Питер Бейкер (Peter Baker),
«The Washington Post», АЌШ,
29 тамыз 2006 ж.
Міне, мұның бєрі экономиканың мұнай секторының перспек-
тивалары туралы, демек, Ќазаќстанның єлемдік энергия ресурста-
ры клубында жеткілікті түрде жоғарғы орын алуына ќабілеттілігі
туралы куєлік етеді. Сайып келгенде, мен таяу болашаќта ќазаќ-
стандыќ мұнай секторы экономикалыќ жағы секілді саяси жағы-
нан да маңызды рөл атќарады деп санаймын.
Бүгінде Ќазаќстанда өндіруші аймаќтардан ќұбырлар жүйесіне
дейін көмір-сутегін сыртќа шығаруды одан єрі ќамтамасыз етуге
ќабілетті, мұнай мен газды тасымалдаудың біршама дамытылған
инфраќұрылымы бар. Каспийлік ќұбырлар консорциумы аса ма-
ңызды экспорттыќ ќұбырлардың бірі болып табылады.
Каспий үшін күрес жєне мұнай дүмпуі
131
Каспийлік ќұбырлар консорциумы жалпы ұзындығы 1510 ки-
лометрлік Теңіз-Новороссийск ќұбыры ќұрылысын салып, пайдала-
ну үшін ќұрылған болатын. Аталмыш жобаның маќсаты – Ресей
мен Батыс Ќазаќстаннан мұнай шикізатын тасымалдау жєне оны
жаңа теңіз терминалы арќылы Ќара теңіздің солтүстік-шығыс жа-
ғалауына шығару.
Консорциумының алғашќы негізін салушылар 1992 жылы Ќазаќ-
стан үкіметі, Оман сұлтандығы жєне кейінде Ресей болды. 1996
жылы бізге Каспий теңізінің ќазаќстандыќ секторында игеру жұмыс-
тарын жүргізетін бірќатар жеке меншік мұнай компаниялары
келіп ќосылды. 2001 жылы бірінші кезектегі ќұбырлар пайдала-
нуға берілді, олардың өткеру ќабілеттілігі жылына 28 млн. тонна
мұнай көлемінде болды. КТК ќұбырларына мұнай жіберу 2001
жылдың 26 наурызында басталды, осы жылдың ќазанында КТК
терминалында алғашќы танкерге байќау ретінде мұнай ќұю іске
асырылды.
Теңіз-Новороссийск мұнай ќұбырын тарту идеясы сонау XX
ғасырдың 90-шы жылдарында пайда болған еді. Кеңес Одағы ќұла-
ғаннан кейін, Ќазаќстанның орасан мол мұнай ќоры, єлемдік
мұхитќа шығар жолы жоќ мемлекет ретінде, ќұрлыќтың ішінде
«ќамауда» ќалды. Алдын-ала жасалған экономикалыќ есептеулер
нєтижесінде, өнімді аз шығын жұмсап, ең ќысќа жолмен өткізуді
ќамтамасыз ететін ресейлік бағыт таңдап алынды. Ресеймен жоға-
ры деңгейдегі келіссөздер 1994 жылдан бастап жүргізілді. Ресей
жағынан мұнай ќұбырын салғысы келмеген ќарсылыќтарды жеңе
отырып, ортаќ келісімге келуге тура алты жыл кетті.
Ќысќасы, Ресей Үкіметінің Төрағасы В. Черномырдинмен, Ресей
Федерациясының Мұнай жєне газ министрлігінің басшыларымен,
аќыр-соңы Б. Ельцинмен арадағы өте көптеген келіссөздер туралы
тұтастай бір кітап жазуға болады. Бірде маған біздің Премьер-
Министр Н. Балғымбаев келіп: «Бітті! Жағалай бас тарту, ылғи
іріткі салу, байќаймын, мєселе шешілмейтін түрі бар», - деді. Мен
оған тайға таңба басќандай етіп ќысќаша хат дайындап, Ресей
мұнай ќұбырын тартуға ќатысудан бас тартќан жағдайда, өз жері
арќылы мұнай тасымалдаудан түсетін ќаншама аќшадан айырыла-
тынын ќадап көрсетуді тапсырдым.
Б. Ельцин Кремль ауруханасында емделіп жатќан еді. Мен сол
ауруханаға бардым. Екі сағатќа созылған єңгімеден соң мєселе
шешілді. 1992 жылдың 17 маусымында Бермуд аралдарында Ќазаќ-
стан Республикасы мен Оман сұлтандығы өкілдерінің арасында
ќұбыр консорциумы туралы алғашќы Келісімге ќол ќойылды.
132
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
Кейінде оған Ресей Федерациясы келіп ќосылды. Келісімде Ресей
мен Ќазаќстан консорциумға ќазірдің өзінде ќолда бар ќұбырлар
актив беретіні, ал Оман жобаны ќаржыландыруды ќамтамасыз
ететіні ќарастырылды. Консорциумге ќатысушылардың үлесі тең
етіп бөлінді. Алайда, Оман ќажетті ќаржыны бере алмайтын бол-
ды. Инвестициялыќ жобаның 1995 жылы дайындалған техника-
экономикалыќ негіздемесін Ресей Федерациясының Мемлекеттік
сараптау мекемесі жетілдіріп ќайта жасауға жіберді. Басты мєселе
мынадай еді: келісім шарт мемлекетаралыќ деңгейде жасалғанда
елде жаңа басталған жекешелендіру үрдісі, демек, Каспий мұнай-
ын өндірумен айналысатын негізгі компаниялардың мүддесі еске-
рілмей ќалған. Оны Оманға жобаны ќаржыландыру кепілдігін бе-
руден бас тартќан Еуропалыќ ќайта ќұру жєне даму банкісі де
атап көрсеткенді.
Сол мезгілде Ресей мен Ќазаќстанда мұндай жобаны жүзеге
асыру үшін ќажетті ќұќыќтыќ база жоќ еді. Ең алдымен бұл
валюталыќ ќаржының еркін айналымы туралы мєселе болды, ал
онсыз жобаны ашыќ ќаржыландыру мүмкін емес еді. 1997 жыл-
дың 19 сєуірінде мен жобаны валюталыќ жағынан реттеу мєселе-
леріне ќатысты «Каспийдегі ќұбыр консорциумы туралы» Жар-
лыќќа ќол ќойдым. Соның артынша 24 сєуірде осыған ұќсас жар-
лыќќа Б.Ельцин де ќол ќойды. Бұл жарлыќтардың шешуші маңы-
зы болды, алайда, консорциум екі жаќта бірдей толыќќанды жұмыс
істеуі үшін тағы да бірќатар нормативтік ќұќыќтыќ актілерді ќабыл-
дау талап етілді.
Єлемдегі ең ірі мұнай-газ конденсатының кеніші біздің Ќара-
шығанаќ еді. 2004 жылы оған 25 жыл толды. Бүгінде оның ќоры
1,2 млрд. тоннадан астам сұйыќ көмір-сутегі жєне 1,3 трлн. тек-
шеметрден астам газ көлемінде болып отыр.
Кенішті игеру 1979 жылы, ашылғаннан кейін 5 жылдан соң
барып басталған болатын. Дегенмен ол дербес өмір сүріп, дами
алмады. Өйткені Ќарашығанаќ екі арасы 130 километрлік ќұбыр-
мен жалғасќан Орынбор газ өңдеу зауытына (ОГӨЗ) түгелдей
тєуелді болды.
Тєуелсіздік алғаннан кейін, Ќарашығанаќќа көмір-сутегін өңдеу
жєне тасымалдау проблемаларынан басќа, ұңғылардағы археоло-
гиялыќ ќалдыќтар, апаттардан топыраќтың ластануы, кеңестік уаќыт-
та конденсатты саќтау үшін жерасты ядролыќ жарылыстармен
пайда болған 6 жолаќты «Лира объектілері», сондай-аќ бұрғылау
ќалдыќтары мен бұрғылау мұнарасының бос ќалған ќоймалары
секілді өте күрделі экологиялыќ проблемалар ќалды.
Каспий үшін күрес жєне мұнай дүмпуі
133
Жоғарыда аталған мєселелерді шешіп, жобаны одан єрі дамы-
ту үшін үлкен инвестиция ќажет болды. 1992 жылы Республика
Үкіметі Ќарашығанаќ кен орнын игеру ќұќығы үшін шетелдік
мұнай компанияларын тарта отырып конкурс жариялады. 1995
жылдың наурызындағы конкурс ќорытындысы бойынша Ќазаќ-
стан Республикасы мен «Аджип» / «Бритиш Газ» компаниялары-
ның одағы арасында Өнімдерді бөлісу принциптері туралы келісім-
ге (ӨБПК) ќол ќойылды.
ӨБПК-нің ќолданылу мерзімі бойына, 1995 жылдан бастап 1997
жылдың аяғына дейін, жобаны дамытуға 293,5 млн. АЌШ долла-
ры жұмсалды. 1996 жылдың желтоќсанында КТК-ны ќайта ќұру
туралы Келісім шарт пен осы келісім шартќа өзектес басќа да
ќұжаттар жасалғаннан кейін барып ќана, Ќарашығанаќтан дүние
жүзілік нарыќтарға көмір-сутегін экспорттауға жағдай туғызатын
тиімді көлік жүйелерін ќұрудың наќты мүмкіндіктері пайда бол-
ды. Осыған байланысты Өнімдерді бөлісу туралы түпкілікті келі-
сімге (ӨБТК) ќол ќоюға дайындыќ жұмыстары жандана түсті. Мер-
дігерлер өкілдері, республикамыздың министрліктері мен ведом-
стволары өкілдері арасында жүргізілген келіссөздер барысында ӨБТК
жобасы дайын болды, оған 1997 жылдың ќарашасында ќол ќойыл-
ды, ол 1998 жылдың 27 ќаңтарынан күшіне енді, бұл келісім шарт
40 жыл мерзімге жасалды.
Єлемдегі соңғы 30 жылда ашылған тағы бір өте ірі мұнай кен
орны –Каспий теңізінің солтүстігіндегі Ќашаған мұнай кеніші
еді. Бүгінде одан алынатын мұнай ќоры 10 млрд. баррель деп
бағаланады.
Бұл кен орнының ашылуы Ќазаќстанды єлемдегі ең мол көмір-
сутегі ресурстарына иелік етуші негізгі елдердің ќатарына кіргізді.
Осыншама мол мұнай ќорының табылуы Каспий аймағына деген
бүкіл єлем елдерінің ќызығушылығын туғызып, оның инвестиция-
лыќ тартымдылығын арттырды.
Каспийдің ќазаќстандыќ секторындағы мұнай-газ єлеуетін ба-
ғалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін 1993 жылы халыќара-
лыќ консорциум ќұру ұйғарылды. Каспийдегі жұмыстың күрделі
техникалыќ жағдайы мен экологиялыќ жоғары талаптарды ескере
келіп, єу бастан-аќ алғашќы теңіз консорциумы мүшелерін таңдау
кезінде мұнай компанияларын мұќият іріктеу жүргізілді. Консор-
циумға осы заманғы озыќ техникалыќ жєне технологиялыќ
мүмкіндіктері, өте күрделі кен орындарында ең ќатаң экология-
лыќ талаптарды саќтай отырып жинаќтаған жұмыс тєжірибесі бар
мынадай компаниялар кірді, олар: «Казахстанкаспийшельф», «Бритиш
134
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
Петролеум / Статойл» (Ұлыбритания / Норвегия) альянсы, «Бритиш
Газ» (Ұлыбритания), «Шелл» (Нидерланды), «Аджип» (Италия),
«Мобил» (АЌШ), «Тоталь» (Франция) еді.
Консорциумның негізгі жұмысы ќоршаған ортаға кен барлау
геофизикалыќ жұмыстардың єсерін бағалау мен экологиялыќ мо-
ниторинг жүргізуді, геология-геофизикалыќ зерттеулерді жүзеге
асыруды, Каспий аймағының єлеуметтік инфраќұрылымы мен
өндірісін дамытуды, ќазаќстандыќ мамандарды үйретуді, ғылыми-
зерттеу жұмыстарын ќаржыландыруды ќамтыды. Халыќаралыќ
консорциумның жұмыс бағдарламасы бойынша жалпы инвести-
ция 218 млн. астам АЌШ долларын ќұрады.
Мұнай-газ секторының арќасында, біз алғашќы кезеңде эконо-
миканың дамуын ќамтамасыз етуге жеттік. Кейінде серіктес сала-
ларды дамыту жєне негізгі экономикалыќ салмаќты соларға ауыс-
тыру, сөйтіп оларды экономикамызды алға сүйреуші «локомотив-
ке» айналдыру ќажет болады.
«Ќара алтын» – баќ па, єлде сор ма?
1990 жылдан бастап Каспий бассейні сан алуан ќатынастардың
аса маңызды аймаќтыќ тораптарының біріне айналды, онда көпте-
ген елдердің экономикалыќ жєне геосаяси мүдделері өзара тоғы-
сып жатты. Бұл жағдай өткір мєселелердің, яғни Каспий аймағын-
дағы елдерге ыќпал ету үшін бірде ашыќ, енді бірде жасырын
жүргізілген дипломатиялыќ күрестердің тууына себеп болды.
Ќазаќстаннан аймаќта ќатаң бєсекелестікті жүргізе отырып,
сонымен бірге өзінің мемлекеттік билік институттарын ќұру талап
етілді. Біздегі жоғары білікті сыртќы саяси ведомство, осы за-
манғы жедел ќимылды єскер, түйінді салалардағы ұлттыќ са-
раптамашылар ќазір бар, ал ол уаќытта мұның бірі болған жоќ.
Сол сияќты ірі халыќаралыќ келіссөздерді жүргізетін тєжірибе
де болмады.
«19-шы ғасырда Британ империясы мен патшалыќ Ресей ара-
сында Үлкен Ойын жүргізілген Орталыќ Азия, бүгінде, өзінің
мұнай-газ байлыќтары арќасында «көпполярлы дєуірдің» АЌШ,
Каспий үшін күрес жєне мұнай дүмпуі
135
Ќытай жєне Мєскеу арасындағы алғашќы стратегиялыќ шай-
ќастары алаңына айналып отыр.
1991 жылы осы аймаќтың бес мемлекеті Кеңес Одағынан өз
тєуелсіздігін алып, Орта Азия аймағы өзінің ғаламдыќ страте-
гиялыќ маңызына ќайтадан ие болғаннан кейін, бүгінде ғалам-
дыќ көлемде өркендеп өскен Ќытай, мұнайға масаңсыған Ресей
жєне АЌШ Орталыќ Азиядағы ресурстар мен билікке ыќпал
ету үшін күресте мүйіз ќағысып ќалды. Орталыќ Азия страте-
гиялыќ шайќастар алаңына айналды».
Фредерик Кемпе (Frederick Kempe),
«The WaII Street JournaI», АЌШ,
16 мамыр 2006 жыл
Тєуелсіздік жылдары мұнай өнеркєсібінің өзі де ќайта ќұрыл-
ды. Мұнай секторындағы мемлекет алдында тұрған міндеттер де
күрделілене түсті. Мысалы, 2004 жылдың мамырында біз ќабылда-
ған Каспий теңізінің ќазаќстандыќ секторын игеру жөніндегі 2015
жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламада мұнай саласындағы негізгі
екі маќсатќа жету көзделді. Біріншіден, мұнай өндіруді жете игеріп,
тиімді мұнай магистральдары тораптарын ќұру. Екіншіден, отан-
дыќ мұнай өңдеуші жєне мұнай химиясы индустриясын ќұру.
Аталмыш бағдарлама Каспий теңізінің ќазаќстандыќ бөлігін игеру
жөніндегі 1993 жылы бекітілген Мемлекеттік бағдарламаның бірінші
кезеңін жүзеге асырудың заңды жалғасы болды.
Өзіміздің мұнай ресурстарымызды дүние жүзілік шаруашылыќ
айналымына белсенді түрде енгізу мєселесіндегі біздің саясатымыз
бүгінде шетелдік мұнай компанияларын мұнай мен газ кен орын-
дарын барлауға, игеру мен өндіруге тартудан тұрады. Шетелдік
инвесторлар келісілген шарттар бойынша мұнай-газ кешенінің да-
муына тек ќажетті ќаржыны салып ќана ќоймай, оны өндіру,
өңдеу мен тасымалдаудың тұтастай үрдісін ұйымдастыруы тиіс.
Ќазаќстан инвестициялаудың сенімді де ќолайлы объектісі де-
ген беделге ие болуының арќасында, біз шетелдік инвесторлардың
алдына өз талаптарымызды ќоя алатын болдыќ. Біз халыќаралыќ
беделге, өзіміздің несиелік тарихымызға ие болдыќ, біздің тілек-
терімізді шетелдік єріптестеріміздің ќабылдауы заңды ќұбылысќа
айналды.
136
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
«Бұл заңды үрдіс. Ќазаќстан нығайды, ол өзінің табиғи ре-
сурстарынан наќты кірістер алғысы келеді. Егер біз алдағы
уаќытта да табысты жұмыс жасағымыз келсе, жаңа мұнай-газ
жобалары үшін мемлекеттік режимге байланысты ымыраға
келушілікті ќолдана отырып, жұмыс атќаруымыз ќажет».
«ЭксонМобил Казахстан Инкл.»-дің бас менеджері
Дж.Тейлордың Шетелдік инвесторлар кеңесінің
11-ші пленарлыќ мєжілісінде сөйлеген сөзінен,
Кендерли, 5 маусым 2004 жыл
«Шеврон» мамандарының болжамдары бойынша Каспий ќұбыр
консорциумына ќазаќстандыќ мұнайдың барынша көп ќұйылған
кезде ол Жерорта теңізі, Солтүстік жєне Батыс Еуропа елдерінің
рыноктарында табысты бєсекелестікке түсетін болады. Біз сыйым-
дылығы 200 мың тоннаға дейінгі танкерлерді пайдалана отырып,
Солтүстік Америка рыноктарын игеретін боламыз. Єрине, жылы-
на 15 млн. тонналыќ ќуатпен жұмыс істейтін Атырау-Самара мұнай
ќұбыры да Шығыс жєне Орталыќ Еуропа, Балтыќ теңізі бассейнін-
дегі елдердің рыноктарын игеруге мүмкіндік береді.
Алайда бізге осы атќарылған істермен шектеліп ќалуға болмай-
ды. Ќазаќстан көмір-сутегін экспорттаудың көпвекторлы стратегия-
сын ұстанып, мұнайды тасымалдау бағыттарын дамыту жөніндегі
түрлі жобаларды ќарастыратын болады. Ќазір біз басќа бағыттар-
дағы мұнай ќұбырлары бойынша белсене жұмыс істеудеміз. Атап
айтќанда, Аќтау-Баку-Жейхан жєне Ќазаќстан-Түрікменстан-Иран
секілді жобалардың тиімділігі талќылануда. Мысалы, Баку-Тбили-
си-Жейхан ќұбыры таяу уаќытта Аќтау-Баку-Тбилиси-Жейхан деген
атауға ие болуы мүмкін. Ал Атасу-Алашанькоу ќұбырының жоба-
сы ќазірдің өзінде іс жүзіне асты.
2004 жылдың мамырында менің ЌХР-ға барған сапарым кезін-
де Ќытай мен Ќазаќстанның ұлттыќ мұнай компаниялары арасын-
дағы мұнай ќұбыры ќұрылысын бастау туралы келісім шартќа ќол
ќойылды. Мұнай ќұбырының іргетасы сол жылдың 28 ќыркүйегін-
де ќаланды. Ал Ќазаќстанның алғашќы мұнайы Ќытайға 2006
жылдың 25 мамырында ќұйыла бастады. Атасу (Ќазаќстан) мен
шекаралас пункт Алашанькоу (Ќытай) арасын жалғап жатќан осы
мұнай ќұбырының магистралі арќылы біз жылына 20 млн. тоннаға
дейін мұнай экспорттай аламыз. Сондай-аќ осы салынған ќұбыр
Каспий үшін күрес жєне мұнай дүмпуі
137
неғұрлым кең көлемдегі жобаға – Каспийден Ќытайға дейінгі ұзын-
дығы 3 мың километрге жуыќ ќұбырды салуға негіз болатыны
жоспарлануда.
Жоғарыда айтылғандарға ќоса, бұл жобалардың наќты іске
асуы көп жағдайда энергия ќуаттарының єлемдік нарығының конъ-
юнктурасына жєне Каспий шельфіндегі мұнай-газ кен орындарын
игерудің наќты нєтижелеріне байланысты екенін атап өткім ке-
леді.
Ќазір Ќазаќстанның бұл саладағы табыстары туралы сөз бол-
ған кезде, мұнай байлығы біздің экономикалыќ табыстарымыздың
іргетасы болғанын айтпай кетуге болмайды. Кейбіреулер үшін
мұның өзі Ќазаќстан табыстарына жаңсаќ баға беруге себеп бо-
луы, тіпті көре алмаушылыќтың түйініне айналуы мүмкін.
Сондыќтан, бұл сөз ќандай мағынада ќабылданса да, оның
астарында «мұнай долларының» көбеюіне байланысты єртүрлі ќауіп-
тер де жасырынып жатуы мүмкін. Атап айтсаќ, єлеуметтік сала
шығындарының тым ұлғайып кету ќаупі де жоќ емес. Мысалы,
Нигерия, Венесуэла жєне Сауд Арабиясы секілді елдердегі мұнай
сатудан түскен кірістердің есебінен єлеуметтік блокќа жұмсала-
тын шығындардың еселеп өсіп кетуі осыған дєлел болады. 2004
жылы болған кездесуде ќазіргі Сауд Арабиясының королі маған
бір єңгіме айтты: бұрын өздері шетелдіктерді жұмыс істеуге мєжбүр
етсе, енді бұл арабтарды жұмыс істеуге мєжбүр етеді екен. Се-
бебі, арабтар мемлекеттің есебінен күн көрген масылдыќтан ба-
рып, жұмыс істеу ќабілетінен айырылып ќалыпты. Ќазір мұндай
мемлекеттік жєрдем көрсету тоќтатылған. Єрине, бұл ұлтќа жаны
ашымағандыќ емес, масылдыќтың жаппай етек алуынан келіп ту-
ындаған шара болса керек.
Сол сияќты, 70-ші жылдардың ортасында Венесуэла мен Ниге-
рияда осыған ұќсас мемлекеттің єлеуметтік шығындарды ұлғайту
стратегиясы ќабылданған. Бұл елдер єлеуметтік игіліктерге ќол
жеткізу үшін мемлекеттік бюджеттің шығыстар бөлігін күрт ұлғайт-
ќан (орта есеппен 74,5% жєне 32,2%-ға). Бұлай ұлғайтудың
мүмкіндігі негізінен осы мұнай сатудан түскен кірістерге байланыс-
ты болған. Шығындарды ұлғайту шынында да еңбекпен ќамту
ќұрылымын, тауарлар өндірісі мен ќызмет көрсету саласын, тұты-
нуды ќаржыландыру мен тұрғын үй ќұрылысын кеңейтуге, са-
лыќтарды азайтуға көмектескен. Алайда «ќара алтын» бағасының
өсуі тоќырағаннан кейін, мелекеттің шығындары мұнайды экспорт-
таудан тапќан кірістердің деңгейінен асып түскен.
138
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
Єлеуметтік бағдарламаларды ќаржыландыруды жалғастыру үшін
енді сырттан ќарыз алуға тура келген, бұл өз кезегінде сыртќы
ќарыздың өсуіне єкеп соќты. Тек, 1976 жылдан 1982 жылға дейінгі
кезеңдерде бұл елдердің ќарызы жыл сайын орта есеппен 45%-ға
өсті. Ертеңгі күнді ойламаған саясаткерлердің дұрыс шешім ќабыл-
дамауы нєтижесінде, бюджет пен баланс төлемдерінің тапшылығы
пайда болды, мұның өзі іс жүзінде мемлекеттің банкротќа ұшыра-
уына жєне ќоғамда єлеуметтік шиеленістің өршуіне киліктірді.
Ќысќасы, еркін аќшаның молшылығы бұл елдердің экономикасы-
ның ќуаттылығы мен ќабілеттілігін төмендетіп, олардың одан єрі
ќарайғы мұнай экспортына тєуелділігін арттырды.
Тіпті, Солтүстік теңізде мұнайдың табылуына байланысты эко-
номикасы тұраќты түрде дамыған Норвегияның өзі єлеуметтік ќамту
шығындарын ұлғайтудың нєтижесінде «голландиялыќ ауру» деп
аталатын проблемаларға тап болды.
Ал енді осы жайды басќа жағынан ќарастырып айтатын бол-
саќ, мысалы, шығыс-азиялыќ елдерде, єсіресе, Жапонияда ешќан-
дай табиғи байлыќтың болмауы мұндағы бюрократтыќ элитаны
ел экономикасының єлсіздігін сезінуге мєжбүр етті. Алдымен эко-
номикалыќ, сонан кейін саяси тєуелсіздікті жоғалтып аламыз де-
ген ќорќыныш оларды өз өнімдерін экспорттќа бағыттау жєне
бєсекеге ќабілеттіліктің көмегімен табыс табу маќсатына елдің ішкі
мүмкіндіктерін шоғырландыруға итермеледі.
Сол себепті біз мұнай сатудан түскен түсімдер мемлекеттің
тұраќты кіріс көздері болып табылмайтынын түсінуіміз керек. Бұл
жағымсыз жайлар алдағы уаќытта жоғарыда айтќан «голландия-
лыќ ауру» проблемаларынан бастап, аќыр-соңы сол мұнай байлы-
ғының сарќылып бітуіне алып келуі ғажап емес. Мен ондай мем-
лекеттерді де білемін.
Айтпаќшы, Ќазаќстанның бай ќоры туралы айтќанда, єртүрлі
дабыра цифрлармен алданып ќалуға болмайды. Иє, біздің ќорлар
сондай ќомаќты, алайда, мұнайға деген єлемдік сұраныстың өсу
ќарќынын есепке алар болсаќ, біз олармен ќандай мерзімге ќамта-
масыз етілеміз? Мысалы, «Бритиш Петролеум» жєне «Энергия мира
– 2005» компанияларының жыл сайынғы баяндамаларындағы
мєліметтер бойынша, мұнайды өндіру мен мұнай бағасының ќазір-
гідей көлемі жағдайында, оның єлемдегі ќоры 40 жылға ғана же-
теді екен. Сонымен ќатар Ресейдегі мұнай 21 жылдан сєл ғана
артыќ уаќытќа жететін көрінеді. Ал өзінше мұнайдың «Єлемдік
Орталыќ Банкі» атанған Сауд Арабиясының мұнайы 42 жылға,
Иранда 89 жылға жететіні айтылуда. Ќазаќстанда, осы баяндама-
Каспий үшін күрес жєне мұнай дүмпуі
139
дағы мєліметке сєйкес, мұнайдың ќазіргідей үлкен ќоры мен єзіргі
өндірудің біршама шағын көлеміне ќарай, ол 83 жылға жетеді деп
болжау жасалған. Мұнай өндірудің көлемі өскен сайын бұл
мерзімнің толыќ ќысќаратыны да белгілі.
Ќазаќстанға мұнай долларынсыз, немесе, ел айтатындай «мұнай
инесіне» дағдыланбай -аќ өмір сүруге үйрену ќажет. Өндіріс тап-
паған аќшаны єлеуметтік салаға жұмсауға немесе жалаќыны жөнсіз
көтеруге єуестенбеу, оны єлде бір «ќиын күндерге» саќтау өте
маңызды. 2000 жылы біз ќұрған Ұлттыќ ќор, атап айтќанда, осы
маќсатты көздейді жєне жөнсіз жойымпаздыќ пен ќұнсыздану
ќысымын төмендетудің негізгі ќұралы болып табылады.
Ќазаќстан Республикасы Ұлттыќ ќорының активі 2006 жылғы
1 ќарашадағы он екі миллиард АЌШ долларынан асып кетті де, 12
087,39 млн. АЌШ долларына, немесе 1 586 млрд. теңгеге тең
абсолюттік көрсеткішке жетті. Ќордың негізгі түсімдері шикізат
секторы ұйымдарының түскен жоспардан тыс кірістерінен түсті.
Осы жерде біздің Ұлттыќ ќорымыздың үлгісімен 2004 жылы 1
ќаңтарда Ресей Федерациясының Тұраќтандыру ќоры ќұрылғанын
атап кеткен орынды болмаќ.
Мен бірнеше сөзді мына мағынада айтайын: Ұлттыќ ќорды,
шын мєнінде «болашаќ ұрпаќтың ќоры» деп атаса да болар еді,
өйткені біздің балаларымызға тиесілі мұнайды, жер байлыќтарын
сатќанда, біз оларды өткінші ќажеттіліктерге шашуға немесе бүгінгі
күннің проблемаларын олардың есебінен шешуге хаќымыз жоќ.
Біз осы ќаржының бір бөлігін ќұрылыстар салуға жєне елімізді
дамытуға – балаларымыз бен немерелерімізге ќалдыратын үйімізді
абаттандыруға ғана жұмсай аламыз.
Мєселен, таяу арадағы жылдарда Ќазаќстан зор көлемде ин-
фраќұрылымға инвестиция салуы, ең алдымен, оны Солтүстік-
батыс жєне Оңтүстік-батыс бағыттарында іске асыруы ќажет. Біз
Ќызылордадан Аќтауға жєне Атырауға ќарай, Оралдан Аќтөбеге
ќарай басталатын Батыс транспорттыќ шеңберін ќосуымыз керек.
Елімізде ќабылданған көлік байланысы жүйесін дамытудың стра-
тегиясы Ресейдің Еуропалыќ бөлігінен басталып, Ќазаќстанның
батысы, оңтүстігі жєне солтүстігі арќылы өтетін, сөйтіп Ќытайға
дейін баратын транзитті автожол салуды ќарастырады. Темір жол-
дар Батыс Ќазаќстан мен Ќытайды байланыстыруы керек. Єуежай-
ларды, электр желілерін жєне станцияларын салу жєне ќайта жа-
раќтандыру іске асырылады.
Аймаќтардың көлік өткізу мүмкіндігін жеделдету арќылы біз
халќымызды одан сайын біріктіре түсеміз. Сонымен бірге біз осы
140
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
аймаќтардың тұрғындары мен бизнестерінің еліміздің Алматы си-
яќты ќаржы жєне білім орталыќтарына, Орталыќ жєне Шығыс
Ќазаќстанның өнеркєсіптік кластерлеріне, Оңтүстік жєне Солтүстік
Ќазаќстанның азыќ-түлікті аймаќтарына ќол жеткізуіне мүмкіндік
жасай аламыз. Мұнайдан түскен табысты аќылмен жєне іскерлік-
пен тиісті жеріне жұмсай білсек, ол еліміздің байлығы мен тұтас-
тығын одан сайын арттырмаќ.
Осының бєрі біріккенде, таяу араларда Каспий шельфін кең
көлемде игеруге ќажетті, бєсекеге ќабілетті тауарлар шығаруға
жєне ќызмет көрсету саласын дамытуға мүмкіндік береді. Одан
єрі біз көмір-сутекті шикізатты тиімді пайдалануға жєне мұнай-
химия өнеркєсібін жалпы дамытуға ќарай ойысамыз. Ілеспе ин-
фра-ќұрылымға кіретін айлаќтарды, єуежайларды, терминалдарды
ќатар дамыта отырып, Ќазаќстан өсудің жаңа аясына шығады,
сонда мұнай жоғары технологиялыќ өнімдерді шығарудың ќұра-
лына айналады.
Осы єлеуетті одан єрі көтеру маќсатында елімізге ќажетті бірќа-
тар стратегиялыќ маңызы бар ќұжаттар ќабылданды. Олардың
ішінде жоғарыда жєне бастапќыда аталып кеткен, Каспий шельфін
кешенді игеруге ќолайлы жағдайлар жасауды ќарастыратын «Кас-
пий теңізінің ќазаќстандыќ секторын игерудің мемлекеттік бағдар-
ламасы» да бар. 2003 жылы тамызда мен бекіткен «2015 жылға
дейінгі индустриялыќ-инновациялыќ дамудың стратегиясында» елдің
экономикалыќ салаларын диверсификациялау жолымен тұраќты
дамуға жеткізу, шикізаттыќ бағыттан кету, ұзаќќа көзделген жос-
парда сервистік-технологиялыќ экономикаға өтудің шарттарын
жасау негізгі маќсат ретінде көрсетілген.
Ќазір мен осы бағытта табысты жүріп келе жатырмыз деп айта
аламын. Ал енді тєуелсіздіктің алғашќы жылдарында бєрі де осындай
теп-тегіс бола ќойған жоќ. Ол кезде біздің мұнай бизнесінің «аку-
лалары» бастаған дүниежүзілік трансұлттыќ мұнай компанияла-
рымен келіссөздер жүргізуімізге тура келген. Жаңа идеялар, жаңа
ќадамдар, ең бастысы, бұрынғы ескі партиялыќ єдістерден ада
кадрлар ќажет болды. Ал ол кезеңде олар «ат төбеліндей» ғана
еді. Сондыќтан да болар, мен «ескі гвардияны» «жас» басќарушы-
лармен ауыстыру бағытында жүріп отырдым. Єрине, бұл міндет
мен үшін жеңіл болған жоќ, күмєн де көп болды, біраќ басќа
жолды таппадым.
Инвесторлармен жүргізілген біздің белсенді келіссөздеріміздің
кезінде мұнай-газ секторының маңыздылығын ескере отырып, мен
Парламенттің алдына тєжірибелі мұнайшы, бойында ќуаты мол,
Каспий үшін күрес жєне мұнай дүмпуі
141
Мұнай жєне газ министрі Нұрлан Балғымбаевты Премьер-Министр-
лікке тағайындау жөнінде ұсыныс енгіздім. Ол КТК ќұрылысын
салуға бастама берген, жоғарыда көрсетілген жұмыстардың іске
асуына едєуір үлес ќосты. Өкінішке ќарай, оның кезіне Оңтүстік-
Шығыс Азиядағы дағдарыс дөп келді, тұрмыс деңгейі түсіп кетті,
осыдан барып ол отставкаға кетті.
Осы жылдар ішінде менің көз алдымда мұнайшылардың тұтас-
тай бір үлкен буыны өсіп ќалыптасты. Біздің көптеген мамандары-
мыз єлемге аты єйгілі мұнай компанияларында еңбек тєжірибесі-
нен өтті, сондай-аќ мұнай бизнесінің ең үздік университеттерінің
тыңдаушысы болды, шетел тілдерін үйреніп, менеджменттің
єліппесін меңгерді. Мен олардың тєрбиесімен тікелей айналысып,
барынша көмек көрсетумен болдым. Нєтижесінде, олардың көбі
жоғары мемлекеттік лауазым иелері дєрежесіне дейін көтерілді.
Еліміздегі мұнай ресурстарының молдығы мен оларды игеруге
ќұлшыныс білдірген мұнай компанияларының көптігі арќасында
біз келіссөздер жүргізуде жаќсы тєжірибелер жинаќтадыќ. Осы-
ған байланысты мен біздің жаңа ғана іс бастаған басќарушылары-
мызға мынадай аќыл бір берсем деймін. Келіссөз кезінде сіздің
єріптесіңіз сіздің єрбір ќадамыңызды алдын ала білуге тырысады,
ол сіздің стратегиялыќ ќимылыңызды ќалай да өзгертуді немесе
іске асырмай тастауды ойлайды. Келіссөздің ұсаќ-түйегіне дейін
ќатты көңіл аударған жөн, єсіресе оның тұзағына түсіп ќалмау
керек. Барлыќ ұсаќ табыстарды бір ғана үлкен жеңіліс мүлде жоќ
етеді. 1990 жылдардың басындағы Ресейге ќаржылыќ тєуелсіздігі
– біз үшін сондай үлкен жеңілістің бірі бола жаздады.
Ұлттыќ теңгені енгізу Ќазаќстанның ірі жеңістерінің бірі бол-
ды. Біз өзіміздің ќаржылыќ тєуелсіздігімізді ќалай ќорғап ќалғаны-
мыз туралы єңгіме келесі тарауда айтылады.
8
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
Теңге - біздің тєуелсіздік нышанымыз
143
IV тарау
ТЕЊГЕ – БІЗДІЊ ТЄУЕЛСІЗДІК
НЫШАНЫМЫЗ
144
ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
Теңге - біздің тєуелсіздік нышанымыз
145
Достарыңызбен бөлісу: |