Nazarbayev
Intellectual
Schools
141
самоподготовки. Отрадно отметить , что учащиеся с удовольствием готовят сами сообщения, используя
интернет, готовят красочные, содержательные презентации по темам, задания на закрепление (конечно,
всё под контролем).
Итак, что дает интерактивное обучение в современном образовательном процессе? Конкретному
ученику – осознание включенности в общую работу, коммуникативную готовность к работе в группе на
всех предметах, составление активной, субъективной позиции в учебной деятельности.
Учебной микро группе – развитие навыков общения и взаимодействия в группе; формирование
ценностно – ориентационного единства группы; поощрение гибкой смены социальных ролей дает
возможность выявления лидера.
Интерактивный метод развивает воображение и другие творческие навыки учащихся. Помогает
учащимся применять теорию к реальным жизненным ситуациям, пробуждает интерес к предмету, развивает
у учащихся логику, навыки независимого анализа, критического мышления и принятия решения
Литература:
1. А.А.Гин. Интерактивные методы. Пособие для учителя .
2. В.Ф.Шаталов . Точка опоры – М., 1995. – 384 с.
3. Приемы педагогической техники. Пособие для учителя - Алматы, 2000. - 96с.
4. Газета «Математика», 2003 год, №21, с.4
Жаңаберген Ә.С.
Ақтөбе мемлекеттік педагогика институты
(Қазақстан Республикасы)
ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ОРТА МЕКТЕП АРАСЫНДАҒЫ
САБАҚТАСТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМА РЕТІНДЕ
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру білімі мен білігі жағынан шетелдердегі замандастарымен
бәсекеде жеңілмейтін, отаншылдық рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеуді қажет етеді.
Яғни, біздің елімізде өмірге келген әр жеке тұлға өз өмірінің, өзіндік білім мен тәрбиесінің субъектісі ретінде
қарастырылып, оқу-тәрбие үрдісінің дамытушылық, тұлғалық бағдарлы тұрғыдан ұйымдастырылуы, қай
тұрпаттағы (мектеп, гимназия, лицей т.с.с), қай деңгейдегі (орта мектеп, колледж, институт, университет)
болмасын, білім беру орындарының басты міндеті болуы қажет.
Олай болса, білікті де іскер, қоғамдық өмірдің барлық саласына бейім, кез-келген кәсіптік білімді
меңгеруге дайын, экономикалық тұрғыдан сауатты, әлеуметтік жауапкершілігі мол жеке тұлға
қалыптастыруға бағытталғын үздіксіз білім беру ісін сапалы жүзеге асыра алатын пәрменді білім беру
жүйесін құрып, оны үнемі жетілдіріп отыру – заман талабы.
Білім – экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші факторы, адамзат жинақтаған рухани
байлықта, мәдениетті сақтап, дамытып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің тиімді құралы.
Көп жағдайда, орта мектеп мұғалімдері мен жоғарғы мектеп оқытушылары білім алушылармен өздері
қызмет істейтін оқу орнының шеңберінде ғана қарым-қатынас жасап, оардың кейінгі немесе дейінгі
әрекет-тәжірибелеріне назар аудара бермейді. Орта мектептен жоғары мектепке өту барысындағы аса
маңызы кезең, сабақтастық тұрғысынан алғанда, өзекті педагогикалық проблема болып табылады. Және
бұл проблема дидактиканың заңдарымен және қағидаларымен тығыз байланыста қарастырылуы қажет.
Дидактика заңдары оқытудың болмысы мен құбылысы арасындағы ішкі қажетті байланыстардың
көрінісі және педагогикалық қызметтің теориялық негізі болып табылады. Бұл заңдар оқыту мен тәрбиелеу
үрдісіне әсер ететін факторлардың өте көп болуы салдарынан нақты да бірмәнді нәтиже бере алмайды, тек
ықтималды түрде болжамдық нәтижелерді ғана қамтамасыз ете алады. Ал, оқу-тәрбие жұмысын жүзеге
142
Nazarbayev
Intellectual
Schools
асыруға арналған нақты ұсынымдар дидактикалық қағидаларда көрініс табады.
Дидактикалық қағидалар оқу үрдісінің мазмұнын, ұйымдастыру құрылымын және әдістерін оның
мақсатына сәйкес түрде анықтап, тиісті заңдар мен заңдылықтарды қолданудың тәсілдерін сипаттайды.
Я.А.Коменскийдің «Ұлы дидактика» (1638) еңбегінде дидактикалық қағидалар оқыту әдістерінің негізі
ретінде ерекшеленеді [1]. А.Дистервег дидактикалық қағидалар мен ережелерді оқыту мазмұнына, білім
берушілер мен білім алушыларға қойылатын талап ретінде қарап, нақтылай түсуге ұмтылыс жасады
[2]. К.Д.Ушинский дидактикалық қағидалар жүйесін сапалы білім беруге қажетті шарттарды анықтау
барысында одан әрі толықтырды [3].
Қазіргі кезеңде аталған қағидалар жүйесін орта және жоғары мектептер үшін әрі қарай жетілдіруге
бағытталған педагогикалық зерттеулер өз жалғасын табуда. Қағидаларды жетілдіру үрдісі табиғи құбылыс
болып табылады, себебі ол қағидалар бір рет қабылданып, одан кейін өзгермей қалатын томағалық емес,
керісінше, олар қазіргі заманғы дидактика жетістіктерін өз бойына жинап, олардың әсерімен жаңарып
отырады.
Жүйелілік және бірізділік қағидалары алынған білім мен игерілген біліктің мазмұн-сипатының қазіргі
және өткендегі (бұның алдындағы) жағдайларының өзара байланысын (жаңа ескінің жалғасы болатындай)
анықтауға тікелей қатысты. Сабақтастық қағидасын осы тұрғыдан қабылдап, түсіну қажеттілігі өзекті
болып қала бермек және ол жүйелілік ұғымымен толықтырылуы керек, яғни санада заңдар мен ұғымдар
ғана емес, дүниенің біртұтас бейнесі да көрініс табуы қажет. Бұл қағидалардың маңыздылығын кезінде
педагогика классиктері де атап көрсеткен. Сонымен қатар сабақтастық проблемасы Г.Н.Александров,
Ю.К.Бабанский, С.М.Годник, Т.А.Ильина, Ю.А.Кустов, А.Мүбараков сияқты ғалымдардың зерттеулерінде
де әр қырынан қарастырылып, ғылыми тұрғыдан талданған, шешу жолдары ұсынылған.
Жүйелілік пен бірізділік қағидасы, ең алдымен, оқытуда сабақтастықтың сақталуын талап етеді, яғни,
оқыту үрдісі білім беру саласының барлық сатыла-рында мақсаттың, мазмұнның, әдістің, құралдардың
қисынды байланысы сақталған, білім алушы тұлғасының ілгерілей дамуын қамтамасыз ететін жүйе
ретінде құрылуы қажет.
Оқытудағы ең жауапты сәт – жалпы орта білім беруден жоғары білім беруге көшу кезеңі, яғни «Орта
мектеп – ЖОО» буыны. Бұл – оқушы үшін, оның оқу-тәрбие үрдісінің объектісі және субъектісі ретінде бір
жүйеден екінші жүйеге енуі жүзеге асатын, өтпелі кезең.
Педагогикалық әдебиеттерде сабақтастық ұғымына, оның дидактикалық қағидалар қатарындағы орны
және олармен өзара байланысына қатысты әртүрлі көзқарастар қарастырылады. Сабақтастық қағидасы
жүйелілік және бірізділік қағидасымен тығыз байланысты, бірақ мазмұны жағынан өзіндік ерекшелігі бар.
Сабақтастық қағидасының оқытудың басқа да қағидаларымен байланысының диалектикалық мәні мынада:
сабақтастық технологиясы оқытудың басқа қағидаларын жүзеге асырудың шарты және құрылғысы болса,
ал олар өз кезегінде, сабақтастықты жүзеге асыру факторларына айналады.
Орта мектеп пен жоғары мектеп арасындағы сабақтастық дегеніміз – оқу-тәрбие үрдісінің дамуы,
өзіне дейінгі болған үрдіспен байланыста және дамытудың мақсат-міндеттеріне сай, жүзеге асырылатын
әрекеттер тізбегі. Сабақтастық проблемасында екі түрлі ішкі қарама-қайшылық бар. Атап айтқанда,
табиғи қарама-қайшылық (оқушы студент болады) және жасанды қарама-қайшылық (мектеп пен
ЖОО-ның педагогикалық әрекеттерінің үйлесімсіздігі). Сабақтастықты қамтамасыз етуде бұл қарама-
қайшылықтардың әрқайсысы өз алдына ескерілуі тиіс [4].
Адам баласы белгілі бір қоғамдық ортада дүниеге келіп, даму барысында білім алады, тәрбиеленеді.
Яғни, адам дүниеге келген күні жеке тұлға ретінде қоғамға қосылса, ол сәби қоғамда өмір сүре отыра,
әртүрлі білім беру орындарында жүйелі түрде тәлім-тәрбие, білім алып, белгілі бір жылдардан кейін сол
қоғамға адами-тұлғалық жаңа сапада қайта келгендей болады.
Осы білім беру процесінің барлық сатыларында, кезеңдерінде жүзеге асырылатын білімдік, тәлім-
тәрбиелік қызмет мазмұнында тарихи-әдеби мұра, ұлттық салт-дәстүр, рухани құндылықтар үнемі орын
тауып отыруы керек. Екінші жағынан, осыған барабар ауқымда, үздіксіз білім берудің аталған сатыларында
дүниежүзілік өркениет жетістіктері, жаңа ақпараттық-әдістемелік технологиялар, ғылымның соңғы
Nazarbayev
Intellectual
Schools
143
жетістіктері де үнемі білім беру үрдісіне енгізіліп отыруы керек. Міне, осы екі қағиданы, олардың тепе-тең
сақталуын, бейнелеп айтқанда, тұлғалық дамудың тура бағытын қамтамасыз ететін «компас» деуге болады.
Жоғарыда айтылған екі қағиданың тепе-теңдігін қамтамасыз ету білім беру жүйесінің әрбір деңгейлік
сатысының, ондағы жеке тұлғаның даму процесінің жоспарлылығын, мақсаттылығын, ілгерілемелілігін
қамтамасыз ететін оқу-тәрбие үрдісі мен оның қүрылымының шарты мен мақсаттарына байланысты
өзіндік ерекшеліктерді ескеруді қажет етеді. Оларға мыналар жатады: білім алушының жеке тұлғасының
субъективті дамытуын қамтамасыз етуге бағыталған оқу-тәрбие үрдісінің міндеттері; бұл міндеттердің
орындалуын жүзеге асырушы оқытушының педагогикалық, әдістемелік қызметінің мазмұны; жеке
тұлғаның қазіргі болмысы мен дамуындағы мүмкіндігінің арасындағы қайшылық; тұлғаның өз дамуында
жаңа сатыға өтуге деген саналы ұмтылысы және осы өтпелі кезеңге тән қарама-қайшылықтар сипаты; бұл
қиындықтарды жеңуге септігі тиетін негізгі шарттарды анықтау.
Аталған ерекшеліктерге талдау жасап, білім беру ісінде басшылыққа алу – оқытушы қызметіндегі
сабақтастықты жүзеге асырудың қажетті шарты болып табылады, сонымен қатар ол тұлға дамуының бір
сатысынан екінші сатысына көшудегі сабақтастық процесіне педагогикалық басшылық жасауға мүмкіндік
береді. Орта мектеп пен ЖОО білім берудегі сабақтастыққа педагогикалық басшылықтың мәні – жоғарғы
оқу орнындағы білім беру ісін басқарып, ұйымдастырушының оған дейінгі орта мектеп сатысындағы білім
мазмұнының, оқу-тәрбие үрдісінің, оқушыға қойылатын талаптың сипаты мен ерекшеліктерін талдап, білуі
және олардың ЖОО-ғы талаптарға диалектикалық, қисынды түрде жалғасып кетуін қамтамасыз етуі [5].
Сабақтастық ұғымы көп қырлы ұғым. Ол оқытудың түрі мен әдісіне, оқу-тәрбие үрдісінің
ұйымдастырылуына мен құрылымына, оқушының білімді дәрежесін бақылау жүйесіне т.с.с қатысты
қарастырылуы мүмкін.
Сабақтастықтың біртұтас педагогикалық жүйесінің негізгі элементтерінің бірі – оқытудың мазмұнына
қатысты сабақтастық. Білім мазмұнындағы сабақтастық, жалпы оқытуды тұтастай алғандағы сабақтастық
сияқты, оқушылардағы қалыптасып үлгерген білім, білік, дағдыға сүйене отырып, әлеуметтік-
педагогикалық тұрғыдан болжамдалған оқу материалын игерту арқылы оны әрі қарай дамытуды көздейді.
Оқытудың түрі мен әдісіндегі сабақтастықтың негізгі көрінісі, оның нақты жүзеге асуының алғышарты
– олардың (оқытудың түрі мен әдісінің) тиімді таңдалып алынуы және өтпелі кезеңнің, оған қатысты
оқушылардың психологиялық ерекшелігін ескере отырып үнемі жетілдіріліп отыруы. Яғни, мазмұнға
сәйкес түр сабақтастықтың дамуға әсерін күшейтеді, керісінше түрдің мазмұнға сәйкессіздігі ол процесті
тежейді [6].
Яғни, оқытудың сабақтастығына қатысты факторлардың барлығы да бір-бірімен тығыз байланыста
және бірін-бірі толықтырып отырады. Қорыта айтқанда, жоғары және орта мектеп арасындағы сабақтастық
әлі де жан-жақты зерттеуді қажет ететін, қазіргі таңдағы өзекті педагогикалық проблемалардың бірі болып
табылады.
Әдебиет:
1. Коменский Я.А., Локк Дж., Руссо Ж.-Ж., Песталоцци И.Г. Педагогическое наследие. М.:
Педагогика, 1989.
2. Давыдов В.В. Труды Дистервега и современная педагогика // Педагогика. – 1992. – № 1- 2.
3. Гончаров Н.Н. Педагогическая система К.Д. Ушинского. - М., 1974.
4. Годник С.М. Процесс преемственности высшей и средней школы. - Воронеж: Изд-во Воронежского
университета, 1981.
5. Мубараков А.М. Преемственность в обучении учащихся средней и высшей школы //Высшая школа
Казахстана - 1999, №4, с.88-90.
6. Батаршев А.В. Преемственность обучения в общеобразовательной и профессиональной школе
(Теоретико-методологический аспект). /Под ред. А.П.Беляевой. - СПб.: Ин-т профтехобразования РАО,
1996. - 80с.
144
Nazarbayev
Intellectual
Schools
Жанасылов Т.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің
(Қазақстан республикасы)
БОЛАШАҚ ҚОЛӨНЕР МАМАНДАРЫНЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ДАМЫТУ
Қазіргі таңда қоғамның жаңа нарықтық жағдайына байланысты халықымыздың салт-дәстүрлерін, ұлттық
қолөнерінің көркемділігі және салт-дәстүр мен өнер – адамның рухани, мәдени тұрмысынан бөлінбейтін
құндылық. Олар қоғамдық өмірде, салт-дәстүрде, оқу-білім мен ғылымда, отбасы дәстүрінде де кездесіп
жатады. Қай халықтың болмасын ұлттық өзіндік әуені, салт-дәстүрі, қолөнері сол ұлттың мәртебесін биікке
көтереді. Салт-дәстүрі мен өнері арқылы ғана әрбір ұлт өзін көрсетеді. Ұлттық өнеріміз бен тарихымыз
ұрпақты тәрбиелеуде, ұлттық сана-сезімін қалыптастыруда өте қажет. Қазақстанда жас ұрпаққа өнерді
оқыту және оны зерттеу мәселесі зерттеушілеріміздің еңбектерінде жан-жақты қарастырылуда.
Қолөнер негіздері арқылы еңбекке тәрбиелеу мәселелері ертедегі ХІХ ғасырдың ойшылдары Ш.Фурье,
Роберт Оуэн және Сен-Симон еңбектерінде балалардың жан-жақты қабілетін дамыту, яғни оларды білім
беру, өмірге, еңбекке даярлау, жалпы тәрбиеге байланысты тұжырымдамалар берген.
Еңбек тәрбиесінің негіздері туралы И. Ф. Гербарт, Жан-Жак Руссо, Н.Г. Чернышевский, Н.А.
Добролюбов, К.Д. Ушинский А.С.Макаренко, және т.б педагогтардың өз еңбектерінде құнды деректер
қалдырды [1].
Елімізде жалпы білім беретін, орта-кәсіптік, жоғары оқу орындарында арнайы маман дайындау
барысында еңбекке тәрбиелеу жүйесін теориялық және практикалық тұрғыдан әртүрлі жолдарда оқыту
қарастырылып жүр.
Жасөспірімдерге эстетикалық тәрбие берумен қатар, патриоттық сезімін ояту мен ұлттық дәстүрге
жетелеу мәселесі аясында қазақтың дәстүрлі қолөнерін дәріптеуді мектеп оқушыларына технология пәні
арқылы оқыту мен болашақ қолөнер мамандарын дайындайтын арнайы орындарда арнайы пәндерді оқыту
арқылы үйрету мәселесі қазіргі таңда үлкен қажеттілікті талап етіп отыр. Осыған орай арнайы мектептерде
ғана емес, жай орта мектептептерде де өзінің мүмкіншілігіне қарай қарастыру мәселесі оқушы жастардың
болашақ мамандығын таңдауға әсерін тигізбей қоймайды.
Қазақтың ұлттық қолөнері арқылы оқу орындары, оқу-тәрбие процесінің мазмұнына үйірмелер
ұйымдастыру арқылы оқушы-жастарға тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық негіздеріне сүйенген жаңа
бағдарламаларды енгізсе, оқушы-жастардың ұлттық мәдениетке деген сана-сезімі көтеріліп, эстетикалық
талғамы, елжандылық қасиеттері артып, ертеңгі өмірге қажетті біліктілік пен іскерлікке бейім қабілеттері
қалыптасады да, өнерге бейім оқушы-жастардың ұлттық қолөнер тарихы мен түрлеріне көңіл бөліп,
үйренудің әдіс-тәсілін игеруге, еңбек тәрбиесінің сапалық нәтижесін жетілдіруге және кәсіпшілікпен
айналысуына, тіпті кәсіби маман болуына мүмкіндік туады. Осындай мәселелерге байланысты қазақтың
ұлттық музыкалық домбыра аспабын үйрету мен жасату арқылы үйірмелер ұйымдастару арқылы қолөнерді
жетілдіру мен дамыту жолдарын зерттеген педагогтар Ж.Ә.Тұрдығұлов пен Б.Ә.Атантаеваның еңбегін
құптаймыз. Олар:
-
қазақтың ұлттық музыкалық домбыра аспабын үйрету мен жасату арқылы тәрбие беру жүйесінің
ғылыми - теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу және түсіндіру;
-
қазақтың ұлттық музыкалық домбыра аспабын үйрету мен жасату арқылы оқушы-жастарға тәрбие
берудің жаңа талаптары мен мүмкіндіктерін анықтауға арналған бағдарлама құру;
-
қазақтың ұлттық музыкалық домбыра аспабын үйрету мен жасатуда белгілі топтар мен жүргізілетін
орындар дайындау;
Nazarbayev
Intellectual
Schools
145
-
қазақтың ұлттық музыкалық домбыра аспабын үйрету мен жасату арқылы тәрбие беру жүйесінің
тиімділігін педагогикалық эксперименттен өткізу және дәлелдеу, қорытындысын шығару, ғылыми
әдістемелік ұсыныстар беру;
-
қазақтың ұлттық музыкалық домбыра аспабын үйрету мен жасату арқылы оқушы-жастардың
уақытын ұтымды ұйымдастыру барысында олардың білімдік сапасы мен іскерлігін арттыру және
патриоттық сана-сезімге тәрбиелеу;
-
рухани және материалдық мәдениетті бағалау мен сақтау, ұлттық мұраға көзқарасы; қазақ қолөнері
мен көркем мәдениетін оқып-меңгеру, өзара қарым-қатынасы арқылы шығармашылығы мен тәжірибесін
дамыту;
-
философиялық танымын, мәдениетін, педагогикалық және психологиялық ойын ұлғайту;
-
басқа да өнер салаларымен айналысатын жоғары оқу орындарының оқу қорынан тәжірибе алмасу;
-
белгілі өнер қайраткерлерімен арнайы сауал-сұрақ, сұхбат, әңгіме, шығармашылық кештер және
көркем шығармалар, көрме ұйымдастыру, байқау жүргізу, құрылған бағдарлама, оқулықтармен танысу,
тәжірибелік эксперименттер, жаңа технологияны қолданудың әдіс-тәсілдерімен танысу, шеберханалар мен
студияларға бару, мұражайларға экскурсиялар жасау. [2].
Жоғарыда айтылған ұсыныстарға сүйене отырып, осы мәселелер бойынша зерттелген мәліметтерге
жүгінсек, үйірмелер арқылы қолөнерге қызығушылық пен оны дамытуға мүмкіншіліктің мол екеніне көз
жеткіземіз.
Жалпы қолөнер көпшілік үшін тек ұлттық дәстүр болса, ал өнер адамдары үшін оның алатын орны
ерекше. Осыған орай өзінің қолданбалы өнер туралы кітабында. «Көркем кәсіпшіліктегі ең қымбаттысы
ол – адамдар, шеберлер мен суретшілер, әсем дәстүрді ұстанатындар, керемет жаңалық табушылар» -деп
жазды Салтыков А.Б. [3].
Сонымен қатар ол, – «халықтық өнер» және «халықтық шебер» сөздерінің түсініктемесі, шығармашылық
қызметі мен халықтық өнер мазмұнының ортақ сипаты, оның көркем табиғатын, барлық өзіне тән мәдени
бағыт беріп және ғылыми үйренуіне ыңғайландырып, тәжірибесіне көмектесіп жемісті жетекшілік жасау,
– деген ұғымды ұстанды.
Соңғы жылдары республикамызда көркемөнер мектептері көптен ашылды. Арнайы мектептерде де
оқушының қабілеттеріне, бойындағы дарынына, ынтасына, қызығушылығына лайықтанып жасалған
арнайы бағдарламалар бар. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда, бұл мектептерде пәндер көбірек,
олардың балалар бойындағы қабілеттерін ашуға, дамытуға мүмкіндіктері мол. Дегенмен қосымша оқыту
түрі олардың кәсіби шеберлігін арттыратыны сөзсіз. Бұл мәселелер бойынша сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастыруда А.Әбілованың зерттеулерінің мәні бар деп айтуға болады. [4].
Мәдени қазыналарды жасау істері – қазіргі кезде мамандардың белсенділігін, олардың өнер тапқыш
қасиеттерін арттырумен өндіріс процесін жақсарту, жетілдіру, мақсатында қолданылатын шаралар
жиынтығымен тығыз байланысты, қазіргі кезде көптеген қиындықтарға қарамастан мәдени процестері,
педагогикалық бағыттары өз дамуының айрықша кең жолына шықты. Мұның өзі рухани өмірдің барлық
құрылымдық бөлшектері мен бір сарындылықты жеңуге мүмкіндік береді. Осыған орай кәсіптік білім
жүйесіндегі арнаулы мамандандыру пәндері мен үйірмелерде халқымыздың дәстүрлі қолөнерін ағаш
материалдары арқылы бұйымдар (оның домбыра музыкалық аспабын) жасатып, оны оқу барысында
мүмкіндігінше жоғарғы дәрежеде ендіру болып отыр.
Жалпы өнерді біз өнердің адам арасындағы қатынас құралдарының бірі екендігін көреміз деген
Л.Толстойдың ұғымына сүйене отырып, қолөнерді адам өмірі шарттарының бірі деп қарастыруымыз
керек. [5].168 б.
Бүкіл халықтық өнер тек халық арасынан шыққан бір адамның қатты сезініп, оны халыққа жеткізу
қажеттілігі туған жағдайда ғана пайда болады.
Осыған байланысты болашақ өнер мамандарын дайындауда мектептер мен жоғары оқу орындарында
білі беру кезінде терең және жан-жақты жетістікке жету үшін оқу барысын ұйымдастыруда әдістемелік
ұсыныстарға сай қолөнер жанрында кездесетін ағаш материалын өңдеу заңдылықтарын уйретудің
146
Nazarbayev
Intellectual
Schools
сауаттылығына ерекше көңіл бөлу керек. Оған оқытудың теориялық мазмұны, қолөнер жетілдіруде
күнделікті көптеген практикалық жаттығулар жүйесі және осыларға қатысты нақты дидактикалық
принциптер – материалдар мен көрнекі құралдар аса қажет.
Ал Н.М. Борисенконың «шығармашылық – педагогикалық кәсіпті игерудің, педагогикалық шеберлікке
жетудің шарты мен салдары» деп қарастырған анықтамасының мәні зор. [6].
Ал кәсіпшілік «Шығармашылық» түсінігінің мазмұнын ашпай, оның шығатын тамырын қарастырмай
жүзеге аспайды. Дж.Стернберг пен Е.Григоренко өз зерттеулерінде шығармашылықтың алты шығу көзі
бар екенін қарастырған:
1) Зияткерлік қабілеттер (жинақтың – мәселені жаңа жағынан көре білу қабілеті, сараптамалық – бағалай
білу, қандай идеяны қорғауға тұратынын, қайсысы – керек еместігін айыра білу қабілеті; практикалық –
үгіттеу – идеяның бағалығына басқаларды иландыра білу қабілеті) зерттеу аясына байланысты білімінің
жеткілікті болуы.
2) Мотивация. «Адамдар өз кәсібіне байланысты шығармашылық жұмысты сол іске берілген, сүйген
жағдайда шын мәнінде жүзеге асырады».
3) Адамдар өз зияткерлік қабілеттерін қалай қолдана алатынын ашып көрсететін ойлау стильдері.
4) Авторлар шығармашылық үшін жаңаша ойлауға ықпал ететін, ойлау қозғалысының өзіне тән
принциптері мен заңдарын тудыратын стильдің өте маңызды екенін көрсетеді.
5) Жеке адамға тән өзіндік қасиеттер (кедергілерді жоюға дайын болуы, тәуекелге саналы түрде қадам
басуға дайын болуы).
6) Шығармашылық мақсатқа жетуін қолдайтын қоршаған ортаның болуы. [7],189-210 беттер.
Сонымен қатар жоғарыдағы авторлар зерттеулерімен келісе отырып, «шығармашылық» дегеніміз адам
іс-әрекетінің түрі, оның белсенділігі, дәлірек айтсақ, оның ең маңызды мінездемесі және педагогикалық
кәсіпті игерудің, педагогикалық шеберлікке жетудің шарты мен салдары деп бекіткен анықтамаға
қосыламыз. [2].
Сонымен шығармашылық белсенділіктің қалыптасу мен дамуды көрсететін жеке тұлғаның кәсіптік
қабілеті болса, онда кәсіп дегеніміз не екеніне тоқталайық.
Жалпы кәсіпшілік сөзінің мағынасына тереңірек үңілсек, кәсіп адамның талаптарына қаншалықты сай
болса, әлеуметтік тәжірибеге соншалықты салмақты үлес қосатынымен белгіленеді, соған байланысты
кәсіби біліктілікте еңбектің жоғарғы өнімділігі, еңбектің саны мен сапасы, еңбек өнімінің орнықтылығы,
кәсіпте немесе белгілі бір әлеуметтік мәртебеге жету, әр түрлі кәсіби міндеттерді шеше білу т.б. Осы
тұрғыда Ә.Молдабекованың зерттеуін құптаймыз. Олар:
- кәсіптің алдына қойған мақсатына мән беру, кәсіптің шеберліктің үрдісіне ой жіберу, кәсіптік
шығармалардың басқа адамдардың игілігіне жаралуын көздеу, қазіргі ізгілікті бағдарламаларды бойлауға
ұмтылу, өз өмірін кәсібіне арнау, өз кәсібін дамытуды қалау;
- өз еңбегінде жоғарғы жетістіктерге жету жолдары;
- өзін кәсіпқой суретші ретінде дамытуға ұмтылу, кәсіби-шығармашылық өсуде дұрыс жолға қою,
кәсіби- шығармашылықпен өсу үшін кез келген мүмкіндікті пайдалану, кәсібилік нысанасын көздеудің
дәлдігін көздеу;
- кәсіпқойланудың барлық кезеңінен, кәсіпке бейімделуден бастап шеберлікке, шығармашылыққа, одан
соң кәсіп жолын қиналмай аяқтауға дейінгі кезеңдерден үйлесімді түрде өту;
- үйлесімділік аясында кәсіби қалыптың айнуы(деформация), күйреудің болмауы;
- кәсіби іс-әрекетте жеткен жоғарғы нәтижелердің оңтайлы психологиялық бағасы, басқаша айтқанда,
қарама-қайшылықтың болмауы, деп қарастыра отырып, іс-әрекеттің үйлесімділігі аясында кәсіпқойлықтың
жоғары денгейіне жетудің шешуші кезеңі-кәсіптік рухани білім мен әдістемелік құралдар «технология» –
деп қарастырды.
- өзін кәсіп талаптарына сай дайындау: кәсіби іс-әрекетті жоғары үлгілер мен стандарттар деңгейінде
нақты орындау, шеберлікті меңгеру, еңбектің жоғары өнімділігі, жоғары нәтижелердің сенімділігі мен
тұрақтылығы [8].
|