Nazarbayev Intellectual Schools Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «назарбаев зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет27/72
Дата22.12.2016
өлшемі9,34 Mb.
#31
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72

Nazarbayev

Intellectual

Schools

2.  Сатурналии  -  в  древнем  Риме  -  народный  праздник  по  окончании  полевых  работ  в  честь  бога 

Сатурна; праздник длился 7 дней. 

3.  Скоромный - о молочной и мясной пище, не потребляемой религиозными людьми во время поста. 

4.  Помин - (устар.) здесь приношение умершим в знак любви, памяти. 

5.  Слуховое окно - окно на чердаке, в крыше. 

6.  Воскресная служба - у верующих: воскресное богослужение. 

7.  Пасха - у христиан весенний праздник Воскресения Христа. 

Другая линия анализа текста связана с вопросами и заданиями после прочтения текста: 

1. Расскажите, каково происхождение праздника «Масленица»? 

2.  Выпишите  из  текста  прилагательные,  которые  сочетаются  со  словом  «масленица».  Объясните 

полученные словосочетания. 

3. Вспомните, сколько дней празднуется масленица, как называется каждый день праздника и почему? 

4. Как вы думаете, почему последний день праздника называют «прощеным воскресеньем»? С каким 

обрядом были связаны проводы масленицы? 

5. Скажите, какое блюдо всегда готовят на масленицу? Расскажите рецепт приготовления такого блюда. 

6.  Прочитайте  следующие  поговорки  о  масленице  и  с  помощью  вашего  преподавателя  дайте  им 

толкование: 

Не все коту масленица, будет и Великий пост. 

Не житье, а масленица. 

На горах покататься, в блинах поваляться. Боится масляна горькой редьки, да пареной репы. 

Без блина не масленица. 

7. Придумайте ситуации, в которых можно было бы употребить следующие поговорки: 

Не все коту масленица, будет и великий пост 

Не житье, а масленица. 

8. В каких картинах русских художников отражено празднование масленицы? 

9. Расскажите вашим друзьям, есть ли в вашей стране праздник, похожий на русскую масленицу. Как 

он празднуется? 

Следует обратить внимание на то, что идет углубленная работа с пословицами и поговорками, которые 

отражают национально-специфические особенности, менталитет народа во всем его разнообразии, более 

того, они являются важной частью моральных стандартов. А значит, являются ценнейшим материалом для 

изучения языка и культуры народа.

Конечно, все перечисленные виды работ не представляется возможным использовать на каждом уроке. 

Можно варьировать вопросы в зависимости от темы. Но работа по осознанию и пониманию учащимися 

самого текста должна проводиться постоянно. И без погружения в чудные законы языка трудно представить 

себе углублённое изучение текста. Ведь работа с текстом на уроке позволяет организовать самостоятельное 

открытие знаний и помогает развивать ассоциативное мышление, узреть взаимосвязь языка и культуры.

Создавая уроки в лингвокультурологическом направлении, следует тщательно продумать все задания. 

Важно помнить о том, что строительным материалом для связных высказываний является слово. Поэтому 

знакомить учащихся со значениями слов и особенностями их употребления в конкретном языке надо по 

словарям (толковый, фразеологический, этимологический, историко-этимологический, словарь символов и 

знаков). На уроке очень важна лексическая работа. Задания по орфографии и пунктуации, а также вопросы 

по  морфологии  и  словообразованию  позволяют  повторить  и  закрепить  изученное.  Обсуждение  текста 

помогает  воссоздать  языковую  картину  мира  и  образ  человека  в  определенной  культуре,  способствует 

отображению  психологии  и  ментальности  в  данном  языке,  создает  эмоциональный  настрой,  повышает 

интерес к предмету. 

Таким образом, разработанная методика направлена не только на то, чтобы учащиеся могли свободно 

говорить, грамотно писать, но и знакомится с текстами – образцами русской художественной литературы, 

по которым можно представить национально-культурные особенности носителя изучаемого языка, а также 


Nazarbayev

Intellectual

Schools

167


сформировать  представления  об  образе  жизни,  быте,  традициях,  национальной  психологии  носителей 

языка.


Литература:

1.  Краева Н.Ф. Лингвокультурологический аспект в преподавании татарского языка русскоязычным 

учащимся. http://www.tisbi.org/science/vestnik/2004/issue2/Kult7.html 

2.  Гумбольдт В. фон. Язык и философия культуры. – М.: Прогресс, 1985. 

3.  Буслаев Ф. И. Преподавание отечественного языка. - М.: Просвещение, 1992. – 512 с.

4.  Потебня А.А. Слово и миф. - М.: Правда, 1989. - 624 с.

5.  Афанасьев А.Н. Народные русские сказки. - М., 1957. - Т. I – 515 с.; II – 510 с.; III – 572 с.

6.  Сепир Э. Избранные труды по языкознанию и культурологии. – М., 1993, - 165 с.

7.  Толстой Н.И. Язык и народная культура: Очерки по славянской мифологии и этнолингвистике. - 

М., 1995. – 450 с.

8.  Воробьев В.В. Лингвокультурология (теория и методы). - М., 1997. - 332 с.

9.  Телия В.Н. Русская фразеология. Семантический, прагматический и лингвокультурологический 

аспекты. - М.: Языки русской культуры. 1995. - 288 с.

10. Маслова В.А. Лингвокультурология. – М.: Академия, 2001. - 208 с.

11. Бромлей Ю.В. Этнические функции культуры и этнография. – М., 1978.

Измұханбетова С.С.

педагогика ғылымының кандидаты

Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлардың

 біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының

(Қазақстан Республикасы) 

БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ РЕТІНДЕГІ КОММУНИКАТИВТІ 

ҚҰЗЫРЕТТІЛІК КОМПОНЕНТТЕРІ 

Қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушының әртүрлі әрекет саласында өз бетінше шешім қабылдауға 

мүмкіндікті қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзыреттілік түріндегі білім нәтижелерімен түсіндіріледі. 

Білім берудің жаңа құндылықтары ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру Стандарттарының жаңа 

мазмұнында айқындалып, білім алушылардың ақпараттық, коммуникативтік, проблеманы шеше білу және 

пәндік құзыреттіліктері күтілетін нәтижелер ретінде белгіленіп отыр. Білім мазмұнын жетілдіру үрдісінде 

мұғалімге  оқушылардың  білімді  өздігінен  меңгерудің  әдіс-тәсілдерін  игертуді,  оның  дамытушылық 

жақтарына басымдылық беруді қарастырады. Білім берудің жаңарған моделінде оқушының «дайын білімді 

алушы»  қалпынан  оның  танымдық  процестегі  «белсенді  субьект»  қалпына  көшуін  қамтамасыз  ететін 

коммуникативтік белсенділігін күшейтуге мән беріледі. Соған орай, аталған коммуникативтік құзыреттілік 

нәтижелерге  бағытталған  білім  беру  үрдісін  ұйымдастыруды  оқушылардың  зерттеушілік  іс  әрекеттері 

негізінде жүргізуге қажеттілік туындауда. 

12 жылдық оқыту мерзімінен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартының 

мазмұны оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оның жан –жақты дамуына, өз пікірі мен ойын 

ашық жеткізе білуіне, шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ете отырып, білім нәтижесі 

түріндегі құзыреттіліктерді игеруге бағдарланып белгіленген. 

Құзыретті  қалыптастыру  білім  беру  мазмұны  құралдары  арқылы  жүзеге  асады.  Осыдан  келіп 


168

Nazarbayev

Intellectual

Schools

оқушының қабілеттілігі дамиды және күнделікті өмірдегі шынайы проблемаларды шешу мүмкіндіктері 

пайда болады. Білім беру құзыреті оқушының сауаттылық компоненттерінен тұрады, бірақ тек онымен 

шектеліп қоймайды.

 

Білім  беру  құзыреті-  оқушының  тұлғалық  және  әлеуметтік  маңызы  бар  өнімділік  әрекеттерін 



жүзеге асыру үшін қажетті шынайы өмірдегі белгілі бір нысандарға қатысты мағыналық бағдар, білім, 

біліктілік, дағды және әрекет тәжірибелерінің жиынтығы. 

 

12  жылдық  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  жалпы  орта  білім  беру  стандартының 



мазмұны әр оқушының жеке ерекшелігіне қарай білім нәтижесі түріндегі құзыреттер жиынтығын игертуге 

бағдарланып жасалған. Онда білім беруден күтілетін нәтиже проблеманың шешімін табу немесе өзіндік 

менеджмент, ақпараттық және коммуникативтік деп аталатын негізгі құзыреттіліктер түрінде берілген. 

 Коммуникативтік құзыреттілік:

 - нақты өмірлік жағдаяттарда қазақ немесе басқа тілде ауызша және жазбаша түрлі коммуникативтік 

құралдарды қолдануға;

 

- коммуникативтік міндеттерді шешуге стиль және жанрды таңдай білуге,қолдана білуге;



 

- өзінің көзқарасын этикет нормаларына сәйкес жеткізуге;

 

- өзара өнімді іс-қимылды, оның ішінде басқа да көзқарас пен бағыттарды ұстанатын өзге ұлт 



өкілдемімен қарым-қатынас диалогына түсе отырып, жанжалдық ахуалды шешуді жүзеге асыруға;

 

- жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі позициядағы адамдармен топта қарым-қатынас орнатуға 



мүмкіндік береді.

 

Коммуникативтік құзыреттіліктің мәні: өзіне жауапкершілікті ала білу қабілеті, бірлесіп шешім 



қабылдауға  қатысу,  бірін-бірі  сыйлау,  басқа  мәдениет  тілдері  және  діндегі  адамдармен  бірге  өмір  сүру 

қабілеті, қарым-қатынастың ауызша және жазбаша формаларын меңгеру, бірнеше тілді білу.

 

«Коммуникация» - (латынның communication, communicare сөзінен алынған, бірге жасау, хабарлау, 



әңгімелесу, сәйкестік ұғымында қолданылады) термині ғылыми әдебиеттерге ХХ ғасырдың басында еніп, 

зерттеушілердің еңбектерінде 2 бағытта қарастырылып келді.

 

Кез-келген адамды тәрбиелеуге мүмкіндік беретін сигналдар (Д.Уотсон,т.б)



 

Тұлғаға басқа адамның сезімін түсінуге мүмкіндік беретін ішкі метафизикалық қабілет (Дж.Г.Мид 

т.б)

 

С.И.Ожеговтың  сөздігінде  «коммуникацияға»  хабарлама  және  қарым-қатынас  ретінде  түсінік 



беріледі де, тіл оның құралы ретінде анықталады. Синонимдік сөздіктерде «коммуникация» мен «қарым-

қатынас» жақын синонимдер ретінде сипатталады, бұдан бұл терминдер бір-бірін алмастыра алады деген 

тұжырымға келуге болады.

 

Адамның  қарым-қатынас  жасауға  қабілеттілігі  психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерде 



(Г.М.Андреева, А.Б.Добрович, Н.В.Кузьмина, А.Джекобе,т.б) коммуникативтік терминімен беріліп, белгілі 

бір қарым-қатынас іскерліктерімен байланыстырылады:

Тұлғааралық  қарым-қатынас  жасау  іскерліктері  (сөздік  және  сөз  қолданылмайтын  қарым-қатынас 

құралдарын меңгеруі, қажетті және сезімдік ақпараттарды беруі);

Бірлескен әрекеттерді ұйымдастыру іскерлігі (кері байланыс орнатуы, қоршаған ортаға ықпал етуі):

 

Басқаларды қабылдай, түсіне білуі (алдын-ала дайындықсыз қарым-қатынасқа түе білуі, әртүрлі 



жағдайлаға байланысты қарым-қатынасты дамыта алуы.т.б).

 

Аталған  іскерліктерді  зерттеушілер  (Ю.М.Жуков,  Л.А.Петровский,  Б.В.Растяенников  т.б) 



коммуникативтік құзыреттілік деген сипаттама береді.

 

А.Б.Добрович  коммуникативтік  құзыреттілікті  қарым-қатынас  жасауға  әрдайым  дайын  болу 



тұрғысынан  қарастырып,  оны  адам  санасы,  ойлауының  ерекшелігімен  түсіндіреді;  адам  үнемі  ой 

процесінде, яғни диалогтік жағдайда болады.

 

В.А.Кан-Калик, Н.Д.Никандров коммуникативтік құзыреттілікті адам іс-әрекетінің құрамдас бөлігі 



ретінде қарастырады. Осыған орай кез-келген әрекет сияқты қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастыру 

да негізгі мақсатқа айналып , оның әдістері мен құралдары анықталуы тиіс деп есептейді.

 

Т.Н.Лобанов,  Ю.А.Тихоморов  зерттеулері  бойынша  негізгі  құзыреттіліктер:  ойлау  жүйесі  мен 



Nazarbayev

Intellectual

Schools

169


процестерінің  дамуы;  талдау  қабілеттері;  Жаңашылдық;  жүйелі  даму  бағыты;  ұйымдастыру;  уақытты 

игере білу іскелігі; топта жұмыс жасау; коммуникативтік-іскерлік қабілет; келіссөз жүргізе білу іскерлігі; 

оқушыға бағдарлану.

Адамның еңбек, танымдық, ой әрекеттері, өмір сүруге деген қабілеті қарым-қатынас процесіне, яғни 

коммуникациялық құзіреттілікке тікелей байланысты. Н.Н.Нұрахметовтың айтуынша, «коммуникативтік 

құзыреттілік  нақты  өмір  жағдайында  өзінің  міндеттерін  шешу  үшін  қазақ  және  басқа  тілдерде  ауызша 

және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануды білдіреді». Ә.М. Мұханбетжанова жеке 

тұлғаның коммуникативті құзыреттілігін дамыту «бақылаудан - өзіндік бақылауға, әлеуметтік бақылаудан - 

дамуға, монологтан -диалогқа, түсіндіруден - түсінуге ауысу негізін құрайтын білім беру парадигмасының 

өзгеруімен байланысты жүзеге асырылады» деп есептейді.

Зерттеушілер  білім  беру  нәтижелері  ретіндегі  коммуникативті  құзыреттіліктің  компоненттерін 

төмендегідей анықтайды:

– 

коммуникациялық пән аймағындағы білімі (қажетті тілдерді білуі, педагогика және психология, 



конфликтология, логика, риторика, мәдениет және сөйлеу аймағындағы білімі);

– 

коммуникативті  және  ұйымдастырушылық  қабілеті  (іскерлік  қатынастарды  ұстану,  белсенділік 



көрсету,  тұлғаны  жағымды  қабылдау  және  түсіну  негізінде  психологиялық  ықпал  көрсету,  қоршаған 

адамдармен біріккен іс әрекет кезінде белсенді әрекет жасау);

– 

эмпатияға қабілетті болу (түсіне білу іскерлігі, өзгені сезіне білу, психотерапияны сөзбен орындай 



алу);

– 

өзіндік  бақылауға  қабілеттілігі  (көршісінің  және  өзінің  мінез  құлқын  реттей  алу  іскерлігі,  дау 



жанжалдық жағдайларда өнімді жауап беру тәсілдерін табу, жағымды психологиялық климатты тудыру, 

субъект аралық қарым қатынасты болжай алу);

– 

сөздік  және  сөздік  емес  қарым  қатынас  мәдениеті  (сөйлеу  техникасын,  риторикалық  амалдар, 



аргументация  техникасын  және  шарттасуды  жүргізу,  кәсіби  педагогикалық  этикетті  сақтау,  ұғымдық 

категориялық ақпаратты мақсатты түрде қолдану, сөздік емес құралдарды қолдану). 

Құзыреттіліктің бірнеше тобын коммуникативтілік түрге біріктіруге болады. Олар: ұйымдастырушылық 

қабілеттер»адамдарда басқара білу, тапсырманы орындауға өзін және ұжымды ұйымдастыра алу іскерлігі, 

жоспарлау,  бақылау,  жоспарды  орындауға  қажетті  ресурстарды  тиімді  жинап,  бағыттай  алу,  әңгімені 

мақсатты  түрде  жүргізе  білу,  телефонмен  әңгімелесу,  корреспонденция,  құжаттаманы  жүргізу),  топта 

жұмыс жасау (топты құра білужәне онда жұмыс жасау; тиісті топтың ерекшеліктерін білу, топ мүшелерінің 

қарым-қатынас және мінез-құлық ережелерін орындауды, топ мүшелерінің жағымсыз мінез-құлықтарын 

түзету, мәселені шешу мақсатында тиімді талдау және келіссөз жүргізу; Коммуникативтік-іскерлік қабілет 

(өз  пікірін,  құқығын  қарым-қатынасты  бұзбай  қорғай  білу,  жаңа  идея  және  жоспар  арқылы  іс-әрекетке 

ынталандыра білу, дұрыс сұрақтар қоя білу және әңгімелесушінің эмоционалды және ақпараттық деңгейін 

анықтау, екіжақты коммуникация бағытын құра білу, өзге адамдарды дұрыс сынай және қолдай білу), келіссөз 

жүргізе  білу  іскерлігі  (презентацияның  міндеттерін  және  мақсаттарын,  аудиторияның  қызығушылығын 

анықтай білу, сөз сөйлеуді ұйымдастыру, презентацияның байланыстырушы сөйлемдерін, негізі бөлімін, 

қорытындысын ұйымдастыру, сендіре білу және шешендік дағдыларға ие болу.

Коммуникативтік  қарым-қатынас  оқудың,  білім  алудың  тиімділігін  анықтайтын,  өзара  түсінікті 

сипаттайтын күрделі психологиялық құрылым деп есептеледі. Коммуникация дегеніміз-адамдар арасындағы 

өзара және іскерлік бағыттағы қарым-қатынастар, яғни ол ақпараттарды баяндау, хабарлау, демек өзара 

ақпарат алмасу деген мағынаны білдіреді. Ендеше оқытушы мен оқушылардың қарым-қатынастарының 

негізгі  мазмұнына  оқытудың  және  оқу  материалының  мазмұнын  оқушы  ұғымына  лайықты  жоспарлау, 

оқушылардың оқу материалдарына қызығуын қалыптастыру жатқызылады.

Коммуникативтік  қызмет  оқушылардың  өзара  әрі  педагогпен  оқу  үрдісі  кезіндегі  қарым-қатынасы, 

белсенділігі мен сипаттамасы екендігін көрсетеді. Оқытуды ұйымдастыру қызметі ондағы оқыту, тәрбие 

істеріне басқару қызметін дайындау құрамы болып табылады. Оқу үрдісін ұйымдастыру кезеңіндегі барлық 

қызметтердің жиынтығы басқару мазмұнын құрайды, ал сабақ өткізу оның басты көрінісі болып саналады. 


170

Nazarbayev

Intellectual

Schools

Коммуникативтік бағыттағы оқытудың негізгі мақсаты-оқушыларды қарым-қатынасқа, қарым-қатынастың 

табиғи функцияларын (танымдық, регулятивтік, бағалаушылық, конвенционалдық) іске асыруға үйрету. 

Яғни,  педагогтың  оқушымен  қарым-қатынастары  оқушыларды  дамыту  құралы  әрі  өзіндік  мақсатты  іс-

әрекет болып табылады.

Педагогикалық  қарым-қатынастың  нәтижелілігі  мұғалімнің  қаншалықты  тәрбиелік,  білім  беру 

міндеттеріне сай өз көзқарасын өзгерте алуына байланысты болады. Оқушылармен қарым-қатынас жасауда 

мұғалім кеңесші де, хабарлаушы да, тәлімгер де, жетекші де, сыншы да, дос та бола алуы керек. 

Мұғалімнің оқушылар орнына өзін қоя алу қабілеті балалар іс-әрекетінің мақсаттарын, ішкі күштерін 

түсініп,  олардың  алдағы  іс-әрекеттерін  болжап,  басқаруына  мүмкіндік  туғызады.  Сондықтан  мұғалім 

қарым-қатынас жасау барысында әрбір педагогикалық жағдайларға сәйкес өзінің іс-әрекеттеріне жүйелі 

рефлексивті талдау жасай алуы қажет.

Мұғалімнің  балаларға  сенім  артуы  әрі  оларды  оқу  барысында  қолдап,  әрі  балалар  жауабын  құптап, 

олардың  ойларына,  жауаптарына  ризашылығын  білдіріп  отырса,  барлық  вербалды  және  вербалсыз 

қатынас аппараттарын қарқынды қолдана алуы қарым-қатынас үрдісін әсерлі әрі тиімді ұйымдастыруына 

көмектеседі. Оқушылардың мұғаліммен қарым-қатынас жасауы олар үшін қажеттілік болып табылады. 

Сөйтіп оқушылар мұғалім абыройына деген сенімділік танытады. Бұл сенім мұғалімнің барлық тұлғасына 

қызығу  танытып,  мейірімділігін,  адалдығын,  жауапкершілігін  т.б  адамгершілік  қасиеттерін  байқатса  да 

ғана балалар бойында пайда болады.

Педагогикалық қарым-қатынас жүйесін негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады: 

 

- бірінші кезең-қарым-қатынасты моделдеу;



 

-  екінші  кезең-оқушылармен  бастапқы  байланыс  жасау  кезеңіндегі  тікелей  қарым-қатынасты 

ұйымдастыру;

 

- үшінші кезең-қарым-қатынасты меңгеру.



 

Бірінші  кезең  алдағы  сабақтың  мазмұнымен  және  әдістемелік  бөліктерімен  тығыз  байланысты 

болады.  Әрбір  сабақтағы  қарым-қатынас  үрдісі  өзіндік  ерекшеліктерімен  өтетіндігін  ескере  отырып, 

сабаққа әзірленудің белгілі формуласына сәйкес, яғни бағдарламамен танысу, материалдарды сұрыптау, 

оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерін белгілеу, маңызды, мәнді буынмен толықтырылатын алдағы уақыттағы 

қарым-қатынасты болжау жұмыстары межеленеді. Соңғы айтылған аспекті барлығына соның ішінде оқыту 

тәсілдеріне едәуір ықпал етуі мүмкін.

Яғни,  оқушылардың  шығармашылық  дамуына  ықпал  ететін  қажетті  әлеуметтік-психологиялық 

жағдаймен қамтамасыз етудің де маңызы зор.

Олай болмаған жағдайда ойластырылған тиімді тәсілдеріміз «жүзеге асырылмайды» немесе жеткіліксіз 

«жүзеге  асырылады».  Сондықтан  сабаққа  әзірленген  кезде  және  оның  нақта  міндеттерін,  жұмыс 

түрлерін тұжырымдағанда сабақ барысынды қандай әлеуметтік-психологиялық міндеттерді шешуге тура 

келетіндігін ескерген қажет.

Педагогикалық қарым-қатынастың екінші кезеңі ерекше маңызды. Қарым-қатынас белсенділігі табысты 

болған жағдайда мұны шартты түрде «коммуникативтік шабуыл»деп атауға болады. Мұнда оқушылардың 

танымдық әрекеттерін меңгеру және тәрбиелеуді меңгеру, ең алдымен қарым-қатынасты меңгеру арқылы 

жүзеге асырылады.

Үшінші  кезеңде  педагог  шартты  түрде  педагогикалық  байланысы  бар  толып  жатқан  коммуникативтік 

міндеттерді  шешеді,  мәселен  қарым-қатынас  арқылы  зейінділікті  меңгереді.  Яғни,  оқушыларды  материалдарға 

қызықтыру, әсерлендіру, сыныпта бірлескен ізденісті және ұжым болып ойластыру міндеттері нақта шешіледі.

Кәсіптік-педагогикалық  қарым-қатынаста  оқушының  оқушыларды  түсіне  білу  проблемасы  маңызды  роль 

атқарады.  Біріншіден,  оқытушының  оқушыларды  дұрыс  түсіне  білуі  оның  сенімді  шығармашылық  жұмысын 

қамтамасыз  етеді,  әрине,  мұның  өзі  ішкі  жан  дүниесін  дәл  тани  білу  арқылы  жүзеге  асырылады.  Екіншіден, 

оқушының  жеке  басын  дұрыс  тани  білу  ұжымды  және  оқушылар  арасындағы  жағымды  қатынасты  тиімді 

қалыптастыруға  ықпал  етеді.  Үшіншіден,  дәлме-дәл  және  тепе-тең  жағдайдағы  өзара  түсінушіліктің  өзі  оқу 

әрекетін ойдағыдай жүзеге асыруға ықпал етеді.



Nazarbayev

Intellectual

Schools

171


Мұғалім  оқушылардың  эмоционалдық  жағдайын  бағалай  отырып,  нақты  көңіл-күйлеріне  сәйкес  қарым-

қатынасты дамытып, тереңдете түсуге мүмкіндік алады.

Сабақта  коммуникативтік  қарым-қатынасты  ұйымдастырған  кезде  оқушылармен  қарым-қатынасты 

дәл  бағдарлай  білудің,  өз  көзқарасын  білдірудің,  ақпараттарды,  сөйлеу  құралын  таңдаудың,  педагогикалық 

міндеттерден туындайтын қарым-қатынас жағдайын жасаудың, сыныптағылардың және жекелеген оқушылардың 

әсерленушілігін көре білудің, қарым-қатынас барысында оқу-тәрбие ақпаратын нақтылаудың ,оны педагогикалық 

үрдістің өзгермелі жағдайына ыңғайлай білудің, оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескерудің айрықша маңызы 

зор.


Сонымен,  оқушылардың  коммуникативтік  қарым-қатынастарын  қалыптастыру  іскерлігі  оқу-тәрбие 

үрдісін  басқару  заңдылығына  тәуелді  болады,  яғни  ол  оқушыларға  ықпал  етудің  өлшемдік  сипатын, 

шамасын нақта анықтайды.

Қазіргі  қоғамда  адамның  бүкіл  өмір  сүру  сферасында,  саясат,  экономика,  ғылым,  мәдениет 

саласындағы  тұлғааралық,  аймақаралық,  халықаралық  байланыстардың  кеңеюі  мен  өсуіне  байланысты 

коммуникациялық  қатынастардың  ролі  артуда.  Коммуникативтік  құзыреттілік  адам  өмірінің  барлық 

саласына, оның бәсекеге қабілетті болуына әсерін тигізетіні белгілі болып отыр. Коммуникативті қабілеті 

болуы адамдардың бүгінгі ақпараттық коммуникациялық дамыған қоғамда жетістікке жетуінің негізі деп 

есептелуде.  Сонымен,  қорыта  келе,коммуникативтік  құзыреттілікті  қалыптастыру  -  адамға  қоғамдағы 

ережелер  мен  нормаларды  дұрыс  орындауға  мүмкіндік  беретін  коммуникативтік  іскерліктерге  үйрету. 

Ал,коммуникативтік құзыреттіліктің құрамына енетін іскерліктер мен біліктердің аймағы өте кең, болашақ 

ұстаздардың  коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыру  үшін  әрбір  пән  оқытушысы  өз  пәнінің 

ерекшелігіне сай жұмыс мазмұны мен түрлерін жоспарлай білуі керек деген тұжырым жасауға болады.

Әдебиет:


1.  Қазақстан Республикасының 12жылдық білім беру тұжырымдамасы. Ресми басылым. ҚР Білім 

және ғылым министрлігі №1бұйрығымен 4.01.2006 жылы бекітілген.

2.  Жексенбаева  У.Б.,Ниязова  Г.Б.  Технология  исследовательского  обучения  школьников.  Астана, 

2006.


3.  Андреева Г.М. Социальная психология. М.:Просвещение: 1980, 56 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет