Нұрсұлтан Назарбаев Ќазаќстан жолы


(http:// www.iet.ru/ publics/1000/1000. html)



Pdf көрінісі
бет12/27
Дата31.03.2017
өлшемі4,29 Mb.
#10872
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27

(http:// www.iet.ru/ publics/1000/1000. html)
Нарыќтыќ ќатынастарды кезең-кезеңімен жекешелендіру жєне
монополиядан айыру арќылы біртіндеп ќалыптастыруды жєне
содан кейін барып ќана экономиканы ырыќтандыруды ұсынған
Явлинскийге ќарағанда, Гайдардың бағдарламасы «Ресейлік емес
аќша ұсынымдарын кесіп тастайтын, Ресейдің ұлттыќ валютасы-
ның енгізілуі негізгі элементі болып табылатын макроэкономика-
лыќ тұраќтандырудың ќуатты тетіктерін бір мезгілде іске ќосу
арќылы кең ауќымдағы бағаны ырыќтандырудың» іске асырылу-
ын ќарастырды.
Гайдар мен оның тобының жариялаған көзќарастары сол кез-
дегі көпшілікке мєлім болған «неолиберализмге» жататын. Азда-
ған шегініс жасайын. Неолиберализм жаћандыќ үстемдікке ұмтыл-
ған, жетекші идеология ретінде «оңшылдардың ќайтып келуі»
деп аталатын кезеңнен – Ұлыбританияда Маргарет Тэтчердің
жєне АЌШ-та Рональд Рейганның билікке келуінен бастап
көпшілікке єйгілене бастады. Ол кездерде Батыстың өнеркєсібі
дамыған елдері экономикалыќ төменгі өсумен жєне жоғарғы
деңгейдегі инфляциямен байланысты дағдарыста болатын. Эко-
номикалыќ ортада проблемалар мемлекеттердің тиімсіздігінен жєне

Теңге - біздің тєуелсіздік нышанымыз
  155
«жалпыға бірдей игілік мемлекеті» концепциясынан бас тарту
ќажеттігінен көрінді. Осыған байланысты оңшылдар «мемлекет
азыраќ, рынок көбірек болсын» деген ќағиданы енгізуді ұсынды.
Басќаша айтќанда, рынок мемлекеттің араласуынсыз барлығын
өзі реттейтін жүйе ретінде түсіндірілді. Ең бастысы, рыноктың
өзіндік реттеу үдерісіне кедергі келтірмеу керек, сонда бєрі өзі
ќалпына келеді деп есептелді.
Кейбір реформаларды батыста пайдаланып көргеннен кейін,
неолиберализмнің идеялары халыќаралыќ ќаржы институттары
жєне халыќаралыќ ќаржы көмегі арќылы Африка мен Латын
Америкасындағы дамушы елдерге таратылды. Бұл елдер, бері-
летін ќарыздармен бірге, оларды алудың шарттарының бірі бо-
лып табылатын, «рецептер пакетін» ќабылдауы тиіс болды; олар-
дың ќұрамына жекешелендіру, ќұрылымдыќ өзгерістер, оңтай-
ландыру, мемлекеттің экономикалыќ реттеуден барынша алыс
кетуі кіретін болды.
Єділет үшін осы ұсыныстардың наќты бір елге байланысты
тиімділігінің єртүрлі болғандығын айтуымыз керек. Мысалы,
Африка мен Латын Америкасының елдері мемлекеттік реттеуден
бас тартып, экономикалыќ еркіндікке жол бере отырып, өз өңірле-
ріндегі єлеуметтік-экономикалыќ дамудың ќалыпты деңгейін ќам-
тамасыз ете алмады. Оның есесіне, Еуропаның, Солтүстік Амери-
каның жєне Таяу Шығыстың елдеріндегі шаруашылыќ жүргізуші
субъектілердің іс-єрекетіне мемлекеттің белсенді түрде арала-
суы, жылдам экономикалыќ өсудің негізінде бұл елдердің өз
азаматтарына жеткілікті түрдегі ќалыпты өмірді ќамтамасыз етуіне
мүмкіндік берді.
1990-шы жылдардың басында КСРО-ның ќұлауымен байла-
нысты ќалыптасќан идеологиялыќ вакуумды неолиберализм то-
лыќтырды. Осы кезеңде экономикалыќ дағдарыс жағдайында
болған бұрынғы социалистік мемлекеттер либерализм идеясын
барлыќ проблемаларға ќарсы ќоюға болатын панацея деп ќабыл-
дады. Вашингтон консенсусының шын мєнінде іске асуының нєти-
жесі көп жағдайда халыќаралыќ басты ќаржы ұйымдарынан –
Халыќаралыќ валюталыќ ќордан, Дүниежүзілік банкіден, АЌШ
халыќаралыќ даму агенттігінен, шын мєнінде АЌШ баќылау
жасайтын Америкааралыќ даму банкінен алған ќолдауына бай-
ланысты болды. Осыған жєне т.б. себептерге (Халыќаралыќ ва-
люта ќорының ќарыздарына тєуелділік, тєжірибесіздік, арнайы
білімнің аздығы жєне т.б.) байланысты бұл елдер Вашингтон
консенсусының рецептерін єртүрлі дєрежеде ќабылдады.

156
  ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
Бірќатар елдердің саясаткерлерінің, єсіресе Ресейдің осы идео-
логияны ќабылдауы нєтижесінде реформалар интенсивті сипат
алды. Посткеңестік кеңістікте неолиберализм реформасын іске
асыруда, оның ішінде өзінше бір «неолиберализмнің шеберхана-
сы» болған Чикаго университетінде оќып ќайтќан Гайдар сияќты
«Чикаго балалары» деп аталатындар көшбасшылар болды. Соны-
мен бірге олар бүтіндей рыноктыќ тетіктердің табиғатындағы
тұраќтылыќты жєне өзін-өзі реттеуге ќабілеттілікті уағыздаған
Фридрих фон Хайек пен Милтон Фридменнің неолибералдыќ
доктриналарының позициясында тұрды.
1990 жылы 12 маусымда, КСРО-ның ќұлауынан бір жылдан
астам бұрын, Ресей өзінің егемендігін жариялады. Сонда кімнен?
КСРО мен Одаќтыќ республикалардан. Басќа кімнен болушы
еді? Бұл үлкен елдің ыдырауының басталуының алғашќы кезеңі
болды. 1992 жылы маусымда Ресейдің Бірінші Президенті Борис
Ельцин өзінің экономика саласындағы кеңесшісі Егор Гайдарды
Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы міндетін атќарушы етіп
тағайындады. Сөйтіп, Ресейдің саяси жєне экономикалыќ дербес-
тігіне түпкілікті ќадам жасалды. Келесі ќадам Гайдардың Пре-
мьер-Министр ќызметіне бекітілуі болатын, ол үшін ол Жоғарғы
Кеңес депутаттарының ќолдауын алуы тиіс еді. Біраќ та Ресейде
кереметтей апатты жағдай ќалыптасќандыќтан, Жоғарғы Кеңес
Гайдардың кандидатурасын бекітпеді. 1992 жылдың соңына ќарай
бұл ќызметке Виктор Черномырдин тағайындалды.
Жаңа Премьер тағайындала сала Алматыға келді. Біздің ара-
мызда болған єңгіме достыќ жағдайында өтіп, екі сағаттан астам
уаќытќа созылды. Ол менімен көп аќылдасты. Бұл єңгіме, шын-
дыќты айтсам, рубль аймағын саќтап ќалу жөнінде маған кейбір
сенім берген еді. Біраќ та, өкінішке ќарай, менің күткендерім
аќталмады.
Бұл кезде экономикалыќ жағдай ќиындай түскен. 1992 жылы
1 ќаңтарда Ресей басшылары енгізген бағаны ырыќтандыру өзінің
«алғашќы жемістерін» бере бастаған еді. Ќазаќстан, өз тарапы-
нан, бұған ќарағанда єлдеќайда икемді позицияны ұстана оты-
рып, бағаны бірсєттік ырыќтандырудан ќашуға жєне оның жа-
ғымсыз салдарын болдырмау үшін, мүмкін болғанынша, мұндай
шешімді ќабылдауды соза тұруға тырысты. Өйткені Ќазаќстан-
ның Ресеймен бүтіндей бір кешенді экономикалыќ байланыстары
бар еді. Біраќ жағдай өз талаптарын ќойды. Азыќ-түліктің бірінші
ќажеттегі, ќатаң шектелген кейбір негізгі бөлігіне ғана тиіскіз-
бей, бағаны босатуға біз де мєжбүр болдыќ. Бұлай істемегенде

Теңге - біздің тєуелсіздік нышанымыз
  157
бағаның сєйкессіздігі кесімді бағасы бар тауарлардың тапшылы-
ғының себебіне айналуы мүмкін еді, бұл өз тарапынан бюджетке
түсетін салмаќтың өсуіне алып келетін. Бір жағынан, біз бағаны
сатылап ырыќтандырудың аќшаны ќұнсыздандыру ыќтималды-
ғымен де ќауіпті екендігін түсіндік. Мұндай жағдайда экономи-
каның тұраќтануын күтпесе де болатын.
Экономикадағы бұлталаќтау саясатының мысалы Ресейдің
Орталыќ банкі болды. Оның міндеттерінің наќты бекітілмеуі
Орталыќ банкті Үкіметке жєне Жоғарғы Кеңеске екіжаќты ба-
ғынуға мєжбүрледі. Мұндай жағдайда Ресей Үкіметінің экономи-
каны тұраќтандыру жөнінде тиімді саясат жүргізуге шамасы бол-
мады. Бұл тіпті, бұрынғы КСРО-ның Мемлекеттік банкінің бар-
лыќ ќызметінің Ресейдің Орталыќ банкіне өткеніне ќарамастан
жєне тек Ресейдің ғана аќша эмиссиясын жүргізуіне жєне оның
барлыќ одаќтыќ республикаларды аќшамен ќамтамасыз етуіне
ќарамастан осылай болды. Ресей ќолма-ќол аќшаны республика-
лардың ќажетіне ќарай емес, өз ќалауы бойынша бөліп отырды.
Аќшаның шамадан тыс ќұнсыздануы жағдайындағы ќолма-ќол
аќшаға деген сұраным бағаның тоќтаусыз өсуіне тепе-тең жағ-
дайда өсті. Ќазаќстанның Министрлер Кабинетінің бюджеттен
төленетіндерге индексацияны кешеуілдетуіне ќарамастан, ќолма-
ќол аќшаның болмағандығынан ќарыз жаңа жауған ќардай өсе
берді. Бұл тіпті кесімді еңбекаќылар мен зейнетаќыларды да ќам-
тыды.
Ресей экономикалыќ саясатының болжаусыздығынан туында-
ған ахуал, бір жағынан, Президент пен Ресей Үкіметінің жєне,
екінші жағынан, Жоғарғы Кеңестің арасындағы текетірес нєти-
жесінде пайда болған ќос өкімет жағдайында одан сайын терең-
дей түсті. Мєскеу Ресей аймаќтарына да, сол сияќты одаќтыќ
республикаларға да ќайшылыќты аќпараттар беріп жатты.
Ќолма-ќол аќшамен ќамтамасыз етуде үлкен ќиындыќтарға
тап болған біздер, экономиканың жалпы ќажеттіктерін айтпаған-
ның өзінде, ќайта-ќайта Мєскеуге барып, ең болмаса жұрттың
еңбекаќыларын төлеуге ќажет аќшаны «зорлап» алып келуге
мєжбүр болдыќ. Бұндай барып-келістер 1992 жылдың жазы мен
күзінің өн бойында жүрді.
Бұрыныраќ, біртұтас рубль аймағының саќталуын ќолдай
отырып, Ќазаќстан, посткеңестік кеңістіктегі басќа да мемлекет-
тер сияќты, оны аймаќта ќаржы тұраќтылығын саќтаудың жєне
єлі де болса ќызмет жасап тұрған жекелеген кєсіпорындар ара-
сындағы, сондай-аќ мемлекетаралыќ деңгейдегі экономикалыќ жєне

158
  ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
шаруашылыќ байланыс ќұралдарының бірі деп білген еді. Біраќ
1992 жылы шілдеде Үкіметтегі жєне Ресей Орталыќ банкісіндегі
Гайдардың командасы мєселеге біржаќты келе отырып, ќолма-
ќол аќшасыз айналымды мемлекет субъектілерінің арасында бөліп
беруді енгізді. Ќолма-ќол аќшасыз айналымға бөлудің мєні мы-
нада болып шыќты: рубль аймағына кіретін мемлекеттердің ор-
талыќ банктері Ресейдің Орталыќ банкінде корреспонденттік есеп-
шоттарын ашады, солар бойынша айналым техникалыќ несиемен
шектеледі. Ал енді техникалыќ несиені жаба алмаған жағдайда,
өзара есеп айырысулардың сальдосы сол елдің Ресейге бересі
мемлекеттік ќарызына айналады. Бұлай жасау єділетсіздік бол-
ды. Бұл жерде «күштінің ќұќығы» жұмыс істеді, ал ќалғандары-
на осындай кіріптар талаптарды сөзге келмей ќабылдау ғана
ќалды. Ќайдағы бір ќағаздар үшін біз үлкен сомалар төлеуге
мєжбүр болдыќ. Осы кіргізілген жаңалыќтан кейін біраз елдер –
Белоруссия, Молдавия жєне Закавказье республикалары ќолма-
ќол аќшамен ќамтамасыз етудің жєне артыќ төлейтін аќшаның
ќиындыќтарын ескере отырып, өздерінің ұлттыќ валюталарын
немесе олардың баламаларын енгізді.
Ресейдің экономикалыќ саясатының сол кезеңдегі тағы бір
«ерекшелігі» – олардың ќолма-ќол аќшасыз айналымды бөлу
туралы шешімдері рубль аймағына кіретін мемлекеттермен келіс-
пей ќабылдануында жєне оның жаңа тєртіпті енгізуге 10 күн
ќалғанда ғана жариялануында болды. Мүмкін, Ресейдің ќаржы
жүйесі бірдеңе ұтќан да болар, біраќ мемлекеттердің шаруашы-
лыќ жүргізуші субъектілерінің арасындағы өзара есеп айырысу-
дың схемасы төлемдердің жүруінің жарты жылға дейін бєсеңде-
уіне, ќұжаттардың жоғалуына жєне толып жатќан түрлі жасан-
ды төлем тапсырыстарының таралуына алып келді. Біз үшін бұл
тиімсіз жұмыс жасап отырған біртұтас рубль аймағында біздің
республиканың ќалу-ќалмау мүмкіндіктері туралы бізді бірінші
рет ќатты ойландырған алғашќы дабыл болды.
Ресеймен ара ќатынасымыздағы барлыќ ќиындыќтарға ќара-
мастан, бізге біртұтас рубль кеңістігінен бас тарту ќиын болды.
Өйткені рубльмен іске асырылатын төлемдерде, іс жүзінде, біздің
барлыќ кєсіпорындардың, өңдеуші жєне өндіруші өнеркєсібіміздің
бүкіл ќызметі байланысып жатты. Кєсіпорындардың арасындағы
ќалыптасќан байланыстарды ќас-ќағым сєттің ішінде үзгіміз кел-
меді. Сонымен бірге ұлттыќ валютаны енгізу үшін уаќыт жєне
белгілі дєрежеде ќаражат керек еді. Естеріңізге салайын, ТМД-

Теңге - біздің тєуелсіздік нышанымыз
  159
ны ќұру барысында «Беловежье отырысынан» кейін, ТМД-ның
барлыќ басшылары, оның ішінде Ресей де бар, жаќсы уаќыттар
туғанша барлығымыз да рубль аймағында ќаламыз жєне ештеңе
өзгермейді деп ант-су ішкен болатын.
Экономикалыќ сипаттағы мєселелерден басќа, адам факторы
да үлкен маңызға ие болды. Көптеген ќазаќстандыќтардың (айта
кету керек, тек орыс ұлтының ғана емес) Ресейде жанұялары,
туыстары, достары болды – жєне, єрине, бұл адамдар үшін Одаќ-
тың ќұлауы осы байланыстардың жойылуы деген сөз емес еді.
Біз Ресеймен байланысты үзгіміз келмеді – ал Ресейдегілер мұны
түсінгілері келмеді. Біз көп жағдайда Ресей экономикалыќ блогы-
ның басты шенеуніктерінің біздің мєселелерімізді жєне оларды
шешу үшін ұсынған жолдарымызды ұќпаудың меңіреу тас ќабыр-
ғасына тап болдыќ.
«Рубль аймағын жою жєне Ресейдің ұлттыќ аќшасы мен
валюта жүйесін орныќтыруға жасалған алғашќы ќадам – Ре-
сей Орталыќ банкіне енгізу бұрынғы одаќтас республикалар-
дың орталыќ банктерінің корреспонденттік есепшоттарын
енгізу арќылы ќолма-ќол аќшасыз айналымын бөлуді – 1992
жылдың шілдесінде ғана іске асыруға мүмкін болды. Ќалған
шаралар ұзаќ енгізілді, ТМД елдерінің Ресеймен сауда жасау
үшін техникалыќ несие дегендерді беру тєжірибесі тек 1993
жылдың сєуірінде ғана тоќтатылды. Бұл саяси реализмнің
көрінісі еді, өйткені іс жүзінде аќша жүйесін бөлу алғашында
ќарастырылғаннан єлдеќайда көп уаќытты талап ететін
жєне бұл жұмыс бірнеше кезеңнің ішінде бірталай ќиындыќ-
тармен іске асырылды. Бұл көп жағдайда Ресейдің, бұрынғы
КСРО республикаларының өнеркєсіпшілерінің жєне Руцкойдан
бастап Явлинскийге дейінгі кең шеңбердегі Ресей саяси
күштерінің мүдделік ќолдауларына байланысты болды. Өкінішке
ќарай, бастапќы кезеңде рубль аймағының адвокаттары ќата-
рында Халыќаралыќ валюта ќоры мен Еуропалыќ ќауымдас-
тыќ комиссиясы сияќты беделді ұйымдар да болды...».
Дерек көзі: «Очерки экономической политики
посткоммунистической России (1991-1997)», 1998 ж.,
(http:// www.iet.ru/ publics/1000/1000. html)

160
  ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
Аќиќатында, Ќазаќстан белгілі бір уаќытќа болса да, рубль
аймағын саќтау жағында болды. Біз сол Гайдардың єріптестері
жазған «КСРО-ның бұрынғы республикаларының мүддешіл –
өнеркєсіпшілерінің» наќ өздері болатынбыз, өйткені, біздің арты-
мызда «Ќарметкомбинат», «Ќазтүстімет», «Ќаркөмір» сияќты жєне
т.б. кєсіпорындардағы көп мыңдаған ұжымдардың тұрғанын
сезіндік, ал олар бір күннің ішінде жұмыссыз ќалып, тіршілік
ќаражаттарынсыз ќалуы єбден мүмкін еді.
Ресей Үкіметімен, єсіресе оның 1992 жылы бүтіндей ќалыпта-
сып болған реформаторлыќ ќанатымен (Гайдар, Шохин, Федо-
ров, Шахрай жєне т.б.) келіссөздер жүргізу ќиындай түсті. Бұлар-
дың көпшілігі єлі де еркін Ресейдің «ұлы болашағымыз» деп
масайрап жүрген. Көптеген келіссөздерде олар, Ресей үшін дота-
циялыќ Ќазаќстан түріндегі «масылды» сілкіп тастау керек, олар
ешќайда кетпейді, біраздан кейін ешќандай да саяси кепілдік,
саяси дербестік сұрамай, өздері-аќ «жалынып-жалбарынып» же-
теді деп ашыќтан-ашыќ түсінетіндей айтып жүрді. Біздің «еңбек-
теп, ќайта оралуымыз», олардың шарттары негізінде Одаќты ќай-
тадан ќалпына келтірудің бір жолы ретінде ќарастырылды. Олар-
дың барлығын өздері ќиратќанын ескеретін болсаќ, бұл өте таң-
ќаларлыќтай жағдай еді.
Тіпті Гайдардың Ресей Үкіметі Төрағасы ќызметінен кетуінің
де Ресейдің бұл бағытына ешќандай ыќпалы болмады. Ќазаќ-
станның экономикасына аса ауыр болған 1993 жыл басталды.
Егерде Ресейден келетін ќолма-ќол ќаржыны бөлу 1992 жылы
рубль аймағына кірген республикалар арасында азды-көпті тепе-
тең жағдайда іске асырылса, ал 1993 жылы Ресейдегі экономика-
лыќ блокќа жауапты тұлғалар, Ќазаќстандағы єлеуметтік-саяси
жағдайға тікелей немесе жанама түрде ыќпал жасай отырып, өз
міндеттерін басымдылыќ жағдайында шешіп, Ќазаќстанға бөлінетін
ќолма-ќол аќшаны ұстап ќалуды шығарды. Көктемге ќарай біз
жалпы аќша алуды тоќтаттыќ. 1993 жылдың мамырында Ресей
Үкіметі ТМД елдеріне техникалыќ несие беруді бүтіндей тоќтату
туралы шешім ќабылдады.
Одан єрі, шаруашылыќ жүргізуші субъектілердің арасындағы
ќолма-ќол өзара есеп айырысуды бөлумен ќабат, Сібір мен Ќиыр
Шығыста айырбастау жєне жаңа банкноттарды енгізу операция-
ларын бастаған Ресейдің Орталыќ банкі, 1993 жылдың үлгісіндегі
жаңа банкноттарды басып шығаруға кірісті. Келіссөздердің бары-
сында, Ресей жағы бізді, жаңа банкноттар – бұл рубль аймағы-
ның ќолма-ќол аќшалары жєне валютасы болады, сол жаңа бан-

Теңге - біздің тєуелсіздік нышанымыз
  161
кноттарды басу кезінде Ќазаќстанның мүддесі мен сұранымдары
есепке алынды, Кеңестер Одағының (1961-1962 жылдарда шыға-
рылған) банкноттары бір сєтте тєркіленіп айырбасталмайды деп
сендірді. Сондай-аќ жаңа банкноттарды енгізу есебінен, рубль
аймағына кіретін Ќазаќстанның жєне басќа да мемлекеттердің
КСРО банкноттарына деген ағымдағы сұранысы бұрынғыдан да
жаќсы ќанағаттандырылады, ал рубль аймағын ќұру барысында
ескі банкноттарды Ресей банкінің банкноттарына айырбастау іске
асырылады деп тағы да сендірді.
Виктор Черномырдиннің 1993 жылы ќаңтарда Давостағы эко-
номикалыќ форумда маған берген уєдесіне ќарамастан, Ресей
Ќазаќстанға ќалай болғанда да жаңа банкноттарды бермеді. Ал
мұның өзі еңбекаќы жөніндегі ќарыздың жағдайын одан сайын
ушыќтырып жіберді, өйткені ол кезде Гознак фабрикаларының
барлыќ ќуаты Ресейдің жаңа валютасын басып шығаруға жұмыл-
дырылып жатќан.
1993 жылдың маусымына ќарай Ресей Үкіметімен рубль ай-
мағын ќұру жөнінде жүргізілген келіссөздер біржола тығырыќќа
тірелді. Түптеп келгенде, рубль аймағының ескі концепциясынан
бас тартып, жаңа ќұжат жасауға шешім алынды. Біраќ осы жер-
де ешкім де ойламаған, тіпті алдын-ала келісімдердің шеңберіне
де сыймайтын бір жағдай туындады. Рубль аймағына ќатысушы
елдердің арасында: егер де бірде-бір мемлекет рубль аймағынан
шығып, өзінің валютасын енгізгісі келсе, ол бұл жөнінде үш ай
бұрын басќа мемлекеттерді ескертуі керек деген арнайы келісімнің
болуына ќарамастан, Ресей 1993 жылдың 1 шілдесінен бастап іс
жүзінде өзінің ұлттыќ валютасын енгізді, оның бұдан бұрын
барлыќ рубль кеңістігінде ќолдану маќсатында басылады деп
сендіріп келген жаңа үлгідегі рубльдері осы болып шыќты.
29 маусымның сенбісінде таңертең Виктор Черномырдин ма-
ған телефон шалып, бұл оќиғаны болып ќойған факты ретінде
хабарлағаны єлі есімде. Осымен бірге Ресей екі апталыќ мерзімнің
ішінде, дєл осы кезде Ресейдің валютасына айналған рубльді
пайдалану негізінде, ұжымдыќ аќша жүйесінің принциптік жєне
техникалыќ мєселелерін ќарастыруға арналған келіссөздер жүргізу-
ге дайын екендіктерін мєлімдеді. Ол жаңа түрдегі рубль аймағын
ќұруға ќатысты, наќты іс-шаралар туралы келісімге ќол ќоюға
дайын екендігін жєне артынан оны мүдделі болған мемлекет-
тердің парламенттері ратификациялауға тиіс екенін айтты.
Шын мєнінде олар бізге енді тек Ресейдің ұлттыќ валютасына
тєуелділік жағдайындағы – ќолма-ќол рубльдің көмегімен – айла-

162
  ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
шарғының сол бұрынғы тетіктерін ќайта ќалпына келтіруді ұсынды.
Бұл ќадам Ресей көшбасшыларына деген біздің сенімімізді жоќќа
шығарды, сөйтіп «монетарлыќ сатќындыќтың» көлеңкесі біздің
ќарым-ќатынасымызда көпке дейін саќталатын болды.
Мемлекеттер өз валюталарын енгізгенше рубль аймағын саќ-
тай тұру туралы ТМД шеңберінде ќол ќойылған келісім-шарт-
тың болуына ќарамастан, ең басынан-аќ Ресей бұрынғы КСРО
республикаларын рубль аймағынан итеріп шығаруға тырысты.
Мен мұны сол кездерде барып тұрған єділетсіздік деп есептедім
жєне єлі де солай деп есептеймін. Біз Ресейге сенетінбіз жєне
біздің тату көршілік өзара ќарым-ќатынастарымызға да сеніммен
ќарайтынбыз. Ќазаќстан үшін бұл ќадам төбеден жай түскендей
болды, өйткені тұрғындардың 30%-ға жуығы орыстар еді жєне
Ќазаќстан Ресеймен тығыз ќарым-ќатынаста болды. Одан арғы
дамудың саясатын аныќтай келгенде де мен біздің ќарым-ќаты-
настарымыздың нығаюы үшін барлығын жасауға тырыстым.
Аздаған шегініс жасайын. Бүгіндері біздер ТМД, Еуразиялыќ
экономикалыќ кеңістік, ЕурАзэс шеңберінде ортаќ рынок туралы
жєне біздің елдердің тығыз интеграциясы туралы єңгіме айта-
мыз. Мұндай интеграцияның соңғы кезеңі баламалыќ немесе ортаќ
валютаны енгізу болып табылады. Шын мєнінде біздер бір кез-
дері өздеріміз бастаған біртұтас валюта аймағына ќайтып кел-
мекпіз. Мұндай аймаќты сол 1991-1992 жылдардың өзінде ќұруға
болушы еді. Ол біздің Одаќ ыдырағаннан кейінгі ортаќ дамуы-
мыздың негізі жєне бүкіл аймаќтың дүниежүзілік деңгейдегі ќазіргі
экономикалыќ интеграциясы мен бєсекеге белсенділігі артуының
басы болуға тиіс еді. Біраќ та бұрынғы «одаќтас» елдер өзара
келісе алмады. Ресей өздеріне бізсіз жаќсы болады деп ойлады.
Ал егеменді республикалар Ресей экономикалыќ саясатының ерек-
шеліктеріне ќатысты сол баяғы себептерімен «үлкен ағасына»
сенуден ќалды. ТМД мемлекеттерімен өзара ќарым-ќатынастағы
Ресейдің бүгінгі ќиыншылыќтары, олардың бір-біріне сенбеулері
жєне кінє артулары, менің пікірімше, сол кездерде ќалыптасты.
Бұл шешімдер стратегиялыќ жағынан Ресейдің өзі үшін ќате
жєне  пайдасыз болды деп есептеймін. 1991 жылдан бастап
тєуелсіз Ќазаќстанның бірінші Премьер-Министрі С.Терещенко бол-
ды. Оның бұл ќызметте КСРО-ның ќұлауынан кейінгі, Ќазаќстан
үшін аса ауыр дағдарыс жылдарында жұмыс істеуіне тура келді.
Оны сол кездегі Ресей реформаторлары ќатты ашындыратын.
Меншікті бөлісу, ең алдымен Ресеймен арада бөлісу жүріп жат-
ты. Аќша, тауар жетіспеді. Оның атына сын да жеткілікті түрде

Теңге - біздің тєуелсіздік нышанымыз
  163
айтылды. Біраќ ол ќолдан келгенінің бєрін адал істеді. Ол апта
сайын Ресейге ұшып барады –  ылғи келісім жасауға барады,
біраќ тауы шағылып кері ќайтады. Теңге де соның кезінде енгізілді.
Мен оған осы күнге дейін ризашылыќ сезімдемін. Ол кездерде
дұрыс болмағанды бүгін айтудан оңайы жоќ. Біраќ уаќыттың өз
шартын ұсынатыны белгілі.
Экономикалыќ реформаларды іске асырудағы Ќазаќстан
тєжірибесінің нєтижелі болғандығын Ресей үкіметінің мойындауы
үшін дєл он жыл ќажет болды. Соңғы бағалаулар бойынша,
Ќазаќстан жеке секторларда, Ресейдің жетекші экономистерінің
көптеген сары уайымға толы болжауларына ќарамастан, айтар-
лыќтай табысты реформаларды іске асырды. Ресейдің басты эко-
номистерінің арасына ай салып, бұрынғы Целиноград, ќазіргі
Астанаға, Ќазаќстан шенеуніктерімен тєжірибе алмасуға келетін-
дері, сол кездегі Ресей реформаторларының ойларына да кіріп-
шыќпаған болар.
« – Ќазаќстанның экономикалыќ реформалар жасау тєжіри-
белерінің ќайсысы, Сіздің пікіріңізше Ресей үшін ќызыќты жєне
пайдалы болуы мүмкін?
– Іс жүзінде барлығы да. Ќай жағын алып ќарасаңыз да,
барлыќ тєжірибесі пайдалы: тұрғын үй-коммуналдыќ шаруа-
шылыќ реформасы, банк реформасы, электр энергетикасы,
мемлекеттік ќызмет, мемлекеттік ќаржы реформалары. Ќазір
мемлекеттік басќарудың єртүрлі деңгейлері бойынша рефор-
ма дайындалуда. Осының бєрі өте ќызыќты болып көрінеді.
Шетел инвестицияларын алу, Ұлттыќ резерв ќорын жасау,
Ұлттыќ банктің аќша саясатын іске асыруы – тізім өте
ұзын жєне республиканың єр бағыттағы жеткен жетістік-
тері єсерлі. Олардың ерекше єсерлі ќалдыратын себебі – Ќазаќ-
стан мен Ресей – көптеген өлшемдер бойынша өте ұќсас
елдер: ең алдымен экономика, саясат, адамдар, ортаќ тарих,
мєдениет, экономикаға, бизнеске көзќарас – осылардың бєрін
салыстырып келгенде, Сіздердің тєжірибелеріңіз төтенше
пайдалы болып табылады».

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет