Нормативтік сілтемелер


Екінші – жаңа білімді игеру кезеңінде оқушыларға төмендегі кесте ұсынылады. Ішіне Сыртына



бет15/20
Дата19.04.2023
өлшемі218,39 Kb.
#84376
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Сералиева

Екінші жаңа білімді игеру кезеңінде оқушыларға төмендегі кесте ұсынылады.
Ішіне Сыртына
Келтірілген мысалдардан есептік сан есімнің басқа сан есімнің түрлерін жасауға ұйтқы екендігін өздері дәлелдейді.
Үшінші – тәжірибелік дағды қалыптастыру кезеңінде оқушылар ауызша және жазбаша тапсырмаларды орындайды.
Сабақ қорытындыланып, белсенділік танытып, жақсы қатысқан оқушылар балдық жүйемен бағаланады. Үйге «Менің ғұмырнамам» тақырыбына есептік, реттік сан есімдерді қатыстырып, шағын өмірбаян жазып келу тапсырылады.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллетуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына игі әсерін тигізеді, сондай-ақ тілді оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділіктерін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмектеседі. Оқушылар өз тәжірибелерін бір-бірімен, мұғаліммен қарым-қатынас жасау арқылы толықтырады.
«Мен шәкірттерімді ешқашан да үйретпеймін; мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын»,- деп ұлы ғалым А.Эйнштейн айтқандай интербелсенді оқыту іскерлік пен ынтымақтастықты, оқушылардың мүдделері мен қызығушылығын, өзара сыйласымдылығын, бірлескен іс-әрекеттерге негізделеді. Сондықтан интербелсенді әдістердің мақсаты мен шарттарын үнемі қадағалау міндетті:
1.Жағымды психологиялық орта орнату;
2.Білімді игеруге деген қызығушылықты (мотивация, ынта, ұмтылыс) тудыру;
3.Білім игеруде үйренушілерді сәттілікке бағыттау;
4.Білім игеру процесін коммуникативтік процесс деп түсініп, бірлескен әрекеттерді қолдану.
І.Жағымды психологиялық климат құру – әр сабақтың және жалпылама алғанда бүкіл білім игеру процесінің басты мақсаты, яғни:

  • үйрену процесіне қатынасушылардың әрқайсымен өзара сыйластық пен сенімге негізделген жеке қарым-қатынас орнатуға мүдделі болу;

  • қарым-қатынаста қысымнан бас тартып, «жұмсақ» әдістерді қолдану;

  • әрбір оқушы мен бүкіл топ жұмысына көмек пен жәрдем жасау, қол ұшын беруге дайындық,әрбір пікірді тыңдай білу, оны сыйлау және онымен санасу;

  • жағымды (позитивті) және конструктивтік көзқарас ұстану, ешкімді де, ешнәрсені де (өзгенің пікірі мен көзқарасы) сөкпеу, даттамау;

  • жұмысқа әртүрлі тәсілдер мен құралдарды қолдану арқылы үнемі жаңалықтар енгізіп отыру;

  • шығармашылыққа негізделу, шығармашылық тұрғыдан қатысушылардың ашылуына мүмкіндік беру;

Жағымды психологиялық орта орнату – жақсылық пен ізгілік нышаны.
2. Мотивация тудыру және қызығушылықты ояту түсінігі:
Мотивация - әр үйренушінің білімге деген қажеттілігі мен мұқтаждығы, құлшынысы мен ұмтылысы, ынтасы мен көңілі, қызығушылығы мен құмартушылығы, оның білім процесінде алдына қойған мақсаттары мен мүдделері.

  • мотивацияны тудырмай, қызығушылықты оятпай тақырыпты терең игеру мақсатына жету екіталай.Сол себепті қызығушылық тудырып, оны үнемі қолдап, қыздырып отыру керек;

  • әр тақырыптың басында «мен осы тақырып бойынша не білемін? Не білгім келеді? Бұл білім маған қалайша және қаншалықты қажет болады?» деген сұрақтарға жауап іздеу орынды;

  • сабақта алған білімдердің практикалық маңызына ерекше көңіл бөлу керек. Әр сабақ прагматикалық (пайда тұрғысынан) сипат алуы керек;

  • оқушыларды үнемі мақтап, қолпаштап, қолдап отыру керек;

  • мұғалім өзі де шабыттанып, сол көтеріңкі күйін оқушыларға көрсетуі керек;

  • сабақ барысында тұлға аралық қатынастардың дамуына ықпал жасау керек;

3. Сәттілікке бағытталу - өмірге оптимистік көзқарас қалыптастыру.

  • басты назарды жұмыстың сәтті шыққан жерлеріне аудару;

  • жіберген қателерді кемшілік ретінде қабылдамай, оларды үйренудің заңды көрінісі деп түсіну, қателерді түзетуді оқушылардың өздеріне тапсыру;

  • «сөйлеу» ұғымын «әңгімелесу» ұғымымен алмастыру, «ұстамды», «сабырлы» қарым-қатынастық тәсілдерді қолдану;

  • Әр оқушының атқарған жұмыстарының қорытынды нәтижелерінің сәтті шығатындығына сендіру, оларды өздеріне жеңімпаз сезімін қалыптастыруға ынталандыру;

4. Бірлескен топтық жұмыс – әрекеттесу, қарым-қатынас, бірлесе жұмыс істеу. Қарым-қатынас дегеніміз- өзімізді басқаларға бейімдеу, яғни өзгенің пікіріне, идеяларына, көзқарасына, мінезіне бейімделу.

  • қарым-қатынас жасау және өзара әрекет ету машығын дамытады;

  • топтың бағалық-бағыттаушылық бірлігін қалыптастырады;

  • жағдайға байланысты әлеуметтік рөлдер сменасының икемділігін кеңейтеді;

  • әр оқушыға өзінің қабілеттері мен ерекшеліктерін ашуға (көрсете білуге) жағдай жасалады;

  • оқушылар арасында еркіндік және сенім атмосферасы қалыптасады;

  • оқушылар топ жұмысында позитивтік, конструктивтік, шығармашылық қағидаларды ұстанады;

Оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашуда жаңа технологиялар мен интербелсенді әдістердің ролі жоғары.Жоғары технология мен интербелсенді әдістерді білім беру саласында тиімді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмыстарының сапасын арттыруға көмектеседі. Егемен Қазақстанның келешегі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ – ұлттың ұлт болып қалуының кепілі.
Халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек», - дегені әр мұғалімнің жадында болуға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет