Nazarbayev Intellectual Schools Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «назарбаев зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет66/72
Дата22.12.2016
өлшемі9,34 Mb.
#31
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72

Nazarbayev

Intellectual

Schools

415


оқыту үрдісін компьютермен нығайта отырып, «Мұғалім – оқушы - компьютер» жүйесіндегі педагогикалық 

функцияларды айқындауға болады. 

Білім  беруде  жаңа  педагогикалық  ақпараттық-коммуникативтік  технологияларды  пайдаланудың 

басты  мақсаты  –  оқушыларға  білім  алу  процесінде  көмектесу.  Бұл  мақсаттарға  оқыту  программалары, 

дәрістерді  қолдауға  арналған  электрондық  оқулықтар,  тексеру  программалары  сияқты  программалық 

өнімдер қызмет етеді. 

Қазіргі таңда ақпараттық оқытудың негізгі мақсаты – бүкіл оқыту барысында коммуникативтік бағдар 

бере отырып, оқушылардың ауызша сөйлеу (монолог; диалог) тыңдап-түсіну, оқу, жазудағы іскерліктер 

мен дағдыларын қалыптастыру.

Электронды оқулықтың оқу үрдісінде маңызы зор. Электронды оқулықты пайдалану оқушылардың 

танымдық белсенділігін арттырып, логикалық ойлау жүйесін қалыптастырып шығармашылықпен еңбек 

етуіне себепкер болады. 

Қорыта  келгенде,  компьютер  және  интерактивті  құралдар  арқылы  жасалып  жатқан  оқыту  үрдісі 

оқушының  жаңаша  ойлау  қабілетін  қалыптастырып,  оларды  жүйелік  байланыстар  мен  заңдалықтарды 

табуға  итеріп,  нәтижесінде  өздерінің  кәсіби  мүмкіншіліктерінің,  кәсіби  құзыреттелігінің  қалыптасуына 

жол ашуы керек.

Ақпараттық  қоғамда  бүкіл  өмір  бойына  білім  алумен  ақпаратпен  жұмыс  жасаудағы  білімі  мен 

шеберлігін қалыптастыруда оқушыларды ақпараттық даярлықтан өткізу маңызды рөл атқарады. 

Әдебиет:

1.  Нұрғалиева Г.Қ, Шаханова Р.Ә, Уралбаева Л.Ш. Электронды дидактикалық көмекші құрал. 10-11 

класс. Республикалық Білім беруді ақпараттандыру ғылыми-әдістемелік орталығы. - Алматы, 2004. 

2.  Уралбаева  Л.Ш.,  Қонақбаева  Г.Қ,  Жүнісбекова  Д.С.  Электронды  оқулық.  Қазақ  тілі  9  класс. 

Республикалық Білім беруді ақпараттандыру ғылыми-әдістемелік орталығы. - Алматы, 2005. 

3.  Уралбаева Л.Ш., Садыкова Б.М. Электронды оқулық. Қазақ тілі 10 класс. Республикалық Білім 

беруді ақпараттандыру ғылыми-әдістемелік орталығы. - Алматы, 2005.

4.  Аяғанова  А.  Жаңа  технология  сабақта.  Қазақ  тілі  мектептер  мен  жоғарғы  оқу  орындарында 

журналы. №4, 2006.

5.  Құрманова Н. Қазақ тілін дамыта оқыту технологиясы. – Астана, 2007.

6.  Омарова Р.С. Шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру технологиясы. – Ақтөбе, 2007. 

7.  «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журналы. №1, 2009



Уралова З.І.

Халықаралық Бизнес Университеті 

(Қазақстан Республикасы)

ОРЫС МЕКТЕБІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ 

Білімді  ізгілендіру,  яғни  оқушыларды  өз  халқының  және  басқа  да  халықтардың  рухани  мұрасы 

мен құндылықтарына баулу міндетін қазақ тілі сабақтарында тілді өнермен ұштастыра отырып табысты 

шешуге болады. Осы тұста тіл үйрету сабақтарын сазды әуендермен, соның ішінде әндермен өрнектеп 

өткізудің маңызы ерекше деп ойлаймыз.

Бұл әдіс бүгінгі күннің ғана жетістігі емес, білім беру ісінде сабақ үстінде әндерді қолдану ежелгі дәстүр 

десек болады. Мәселен, Ежелгі Греция мектептерінде мәтіндерді әнмен үйретсе, Индияда арифметиканы 

әнмен  оқытқан.  Бұрынғының  атақты  ойшылдары  мен  ағартушылар  өскелең  ұрпақты  тәрбиелеуде  әнді 

қолдануға үнемі көңіл бөліп отырған. К.Д.Ушинскийдің айтуынша, сабақ үстінде бірігіп ән айту балаларды 


416

Nazarbayev

Intellectual

Schools

ұйымдастыратын,  біріктіретін,  ізгі  қасиеттерін  тәрбиелейтін  аса  маңызды  педагогикалық  құрал  болып 

табылады [1, 68]. 

Әндердің негізін әуенмен қоса сөз мәтіні құрайтын болғандықтан, олар халықтың әлеуметтік өмірінің 

әртүрлі тұстарын айқын және көркем бейнелейді. Сонымен қатар әдемі әуендер оқушылардың санасына 

ғана емес, олардың сезім дүниесіне, бейнелі жадына айрықша әсер беріп, оларды эстетикалық тұрғыдан 

тәрбиелейді [2, 55]. 

Жалпы алғанда, сабақ үстінде ән қолданудың тиімділігі мол.

Біріншіден, қазақ тілінде ән үйрену барысында оқушылар дыбыстарды дұрыс айтып үйренеді, ырғақ 

ерекшеліктерін сақтау негізінде олардың қазақ тілін қолданудағы артикуляциясы дұрысталады. 

Екіншіден,  әндердің  мәтіндері  тілдік  қарым-қатынас  құралы  ретінде  оқушылардың  сөздік  қорын 

байытып,  жаңа  сөздердің  тез  бекуіне  ықпал  етеді.  Әндердің  арқасында  берілетін  сөздік  қордың  көлемі 

ұлғаяды.  Ән  тыңдау  кезінде  таныс  лексика  жаңа  мәнмәтінде  кездесіп,  оны  қолдану  аясы  кеңейіп, 

оқушылардың есінде тез сақталады. 

Сонымен  қатар  әнмен  жұмыс  барысында  грамматикалық  құрылымдарды  ұғыну  тиімділігі 

артатындықтан, тіл үйренушілердің грамматикалық құрылымдарды еске сақтауы жеңілдетіледі. 

Төртіншіден,  әндердің  мәтіндері  оқушылардың  монологты,  диалогты  және  ауызекі  сөйлеу  тілінің 

дамуына ықпал етеді, қазақ тілінде сөйлеу қарқынын жеделдетеді. 

Бесіншіден,  әнмен  өрнектелген  қазақ  тілі  сабақтарында  оқушылардың  көңіл-күйлері  көтеріліп, 

жағымды  психологиялық  ахуал  қалыптасады,  ал  бұл  өз  алдына  тіл  үйренуге  деген  қызығушылықты 

арттыра түседі. 

Әндер,  бір  жағынан,  үйреніп  жатқан  тілдің  сазбен  көркемделген  үлгісі  болып  табылады,  екінші 

жағынан, ол оқушыларға халықтың тілі және тұрмысы туралы мәдени танымдық ақпарат береді. Сондықтан 

оқушыларға ұсынылатын әндер мұқият таңдалып алынуы тиіс, қазақ тіліндегі сан алуан әндердің ішінен 

тек педагогикалық құндылығы бар, қазақ тілінде сөйлетуге ықпал ететін әндерді ғана емес, үйреніп жатқан 

тілдің иесі қазақ халқының мәдениетіне баулитын шығармаларды таңдаған жөн. 

Көбіне, әрине, ән сабақтың негізгі тақырыбы бола алмайды, оны негізінен жаңа лексиканы немесе 

грамматикалық  материалды  бекіткен  кезде  қолданамыз  және  әнге  берілетін  тапсырмалар  оқушының 

деңгейіне қарай таңдалып алынады.

Ән материалын таңдаудың келесі ұстанымдарын атап өтуге болады: 

 1) аутентикалық мәтіндер алынған жөн, бұл оқушыларға елтану материалдарын ұсынуға мүмкіндік 

береді, сондықтан біз сабақтарымызда халық әндерін кеңінен қолданамыз;

 2) оқушылардың қызығушылықтары мен жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың сезімдеріне 

әсер  ету  ұстанымы,  яғни  сабақта  біз  негізінен  сазы  тартымды,  тез  еске  сақталатын  немесе  көпшілікке 

танымал әндерді таңдауға тырысамыз; 

  3)  әдістемелік  құндылығы  бар  мәтіндерді  таңдау  ұстанымы,  демек,  біз  оқушылардың  дағдылары 

мен білімдерін жетілдіретін, белгілі бір кезеңдегі оқу тақырыбына сай келетін және сабақтың әдістемелік 

жағдаятына үйлесетін әндерді таңдап аламыз. 

Сабақ үстіндегі әндермен жұмыс бірнеше кезеңнен тұрады. 

Біріншіден, мұғалім өлеңдегі таныс емес, қиын сөздерді көрнекі құрал не болмаса аударма арқылы 

түсіндіреді.  Оқушылар  өлеңнің  жалпы  мазмұнын  түсінген  кезде  өлеңді  үнтаспадан  тыңдайды.  Кейде 

мұғалім өлеңді өзі айтып береді. Соңынан оқушылар қиын сөздер мен күрделі сөз тіркестерін дыбыстық 

жағынан  меңгеру  мақсатымен  мұғалімнің  соңынан  бәрі  бірдей  әрі  жекелей  қайталап  айтады.  Өлең 

жолдары өте қиын болмаса, толық жатталады, оқытушы біршама қиын бөліктерге жеке тоқталып, оларды 

айтуға алдын ала дайындық жүргізген жөн. Ол үшін мұғалім өзі оқушыларға дауыстап, мәнерлеп оқып 

бергені дұрыс. Үйге өлеңді жаттап алу немесе өлең түріндегі әдеби аударма жасау тапсырмасын беруге 

болады. Сабақта ұсынылатын әндер сол кезде өтіліп жатқан лексикалық және грамматикалық материалдың 

мазмұнымен,  оқулықтағы  грамматикалық  немесе  лексикалық  тақырыппен,  сондай-ақ  мереке  күндеріне 

байланысты таңдалады. 


Nazarbayev

Intellectual

Schools

417


Мәселен, бастауыш деңгейде «Танысу» тақырыбын өткен кезде біз үнемі «Досмұқасан» тобының 

орындауындағы «Сұлу қыз» әнін оқушылардың назарына ұсынамыз. 

Бұл әннің әсем сазы, қарапайым мәтінінің ұғынықтылығы бірден тыңдармандарға жағымды әсерін 

тигізіп,  олардың  қазақ  әндеріне  деген  құштарлығын  оятады.  Оқушылар  осы  әнді  тез  жаттап  алады  да, 

түрлі мерекелік шараларда рольдерге бөлініп сахналап көрсетеді. Сондықтан бастапқы кезеңде осындай 

жеңіл де тартымды әндерді ұсына отырып, оқушылардың қазақ тілі сабақтарына қызығушылығын елеулі 

дәрежеде арттыруға болады. 

Сол сияқты басқа тақырыптар бойынша сабақтар өткізу барысында да оқушыларды ел ішінде кең 

тараған әндермен таныстырамыз.

Туған  жер,  Қазақстанның  байлығы,  қоршаған  ортаны  қорғау  мәселелерін  қозғайтын  сабақтарды 

қорытындылау кезде «Атамекен» әні тыңдалады. Ұстаздар мерекесі қарсаңында оқушыларға «Ұстазым», 

халықаралық әйелдер күні алдында «Анашым» әнін үйреткен өте орынды, т.т. 

Ал енді әндерді сабақтың қай кезеңінде қолдануға болатынына тоқталсақ, әдістемелік мақсатымызға 

байланысты әндерді түрлі кезеңде ұсынуға болады. 

1)  Сабақтың  басында  әнді  фонетикалық  жаттығу  ретінде  немесе  психологиялық  серпін  ретінде 

қолдануға болады. Мәселен, Роза Рымбаеваның орындауындағы «Наурыз айы туғанда» әнімен «Наурыз» 

тақырыбын  бастай  отырып,  оқушыларды  серпілтіп,  оларда  шаттық  сезімін  оятамыз,  содан  кейін  сабақ 

барысында осы әннің мәтінін талқылау арқылы Наурызды тойлау дәстүрімен таныстыруға болады

2) лексикалық және грамматикалық тақырыпты жаттықтыру үшін сабақтың ортаңғы кезеңінде де ән 

қолдана аламыз; 

3) оқушылардың шаршағандығын кетіріп, демалдыру үшін сабақтың ортасы немесе соңында да ән 

қолданған жөн.

Осылайша, жоғарыда айтылғандарды қорытындылап айтар болсақ, әндерді қазақ тілі сабақтарында 

қолданудың нәтижесі мол. Біріншіден, қазақ тілі сабақтарын әндермен өрнектеу пәннің тиімділігін едәуір 

арттырады,  әндер  арқылы  біз  оқушыларды  өнерге,  ұлттық  мәдениетімізге  баулимыз.  Екіншіден,  бұл 

оқушылардың тілге қызығушылығын арттырудың бірден-бір құралы. Үшіншіден, бұл тұлғаны жан-жақты 

дамытудың алғышарты десек те болады, өйткені арнайы іріктелген әндер бейнелі ойды дамытып, жақсы 

талғам қалыптастырады [3, 2]. 

Әдебиет:

1. К.Д.Ушинский. Толық шығармалар жинағы. 1-том, 1988 ж.

2. Балақаев.М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. Алматы,

мектеп, 1989ж

3. Б.Е.Кеулімжаева. Ағылшын тілі сабағын өлеңдермен өрнектеп өткізу. /www.ustaz.kz.

Халитова И.Р. 

педагогика ғылымының докторы, профессор

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогика Университеті

(Қазақстан Республикасы)

АБАЙ МҰРАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ТӘЛІМДІК ОЙЛАРДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ 

МАҢЫЗЫ

Кез  келген  мамандық  иесіне  қойылатын  талаптар  күн  сайын  жаңғырып,  толығып,  жаңасы  пайда 

болуда. Осындай қаурыт өзгерістерге ілесіп өзінің кәсіби міндетін табысты атқаруы үшін қазіргі кезде әр 

адамға академиялық ұтқырлық, бәсекеге қабілеттілік, креативтілік деген секілді тағы басқа да көптеген 



418

Nazarbayev

Intellectual

Schools

біліктер мен дағдылар қажет. Блгілі болғандай бұның барлығына институт, университет үйрете алмайды, 

тек  негізін  қалайды.  Демек  барлық  мәселе  адамның  өзіне  келіп  тіреледі.  Бұл  ретте,  «өмір  бойы  оқу», 

«үздіксіз білім алу» деген секілді ұғымдар пайда болды. Олар әрине жеке әр адамның өзін-өзі дамытуына, 

өзін-өзі бейімдеуіне, өзіндік ізденістеріне байланысты. Басты мәселе осыған үйрену.

Бұл  практикалық  іс-әрекетті  талап  етеді.  Белгілі  болғандай  тек  ғылыми-теориялық  негізделген 

практика ғана табыстарға алып келеді. Практика –адамның қоғам, қоршаған орта және өзін –өзі өзгертуі, 

жаңғыртуына бағытталған іс-қимылы. Кәсіби тұрғады бұл адамның белгілі бір іс-әрекет түріне байланысты 

теориялық білімін іс жүзінде қолдануы.

Бұл адамның өзін-өзі баулуына байланысты. Осы тұрғыдан алғанда Абай Құнанбаев мұраларындағы 

адам  және  оның  жеке  басына  қатысты  пікірлерін  пайдалану  таптымас  материал  бола  алады.  Ол  үшін 

алдымен төмендегі мәселелрге назар аудару қажет.

Қоғам жаңғырды, адамдардың өмір сүру салты мен шарттары, жағдайлары өзгерді бірақ мінез –құлқы, 

жүріс-тұрысындағы проблемалар жаңа сипатта жаңғырып әр түрлі көріністе байқалуда. Адам болмысында 

кездесетін керғарлықтар мен теріс қылықтар сол күйде сақталып келеді. Ақын Абайдың шығармашылық 

мұраларының құндылығы да осы бәрі ескіріп оның орнына жаңасы пайда болса да тозбайтын, ғасырлар 

бойы  айтылып  келе  жатқан  «жақсылық  пен  жамандық»  және  оны  жөнге  салуға  болған  адамдардың 

ділгірлігі.

Оның ең өзекті тұсы жастар мен балалардың ой-санасы мен жүріс-тұрысы, мінез-құлқындағы осы 

белгілердің қазіргідей өзгермелі дәуірде сыр беруі. Әлеуметтік педагогиканың басты мәселесі де осы.

Абай  Құнанабаев  өлеңдеріндегі  әлеуметтік-  педагогикалық  ойларды  іріктеп  алып  практикада 

пайдалану үшін алдымен оған жуықтаудың қағидалары ретінде қарастыратын басты бағыттарды сұрыптап 

алу  қажет  деген  пікірдеміз.  Өйткені  әлеуметтік  пробелмаларды  шешу  ауытқу  мен  қалыптылық(норма) 

арасындағы айырмашылықты нақтылап алуды қажетсінеді. 

Осыған орай Э.Дюркгейм теориялық еңбегінде әлеуметтік ауытқуды құбылыс ретінде қарастырған; 

әлеуметтік қалыптылық туралы ілім және әлеуметтік бақылау мәслелесі мен қоса қалыптылық институты 

мен  оны  құрылымдауды  Т.Парсонс;  абсолютті  қалыптылық  пен  мәдени  қалыптылық  арасындағы 

балйаныстар, қалыптылық пен ауытқу арасындағы айырмашылықты П.Уорсли; ұжымдық мінез құлықты 

анықтаудың әлеуметтік теориясын, девианттылық пен оны әлеуметтік бақылауды Н.Дж. Смелзер; әлеуметтк 

теориядағы ауытқу мен қалыптылықтың биопсихологиялық жақтарын З.Фрейд пен Ч.Ломброзо, Э.Берн, 

Э.Шостром, отбасы тәрбиесінің әлеуметтік-педагогикалық тұстарын В.Сатир т.б. еңбектерінде зерделеген. 

Әлеуметтік  қалыптылық  –  қоғамда  тарихи  қалыптасқан  мінез  –құлық  пен  жүріс  –тұрыстың,  тіпті 

ой-сана мен сезімнің де белгілі бір мөлшері болып саналады. Олар халқымыздың мақал, мәтелдері, мен 

ырым- тыйымдарында ерекше анық айтылады. Әлемнің екінші ұстазы атанған философ, ғалым әл-Фараби 

«шамадан ауытқу- не артық кету немесе кем түсу деген сөз»-деген. Бұл кезкелген зат не құбылыс, адамдар 

арасындағы қарым –қатынастың, жекелеген тұлғалардың мінез –құлқы мен жүріс-тұрысы, ой-сана балгісі 

болған сөзінің, не іс-қимылынан бет әлпетінен байқалатын сезім көріністерінің белгілі бір ұстаным, өлшем 

не мөлшерден асып кетуі не оған жетпей қалуы. 

Осындай пікірді Абайдың 31-қара сөзінен кездестіреміз. Ол «Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, 

ойыншы - күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу» - деп көрсетеді.

Әр түрлі факторлардың ықпалынан пайда болатын ауытқулардың себептерінің сансыз көптігі мен 

ауытқу түрлерінің де көпқырлы болуы себепті оларды «алғашқы ауытқу (первичное отклонения)», одан 

соң «екінші кезектегі ауытқу(вторичное отклонения)» және үшінші кезектегі немесе «мәдени қуатталатын 

ауытқулар»-деп бөлістіріп қарастаруға болады. 

Алғашқы  ауытқу  дегеніміз-қоғамда  қабылданған  нормаларға  жалпы  сәйкес  келеді,  тұлғаның 

жекелеген  қылықтары  онша  зиянды  емес,  ол  әлеуметтік  тұрғыда  девиантты  немесе  бұзылу  ретінде 

қабылданбайды.  Адамның  өзіне  және  қоршағн  ортаға  бұл  кіші-гірім  тентектік,  сотқарлық  не  болмаса 

әшейінгі қателік ретінде қарастырылады. Бірақ бұлай болуының себебін отбасы тәрбиесі не болмаса оқу-

тәрбие  мекемелерінің  кетірген  қателігін  естен  шығарып  алуға  болмайды.  Сонымен  қатар  бұндай  мінез 


Nazarbayev

Intellectual

Schools

419


–құлықтың туындауына қорғашан әлеуметтік орта, тіпті тұлға өмір сүрген қоғамның да ерекше ықпалы 

бар  екенін  де  қаперге  алған  жөн.  Сондай-ақ  кезкелген  қоғамдағы  тұрақсыздық,  не  болмаса  бір  саяси 

-әлеуметтік,  экономикалық  құрылымнан  екіншісіне  өту  кезіндегі  құбылыстар  да  осындай  ауытқуларға 

алып келетіні де білгілі.

Халқымызда  осындай  мінездерге  байланысты  тентек,  сотқар,  содыр,  бұзық,  қу,  сұм,  алдамшы, 

өтірікші, өсекші, әпербақан, жындыбас, әумесер, алаңғасар, сұмырай, мақтаншақ, еріншек, өсекші, мал 

шашпақ-үнемсіздік, мыжың, мылжың, ынжық, ез, есуас, керенау, cанаға қатысты ақымақ, санасыз, ойсыз, 

жетесіз, ақылсыз, талапсыз, ынтасыз, жігерсіз, ырықтылығының жоғы-салғырт, салақ, олақ, қлыжақбас, 

қалжыңбас,  ыржаңдаған,  қылмыңдаған,  қалжақтаған,  көргенсіз,  жетесіз  деген  сөздердің  юбарлығы  да 

әлеуметтік-педагогикалық астарлы сөздер. 

Абай  Құнанбаев  сынға  алатын  адамдардың  мінез-құлқы,  жүріс  –тұрысы  мен  қөам-қарекеті  осы 

алғашқы ауытқу түріне жатады. Егер осы алғашқы ауытқу көпрет қайтана берсе онда ол делинквенттілікк 

ауысады да ол басқаларға не өз басына зиян келтіруі себепті түзетуді, қөайта тәрбиелелуді, қатарға қосуды 

іске асыру қажеттігін туындатады. Мінез –құлқы, жүріс тұрысында осындай келеңсіздіктері бар адамның 

барлығы да түзету, қайта тәрбиелеу, әлеуметтендіру шараларын қолдану қажеттігін көрсетеді.

Зерттеуші ғалым Дж. Стивенс олардың әр қайсысын талдай келе жеке - жеке сипаттама бере келіп 

жақсы және нашар жақтан белгілей отырып басқаларға және адамның өз басына зиянды тұстарын, түзету 

мүмкіндіктері мен әдістерін де нақтылаған.

Оның пікірі бойынша тәкаппарлықтың бір жақсы жағы және бір нашар жағы бар, мысалы, паңдық, 

мақтаныш  сезімінің  басымдығы,  ал  нашар  жағы  –  менменшілдік  пен  даңғойлық,  өзі  туралы  пікірінің 

жоғарылығы  мен  өзін  ерекше  силауы,  өз  басын  ғана  ойлайтын  эгоистік  пікірі,  басқаларды  менсінбеуі; 

олар іштей тартыншақ, ұялшақ, өзіне сенімі жоқ болуы себепті сыртқа өзін басқалардан ерекше көрсетуге 

тырысады. 

Ғалым атап көрсеткен тағы бір айдаһар - өзін басқалардан төмен санау болса оның жақсы жағы – 

қарапайымдық, ал нашар жағы өзінің игі қасиеттерін білмеуінен туындайтын өз басын силамаушылық, 

іштей өздерін еш нәрсеге қабілеті жоқ деп ойлауы.

Нашар мінездердің тағы бірі - шыдамсыздық – олар батыр, нашар жағы ұстамсыздығы. Ондайлар 

ұрыншақ келеді, өйткені шыдамсыздығы ойлауға мұршасын келтірмейді, ылғи да бүлдіріп жүреді, артынан 

өкінішке ұрынады. Бұл бала кезінде ата - анасының не басқа да ересектердің үнемі асықтыруынан болатын 

мінез.


Өзін - өзі азапқа салып жүретіндер, жанкешті десе де болады. Олар құрбандыққа даяр, ал нашар жағы 

– қиналуға бейімділігі. Жоқ жерден қиыншылық тауып азаптанып жүреді.

Сараңдық немесе сығандық. Бұндайларды «шық бермес - шағайбай» - дейді. Жақсы жағы – жоқшылық 

көрмейді,  өзіне  қажеттілерді  жинап  алады  да,  өлсе  де  айрылмайды,  содан  ләззат  алады.  Нашар  жағы  - 

ондайлар тойымсыз, тыйымсыз, қайырымсыз келеді. Сол себепті жаман істерге де ұрынып қалады.

Өзін  жоюға  дайын  тұру  -  өзін  құрбандыққа  шалуға  дайын,  олар  тіпті  өзін  өлтіруге  дейін  барады. 

Бұның көптеген себептері болуы мүмкін. Соның ішінде психикалық ауру мен өмірден көрген теперішін 

жеңе алмай не ұмыта алмай бір сәттік ұмтылыс кезінде өзін - өзі жойып жіберуі мүмкін.

Бірбеткейлік, қырсықты- жақсы жағы- тайсалмайтыны және өз дегеніне жетуге барын салатыны, ал 

нашар жағы - ақымақтыққа дейін баратыны. Олар да ұрыншақ, мінезінің иекемсіздігінен басқалармен тіл 

табыса алмайды.

Көрсетілген осы жеті негізгі теріс мінездер нәсілі, түрі-түсі, орналасқан мекені т.б. қарамастан жер 

бетіндегі барлық ұлттар мен халықтардың арасында жекелеген адамдарда кездеседі. Бұл жерде айтылмаған 

басқа да нашар мінездерді ғалым осылардың әр түрлі модификациясы деген пікірде.

Осы  жеті  айдаһар  сынды  ақын  атап  көрсеткен  ел  арасында  таралған  әлеуметтік  педагогикалық 

мәселелердің  түрлерін  біз  «жетібасты  жылан»-  деп  атадық.  Өйткені  бұлардың  қазақ  арасында  да  орын 

алғандығын Абайдың «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Бөтен елде бар болса»- деп басталатын және басқа 

да өлеңінен көруге болады. Ақын оларды сипаттаумен қоса әлеуметтік-тәлімдік мәнін де ашып көрсеткен. 



420

Nazarbayev

Intellectual

Schools

Ол «жетібасты жылан» ақынның аталған екі өлеңінде «сабырсыз, арсыз, еріншек, көрсеқызар, жалмауыз, 

күндейді, ұрлық істейді» - деп келтірлген. Абай, күншілдік пен жалған айтуды арсыздықтың белгісі деп 

көрсетеді. Ол жеті басты жылан ақынның осы екі өлеңінде былайша берілген: 

Сабырсыз, арсыз, еріншек,

Көрсеқызар, жалмауыз...

Өзін-өзі күндейді,

Жақынын жалған мінейді...

Ұрлықпен мал табам деп... – өлеңде бұдан басқа тағы да «егес, өз кінасын біреуден көру, еркек арын 

сатады, пысық, мақтан...» тағы басқа да нашар қылықтар келтірілген. Соның ішінде ақынның көп айтатыны 

ұрлық, пысықайлық, жалған сөйлеу және еріншектік пен надандық.

Әлеуметтік педагогиканың теориясынан белгілі болғандай бұл қылықтардың қай-қайсысы да көпрет 

қайталанып  делинквентті  мінезге  айналуы,  одан  кейін  девиацияға  ұрындыруы  да  ақын  көзінен  таса 

қалмаған. Ол:

Бәрін көріп кісіден...

Құтылам деп ісінен,

Шығынға әбден батады...

Аударылып қонысы, 

Алыстан дәм татады...- дейді мұны.

Өзінің  кемшілігін  біреуден  көру,  оған  жала  жабумен  бірдей.  Сөйтіп  жүріп  айыпты  болып,  ісінен 

құтылым деп пара беріп шығынданады да онысы іске аспай қалып айдалып кетеді. Бұл ақын өмір сүрген 

дәуірде, сол ортада болған оқиғаларды бақылаудан келіп шыққан ой. 

Абай осы мінездерді айта келіп, бұлай болмау үшін не істеу керек не болмаса кемшілікті қалай түзету 

керек - деген сауалға «қызмет қылып мал тап...ғылым оқып ой тап...еңбек ет...шаруаға епті бол...нәпсіні 

тый...берекеге кел...»- деп жол сілтейді.

Ақынның, біз атаған «жетібасты жылан» туралы айтатын екінші өлеңі «Бөтен елде бар болса» деп 

басталады.  Мұнда  «ашып  берер  жауыңа  өзі  көрген  қоймасын...есебі  жоқ  ант  ішіп...сыр  алғалы  айттым 

деп... иман жүзін тоздырар...дұспандығын өздырар... азғырар... өзіңді, жауадн бетер жамандар... кекшіл... 

ызақор...  томырық...  паң...  қырт,  мақтаншақ...  жылпылдақ...  тоймайды...  сөзге  көнбейді...  қырыс...»  - 

бұндайларға Абай осы өлеңінде «сатқын», «антқор» деп сипаттама бере отырып оны ел ішіне тараған сондай 

«кесел»  деп  көрсетеді.  Әлеуметтік  педагогикада  аса  маңызды  ақын  шығармаларында  жете  суреттелген 

осы «жетібасты жыланды» Дж. Стивенстің «жеті айдаһарымен» салыстырмаласақ ол төмендегіше көрініс 

береді.

Ғұлама, ғалым Абай, ең басты нашар мінздерді «өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ»- 



деп көрсете келе, надандық, қулық немесе пысықайлық, ұрлық, мақтан секілді басқа да түрлеріне өлеңмен 

сипаттама береді. 

Абай  өлеңдерінде  жекелеген  адамдардың  мінезіндегі  өрескелдікті  сипаттап  қана  қоймай  оның 

басқаларға тигізетін зиянды жағын көрсетеді, мысалы, Өлеңнің алғашқы шумақтарында өзі өмір сүрген 

замандағы  қоғамдық  құбылыстарды  айта  келіп  «...мынау  азған  қу  заман...  біреу  малды  ұрлайды,  біреу 

басты қорлайды... жылауына зорлайды» - бұнда ұрлық, қорлықтың адамның жанына тиіп күйзелске алып 

келетінін айтады. Ел арасында кең тараған бір нашар әдет өсек болса, бұл туралы қазақ тілінің түсіндірме 

сөздігінде «өсек-.....» десе, Абай осындай қылықты:

Жамантайдың баласы Көжек деген,

Әркімге өсек айтып безектеген.

Досын келіп досына жамандайда,

Шіркінде ес болсайшы сезед деген. 

Осыған орай халқымызда «естімейді деп өсек айтпа, көрмейді деп ұрлық қылма»-дейді. Өсектің бір 

жаман жері адамдардың арасындағы береке- бірлікті бұзады, бір- біріне болған сеніміне нұқсан келтіреді, 

кейде тіпті дау-дамайға дейін алып келеді. Ақын өлеңдеріндегі қисынсыз, кертартпа мінез –құлықтарды 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет