Nazarbayev Intellectual Schools Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «назарбаев зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет24/72
Дата22.12.2016
өлшемі9,34 Mb.
#31
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   72

Nazarbayev

Intellectual

Schools

147


Әлеуметтік  белсенділікке  және  кәсіптің  қоғамдағы  бәсекелестілікке  қабілеттілік  тиімділік  жағынан 

аз болып, оның себебін адам өз бойынан, кәсібінің аясынан іздеген уақытта өз еңбегінің нәтижелеріне 

қоғамды қызықтыруымен, бақылаудың ішкі кәсіби байлығының маңызды қажеттілікке назар аударады. Ал 

кәсіпқой деп кімдерді айтуға болады?

Кәсіпқойлық  –  жеке  адамның  кәсіби-шығармашылығындағы  пайдаланылатын  ерекше  әдіс-тәсілдер 

мен өзіндік қолтаңбасы бар, кәсіп нормалары мен эталондарын меңгерген, шеберліктің шыңына жеткен, өз 

еңбегімен дараландыруға ұмтылатын, өзінің даралығын кәсіби сапалы түрде жетілдіретін, сапалы кәсіби 

тұлғалық  қасиеті  бар,  білім  мен  іскерліктің  жоғары  деңгейіне  көтерілетін,  болашақта  кәсіби  тұрғыдан 

дамудың шегі мен болашағын саналы түрде болжай алатын, мақсатын жүзеге асыра алатын, әруақытта 

жаңалық іздеу үстінде оқып үйренуден жалықпайтын, үнемі тәжірибесін жетілдіріп отыратын, сонымен 

қатар өзінің жеке кәсіби-шығармашылығын дамытуда жүретін адамдарды айтуға болады. 

Қоғамда  әлеуметтік  жағынан  белсенді  қоғам  талқылануында  кәсіп  мұқтаждықтары  мен  табыстары 

туралы  мәселелер  кәсіпшілік  мәселелерді  шешудің  жолдары  –  білім  беру  мен  кәсіптік  іспен  айналысу 

қызметінде  бәсекелестікке  түсіп  отыратындықтан,  әсіресе  өнер  саласында  кәсіби  суретшілер  мен 

қолөнер шеберлерін дайындауда кәсіби-шығармашылық белсенділік таныту қажеттілік тудырып, осыған 

байланысты ұлттық қолөнерді дамыту мәселесі көтеріліп отыр.

Кәсіпқойлықтың  негізі  жалпы  және  кәсіби  білім  беру  үдерісінде  қалыптасады.  Бұл  –  тәжірибе  мен 

еліктеу нәтижесінде келетін шеберліктен өзгеше. Мұны бұдан әрі сақтап, дамытудың негізгі шарты – үнемі 

үздіксіз кәсіби өзіндік білімін жетілдіру мен өзін-өзі дамыту.

 

Жоғарыда көрсетілген зерттеулерге сүйене отырып, болашақ өнер адамдары – қолөнер шеберлерінің 



кәсіпшілікке  жетелеу  жолында  үнемі  шығармашылық  ізденіс  үстінде  жүретін,  өзінің  кәсіби  іс-әрекеті 

арқылы жастарды еңбек пен мәдениетке қызығушылығын оята алатын, қоғамның дамуына үлес қосатын, 

жалпы өзінің өмірдегі орынын таңдай алатын, қолөнер шеберін дайындау барысында біз алдымызға үлкен 

мақсат қойып отырмыз. 

Соңғы  кездерде  пайда  болған  қолөнердегі  екінші  шарт  –  ол  көркемдік  сын,  яғни  өнердің  барлық 

қарапайым  адаммен  емес,  ал  ғалымдармен,  яғни  қалыптан  тыс,  сонымен  қатар  өздеріне  өзі  сенімді 

адамдармен бағалануы.

Әдебиет:


1.  Рубинштейн  С.Л.  Принципы  творческой  самодеятельности  //Вопросы  психологии.-1986.-

№4-с.101-109.

2. Тұрдығұлов Ж. А., Атантаева Б.А. Болашақ өнер мамандарына қазақтың ұлттық музыкалық домбыра 

аспабын  үйрету  мен  жасату  үйірмелерін  құру  арқылы  ұлттық  тәрбие  беруді  дамыту//Абай  ат.  ҚазҰПУ, 

2010. – 50 б

3. Салтыков А.Б. Проблема образа в прикладном искусстве. – В кн. : Избранные труды, с. 27.

4 . Әбілова А. «Оқушыларға кластан тыс жұмыстарда өнер арқылы эстетикалық тәрбие беру» Пед. ғыл. 

канд. диссертациясы. Алматы, 1970..280 б, 8-12 бб. 280 б.

5. Л.Н. Толстой , «Что такое искусство?» М:, «Современник», 1985.-592 с. 

6.Борисенко Н.М. Психолого-педагогические основы развития творческой индивидуальности будущего 

специалиста-педагога: дис.канд.пед.наук: 13.00.08.-Ставрополь,1988.-198 с.

7.  189-210  б.б.  Стернберг  Д.,  Григоренко  Е.Л.  Учись  думать  творчески!  //Основные  современные 

концепции творчества / Под.ред. Д.В.Богоявлевленского.-М.:Молодая гвардия,1997.- с.186-213.

8.  Молдабекова  Ә.  Гуманитарлық  пәндерді  оқыту  барысында  болашақ  өнер  мамандарының  кәсіп 

кәсіптік біліктілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары. Алматы, 2007 ж.


148

Nazarbayev

Intellectual

Schools

Жапарова А.Ж.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

(Қазақстан Республикасы)

БҮЛДІРШІНДЕРГЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУ ТӘСІЛДЕРІ

Ағылшын  тіліне  деген  сұраныс  жыл  сайын  артуда.  Адамдардың  көбі  дерлік  шет  елге  саяхаттап 

шығуда, ағылшын тілді әріптестер мен қызметтестермен еркін сұхбаттасуда, қаламызда шет ел азаматын 

кездестіру – бұл да сирек құбылыс емес. Алайда, мұғалімдеріміздің көпжылдық тәжірибесіне сүйенсек, 

мектептердегі ағылшын тілінің жетік түрде берілуіне қарамастан, шет тілін мектеп қабырғасында игеріп 

шығатын  жасөспірімдердің  саны  санаулы-ақ.  Бітірушілердің  дені  тілді  айтарлықтай  жоғарғы  деңгейде 

біледі, мәтіндерді аудару мен берілген тақырып бойынша пікір алмасуда олар еш қиындықтарға кезікпейді, 

бірақ шет ел азаматтарымен сөйлеу кезінде оқушылар ұялып, қымсылатыны анық. Бұның себебі, Қазақстан 

мектептерінде оқытылатын ағылшын тілі пән ретінде қарастырылса да, оқушылар оны сөйлеу құралы деп 

есептемейді. 

Балаларға  ағылшын  тілін  оқыту  -  тілдік  қабілетті  күшейтетін  жаттығулар  мен  тапсырмалардан 

тұрады,  атап  айтқанда,  лексика  мен  грамматиканы  игеру,  оқу,  жазу,  тыңдау  (аудирование),  ағылшын 

тіліндегі ауызекі сөйлеу мәнері, сөзді нақышына келтіріп айту. Орта мектеп оқушыларына ең бастысы – 

мотивация мен пәнге деген қызығушылық, сондықтан оқу әдістемесінің мейлінше әрқилы, әрі балаларды 

қызықтыратын тақырыптарды қамтығаны абзал. Балаларды оқыту барысында түрлі лингвистикалық және 

ролдік  ойындар,  өлең,  тақпақтар,  оқушының  шығармашылық  және  білім  өрісін  кеңейтетін,  екі-екіден 

немесе топтық жаттығулар мен тапсырмалар қолданған дұрыс. 

Балаларға  ағылшын  тілін  оқыту  -  оңай  шаруа  емес  екендігі  айтпаса  да  түсінікті.  Олар  тез  шаршап, 

сабақтан  өзге  нәрсеге  айналып  отырады,  жұмыстың  академиялық  стилін,  әсіресе,  бастауыш  сынып 

оқушылары  арасында  қолдануға  әсте  болмас.  Бала  назарын  кітаптың  көлемді  мәтіндерімен  ұстап  тұру 

мүлдем мүмкін емес, оның орнына сабақты ойын түрінде өткізген әлдеқайда жақсырақ, мұндай сабақ кезінде 

бүлдіршіндер өлең айтып, ертегі тыңдап, бой сергітіп, жүгіре де алады. Ойын оқушылардың белсенді қиял 

өрісін күшейтеді, қиял мен елестету арқылы бүлдіршіннің есте сақтау қабілеті де жоғарылай түседі, сол 

арқылы шет тіліндегі сөздер мен тіркестер оңай жатталады. Бұл өз кезегінде олардың ойлау қабілетінің 

логикалық жағына да әсерін тигізбей қоймайды. Түрлі-түсті, жарқын заттар, сурет пен иллюстрацияларды 

қолданған тіптен жақсы. 

Бүлдіршіндерді ағылшын тіліне оқыту кезегінде есте сақтайтын бір жайт – бұл балалардың айналадағы 

болып жатқан құбылыстарды астарлап емес, керісінше, тура және дәл қабылдауларында. Егерде бір ұғым не 

болмаса сөзді түсіндірген кезде, балаларға міндетті түрде түсіндіріліп жатқан зат жайлы мысал келтірген жөн, 

абзалы сол сөзді сурет түрінде көрсетпек. Мектепке дейінгі бүлдіршіндер өз ойларын тек қарапайым және 

қысқа сөйлемдермен білдіреді. Сондықтан да, сіздің ертегі немесе әңгімеңіз ұзын, құрмалас сөйлемдерден 

құралмағаны  тиіс.  Балалармен  жұмыс  кезінде  күлкілі  өлеңдер  мен  тақпақтардың,  санамақтар  мен 

жұмбақтардың орны зор. Өлеңдер мен шумақ жолдары мағынасы тарапынан емес, дыбысталуы мен ырқақ 

жағынан күлкілі болғаны жақсы. Олардың иллюстрациялы суреттер мен бейнелермен көркемделгені тіпті 

керемет! Бастауыш мектеп оқушыларын грамматика немесе оқу ережелерін жаттауға мәжбүрлеген - үлкен 

қателік. Бұдан өрбітин мәселе – баланың біржолата ағылшын тілін ұнатпай, одан мүмкіндігінше бас тартуы. 

Дегенмен де мектепке дейінгі бүлдіршіндерге не үйрету керек? Балалардың сөз жаттау қабілеті - ерекше. 

Қысқа  мәтіндерді  оқуда  да  олар  алдына  жан  салмас.  Жадыларыңызда  болсын,  бүлдіршіндер  ағылшын 

сөздерін белгілі ережелер бойынша емес, есте сақталғаны бойынша оқиды. Грамматиканы, әсіресе, етістік 

жайлы  түсіндіріп  әуре  болмай-ақ  қойыңыз,  тек  предлогтар  мен  артикльдармен  шектелгеңіңіз  орынды 



Nazarbayev

Intellectual

Schools

149


болар. Мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушылары шет тілінде сұхбаттар мен диалогтар құрағнды 

ұнатады. Қысқа әңгімелер мен ертегілер, әсіресе суреттермен безендірілген мәтіндер – бүлдіршіндердің 

назары мен көңілін бірден өздеріне аударып алады. Балаларға ағылшын тілін оқыту кезінде шет тіліндегі 

әндер мен өлеңдер, тақпақтар мен санамақтар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, суреттер мен ойындар – 

бұлардың барлығы баланың әке-шешесі, оның тәрбиешісі мен оқытушыларының негізгі құралдары болмақ. 

Тек осыларды қатыстыра отырып, сіз жас баланы жалықтырмай, оның назарын көпке ұстай аласыз. 

Кеңес  заманының  психологтары  Л.С.  Выготский  пен  Д.Б.Эльконин  ойларынша,  ойын  –  мектепке 

дейінгі сәбидің басты іс-әрекеті, дәл сол жас аралығындағы балаларға тән мінез-құлық. Бала ойыны жайлы 

қаншама мақала мен ғылыми жұмыстары жарық көрсе де, бала ойыны теориясының қиын және әрқилы 

болғандығы  соншалық,  әлі  күнге  дейін  барлық  ойындарға  тән  ортақ  классификация  жоқ.  Доцент  И.Л. 

Шолпо үйретуші ойындар классификациясын ұсынады, аталмыш ойындарды мектепке дейінгі балаларды 

шет тіліне оқыту барсыныда қолдануға әбден болады. Автор үйретуші ойындарды ситуативті, жарыспа, 

музыка-ырғақтық  және  көркем  ойындар  деп  топтастырады.  Ситуативті  ойындарға,  әдетте,  белгілі  бір 

жағдайға,  іс-әрекетке  қатысты  ролдік  ойындар  жатады.  Олар,  өз  кезегінде  репродуктивті  ойындарға 

бөлінеді, бұл ойындар кезінде балалар типтік, қарапайым диалогтар құрастырады. Сөзсіз, репродуктивті 

ойын кезінде баланың өз тарапынан сөз қосуы да ғажап емес. 

Жарыспа  ойындар  -  деп  белгілі  бір  кезеңді  суреттейтін,  лексика  мен  сауаттықты  жақсы  меңгеруге 

бағытталған  ролдік  ойындарды  қарастырамыз.  Тілдік  материалмен  етене  жақын  бала  ғана  жеңімпаз 

атанады. Бұлардың қатарына түрлі кроссвордттар, ‘’аукционы’’, лингвистикалық тапсырмалар берілген 

тақта-баспа ойындары, бұйрықтарды орындау және т.б. 

Ритмомузыкалық ойындар – бұл хоровод, ән мен би түрлерінің дәстүрлі ойындары, өз кезегінде бұл 

жұмыс түрі баланың үйренуші тілдің фонетикалық және ритмомелодиялық жақтарынан барынша дамытуға 

әсерін тигізеді, мысалы: ‘’Nuts and May’’. 

Көркем немесе шығармашылық ойындар – бұл бүлдіршіннің ойын арқылы көркем щығармашылыққа 

деген  сүйіспеншілігін  артатын  ойындар.  Аталмыш  ойындарды  мынадай  топтарға  бөлуге  болады: 

драматизация  (ағылшын  тіліндегі  кішігірім  қойылымдар  мен  көріністер);  бейнелеуші  ойындар,  атап 

айтқанда, графикалық диктант, аппликация және тағы басқалары; және ауызекі-шығармашылық ойындар 

(ырғақтарды  таңдау,  әзіл-сықақтар  жайлы  топтық  шығармалар  жазу,  қысқа  ертегілерді  топпен  бірлесіп 

ойдан шығару).

Ситуативті-суырып-салма ойындар мен көркем драманың дәл ортасында тағы бір шығармашылық түрі 

жатыр, бұл – атақты бір ертегінің өзіндік нұсқасын немесе аталмыш туындының жалғасын ойлап шығару. 

Мәселен, белгілі ‘’Репка’’ не болмаса ‘’Теремок’’ертегілерінің жалғасын ойлап табу арқылы, оқушылар 

жаңа  кейіпкерлердің  сөздері  мен  репликалармен,  сонымен  бірге  жаңа  лексикамен  танысады,  әрі  соны 

жаттайды. 

Жеңіл, қысқа өлеңдер – шет тілін оқытуда аса пайдалы, бұл жерде сізге ноталар мен әуені мен сөздері 

бар дыбыстық файлдар көмекке келеді. Өлеңдер шет тіліндегі үлкен сөздік қорды талап етпейді, ағылшын 

тіліндегі  бірқатар  сөздерді  біліп-ақ,  өзге  тілде  ән  салуға  болады.  Өлең  айту  барысында,  бүлдіршіндер 

шаршамай,  қайта  олардың  жадыларында  өлең,  әуен  арқылы  барынша  көп  сөздер  есте  қалады.  Сөзіміз 

дәлелді, әрі дәйекті болуы үшін, мысал ретінде ағылшын тіліндегі 1-2 өлең ұсынайық. Өлеңдер кішкене 

бүлдіршіндерге арналған, сөздерді қысқа, әрі жаттауға оңай. 

1.  Sweet and Low (performed by Christa Pfeiffer) 

 Sweet and low, sweet and low

 Wind of the western sea

 Low, low, breathe and blow,

 Wind of the western sea

 Over the rolling waters go

 Come from the dying moon, and blow,

 Blow him again to me,



150

Nazarbayev

Intellectual

Schools

 While my little one, while

 My pretty one sleeps.

2.   Sleep and rest, sleep and rest

 Father will come to thee soon

 Rest, rest, on mother’s breast,

 Father will come to thee soon

 Father will come to his babe in the nest,

 Silver sails all out of the west,

 Under the silver moon,

 Sleep my little one, sleep,

 My pretty one, sleep.

3.  I’m A Little Teapot (text, lyrics):

 I’m a little teapot, 

 Short and stout,

 Here is my handle ,

 Here is my spout,

 When I get all steamed up,

 Hear me shout,

 Tip me over and pour me out! 

 I’m a clever teapot,

 Yes, it’s true,

 Here’s an example of what I can do,

 I can change my handle into a spout,

 Tip me over and pour me out! 

Жаңылтпаштар – дыбысталу мен артикуляцияны жетілдіруге арналған тамаша жұмыс түрі. Ең бастысы 

– балалар үшін бұл қызықты, әсіресе, жаңылтпаштарды айту барысында бүлдіршіндердің көңілі ерекше 

көтеріліп, жүздері жадырап қалады. Әрине, кішкене балаға күніне 5 жаңылтпаштан жаттауға әсте болмас,ең 

тиімдісі – айына 1-2 жаңылтпаштан жаттағаны. Жаңылтпаштармен үйрету және жаттату кезінде, олардың 

фонетикалық тарихымен де таныстыра кеткен жөн. Ең бастысы – дыбысталуы жағынан бір-біріне жақын 

жаңылтпаштарды таңдаған дұрыс.

 1. A big black bug bit a big black bear, made the big black bear bleed blood.

2. Swan swam over the sea. Swim, swan, swim! Swan swam back again. Well swum, swan!

3. Twelve twins twirled twelve twigs.

Мысалдардан көрініп тұрғандай, жаңылтпаштар бүлдіршіндердің шет тіліндегі сөздердің дұрыс, әрі 

нақты дыбыстауына жәрдемдеседі. Ең бастысы – балалармен жұмыс барысында, әсіресе, оларды өзге тілге 

үйрету кезінде ұстаздың ізденімпаздығы, оның тәжірибесі мен ұлағаттығы көмекке келеді. 

Әдебиет:


1.Старков А.П. Обучение Английскому языку в средней школе. М., 1978

2. Стронин МФ Обучающие игры на уроке английского языка М 1981



Nazarbayev

Intellectual

Schools

151


Жұмағұлова Қ.Ә.

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

 Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті

(Қазақстан Республикасы)

«БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» КУРСЫН ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ БОЛАШАҚ 

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

Педагогикалық  іс-әрекет  шығармашылық  сипатқа  ие.  Сондықтан,  болашақ  мамандардың 



педагогикалық еңбекке деген шығармашылық қатынасын тәрбиелеу - барлық педагогикалық жоғары оқу 

орындарындағы оқу жоспарларының, соның ішінде биологияны оқыту курсының міндеті. 

ЖОО  педагогикалық  үрдіс  пен  ғылыми  зерттеу  жұмыстары  өте  тығыз  байланыста  және  бір-бірін 

толықтыратындай етіп құрылуы қажет. Әсіресе, оқу зерттеушілік сипатта болған жағдайда педагогикалық 

ғылымның  дәлелдемелеріне  сүйенеді,  ал  студенттер  өздік  жұмыстарды  орындай  отырып,  зерттеушінің 

рөліне  енеді.  Осы  мақсаттан  ЖОО  бағдарламасы  талабынан  туындайтын  биологияны  оқыту  әдістемесі 

бойынша  зерттеудің  тақырыптары  анықталады.  Студенттерде  белгілі  бір  дағды  қалыптасқаннан  кейін, 

олар  бұрыннан  таңдалған  тақырыптары  бойынша  зерттеу  жұмыстарын  жалғастыра  алады,  немесе 

өздеріне  қызығушылық  танытқан  жаңа  тақырып  таңдайды.  Оқытудың  әртүрлі  құралдары  мен  оларды 

мектеп  практикасында  ғылыми  тексерістен  өткізуді  ұйымдастыру  формаларын,  оқу  үдерісін  жетілдіру 

үшін зерттеліп отырған мәселенің, яғни, әдістемелік ғылыммен мектеп практикасының бүгінгі жағдайын 

анықтау керек, сондай-ақ, зерттеу мәселелерінің тарихын терең оқудың нәтижесінде ғана қол жеткізуге 

болады. 

  

Қазіргі  таңда  мектепте  оқытылып  жүрген  «Биология.Тірі  ағзалар»  курсы  -  1-4  сыныптарда 



«Дүниетану» пәнінен алған табиғаттың тіршіліктері туралы білімдерін жалғастыра отырып, біржасушалы, 

көпжасушалы  ағзалар  систематикалық  топтары  бойынша  сатылап  қарастырылады.  Осыдан,  оқушылар 

біржасушалы ағзалардың тіршілігін, құрылысын зерделеу арқылы біржасуша – дербес ағза бола алатынын, 

ал көпжасушалы ағзалармен танысудан жасуша ағза құрылысы мен тіршілігінің элементар бірлігі – негізі 

екенін  нақтылы  түсініп,  келесі  сыныптарда  жасуша  теориясын  зерделеуге  негіз  болатын  дайындықтан 

өтеді. Биологияның осындай кіріктірілген сипатын ескере келе, бір тақырыпты оқу барысында биология 

ғылымының  барлық  салаларынан  ақпарат  алуға  болады.  Қазіргі  таңда  ҚР-да  бірнеше  балама  оқулық 

шығарылған. Осыған байланысты ЖОО «Биологияны оқыту әдістемесі» курсының оқу бағдарламасына 

әр-нұсқалы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін салыстырмалы тұрғыда талдау кіргізілді. Мұндай 

салыстырмалы талдау әрбір болашақ маман білуге тиісті мектеп оқулықтары мен бағдарламалырының мектеп 

оқулықтарындағы жүзеге асуын байқауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде белгілі бір бағдарламалардың 

мектеп  оқулықтарындағы  қамтылмай  қалған,  дұрыс  ашылмаған  мәселелерін  байқауға,  шығармашылық 

тұрғыдан қарауға мүмкіндік береді. Оқу бағдарламаларына қойылатын талаптарды және олардың мектепте 

жүзеге асуын ғылыми тұрғыда талдау негізгі білімнің көлемі мен толықтығын анықтауға, сондай-ақ оқу 

мәтіндерінің  тәрбиелік  мәні  мен  әдістеме  сипатын,  сондай-ақ,  олардың  оқу  үдерісінде  көрініс  табуын 

байқауға болады. Бұл студенттерде мұғалімнің шығармашылық жұмысы үшін өте қажетті зерттеушілік 

дағдыларын дамытады. Соңғы жылдары, ЖОО педагог мамандарды дайындауда, оқу материалдарының 

мазмұнын, оқу әдістерін, оқу құралдарын таңдау және бағалауда ғылыми негізделген тәсілдерді қолдануға 

көп көңіл бөлуді талап етеді. Қазіргі кездің мұғалімдері сыныптағы оқушылармен байланыс жасағанмен, 

педагогикалық іс-әрекеттердің тиімділігін анықтауда, «кері байланыс» тудыруға, оқушылардың танымдық 

іс-әрекеттерін,  басқада  әдістемелік  сұрақтарды  шешуге,  мысалы  мазмұнға,  форма,  оқу  әдістері  мен 

құралдарына талдау жасау мүмкіндіктері бола бермейді. Сондықтан да, біз, студенттерге педагогикалық 

іс-әрекетті зерттеудің ғылыми-праткикалық әдістерін үйренудің үш кезеңін ұсынамыз.


152

Nazarbayev

Intellectual

Schools

1.  Студенттерді  педагогикалық  зерттеудің  негізгі  әдістерімен  таныстыру  (мектептегі  биология 

курсын оқыту мысалында):

әдістемелік әдебиеттерді оқу;



  ғылыми  мәселелерді  зерттеу  тәсілдерімен  жұмыс  болжамын,  әдістемелік  зерттеу  жоспарын 

құрумен таныстыру;

мұғалімдер мен оқушыларға ауызша, жазбаша сауалдама құрудың ережесімен таныстыру.



«Биологияны оқыту әдістемесі» төртінші курстан бастап оқылады, дегенмен бұл сұрақтар студенттерге 

төменгі  курстарда  оқылатын  «Биологияға  кіріспе»,  «Биология  мектепте»  пәндерінен  таныс  болады. 

Сонымен қатар, әдістемені оқытуға жол салатын педагогика және психология пәндерімен тығыз байланыс 

орнатылады. 

2.  Әдістемелік зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің практикасы:

мектепте  биологияны  оқытудың  жеке  және  жалпы  тәжірибелерімен  таныстыру  (бақылау 



жұмысынан  кесінді  алу,  басқа  мұғалімдердің  сабақтарын  талдау,  өз  сабағына  талдау  жасау,  праткика 

өткізу кезінде сабақтан және сыныптан тыс жұмыстарды талдауға ); Студенттердің ғылыми талдау жасауы 

үшін  «Биология  және  салауаттылық»,  «Биология  мектепте»,  «Білім  және  Образование»  атты  ағымдық 

журналдарды,  сондай-ақ  ғылыми-праткикалық  конференциялар  материалдарын,  -ғылыми-әдістемелік 

еңбектердің жинағын, білікті мамандардың тәжірибесін талдауға, оқы-үйренуге жағдай жасау. 

 педагогикалық іс-әрекеттерді бақылау және оларды ғылыми тұрғыдан талдау, тура және жанама 



бақылаулар жүргізу. 

Соңында тапсырма бойынша мақсатты түрде тағайындалған жұмыс жүргізіледі. 

Студенттерге бақылау жүргізу үшін нақты тақырып беріледі, мысалы:

1.  Сабақта  оқушылардың  оқу  материалын  қабылдауы  үшін  мұғалім  қандай  іс-әрекетті  жүзеге 

асырады?

2.   Сабақта оқушы қандай сұраққа қызығушылық танытты және неге?

3.  Сабақта  дидактикалық  таратпаларды, табиғи  және  жасанды  көрнекі құралдарды  пайдаланудың 

тиімдігі қандай?

4.   Оқушылардың білмін тектеру үшін қандай тәсілдер қолданылды және неге?

3.  Студенттерді қарапайым педагогикалық тәжірибе жасауға қатыстыру.

Тәжірибе педагогикалық үдерістің бір саласы болғандықтан, студент жұмыс болжамын нақты анықтауы 

керек,  тәжірибе  шартын  дәл  суреттеуі  керек,  сонымен  қатар,  жұмыстан  күтілетін  нәтижені  алдын-ала 

айқындай білуі керек. 

Әрбір студент өзіндік жұмыс алып, оны жарты жыл көлемінде орындап нәтижесінде курстық немесе 

дипломдық жұмыс жазуларына болады. Ғылыми жұмысты орындау мерзімі жұмыстың түріне байланысты 

болады.  Мысалы  төртінші  курс  студентерінің  алдына  дерек  көздерді  оқу,  әдістемелік  әдебиеттердің  әр 

түріне талдау жасау қойылса, осы жұмыстардың негізінде студенттер мына тақырыптарға жұмыстарын 

рәсімдейді. 

1. А.Қ.Қисымова, С.Н.Обаевтың «Биологияны оқыту әдістемесі» оқу құралын;

2.  Әртүрлі  авторлық  бағдарламалар  бойынша  жазылған  оқулықтар  («Мектеп»  және  «Кітап» 

баспаларынан шыққан оқулықтар) мазмұнын тал¬дау.

3. Жүнісқызы К., Әлімқұлова Р., Жұмағұлов Қ. Биология: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына 

арналған оқулық, 3-басылымы, өңделген, толықтырылған. – Алматы: Атамұра, 2011. – 208 бет.

4. Биология. 6 сынып. Тірі организм: Жалпы білім беретін мектептерге арналған оқулық/ Н.И. Сонин, 

Ә.Қ. Кисымова. – Алматы: Дрофа–Кітап, 2006. – 208 бет: суретті. және т.б. 

Бұл орындалған өзіндік жұмыстардың тақырыптары мектеп оқулықтарының проблемаларына арналған. 

Әрбір студентке зертханалық сабақ кезінде келесі мәселелерді зерттеуге назар аударылды:

– 

 Оқулықтың негізгі, қосымша, түсіндірмелі мәтіндеріне;



– 

 Оқулықтың мәтіннен тыс компоненттеріне; 



Nazarbayev

Intellectual

Schools

153


– 

 Меңгеруді ұйымдастыру аппаратына;

– 

 Оқулықтың мәтіні мен көрнекліктің сәйестігі;



– 

 Бағдарлау аппараттарына 

– ОӘК толықтылығына;

– ОӘК-нің сабақ түріне негізделуіне;

– ОӘК-нің мұғалімнің пайдалануына ыңғайлы болуына;

– ОӘК ерекшелігіне.

Студенттердің өзіндік жұмысты орындауын оқытушы үнемі бақылау жасайды және төмендегідей сызба 

толтырады.

Біздің  тәжірибемізде  «Жаратылыстану  пәндерін  оқыту  дисциплинасы  кафедрасы»  Студенттердің 

оқытушылармен  өзіндік  жұмысын  жобалау  технологиясы  негізінде  жоспарлады  (А.Қисымова).  Ондағы 

мақсат: жобалау технологиясы ісі мен ондағы қарым-қатынаста оқыту әдістерін пай¬далану үшін мұғалім 

мен оқушыда не студентте мынадай дағдылар қалыптастыруға бағытталады:

– оқушыларда өзбетінше танып білу іс-әрекетін жүргізу үшін қажетті білімдер жиынтығының болуы 

тиіс;


– оқушыларға әртүрлі топтармен, адамдармен, әртүрлі рөлдерде (басшы, орындаушы, байланысшы т.б.) 

қатынас жасай білу дағдысын қалыптасуы тиіс;

–  зертеу  әдісін  пайдалана  білу  дағдысын:  ақпаратты  жинақтау,  оны  қажеттісін  пайдалану,  әртүрлі 

болжам жасау, қорытынды мен шешім қабылдау қабілетін дамыту қажет.

Оқушыда не студентте осындай дағды қалыптасқан болса, онда кез келген ортада тіршілік етуге бейім, 

ортаның тез өзгеретін жағдайына онан бейімделе алатын болады. Әртүрлі ұжымда, әртүрлі ситуацияда 

өзінің бағытын бағдарлай алады. Бірақ оқу процесінде жоба әдісін тиімді пайдалана білу мұғалімнен үлкен 

дайындық жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

1-тақырып: Қазақстанда жаратылыстану әдістемесінің қалыптасуы (зерттеушілік жоба)

Жүргізу  түрі:  Қазақстанда  жаратылыстану  әдістемесінің  қалыптасу  тарихы  бойынша  зерттеушілік 

жоба материалдарын жинау.

2-тақырып: Қазақстанда жаратылыстану әдістемесінің қалыптасуы (зерттеушілік жоба)

Жүргізу  түрі:  Қазақстанда  жаратылыстану  әдістемесінің  қалыптасу  тарихы  бойынша  зерттеушілік 

жоба материалдарын қорғау.

Сипаттамасы:  Зерттеушілік  жобаның  құрылымы  ерекше  болады.  Ал¬дымен  мұндай  жобаның 

тақырыбының  көкейкестілігі,  маңыздылығы  анықталады.  Қандай  әдістер  пайдаланылатындығы 

көрсетіледі. Әдістердің ішінде экперменттік және тәжірибелік жұмыстар, олардың қалай жүргізілетіндігі 

анықталады.  Нәтижелерін  қалай  жинақтап  қортындылайтындығы  белгіленеді.  Жобаның  мұндай  түрі 

ғылыми зерттеу жұмысымен ұқсас жүргізіледі. Онда мына жүйе бір-бірімен логикалық түрде байланысқан 

бөлімдер орындалады:

– зерттеу тақырыбы;  – ақпарат көздері;

– көкейкестілігі;  

 

– зерттеу болжамы;



– мақсаты;    

 

– проблеманы шешу жолдары;



– міндеті;    

 

эксперименттік жұмыстар;



– зерттеу пәні;  

 

– нәтижесін қорытындылау, талдау;



– зерттеу объектісі;   – қортынды шығару;

– зерттеу әдістері;   – жаңа зерттеу бағытын белгілеу.

Қорыта  келе,  студенттерде  зерттеушілік  дағдыны  қалыптастыру,  олардың  болашақта  педагог  болып 

тағайындалуы үшін оларды мұғалімдік іс-әрекетке шығармашылық тұрғыдан тәрбиелеу болып табылады.

Әдебиет:

1. Жүнісқызы К., Әлімқұлова Р., Жұмағұлова Қ. Биология. Оқулық. – Алматы, 2011.



154


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет