Неміс классикалыќ философиясыныѕ ерекшелігі. Немiс халқының рухы тудырған ХVIII-ХIХ ғғ. философияға уақытында Ф. Энгельс «немiс классикалық философиясы»



бет35/65
Дата16.05.2022
өлшемі340,53 Kb.
#34524
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65
Байланысты:
Философия

Танымныѕ јдістері.

Кең түрде алғанда, гректің «methodos» деген сөзі «жол» деген мағына береді. Әр нәрсені жасағанда, адам оны белгілі бір үлгілер, тәсілдерге сүйене отырып істейді. Мысалы, бүгінгі саясатта Батыс елдерінде алғаш пайда болған «пиар-технологиялар» қолданылуда. Педагогика саласында әр пәнді қалай үйрету керегі жөнінде неше түрлі әдістер шығарылған. Мұндай мысалдарды шексіз көбейте беруге болар еді. Сол сияқты ғылыми салада да неше түрлі әдістер жасалып, нәтижелі қолданылады. Танымдағы сезімдік және ақыл-ой сатылары ғылымда зерттеудің екі деңгейін құрайды. Олар – эмпириялық және теориялық білім. Олар, әрине, бір-бірімен өте тығыз байланысты. Қайсыбір зерттеу эмпириялық сатыдан, яғни ғылыми деректерді жинаудан басталады. Ол үшін зерттелетін затты (нысан), я болмаса құбылысты бақылау қажет. Аса назар аударатын нәрсе – ғылымдағы бақылаудың ерекшелігі – ол «tabula rasa» – таза тақта емес. Таным субъектісі (ғалым, я болмаса ғылыми қауымдастық) зерттелетін нысан туралы белгілі бір пікір, тұжырым, идеяға ұқсайтын көзқараспен мақсатқа лайықты бақылауға кіріседі. Тәжірибелік таным барысында ғылыми деректер жиналып, салыстырылып, белгілі бір жүйеге келтіріледі. Ары қарай ғылым теориялық деңгейге – тәжірибелік білімді ұғым, тұжырым, заң т.с.с. ғылыми құралдар арқылы өңдеуге көтеріледі. Теориялық таным арқылы біз зерттелетін заттың ішкі тұрақты байланыстары мен заңдылықтарын аша аламыз. 460 Енді теориялық білімнің құрылымына келсек, оларға проблема (мәселе), гипотеза (болжау), теория, заңды жатқызуға болады. Таным үдерісінде белгілі бір сатыда тежеу, түсініксіз, адамды абыржуға әкелетін ахуал пайда болады. Осы сәтте мәселе (немесе қиындық) туады. Оны шешпейінше, адамнан тыныштық кетеді. Сондықтан кейбіреулер проблема-қиындықты білмейтінімізді білу дейді. Мұндай ахуалдың пайда болуының негізінде сан алуан қайшылықтар жатыр. Ол белгілі бір құбылыс туралы екі әртүрлі пікірдің пайда болуынан, я болмаса ескі теория мен жаңадан ашылған ғылыми деректің арасындағы қайшылық т.с.с. себептерден болуы мүмкін. Көп жағдайда мәселенің шешілуі оны дұрыс қоя білуге байланысты. Ол үшін, әрине, барлық жиналған ғылыми деректер мен тұжырымдарды тағы да ой елегінен өткізіп, мәселені айқын сезіну қажет. Шешілген мәселе ғылыми білімді тереңдетіп, сонымен қатар жаңа қиындықтарды тудырады. Гипотеза (болжам) – белгілі бір зерттеліп жатқан зат, я құбылыстың себебі туралы кейбір деректерге негізделген болжам болып есептеледі. Ол әлі өзін дәлелдеуді талап етеді. Кейбір гипотезалар зерттеліп жатқан құбылыстың себебін анықтаудың тіпті мүмкін еместігінен пайда болады. Мысалы, ғылымда таңғаларлық бірнеше ғана мәселе бар. Ол – осы дүниенің өзі, содан кейін тіршілік, ең соңында, рухани пенде – адамның өзі қалай пайда болды деген сұрақтар. Бұл мәселелер жөніндегі діни көзқарастарды жақшадан шығарып қарағанда, материалистік философия мыңдаған жылдар бойы бұл дүние мәңгілік өмір сүріп жатыр деген көзқараста болды. Мәселенің қиындығы осы дүниедегі бірде-бір зат, я болмаса құбылыстың мәңгілік өмір сүре алмайтындығында, өтпелілігінде еді. ХХ ғ. 70 ж.ж. астрофизиктер «Ұлы жарылыстың» (Grand Explosіon) ғылыми болжамын ұсынды. Бұл болжам дүниенің мәңгілік еместігін, осыдан 13 млрд. жыл шамасында вакуумның жарылуынан пайда болғанын болжайды. Осы болжам арқылы ғарыштағы «инфра-қызыл сәуле толқындарының ығысуын», «дүниенің кеңею үстіндегі үдерісін» түсінуге болатын сияқты. Уақыты келгенде (млрд. ж.ж. кейін) бұл дүние өзінің ішкі тартылыс күші арқылы тартылып, яғни коллапсқа ұшырап, өз өмірін тоқтатады. Келесі жарылыс дүниенің «жаңа үлгісін» әкелуі мүмкін. Мұндай болжамдар адамның ақыл-ойы, шығармашылығының ғажаптығын көрсетпей ме?! Таңғаларлық нәрсе – осы ғылыми болжамға ұқсас идеяларды осыдан 120 ж. бұрын орыс теософы (teos – құдай, sofіa – даналық) Е.Блаватская өзінің «Құпия доктрина» деген еңбегінде айтқан болатын. Ал тіршілік мәселесіне келер болсақ, көп болжамдардың ішінен академик Опариннің «коацерваттық», яғни алғашқы көп минералдық тұздар еріген жылы мұхитта Күн сәулесінің қуаты арқылы сансыз 461 химиялық реакциялардың негізінде тірі белоктың дүниеге келгені жөніндегі болжамы бізді ерекше тартады. Адам мәселесіне келер болсақ, ол жөніндегі ғылыми болжамдарды біз «Адам болмысы» тарауында қарағанбыз. Әрине, жоғарыдағы көрсетілген болжамдарды теорияға айналдыру өте қиын, өйткені олардың түп-тамыры млрд. жылдарға кетеді. Ал шынайы өмірдегі нақтылы табиғи, я болмаса әлеуметтік саладағы болжамдарға келер болсақ, олардың ақиқаттығы ертелі-кеш дәлелденеді. Сонда ғана ол теорияға айналады. Өмірдің өзі-ақ біршама болжамдардың жалғандығын көрсетіп, оларды ғылым шеңберінен шығарып тастайды. Мысалы, флогистон, я болмаса ғарышты толтырып тұрған эфир сияқты болжамдар ғылым дами келе, өз жалғандығын көрсетіп, санаттық (ұғымдық) мәртебесінен айырылып қалды. Теория – зерттелетін заттар, я болмаса құбылыстардың ішкі мән-мағынасын ашатын, іс жүзінде дәлелденген, қайшылықсыз бірбірімен байланысты ұғымдар жүйесі. Мысал ретінде А.Эйнштейннің «Салыстырмалы теориясын», Ч.Дарвиннің «Эволюциялық теориясын», К.Маркстің «Формациялық теориясын» т.с.с. келтіруге болады. Теорияның қоғам өміріндегі негізгі қызметіне түсіндіру, алдын ала болжау, іс жүзінде пайдалану жатады. Қайсыбір теория сол саладағы неше түрлі деректерді тәртіпке келтіріп, өзара байланыстырып, зерттелген заттың мінсіз үлгісін жасайды, сондықтан адам оның терең мәнін түсінуге мүмкіндік алады. Жақсы сарапталған теория алдын ала болжауға, әлі де болса ашылмаған заттың қасиеттерін ашуға мүмкіндік береді. Мысалы, Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің алмасу заңына сүйене отырып, ғалымдар біршама жаңа элементтерді ашты. Әсіресе әлеуметтік теориялардың маңызы өте зор: солардың арқасында қоғам өміріндегі болашақ өзгерістерді алдын ала болжауға, яғни сол өзгерістерге саяси, құқықтық т.с.с. жақтардан дайын болуға мүмкіндік ашылады. Танымның іс-тәжірибелік табиғатынан теорияның іс жүзінде өмірде қолдану мүмкіндігі шығады. Теория біздің танымға деген сүйіспеншілігімізді қанағаттандырып қана қоймайды. Оның негізгі мақсаты – өмірді өркендету, адамдарға өмірлік бағыт беру. Мысалы, ядролық физикада жасалған теориялардың негізінде АЭС-терді салуға мүмкіндік алып, бүгінгі таңда жер бетіндегі жүздеген атомдық стансалар адамзатты орасан зор күш қуатпен қамтамасыз етіп жатыр. Заң – зерттелген заттар, я болмаса құбылыстардың ішкі, қажетті, мәнді, қайталанатын, тұрақты байланыстарын көрсетеді. Әрбір ғылым саласы өз заңдылықтарын ашып, оларды өзара байланыстырып, теориялық дәрежеге көтеруге тырысады. 462 Енді таным әдістемесін талдауға уақыт келген сияқты. Қазіргі ғылымда сан алуан зерттеу әдістері жасалған. Жалпы алғанда, ғылымдағы таным әдістерін үшке бөлуге болады: 1. Жеке ғылым әдістері. 2. Жалпы дүниетану әдістері. 3. Ең жалпы (жан-жақты) әдістемелер. Әрбір жеке ғылым саласы дами келе, өз таным үлгілерін жасайды. Ол – оның пісіп-жетілгені, жеке ғылым ретінде өз мәртебесін тапқанының белгісі. Мысалы, археология ғылымында қазба әдістері, мәдени қабаттан табылған заттарды сақтау үлгілері т.с.с. бар. Физика ғылымына келсек, онда спектральдық анализ, тарихи тілтану ғылымында салыстыру әдісі бар. Археологиядағы қазба әдісін физикалық зерттеуде қолдануға болмайды, сол сияқты физика әдістері арқылы тілтану мүмкін емес т.с.с. Жалпы дүниетану әдістеріне келер болсақ, оларды ғылымның әрбір саласында белгілі бір зерттеу сатысында қолдануға болады. Ғылымның эмпириялық (тәжірибелік) сатысында қолданылатын жалпы әдістерге келер болсақ, оларға бақылау, экспериментті жатқызуға болады. Бақылау жөніндегі ойымызды жоғарыда айтқанбыз. Экспериментке келер болсақ, ол зерттелетін заттың әлі де болса ашылмаған қасиеттерін білу үшін, оны жасанды жағдай жасау арқылы зерттеу болып табылады. Оны кейбір кезде «табиғатты тергеу» дейді. Бүгінгі таңдағы эксперименттерде ғылыми аспаптар мен жабдықтар кеңінен пайдаланылады. Теориялық деңгейде қолданылатын жалпы әдістерге дерексіздендіру, жалпылау, анализ бен синтез, индукция мен дедукция, экстраполяция, үлгілеу, тарихтық және қисындық, дерексіздіктен нақтылыққа өрлеу т.с.с. жатады. Абстрактілеу (дерексәздендіру) дегеніміз зерттеліп жатқан нысанның кездейсоқ мәнсіз жақтарын ой арқылы «жақшаға алып», мәнді, керектілерін жинақтап, сақтау болып табылады. Жалпылау – жинақталған жақтардың жалпы, бәріне бірдей ортақ қасиеттерін табу, сол арқылы олар жөнінде ұғымдану. Анализ – зерттеліп жатқан заттың құрамдас бөліктерін ашып, олардың қасиеттерін зерттеп, талдау. Синтез – заттың зерттелген құрамдас бөліктерін ой арқылы қайта біріктіріп, олардың бір-бірімен байланысын анықтау. Индукция – белгілі бір текке жататын заттардың қасиеттерін зерттеу арқылы жекеліктен жалпылыққа өрлеу. Дүние шексіз болғаннан кейін, индукция әрқашанда толық емес. Дедукция – жалпылықтан жекелікке өту. Кеңінен математика, юриспруденция, қисында қолданылады. 463 Экстраполяция – белгілі бір жеке ғылымның әдістемелерін, я болмаса тұжырымдарын соған жақын ғылым саласына тарату, сол арқылы жаңалықтар ашу. Мысалы, этика мен құқық ғылымдары нормативтік пәндер болғаннан кейін, бірінің нәтижелерін екіншіге пайдалануға болады (әрине, салыстырмалы түрде). Үлгілеу (модельдеу) – кеңінен жаңа техника, я болмаса технологиялар жасағанда қолданылады. Мысалы, жаңа ұшақтың ең алдымен қуыршақ үлгісін жасап, аэродинамикалық құбырдан өткізіп, оның ұшу қасиеттерін тексереді. Содан кейін барып, шынайы жаңа ұшақтың сынағы басталады. Тарихтық және қисындық әдістер де бірге қолданылады. Белгілі бір заттың қалайша дүниеге келгенін, қандай нақтылы сатылардан өткенін, сол жолда басқа заттардың оның даму жолын қалай бұрмалағанын т.с.с. біз тарихи әдіс арқылы зерттейміз. Ол, әрине, ең алдымен қоғам өмірін зерттегенде кеңінен қолданылады. Мысалы, тарихи әдіс арқылы қазақ елінің дербестік алғаннан бері қандай сатылардан өткенін, оның даму жолында қандай кедергілердің болғанын, бүгінгі таңда қандай деңгейге көтерілгенін тарихшылар егжей-тегжейлі зерттеуде. Қисындық деп заттың ішкі табиғатынан, Аристотельдің сөзімен айтсақ, энтелехиясынан шығатын түзу жолды айтамыз. Яғни қисындық дегеніміз – қысқартылған тарихтық. Соңғы – қисындықтың өзге болмысы. Абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу әдісі – ғылымдағы кең қолданылатын және де қиын тәсіл. Оны жете түсіну үшін «сезімдік нақтылық», «ой нақтылығы» деген ұғымдардың мәнін ашып алуымыз керек. Көз алдымызда күнбе-күн кездесетіннің бәрін біз түйсіктеріміз арқылы біртұтас зат ретінде қабылдаймыз. Оны біз сезімдік нақтылық дейміз. Ол бізге заттың терең ішкі мәні жөнінде ештеңе айтпайды. Ой нақтылығы дегеніміз зерттелген заттың дерексіз ұғымдар арқылы ішкі жан-жақты байланыстары мен қатынастарының бірлігін, олай болса, оның мәнін ашатын әдіс болып табылады. Ой нақтылығына жету үшін ең алдымен сезімдік нақтылықтан дерексіз ұғымдарды жасауға өрлеу қажет. Ол үшін жоғарыдағы көрсетілген біршама тәсілдерді пайдаланып, белгілі бір тектегі заттардың ішкі қасиеттерін бөлек-бөлек көрсететін дерексіз ұғымдарды жинақтаймыз. Яғни сол саланы бейнелейтін санаттық (ұғымдық) жүйе жасалуы қажет. Бірақ бұл жасалған жүйенің кемшілігі – оның дерексіздігінде. Мысалы, бүгінгі таңдағы саясаттану ғылымында жүздеген ұғымы бар дерексіз демократия теориясы бар. Ал осы демократия теориясын нақтылай келгенде, ол әр елде әртүрлі келбетімен көрінеді. Өйткені әр елдің өз тарихи жолы, мемлекет жөнінде жинақтаған тәжірибесі, әдет-ғұрпы, соған сәйкес ділі (ой өрісі) т.с.с. бар. 464 Сондықтан қазақ еліндегі демократиялық үдерістің нақтылы теориялық үлгісін жасау үшін, сол дерексіз ұғымдарды пайдаланып, дерексіздіктен нақтылыққа өтуге болады. Сонда ғана біз ой нақтылығына өтеміз.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет