәпелімде бола ма? 

Онан басқа бұларды

Ақырып жүріп айдасам,

Екі қолын байласам,

Құлдан бұрын жайласам,

Маған қару қыла ма?

Қой, тәуекел етейін,

«Ермейсіңдер,—деп,—бұларға»,

Айтып өкпе не етейін.

Бір тәуекел Құдайға.

Анау тұрған ауылға

Барсам құлдың ауылы,

Орақтан тума бауыры,

Келіп сәлем бермеген.

Барғаным�а оларға,

Бір түстеніп, ат жайып,

Кеткенім жақсы далаға.

Қалмастағы су аққан

Бұлағы бар жыраға.

Мен ауылдан �ыққанда,

Құлдың басы жерігім.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет