Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ БЕРУ



Pdf көрінісі
бет27/32
Дата22.02.2017
өлшемі5,03 Mb.
#4699
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ БЕРУ 
БАҒДАРЛАМАСЫНДА БАЛАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК 
ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЖЕТІСТІКТІ 
ТҰЛҒАСЫНЫҢ САПАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
МҮМКІНДІКТЕРІ 
 
Мақалада  мектепке  дейінгі  тәрбие  беруде  әлеуметтік  функционалды  
мүмкіндіктерді  ақпаарттық  технологиялар  мен  ойын  элементтерін  қолдана 
отырып дамыту жолдары қарастырылған.            
                 
Түйінді  сөздер:  ақпарат,  технология,  әлеуметтік,  функционалдық, 
құзыреттілік, дамыту.  
 
Білім  –  адам  санасының  дамыған,  сапалы  қорытынды  жасайтын  үлкен 
кемелденген түрі. Яғни білімнің басталатын кезеңі мектепке дейінгі білім және 
тәрбие  беруден  басталатыны  сөзсіз. ХХІ  ғасыр  –  ғылым  мен  техниканың 
дамыған кезеңі. Заман талабына сай қазіргі білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен 
жаңалықтар  соның  нәтижесі.  Бүгінгі  білім  беру  үрдісінде  жаңа  ақпараттық 
технологияны пайдалану және оны мақсатты түрде жүзеге асыру – ақпараттық 

294 
 
қоғам дәуірінің негізгі көзі. Мектепке дейінгі білім және тәрбие беруде баланы 
жаңа  технологияға  баулу  арқылы,  оның  болашақтағы  өмір  белесіне  жол 
бастауға  дұрыс  қызмет  атқаруға  негіз  салынады.  Баланың  әлеуметтік  және 
функционалдық  жетістікті  тұлғасының  сапасын  қалыптастыру  мүмкіндіктерін  
жаңа іске жұмылдыруға, жүйенің өзіндік әдіс-тәсілдері де жеткілікті.  1 кестеде 
функционалдық сауаттылық кезеңдері берілген.  
 
Кесте 1 - Функционалдық сауаттылық кезеңдері 
 
Функционалдық 
сауаттылық 
кезеңдері 
 
 
 
 
 
Пән бойынша базалық білімді меңгерту 
Алған білімді жүйелеу 
Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру 
Жалпы оқуға деген ынтасын қалыптастыру 
Жаңа заманға сай болуы 
Оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамыту 
Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамыту 
Оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті 
Бұл  кезеңдердің  мектепке  дейінгі  білім  және  тәрбие  беруде  таптырмас  
білім      жүйесі  екені  рас.    Біріншіден,  оқушыларға  оқу  материалдарымен 
өздігінен  жұмыс  істегенде  әдістемелік  көмек  беру.  Бұл  технологияны  оқу 
материалын  хабарлау  және  оқушылардың  ақпаратты  меңгеруін  ұйымдастыру 
арқылы,  көзбен  көру  жадын  іске  қосқанда  арта  түсетін  қабылдау 
мүмкіндіктерімен  қамтамасыз  ететін  әдіс  деп  қарауға  болады. Оқушылардың 
көпшілігі  естігенінің  5%  және  көргенінің  20%  есте  сақтайтыны  белгілі, 
сондықтан баланы кішкентайынан бастап, білім нәріне сусындата білсек, бұның 
өзі білім жиегіне қанат қағуға өз септігін тигізеді. 
Оқушыларды 
білімге 
қызықтырудың  бір  амалы, 
электрондық 
окулықтардың жеткілікті болуы. Ол үшін мұғалімдердің өзі жаңа заманға ілесе 
білуі шарт.   Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, 
тарихи  танымдық,  педагогикалық  –  психологиялық  сауаттылық,  саяси 
экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.   Ол заман 
ағымына  сәйкес  білім  беруде  жаңалыққа  жаны  құмар,  шығармашылықпен 
жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер 
меңгерген  жан  болғанда  ғана  білігі  мен  білімі  жоғары  жетекші  тұлға  ретінде 
ұлағатты  саналады.  Мектепке  дейінгі  балаларды    алдымен  жаңа  технологияға 
теориялық  тұрғыда  дайындау  керек  сынды.  Түрлі  ойындар  өткізу  арқылы 
сабақты  өзгеше  арнаға  жетілдірудің  өзі  –  жаңа  заманның  жетістігі.  Жаңа 
технологияның  бізге  ұсынып  отырған  тағы  бір  жетістігі  бұл  әрине 
мультимедиялық оқулығымыз - электрондық оқулық. Білім берудің кез келген 
саласында  танымдық  белсенділікті  арттырып,  ойлау  жүйесін  қалыптастыруға 
шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайтын – электрондық оқулық. 
Электронды оқулықтың білім берудегі пайдасы: 
-
 
Топтық жұмыс жасауда; 
-
 
Еркін сөйлеуге үйретеді;  

295 
 
-
 
Еске түсіріп, қайталау үшін таптырмас құрал ретінде; 
-
 
Білім өзегін алуда; 
-
 
Заман талабына сай;  
-
 
Ұтымдылығы жоғары. 
Электрондық  оқулықты  пайдалану  мұғалімнің   ғылыми-әдістемелік 
потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр 
сатысында  компьютерлік  тесттер  арқылы  оқушыны  жекелей  бақылауды, 
графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық , бейне және дыбыс 
бөлімдерінің  бағдарламасы  бойынша  алатын  жаңалықтарды  іске  асыруға  көп 
көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда 
пайдалану ыңғайлы және оларда  өзін-өзі тексеру жүйесі бар.Осы электрондық 
оқулықтың артықшылығы болып табылады. Мұғалім үшін электрондық оқулық 
бұл күнбе-күн дамытылып  тұратын  ашық  түрдегі  әдістемелік жүйе, оны  әрбір 
оқытушы  өз  педагогикалық  тәжірибесіндегі  материалдармен  толықтыра 
отырып, ары қарай жетілдіре алады. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың 
бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып 
табылады.  Бейнеклиптер  уақыт  масштабын  өзгертуге  және  көріністерді  тез 
және  жай  түрде  көрсетуге  пайдалы.  Электрондық  оқулық  таңдап  алынған 
хабарды  көшіруге  мүмкіншілік  туғызады.  Электрондық  оқулық  арқылы  түрлі 
суреттер,  видеокөріністер,  дыбыс  және  музыка  тыңдатып  көрсетуге  болады. 
Бұл  әрине,  мұғалімнің  тақтаға  жазып  түсіндіргенінен  әлдеқайда  тиімді,  әрі 
әсерлі.  Меңгерілуі  қиын  сабақтарды  компьютердің  көмегімен  оқушыларға 
ұғындырса,  жаңа  тақырыпқа  деген  баланың  құштарлығы  оянады.  Жаңа 
технологияға келудің бірден бір жолы ол баланы ойын сабағына баулу арқылы 
жүзеге  асады.  Сонда  ғана оқушы  түпкілікті дәрежеде сабақ  кестесін  толықтай 
меңгереді. Мектепке дейінгі оқушылардың белсенділік көрсетуі  сабақ кезінде 
өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен 
зерттей  білуге  үйренуі  керек.  Білімді  алуда  іс  -  әрекетке  үйренген  баланың 
бойында  алған  білімі  ұзақ  уақыт  сақталады  және  ол  жұмыс  істеуге,  ізденуге, 
таңдауға,  т.  б.  үйренеді.  Сол  үшін  ескі  дәстүрлі  сабақтан  қашып,  ең  озық, 
тәжірибеден  өткен  технологиялардың  бірінің  тиімділігін  сәйкес  таңдау 
қажеттілігі туады. Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып 
келеді. Ал зерігу болған жерде шығармашылыққа жол жоқ. Сол себепті «Ойын 
технологиясын  қолдану  арқылы  даярлық  және  бастауыш  мектептің 
сабақтарында ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту» қағидасына сүйенуге болады. 
Әрбір  ұстаздың  мақсаты  -  сабақ  сапасын  көтеру,  түрлерін  жетілдіру, 
сабаққа  оқушының  қызығушылығын  арттыру.  Сондай  -  ақ  бүгінгі  таңда 
елімізде  оқыту  мазмұны  жаңартылып,  сабақтарда  озық  технологияларды 
қолданудамыз.  Сондай  технологияның  бір  түрі  -  «Ойын  арқылы  оқыту» 
технологиясы. «Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі 
мектепке  дейінгі  білім  және  тәрбие  беруден  қаланатыны  белгілі.  Мектепалды 
даярлық  сыныптағы  әртүрлі  пәндер  оқушы  білімін  дамытып,  танымдық 
қабілетін  сомдауға  үлкен  үлес  қосады.  Балаларды  оқытуда  және  тәрбиелеуде 
ойынның ролі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді. Алдыңғы 

296 
 
қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс - әрекет 
деп  түсінеді.    Ойын  балалар  үшін  оқу  да,  еңбек  те  болып  табылады.  Ойын  – 
айналадағы  дүниені  тану  тәсілі.  Ойын  балаларға  өмірде  кездескен 
қиыншылықтарды 
жеңудің 
жолын 
үйретіп 
қана 
қоймайды, 
ұйымдастырушылық  қабілетін  қалыптастырады.  А.С.Макаренко:  «Ойын  - 
балалар  өмірінде  өте  маңызы  зор  нәрсе,  үлкендердің  қайраткерлігі,  жұмысы, 
қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды, ойында 
бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе сондай болады, сондықтан 
болашақ  қайраткер,  ең  алдымен,  тәрбиені  ойын  арқылы  алады»  деп  балалар 
ойынын жоғары бағалаған. 
Тиімді  қолданылған  ойын  мұғалімнің  түсіндіріп  отырған  материалын 
оқушылардың  зор  ынтамен  тыңдап,  берік  меңгеруіне  көмектеседі.  Өйткені 
мектепке дейінгі балалардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады.  
Қызықты  ойын  түрінен  кейін  олар  тез  сергіп,  тапсырманы  жылдам 
орындауға  машықтанады.  Сабақта  және  сабақтан  тыс  уақытта  қолданылатын 
ойындарды  негізгі  сабақта  да  қолданса  оқушылардың  білім  алуда 
қызығушылығы  артады.  Әрбір  ойынның  бала  үшін  білімділік  мақсаты  ғана 
емес,  тәрбиелік,  танымдық  мақсаты  зор.    Ойын  жүйесі  баланың  келешекте 
білікті  маман  иесі  болу  үшін  де  қажетті  таңдалған  жоспар  бөлшегі. 
Президентіміз  Н.Ә.Назарбаевтың  2030  жылға  дейінгі  бағдарламасын  іске 
асыруға  белсене  қатысатындар,  кең  байтақ  Қазақстанның  байлығына  ие 
болатындар,  сол  байлықты  өз  иелігіне  жұмсайтындар,  сөз  жоқ,  қазіргі  мектеп 
қабырғасында  жүрген  біздің  оқушыларымыз  екеніне  ешкім  күмән  келтіре 
алмайды.  Сондықтан  әр  мұғалімнің  алдына  қойған  мақсаты  –  оқушыларға 
ұлттық  педагогикалық  тәрбие  мен  білім  берумен  қатар  олардың 
шығармашылық  қабілеттерін  арттыру  болып  табылады.  Сол  себепті  сабақты 
идеялық  жағынан  ғылыми  негізде,  өмірмен  байланысты  ұйымдастыру 
оқушының  қызығуын,  білім  құмарлығын  таныту,  әр  сабақта  оқушыларды 
ойлануға,  өздігінен  ізденіс  жасауға  баулып,  ойын  ауызша,  жазбаша  жинақтап 
баяндай  білуге,  мәдениетті  сөйлеуге  үйрету  арқылы  ұлттық  әдет  -  ғұрыпты 
бойына сіңіруге дағдыландыру - әрбір ұстаздың абыройлы борышы. Бұл ретте 
ғасырлар бойы қолданылып, сұрыпталып, тұрмыс пен өмір тәжірибесі сынынан 
өткен  салт  -  дәстүріміз  педагогикалық  әдіс  -  тәсіл  ретінде  пайдаланылады.  
Жаңа  технологияны  білім  беру  саласында  тиімді  пайдалану  оқушылардың 
өзіндік  жұмысының  сапасын  арттыруға  көмектеседі.  Тәуелсіз  Қазақстанның 
келешегі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ  – ұлттың ұлт болып қалуының 
кепілі.  Сондықтан  еліміздің  ертеңгі  ұрпақтарының  құзіреттілігін  арттыру 
мұғалімнің міндеті екенін ұмытпауымыз керек. 
Жалпы  орта  мектеп  жағдайында  мектепалды  білім  берудің  сапасын 
арттыру жолында ең бірінші атқарылатын жұмыс жаңа заман құралдарын жетік 
білу және оқушыны білім алуға деген құштарлығынан арылмауға баулу болып 
табылады.  Сондықтан  ойын  жүйесінің  болашағы  зор  екеніне  сенімім  мол.  Ал 
бұл  ойындардың  басым  көпшілігі  өз  мәдениетімізбен  дәстүріміздің 
айналасында топтасса құба-құп болар еді.  Ұлттық ойын ойнау баланың салт - 

297 
 
дәстүріне, әдет - ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік 
құндылықтарын  қалыптастырады.  Мәселен,  ұнамды  әдеттер  -  өзара  қарым  - 
қатынастар,  адамгершілік  сезімдері  дамиды.  Еңбек  ету  барысында 
ұйымшылдық,  жауапкершілік,  парыздық  сезімдер  сияқты  қасиеттер 
қалыптасады.  Мысалы:  «Тобық»  ойыны  арқылы  кітап  оқуға  қызығушылығы 
артады,  ізденеді,талпынады,еске  сақтау  қабілеті  дамиды..  Оқушының  бәрі 
жақсы  оқығысы  келеді.  Бірақ  олардың  ақыл  -  ой  қабілеті  бағдарламадағы 
берілген материалды ұғуға бірдей емес. Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің 
түсіндірген  сабағын  тез  ұғады,  кейбіреулері  керісінше.  Барлық  оқушыны 
білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой 
ұшқырлығын  дамыту,  өзіндік  пікір  айтуға  жағдай  жасау          еркін   
шығармашылыққа жетелейді.   
Сондықтан: бала  <-- >  бала, бала <-- > ересек адам, 
отбасы  <--  > бала, бала  <-- >  әлеуметтік  орта  қарым- қатынастарын үйлестіру 
арқылы төзімді мінез-құлықты ерте бастан тәрбиелеуіміз қажет. 
Мектепалды 
даярлық 
тобындағы 
бүлдіршіндерді                                                                                                                                                                                                                                                  
әлеуметтік тұлғалық дамыту: 
а)  Қоршаған  әлеуметтік  және  табиғи  ортаға  адамгершілік  қарым-
қатынасты тәрбиелеу; 
ә) Қазақстан Республикасының рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу 
(елтаңба, ту, әнұран); 
б) Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік қасиеттерін ( ұлттық 
мақтаныш сезімі, адамдарға адамгершілікпен қарау, адамгершілік мінез-құлық )  
қалыптастыру; 
в)  Қазақстан    Республикасында  тұратын  халықтардың  мәдениетіне 
сүйспеншілігін тәрбиелеу; 
г)  Еңбек  түрлеріне  жауапкершілікпен  қарау.  Өз  еңбегінің  басқалар  үшін 
маңыздылығын түсінуге тәрбиелеу. 
Оқушы  қоршаған  табиғи,  әлеуметтік  ортаға  тәуелді  бола  отырып,  бос 
уақытында  белгілі  бір  нәрсеге  мәдени  құндылықтарды  игеру  нәтежесінде  қол 
жетеді. Бұдан туындайтын қорытынды, адамгершілік қасиеттері жетік дамыған, 
мәдениетті,  терең  білімді  оқушы  шығады.  Осындай  жағдайда  оның 
дүниетанымы  мен  сенімі,  арманы  мен  талғамы,  мәдени-тынығу  әрекеттерге 
деген қызығушылығы қалыптасады.  
Жалпы  білім  берудің  мақсаты  –  терең  білімнің,  кәсіби  дағдылардың 
негізінде  еркін  бағдарлай  білуге,  өзін-өзі  дамытуға  адамгершілік  тұрғысынан 
жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға, яғни 
жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  негізделген,  ақпаратты  технологияны  терең 
меңгерген,  жылдам  өзгеріп  жататын  бүгінгі  заманға  лайықты,  жаңашыл 
тұлғаны  қалыптастыру  болып  табылады.   Қай  халықтың,  қай  ұлттың  болсын 
толығып  өсуіне,  рухани  әрі  мәдени  дамуына  басты  ықпал  жасайтын  тірегі  де, 
түп  қазығы  да  –  мектеп.  Мектептердің  білім  деңгейін  көтеру  және  онда 

298 
 
ақпараттық  технологияны    пайдалану  арқылы  оқу  –  тәрбие  процесін  тиісті 
деңгейге  көтеру,  мектеп  ұстаздарының,  басшыларының,  педагогикалық 
ұжымның  жүйелі  басшылыққа  алған  бағыты  деп  есептейміз.  Ақпараттық 
технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, 
шығармашылығы  мол,  еркін  дамуына  жол  ашатын  педагогикалық, 
психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Сондықтан адам 
баласы  жаңа  дүниеге  ұмтылу  арқылы  өзінің  бағыт-бағдарын  бір  арнаға  қоя 
алады.  Себебі  өмір  бастауларының  басқы  баспалдағы  бастауыштан  қаланады.  
Бастауыш  өмір  айнасы.  Алғашқы  табалдырық  негізі  қалай  басталса  өмір 
жорығы  да  солай  өрнектеледі.  Білім  негізі  бір  арнаға  топтастырылып  арнайы 
жүйе  негізінде  атқарылса  онда  білім  негізінің  гүлденгені.  Ұлт  болашағын 
ойлау,  мектеп  дүниесінің  бастапқы  мектепалды  арнасынан  басталады.  Яғни, 
мектептің адами бағытының белгілі алтын тұғыры – бастауыш. 
 
Библиографиялық сілтемелер 
1.  Жұмабекова  Ф.Н.  Мектепке  дейін  білім  беру  мазмұнын  жаңартудың   
педагогикалық-әдіснамалық негіздері - Астана.2010 ж.        
2.Абрамова Г.С. Практическая психология- М. 2002 г.  
3.Қабдықайырұлы  Қ.,  Монахов  В.  «Оқытудың  педагикалық  жаңа 
технологиясы» - Алматы. 1999 ж. 
4.  Бердеш  Ш  «Бастауыш    сынып  оқушыларының  сыни  ойлауын 
қалыптастыру   жолдары» //Бастауыш мектеп. - №4. - 2012ж. 
 
 
Рымкуль Толеубаевна Жеткенбаева 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша  
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 
Қазақстан, Қарағанды 
 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ МЕКТЕПТЕГІ ОҚУҒА 
ДАЙЫНДЫҒЫНЫҢ АСПЕКТІЛЕРІ 
 
Бұл  мақалада  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  мектептегі  оқуға 
дайындығының  кейбір  аспектілері  баяндалады.  Белгілі  психолог-педагог 
ғалымдарының  балаларды  мектепке  дайындау  проблемалары  бойынша 
зерттелген теориялық және практикалық еңбектерінде көрсетілген балалардың 
мектепке бейімделу жағдайлары қарастырылған. 
 
Басты  сөздер:  мектеп  жасына  дейінгі  бала,  мектепте  оқуға  дайындық, 
физиологиялық дайындық, интеллектуалдық дайындық, тұлғалық дайындық. 
 
Қоғамның әлеуметтік тапсырысына сәйкес заманауи әлемге табысты кіру 
үшін  білім  беруде  мүмкін  болғанша  ертерек  игеру  керек  білімдердің 

299 
 
күрделілігінің  арту  тендециялары  байқалады.  Бұл  ең  алдымен  бастауыш 
мектептің  білім  беру  үрдісінің  ұйымдастырылуы  мен  мазмұнының 
өзгертілуінде орын табуда. Осыған сәйкес мектепалды тобындағы балалардың 
мектепке дайындығының сапасына талаптардың өзгеруі мен өсуі байқалады. 
Қазіргі  таңда  мектептегі  оқытудың  басты  сипаттамасының  бірі  оқушының 
тиімді  ойлауын  қалыптастырудың  бағыттылығы.  Мұндай  ойлаудың  өзіне  тән 
ерекшеліктері бастыны, маңыздыны бөлу, өзара байланысты, үйлестікті өткізу, 
талдай,  жалпылай  алу,  ақпараттық  ағымда  бағытталу  және  қажетті  ақпаратты 
іздеу болып табылады. Бұл жаңа міндет мектептегі ұйымдастыру технологиясы 
мен  мазмұнын  жаңартудың  керектігімен  шектелмей,  баланы  мектепке  оқуға 
дайындаудың сәйкес технологияларын жүзеге асыруға әкеледі.  
Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  мектепте  оқуға  дайындығының 
сұрақтары  қазіргі  таңда  ғалымдар  мен  практикаға  бағытталған  мамандардың 
назарын  тартатын  өзекті  проблемалардың  бірі  болып  табылады.  Осыған  орай 
мектепте балалардың оқуға дайындығының критерийлері негізделіп зерттелуде.  
Көптеген  зерттеушілердің  пікірі  бойынша  мектепте  жүйелі  түрде  оқуға 
психологиялық дайындық – мектепке дейінгі балалық шақтағы бала дамуының 
қорытынды нәтижесі. Оны келесі жас кезеңінің фундаменті деп айтуға болады. 
Баланың мектепке баруын қай кезде болмасын педагог және психолог қауымы 
бала  өмірінің  жаңа  бастауы  ретінде,  оның  әлеуметтік  ортада  жаңа  орын  алуы 
деп қараған. Баланың оқу әрекетіне дайындығын Л.И.Божович, оның әлеуметті 
маңызы  және  әлеуметті  бағаланатын  қажеттілігінің  өсуімен  байланыстырады 
[1]. 
Оқуға  жеткілікті  дайындық  ойлау  іс-әрекетінің  белгілі  деңгейінен, 
танымдық  қызығушылықтан,  тәртіптің  ерікті  реттелуінен  қалыптасады.  Бұл 
балаларға өзінің тәртібін басқаруға мүмкіндік береді және 1 сыныпқа келгенде 
бала  бірден  жалпы  іс  -  әрекетке  кірісіп,  мектеп  және  мұғалімдер  қойған 
талаптар  жүйесін  қабылдауы  үшін  қажет.  Танымдық  іс  -  әрекеттің  еркіндігіне 
келетін болсақ, ол мектепке дейінгі ересек жаста қалыптасса да, бірақ мектепке 
түсу кезінде әлі де толық даму деңгейіне жетпейді [2]. Көптеген мамандардың 
пікірі бойынша мектепке дейінгі жастың аяғына дейін баланың ерікті тәртібінің 
реттелуінің 
жеткіліксіз 
қалыптасуы 
қазіргі 
балалардың 
мектепке 
дайындығының әлсіз буыны деп қарастырады.  
Мектеп жасына дейінгі баланың мектептегі оқуға дайындығы үш дәстүрлі 
аспектісін  қарастырады:  физиологиялық,  интеллектуалдық  және  әлеуметтік-
психологиялық [2]. 
Мектепте  оқуға  физиологиялық  дайындық  мектеп  жасына  дейінгі 
баланың  көптеген  жағдайларға  байланысты  денсаулығының  күйі  мен 
функционалдық мүмкіндіктерін сипаттайды.  
Физиологиялық  дайындық  бала  ағзасының  қызметі  мен  денсаулық 
жағдайының  даму  деңгейімен  анықталады.  Баланың  мектепке  дайындығын 
дәрігерлер  арнайы  өлшемдермен  белгілейді,  мектепте  оқуға  психологиялық 
және  физиологиялық  дайындығын  анықтау  кезінде  денсаулық  жағдайы  басты 

300 
 
назарда  болуы  шарт.  Өйткені  баланың  білімді  игеруге,  оқуға  деген 
қызығушылығы басым болғандығымен, денсаулығы сәйкес келмеуі мүмкін. 
Интеллектуалдық дайындықтың  компоненті  балада ой  - өрісінде нақты 
білімдер  қорының  болуын  қарастырады.  Бала  бірқалыпты  және  бөлшектенген 
таңдамалы  қабылдауды  (дифференцированное  восприятие,  қаз.ауд.  Қ. 
Жарықбаев), қарастыратын материалға теориялық тұрғыдан қарау элементтерін 
қолдана  білуді,  ойлаудың  жинақтаушы  түрлерін  және  негізгі  логикалық 
амалдарды,  түсініп  еске  сақтауды  меңгеруі  қажет.  Сонымен  бірге, 
интеллектуалдық  даярлық  балада  оқу  іс  -  әрекет  саласында  бастапқы 
біліктіліктерін, жекелей алғанда, оқу міндетін бөліп алу және оны өзіндік іс - 
әрекетінің  мақсатына  айналдыру  біліктіліктерін қалыптастыруды  қарастырады 
[3]. 
Бастауыш  сыныптың  бағдарламасын  жүзеге  асыруға  керек  тиімді 
интеллектуалдық 
іс-әрекетті 
қамтамасыз 
ететін 
негізгі 
психикалық 
процесстердің даму деңгейін де интеллектуалды дайындық деп түсінеді.  
Е. И. Роговтың түсінігі бойынша мұндай психикалық процесстер:  

 
сенсорлық  ақпаратты  қабылдаудың  жеткілікті  таңдамалығы,  жақсы 
сенсомоторлық үйлестігі;  

 
аналитикалық ойлаудың негізін қалаушы сыртқы құбылыстар мен негізгі 
нышандардың арасындағы байланысты құру қабілеттілігі;  

 
механикалық ойлудың рөлінің төмендеуі мен жақсы дамыған ерікті ес;  

 
қолдың ұсақ моторикасының жеткілікті дамуы; 

 
жеткілікті  дамыған  фонематикалық  естудің  негізінде  сөйлеу  тілін  есту 
арқылы игеру;  

 
дамыған  танымдық  уәждеме  негізінде  жаңа  білімді  алу  үшін  күш  салу 
қабілеттілігін қамтамасыз ететін баланың уәждемелік жүйесінің жетілуі [4]. 
Қорыта  келе,  мектепте  оқытуға  интеллектуалдық  даярлықты  дамыту  келесі 
жағдайларды қарастырады деуге болады: 

 
таңдамалы қабылдау; 

 
аналитикалық ойлау  (құбылыстар  арасындағы негізгі  белгілер  мен  өзара 
байланыстарды танып білу қабілеті, үлгіні қайталай алу қабілеті); 

 
қоршаған ортаға нақты көзқарас (қиялдау фантазия) ролінің әлсіреуі; 

 
логикалық есте сақтау

 
білімге, қосымша күш салу есебінен оны алу процесіне қызығушылық; 

 
естіп қабылдау арқылы сөйлеу тілін меңгеруі және символдарды түсінуге 
және қолдануға қабілеті. 
Л.И.Божовичтің көрсеткеніндей «Баланың жеке басының жан-жақты белгілі 
дәрежеде дамуы, мектептегі оқуға психологиялық дайындық түсінігіне кіреді», 
ал  В.В.Давыдовтың  пікірі  бойынша  «Мектеп  оқуына  дайын  баланың  жеке 
басының  барлық  ерекшелігімен,  яғни  оның  ақыл-ойымен,  эмоциясымен, 
жігерімен,  адамгершілігімен,  физикалық  және  басқадай  қасиеттерімен 
байланысты» [5].  
Әлеуметтік-психологиялық  дайындық баланың  жаңа әлеуметтік  позиция 
–  мектеп  оқушысы  статусын  қабылдауға,  оның  құқығын  біліп,  міндеттерін 

301 
 
орындауға  дайындығын  қалыптастыру.  Бұл  тұлғалық  дайындық  баланың 
мектепке,  оқу  іс  -  әрекетіне,  мұғалімдерге,  өзіне  деген  қарым-қатынастардан 
байқалады.  Тұлғалық  дайындыққа  мотивациялық  сфераның  белгілі  бір  даму 
деңгейі де кіреді. Болашақ оқушы өзінің тәртібін, мінез – құлқын, танымдық іс - 
әрекетін  еркін  басқаруы  қажет  және  бұл  қалыптасқан  иерархиялық  түрткілер 
жүйесінде  мүмкін  болады.  Тұлғалық  дайындық,  сонымен  бірге  баланың 
эмоционалды  аясының  даму  деңгейін  де  қарастырады.  Бала  мектептік 
оқытудың  басында,  оқу  іс  –  әрекетінің  дамуы  және  өтуіне  жағдай  туғызатын 
салыстырмалы түрде жақсы эмоционалдық тұрақтылыққа жетуі қажет. 
Л.И.Божовичтің пікірі бойынша уәждемелік аяның дамытылуының белгіленген 
деңгейі  мектептегі  оқуға  тұлғалық  дайындықтың  маңызды  компоненті.  Ол 
оқыту уәждемесінің екі тобын қарастырған: 

 
қарым-қатынастағы қажеттілікпен байланысты уәждемелер; 

 
интеллектуалдық белсенділіктегі қажеттілікпен байланысты уәждемелер. 
Осы  екі  топтың  синтезі  автордың  пікірі  бойынша  «оқушының  ішкі 
позициясын» қалыптастырады [1]. 
Жоғарыда  айтылғанды  жалпыласақ  мектепке  дайындық  тұлғалық, 
интеллектуалдық  және  тіл  дамытуының,  физикалық  даму  мен  денсаулық 
жағдайының  сонымен  қатар  көру-моторлы  үйлестігінің  белгілі  деңгейі  кірген 
бала дамуының интегралды сипаттамасы деп айтуға болады.  
Психологиялық  әдебиетте  оқу  іс-әрекетін  табысты  игеру  үшін  керек 
ерікті  тәртіптің  нақты  деңгейінің  болуының  маңыздылығы  туралы  және 
интеллектуалдық пен уәждемелік дайындықтың ролі баса айтылады. 
Алайда  ересек  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  мектепке  дейінгі  өмірінің 
мектептегі  өмірден  айырмашылығын  ескеру  керек.  Өйткені  балаға  бұрын 
айналысқан  істен  түбегейлі  айырмашылығы  бар  жүйеге  бейімделуге  тура 
келеді. Оған әлеуметтік белгіленген тәртіптің жаңа жүйесіне сәйкес өз тәртібін 
құруға  үйрену  керек.  Мектеп  жасына  дейінгі  бала  енді  оқушы,  және  бұл 
жауапты  кезеңді  баланың  келешектегі  өмірі  мен  денсаулығына  әсері  мен 
маңыздылығы жоғары оқу орнына түсу немесе отбасы құруымен салыстыруға 
болады. 
Мектептегі оқудағы өмірдің барлық кезеңдерінің мектепке дейінгі өмірден 
ерекше айырмашылықтарын атап шықсақ, олар:  

 
мектептің  нақты  белгілі  ырғағы:  сабақтар  (45  минут)  және  қысқа 
үзілістер (10 минуттан 15-20 минутке дейін), бұл ырғақты бұзуға болмайды

 
мектептегі  ырғақтың  әр-түрлі  фазасындағы  тәртіптің  ерекшелігі: 
сабақтарда белгілі, реттелген ал үзілістегі спонтанды; 

 
сабақ кезіндегі баланың түсінуі мен қабылдауына керек әлеуметті-ролдік 
қатынастар яғни мұғаліммен сюжетті-ролдік қатынастарға бейімделуі; 

 
баламен үнемі мектеп өмірінің тәртібін сақтау керектігі, құрдастарымен 
жанжалды  қатынастардығы  ұтылу  жағдайында  ата-ана  жағынан  қорғаудың 
болмауы; 

 
әр  оқушының  табыстылығының  тұрақты  және  болмай  қалмайтын 
мектептің бағалау жүйесін қабылдау мен игеру [2]. 

302 
 
Сонымен,  мектептегі  баланың  өмірлік  іс-әрекетінің  басты  ерекшеліктері  – 
баламен тәртіптің спонтанды және импульсивті түрлеріне өтуінің мүмкінсіздігі, 
мұндай  жағдай  мектепке  дейінгі  жаста  да  болу  мүмкін.  Егерде  бала 
балабақшаға бармаған жағдайда оның бейімделуі өте күрделі өтеді және үлкен 
психикалық кернеуді талап етеді. Балабақшадағы оқудан өткен мектеп жасына 
дейінгі балалар оқушының ролін қабылдауға көбірек дайын.  
Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 
стандартына  сәйкес  балабақшаның  мектепалды  топтары  мен  мектептегі 
мектепалды  сыныптарында  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  жоспарлы, 
жайлап  оқу  іс-әрекетін  игеруге  дайындығы  іске  асырылады.  Бастауыш 
мектептің  оқу  іс-әрекетіне  ауырпалықсыз  өтуге  мүмкіндік  беретін  МДҰ-ғы 
ұйымдастырылған  іс-әрекеттегі біліктердің қалыптасу  жүйесінің  ұйымдастыру 
шарты болып сабақтың ойындық біріктірілген түрлері және балаларда болатын 
интеллектуалдық шамадан тыс жүктемеге бақылау басты болып табылады.Осы 
орайда  М.Монтессори  педагогикалық  технологияларының  талаптарына 
негізделген  топтың  әлеуметтік  -  мәдени,  заттық  -  ойындық  орта  балаларды 
мектепке табысты дайындаудың сенімді фундаменті деп айтуға болады.  
Осыған  байланысты  «Өрлеу»  БАҰО»  АҚ  Қарағанды  облысы  бойынша 
филиалында  МДҰ  педагогтеріне  арналған  біліктілікті  арттыру  курстарының 
мазмұнында  М.Монтессори  педагогикалық  технологиясының  негіздері 
қарастырылады.  Курс  аясында  педагогтермен  балалардың  бірлескен  іс-
әрекеттері  мен  дамытушы  ортадағы  тәрбиенушілердің  өзіндік  іс-әрекетін 
қарастыратын  көшпелі  тәжірибелік  сабақтар  ұйымдастырылып,  М.  Монтесори 
технологиясының  баланың  мектепке  дайындығының  қалыптасуына  ықпалы 
талданады. Бұл мектепке дейінгі жастағы бала жаңа жүйедегі өзара қатынастың 
дағдыларына  иеленіп  оқушы  әлеуметтік  позициясына  дайын  болу  керектігін 
айқындайды. 
 
Библиографиялық сілтемелер 
1. Божович Л.И. Подготовка детей к школе. – М., Знание. 1987. – 78 c. 
2. Егенисова  А.Қ.  Балаларды  мектеп  оқуына  психологиялық  дайындау: 
Оқу – әдістемелік құрал. Ақтау, 2011. – 79 бет. 
3. Гуткина Н.И. Психологическая готовность к школе. – 4-е изд. – СПб.: 
Питер, 2004. – 208 c. 
4. Рогов  Е.И.  Настольная  книга  практического  психолога.  Книга  1: 
Система  работы  психолога  с  детьми  разного  возраста  М.:  Изд-во 
ВЛАДОС-ПРЕСС, 2003. — 384 c. 
5. Большой  психологический  словарь  под  ред.  Мещерякова  Б.Г., 
Зинченко В.П. – М.: Прайм-Еврознак, 2003. – 672 c. 
 
 
Мария Владимировна Кузьмина  
КГКП ясли – детский сад «Дәншік» 
 ВКО с.Самарское 

303 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет