Анар Сергазиновна Сапаргалиева
Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
501
Педагогика ғылымдарының магистрі
Өскемен қаласы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН
ЖЕТІЛДІРУДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ
ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Мақалада оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда
айқындалған құзыреттілік түрлері мен дамытылатын дағдылар және күтілетін
нәтиже болжанған. Оқушыларда мектеп қабырғасында қалыптасатын
функционалдық сауаттылықтың бір саласы оқу сауаттылығын дамытуға
бағытталған тапсырмалар легі қамтылған. Сонымен қатар осы бағытта сыни
ойлауды дамытудың құралдары ретінде оқылым әрекетіне қатысты әдіс-
тәсілдер, тапсырмалардың нақты үлгілері берілген.
Басты сөздер: оқушылар, функционалдық сауаттылық, құзыреттілік,
дамытылатын дағдылар, әдіс- тәсілдер, тапсырмалар.
Тәуелсіз еліміз үшін маңызды болып табылатын тағы бір стратегиялық
міндет - Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –
Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауындағы мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамытуға байланысты ұлттық жоспарды
қабылдауды нақты міндет етіп қоюы
[1].
Қазіргі заманғы ғылымның дамуы үшін тұлғаның ең басты функциялық
сапалары белсенділік, шығармашылықпен ойлауы және шешім қабылдай алуы,
кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілігі, өмір бойы білім алуға дайын тұруы
болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында
қалыптасатыны белгілі.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы ұғымын зерделеп көрсек,
бұл термин тұңғыш рет өткен ғасырдың 60-шы жылдары ЮНЕСКО
құжаттарында пайда болып, кейіннен зерттеушілердің қолдануына енген екен.
Функционалдық сауаттылық- білім берудің көп жоспарлы адамзат қызметімен
байланысы және оны біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі.
«Экономикалық ынтымақтастық және даму» ұйымының (ЭЫДҰ)
қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың
халықаралық бағдарламасы РІSА (Programmer for International Student
Assessment) функционалдық сауаттылықты бағалауға арналған неғұрлым
танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі болып табылады. РІSА 15
жастағы оқушылардың мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын
адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-
қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін
пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.
Бұл зерттеуде функционалдық сауаттылықтың үш саласы математикалық
және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, оқу сауаттылығы бағаланады. Ал
502
бұл зерттеу 2012 жылы өткенде біздің еліміз екінші рет қатысып, оқушылардың
нәтижелері оқу сауаттылығы бойынша 65 мемлекеттің ішінде 63-орынды
иеленгені белгілі болған. Бұдан шығатын қорытынды еліміздің төменгі
деңгейде болуы білім беру жүйесіндегі талаптарды өзгертуге, тек білімді
берумен шектелмей, оқушылардың ой-өрісін дамытуға, логикалық ойлануға,
сыни көзқарас қалыптастыра отырып, функционалдық сауаттылыққа баулу
құзыреттіліктерін қалыптастыруды міндеттейді
[2].
Осы міндетке сай бүгінгі таңдағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқу
бағдарламалары мен оқыту мақсаттары оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамытуға және негізгі, пәндік құзыреттіліктерге қол жеткізуге
бағытталған. Оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор десек, соның ішінде
қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Оқушыға халықтың өмір
шындығын, арман- тілектерін таныту, рухани- адамгершілік, мәдени-
эстетикалық т.б. тәрбие беру, өмірге көзқарасын, мінезін, жалпы оқу, ойлау
мәдениетін қалыптастыру – әдебиет пәнінің басты мақсаты. Әдебиет арқылы
оқушы бойында өмір туралы дұрыс талғам, түсінік қалыптасады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы оқушылардың функционалдық
сауаттылығын қалыптастырудағы іс-әрекеттерді қарастыра отырып, бірнеше
құзыреттілік түрлері айқындалды. Сондай- ақ осы құзыреттіліктер негізінде
дамытылатын дағдылар мен оларды іске асыруда қолданылып жүрген өз
тәжірибеміздегі әдіс- тәсілдерді, тапсырмаларды ортаға салуды жөн көрдік.
Кесте 1.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы
құзыреттілік түрлері мен оны жүзеге асыру жолдары
Құзыреттілік
түрлері
Дамытылатын дағдылар
Қандай іс-әрекет арқылы?
(тапсырма түрлері)
Ақпараттық
құзыреттілік
Мәліметті оқушының өз
бетімен табуы, талдауы, іріктеу
жасауы, түсіндіруі және
ақпаратты тасымалдауы, оның
ішінде қазіргі заманғы
ақпараттық коммуникациялық
технологиялардың көмегімен
жүзеге асыруы сияқты
дағдылардың дамытылуына
мүмкіндік береді.
«Оқушы үні»
- оқушылардың өз пікірлерін
айтқызу;
- оқушылармен әңгімелесу;
- рефлексия кезеңіндегі
оқушылардың пікірлесуі шынайы
болуы;
- оқу мен білім беруге байланысты
оқушыларға қызықты және
маңызды сұрақтарды қою т.б.
Күтілетін
нәтиже
Оқушылар нені өзгерткілері келетіні туралы өз пікірлерін жеткізеді.
Әсіресе, «үндемейтін» және «жеке- дара» оқушылардың барлығының
да пікірлері ескеріледі.
Коммуникативтік
құзыреттілік
Оқушының нақты өмірлік
жағдайларда өзінің міндеттерін
шешуі үшін ауызша және
жазбаша коммуникациялардың
түрлі құралдарын қолдануын
жетілдіруіне мүмкіндік береді.
«Блоб ағашы» әдісі
Оқушы суреттен өзін тауып
белгілейді. Түсіндіреді. Болашақта
мақсатқа жетудің жоспарын
анықтайды.
503
Күтілетін
нәтиже
Оқушы автордың әдебиетте алатын орны мен тақырыптың
өзектілігіне, автор өмір сүрген заман көрінісіне анализ жасауға
тырысады.
Проблемалардың
шешімін табу
құзыреттілігі
Оқушының әр түрлі жағдайда
проблемаларды анықтауына,
жауапты шешім қабылдауына,
өз шешімінің нәтижесін
бағалауына мүмкіндік туғызады
Рөлдік ойындар арқылы
«Белгілеуіш»
«Байланыстырушы»
«Талқы себепшісі»
«Суреттеуші»
«Қорытындылаушы» рөлдері
Күтілетін
нәтиже
Оқушыны өзінің рөлдік ойынға кіруі барысында өмірмен
байланыстыра отырып, сыни ойлау дағдысын жетілдіреді.
Демек, оқытудағы тапсырмалар легі оқушының функционалдық
сауаттылығына, жан-жақты болуына, өзінің ісіне сыни көзқарас қалыптастыра
алуына жағдай жасауға негізделу керек деген сөз.
Сонымен қатар тіл сабақтарында да оқылым тапсырмалары арқылы
оқушының оқу сауаттылығының құзыреттілігін ескеру керек.
Кесте 2. Оқылым тапсырмалары арқылы оқушының оқу сауаттылығын
арттыруға арналған тапсырмалар
Оқу сауаттылығының
құзыреттілігі
Оқылым әрекеті бойынша
сыни ойлауды дамытудың құралдары
Табу және алу:
мәтінді көзбен жүгірту;
басты элементтерін анықтау;
ізденіс аймағын тарылту;
қажет ақпаратты айыру.
Түсіндіру және ықпал
ету:
мәтіндегі ақпарат элементтерін бірге байланыстыру;
мәтіннен автор тезистерін дәлелейтін дәлелдер табу;
автор ой түйінінен қорытынды шығару;
мәтіндегі басты ой немесе автор ойы туралы қорытынды
жасау.
Зерделеу және
бағалау:
басқа ақпарат көздерінен алған біліммен мәтіннен алған
ақпаратты байланыстыру;
тақырып туралы өзінің көзқарастарымен мәтінде берілген
пікірді салыстыру;
автормен ішкі диалог жүргізу: өз көзқарастары мен автор
көзқарасын қорғауда дәлелдер іздеу.
Зерттеулер көрсеткендей оқушыларға тек теориялық мәліметтерді беріп
қана қоймай, өз білімдерін қазіргі өмір жағдайларында қалай пайдаланатынын
түсінуі қарастырылады. Оқу сауаттылығы бойынша алынған нәтижелерді
күнделікті өмірде шынайы жағдайларда пайдалану үшін негізгі ұғымдарға
назар аудару, алған ақпаратты сыни бағалау, болжамдар жасау, өзіндік
көзқарастарын негіздей білу қажет болды. Сондықтан қазақ тілі мен әдебиеті
сабақтарында жүйелі қолданып, нәтиже көрсетіп жүрген жұмыс түрлерін
ұсындық.
Кесте 3. Оқылымға қатысты әдіс- тәсілдер
Оқылымға
қатысты
әдістәсілдер
Тапсырманың нақты үлгілері
«Бұл туралы не
Мұғалім бір әңгімені оқып жатқанда, белгілі Бұл әдіс оқушылардың
504
ойлайсың?»
бір жерлерде оқушыларға бір- бірлеп « »
- тың орнында болсаң сен не істер едің?
немесе « » - тың орнында болсаң, не
сезінетін едің? т.с.с. сұрақтар қойып
оқушыларды сөйлеткізеді.
сөйлеу, ойлау
қабілеттерін жетілдіреді.
«Мәтінді тексеру» Сыныпты 4- 4- тен топтарға бөліп, әр топ
оқыған мәтіндері бойынша 5 сұрақ
дайындап, қағазға жазады. Сосон мұғалім әр
топтан бір оқушы алып, 4 кісілік жаңа топ
құрайды. Барлығы бір- біріне сұрақтар
қояды. Айтылған жауаптарды топ
басшылары не мұғалім тексеріп отырады.
Бұл әдіс оқушылардың
мәтіндегі басты
элементтерін
анықтауына жол ашады.
«Тақырыпқа
сәйкес
жаңалықтар»
Мұғалім оқушылардың деңгейіне қарай
газеттегі жаңалықтардың тақырыбын
алғашқы сөйлемімен бірге қиып алып,
топтарға таратып береді. Оқушылар
жаңалықты жалғастырып жазады. Соңында
өздерінің жазғандары мен газеттегі
жаңалықтарды салыстырады.
Бұл әдіс оқушыларды
тақырып туралы
өздерінің көзқарастары
мен мәтінде берілген
пікірді салыстыра алуға
дағдыландырады.
«Сөйлем табу»
Мұғалім оқитын мәтіндегі маңызды
сөйлемдерді оқушыларға алдын- ала
жаздырады және сол тақырып бойынша
сөйлеседі. Сонан соң мәтінді оқушыларға
таратып, оқыған кезде жаздырылған
сөйлемдерді таптырады.
Бұл әдіс оқушылардың
қажет ақпаратты айыру
дағдыларын нығайтады.
«Орнына қой»
Мұғалім оқушылардың деңгейіне лайықтап
мақалаларды, жаңалықтарды газеттен қиып
алады. Тақырыптары мен олардың алғашқы
абзацын бөлек қырқып, А4 қағазға
араластырып, жапсырады. Оны көбейтіп,
оқушыларға таратады. Оқушылар абзацтар
мен олардың тақырыптарын жұптастырады.
Бұл әдіс оқушылардың
мәтіндегі ақпарат
элементтерін бірге
байланыстыру
қабілеттерін шыңдайды.
«Бұл кім?»
Оқылатын мәтіндегі кісі аттары тақтаға
жазылады. Оқушылар олардың біреуін
таңдап, сол кейіпкердің
- жасын
- мамандығын
- басқа кейіпкерлермен байланысын
анықтайды
Мәтінді оқығаннан кейін оқушылардың
айтқандары мен мәтіндегі мәліметтер
салыстырылады.
Бұл әдіс оқушылардың
басқа ақпарат көздерінен
алған білім мен мәтіннен
алған ақпаратты
байланыстыруларын
көздейді.
«Қорытып жазу»
Мұғалім әр оқушыға бір әңгіме береді.
Оқушылар мәтінді оқып, мәтіндегі негізгі
ойды 3 сөйлеммен қорытып жазады.
Мұғалім мәтіндер мен оқушылардың
жазғандарын тақтаға іледі. Оқушылар әр
жазудың қай мәтінге қатысты екенін табады.
Бұл әдіс арқылы
оқушылар тақырып
туралы өздерінің
көзқарастары мен
мәтінде берілген пікірді
салыстырады.
«Үйренгім келеді» Мұғалім оқушыларға қызықты әңгіме тауып
әкелуді тапсырады. Әр оқушы мәтінде
жауабы жоқ сұрақ дайындайды. Бұл сұраққа
жауап берген оқушы мәтінді қайтадын
Бұл әдіс оқушылардың
автормен ішкі диалог
жүргізуін, өз
көзқарастары мен автор
505
өзгертіп жазады.
көзқарасын қорғауда
дәлелдер іздеуін
жетілдіреді.
«Журналмен
жұмыс істеу»
Мақаланың негізгі ойы не? Негізгі ойға
қатысты сөйлемдер қайсы? Мақаладан не
үйрендің? Автормен келісесің бе?
Мақаланың ең қызықты тұсы қайсы? деген
сияқты жетелеуші сұрақтармен мақаланың
мазмұнын қысқаша жаздыруға болады.
Бұл әдіс оқушылардың
мәтіндегі басты ой
немесе автор ойы туралы
қорытынды жасауына
септігін тигізеді.
Бұл жұмыстарды сыни ойлауды дамытудың құралдары деп түсіндіруге
болады. Сондай- ақ мұғалімге сараланған, дамытушы тапсырмалар мен
оқушының таным үрдісін дамытуға қабілеттендірілген, соның ішінде сыни
ойлауға ынталандыратын белсенді ойындардың кең таңдауын да ұсынуға
болады. Әр тапсырманы берудің Не? Не үшін? Қашан? Қайда? Қалай? деген
ұстанымдары болу керек. Сыни ойлауды дамытудың белсенді стратегияларын
қолдана отырып, әр сабақта топтық, жұппен, жеке жұмыстардың нәтижелі
үйлесімділігі көрініс берсе, бақылау және шағын- зерттеу, практикалық
жұмыстар іске асырылса. қарсы шығу, мәнін түсіну және рефлексия жасау
сияқты жұмыстар тақарлуы тиіс.
Келесі алда тұрған міндет функционалдық сауаттылыққа байланысты
тапсырмаларды құрудағы тағы бір қиындықтар, яғни ол тапсырмалардың басқа
формасын диаграммалар, кестелер, сызбалар мен карталардан тұратын іскерлік
стильдегі мәтіндермен жұмыс жасай алу дағдыларын жетілдіру болып
табылады. Сондықтан оқушылардың әртүрлі мазмұндағы, форматтағы
мәтіндерді түсінуі мен оларға рефлексия жасауда практикалық дағдыларын
нығайту мәселелерін дұрыс жолға қою керек деп ойлаймыз.
Бұл қиындықтарды шешу жолдары ретінде мына мәселелерді атай
аламыз:
1. Тапсырмаларды 6 деңгейлі Блум таксономиясы негізінде құрып,
ондағы синтез, анализ, бағалауға аса мән беру.
2. Оқушы өмірде қолдана алатындай тапсырмалар құрастыруға көңіл
бөлу.
3. Мұғалімдер
үшін ең маңыздысы о
қытудың белсенді стратегияларын
қолдана отырып, оқушының
сыни ойлау дағдыларын жүйелі
дамытуды жүзеге
асыру
.
4. Оқушыларды өзін-өзі бағалауға, тапсырманы зейін қойып орындауға
және өзінің орындаған жұмысының дұрыстығына көз жеткізуге үйрету.
Осы іс-әрекеттерді орындаған жағдайда оқушының білімін жоғары
деңгейде қалыптастыруға жол ашылады. Ал оларды бағалау оқыту
мақсаттарына жеткендігін бағалайтын төмендегідей жетістік критерийлері (үлгі
ретінде) арқылы жүзеге асырылуы керек.
№
Жетістік критерийлері
Ж
Т
1
Егер мәтінде жасырын тұрған мәліметтерді анықтап, нақты жауап бере
алса
2
Егер берілген ақпаратты түсіне отырып, салыстыра алса
3
Егер өзінің ойын жеткізе алса
506
4
Егер өзіне қажетті мәліметті жинақтай алса
5
Егер баламалы жауаптар бере алса
Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі жаңа кіріктірілген бағдарлама
оқушыларға ойлануға, рефлексия жасауға, әртүрлі идеялармен, көзқарастармен
танысуға, өз көзқарасын білдіруге, сұрақ қоя білуге, өзгелердің пікірін тыңдай
білуге, бірлесе әрекет ете отырып мәселелерді шешуге және талдауға
мүмкіндіктер беретінін батыл түрде айтуға болады.
Қорыта айтқанда озық ойлы адамдар заманның, қоғамның дамуына,
өзгеруіне өз үлесін қосары анық. Яғни, оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамыту да – бүгінгі заман талабы. Осы ретте қазақ тілі мен
әдебиеті пәнін дұрыс оқыта білудің маңызы зор.
Библиографиялық сілтемелер
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы ҚР
Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсанындағы №1118 Жарлығы.
2. PISA
халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан
Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы.
Оқу сауаттылығы. Тренерге арналған нұсқаулық//NIS–PEARSON.
3. UNIVERSITY OF CAMBRIDGE Faculty of Education Center of
Excellence Nazarbayev Intellectual Schools Мұғалімге арналған нұсқаулық
(Үшінші негізгі деңгей).
Рая Мажитовна Саттибаева
Филиал АО НЦПК «Өрлеу»
ИПК ПР по Карагандинской области
МЕЖПРЕДМЕТНЫЙ ПОДХОД В ФОРМИРОВАНИИ
ЕСТЕСТВЕННОНАУЧНОГО МЫШЛЕНИЯ УЧАЩИХСЯ
В статье рассматриваются условия формирования естественнонаучного
мышления обучающихся на уроках и во внеурочной деятельности по
предметам естественнонаучной направленности. Проблема, возникающая у
учителя на уроках при формировании естественнонаучного мышления в узкой
предметности трактовки явлений и законов. Одним из условий успешного
решения данной проблемы является развитие исследовательских компетенций
обучающихся, осуществление интегративной межпредметной связи при
изучении естественных наук на основе применения принципа единства методов
естестеннонаучного исследования.
Ключевые
слова:
естественнонаучное
мышление,
интеграция,
межпредметные связи, исследовательские компетенции, содержание учебных
дисциплин.
507
Естественнонаучное образование является одним из важнейших
компонентов общего образования. Именно эта область человеческих знаний в
основном определяет темпы научно-технического развития любого
государства. В последние годы значение естественнонаучного образования
возросло из-за исключительно важной роли естественныхнаук в создании
современных
передовых
технологий:
химических,
информационных,
биотехнологий, а также в решении глобальных экологических проблем и
проблем здоровья человека. Изучение различных природных объектов, их
состава, строения, свойств, функций и законов развития формирует у
школьников умения осуществлять различные умственные действия: сравнение,
анализ,
синтез,
абстрагирование,
моделирование,
структурирование,
обобщение,высказывание предположений, гипотез, содержательных суждений.
Приобретение научных знаний о природных процессах и явлениях,различных
уровнях организации материи, многообразии взаимодействий природных
объектов и систем формируют в сознании учащихся единую научную картину
окружающего нас мира. Уровень развития естественнонаучного мышления в
процессе обучения биологии, географии, физики и химии является основным
критерием качества естественнонаучных знаний.Чтобы достичь определенных
результатов, надо обеспечить новое качество естественнонаучного образования.
А это возможно лишь на основе современных обобщенных знаний, умений и
навыков, которые формируются в процессе различных видов учебно-
познавательной деятельности учащихся, на базе принципиально новой системы
обучения, результатом которой должны быть системные предметные и
метапредметные знания, обобщенные экспериментальные умения и навыки,
необходимые не только для решения традиционных задач, но и проблем
разного значения.
В современной школе в основе обучения лежит предъявление содержания
образования в виде учебных предметов, построенных на науках,
дифференцированно изучающих мир, и развитие естественнонаучного
мышления происходит через обучение отдельным предметам биологии,
физики, химии. Знания и умения, полученные учащимися по разным
дисциплинам, представляют собой смесь слабосвязанных сведений. Такое
внесистемное знание портит мышление и искажает отношение к миру и самому
себе.Значимыми для настоящего этапа и перспектив развития нашего общества
признаются такие качества и характеристики человека, как инициативность,
предприимчивость, перспективное мышление, умение принимать оптимальное
решение и т. п. В формировании таких специалистов первостепенное значение
имеет развитие системного мышления, умение видеть объект в единстве его
многосторонних связей.
«Естественнонаучное мышление – мышление, которое формируется и
развивается на основе диалектической связи структурных компонентов
физических, химических и биологических знаний, характеризующейся
преобразованием предметной реальности в возможные модели (образную,
508
знаковую, логическую и др. Важным фактором, который оказывает влияние на
формирование естественнонаучного мышления учащихся, является содержание
предметов. На современном этапе необходим новый уровень интеграции наук
–более
тесная
преемственность
между
курсами
физики,
химии,
биологии,географии и ее реализация посредством межпредметных связей на
теоретическом уровне.
Для начала надо выделить в особую группу фундаментальные
взаимосвязанные
естественнонаучные
понятия:
«материя»,«движение»,
«взаимодействие», «информация», «формы движения», «вещество», «масса»,
«энергия», «диффузия» и др. Так, формирование понятия «вещество» должно
идти параллельно с формированием понятия «энергия», так как в процессе
превращения вещества происходит и превращение энергии. Важную роль в
превращении вещества и энергии играет явление диффузии, которое следует
считать конкретным случаем проявления фундаментальной формы движения
материи – физической, определяющей развитие всех остальных форм движения
материи и сохраняющейся в них в качестве исходной.
Проявление диффузии имеет место на всех уровнях организации
природных систем на нашей планете, начиная с уровня элементарных частиц и
заканчивая геосферой. Фундаментальные понятия, которые берут начало из
физики, позволят объяснить механизмы питания клетки, особенности строения
и адаптации организмов к разным средам жизни, принципы движения и т. п.
Другим важным элементом уроков межпредметного содержания является
использование наглядных средств обучения из разных предметов. Так, при
объяснении значения обтекаемой формы тела рыб можно использовать прибор
для демонстрации движения тел в жидкости. Этот прием позволяет создать
яркое, образное представление о процессах, происходящих в среде при
движении тел разной формы, и преимуществах обтекаемой формы тела. Чаще
других взаимодействовать приходится учителям физики и биологии. Школьная
программа по обоим предметам предполагает изучение достаточно большого
количества одних и тех же вопросов с точки зрения разных предметов.
Возникает проблема понимания физических и химических процессов,
происходящих в растении.
Содержание учебных дисциплин строится на знаниях физики, биологии,
химии и изучается в виде отдельных законов, фактов и примеров. При таком
подходе учащиеся при решении проблемных задач в процессе мыслительной
деятельности находят причинно-следственные связи только в одной
предметной области. Объяснить явления на межпредметном уровне дети
затрудняются. Формирование общей системы знаний о реальном мире – очень
важная образовательная функция. Необходимо на уроках для объяснения
биологических явлений и физиологических процессов, протекающих в живых
организмах, использовать знания из смежных предметов. Обобщая и
систематизируя
знания
смежных
предметов,
формируется
единая
естественнонаучная картина мира, развивается естественнонаучное мышление.
Очень хорошо интеграцию естественных наук осуществлять в процессе: 1)
509
ознакомления учащихся с методами физических и химических исследований
биологических объектов, явлений и процессов, например, современное
развитие биологии на молекулярном и клеточном уровне стало возможным
благодаря применению электронной микроскопии, рентгеноструктурного
анализа, метода меченых атомов, ультроцентрифугирования, хроматографии,
радиоактивных изотопов; 2) обоснования биологических процессов, например,
для объяснения процессов дыхания в живых организмах учитель биологии
опирается на знания учащихся о явлении диффузии, законе сохранения и
превращения энергии, давлении; 3) для предметов естественного цикла
необходимо формирование общих познавательных умений и навыков:
наблюдение, эксперимент, измерение, расчет и др.
Важный фактор успешной исследовательской деятельности, а,
следовательно, и формирования естественнонаучного мышления – развитие
умений классифицировать объекты, понятия и выбирать основу для
классификации. На уроках возможны такие задания, как составление схем,
в основе которых лежат разные основы для классификации.
Любая классификация придает мышлению точность и определенность.
Несомненно, естественнонаучное мышление развивается при выполнении
ученических исследований в рамках школьного научного общества и
представления
результатов
своей
работы
на
научно-практических
конференциях. Здесь очень важное значение имеет выбор темы работы. Работы
комплексного характера вызывают гораздо больший интерес у учащихся,
развивают их кругозор, самостоятельность, убеждают их в том, что в природе
все взаимосвязано и взаимообусловлено, приучают учащихся к более
осмысленному пониманию процессов, протекающих в природе и научному
объяснению их сущности.
Ведущий метод изучения природы на экскурсиях – наблюдение. Именно
наблюдение позволяет формировать у ребенка полное и четкое представление
об объектах природы, выявлять связи, существующие между ними.
Наблюдение – это восприятие, тесно связанное с деятельностью мышления:
сравнением, синтезом, анализом. Развитие у детей способности к
целенаправленному наблюдению может быть естественным образом вплетено в
повседневную жизнь и учебную деятельность школьников. Наблюдение
развивает у детей наблюдательность. Развитие наблюдательности – это одна из
важных задач формирования познавательной установки и адекватной
действительности. Критерии развития наблюдательности: способность к
самостоятельному нахождению новых свойств, объектов, явлений в
окружающей природной и социальной среде; восприятие нетолько отдельных
объектов, чаще всего представителей животного и растительного мира, но и как
можно большего числа объектов и в конечном счете целостное восприятие
природного и социального окружения.
Методологической основой интеграции естественнонаучного знания
служат взаимосвязь и взаимообусловленность явлений и процессов
окружающей действительности, описываемых законами сохранения, законом
510
периодичности, молекулярно-кинетической теорией, теорией строения атома,
квантовой теорией. Знание этих законов и теорий помогает учащимся познать
сущность процессов и явлений, с которыми они знакомятся на уроках физики,
химии, биологии, рассмотреть их во взаимосвязи и взаимозависимости, оценить
пути их возможного практического использования, перенести знания в новые
ситуации. Таким образом, одна из основных образовательных функций
интеграции естественнонаучных знаний: в сознании обучаемого закрепляются
представления о единстве и целостности окружающего мира, что способствует
всестороннему развитию личности.
Одним из подходов, позволяющих значительно усовершенствовать
процесс развития естественнонаучного мышления в рамках программы,
является проведение регулярного тематического контроля. Наиболее
современной, дидактически обоснованной и объективной формой диагностики
в настоящее время признается тестирование, позволяющее зафиксировать
базовый уровень развития естественнонаучного мышления и обозначить его
динамику в процессе освоения программы. В разработанных к программе
тестах, помимо обычных вопросов, широко используются как творческие
задания и биологические задачи, что, помимо диагностики, обеспечивает
закрепление теоретических знаний и способствует поддержанию интереса к
изучаемым предметам.
Достарыңызбен бөлісу: |