Министерство образования и науки республики казахстан



Pdf көрінісі
бет28/90
Дата22.12.2016
өлшемі15,08 Mb.
#127
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   90

Түйін

 

Мақалада қазақ тілінің терминологиялық бірліктерін зерттеудегі когнитивтік аспекттің 

қажеттілігі анықталады.  

 

Summary 

In the article defined the necessities of cognitive aspect in research of terminological units of  

kazakh language.  

 

 



 

ТІЛДІК ӘЛЕМ БЕЙНЕСІ ЖӘНЕ ГЕШТАЛЬТ

 

 

Шақаман Ырысгүл Бектемірқызы

 

Павлодар мемлекеттік педагогтік институты, 

Павлодарқ.,  Қазақстан 

raya-s7@mail.ru

  

 

Тіл ғылымы жалаң өзі басқа тылсым дүниенің қатысынсыз дамымайтындығы түсінікті. 

Тіл тек байланыс, қатынас құралы ғана емес, ол –  әлемнің адамзат арқылы қабылдануының 

да  көрінісі.  Сондықтан  да  әлемнің  тілдік  бейнесі  деген  метафорлық  ұғымды  қолданамыз, 

пайдаланамыз. Әлемнің тілдік бейнесі тек тіл білімінің теориясымен жасала салмайды. Оның 

теориялық  негізі  танылғанға  дейін  әлемді  қабылдаудың  адам  санасында  сан  түрлі 



 

192 


физиологиялық,  психологиялық,  нейрожүйкелік  үдеріс  жүреді.  Сан  түрлі  әрекет  тоғысында 

әлем  санада  белгілі  бір  мазмұнда  жүйеленіп,  бір  мазмұнда  шоғырланып,  қайтадан  тілмен 

жарыққа  шығады,  енді  тіл  әлемді  жеткізуде  басты  әрекет  құралы  болады.  Сондықтан 

мәдениеттанушы  В.Маслова:  «Каждый  язык  по-своему  членит  мир,  т.е.  имеет  свой  способ 

его концептуализации. Отсюда заключаем, что каждый язык имеет особую картину мира, и 

языковая личность обязана организовывать содержание высказывания в соответствии с этой 

картиной.  И  в  этом  проявляется  специфически  человеческое  восприятие  мира, 

зафиксированное  в  языке»  деп  әлем  бейнесінінің  тілдік  танымына  нақты  түсінік  беруге 

тырысады [1,63]. 

 Ғылыми  терминдік  жүйеге  «тілдік  әлем  бейнесі»  түсінігін  енгізген  Л.  Вайсгербер 

тілдік әлем бейнесі туралы сегіз белгілік сипатын анықтап береді: 

1. Тілдік әлем бейнесі – рухани және тілдік мазмұнды қамтитын тілдік жүйе;  

2. ТӘБ-сі – ұлт пен тіл дамуының тарихи негізін танытушы; 

3. ТӘБ-сі – нақты ретпен құрылған және қайтадан тіл арқылы танылатын көп деңгейлі, 

табиғат  әлемі  мен  адамның  рухани  әлемін  байланыстырушы  қарапайым  тілдік,  сонымен  

бірге тіл білімдік ғылыми жүйе.     

4.  ТӘБ-сі  Уақытқа  қатысты  өзгермелі  болып  келеді,  ол  кез  келген  тірі  жан  тәрізді 

дамуға тәуелді болып, диахрондық дамудың әр кезеңінде бір деңгейде теңдес бола алмайды. 

Нақтыласақ,  диахрондық  дамудағы  бір  кезеңнің  ТӘБ-сі  екінші  кезеңдегі  тілдік  әлем 

бейнесіне сәйкеспейді.    

5.  ТӘБ-сі  тілдік  әлемнің  мәдени  түрлілігін,  әлемді  танытуымен  оны  қайта  тілдік 

құралдар арқылы белгілеп, тілді нақтылап бірыңғайға түсіреді. 

6.  ТӘБ-сі  тілдік  қоғамның  бірыңғай  белгілі  бір  өзіндік  танымында  өмір  сүріп,  ерекше 

дүниетаныммен  кейінгі  ұрпаққа  белгілі  бір  тәртіппен,  жүйемен,  тұрмыстық  өмірмен  тілдік 

құралдармен белгіленіп, жеткізледі.   

 7.Кез келген тілдің ТӘБ-сі – сол ұлттың әлем туралы қалыптасқан түсінігін жеткізетін, 

қалыптастыратын көрсеткіш.   

 8. Кез келген ұлттың, қоғамның тілдік әлем бейнесі сол ұлт немесе қоғамның мәдени 

мұрасы болып табылады[2, 63]. .   

 Ал әлемдік дүниенің тілге түсуі тұтас мазмұндық қабылдаудан өткеннен кейін жүзеге 

асады.  Тұтастықта  қабылдау  тіл  ғылымында  емес,  алдымен  психология  ғылымында 

қаралады,  зерттеледі,  талданады.  Осы  орайда  психология  саласында  әлемді  қабылдауды, 

оның  ішінде  адамға  қажеттілік  беретін  дүниенің  жекеліктен  тұратын  дүниесін  тұтастықта 

қабылдауын,  қабылдау  құрылымын,  қабылдау  туралы  білім  қорын  түсіндіретін  гештальт 

ұғымы  бар.  Гештальт  ұғымы  мен  мәні,  қызметі,  сипаты,  нәтижесі  гештальтпсихология 

деген тарауды дүниеге әкелді. 

Гештальтпсихология ХХ ғасырдың басында психологияның бір тармағы ретінде пайда 

болды.  Ілімнің  бастапқы  негізін  қалаушы  неміс  психологі  Макс  Вертгеймер  болса,  ал 

дамуына 

үлес 


қосушылар 

Курт 


Коффка, 

Вольфганг 

Кёллер 

болып 


табылады. 

Гештальтпсихологияның негізін қалаушылар неміс зерттеушілері болғандықтан, бұл саланы 

кейде Берлиндік гештальт мектебі деп атайды. 

Гештальт  пен  психология  түсінігі  бірін  бірі  айқындап,  тең  дәрежелі  ұғымдар  болып 

табылады.  Неміс  тілінде  «гештальт»  жалпы  тұлға  (форма)  немесе  бейне  (фигура)  дегенді 

білдіреді. Психологияда оның мағынасы фон және фигура тұтастығы дегенді білдіріп, тұтас 

құрылымдық бейне түсінігін жеткізеді. 

Макс Вертгеймерді осы психологиялық бағыттың негізін салушы деп атап көрсетсе де, 

философия  мен  психология  саласына  гештальт  ұғымын  алғаш  рет  Бретано  мектебінің 

мүшесі Кристиан фон Эренфел енгізген. Кезінде гештальт түсінігі туралы Иоганн Вольфганг 

фон Гёте, Иммануель Кант, Эрнесте Мах та айтып кеткен екен. 

Жалпы  алғанда,  ХХ  ғасырдың  басында  Карл  Стампф  студенттері,  теоретиктер  Курт 

Коффка, Макс Вертгеймер, и Вольфганг Кёллер өздері жүрген ортада, айналадан бөліктердің 

қосындысынан  аса  ірі  тұтас  құрылымды  байқап,  көре  білген.  Ұсақ  бөліктепрді  біріктіре 



 

193 


қарау  немесе  ажырата  қарау  адам  миында,  санасында  қалыптасқан  заңдылықпен  жүзеге 

асатындығын  аңғарып,  затты  оны  қоршаған  ортасында  тұтастықта  қарау  қабылдау 

қағидасына,  туа  біткен  ми  заңдылығына  қатысты  болатынын  анықтайды.  Затты  оны 

орналасқан  ортасымен  тұтастықта  көре  білуді  гештальт  деп  атап  көрсетеді.  Гештальттың 

осындай  қарапайым  сипаты,  түсінігі  жайында  сын  да  айтылған.  Бірақ  гештальт  түсінігінде 

затты  жай  ғана  қабылдай  салу  емес,  адам  миынының,  санасының  қабылдау  мүмкіндігінің 

қызметтік  мәні  жатқандығы  түсінікті.  Өйткені  затты, нәрсені  көргенде  оның  өзі  жеке  бөлік 

ретінде  емес,  оны  маңындағы  басқа  затқа,  нәрсеге  қатысы  жағынан  тұтастықта  танып 

көреміз.  Сондықтан  да  Вертгеймер  қандай  да  бір  нәрсені  қабылдауда  оны  құрастырушы 

бөлік жиынтығын емес, «тұтас оқиғалық көріністің» өзін көреміз, солай көргіміз келеді және 

қабылдаймыз деп түсінік берген. 

Гештальтпсихология  белгілі  бір  деңгейде  псхология  үшін  Вундтың  молекулярлық 

бағдарламасына  қарсы  төңкеріс  жасап,  осы  бағыттың  психолог  Уильям  Джеймс  бастаған 

жақтаушылары пайда болды. 



Гештатльтпсихологияның  қызметтік  міндеті  –  тұтастық  құрылымды,  оны 

құрастырушы  бөліктен  ажыратпай,  құрылым  мен  оның  әрекетін    біртұтас  қарастырып 

талдап түсіндіру. 

Гельштатпсихологияның  негізінде  1950  жылдың  басында  медицинада  гештальттық 

емдеу (гельштат-терапия) әдісі пайда болды, бұл, әрине, психология негізінде жүзеге асады. 

Гельштаттық  емдеуді  іске  асырушылар 

Фредерик  (Фриц)  Соломон  Перлз

  содан  кейін  Лора 

Перлз,  Пол  Гудман  деген  психолог  ғалымдар  болды.

  Фредерик  (Фриц)  Соломон  Перлз 

адамды  саналы-санасыз,  тән  мен  рух,  дене  мен  ақыл,  қарама-қарсы  сезімдер,  өткені  мен 

болашағы үнемі және бір мезілде болып тұратын тұтас құбылыс ретінде танып көре білген. 

Осыдан  кейін  адамға,  адамзатқа  гештальттық  ыңғайда  қарап,  оны  танып  білу  әдісі  пайда 

болды.  Гештальттық  ыңғай    адамның  өзін  оны  сезімінен,  рухынан,  ақылынан,  т.б. 

бірліктерден ажыратып емес, керісінше,оның тәндік, көңіл күйлік, әлеуметтік, рухани, ақыл-

ойлық, саналық белгілерімен, адамның өмір сүріп отырған кезеңінде, шынайы қажеттілігіне, 

сезіміне  сай  тұтас  бірлікте  алып  қарауды  түсіндіреді.  Бұл  адам  мінез-құлқының  сипатын, 

өмір  сүру  мүмкіндігін,  қала  берді,  адам  өзінің  мүмкіндігін  көрсетуде  бөгет  болатын 

стереотипін жаратылысын ажыртауға, тіпті жаңадан қалыптастыруға емдеулік ыңғай болып 

табылады.  Гештальттық  емдеудегі  осындай  ыңғайлық  әдіс  адамның  қоршаған  ортамен 

байланысын, әлемді қабылдауының мазмұнын ашады, нәтижесін көрсетеді, қортытындысын 

береді.  Адамның  әлемді  қабылдаудағы  қиындық  тудыратын  нақты  себептер  ашылғанннан 

кейін, гештальттық ыңғай жасау әдісі олардың шешілуіне жол ашады. 

Сонымен  гештальттық  емдеудің  (терапияның)  негізгі  қызметтік  міндеті  адам  нейро 

жүйкесінің,  санасының  өзін  өзі  басқара  алатындығын,  ретке  түсіре  алатындығын  танытып, 

адам  өз  ісіне,әренкетіне,ой-пікіріне  жауапкершілікпен  қарай  алатындығын,  қарау 

қажеттілігін  жеткізу  болып  табылады.  Осындай  саналық,  емдеулік  тығыз  байланыстық 

үдерісті түсіндіру міндетіне қарай гештальтпсихологияны «ақыл мен ми ілімі» деп атау да 

бар.  «Ақыл мен  ми ілімінде» үрдісті, үдерісті жинақтау  кезінде мидың пайдалану  қызметі 

дәлме-дәл,  уақытында,  тұтастықта  жұмыс  істеуі  қажет,  ми  тұтастықты  құраушы  бөліктерді 

ажырата отырып, оны бірыңғай ұстай білу қызметін де атқара білуі тиіс. 

Мәселен,  «Үй»  туралы  айтқанда,  оның  тек  жеке  бөліктері  емес  (терезе,  есік,  шатыр, 

еден,  т.б.),  оның  тұтас  қызметтік  құрылымы  ұстанылады.  Қажетті  жағдайда  соған  қатысты 

отбасылық мәселе де қамтылуы мүмкін. 

Сондай-ақ  гештальтпсихология  ғылымның  жаңа  талабына  сай  дамымай  жатқандығы 

туралы  да  айтылып  келді.  Бұған  оның  физикалық  және  психикалық  құбылысты  бірдей, 

теңбе-тең    қарастыруы  және  психикалық  үдерістің  бір  ғана  қырын  зерттеуі  себеп  болып 

отырғандығы негізге алынады. Бірақ бұл арада гештальтпсихологияның негізгі міндетінің өзі 

әрекет  пен  бейнені  бірдей  ұстау  болып  табылатындығы  назарға  алынбай  жатқандығы 

байқалады.  Сонымен  бірге  бейне  мен  әрекетті  бірдей  алып  қарауда    жекелік  (феномендік) 



 

194 


ұстанымның  да  болатындығы  айтылды.  Сонда  гештальт  үшін  зат  пен  оның  қызметттік 

әрекеті алдыңғы орындағы қағида болып табылады. 

Гештальпсихологияның  теориялық  басты  міндеті  ес,  қабылдау,  ойлау  танымдық 

үдерістерін  қарастыру,  зерттеу,  оқытып  үйрету  екендігі  жылдар  өте  келе,  нақтыланды.  Бұл 



танымдық  үдерістер  тіл  ғылымында  да  әлемнің  тілдік  бейнесін  негіздеуде,  ашуда, 

қарастыруда қажетті әдіснамалық құрал болып, танымдық тіл ғылымын ілімдік тұрғыдан 

жасауда, осы ғылым түрін қалыптастыруда маңызды қызмет атқарады.

 

Гештальтпсихология  тұтастық  заттың  тұтастығын  көрсететін  жеке  бөлік-бірліктің 

қасиеті  мен  қызметінің  жиынтығынан  құралмайтынын,    оның  жоғары  деңгейлі  сапасы 

болатынын,  заттың  қызметі  оның  тұтас  болып  танылуымен  көрінетінін  түсіндіреді. 

Сондықтан гештальтпсихология   сананы «жеке бөлікке жіктеуге итермелейтін» салыстыру, 

теңестіру  (ассоциация)  психологиясына  қарсы  шықты,  гештальтпсихологтардың  ілімін 

ақырында  гештальттерапия  ғалымы  Ф.Перлз  жалғастырып,  олардың  пікірін  танымдық 

үдеріспен  байланыстырып,  дүниетанымды,  әлемтануды  адамзатпен  бірге  тұтастықпен 

қарауды ұсынды. 

Гештальтты  ұғыну  үшін  оның  мазмұнын  түсіндіретін  психологиялық  қағидалар 

белгіленеді.  Оны  гештальт  қағидалары  деп  атау  қалыптасқан.  Гештальтпсихологияда  зат-

құбылыс,  нәрселерді  адамның  қабылдау  қабілеті  мен  түйсігінің  қаншалықты  мықты,  әлді-

әлсіздігіне,  терең-таяздығына  қатысты  негіздермен  қолданылады.  Гештальтты  түсіндіретін 

негіздеме  оның  қағидасы  болып  табылады.  Гештальт  бейнесі:  затты  тұтастықпен 

қабылдаудағы  қасиет-белгілері  –  нақтылық,  сұлба,  фон;  бұлар  өзара  тығыз    байланысты 

болып,  тұтастық  қасиетін  береді.  Осыдан  зат  құрылымының  сапасы  мен  түрі  шығады, 

осылайша дұрыс қабылдау гештальт болып табылады.  

Берілген  тұтастықты  дұрыс  қабылдау,  оның  реттілігі  белгілі  бір  қағидамен  жүзеге 

асады.  Сонымен  әлемді  қабылдауда,  ондағы  құбылыстар  мен  әрекеттерді  қабылдауда  адам 

санасында,  ақыл-ойында  белгілі  бір  заңдылықпен,  ретттілікпен  қаблыдау,  тану  қызметі 

жүреді, ол қызмет мынадай қағидалармен негізделеді: 

1.  Жақындық  қағидасы.  Адамның  ынтасы,  ақы-ойы  көргісі  келген  құбылысты, 

әрекетті жақын тұрған зат, нәрсемен бірге тұтастырып қабылдау үдерісінде болады; 



2. Ұқсатық қағидасы. Адам ынталы түрде зат, нәрсені көлем, көрініс, кескін, түс, түр 

жағынан келесі бір басқа нәрсемен ұқсастырып қабылдау үдерісінде болады; 



3. Тұтастық қағидасы. Қабылдау қарапайымдату және тұтастыру үдерісінде болады. 

4. Тұйықтату қағидасы. Сұлба өзінің толық түріне ие болу үдерісінде болады. 

5.  Шектестік  қағидасы.  Адам  ынтасының  уақыт  пен  кеңістікке  қарай  жақындауы, 

яғни бір жағдайдан екінші жағдай туындап, шектестік қабылдауды айғақтайды, нақтылайды. 

Бұл  философиялық  негізбен  түсіндіріледі.  Адам  өмірінің  бір  кезеңнен  екінші  кезеңге  өтуі 

гештальттық ыңғайда шектесімді білдіреді. 

Осылайша гештальт қағидалары біздің күнделікті қабылдауымызды қалыптастырады. 

Гешталт  қағидаларын  түсіну  арқылы  әлемдік  бейнені  тұтастықта  қабылдауды  тани 

аламыз.Әлемдік  бейненің  сипаты  адам  танымында  ең  алдымен  тіл  арқылы  жүзеге  асады. 

Әлемдік бейне мазмұны түпкілікті танылғанда тілдік әлем бейнесі жасалады. Осыдан тілдік 

әлем бейнесінің өзі адамды, адам танымын ашады. Адамның әлем бейнесіне қатысы көрінеді. 

Бұл орайда тағы да В.Маслованың пікірін алға тартамыз:«Языковая картина мира формирует 

тип отношения человека к миру (природе, животным, самому себе как элементу мира). Она 

задает  нормы  поведения  человека  в  мире,  определяет  его  отношение  к  миру.  ...Таким 

образом,  роль  языка  состоит  не  только  в  передаче  сообщения,  но  в  первую  очередь  во 

внутренней  организации  того,  что  подлежит  сообщению.  Возникает  как  бы  «пространство 

значений»  (в  терминологии  А.Н.Леонтьева),  т.е.  закрепленные  в  языке  знания о  мире,  куда 

непременно  вплетается  национально-культурный  опыт  конкретной  языковой  общности. 

Формируется мир говорящих на данном языке, т.е. языковая картина мира как совокупность 

знаний о мире, запечатленных в лексике, фразеологии, грамматике [1,65]. 



 

195 


Зерттеушінің  айтқанынан  оның  тілдік  әлем  бейнесі  туралы  өзіндік  көзқарасын  және 

соған  қатысты  теориялық  тілдік  гештальтқа  берген  астарлы  сипатын  көреміз.  Көрсетілген 

еңбегінде  ғалым  гештальтқа,  оның  тілге  қатысты  түріне  түсінік  те  жасайды:  «Гештальты  -  

это  особые  глубинные  содержательные  единицы  языка.  Помимо  реализации  в  языке 

гештальты  составляют  основу  восприятия  человеком  действительности,  направляют 

познавательные процессы, определяют специфику и характер моторных актов и т.д. ... Итак, 

гештальты  суть  универсальные  представления,  принадлежащие  глубинам  человеческой 

психики  вообще  и  как  целое  лежащие  вне  категориальных  рамок  естественного  языка,  т.е. 

это  содержательные  величины  трансцендентного:  гештальты  лежат  непосредственно  за 

гранью  высказываемого  и  органично  с  ним  связаны.  Реконструированные  на  основе 

реальных  языковых  данных,  гештальты  сами  становятся  реальными  содержательными 

величинами  ближайшего  трансцендентного»  деп  тілдік  гештальттың  мазмұнын  жеткізеді 

[1,65]. 

Тіл  үшін  гештальт  жай  ғана  қаңқа  тәріздес  құрылым  емес,  ол  –  мазмұнды  тұтастық. 

Мәселен  кез  келген  әріпті  құрастырудан  белгілі  бір  құрылым  туындауы  мүмкін,  бірақ  ол 

гештальт болып табыла алмайды. Тілдік гештальт астарында ұғым, мазмұн, түсінік, ой-пікір 

бәрі тұтасады. Сонда тілдік гештальт гештальт болып таныла алады. Мысалы: «дүниетаным» 

сөзін  гештальт  деп  тану  үшін  оның осы  әріптерден  құралғаны  (құрылымы)  себеп  емес,  бұл 

сөзден тілдік гештальтты шығаруда оның ұғымы, мазмұны (таңбалық,тілдік философиялық,), 

концептілігі, т.б. түгелі жан-жақты ашылуы қажет.   

Тілдік  гештальтты  анықтау  –  тілдік  әлем  бейнесіне  мазмұндық,  үғымдық,  шетелше 

айтқанда,  концептілік  саалау,  талдау  жасау  деген  сөз.  Сонымен  бірге  оның  негізгі  бағыты 

тілдік  білім  құрылымын  сипаттап  ашуға,  тілдік  таңба  бейнелеріндегі  мазмұн  құрылымын 

танып, қайта құрастырып жеткізуге арналады. 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

1. Маслова В.А. Лингвокультурология Учебное пособие.Академия, 2001.–208 с. 

2. Вайсгербер Й.Л. Язык и философия// Вопросы языкознания, 1993. №2 

3. Гейвин Х.Когнитивная психология. СПб.: Питер. 2003.- 272 б. 

4. Солсо Р. Когнитивная психология. СПб.: Питер. 2006.- 539 б. 

 

Резюме



 

В этой статье рассматривается образный мир языка и гештальт. 

 

Summary 

Figurative language world and geshtalt consider in this article. 

 

 

 

СӘТБАЕВТЫҢ «АЛГЕБРАСЫ»

 

 

Шалабаева Майра Хусаиновна

Д.А. Қонаев атындағы университет колледжінің математика пән мұғалімі 

Алматы, Қазақстан 

 

ХХ  ғасырдың  басы  қазақ  халқы  үшін  тарихи  дүрбелеңдерімен,  қоғамдық 



құбылыстарымен,  сонымен  қатар  жаңашыл  бағыт-бағдарларымен  ерекшеленеді.  Ғылым-

білімге  сусап,  ХХ  ғасыр  табалдырығын  аттаған  қазақ  халқының  бағына  жаңаша  оқып, 

жаңаша  тәлім-тәрбие  алған  және    ғылымның  әр  саласына  ден  қойып,  зейін-зердесімен 

кіріскен перзенттері өсіп шықты. Олар ұлт мәдениетін көтеруде барлық саналы ғұмырларын 

сарп  етіп,  тіпті  өмірлерін  де  құрбан  етті.  Осы  ұлтжанды  зиялардың  көш  басында  тқрған 


 

196 


Ахмет Байтұрсынов бастаған алаш арыстары қазақ ғылым-білімге жеткізу үшін ана тілімізде 

мектеп оқулықтарын және жоғары оқу орындарына қажетті және оқытушылар үшін керекті 

оқу  құралдарын  жазды.  Мәселен,  Ахмет  Байтұрсынов  қазақ  Әліпбиін  құрастырып,  «Тіл 

құралы»,  «Әдебиет  танытқышты»  жазса,  Міржақып  Дулатов  «Математика»,  Мағжан 

Жұмабаев «Педагогика», Жүсіпбек Аймауытов «Психология» оқулықтарын жазып, баспадан 

шығарды.  Осы  ұлы  тұлғалардың  тәлімін  көріп,  дәрсін  тыңдаған,  соларға  қарап  бой  түзеп, 

ұлтқа қызмет ету қағидасын бірінші орынға қойған Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Әлкей 

Марғұлан сияқты ғалымдарымыз өмірінің соңына дейін ұлы ұстаздарының ұлағатты істерін 

жалғастырып кетті. 

1926  жылы  Мәскеуде  Ахмет  Байтұрсынов  қазақтың  «Ер  Сайын»  деген  батырлық 

эпосын жеке кітап қылып шығарса, дәл осы үлгімен 1927 жылы Қаныш Сәтбаев Мәскеуден 

«Ер Едіге» дастанын басып шығарды.  

Біз мақаламызға арқау етіп «Алгебра» оқулығын да Қаныш Сәтбаев осы ұстаздарының 

үлгісімен,  солардың  тәсілімен  жазып,  ұлтының  кезек  күттірмей  тұрған  қажеттілігіне  қол 

ұшын созған еді. Өкінішке орай Кеңестік жүйенің кертартпа саясаты бұл құнды дүниені дер 

кезінде  ұлт  мүддесіне  ұсынуға  кедергі  жасап  бақты.  Ештен  де  кеш жақсы  дегендей,  бүгінгі 

таңда бұл оқылық кітап болып басылып, біздің қолымызға тиді. 

Біз  «Алгебра»  оқулығының  мынадай  ерекшелігіне  мынадай  ерекшеліктеріне  көңіл 

бөлмекпіз. 

Бірінші ерекшелік – «Алгебра» оқулығының тілі, жазу мәнері Ахаң жасаған Әліпбидің 

негізінде  араб  әрпімен  жазылып,  Ахмет  Байтұрсынов  түзеп,  тазартқан    қазақ  әдеби  тілі 

нормасына  сай  өрілген.  Яғни  ХХ  ғасырдағы  Қазақстанның  барлық  аймақтары  мен  шет 

жерлерде  тұрып жатқан қазақ балалары толық түсінетіндей әрі еркін меңгеріп шығатындай 

мүмкіншіліктері  қарастырылған.  Бүгінгі  таңға  дейін  Қытай,  Моңғол  жерлерінде  тұрып 

жатқан  қандастарымыз  әлі  күнге  дейін  сол  Ахмет  Байтұрсынов  Әліпбиімен  оқып,  сауат 

ашып  отыр.  Бір  әттеген-айы,  араб  графикасымен  жазылған  оқулықтың  бізге  592  беті  ғана 

жетіп отыр. Ал латын әрпіне көшірілген нұсқасы 1467 беттен тұрады. 

Екінші ерекшелігі – бұл оқулық сол кездегі жоғары сынып оқушылары мен жоғары оқу 

орындары шәкірттері пайдалана алатындай деңгейде жазылған ана тіліміздегі тұңғыш еңбек. 

Бұған  дейін  Міржақып  Дулатовтың  бастауыш  сыныптарға  арналған  «Есеп  құралы»  мен 

кейбір  аудармалар  ғана  болды.  Оқулықта  мектеп  алгебра  курсы  толық  және  жоғары 

математиканың  бірнеше  тараулары  орынды  қарастырылған.  Еңбек  11  негізгі  бөлімнен 

тұрады, әр бөлім баптарға, ал олар өз кезегінде параграфтарға бөлінген.  

Осы  бөлімдерде  барлық  тақырыптар  толық  әрі  жан-жақты  қарастырылған,  есептердің 

шешу тәсілдері мен жолдары түсінікті тілмен айшықталған. Сәтбаевтың оқулық мазмұнына 

үш немесе одан артық белгісізі бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері, Безу тәсілі 

мен  Саррюс  ережесі,  комплекс  сандар  туралы  түсінік,  комбинаторика  элементтері  сияқты 

тақырыптарды  орынды  енгізуі  ұлы  ғалымның  инженер-геолог  қана  емес,  терең  білімді 

математик екенін де айқындап тұр. Сәтбаев математикалық терең білімі мен қабілетін өзінің 

негізгі  мамандығы  кен  барлау  жұмыстарына  да  ұтымды  пайдаланған.  Орталық 

Қазақстандағы  Ұлытау-Қарсақбай  жерасты  кен  байлықтарын  зерттеуге  тік  бұрғылау  әдісін 

тұңғыш  рет  қолдануға  ұсыныс  жасады.  Жерді  көлбеу  және  тік  бұрғылағанда  кенді  дене 

үшбұрыш формасында болады. Қимадан пайда болған үшбұрыштарды қазіргі кезде «Сәтбаев 

үшбұрыштары» деп атап жүр. 

Үшінші  ерекшелігі  –  оқулық  құрылымының  жүйелі  әрі  сатылай  жазылуы. 

Дидактиканың  «қарапайымнан  күрделіге,  белгісізден  белгіліге,  білімнен  біліктілікке» 

қағидасы  бойынша  орынды    пайдаланылған.  Сонымен  бірге  оқулық  екі  жікке  бөлініп, 

біріншісі «бірдейлік өзгерістерінен» бастап «түбір табу» амалымен аяқталып тұр. Бұл жіктің 

ішіндегі  жүйелер  барлық  есеп  пәндеріне  негіз  болып  саналатындығы  үшін  оның  ішінде 

кездесетін ережелер шама келгенше толық түрде зерттеліп, шындық түйіндері көбінесе әріп 

түрінде  жалпы  мағынада  көрсетіліп  отырады.  Екінші  жік  жоғары  дәрежелі  теңдеулерден 

басталып,  логарифмдеу  амалымен  аяқталады.  Соңғы  жіктің  ішінде  кездесетін  ережелер 



 

197 


алғашқы жіктегі жүйелерден жасалатын туынды ережелер болғандықтан, олардың жүйелері 

толық болса да машығы алғашқыдан гөрі шағындау болып келеді. 

Бұл  оқулықты  жазуда  ұлы  ғалым  үлкен  дайындықпен,  көп  ізденіспен  келгенін 

аңғарамыз.  Өз  еңбегінде  ғалым  бұрынғы  алгебра  оқулықтарын  жазып  кеткен  ұлы  орыс 

ғалымдары  мен  Европа  ғалымдарының,  сонымен  бірге  шығыс  ғұламаларының  еңбектеріне 

сүйенген.    Сондай-ақ    ағылшынның  ұлы  ғалымы  Исаак  Ньютонның  классикалық 

пайымдауларын  басшылыққа  ала  отырып,  күрделі  есептердің  шешімін  екі-ақ  сөйлеммен 

түсіндіріп беруі тәнті етеді. 

Қолжазба  соңындағы  түсіндірме  сөздікте  берілетін  терминдер  қатарында  алгебрамен 

бірге  әл-жебр  терминінің  тұруы  кезінде  Семей  қаласындағы  мұғалімдер  семинариясында 

оқыған Қаныш Сәтбаевтың батыс ғалымдарының еңбектерімен бірге шығыс ғұламаларының 

еңбектерімен  де  жете  таныс  болғанын  аңғартады.  Сол  замандағы  техника  мен  технология 

жетілмеген  кезеңде  кітап  соңындағы  логарифмдік  кестені  пайдалану  тәсілдерінің  айқын 

көрсетілуі  бүгінгі  компьютер  мен  калькулятордың  орнын  басып  тұрды.  Замана  талабынан 

қоғам  қажеттілігіне  сай  туған  кемеңгер  ойшылдың  озық  тәсілі  осылайша  өріле  береді.  Бұл 

кітаптың  ішіндегі  ережелер  бірнеше  тиісті  мысалдармен  қорытындылып  отырған.  Бұл 

мысалдарда сол кездегі қазақ балалары толық түсініп, есептің шешімін мүдірмей табуы үшін 

қазақ тұрмыс-салтындағы қолданылатын сөздер мен заттар алынған. 

Бұл кітап шәкірттермен қатар оқытушы ұстаздар үшін де бірден бір көмекші құрал бола 

алады.  Оның  ішіне  мектеп  бағдарламасынан  тыс  кейбір  есеп  тәсілдері  қосымша  берілген. 

Бұл оқушылардың алгебраға деген қызығушылығын оятып, күрделі есептерді шешуде ойлау 

қабілетін арттырады. Қаныш Сәтбаевтың  сан орнына әріп енгізу себептерін баяндау стилі де 

мазмұны  жағынан  аса  терең.  Ол нақтылы  екі  есепті  алып, оларды  алдымен  арифметикалық 

тәсілмен  шешіп  көрсетеді,  соңынан  екі  тәсілді  байыпты  түрде  салыстыра  отырып,  сан 

орнына  әріп  енгізудің  тиімді  болатындығына  оқушының  көзін  жеткізеді  және  формула 

ұғымдарының  мән-мағынасын  айқындауға  көңіл  бөледі.  Бұл  орайда  автор  біздің 

түсінігіміздегі  алгебралық  өрнектерді  бірдейлік  әлпеттер  деп  өзінше  атаған.  Бұл  жерде  біз 

Қаныш  Имантайұлының  қазақ  тіл  білімінде  термин  жасау,  оның  ішінде  математикалық 

терминдерді жасауда айтарлықтай үлесі бар екенін көреміз. 

Саны бар сапасы жоқ, тілі қойыртпақ топырлап шығып жатқан көптеген оқулықтар мен 

оқу  құралдарына  салыстыра  қарағанда  Сәтбаевтың  айтулы  «Алгебра»  оқулығы  құрылымы 

мен  сапасы  жөнінен  бүгінгі  күнге  дейін  өз  маңызын  жоймай  келеді.  Оқулық    қазақ 

мектептері,  кәсіптік  бағдар  беретін  білім  ошақтары  мен    жоғары  оқу  орындары  қазақ 

бөлімдері  студенттері  үшін  қажетті  құралдардың  бірі  бола  алады.  Ұлы  ғалымның  құнды 

дүниесін  ұтымды  пайдалану  үшін  бұл  оқулықты  жүйелі  түрде  оқу  бағдарламасына  енгізсе, 

нұр үстіне нұр болар еді.  

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет